Перейти на главную страницу
Кәсіпорын табыстарын көбейту әдісі ретінде бағалар стратегиясын үлгілеудің үш кезеңдері бар: жабу сомалары әдісі арқылы бағаны есептеу; баға сызбаларын есептеу және сызу; тік және көлденең дифференциялдық өзара байланысты бағалар жүйесін есептеу. Бұл кезеңдер кәсіпорын үшін тиімді болады, себебі көлденең дифференциациялау нарықтың түрлі сегменттерінде тауардың бір түріне түрлі бағалар ұсынады, ал тік дифференциациялауда шығындар мен пайданың бар сомасы тауар түрлері бойынша түрлі мөлшерде таратылады, нәтижесінде пайданы олар ғана әкеледі, ал «иттер» өндірістен шығарылады немесе қосымша клиентті тартады және кәсіпорынның анықталған имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде жабу сомасы ғана есептелмейді, сонымен қатар нақты мерзімдермен байланысты біртіндеп, өз уақытында шығындарды жабуға мүмкіндік береді және кәсіпорынға өтімділіктің барлық түрлері мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз ететін сомаларды есептеуді талап тетеді. Жабу әдісін қолданған жағдайда тұрақты шығындар пайда болу орындары бойынша қалыптасады, ал пайда тауардың әр түрлері бойынша таратылады.
Бұнда алдын ала табыстылық емес, нақты өткізулер нәтижесінде ғана калькуляциялау және пайда есептеледі.
Нарықтық бағаның қалыптасуында жабу сомасы әдісінің жетістіктері аралық қорытындылар арқылы кәсіпорын қызметінің нәтижелерін және тұрақты жиындарды талдау мүмкіншілігінің бар болуы. Әсіресе қуаттылықтардың өзгеруінде жабу сомалары негізінде күтілетін ақшалай түсімнің және түрлі деңгейлердегі жабу сомалар туралы мәліметтер негізінде пайданың жоспарлануы маңызды болып табылады.
Есептеу тәртібі өндіріске сүйене отырып, оның қорытындыларына, нарықтық бағаларына әсер ету нәтижесінде пайда алуды қамтамасыз етеді. Шығындардың тұрақты есебі кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің тиімділігіне оңтайлы әсер етеді Көптеген мемлекеттерде осы әдіс өндірістік бағдарламамен бағалармен басқару үшін қолданылады.
Түрлі жағдайдларда үлгілеу кәсіпорын мақсаттарын өзгертуді іске асырады және шаруашылық аймақтың мүмкін болатын өзгерістерін алдын ала көруді қамтамасыз етеді. Нарық бағаларын өңдеу жағдайында шығындарды жабу әдісін қолдану арқылы кәсіпорын тауарларды төмен баға бойынша өткізіп, бүның нәтижесінде нарықтың басым бөлігін жаулап алу мүмкіндігі туады. Бұл әдістің кемшілігі: сатып алушылардың төмен бағаға қалыптасып алуынан тауарлар бағасын жоғарылату қиындық туғызуы мүмкін.
Жабу сомасы әдісін қолдану өнім бірлігінің бағасын төмендетіп, нарықтағы салмақты кеңейтеді және әр түрлі табыс деңгейлерімен сатып алушылар санын көбейтеді.
Сондықтан: бағаларды үлгілеу Қазақстандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін жақсартады. Ол кәсіпорын үшін жаңа сатып алушыларды тартып, болжанған тауар айналымын жоғарылатып, пайданы өсіруге мүмкіндік береді. Зерттеушілердің бұл пікіріне біз де қосыламыз.
Кәсіпорын пайдасымен (табысымен) басқаруда оңтайлы стратегияны таңдауда кәсіпорын дамуын болжау үшін маржиналдық табыс, өнім бірлігіне келетін маржиналдық табыс, залалсыздық көлемі, қауіпсіздік жиегі, маржиналдық табыс коэффициенті, қауіпсіздік аймағы, операциялық түтқаның күші, тұрақтылық қоры деген көрсеткіштер қолданады. Өнім шығару және табыс алу бойынша шаруашылық қызметтегі өндіріс факторлар қосылуының үздіксіз қайталанып отырған үдерісі экономикалық жеке бөлшектелген субъектілерінің шегінде жекешеленген қайта өндірісінің үдерісін сипаттайды. Қайта өндірісті іске асырудың маңызды элементі болып капитал айналымы табылады, яғни ақшалай, өндіріс және тауарлық нысандардың жүйелі ауысуы негізінде өндіріс және айналым салалары арқылы өндіріс факторлар құнының қозғалысы. Кәсіпорында капитал бір уақытта осы үш нысандарда да, яғни ақшалай ресурстарда, шикізат пен құрал-жабдықта, дайын өнімде іске асырылады.
Капитал айналымының кезеңдерін мына үлгі бойынша көрсетуге болады:
онда
Т- тауар;
П - өндіріс;
PC - жұмыс күші;
СП - өндіріс құралдары;
Т/ - өндрістік өнім;ъ
Д/ - алғашқыда авансталған көбейген капитал;
1,2,3 - айналымның жеке кезеңдері (1 - өндіріс жағдайының қалыптасуы;
2 - тауарларды жасау факторларының қосылуы;
3 - тауарларды өткізу мен табыс алу).
Капитал айналымының үдерісін бағалауда «капитал айналымы» деген ұғым қолданады. Капитал айналымы дегеніміз капиталдың айналымының үн кезеңінен өтуі, бұл үздіксіз қайталана беретін үдеріс. Капитал айналымының жылдамдығы өсе беретін болса бұл маржиналдық табысқа және кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң жағынан әсер етеді. Маржиналдық табыстың капитал табыстылығының деңгейіне әсер үлігісі төменде көрсетілген (сурет 2).
Маржиналдық табыстың капитал табыстылығына әсер ету үлгісі
Капитал айналымын көлем бойынша сипаттау үшін (айналымның жылдамдығы» деген көрсеткіш қолданады. Айналым жылдамдығы ресурстар айналымының бір жыл ағымында іске асырылатын санымен өлшенеді. Айналымдар саны мына үлгі бойынша анықталады:
N = O/t, онда
N - бір жылдағы айналымдар саны;
О - қабылданған уақыт бірлігі (мысалы, бір жыл = 12 ай);
t - ресурстар айналымының уақыты.
Яғни айналым жылдамдығы айналым уақыты арқылы есептеле алады.
Кәсіпорынның капиталы тиімді пайдалынылып оған пайда әкелуге тиісті. Оның табыстылғн жылдан жылға көбейтуге тиісті кәсіпорын басшылығы шаралар қолдану керек. Бұны маржиналдық табыс негізінде бақылау жүргізу арқылы іске асыруға болады. Капитал табыстылығының деңгейі өткізулердің табыстылығынан және айналмының қарқындылығынан тәуелді. Осы екі факторлардың шамалары өскен сайын қорытындылық нәтиженің мөлшері де өсе түседі. Кәсіпорынның ауыспалы, тұрақты шығындарының, ақшалай активтеріның, айналым және негізгі қорларының айналым жылдамдығы өсетін болса, ал айналым кезеңі қысқаратын болса, бұл кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына әсери етеді. Маржиналдық табыс әдісте негізінде кәсіпкерлік қызметі нәтижелерінің тиімділігін жоғарылату жолдары төменде көрсетіледі, оның ішінде өндіріс көлемдерін оңтайландыру, өндіріс шығындарын азайту, ресурстар айналымының жылдамдығын жоғарылату; бүны сұраныс пен ұсынысты зерттеу арқылы, негізгі өндірістік қорларды және айналым қаражаттарын тиімді пайдалану, өндірістік үдерістің оңтайлы нұсқасын, кәсіпкерлік менеджменттің тиімділігін жоғарылату арқылы іске асыруға болады.
Тәжірибеде шешімді қабылдау әс әрекеттердің бәсекелестік баламал нұсқасының бір қатарн салыстырмалық бағалау және ұйымның мақсаттарына жоғары деңгейдесәйкес келетін ең оңтайлы нұсқасын таңдау болып табылады. Дұрыс басқарушылық шешімді қабылдаудың алдында кәсіпорын қызметінің маңызды бағытн және мақсатын анықтау қажет. Дұрыс шешімді қабылдау үшін барлық баламалы нұсқалар бойынша болашақ шығындар арқылы ақпарат болуға тиісті.
Маржиналдық табыс бойынша ақпаратты қолдану негізінде көптеген оперативтік пеы перспективтік мақсаттар шешіледі:
- залалсыздық нүктені анықтау;
- өнім шығысын жоспарлау;
- бағаны анықтау бойынша шешімдерді қабылдау;
- күрделі салымдар жөнінде шешімдер қабылдау;
- өнімнің жаңа түрлерін игерудің тиімділігі туралы шешім қабылдау.
Кәсіпорынның маржиналдық табысқа байлансты негізгі стратегиялары
Сурет 3
Кеңейтілген өндіріске жағдай жасау үшін кәсіпорынға осы стратегиялардың бірін таңдауға мүмкіндік бар.
Кесте 17 і
Стратегия |
Залалсыздың нүкте, кг |
Тұрақтылық қоры, кг |
Пайданың (табыстың) өсуі, теңге |
Таңдау |
1. Бастапқы жағасым |
182951 |
129012 |
- |
- |
2.Өткізу бғаны 10%-ке өсіру |
149576 |
162387 |
+9312159 |
+ |
3.Өзгеретін шығындарды 10%-ке төмендету |
162896 |
149067 |
+5138091 |
- |
4.Тұрақты шығындарды 10%-ке азайту |
164656 |
147307 |
+2447501 |
- |
5.Өткізу көлемін 10%-ке көбейту |
182951 |
160208,3 |
-4173441 |
- |
Стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі мақалаларда бәсекелестік артқшылық, табыс потенциалы, табыс факторы, шешуші компетенция, нарықтағы позиция сияқты түсініктер жиі-жиі талқыланып жүр. Бірақ та оларға нақты бағалау берілмеген. Осыған байланысты стартегиялық факторы сияқты түсініктер бір-бірінен ажыратылып көрсетілуі тиіс. Бәсекелестік артықшылықыты жаулап алу және сақтау кәсіпорынды стратегиялық басқарудың шешуші функциясы болып табылатындығы мәлім. Әсіресе толық нарықтарда артықшылыққа қол жеткізу маңызды, ол жерлердегі сұранысты көптеген жабдықтаушылар қанағаттандырады.
Соңғы зерттеулер нәтижесі кәсіпорындардың мақсатты жүйесіндегі бәсекелестік қабілеттің басым жағдайын анық көрсетеді. Бұл салыстырмалы бісекелік позиция және кәсіпорынның нарықтық табысы арасындағы эмпитикалық дәлелденген байланыспен дәлелденеді. Бұл жұмыстағы бәсекелестік қатынастарды талдау шаруашылық облыс деңгейінде жүргізіледі. Тұтыну нарықтарында бұл деңгей тауар маркасы деңгейімен теңестіріледі. Тауар маркаларының бәсекелік позициясын бағалау кәсіпорынның өзінің және бәсекелестерінің күшті және әлсіз жақтарын салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорынға жоғары жетістіктерді қамтамасыз етуші факторлар табыстың страгтегиялық факторлары түсінігімен байланыстырылады. Олардың қалыптасуының басты алғышарты мынада, яғни кәсіпорын ұзақ мерзім ішінде бәсекелесуші жабдықтаушыларымен салыстырғанда тауар өндіруші ретіндегі өз артықшылықтарын анықтауы және сақтап түруы тиіс. Сонымен кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтық міндеттемелерінің маңыздылығы ерекше және оларға көптеген факторлар әсер етеді.
Қорытынды
Кез-келген мемлекетте кәоіпорын табыстарының көп бөлігін әрине кәсіпорындар мен ұйымдар төлейді. Ал кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады, яғни кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Кәсіпорын есептегі жылды айтарлықтай қомақты табыспен аяқтаса, сол жылы кәсіпорындардың бюджетке төлейтін салықтық міндеттемелері де көбейеді. Алайда салық саясатының негізгі бағыттары бойынша бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Салықтық заңдылықтар бойынша оның қандай факторлардың есебінен кұрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, кәсіпорынның алдағы уақыттардағы салық органдарына төлейтін жағдайларын білу әлдеқайда маңызды болып табылады. Арнайы салықтық әдебиеттерде табыстылық көрсеткіштері деңгейінің өзгеруіне әсер етуші фокторларға және оларды есептеуге қатысты әртүрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және салық мөлшерлерін дұрыс есептеу мемлекет үшін де кәсіпорындар үшін де аса маңызды болып табылады.
Кәсіпорындардың өндірістік қорларының табыстылық деңгейінің (рентабельділігі) өзгеруіне ықпал етуші факторлардың әсері міндетті түрде салықтық қатынастарға әсер етеді. Сондықтан да өткізілген өнімнің әр теңгесіне шаққандағы таза табыстың көбеюі осы тауар бойынша төленетін салықтық көрсеткіштердің де өсуіне әкеледі. Кәсіпорындардың табыстылық деңгейінің төмендеуіне олардың төлйтін салықтарының мөлшерін де төмендетеді.
"Табыс" ААҚ қаржы нәтижелері мен бюджетке төлейтін төлемдерін талдай келе біз кәсіпорынның табыстылық деңгейін жоғарлату және бюджетке төлейтін төлемдерін арттыру үшін ең алдымен қаржы нәтижелеріне терең талдау жүргізіп, пайданың өсу резервтерін есептеу қажет және табыстылықты жоғарлатудың негізгі резерві - өндірістік ақау мен ысырапты азайту, болдырмау қажет деп есептейміз. Сонымен қатар қәзіргі таңдағы кәсіпорындар мен ұйымдардың салықтық қатынастарын жетілдіру үшін ең алдымен салықтық есеп-айырысулар ісінде бірте-бірте жаңа технологияны өндіріске толық енгізу қажет деп есептейміз.
2. Аудит и налогооблажение -2001 N1-12.
3. Бабкина С. Новая налоговая политика; Финансы Казакстана 1999-N6.
4. Бурабаева О. Б., Ермекбаев Б. Ж. жергілікті салықтар
5. Бухгалтерлік бюллетені, 2001ж, 1999ж №1-12
6. Гражданский кодекс РК- Алматы - Қаржы-Қаражат.
7. Дуканич Л.В. "Налоги и налогообложение" Ростов-не-Дону Феникс 2003г.
8. Деловой мир Казахстана-2001г. N3, c 20-22.
9. "Дамуды, бір кепілі салық" Заң және заман 2001 ж. N4 47-516.
10. Дербисов Е.Ж., Ержанов С.Ж. Налоги в Казахстане. Алматы, ЮКЗЭ, 1999 ж.
11. Ерманова А.А. Налоговая система: оценочные критерии развития и совершенствования.-Караганда, 1999.-ІЗЗс.
12. Егеменді Қазахстан "Салық және бюджетке түсетін басқа міндетті төлемдер туралы Салық кодексіні» жобасы", 2001.2 қараша.
13. Қаражан С. Дамудың бір кепілі салық // Заң және заман.-2003.- N 4.-476.
14. Налоговое законодательство РК. /Изд "Қаржы-қаражат"-1997г.
15. Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикасы сандарда
16. Салыққа сауатты көзқарас керек. Зерде №3 2001ж.
17. Салық жинауда салақтық болмасын. Ашутов. Қаржы-қаражат 1998/8.
18. Статистикалық анықтамалық.-Шымкент, 2001 ж.
19. "О налогах и других обязательных платежах в бюджет и закон РК с изменениями и дополнениями" 1 января 2001 г. Алматы
20. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы: Салық Кодексі.-Алматы: Юрист,2003.-230 б.
21. "Салық және бюджет саясаты" Қазақстан XXI ғасырға жол 2001 ж. №2 :
22. Салық-халық несібесі Егеменді Қазақстан, 200ІЖ.1 қазан
23. "Салық бюджетті» Қайнар көзі" Заң газеті 2001 жыл шілде.
24. Ильясов К.К., Идрисова Е.К. Налоги развитых зарубежных государств.-Алматы:Қаржы-қаражат, 1997.-35 с."
25. Нормативные акты по финансам, налогам, бухгалтерскому учету Алматы: "Қаржы-қаражат" 1997г.
26. Заңды тұлғаларға салық салудың оңайлатылған жүйесі туралы нұсқау // Заң.- 3.-16-196.
27. Ермекбаев Б.Ж. Жалпы мемлекеттік салықтар: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 1997.-1346.
28. Мән берілер мәселелер- Салық қызметі туралы, "Қаржы-қаражат" 2001ж. №24-276.
29. Юткина "Налоги и налогооблажения". Москва, Учебник М, Инфра М 1999 г.
30. А.И. Худяков, Н.Е. Наурызбаев. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы 1998г.ТОО Баспа.
31. А.И. Худяков. Налоговое право РК. Алматы "Жеті жарғы" 1998г.
32. Экономика и право Казахстана 2001-6 6 стр. Налоговая политика.
33. "Мемлекеттік бюджет саясаты" Заң газеті. 1999 жыл 3 желтоқсан.
34. Экономикалық теория: Оқулық/ Я.І. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова Алматы: Қазақ университеті, 1999.-2806.
35. Худяков А.И. Налоговая система РК.-Алматы, 1998.-212 6.
36. Худяков А.И. Налоговое право РК-Алматы: Жеті Жарғы ,1998.-185
37. ҚР Президентінің заң күші бар Бухгалтерлік есеп жөніндегі жарлығы, 26 желтоқсан, 1995 ж, №2732.
Жалпы дипломдық жұмыс қойылған барлық талаптарға сай келеді және жұмысты қорғауға жіберуге болады деп есептеймін
17 12 2014
5 стр.
Дипломант жұмысын жүйелі жазған. Әрбір тармақшасы өзіндік ойға, пікірге негізделген. Әр тарауда алдына қойған мақсатына толық жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс
17 12 2014
5 стр.
Бітіруші өз алдына жұмыс істеуге дағдыланған әр дипломдық жұмыста шешуде зерттеу әдістемесін игерген. Кітапханатану саласындағы көкейкесті мәселелерді шешу үшін арнайы және анықтам
25 12 2014
4 стр.
Диплом жұмысы: «Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде» тақырыбы жүйесінде орындалған. Жұмыс көлемі 55 беттен құралған, кіріспе, 2 негізгі б
18 12 2014
4 стр.
25 12 2014
5 стр.
25 12 2014
7 стр.
25 12 2014
3 стр.
25 12 2014
6 стр.