Перейти на главную страницу
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда баға индексі 1,05-ті құрайды. Бағаның өсуі жалпы табысқа әсер етуі тиіс. Жалпы қәзіргі таңда ҚР-ның әртүрлі өңірлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстары айтарлықтай өсіп отыр (кесте 4).
Кесте 4
Өңірлер бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың табысы (млн. теңге)
|
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
Қазақстан Республикасы |
101508 |
422046 |
353803 |
512044 |
750783 |
Ақмола |
-5941 |
-3996 |
507 |
-3442 |
2616 |
Ақтөбе |
2222 |
18768 |
24624 |
48816 |
83874 |
Алматы |
-3473 |
670 |
2505 |
4219 |
6243 |
Атырау |
44029 |
142493 |
127125 |
127963 |
182834 |
Шығыс Қазақстан |
5486 |
12630 |
13318 |
7228 |
12367 |
Жамбыл |
-2968 |
-5445 |
-1311 |
-1134 |
5502 |
Батыс Қазақстан |
-2307 |
3387 |
1448 |
1908 |
5440 |
Қарағанды |
10095 |
78232 |
55743 |
88607 |
115129 |
Қостанай |
7228 |
2410 |
4707 |
4794 |
15810 |
Қызылорда |
6180 |
29191 |
39489 |
43729 |
70754 |
Маңғыстау |
25558 |
61775 |
28085 |
77224 |
89886 |
Павлодар |
6428 |
3889 |
2812 |
-3615 |
9738 |
Солтүстік Қазақстан |
201 |
1881 |
211 |
-4517 |
-1129 |
Оңтүстік Қазақстан |
7853 |
19030 |
4529 |
12606 |
15363 |
Астана қаласы |
8117 |
41703 |
10983 |
64882 |
102649 |
Алматы қаласы |
-7200 |
15428 |
39028 |
42776 |
33707 |
Экономикалық қызметтің негізгі түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың берешегі
Көрсеткіштер |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
Міндеттемелер бойынша барлық берешек |
1954934 |
2014066 |
2233442 |
2890692 |
3272881 |
Одан: мерзімі өткен |
518922 |
357402 |
259722 |
207320 |
177354 |
Міндеттемелер бойынша жалпы берешектен: |
|
|
|
|
|
Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша |
451688 |
465597 |
462847 |
522727 |
664696 |
Бюджетке жіберілетін салықтар және басқа міндетті төлем бойынша |
157265 |
156861 |
107108 |
124010 |
144627 |
Банктердің қарыздары бойынша |
183911 |
194694 |
348797 |
519908 |
753602 |
банктен тыс мекемелердің қарыздары бойынша |
664021 |
641610 |
689963 |
855574 |
852136 |
Кәсіпорынның қызметкерлер еңбегіне ақы төлеуге арналған қаражатты беру бойынша берешегі |
32131 |
36024 |
26337 |
28460 |
31907 |
Дебиторлық берешек |
699457 |
735617 |
770502 |
1107848 |
1398632 |
Одан: мерзімі өткен |
313718 |
192997 |
139496 |
130521 |
104960 |
Жалпы дебиторлық берешектен: |
|
|
|
|
|
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі |
475884 |
424083 |
383967 |
525254 |
681153 |
Облыстық бюджет және аудандық, қалалық бюджеттер арасында шығындардың бөлінуі (%)
|
01.01.2C |
301 жыл |
01.01.2C |
302 жыл |
01.01.2 |
303 жыл |
01.01.2 |
004 жыл | ||||||||
Шығындар |
Облыс тық бюджет |
Аудан және қалалық бюджет |
Облыс тық бюджет |
Аудан және қалалық бюджет |
Облыс тық бюджет |
Аудан және қалалық бюджет |
Облыс тық бюджет |
Аудан және қалалық бтоджет | ||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
*1 |
6 |
7 |
8 |
9 | ||||||||
Іалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
57,8 |
42,2 |
78,6 |
21,4 |
49,8 |
50,2 |
35,5 |
64,5 | ||||||||
Қорғаныс |
100 |
0 |
98,7 |
1,3 |
9,8 |
8,2 |
96,1 |
3,9 | ||||||||
Қоғамдық тәртіп жөне қауіпсіздік |
73,5 |
26,5 |
74,4 |
25,6 |
92,1 |
7,9 |
96,6 |
3,4 | ||||||||
Клім беру |
29,2 |
70,8 |
21,4 |
78,6 |
17,2 |
82,8 |
37,4 |
62,6 | ||||||||
Денсаулық сақтау |
|
|
|
|
|
|
|
| ||||||||
Элеуметтік сақтандыру және қатамасыздандыру |
66,7 |
33,3 |
66,3 |
33,7 |
60,5 |
39,5 |
75,8 |
24,2 | ||||||||
Тұрғын коммуналдық кызмет
|
9,8 |
90,2 |
81,1 |
18,9 |
0 |
100 |
64,9 |
35,1 | ||||||||
Мәдениет саласында қызметті және демалысты |
56 |
44 |
69,4 |
30,6 |
37,4 |
62,6 |
58,7 |
41,3 | ||||||||
Ауыл шаруашылық, су және орман шаруашылығы, балық, аңшылық |
68,9 |
31,1 |
71,1 |
28,9 |
27,9 |
72,1 |
50,7 |
49,3 | ||||||||
Пайдалы қазбажәне іаукен өнеркәсібі |
- |
- |
24,7 |
75,3 |
300 |
0 |
100 |
0 | ||||||||
ІКөлікжәне |
0 |
100 |
100 |
0 |
100 |
0 |
100 |
0 | ||||||||
байланыс |
|
|
|
|
|
|
|
|
| |||||||
Экономикалық қызметпен байланысты |
0 |
100 |
100 |
0 |
100 |
0 |
100 |
0 |
| |||||||
Негізгі топтарға ендірілмеген шығындар |
99,9 |
0,1 |
100 |
0 |
17,8 |
82,2 |
52 |
48 |
| |||||||
Барлық шығындар |
44,8 |
55,2 |
47,5 |
52,5 |
37,8 |
62,2 |
63,2 |
36,8 |
|
Кәсіпорынның жалпы табыстың өткен жылдағыдан ауытқуына әсерін тигізетін факторларды анықтау үшін қажетті алғашқы мәліметтер
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жылға |
Есепті жылғы |
1. |
Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден түскен |
557516 |
468020 |
2. |
өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өндірістік өзіндік құны |
116827 |
116478 |
3. |
Жалпы табыс (1 қатар - 2қатар) |
30689 |
31542 |
4. |
Баға индексі |
1,00 |
1,05 |
5. |
өткізілген өнімнен (жұмыс, қызмет) түскен табыс, салыстырмалы бағамен |
245253 |
255257 |
1. Бағаның өсуі табысқа калай әсер еткенін анықтау үшін, есепті жылы өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылу бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны есепті жылдың еркін сату бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін (өскенін немесе кемігендігін) және сәйкесінше табыстың да өзгерісін көрсетеді.
Кәсіпорынның еркін сату бағасының өсуі есебінен түскен есепті жылдағы қосымшы табыс 12763 мың теңгені құрайды.
2. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен анықтаймыз.
Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табысының деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюы өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиіс.
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда өнімді өткізудеи түскен табыс 2,8%-ке ((31542/30689*100=102,8); 102,8-100 = 2,8) көбейді. Нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі есебінен жалпы табыстың 853 мың теңге көп алынуына әсер етті. Есептеуді, былтырғы өнімді сатудан түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы жалпы табысты, өнімді сатудан түскен табыстың артуы немесе кемуіне көбейту арқылы жүргізуге болады.
3. Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпалы, есепті жылы өткізілген өнімнен түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кему есебінен жалпы табыс көлемінің қаншалықты өзгергенін көрсетеді. Есептеу: [(16996:22075)-20689:24392]-22075 =(0,7699-0,8482>22075 =-0,0783-22075 =-1728 мың теңге. Өткізілген өнімнен алынатын табьютың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың азаюы нәтижесінде жалпы табыс 1728 мың теңгеге өсті. Жалпы табысқа шығындардың тигізетін ықпалының дәл осы нәтижесін, есепті жылдағы нақты шығындардың өнімді өткізуден алынған табыстың өсу (кему) индексіне қайта есептелген, өткен жылдың нақты шығындарымен салыстыру арқылы алуға болады. Өнімнің өзіндік құны осы сомаға кеміген және сәйкесінше бұл жалпы табыстың өсуіне әкеледі.
Табыстылықтың келесі абсолютті көцреткіші — негізгі қызметтен алынған (түскен) табыс. Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі кызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржиналды табыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет.
Өндірістік өзіндік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтері коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сырткы пайдаланушылар шығындарды тұрақты және айналмалы шығындарға дәл бөле алмайтынына байланысты, жалпы табыс көлемін маржиналды табыс көлемімен теңестіруге және оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады. ҚР бухгалтерлік есеп теориясы мен практикасы үшін нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шығындарды есепке алуда "директ-костинг" жүйесі бойынша ұйымдастыру тәжірибесі көңіл аудартады. Бұл жүйе АҚШ-та пайда болған.
Кәсіпорындардың әнеркәсіптік фирмалардың табыстары туралы көп сатылы зерттеулер негізгі келесі көрсеткіштерді бөліп көрсетуге әкелді:
- Өнімді өткізуден түскен табыс
- Айнымалы шығындар
- Маржиналды табыс
- Тұрақты шығындар
- Негізгі қызметтен алынған табыс
Маржиналды табыс - бұл өнімді өткізуден түскен табыс пен айнымалы шығындар арасындағы айырма. Екінші жағынан, ол - тұрақты шығындар мен негізгі қызметтен түскен табыс сомасын көрсетеді. Бұл жағдай көп сатылы есеп құруға мүмкіндік береді, оның есепті жіктеу үшін маңызы зор.
1) өнім бірлігінің бағасы;
2) Өнімнің бірлігіне шаққандағы айнымалы шығындар;
3) тұрақты шығындар.
Өткізілген өнім бірлігінің бағасының төмендеуі нақты өлшемдегі өткізу көлемінің көбеюінің қажеттілігін анықтайды, яғни шығындарды өтеу үшін орнын толтыру нүктесінің көтерілуін анықтайды.
Егер қарастырылып отырған мысалда бағаны 24 теңгеден 21 теңгеге дейін төмендетсе, онда орнын толтыру нүктесі 37 500 бірлікке () тең болады.
10 мыңнан 70 мың бірлікке дейін мүмкін болатын өткізудің релеванттық интервалын сақтау кезінде қауіпсіздік аймағы тарылады және 40 мың емес, 32,5 мың бірлікті құрайды (70 000 - 37 500), яғни өткізу кезінде кәсіпорын тек 37501 бірліктен бастап негізгі қызметтен табыс алады. Бағаның өсуі орнын толтыру нүктесіне кері әсерін тигізеді. Ол зиянсыздық деңгейін төмендетеді. Мысалы, егер кәсіпорын өнім бірлігін 29 теңгеден сатса, яғни 5 теңгеге немесе 20,8%-ға әсіресе, онда өндірістің қауіпті көлемі 22 500 бірлікті құрайды. Басқаша айтқанда, егер өзгермейтін шығындар кезінде бағаны 5 теңгеге кетерсе кәсіпорын 7500 бұйымға аз сатады. Өнім бірлігіне шаққандағы айнымалы шығындардың өзгеруі мен ендіріс көлемінің қауіпті нүктесі тікелей өзара байланысты: осы шығындардың өсуі "Өлі нүктенің" көтерілуіне әкеледі. Егер қарастарылып отырған мысалда енім бірлігіне шаққандағы айнымалы шығындар 9 теңгенің орнына 12 теңгені құраса, яғни 33,3 %-ға өссе, онда өндірістің қауіпті көлемі 37500 бірлікке тең болады.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтык экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Жалпы кәсіпорындардың табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
1) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекеленген элементтері;
2) өнімдер;
3) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.
Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі - берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады. Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.
Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:
• басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
• кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетік көрсететін өлшеуіш;
• табыс болжау әдісі;
• шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиалдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті кәлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.
Жалпы әрбір кәсіпорынның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты олардың табыстарының салық салынғанға дейінгі жиынтық табыстары әртүрлі сипагта көрінеді. Осы мысалды одан әрі қарастыра отырып, мысалы жал телемінің өсуіне байланысты тұрақты шығындардың 10%-ға өсуі қауіпті көлемге қалай әсер ететінін анықтауға болады. Келесі кестеде өнеркәсіп кәсіпорындарының салық салынғанға дейінгі жиынтық табысы керсетілген (кесте 8).
Кесте 8
(млн. теңге)
Көрсеткіштер |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
Кен өндіру енеркәсібі |
84494 |
254888 |
22407] |
290376 |
424349 |
Шикі мұнай және табиғи газ өндіру |
79359 |
246688 |
204122 |
267822 |
381062 |
Кен өндіру өеркәсібі, энергетикаға арналған материалдар өндіруден басқа |
7426 |
7187 |
13111 |
16463 |
34389 |
Темір кендерін өндіру |
7695 |
5257 |
8233 |
14820 |
28961 |
Түсті металл кендерін өндіру |
-799 |
3819 |
4449 |
1450 |
1108 |
Кен өндіру өнеркәсібінің басқа да салалары |
530 |
-1890 |
429 |
193 |
4320 |
Өңдеу өнеркәсібі |
64282 |
128243 |
90170 |
124321 |
167844 |
Тамақ өнімдерін өндіру, сусындар мен темекіні қоса |
-5912 |
449 |
3359 |
3193 |
8073 |
Тамақ өнімдерін өндіру, сусындарды қоса |
-5595 |
-229 |
2780 |
237 |
4721 |
Темекі өнімдерін өндіру |
-317 |
677 |
579 |
2956 |
3351 |
Тоқыма және тігін өнеркәсібі |
-857 |
16 |
-84 |
-760 |
-230 |
Былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар өнімдер және аяқкиім өндіру |
-59 |
-47 |
29 |
-29 |
-63 |
Сүрек өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндіру |
-19 |
-9 |
13 |
55 |
33 |
Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі: |
|
|
|
|
|
Баспа ісі |
94 |
1282 |
-165 |
736 |
362 |
Кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдар өндіру |
7453 |
20522 |
9378 |
14554 |
18871 |
Химия өнеркәсібі |
-1956 |
-3734 |
-3758 |
-1393 |
-2430 |
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру |
-2048 |
-230 |
-228 |
-526 |
4 |
Металға жатпайтын өзге де минералдық өнімдерді өндіру |
-2125 |
-290 |
1545 |
1240 |
3359 |
Металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдарын өндіру |
70985 |
109371 |
77176 |
104904 |
136723 |
Металлургия өнеркәсібі |
72151 |
109134 |
76898 |
104484 |
136356 |
Қара металлургия (ЕСҮС) |
26624 |
31979 |
13300 |
34644 |
68235 |
Түсті металдар өндіру |
30174 |
72705 |
66103 |
69891 |
68017 |
Дайын металл бұйымдарын өндіру |
-1166 |
237 |
278 |
419 |
367 |
Машиналар мен жабдықтар өндіру |
-1073 |
-326 |
472 |
-477 |
-759 |
Электр жабдықтардың, электрондық және оптикалық жабдықтарды өндіру |
-431 |
292 |
359 |
732 |
834 |
Көлік құралдары мен жабдықтарын өндіру |
156 |
644 |
1985 |
2061 |
3308 |
Өнеркәсіптің өзге де салалары |
74 |
303 |
89 |
31 |
-241 |
Электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу |
І59213 |
-24966 |
-15471 |
-13610 |
-4178 |
Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.
Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды рөл атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша катаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Акгивтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады. Кәсіпорын активтерінің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:
Талданып отырған кәсіпорын мәліметтері бойынша кәсілорынның барлық капиталының табыстылық коэффициенті, кестеде берілген мәліметтермен сипатталады (кесте 9).
Авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық деңгейі , %
№ |
Көрсеткіштер |
өткен жыл |
Есепті жыл |
Ауытқуы (+,-) |
1. |
Таза табыс, мың теңге |
13187 |
-13059 |
-26246 |
2. |
Жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал=баланс валютасы) |
182963 |
425973 |
+243010 |
3. |
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капиал), % |
0,07 |
* |
* |
Өткен жылғы табыстылық коэффициентін алып таста)' аркылы, жалпы активтер өзгерісінің ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл екі фактордың жиынтыә әсері, өткен жылғы мәнімен салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын беріп отыр (-2,99+4,02=+1,03).
Алайда айта кеткен жөн, факторлар әсерін бұл әдістеме бойынша өлшеу біршама қате, себебі оны есептеудің математикалық формуласы дұрыс және ешқандай күдіксіз болғанына қарамастан, ол көрсеткіштің экономикалық мазмүнына жауап бермейді. Таза табыс бойынша барлық активтердің табыстылық деңгейі - (қаражатты тарту көздеріне тәуелсіз) активтер құнының бірлігінен (1 теңге) табыстың қанша ақшалай бірлігі алынғанын корсетеді. Осыған қарағанда, неғүрлым кәсіпорын кеңейген сайын жәие оның өндірістік потенциялы өскен сайын, соғұрлым активтер тиімділігі төмен болады. Керісінше, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі жалпы активтерді пайдалану тиімділігіне тәуелді болуы тиіс. Осы түсініктерді карастыра келе, біз екінші көзқарас әлдеқайда ғылыми негізделген және дұрыс деп есептейміз. Және оның соңғы жылдардағы арнайы әдебиеттерде кең таралуы кездейсоқ емес. Таза табысты қалыптастыру барысында, іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің бірі болып саналатын өнімді өткізуден алынған табыс маңызды роль атқарады. Сондықтан да екінші көзқарасты қолдаушы мамандар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің өзгерісі келесі бірінші қатарлы факторлардың әсерінен болады деп есептейді:
1) кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі -өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
2) жалпы активтердің айналымдылығы.
Бұл көрсеткіштердің арасындағы өзара байланыс келесі түрде берілуі мүмкін: Жалпы активтердің табыстылық деңгейі - өткізілген (сату) өнімнің табыстылығы - активтер айналымдылығы. Шынында:
Формула жалпы активтердің табыстылық деңгейін жоғарылату жолдарын көрсетеді: сату табыстылығы төмен болғанда капитал мен оның элементтерінің айналымын жылдамдатуға ұмтылу керек және керісінше, сол немесе басқа себептермен анықталатын кәсіпорынның төмен іскерлік белсенділігі, өнімді өндіру шығындарын азайту немесе өнім бағасын өсіру, яғни сату табыстылығын өсіру негізінде теңестірілуі (орны толтырылуы) мүмкін.
Авансталған капиталдың (жалпы активтердің) табыстылык деңгейінің өзгеруіне жоғарыда аталған факторлардың тигізетін әсерін талдау үшін келесі аналитикалық кестені құрамыз.
Авансталған капиталдың (жалпы активтер - баланс валютасы) табыстылық деңгейіндегі болған ауытқуға, активтер айналымдылығы мен өнімді өткізу табыстылығы коэффициентінің өзгерісінің тигізетін ықпалы (кесте 10).
Авансталған капиталдың (жалпы активтердің) табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсерм ететін факторлары
№ |
Көрсеткіштер |
2003 |
2004 |
өткен жылға қарағандағы ауытқуы
|
Оның ішінде коэффициенттер өзгерісі есебінен | |
сату табыстылығы |
активтердің айналымдылығы | |||||
A |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Таза табыс, мың теңге |
13187 |
-13059 |
-26246 |
X |
X |
2. |
өткізуден түскен табыс |
30689 |
31542 |
+853 |
X |
X |
3. |
Жалпы активтердің орташа жылдық құны, мың теңге |
182963 |
425973 |
+243010 |
X |
X |
4. |
Жалпы активтердің (авансталған капитал) табыс-тылық деңгейі, % (1 қатар: 3қ-100) |
0,07 |
* |
* |
* |
* |
5. |
өткізілген өнімнің табыстылық коэффициенті % (1 өқатар: 2қ-100) |
5,12 |
* |
* |
X |
X |
6. |
Активтердің Айналымдылық коэффициенті (2қ : 3қ) |
0,17 |
0,07 |
-0,10 |
X |
X |
(Ду) аламыз.
Осы көрсеткішті және кестеде келтірілген өткен және есепті жылғы активтер табыстылығы деңгейінің қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейін еселтейміз. Біздің мысалымызда ол келесі мәліметтермен сипатталады:
1) өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өзгерісі;
2) жалпы активтердің айналымдылық коэффициентінің өзгерісі. Сонымен қатар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің артуына өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өсуі оң әсерін тигізіп отыр, ал активтердің айналымдылығының бәсеңдеуі, оның жылдам төмендеуіне әкеліп соқтырды.
Факторды егжей-тегжейлі талдау үлестік қатысу (коэффициент) тәсілімен жүргізіледі. Ол үшін үлестік қатысу коэффициенттері, жоғары қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейінің төменгі қатарлы факторлар өзіерісінің абсолютті сомасына қатынасы ретінде есептеледі.
Осылайша жалпы активтердің табыстылык деңгейі (авансталі ан капитал) немесе қызметтің барлық түрлерінің табыстылық коэффициенті ( жалпы табыстылықтың) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді. Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы актнвтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді. Мұндағы: Та - ағымдағы активтердің орташа көлемі. Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш меншікті капиталдың табыстылы коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Дәл осы көрсеткіш биржада акщюнерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады. Теледидар және радио комментаторлары және макала авторлары кәсіпорындардың тиімділігі бәсекелестігі жене табыстылығы туралы айтқанда дәл осы көрсеткішті пайдаланады. Меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті (мөлшерлемесі) бұл өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың меншікті капиталдың айналымдылык көрсеткішіне көбейтіндісінің нәтижесі. Көрсеткіштерге байланысты меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті (1) сату көлемінің табыстылығын (2) барлық активтердің айналымдылығына (3) (жиынтық авансталған, жалпы капитал), меншік иелерінің табысының жалпы табыстағы салыстырмалгы үлесіне (4) және қаржылы құрылым көрсеткіштеріне көбейткенге тең.
Кәсіпорындарда көбінесе мына көрсеткіштерді көбірек пайдаланады.
Д ч - таза табыс;
Д N - өнімді өткізуден алынған табыс;
A - активтер құны;
С к - меншікті (акционерлік) капитал.
Кәсіпорпын қызметіндегі осындай тәуелділіктерді зерттеу, қызмет нәтижесін жақсарту үшін кәсіпорынның қаржы тетіктерін пайдалану мүмкіндігін және қаржылық жағдайын бағалауда үлкен дәлелдеуші күштерге ие болады. Яғни, басқа да осындай жағдайларда, акционерлік капиталдың қайтарымдылығы, жиынтық капиталдың құрамындағы қарыз қаражаттарыньщ үлесі көбейген кезде өседі.
Меншікті капитал мен барлық активтердің табыстылық деңгейі көрсеткіштері арасындағы айырма кәсіпорынның қаржыландыру көздерін ынталандырумен байланысты. Егер қарыз қаражаттары осы қарыз капиталына төленетін пайыздарға қарағанда көбірек табыс әкелсе, онда айырма меншікті капиталдың қайтарымдылығын арттыру үшін қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорын иелері, меншікті капиталдың табыстылық коэффициентін (ставкасын) өсіру мақсатында, әрине қарыздарға (несиеге) назар аударсты: қаржылық оқулықта мұны "тетік нәтижесі" деп атайды.
Қарызға байланысты кәсіпорын иесінің іс-әрекеті екі і егізгі элементтің ықпалында болады. Бірінші жағдайда - бұл салық салынғаннан кейінгі өндіріс табыстылығының (рентебельділігінің) нормасына байла иысты қарыздар бойынша пайыздың мөлшерлемесінің салыстырмалы деңгейі.
Кәсіпорынның инвестицияланған капиталына табыстылық молшерлемесі (76), таза табыстың (салық теленгеннен кейін) активтердің калпы массасына қатынасы ретінде анықталады.
Негізінде, мысалы кәсіпорынның жаңа қарыздары бомаған жағдайда, берілген кәсіпорын салық салынғаннан кейін 15%-ға тең өндіріс табыстылығына ие болады, бұл кезде нарықтағы пайыздық мөлшерлеме 10%-ға тең. Осыған байланысты, кәсіпкер, құньі төмен ақшаларды іске қосу арқылы меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру мақсатында, қарыз капиталы мен тартылған капитал құнының арасындағы айырманы алуға тырысады. Кәсіпкер бұл жағдайға назар аударуы мүмкін, себебі қаржылық шығындар азаяды және салықтық үнемділік байқалады. Ссудалар бойынша пайыз мөлшерлемесі келісім-шарт нормасы болып табылмайды (біздің мысалымызда 10 пайыз), себебі берілген норма салықтық үнем үлесіне қысқарады.
Мысалы, егер салық мөлшерлемесі 50%-ға тең болса, онда 10%-дың келісім-шарт мөлшерлемесіне сәйкес келетін нақты мөлшерлеме 5%- а тең, яғни қарыз капиталының нақты мөлшерлемесі:
10% * (1 – 0,5) = 5%-ға тең.
Әрине, салық салынғаннан кейін өндіріс табыстылығы (рентабельділігі) мен нақты пайыздық мөлшерлеме арасындағы бүндай арақатынас негізінде, қарыз көбейген сайын қарыз міндеттемелерінің табыстылық мөлшерлемесіне тигізетін әсері арта түседі деп айтуға болады.
Жоғарыда айтылғандай тетік нәтижесі математикалық формуласыида (44) көрсетілуі мүмкін, оның жеңілдетілген нұсқасы келесідей түрде болады:
Кәсіпорын қызметінде ДА- активтер (капитал) т; быстылығы;
ЭР - эксплуатациялық табыс (салықтар мен пайыздарды төлегенге дейін);
П - ссудалар бойынша келісім-шартта көрсетілген жылдық пайыз мөлшерлемесі; Сң — салық салу мөлшерлемесі; Д - қарыз міндеттемелері;
Ск - инвестицияланған меншікті капитал ерекше рол атқарады.
Екінші капитал экономикалық белсенділіктің салыстырмалы жоғары деңгейлі тұрақтылығын көрсетеді. Берілген формула бойыншда егер салық төленгеннен кейінгі инвестицияланған капитал активтернің табыстылық коэффициенті мен салық төленгеннен кейінгі пайыз мөлшерлемесі арасындағы айырма оң болса, онда тетік нәтижесі де оң болады. Егер активтердің табыстылық деңгейі қарыз қаражаттарына төленетін пайыздарға қарағаыда аз болатын болса, онда қарыз қаражаттары кәсіпорын қызметіғе кері әсер етеді деп бағаланады. Меншікті капиталдың тиімділігін арттыру үшін, қарыз капиталын пайдаланудың дұрыстығы жөніндегі сұрақтарды шешуге мүмкіндік беретін "тетік нәтижесінің" формуласы аналитикалық жұмыста қолданылуы тиіс. Талдау жүргізуші түрлі көрсеткіштерді пайдалана отырып меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру жолдарын көрсетеді.
Салық жүйесін мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығын салықтар мен алымдар, салық залу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске алуына мүмкіндік туғызады. Ел экономикасында бұрын болмаған жаңа ірі құбылыстар нақты жүзеге асырылуда, оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі, меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі, шаруашылық жүргізуші субъктілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі т. б. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтың түрлерін, олардың, бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи қадам болып есептеледі.
Осы бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалық және жергілікгі басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері, құқықтары мел міндеттері айқын бекітілді /20.21/. Салық туралы қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республикасында: жалпы Mемлекеттік салықтар; міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар және жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. Салықтар негізін пайдаға салынатын ггын салық, табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тағы да басқа салықтардан тұрады.
Қазақстан Республикасының Салық жүйесін құруда ең алғашқы тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген Заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен алар орны ерекше.
Салық немесе ағымдағы төлемдер бюджет кірісіне белгіленген мерзімде төленбесе оны төлеушілердің немесе олардың дебиторлорының шоттарынан салық айыппұл және өсім жөнінде пайда болған берешек шегінде егер салық төлеуші немесе оның дебиторлары осы берешекті төлеуге келісетін болса, өндіріп алынады.
Салықтар, айыппұл немесе өсім түріндегі берешектердің төленуін қамтамасыз ету үшін салық қызметі органдары салық төлеуші мен оның дебиторларының шотында қаражат болмаған жағдайда, салық төлеушінің мүлкін тәркілеуге құқылы. Берешек өтелген жағдайда мүлікті тәркілеу туралы шешім жойылады. Жаңа салық жүйесіндегі негізгі жаңалықтардың әрбірі халықаралық салық салудың тәртібін енгізу болып табылады [26.27].
Аталып отырған жаңа салық жүйесі туралы заң өмір талабына сай, одан әрі қарай өзгеріп, дамуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 1:}95-жылдың 21-желтоқсанында қабылданған Заң күші бар «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығы 1996 жылдың 1-қаңтарынан бастап салық жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізді.
Енгізген өзгерістер мен толықтырулардың қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:
- салық салынбайтын минимумды анықтауда, ең төмеигі жалақы орнына есептік көрсеткіш енгізілген;
- арнайы экономикалық аймақтарда тіркеліп, қызмет жасайтын заңды тұлғалар, табыс салығын 20 проценттік ставка бойынша төлейтін болады;
- заңды тұлғалардың жалақыға жұмсалатын шығындар шектеліп, белгіленген нормадан асқан жалақы жұмсалған шығындарға салық салынады;
- жер қойнауын пайдаланушылардың барлығы Қазақстан Үкіметі мен келсімге тұрар алдында Бас салық комитетінде салықтық зерттелуден өтулері тиіс.
Біз тек енгізілген өзгерістердің басты-бастыларын атап кеттік. Ал барлық өзгеріс, толықтырулармен жоғарыда көрсетілген құжат арқылы кеңірек танысуға болады.
Салық жүйесінің бір орнында, өзгеріссіз тұрып қалуы мүмкін емес. Ел экономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолында қалыптасатын іс-тәжірибелер, экономикалық дамыған елдердің тәжірибере талдап-жиынтықтау барысында, салық жүйесі де өзгеріп, дамып, бара-бара жақсара түсуі тиіс. Салық жүйесінде басты орынды салықтардың түрлері алатыны сөзсіз. Жаңа салық жүйесі бойынша Қазақстан Республикасындағы салықтар жалпы мемлекеттік салықтар және жергілікті салықтар болып үлкен екі топқа бөлінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі шетелдік дамыған және озық үлгілерді жинақтай отырып, өзіндік жүйелі бағыттарға сайақы шет етуде.
Мемлекеттік бюджет бұл - орталықтандырылған ақша қорын құру барысындағы мемлекет және барлық меншік формасыкдағы субъектілер арасындағы экономикалық қатынастар (кесте 11).
Кесте 11
ААҚ «Табыс» кәсіпорынның 2003-2004 жылдық қаржы-шаруашылық қызметі көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Бірлік өлшемі
|
Өткен жыл |
Есептегі жыл |
Ауытқуы (+,-) |
Өсу карлыны % |
1.Өткізуден (сатудан) түскен табыс |
мың.тг. |
357349 |
268020 |
-89329 |
75% |
2.Өнімнің өзіндік құны |
мың.тг. |
308046 |
236478 |
-71568 |
77% |
З.Жалпы табыс |
мың.тг. |
49303 |
31542 |
-17761 |
63% |
4.Кезеңдік шығындар |
мың.тг. |
36908 |
44746 |
7838 |
122% |
5.Салық алынғанға дейінгі табыс |
мың.тг. |
12395 |
-13204 |
-25599 |
: 06% |
Жалпы дипломдық жұмыс қойылған барлық талаптарға сай келеді және жұмысты қорғауға жіберуге болады деп есептеймін
17 12 2014
5 стр.
Дипломант жұмысын жүйелі жазған. Әрбір тармақшасы өзіндік ойға, пікірге негізделген. Әр тарауда алдына қойған мақсатына толық жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс
17 12 2014
5 стр.
Бітіруші өз алдына жұмыс істеуге дағдыланған әр дипломдық жұмыста шешуде зерттеу әдістемесін игерген. Кітапханатану саласындағы көкейкесті мәселелерді шешу үшін арнайы және анықтам
25 12 2014
4 стр.
Диплом жұмысы: «Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде» тақырыбы жүйесінде орындалған. Жұмыс көлемі 55 беттен құралған, кіріспе, 2 негізгі б
18 12 2014
4 стр.
25 12 2014
5 стр.
25 12 2014
7 стр.
25 12 2014
3 стр.
25 12 2014
6 стр.