Перейти на главную страницу
Әр мемлекетте өндірістік шығындарды азайтудың әр түрлі жолдары қолданылады. Олардың барлығын төмендегідей етіп біріктіруге болады:
Өзіндік құнды төмендету дегеніміз – жүйелі әдіс-тәсілдерді және жалпы басқаруды талап ететін көп жоспарлы үрдіс.
Соңғы 34-40 жылдар ішінде дамыған мемлекеттер өндірілген өнімге кеткен шығындарды ескергенде, қысқартылған калькуляция әдісін қолданып келеді. Бұл әдіс тұрақты, ауыспалы, жалпы және шекті шығындарды анықтайды.
Шетелдік кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құнын жоспарлағанда және бақылағанда, оның ішінде ауыспалы шығындарды зерттегенде «директ-костинг» әдісі қолданылады. Бұл әдісте негізгі қаржылық көрсеткіш ретінде маржиналды табыс және табыстың өзі алынады. Ол келесі кестеде көрсетілген:
№ |
Көрсеткіштер |
Шартты белгіленуі |
1 |
Өнімді сатудан түскен түсім |
В (табыс) |
2 |
Ауыспалы шығындар |
Зпер |
3 |
Маржиналды табыс |
Пм = В – Зпер |
4 |
Тұрақты шығындар |
Зпост |
5 |
Табыс |
П = Пм - Зпост |
Осы кестені ұсынған авторлардың көрсетуі бойынша «директ-костинг» әдісі өндіріс көлемі мен оған кеткен шығындар арасында, өндіріс көлемі бойынша ол өндіріс табысты болып жатыр ма, әлде шығындалып жатыр ма, өндіріс көлемін ұлғайтқанда немесе төмендеткенде өнімнің өзіндік құны қандай болатынын көрсетіп, осындай көрсеткіштер арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Осы калькуляциялық әдісте тұрақты шығындардың көлемін ерекше қарау сол шығындардың табыс соммасына қаншалықты көлемде әсер ететінін көрсетеді. Маржиналды табыс көлемінің өзгеруі шығарылатын өнімнің ассортиментіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Қорытындылап айтатын болсақ, «директ-костинг» әдісі табыстың көлемін анықтайды және ауыспалы шығындардың өткізу бағасынан, шығаратын өнім құрылымының әсерінен табыс көлемінің ауытқуын, өзгерісін анықтауға мүмкіндік береді. Осындай талдаулар негізінде кәсіпорын мен шығындарды басқарудың керекті шараларын қабылдауға болады. Мұндай жүйелерді қолдану, әсіресе, Қазақстанның нарықтық экономикасын жақсы білу үшін пайдалы. Бүгінгі күнде табыстың өсуі – біздің негізгі мақсатымыз болып табылатындықтан, оған жету үшін өнімнің бағасын көтеруіміз керек. Керісінше, өндірілген өнімге жоғары емес бағаны қоя отырып, оны бәсеке қабілетті өнім ретінде ұсынуымыз керек. Сонымен қатар, нарықты жаулап алу үшін және оны ұстап қалу үшін табыстың нормасын төмендету негізінде арзан әрі сапалы өнім сатуымыз қажет. Яғни, сату көлемін ұлғайта отырып, жоғарғы табысқа жетуімізге болады.
Сонымен, басқару шешімдерін қабылдаудағы негізгі көрсеткіш болып «шығынсыздық нүктесі» саналады. Оның негізі мынада – кәсіпорын пайда да көрмейді, шығынға да ұшырамайды.
Шетел кәсіпорындары мен фирмаларында «бәсекелестердің өндіріс шығындарының салыстырмалы талдаулары» жүзеге асырылады. Мұндай талдау өзінің өндірістік шығындарын бәсекелес кәсіпорынның өндірістік шығындарымен салыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олардың артықшылықтарын біле аламыз, олардың өндірістік шығындарының көлемімен таныса аламыз. Олардың қателіктерін ескере отырып, өзіміздің өндіріс шығындарының құрылымын жақсартамыз және шығындарды төмендетеміз.
1–сурет - Табыстылық графигі
Бізге белгілі болғандай, жоғарғы сапалы өнім өндірісі жоғарғы деңгейлі шығындарды талап етеді. Бірақ, 70 жылдардың аяғы және 80 жылдардың басында бұл пастулат іс жүзінде Жапонияның машина жасау компанияларымен толық жоққа шығарылды. Себебі, жоғарғы сапалы өнімдерді шығаратын кәсіпорындарда еңбек өндірісі жоғары болып, өндірістік шығындар төмен болады. Жапониядағы автокөлік және электронды өндіріспен айналысатын кәсіпорындардың еңбек өндірісі сол өндіріспен айналысатын АҚШ кәсіпорындарынан 2 - 2,5 есе артық болды. Бұл айырмашылық «дәл уақыт» әдісін қолданғаны үшін ғана пайда болып тұр.
«Дәл уақыт» әдісі Жапониядағы «Тойота» атты автомобиль шығаратын фирманың басты басқару жүйесі болып табылады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты – шығындарды қысқарту болып табылады. Шығындарды қысқарту үшін сұраныстың күнделікті өзгеруін, жоғарғы сапалы комплектілік бұйымдармен қамтамасыз етілуін, қызығушылықтың өсуін, жұмыскерлердің жұмыс белсенділігі мен өнімнің номенклатурасын және өнім өндірісінің көлемін үздіксіз бақылап отыру керек. «Дәл уақыт» әдісінің негізгі қағидасы болып автономизация және персоналды қолдану жүйесінің икемді болуы табылады. Бұл әдіс өндірісте қажет емес өнімді қажет емес уақытта және қажет емес көлемде талап етеді. Автономизация деген сөз ахуалды өз бетімен бақылау дегенді білдіреді, келешектегі қайта өндіріске ахуалы бар бұйымдарды болдырмау. Персоналды икемді пайдалану дегеніміз – ол өнімге деген сұраныстың өзгеруіне байланысты жұмысшылар көлемінің тербелісі, сонымен қатар серіктестікті марапаттау және ойларды жүзеге асыру. Жұмысшылар әр өнім өндірісін жақсарту жайлы және өнім сапасын жоғарылату туралы әр түрлі ойлар ұсына алады. Жұмысшылардың ұсынысы материалды түрде марапатталады.
«Тойота» фирмасының негізгі артықшылығы неде? «Дәл уақыт» әдісімен жұмыс істегенде белгілі бір аймаққа алдын-ала келісілген нақты уақытта қажетті бұйымдар жеткізіледі. Келесі кезең өткен кезеңнен өндіріске қажетті бұйымдарды суырып алған сияқты болады. Ал біздің немесе басқа да мемлекеттердің қолданатын календарлық әдісі бойынша, алдағы аймаққа өткен аймақ алдын-ала болжамдалған және өндірілген бұйымдарды итеріп тыққандай болады. «Тойота» жүйесі күнделікті шығаратын өнім көлемінің өзгеруін, яғни ұлғайғанын немесе қысқарғанын қарайды. Жалпы, бұл жүйе жұмыс күшіне және қорларға шығын шығармау арқылы оларды қысқартады. Нарық сұранысының құбылмалылығын әрқашан бақылап отыру арқылы өндірістік және ауыспалы шығындарды қысқартуға болады. Бірақ, нарық жағдайында бұндай жүйені қолдану тиімді емес, себебі онда дамыған маркетинг жүйесі, материалдарды жеткізу және өнімді өткізу жоқ.
Қазақстан үшін шығындарды басқарудың жапондық тәжірибесі қызықты. Оның үшбұрышты құраушы тастарына: «таргет-костинг», «кайдзен» және қалыптасқан өзіндік құнды қолдау функциясы жатады.
«Таргет-костинг» концепциясы жобаны жоспарлау мен жобалау кезінде қолданылса, «кайдзен» өндіріс барысында қолданылады. «Таргет-костинг» жүйесін шығарғанда жапондық менеджерлер дәстүрлі басқару функциясын мүлдем өзгертті:
Өзіндік құн + Пайда = Баға (3) болса, «таргет-костинг» жүйесінде формула төмендегідей болды:
Мақсатты баға – Мақсатты пайда = Мақсатты өзіндік құн. (4)
Ең алдымен, маркетингтік зерттеу арқылы өнімді өткізудің мүмкін бағасы анықталады. Содан кейін, өзіндік құнды анықтау үшін жобаны жүзеге асырудан кәсіпорынның көздеген табыс көлемі есептелінеді, ары қарай өндіріс үрдісінің қатысушылары, менеджерлер, жұмысшылар мақсатты өзіндік құнға сәйкес, өнімді жобалау мен жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді.
«Кайдзен» сөзі жапон тілінен аударғанда «кішкентай қадаммен жетістікке жету» дегенді білдіреді. «Кайдзеннің» мақсаты – ірі-ірі кәсіпорындардан инвестиция тартпай, кәсіпорындардың ішкі резервтерінің көмегімен қызметті жетілдіру. Бұл жүйе өте күрделі және көптеген элементтерден тұрады:
жоғалтулар
жоғалтулар (ЖЭЖ)
Сонымен қатар, «Дәл уақыт» жүйесі іске асады. Бұл жүйеде өндіріске қажетті құрал-жабдықтар цехта қажет мөлшерде тура уақытысында жеткізіледі.
«Дәл уақыт» жүйесі жұмыс істеу үшін 100 % сапалы өнім жеткізілуі қажет. Сондықтан, бұл жүйе сапаны жақсартумен, оның ішінде сапа жақсарту үйірмелері, ахуалдарды болдырмаумен байланысты болады. Бұл автоматизация деп аталады.
Қазіргі кезде өндірісті автоматизациялау кең тараған. Ол еңбек күшін үнемдейді, өндіріс қуатын қысқартады және өнім сапасын жоғарылатады. Бірақ, құрал-жабдықтардың сынып қалуынан оларды қайта жөндеуге қажеттілік туады. Құрал-жабдықтардың бұзылуын кетіргенде ғана өнім сапасына кепілдік беруге болады. Құрал-жабдықпен жұмыс істеу үшін жалпы эксплуатациялық жүйе іске асырылады. Оның ерекшелігі – операторлар өз құрал-жабдығына өздері қызмет көрсетіп басқарады, сонымен қатар ОЭС бұзылуынан болған шығындарды минимализациялайды.
Сөйтіп, «кайдзен» жүйесі көп жақты қолданыс табады. Қазақстанда бұл жүйені жүзеге асыру үшін, алдымен, бірқатар бөгеттерден өту қажет. Олар:
Сонымен қатар, Қазақстанның қайта өңдеу кәсіпорындарының жандануына қажетті материалдарды өндіретін кәсіпорындар қол ұшын береді. Мысалы, «ТетраПак» компаниясы қораптау материалдарын жеңілдік негізінде өз бұйымдарымен қамтамасыз етеді. Техникамен қарулануы сүт өнімдерінің ассортиментін қазіргі заман талаптарына сай жасауға тураланған. Мысалы, ол сүт өнімдерін ұзақ сақтаудан бастап, оны әр түрлі майлылық деңгейіне бөлу. Ол - жоғарғы температура технологиясымен өңделген «Космис» фирмасының (Қостанай қ.) өнімдері және кең таңдаудағы йогурттар.
Бұл деңгейде қазақстандық өндірушілер үшін актуалды болып өндірістік қағидалар және тауар концепциялары саналады, себебі шетел өндірушілерімен бәсекелестікке түсе алады, егер олар өз өндірісіне қазіргі кездегі технико-экономикалық әдістерді қолданса. Алайда, белгілі бір позицияларға байланысты отандық өндірушілер шетелдіктермен бекер салыстырылған жоқ. Олардың ішінде асып түскендері де бар, өйткені отандық тауарларға ассортимент енгізу шетелмен салыстырғанда кең болып отыр. Оған себеп - күнделікті тауарлар қорына қазақтың ұлттық сүт өнімдері енгізілген. Өз өнімдерін сол сияқты басқа компаниялардың өнімдерінен айыру үшін, тұтынушылардың жағымды әсерлерін тарту үшін және оларды тұрақты тұтынушыларға айналдыру үшін белгілі бір өзіндік белгілер енгізу қажет болды. Сондықтан, «Адал», «Қайсар» және тағы басқа кәсіпорындар өз өнімдері үшін тауарлық белгілер қолдана бастады, әдеттегідей, ол сүттен бастап, ақырындап, өз белгісін барлық ассортиментке таратқан («Пеппи» йогурты, «Деревенская» қаймағы және т.б.). Қазіргі күнде сүт нарығында әр тұтынушыға өз қызметін көрсетеді.
Қазіргі кезде әлемде экологиялық таза өнімді шығару үшін көп жұмыстар атқарылып отыр. Біздің республикамызда берілген мақсаттар жүзеге асып жатыр: «Адал» АҚ, «Фудмастер» компаниясы қышқыл сүт өнімдерін және диетикалық құрамы бар жаңа өнім түрлерін шығарды, мысалы, «БФБ» (Биоридум бактериясы), «Био-С», «Источник здоровья» айраны, ақуызға толы йодталған сүт және т.б.
Сүт өнімдері ассортиментінің бәсеке қабілетті мәселесін шешу арқылы, бөлу саясатын белсенді қолдану арқылы кәсіпорын нарықтың көп бөлігін жаулап алған. Көп қолданатын сауда нүктелеріне - орташа және орташадан жоғары табысы бар сатып алушыларға арналған супермаркеттер, гастрономдар, шағын өндірістік дүкендер, киоскілер, дала саудасының элементі ретінде және бөлшек сауда нарығында орналасқан сауда нүктелері жатады.
Тұтынушылардың қалауын анықтау үшін олардың арасында маркетингтік зерттеу жүргізілген. Ол келесі бағыттарды ұстанған: тұтынушылардың қалауы, өніммен қанағаттану деңгейі, реквизитті бөлімі бойынша тұтынушылардың сүт өнімдерін өндірушілерге деген қатынасы. Сонымен қатар, маркетинг кешенінің элементі бойынша сол өнім өндіруші кәсіпорынға бәсекелестік талдау жасалған. Алынған нәтижелер рекрезитке тексерілген болатын, жауаптар коэффициенті 73 % болды, бұл жауаптар коэффициентіне сәйкес келеді (K > 50 %).
Тұтынушы сүт өнімдерін сатып алғанда келесі қағидаларға сүйенеді: сүттің майлылығы, шығарылған мерзімі, қораптың дизайны, мөлшері, табиғилылығы және бағасы. Анкеталардың нәтижесіне сәйкес, тұтынушылардың 30 %-ы өнімнің табиғилылығына, 26 %-ы оның майлылығына, 27 %-ы өнімнің шығарылған мерзіміне, 20 %-ы бағасына, 5 %-ы қораптың дизайнына және 8 %-ы мөлшеріне қарайды. Сүт өнімдерінің қағидасының деңгейі неғұрлым тұтынушының қалауына сәйкес келсе, соғұрлым ол оны қанағаттандыратындығын білдіреді.
Қазіргі кезде «Адал» АҚ мыңдаған сату нүктелерімен сауда жүргізеді, екі делдалмен және бірнеше корпоративті сатып алушылармен жұмыс жасайды, мысалы, «Рахат» кондитерлік фабрикасының асханасы. «Адал» АҚ нарықтағы үлесі 15 % құрайды, негізгі бәсекелесі «ФудМастер» компаниясымен салыстырғандағы нарықтағы үлесі 35 %, екінші жақын бәсекелесі «Винн Биль Дамм» компаниясымен салыстырғанда нарықтағы үлесі 10 % және басқа да «Смак», «Қайсар», «Агропродукт», «Камони» сияқты нарықтағы қатысушылармен салыстырғандағы оның үлесі 8 %.
Берілген жағдайды толығымен ашу үшін Алматы қаласы бойынша маркетингтік зерттеу жұмысы жүргізілді. Маркетингтік қызметтің қорытындысы бойынша «Адал» АҚ айтарлықтай бәсеке қабілетті болып табылады.
Кәсіпорында өнімді өткізуді ынталандыру механизмі жақсы ұйымдастырылған. Өйткені, автокөлік жүргізуші–экспедиторлардікі секілді, өткізу бөлімінің менеджерлерінің жалақысы өткізген өнімдерінің көлеміне байланысты болып келеді. Мысалы, бір айда жалпы соммасы 300 000 теңгелік дайын өнімді өткізді десек, менеджер оның 10 %-ын алады, яғни айына 30 000 теңге.
«Адал» АҚ 2000 жылдың 8 қаңтарында Октябрск совхозы негізінде құрылған. Бұл кәсіпорын Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғам туралы» заңына сәйкес, құқықтық ұйым негізінде Ашық Акцонерлік Қоғам деп құрылды. Кәсіпорынның толық аты «Адал » Ашық Акцонерлік Қоғам, қазіргі қысқартылған атауы «Адал» АҚ. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Космос ауылы, Ленин көшесі, 32.
Кәсіпорынның белгіленген жарғылық капиталы 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге және олар 30 000 жай акцияға бөлінген, оның біреуінің номиналды құны 10 000 теңге.
Қоғамның өз балансы және басқа да банктік есептері бар, өз атауымен қазақ және орыс тілінде берілген мөрі бар. Өзінің тауарлық және символикалық белгілері, олардың үлгілері жарғылық тәртіпте тіркеліп бекітілген. Қоғам Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін әрекеттерді істей алады. Оның негізгі қызметі болып ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіру табылады.
Кәсіпорынның жалпы жер көлемі – 5616 га, оның ішінде шаруашылыққа жарамдысы – 3968 га (егістігі – 3253 га, жайылымы – 715 га).
Техникалық қамсыздануы:
1) Комбайндар:
«Енисей» комбайндары - 7 дана, іске жарамды мерзімдері 9 жыл;
К–700 А - 3 дана, іске жарамды мерзімдері 7-10 жыл;
К–701 - 3 дана, іске жарамды мерзімдері 10 жыл;
Т–150 - 3 дана, іске жарамды мерзімдері 7-10 жыл.
2) Тракторлар:
Дөңгелекті тракторлар (МТЗ, ЮМЗ, Т-16) – 41 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл, соның ішінде:
МТЗ барлық модефикациясында – 36 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл;
ЮМЗ – 4 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл;
Т–16 – 1 дана, іске жарамды мерзімі 2-7 жыл.
КРАЗ негізіндегі дөңгелекті трактор – 1 дана.
Силос, жүгері жинайтыны - 6 дана, соның ішінде:
КСКУ–6 - 3 дана;
Өзі жүретін «Ягуар» - 2 дана;
«Марал» - 1 дана.
Цептегі тракторлар – 7 дана, іске жарамды мерзімдері 7 ж-дан астам, соның ішінде:
ДТ 75 А – 5 дана, іске жарамды мерзімдері 7 ж-дан астам;
Т–170 - 2 дана, іске жарамды мерзімдері 7ж-дан астам.
3) Автокөліктер:
Автокөлік барлығы - 50 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл, соның ішінде:
Арнайылары - 39 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл;
Ауыр жүкке арналғаны - 2 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл;
Жеңіл автокөліктер - 9 дана, іске жарамды мерзімдері 1-8 жыл.
Кәсіпорында өнімді өткізу бөлімі бар, оның ең негізгі қызметі болып дайын өнімді Алматы қаласындағы базарлар мен дүкендерге тиімді өткізу табылады. Сонымен қатар, компанияның өзінің дистрибьютерлік жүйесі бар, ол дайын өнімді тек Алматы қаласында ғана емес, сонымен қатар оның шетіне де өткізеді.
Өнімді өткізу үшін өнімнің бағасы оның өзіндік құнына, биржа нарығында қалыптасқан бағаға және бөлшек саудаға байланысты қойылады. Баға орнатудың ең негізгі қағидасы – бұл беріктілік, өнім сапасының деңгейі, оның бәсеке қабілеттілігі.
Кәсіпорын өнімдері әр түрлі жағдайларда өткізіледі, олар:
Кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшылардың саны соңғы жылдағы мәліметтерге сүйенсек, 552 адам, оның ішінде: әкімшілік қызметкерлер – 58 адам, мал шаруашылығындағылар – 145 адам, суғарушылар – 5 адам, механизаторлар – 72 адам, автокөлік жүргізушілер – 50 адам, мамандар - 59 адам, қайта өңдеу кешенінің жұмысшылары – 73 адам, күзетшілер – 42 адам, электриктер – 14 адам, жөндеу жұмысшылары – 17 адам, тағы басқалары – 17 адам.
2005 жылы жалақының жалпы соммасы 90 756 мың теңгені құрады, ал 2004 жылы 60 586 мың теңге болды. Осыдан шығарған қорытындыға сүйенсек, жалақының жалпы өсімі 30 170 мың теңге болды, яғни «Адал» АҚ-да орташа жалақы көбейіп, жұмысшылардың өмір сүру сапасы жақсарған, ол бізге жағымды тенденцияның болуын көрсетеді.
Ақша-қаражаттарын өндірістің тиімділігіне және дайын өнімді дұрыс өткізуге рационалды бөлу – кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінің негізі болып табылады. Ақша-қаражаттары ішкі және сыртқы көздерден алынады. Инвестиция тартымдылығының ең басты қайнар көздері болып мыналар табылады:
№ |
17 12 2014
6 стр.
Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу тақырыбындағы дипломдық жұмыс шығармашылық жұмыс болып табылады
17 12 2014
3 стр.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға,өндіріс қалдықтарын азайтуға,ысытапты жоюға,бәсекеге жарамды өні
17 12 2014
4 стр.
Күндізгі оқу бөлімі 4 курс студенті Мамандығы 070842 «Экономика және кәсіпорындағы басқару»
25 12 2014
5 стр.
Дипломдық жобаның концепциясын жасаудағы жұмыстың өзіндік ерекшеліктері, шығармашылық бастауы бет
17 12 2014
6 стр.
Бітіруші өз алдына жұмыс істеуге дағдыланған әр дипломдық жұмыста шешуде зерттеу әдістемесін игерген. Кітапханатану саласындағы көкейкесті мәселелерді шешу үшін арнайы және анықтам
25 12 2014
4 стр.
Дипломдық жұмыстың сипаттамасы
25 12 2014
4 стр.
Дипломдық жоба тақырыбы: “Шымкент қаласының Түркістан көшесіндегі жол-көлік оқиғаларын төмендету бойынша іс-шараларды жасау.”
15 10 2014
8 стр.