ЖИТС
ЖИТС жұқтырылған иммун тапшылығы синдормы деп ажыратылып оқылады.Бұл өз құрылымы бойынша жалғыз ауру емес, әртүрлі аурулармен, әдетте өліммен аяқталуы көрініс беретін синдром. Оның қоздырушысы адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ), ол қанның лейкоцитін зақымдайды және ағзаның инфекциялық және ісікті ауруларға қарсылығын күрт төмендетеді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының бағалауы бойынша, дүние жүзіндегі миллиондаған еркектер мен әйелдер АИТВ жұқтырған және қазірдің өзінде жүздеген мыңы ЖИТС-тен өлген. Күн сайын АИТВ 5000 –нан астам, адамға, басым көпшілігі жастарға жұғады, және шамамен осыдан 20 жыл бұрын басталған, осы жаһандық індет, ұлттық және жаһандық деңгейдегі елеулі түрдегі күш-жігеріне қарамастан, бүкіл дүние жүзіне таралуы жалғасуда.
ЖИТС вирусын тасымалдаушылардың көпшілігі қалыпты көрінеді және өзін ауру деп сезінбейді. Адам ауру белгілерінің көрініссіз АИТВ тасымалдаушысы ғана болуы мүмкін. Ол өз қанының, ұрығының, қынаптық бөлінісінің басқалар үшін жұғуы мүмкін жұқтырылған екендігі жайында білмеуі де мүмкін. Дене температурасының көтерілуі, тамағының ауруы және бөрту секілді аурулардың жеңіл көріністерін қоспағанда, АИТВ- жұқтырған адамдардың көпшілігінде, жұқтырған соң шамамен алғашқы 5 жыл ішінде ауру көрініс бермейді. ЖИТС бастапқы клиникалық көрініс беруі басқа да көптеген ауруларға тән.Мынадай белгілері өте жиі ұшырасады: ұдайы шаршау сезімі, тәбетінің болмауы, түнде терлеуі, қалтырау, салмағын кенет жылдам жоғалту,тышқақтау, қатты жөтелу, терінің бөртуі, ауыз қуысының ақауу, лимфа жолдарының және бірқатар басқасының ұлғаюы. Алайда, осындай белгілердің болуы, басқа да аурулар кезінде болуы мүмкін, сондықтан бұл ЖИТС дегенді білдірмейді. ЖИТС клиникалық көрінісі сатысында, осыған әртүрлі инфекциялық және ісікті аурулар, мысалы: өкпенің қабынуы, терінің қатерлі ісікте зақымдануы және басқалары қосылады.
Жұқтырғаннан кейін көп ұзамай иммун жүйесі вирусты бейтараптауға талпынып, дене қарсылығын жасай бастайды. Осыларды жұқтырудың ықтимал кезінен кейін, ең көп дегенде 3 айдан соң жүргізілетін қанды зертханалық зерттеу кезінде жеңіл анықтауға болады. Күдікті нәтиже жағдайында, жұқтырылғаннан кейін 6 айдан соң, талдаманы қайталау керек. Талдама нәтижесі құпия сақталады және науқастың рұқсатымен ғана әлде-біреуге хабарланады.
АИТВ жұқтыру, негізінен жұқтырған адаммен жыныстық қатынастан өтеді. Сондай-ақ қан, жатыріші, туу арқылы және баланы емшекпен емізу кезінде жұқтыруы мүмкін.
Жұқтырған адам қанының ағзаға түсуі кезінде жұқтыру болуы мүмкін. Бұл жұқтырған қанды құю кезінде не вирус жұқтырған адамның пайдаланған медициналық инелерін пайдалану кезінде, сондай-ақ нашар пастерленген медициналық құрал-саймандар мен шприцтер арқылы болуы мүмкін.Нашақорлар басқалар пайдаланған шприцтермен өзіне жиі сеуіп пайдаланатын нашақорларда жұқтыру тәуекелі жоғары болады.
Бала, ауру анадан жатыр ішінде, туу кезінде, сондай-ақ емшекпен емізу кезінде жұқтыруы мүмкін.
Жұқтырудың даурықпа қорқынышын бастан кешудің қажеті жоқ, себебі АИТВ жұқтырған адамнан кәдімгі тілдесу кезінде берілмейді. Сіз мына жағдайларда ЖИТС-ті жұқтырмайсыз:
- жұқтырған адаммен бір үй-жайда болу не оны баптап-күткенде;
- қол алысқанда, құшақтасқанда және сүйіскенде;
- оның жөтелген және түшкірген кезінде жұқтырған адамның қасында болғанда;
- қоғамдық душты пайдаланғанда;
- қан сорғыш жәндіктер шаққанда;
- қоғамдық көлікті пайдаланғанда;
- есік тұтқасын ұстағанда;
- қоғамдық телефонды пайдаланғанда;
- азық-түлік тағамдарын тұтынғанда;
- үйге қажетті заттарды пайдаланғанда;
- үй жануарларымен байланысқанда.
ЖИТС жұқтырудың алдын алудың ең жақсы тәсілі, презервативті пайдалану болып табылады. Оны серіктесің жұқтырмағанына шынайы сенімің болмаған кездегі барлық жағдайда пайдалану керек. Жыныстық серіктестер санын шектеу, кездейсоқ жыныстық қатынасты болдырмау және пайдаланылған инъекциялық инелерді пайдаланбау ұсынылады.
Фельдшер-лаборант С.Т. Шубарова