Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4страница 5

2 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ДЕП ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖӘНЕ БЮДЖЕТПЕН ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорындардың бюджет жүйесіндегі негізгі қаржылық қызметтерін талдау
Кез-келген кәсіпорын үшін оның дамуы мен тиімді қызмет етуі кәсіпорынның қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштеріне тығыз байланысты. Ал кәсіпорынның қызметінің негізгі көрсеткіші ең алдымен олардың табатын табыстарына тығыз байланысты.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.

Өндірістік, өткізу, жабдықтау және қаржылық қызмет салаларынан кәсіпорындардың қаржы нәтижелері туралы көрсеткіштер жүйесі аяқталған ақшалай бағалауға ие болып отыр. Қаржы нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштері қаржы нәтижелері туралы есепте айқын беріледі.

Қаржы нәтижелері көрсеткіштері кәсіпорын шаруашылығының абсолютті тиімділігін көрсетеді. Белгілі уақыт мезетіндегі ағымдағы қаржы нәтижелерін көрсетудің маңызды формасы кәсіпорын табысы болып табылады. Бүкіл әлемде пайданың қалыптасуы және пайдаланылуы туралы мәліметтер қаржылық есептің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Қазақстандық есеп стандарттары бойынша бұл мәліметтер "Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебінде" қамтылған. Табыстылықтың өзін-өзі қаржыландыру, ұдайы өндіру, еңбек үжымдарының әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Табыстың есебінен банк, бюджет, басқа субъектілер алдындағы міндеттемелер орындалып отырады. Сонымен, табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның өндірістік қаржы қызметтерін бағалаудағы аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Ол оның іскерлік белсенділігінің және қаржы тұрақтылығының дәрежесін сипаттайды. Табыстылық көрсеткіштері арқылы авансталған қаржылардың қайтарымдық деңгейі және кәсіпорын активтеріне салымдардың тиімділігі анықталады.

"Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп" №3 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес осы есепте міндетті түрде қамтылуға тиіс көрсеткіштер жүйесі бар:

1. өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен кіріс. Мүнда дайыы өнімді, меншікті жартылай фабрикаттарды, өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін, сатып алынған бұйымдарды, өнеркәсіптік және өнеркәсіптік емес сипаттағы, құрылыс, ғылыми-зерттеу, және басқа да жұмыстар мен қызметтерді өткізуден түскен кірістер көрсетіледі. Кіріс өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді сатудан түскен түсім ретінде анықталады (ҚҚС және акцизсіз).

2. өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны. Мұнда есептік кезеңде өткізілген өнімнің өзіндік құнына енгізілген шығындар сомасы көрсетіледі.

3. Жалпы пайда (кіріс) - есептік кезеңде кәсіпорынмен алынған кіріс. Ол өнім өткізуден түскен түсім мен өткізілген өнімнің өзіндік құны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

4. Кезең шығындары. Мұнда келесі шығындар көрініс табады:

а) жалпы және әкімшілік шығындар, яғни кәсіпорында басқарумен және жалпы өндірісті ұйымдастырумен байланысты шығындар;

ә) өткізу бойынша шығындар - маркетинг және өнімді өткізу бойынша басқа да шығындар;

5. Негізгі қызметтен түскен кіріс негізгі қызметтен түскен кірістер мен болған зияндарды көрсетеді.

6. Негізгі емес қызметтен түскен кіріс - негізгі қызметпен байланысты емес операцияларды іске асыру нәтижесінде кәсіпорынмен алынған пайда (зиян) - курстық айырмашылықтар, құнды қағаздар бойынша дивидентер, жалгерлік ақылар, экономикалық санкциялар, айыппүлдар түрінде төленген және алынған сомалар.

7. Корпоративтік табыс салығы. Өз қызметінен пайда табатын барлық заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеуге міндетті.

8. Салық салынғаннан кейінгі жай қызметтен алынған кіріс (зиян).

9. Төтенше жағдайлардан алынатын кіріс (зиян)- стихиялық, табиғи апаттардан алынған кірістер мен зияндар.

10. Таза кіріс (зиян) есеп беру кезеңінде алынған қорытынды кірісті (зиянды) көрсетеді. Ол негізгі қызметтен алынған кіріс пен корпоративтік табыс салығы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелерінің талдаудың теориялык базасы, меншік формасына қарамастан, барлық кәсіпорындар үшін нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындардың шаруашылық механизмін біріңғай моделі қабылданған. Ол, нарықтық экономика жағдайында әрекет ететін барлық кәсіпорындардың мақсатының, қаржы нәтижелері көрсеткіштерінің, салық салу жүйесінің біртұтастығын көрсетеді.

Нарық жағдайындағы кәсіпорынның қызметінің қаржы нәтижелерін қалыптастыру әртүрлі салықтық есептеулерді қамтиды. Ол үшін өнім өткізуден түскен жалпы кірісті анықтау, өнім өткізуден түскен табысты анықтау. Сонымен қатар жалпы баланстық пайданы анықтау да кәсіпорын қызметі үшін аса маңызды. Бұл пайда негізгі, қаржы және басқа қызметтерден түскен пайдалардың алгебралық қосындысы ретінде анықталады. Баланстық пайда кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіш. Кәсіпорынның өзіне қалатын, немесе таза кірісті анықтау да ерекше. Таза кіріс баланстың пайдадан салықтарды алу арқылы анықталады. Салық салу мақсатында кіріс салық заңдылықтарына, стандарттарына сәйкес түзетіледі.

Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорының шаруашылық қызметінің жалпы сипаттамасын таза кіріс мөлшерімен қаржы жағдайы көрсеткіштері береді. Көп пайда алу ғана маңызды емес, оны дұрыс пайдалануды да білу қажет.

Кәсіпорынның қызметінің қаржы нәтижелері есептік кезеңдегі меншікті капитал көлемінің өзгеруінен көрініс табады. Кәсіпорынның меншікті капиталды үздіксіз өсіруді қамтамасыз ету қабілеттілігі қаржы нәтижелері көрсеткіштер жүйесі арқылы бағаланады. Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштері бухгалтерлік есеп берудің №2 формасында келтіріледі. Оларға жататындар: өткізуден болған кіріс (зиян); бөлінбеген кіріс (зиян). №2 форманың мәліметтері бойынша келесі қаржы нәтижелерінің көрсеткіштері есептеп шығарылуы мүмкін: қаржы және басқа да операциялардан болған кіріс (зиян), салық салынғанға дейінгі кіріс, салық салынғаннан кейінгі кіріс. №2 форманың барлық аталған көрсеткіштері бойынша өткен жылғы мәліметтер де келтіріледі. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойьшызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың кайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның рөлі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез-келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды.

Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында аныкталған. Жарлықты» 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы". Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелер орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.

Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

Нарықтық экономика жағдайында табыстың рөлі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:

1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;

2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму кезі.

Кәсіпорын қызмтетерінің және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субьектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.

2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.

3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді рөл атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.

4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы түтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивиденттер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.

Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.

Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субьектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.

Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:

• табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

• таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

• табысқа әсер ететін факторларының әсерін анықтау және сандық өлшеу;

• табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

• табыстың өсу резервтерін анықтау;

• кәсіпорынның даму перспективаларын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

• табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық көрсеткіштерінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші нақты көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың күны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Кәсіпорын табысының құрылымында ёң үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір өсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей калуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты - заттық нысандағы өнімдір өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.

Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сатамағандығынан болуы мүмкін.

Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорына ақша алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтау, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.

Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар :

1. Біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;

2. Екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;

3. Үшіншіден, түтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуіне оның көлеміне көп әсерін тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік кұнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мүнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.

Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.

Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі. Сүранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.

Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатңп алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.

Кәсіпорын табысы бағаның өсу есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сүраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық параметрлердің және түтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады. 3 кестеде Табыс ААҚ кәсіпорынның қаржылық нәтижелері көрсетіліп отыр. Біздің мысалымызда күрылымның өзгеруі жалпы табыстың ауытқуына теріс әсерін тигізді, яғни оның мөлшері 561 мың теңгеге азайды. Жалпы табысты талдау нәтижелері 3 кестеде көрсетілген.

Кесте 3


Кәсіпорындардың жалпы табыстарының ауытқуына негізгі факторлардың әсері



Көрсеткіштер

Сомасы, Мың теңге

Жоспарлы табысқа % -бен

1.

Өткізілген өнімнің өзіндік құнының өсуі

+9888

+ 4,3

2.

Келісілген бағалар деңгейінің өсуі

+ 3562

+77,7

3.

өнімді өткізу көлемінің артуы

+ 20204

+ 4,1

4.

өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер

-662

- 12,7




Жиыны:

+ 3254

+73,4

Ескерту: Мәліметтер Табыс ЖШС жылдық есебі бойынша жасалған
Кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорын көрсеткіштері бойынша өткізілген өнімнің өзіндік құны т.с.с факторларда өзгерістер көп. Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:

1) өткізілген өнімнің өндірістік құны;

2) өнім бірлігінің бағасы;

3) өткізілген өнім көлемі (саны);

4) өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.

Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады. Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады. ;

Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.

Салықтық есептеулерді жүргізу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалау ұсынылады: қолданыстағы өткізу бағасымен өндірістік өзіндік құны бойынша. Өткізілген өнімнің көлемі бойынша жоспардың орындалу пайызын есептеу кезінде әр қалай бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезінде айтарлықтай ауытқуларға әкеледі. Бірінші әдіс экономистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін табыстың өзгеруі өткізудің физикалық көлемінде ғана емес, сондай-ақ құрылымындағы өзгерістерге байланысты өткізілген рентабельділігіне де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделіқ өзгерістерді бастан кешіруде, сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша бағалау әлдеқайда дәлелді болып табылады.

Біз талдап отырған кәсіпорын тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспарды 4,1%-ға асыра орындады.

Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:

1) "Өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша" есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табыстың жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы;

2) "Өткізу көлемінің өзгеруі" факторының әсер ету соммасын "өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша" есептелінген және алынуға тиісті табысының көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы (қалдық тәсілі).

Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өнімнен жоспар бойынша алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құрылым жағдайында алынған табыспен салыстыру арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.

Жоспардан тыс жалпы табыс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің өсуі нәтижесінде алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының өсуіне жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстырғанда өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы табыс 561 өсетін еді. Жалпы табыстың өндірістік өзіндік құнының өсуі нәтижесінде азаюын - кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады. Елеулі кемшіліктерге 2003 жылы талданып отырған кәсіпорынның өткізген өнімінің құрамында болған құрылымдық өзгерістер жатады. Сондықтан талдаушы, шығарылатын өнім сұрыпталымы мен өндірілетін және өткізілетін өнімдердің құрамында болатын құрылымдық өзгерістерін талдауға басты назар аударуы қажет. Егер әрине нарықта оларға деген сұраныс болса, кәсіпорынға өнімнің жоғары рентабельді түрлерін өндіру мен сату тиімді болады. Осының бәрі экономиканы басқару және бақылау мақсатында бағаның қозғалысы туралы, олардың тек жылдық ғана емес, сонымен қатар одан да қысқа мерзім аралықтарына, яғни ай, тоқсан, жарты жылдағы индекстері туралы мәліметтердің болу қажеттілігін тудырады. Мұндай мәліметтер ең алдымен кәсіпкерлерге, салық инспекцияларына және әр түрлі деңгейлердегі экономиканы басқару органдарына қажет болып табылады.


<предыдущая страница | следующая страница>


Диплом жұмысы жетекшісінің пікірі

Жалпы дипломдық жұмыс қойылған барлық талаптарға сай келеді және жұмысты қорғауға жіберуге болады деп есептеймін

1470.7kb.

17 12 2014
5 стр.


Диплом жұмысы тақырыбы: «Бастауыш сыныпта сан есімді оқыту әдістемесі»

Дипломант жұмысын жүйелі жазған. Әрбір тармақшасы өзіндік ойға, пікірге негізделген. Әр тарауда алдына қойған мақсатына толық жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс

755.86kb.

17 12 2014
5 стр.


Дипломдық ЖҰмыс жетекшісінің пікірі

Бітіруші өз алдына жұмыс істеуге дағдыланған әр дипломдық жұмыста шешуде зерттеу әдістемесін игерген. Кітапханатану саласындағы көкейкесті мәселелерді шешу үшін арнайы және анықтам

796.83kb.

25 12 2014
4 стр.


Реферат диплом жұмысы: «Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде»

Диплом жұмысы: «Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде» тақырыбы жүйесінде орындалған. Жұмыс көлемі 55 беттен құралған, кіріспе, 2 негізгі б

835.31kb.

18 12 2014
4 стр.


Диплом жұмысы Бастауыш мектепте зат есімді оқыту
769.76kb.

25 12 2014
5 стр.


Диплом жұмысы тақырыбы: Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда
651.65kb.

25 12 2014
7 стр.


Диплом жұмысы қазiргi қазақ тiлiндегi бір қҰрамды сөйлемдер
475.92kb.

25 12 2014
3 стр.


Диплом жұмысы Тақырыбы "КӘсіпорынның Қаржылық ТҰРАҚтылығын талдау" Ғылыми жетекші: Төремұратов Е. Т доцент, экономика
744.94kb.

25 12 2014
6 стр.