Перейти на главную страницу
-Қаратау АГТИ 2005 140 бет.
АННОТАЦИЯ
Сапаркулов Адил Бахадурович
Дипломный проект на тему:”Разработка мероприятий по снижению ДТП на улице Туркистан города Шымкент”.
Пояснительная записка
-Каратау АГТИ 2005 140 стр.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3.1.2 Реттеу циклын және оның элементтерінің есептеу.
3.1.3 «Жол - уақыт» графигінің көлбеу бұрышын анықтау.
3.1.4 Бағдаршамдар сигналдарын координацялау графигін реттеу және тұрғызу.
3.2. Түркістан- Титов қиылысында қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралын орнықтыру іс- шарасын құрастыру
4.1. Көлiк құралдарының қоршаған ортаға қолайсыз єсер етулерiн кемiту єсерлерi
4.2. Көлiк – ластанудың көзi
5.1 Жалпы қағидалар
5.2 Қозғалыс қауіпсіздігін жоғарлату бойынша іс- шаралардың тиімділігін анықтау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде дамыған автомобиль өнеркәсібі бар мемлекеттер жасап шығаратын автомобильдердің түрлерін одан сайын кеңійтуде, оларды өндіруді ұлғайтуда. Автомодильдендірудің ары қарай өсуі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын қатаң қолға алуда талап етеді. Автомобиль көлігі жылдан жылға халық шаруашылық барлық салаларына тереңдей енген сайын апаттылықпен байланысты адамдардың зардап шегуі және материалдық шығындардың көбейіп кетуі ұлғайды, ол көлік ағындарының қозғалыс қауіпсіздігінің денгеін жоғарлату барған сайын қиындап барады.
Соңғы кездерде жол-көлік апаттарының салдарынан зардап шеккен адамдардың салдарынан және материалдық шығындардың ұлғаюына байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары аса маңызға ие болып отыр.
Қозғалыс қауіпсіздігін жоғарлату үшін бірнеше іс-шаралар кешенін жасау керек.Бұл іс-шараның негізгісі автомабильдің қауіпсіздігін жетілдіру мақсатында оның құрылымында әр түрлі өзгерістер енгізу болып табылады. Жол қозғалысының тәртібін де жоғарылату үшін үлкен роль атқарады. Қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатудың іс-шараларының бірі болып жүргізушілер, жаяу жүрушілер арасында жол қозғалысының ережелерін сақтау бойынша үгіттеу жүргізу табылады.
Жол-құрылыс жұмыстарын орындаудың технологиясын жетілдіру, көше-жол тараптарын және жолдарды жобалау әдістерінің жаңа жетілген түрлері қолдану қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі септігін тигізеді.
Көлік және жүргіншілер ағындарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі талаптарды орындау қажет:
1. ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТЫҢ ЖАҒДАЙЫНА ШОЛУ.
Шымкент қаласы облыстық оңтүстік-шығыс жағында орналасқан. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік- шаруашылық, индустрия және мәдениет орталығы болып есептеледі.
Қаланың климаты төмендегідей:
қыс мезгілі біршама суық деп айтуға болады, бірақ жалпы алғанда қоңыржайға жатады, жазы ыстық болып келеді. Қыста ауаның температурасы -210С –қа дейін, ол жазда +430С-қа дейін болады. Ауаның орташа жылдық температурасы 12,10С –қа тең. Ең суық айы қаңтар, оның орташа температурасы -2,40С, ал ең ыстық айы шілде, оның орташа температурасы -26,20С. Бір жылдың ішінде дымқылдықтың түсетін мөлшері 155 мм, ал жауатын қардың мөлшері 97 мм.
Шымкент қаласында 2004 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 493,7 мың адам тұрады. Дәл осы жылда жүк айналымының көлемі 1763,1 мың. ТКМ-ді құнды, ал жолаушы тасымалдаудың көлемі 10,9 мың. жолаушы құнды. Қалада жолаушы көлігінің негізгі үш түрі автобус, траллейбус және микро автобустар қолданады. Қала ішімен Алматы-Ташкент автомобиль магистралі өтеді, сонымен қатар Шымкент қаласынан барлық бағыттар бойынша (аудан орталықтары және т.б.) автомобиль жолдары салынған. Қала ішінде 40 автобустар 6 траллейбустар және 18 микроавтобустар маршрутты ұйымдастырылған. Көше-жол торабының ұзындығы 1480 км, оның ішінде 1250км жол асфальтты бетон төсемімен қапталған. Негізгі магистральды көшелердің аттары дипломдық жобаның 1-ші сызба бетін көрсетілген.
Осы дипломдық жобада қарастырылып отырған Түркістан көшесі қаланың магистральды және маңызды көшелерінің бірі болып есептеледі. Оның ұзындығы 2,4 км, ал ені 14 м. Көшенің бойында қиылыс орын алады. 5 қиылыста қозғалысты бағдаршаммен реттеу жүйесі қалыптастырылған, 27 жол белгілері пайдалануда.Түркістан көшесі қаланың мөлтек аудандарын бір-бірімен жалғастырады. Сондықтан көшеде көлік және жүргінші ағындарының қозғалыс қарқындылығы өте жоғары, көше бойындағы орналасқан негізгі қиылыстар мыналар:
Түркістан-Байтұрсынов, Түркістан-Қонаев.
Түркістан-Чернышевский, Түркістан-Түркістан, Түркістан-Титов.
Осы аталған қиылыстардың ішіндегі ең күрделісі Түркістан-Титов қиылысы.
Жол –көлік оқиғасы деп көлік құралдарының жол бойында қозғалысы барысында және оның қатысуымен адамдардың қаза болуын немесе жарақат алуына, көлік құралына , ғимараттарға, жүктерге зақым келуіне және басқа да материалдардың шығандануға әкеліп соққан оқиғаны атайды. Жолдың белгілі бір бөлігінде автомобильдердің қозғалыс қауыпсіздігін жоғарлату мақсатында кез- келген іс- шараны енгізудің негізі болып, сол жерде болған жол- көлік оқиғаларын талдау табылады. Талдаудың мақсаты- жолдың зерттелген орындарындағы жол- көлік оқиғаларының белгілі бір түрлерін алдын- алу жолдарын іздестіру.
Жол көлік оқиғаларын талдау және есепке алу жұмыстарын жол полиция басқармасының жолды қадағалау қызметі іске асырады. Есепке алуға бапталатын аумақшалар мен көшелерде әрі көлік құралдарының , жүктердің , жолдары мен жол құрылыстарының қирауына , зақымдануына әкеліп соққан және адам өліміне немесе дене жарақаттарына септігін тигізген барлық жол көлік оқиғалары жатқызылады.
Жол- көлік оқиғаларының шоғырлану орындар мен аумақшаларын анықтау үшін апараттардың түрлерін, тәулік мезгілі және жыл кезендері бойынша талдаулар жүргізіледі. Осы талдаулар нәтижесінде жол- көлік оқиғаларының себептері анықталып, жол- көлік оқиғаларының төмендету (ЖКО) және қозғалыс қауіпсіздігін арттырудың іс- шаралары өңдеп шығарылады .
Шымкент қаласының Түркістан көшесіндегі 2003-2005 ж.ж. орын алған жол көлік оқиғаларының талдамасы 1.1- кестесінде келтірілген .
КЕСТЕ 1.1
2003-2005 ж.ж. жол – көлік оқиғаларының талдамасы.
Көрсеткіштер |
2003 |
2004 |
Өсуі % |
Төмендеуі %
|
2004 |
2005 |
Өсуі % |
Төмендеуі %
|
ЖКО саны |
24 |
27 |
15 |
- |
27 |
33 |
22 |
- |
Қаза болғандар саны |
2 |
1 |
- |
50 |
1 |
2 |
100 |
|
Жарақат алғандар саны |
24 |
26 |
8 |
- |
26 |
34 |
31 |
- |
Жол-көлік оқиғаларының қарастырылып отырған жылдар бойынша жасалған талдамасынан Түркістан көшесіндегі ЖКО жыл сайын өседі. Мысалы: ал 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 22 пайызға өсіп отыр.
Түркістан көшесіндегі жол – көлік оқиғаларын жылдар бойынша үлестірудің истограммасы 11-ші суретте келтірілген.
Түркістан көшесі бойынша 2003-2005 жылдарда болған жол-көлік оқиғаларының айлар бойынша талдамасы ерекше қызығушылық тудырады және ЖКО-ны толығырақ сипаттама береді, бұл талдама 12-ші кестеде көрсетілген.
Сурет 1.1. 2003-2005 жылдары болған Түркістан көшесіндегі ЖКО-лар мен олардың ауыртпалығының гистограммасы.
2-ші кестеде келтірілген талдаманы қарасақ жол-көлік оқиғаларының ең көп саны күзгі кезеңге 30 ЖКО, яғни 35,7 пайыз, одан соң мезгіліне -22 ЖКО (26,2 пайыз), қыс мезгіліне -18 ЖКО (21,4 пайыз) көктемгі мезгілге -14 ЖКО (16,7 пайыз) тиеді.
Жол-көлік оқиғаларының күзгі кезеңде ең үлкен мәнге ие болуы жылдың бұл мезгілінде жаңбырлы ауа-райының болуымен, күннің қысқаруымен, жол төсемінің лайлануымен немесе ылғалдануымен түсіндіріледі. Жол төсемінің ішкі сапаларының (қасиеттерінің) төмендеуі автомобильдің тежеу жолын бірнеше есе арттырады, қиралаңдау қаупі пайда болуына әкеліп соғады.
Мұның барлығы жүргізушілермен дұрыс ескерілмейді және де жол-көлік оқиғаларының саны жылдың жазғы кезеңімен салыстырғанда өсіп отырады.
Кесте 1.2
Айлар |
2003 |
2004 |
2005 |
2003-2005 | ||||||||
ЖКО |
Қаза болғандар |
Жарақат алғандар |
ЖКО |
Қаза болғандар |
Жарақат алғандар |
ЖКО |
Қаза болғандар |
Жарақат алғандар |
ЖКО |
Қаза болғандар |
Жарақат алғандар | |
Қаңтар |
4 |
1 |
3 |
4 |
- |
3 |
1 |
- |
1 |
9 |
1 |
7 |
Ақпан |
2 |
- |
3 |
1 |
- |
1 |
2 |
- |
1 |
5 |
- |
5 |
Наурыз |
- |
- |
- |
2 |
- |
3 |
3 |
- |
2 |
5 |
- |
5 |
Сәуір |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
3 |
- |
5 |
3 |
- |
5 |
Мамыр |
5 |
- |
5 |
- |
- |
- |
1 |
- |
2 |
6 |
- |
7 |
Маусым |
- |
- |
- |
3 |
- |
4 |
3 |
- |
6 |
6 |
- |
10 |
Шілде |
3 |
- |
2 |
3 |
- |
2 |
1 |
1 |
2 |
7 |
1 |
6 |
Тамыз |
2 |
- |
1 |
3 |
- |
2 |
4 |
- |
2 |
9 |
- |
5 |
Қыркүйек |
2 |
- |
3 |
3 |
- |
2 |
5 |
1 |
2 |
10 |
1 |
7 |
Қазан |
3 |
1 |
3 |
2 |
- |
3 |
3 |
- |
7 |
8 |
1 |
13 |
Қараша |
1 |
- |
3 |
5 |
1 |
5 |
6 |
- |
4 |
12 |
1 |
12 |
Желтоқсан |
2 |
- |
1 |
1 |
- |
1 |
1 |
- |
- |
4 |
- |
2 |
Барлығы: |
24 |
2 |
24 |
27 |
1 |
26 |
33 |
2 |
34 |
84 |
5 |
84 |
Қыстағы қозғалыс негізінен жасанды жарықтандыру күн ерте бататындықтан кезінде өтеді. Жүргізушілер қозғалуға кедергі жасайтын қалың киім киеді. Жол тасаиіндегі қарқозғалысты, қиралаудың үлкен қаупін тудырады. Осының қозғалыс жылдамдығын төмендетуді және автомобильді басқару кезіндегі шапшаңдылықты (тез,күрт қимылдарды ) аластауды талап етеді. Қысқы жағдайлар автомобильді жүргізуге жоғарытылған талаптар қояды.Жылдың бұл мезгілі күзгі кезеңнен кейін болатындықтан жүргізушілер сақтануға көңіл бөледі, сондықтан жол-көлік оқиғалар саны айтарлықтай төменірек.
Сондай-ақ жазда орын алған 22 жол-көлік оқиғаларының алтысы жүргізушілердің мол күйде рульге отыруларынан болып отырғандығын атап өту қажет.
Төмендегі 1.2-ші суретте Түркістан көшесіндегі соңғы үш жылда болған жол көлікоқиғаларының айлар бойынша үлестіру интограмасы келтірілген. Жол-көлік оқиғаларын есепке алу және талдау үшін сипатынан тәуелді келесі түрлерге бөледі.
Бұл мәліметтер ең алдымен жол көлік оқиғаларының кең тараған түрлері жүргіешілерді қағу (48 пайыз) және қақтығусулар немесе соқтығусылар (28 пайыз) болып тасылатындығын көрсетіп отыр жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақталмайтұғын және олардың тәртібінің төменгі деңгейінде іс-жүзінде жүргізушілермен жүргіншілерді өткізіп жіберу қажеттілігімен байланысты болатын жол қозғалысы ережесін сақтамайтығын,ал жол полициясы оргагдарының мұндай ереже бұзуларға аса көңіл аудара қоймайтындығы белгілі.
1,3суретте Түркістан көшесінде соңғы 3 жылдарда болған (2003-2005жж) жол-көлік оқиғаларын түрлері бойынша үлестірудің интограммасы көрсетілген.
Кесте 1.3
2003-2005 жылдардағы жол-көлік оқиғаларын түрлері бойынша талдау
ЖКО түрлері
|
2003 |
2004 |
2005 |
2003-2005 | ||||
саны |
% |
саны |
% |
саны |
% |
саны |
% | |
1Көлік кұралдарының соқтығысуы |
6 |
25 |
5 |
18 |
8 |
24 |
19 |
23 |
2Көлік кұралдарының аударылуы |
2 |
8 |
1 |
4 |
0 |
0 |
3 |
4 |
3Тұрған көлік құралын қағ |
2 |
8 |
1 |
4 |
1 |
3 |
4 |
5 |
4 Кедергіні қағу |
1 |
4 |
2 |
8 |
4 |
12 |
7 |
8 |
5 Жүргіншіні қағу |
10 |
42 |
13 |
48 |
18 |
55 |
41 |
48 |
6 Велисопедті қағу |
3 |
13 |
5 |
18 |
2 |
8 |
10 |
12 |
Барлығы |
24 |
100 |
27 |
100 |
33 |
100 |
84 |
100 |
Жол-көлік оқиғаларын түрлері бойынша талдай отырып, жол-көлік оқиғаларының негізгі бөлігі жүргізушілер мен жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан көлік құралдарының техникалық бұзылу себептерімен және жол себепкерлерінен болып отырғандығын атап өтуге болады.
Жол-көлік оқиғаларын тәулік мезгілдері бойынша талдау жол полициясының инспекторлық құрамын тәулік-уақыты бойынша тиімді орналастыру үшін қажет. Түркістан көшесінде болған соңғы үш жылдағы (2003-2005ж.ж.) жол-көлік оқиғаларының тәулік мезгілдері бойынша талдамасы 14-ші кестеде келтірілген.
Сурет 1.3 Жол-көлік оқиғаларын түрлері бойынша үлестірудің гистограммасы
1 Көлік кұралдарының соқтығысуы |
2 Көлік кұралдарының аударылуы |
3 Тұрған көлік құралын қағ |
4 Кедергіні қағу |
5 Жүргіншіні қағу |
6 Велисопедті қағу |
Кесте 1.4
2003-2005 жылдардағы тәулік мезгілдері бойынша ЖКО-ның талдамасы.
Сағаттар
|
2003 |
2004 |
2005 |
2003-2005 | ||||
саны |
% |
саны |
% |
саны |
% |
саны |
% | |
0000-0300 |
1 |
4 |
2 |
7 |
1 |
3 |
4 |
5 |
0300-0600 |
1 |
4 |
2 |
7 |
- |
- |
3 |
4 |
0600-0900 |
2 |
8 |
3 |
3 |
11 |
4 |
12 |
9 |
0900-1200 |
5 |
21 |
4 |
15 |
5 |
15 |
14 |
17 |
1200-1500 |
2 |
8 |
4 |
15 |
6 |
18 |
12 |
14 |
1500-1800 |
4 |
17 |
3 |
11 |
4 |
12 |
11 |
13 |
1800-2100 |
6 |
25 |
7 |
26 |
7 |
21 |
20 |
24 |
2100-2400 |
3 |
13 |
2 |
7 |
6 |
18 |
11 |
13 |
Барлығы |
24 |
100 |
27 |
100 |
33 |
100 |
84 |
100 |
14-ші суретте Түркістан көшесінде 2003-2005 жылдарда орын алған жол-көлік оқиғаларын тәулік уақыттары бойынша талдамасы көрсетілген.
Сурет 1.4 Жол-көлік оқиғаларын тәулік мезгілдері бойынша үлестірудің гистограммасы
Жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін талдау кезінде, балалармен жасөспірімдердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларын тереңдей талдауға аса назар аудару қажет. Соңғы жылдарда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша балалардың жол көліктік зардап шегуінің төмендеуі байқалады. 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы апаттардан қайтыс болған балалардың саны 4 пайызға төмендеді.
Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2005 жылы 301 жол-көлік оқиғасы орын алады, осы кезде 42 бала қаза болды, және 288 бала әртүрлі жарақат алды. Оның ішінде Түркістан көшесінде болған жол-көлік оқиғаларында 1 бала қаза болды және 6 бала жарақат алды. Талдама барысында жүргізушілердің кінәсінан балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары 33,3 пайыз құрады.
Бұл жүргізушілердің тәртібінің және жол қозғалысы ережесін сақтамауы мен нашарлауына байланысты болады. Жас балалар қатысуымен және олардың кінәлары бойынша болған жол көлік оқиғаларының саны жалпы жол-көлік оқиғаларының санынан 38 пайызға құрады. Балалар жол қозғалысында жаяу жүрушілер ретінде жол-көлік оқиғаларынан зардап шегуі негізінен жолды өтуге болмайтын жерлерден кесіп өтуге болады, сонымен қатар жолда тұрған автомобильдердің артынан жүгіріп шығуына да байланысты болады.
Егер ересек адамды алғанда, бірқатар жағдайларда оның жарақат алуы мен қаза табуы мен өз кінәсінан болды деп айта алсақ, балаларға келгенде, тіпті олардың өздері жол қозғалысы ережесін бұзды десекте оларды кінәлауға болмайды. Ересектер балаларды жастайынан жол қозғалысының күрделі жағдайларында саспай бағдарлана, алатындай етіп үйретуі, оқытуы қажет.
Соңғы үш жылда балалардың жол-көліктік зардап шегуінің талдамасы 1-5-ші кестеде келтірілген.
Кесте 1.5
Балалардың жол-көлік оқиғаларынан зардап шегудің талдамасы.
Жәбірленуші балалар катигориясы |
3 жылда жәбір шеккендер |
Соның ішінде өз кінәлары бойынша | ||
жүргіншілер |
3 |
16 |
1 |
7 |
Жолаушылар |
- |
3 |
- |
1 |
Велосипед айдаушылар |
- |
5 |
- |
2 |
Барлығы |
3 |
24 |
1 |
10 |
Жоғарыдағы кестедегі мәліметтерге назар аударсақ соңғы үш жылда 3 бала қаза болған және 24 бала әртүрлі деңгейде жарақат алған.
Бұл балалардың жол қозғалысы ережелерін білмеуімен түсіндіріледі. Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын кеміту үшін мектептерде жол қозғалысы ережелері бойынша сыныптар ұйымдастырылғаны жөн.
Балаларды оқытудың мәнін бағалай отырып, жол қозғалысы ережелерін жастайынан білу және сақтау әдеті бүкіл өмір бойы сақталып қалатындығын ескеру қажет.
Дипломдық жобаның мақсаты Шымкент қаласындағы Түркістан көшесіндегі жол-көлік оқиғаларының себептерін талдау және оларды азайту іс-шараларын өңдеу болып табылады. Осы аталған мақсатты орындау үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
2. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
Жол көлік торабындағы, көшелерді, қалаларды, тар орындарды анықтаудың негізгі кемшілігін тек болып жол көлік оқиғалары туралы ғана қорытынды жасау мүмкінділігі болып табылады. Ал жол қозғалысын ұйымдастырудың басты міндеті олардың алдын – алуға негізделген. Көптеген зерттеулер жол көлік оқиғаларының әсіресе «шиеленісу нүктелері» деп аталатын орындарда, яғни жол қозғалысына қатысушылардың өзара спецификалық әсерлесуі орын алатын жерлерде жиі болатындығын көрсетіп отыр. Осылайша мүмкін болатын шиеленісу нүктелерін анықтау және оларды аластату жол көлік оқиғаларының пайда болуын күтпей ақ, қозғалыс жағдайларының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әсіресе жолдың қиылысуы ерекше мәнге ие болады.көше жол торабындағы қиылыс дегеніміз жолдардың қиылысуынан туындайтын аймақ. Қиылыс тротуарларының немесе жол шеттерінің сыртқы шекараларының байланысуы ойдан құрастырылған сызықтар мен шектеледі. Қиылыстар үшін ағындарды әртүрлі бағыттар бойынша бөлу. Сондай-ақ қозғалыс троекторияларының тоғысуы мен қиылысуы тән..
Сурет 2.1. Барлық бағыттардағы қозғалысы рұқсат етілген жағдайдағы төрт бағытты шиеленісу нүктесі.
Қозғалыс бағыттары бойынша бір-бір жасағы бар қарапайым реттелмейтін төрт бағытты қиылыстың әрбір бағытында ауытқуы мен тоғысудың 8 нүктелері, қиылысудың 16 нүктесі, яғни барлығы 32 шиеленісу нүктелері болады. Бұдан бөлек, 8 нүктеде көлік және жүргіншілер ағындары өзара қиыласады. Бұл 21-ші суретте келтірілген.
2.2-ші суретте Түркістан- Байтұрсынов көшелерінің қиылыстардағы шиеленісу нүктелерінің талдамасы жасалған.
Түркістан-Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы шиеленісу нүктелерінің талдамасы, мұнда 2 ауытқу, 2 тоғысу және 5 қиылысу нүктелерінің барын көрсетіп отыр. Сонымен қатар 8 нүктеде көлік және жүргінші ағындары қиылысады.
Қиылыстың күрдлілік дәрежесін келесі формула бойынша анықтаймыз:
m=5*nқ+13* nт+ nа (2.1)
мұндағы nқ, nт, nа- сәйкесінше қиылысу, тоғысу және ауытқу нүктелерінің саны:
m=5*5+3*2+2=33
яғни көлік торабы қарапайым болып есептеледі, себебі m< 40
сурет 2.2 Түркістан – Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы шиеленісу нүктелері
m=5*2+3*2+0=16
Көлік торабы қарапайым болып табылады.
Келесі 2.4-ші суретте Түркістан-Қонаев (оң жақ тарамы) көшелерінің қиылысындағы шиеленісу нүктелерінің талдамасы орындалған.
m=5*13+3*2*15=76
Бұл көлік торабы орташа күндегі қиылыс болып есептеледі, себебі 40< m<80
Келесі 2.5-ші суретте Түркістан-Түркістан көшелерінің қиылысындағы шиыленісу нүктелерін анықтау талдамасы келтірілген.
Түркістан-Түркістан көшелерініңқиылысындағы шиеленісу нүктелерін талдаудың нәтижесі: қиылыста 5 қиылысу нүктесі, 2 ауытқу және 2 тоғысу нүктелерін орын алады. Көлік және жүргінші ағындары 12 нүктеде қиылысады.
Қиылыстың күрделілік дәрежесі мынаған тең:
m=5*5+3*2+2=33
Бұл көлік торабы қарапайым болып саналады.
Сурет 2.6. Түркістан-Чернышевский көшелерінің қиылысындағы шиеленісу нүктесі
m=5*5+3*2+2=33
Бұл көлік торабы болып саналады. Бұл қиылысу нүктелері, 8 тоғысу және 8 ауытқу нүктелері орын алады. Сонымен қатар 16 нүкте көлік және жүргінші ағындары қиылысында қиылысады.
m=5*36+3*8+8=212
Түркістан-Чернышевский қиылысы өте күрделі болып саналады, өйткені m>150
Түркістан-Колохова қиылысында 30 қиылысу, 8 тоғысу және 8 ауытқу нүктелері орын алады. Көлік және жүргінші ағындары 14 нүктеде қиылысады. Сандық мәндерін орнына қойып, қиылыстың күрделілік дәрежесін анықтаймыз:
m=5*30+3*8+8=182
Қарастырылған қиылыс өте күрделі болып есептеледі, өйткені m>150
Қарастырылып отырған қиылыста 36 қиылысу нүктелері, 8 тоғысу және 8 ауытқу нүктелері орын алады және де 16 нүктеде көлік пен жүргінші ағындары қиылысады.
Қиылыстың күрделілік дәрежесі төмендегіге тең:
m=5*36+3*3+8=212
Қарастырылған қиылыс өте күрделі болып есептеледі. Шиеленісу нүктелері мен қиылыстардың күрделілік мәндерін 2.1-ші кестеге енгіземіз. Барлығы Түркістан көшесі бойынша 7 қиылысты қарастырдық. Талдау барысында үш қиылыста (Түркістан-Чернышевский, Түркістан-Колохова, Түркістан-Титов)шиеленісу нүктелерінің саны 150-ден аса болғаны анықталады. Бұл үш қиылыста негізгі жол-көлік оқиғалары орын алады. Көше – жол торабындағы «тар орындар» дегеніміз жол көлік оқиғаларының пайда болуының немесе көлік құралдарының кідірулерінің ең ықтимал орны, оны келесі сипаттамалар арқылы анықтайды.
Сурет 2.8. Түркістан-Титов көшелерінің қиылысындағы шиеленісу нүктесі
Кесте2.1.
Шиеленісу нүктелерінің талдамасы.
Көлік торабының атаулары |
Шиеленісу нүктелерінің саны |
Күрделілік дәрежесінің мәні |
Көлік және жүргіншілер ағындарының қиылысуының шиеленісу нүктелерінің саны |
Күрделілік дәрежесі | ||
ауытқу |
тоғысу |
қиылысу | ||||
1. Түркістан Байтұрсынов |
2 |
2 |
5 |
33 |
8 |
қарапайым |
2. Түркістан Қонаев (оң жақ тарамы) |
5 |
2 |
13 |
76 |
15 |
орташа |
3. Түркістан Түркістан |
2 |
2 |
5 |
33 |
12 |
қарапайым |
4. Түркістан Чернышевский |
8 |
8 |
36 |
212 |
16 |
өте күрделі |
5. Түркістан Колохова |
8 |
8 |
30 |
182 |
14 |
өте күрделі |
6. Түркістан Титов |
8 |
8 |
36 |
212 |
16 |
өте күрделі |
Түркістан көшесіндегі жол-көлік оқиғаларының шоғырлануы бойынша тар орындар ретінде барлық негізгі қиылыстар, автобус аялдамаларының маңайлары, сауда орындары мен дүкендердің бойындағы жолды айтуға болады.
Түркістан көшесіндегі техникалық күйі бойынша тар орындарға жол төсемі уақытылы жөнделмеген орындарды жатқызуға болады және де канализация қақпақтарының айналасы да тар орындарға жатады.
Ұзақ мерзімді бақылау бойынша Түркістан-Чернышевский, Түркістан-Қонаев, Түркістан-Түркістан қиылыстардағы бүйірлік көрінісі жеткіліксіз жерлерді жатқызуға болады. Оған себепкер болатындар жол бойындағы өсіп тұрған ағаштар, сауда дүңгіршіктер.
Әрбір жол-көлік оқиғасы бір немесе бірнеше себептердің салдары болып табылады, олардың ішінде меншікті үлесі жүргізулердің қателігіне тиеді. Қозғалыс қарқындылығы кезінде жүргізуші өзге автомобильдер мен олардың жүргізулерін қадағалауға аса назар аударуы қажет. Осыған байланысты жүргізуші өзінің сана-сезімінде қозғалыс қауіпсіздігі үшін маңызды жол жағдайының элементтерін тіркеуге және бағалауға үлгермейді. Мысалы: жүргізуші жол ьелгісін өткізіп алуы. Жүргіншіні уақытылы байқап қалуға және т.с.с. үлгермеуі мүмкін. Мұнан басқа, қозғалыстың жоғарғы қарқындылығы кезінде басып озу жағдайлары күрт шиеленісіп кетеді 500-600 авт/сағ. қарқындылығы кезінде жол-көлік оқиғаларының потенуалдық қауіпі 100-200 авт/сағ.қарқындылықпен салыстырғанда 2 есе жоғары болады. Қозғалыс тәртібінің өсуі тек қарқындылықтың белгілі-бір мөлшеріне дейін ғана жалғасады, мұнан кейін апаттық төмендейді. Бұл құбылысты тығыз көлік ағыны жағдайларында қозғалыс жылдамдығының күрт төмендеуімен, ал мұның өз кезегінде жол-көлік оқиғаларының пайда болу ықтималдығын кемітумен түсіндіруге болады.
Қозғалыс қарқындылығы жол-көлік оқиғаларының түрімен және сипатынан тәуелді болады. Төменгі қозғалыс қарқындылығы кезіндегі апаттың ең көп тараған түрі көлік құралдарының аударылулары мен өзара соқтығысулары болып табылады. Ағынның орташа қарқындылық аралығында апаттардың 50%-ын қақтығыстар мен жүргіншілерді қағулар құрайды. Өте қатты жүктелген жолдарда апаттардың үлкен пайызын жол жөнекей қақтығысулар құрайды. Осыдан жүргізушілер өздеріне қорытынды жасауларына болады. Ең біріншіден қозғалыспен қатты жүктелген жолдардың бөлімдерінде арттан соғудан сақтану керек, бірден тежелу керек және алда қозғалып келе жатқан автомобильге дейінгі ара қашықтықты сақтап отыруға аса көп көңіл бөлу керек.
2.1-ші кестеде көрініп тұрғандай, күрделі дәрежелі қиылыстар саны-4, ал қарапайым қиылыстардың саны-3. Барлық қиылыстарды қарастырамыз, өйткені Түркістан көшесіндегі болған соңғы үш жылдағы жол-көлік оқиғаларының негізгі сандарының бірі болып, соқтығысулармен жол жөнекей қақтығысулар табылады. Енді көлік құралдарының қауіпті аумақ шараларындағы (қиылыстардағы) қозғалу қарқындылығының талдамасын жүргіземіз.
Төмендегі 2.9-шы суретте Түркістан-Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы бағыттар бойынша көлік апаттарының қозғалыс қарқындылығының шартты картограммасы келтірілген.
Сурет 2.9. Түркістан-Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы бағыттар бойынша көлік ағындарының қозғалыс қарқындылығының картограммасы
Жоғарыда көрсетілген 2.9-шы суретте Түркістан көшесіндегі көлік құралдарының қарқындылығы Байтұрсынов көшесіндегі қозғалыс қарқындылығымен салыстырғанда жоғары екендігін көрсетеді. Қиылыстағы көлік ағынының ең жоғарғы пайызын жеңіл автомобильдер 65 пайызын құрайды жалпы пайдаланудағы көлік 25 пайызын жүк автомобильдері 5 пайызы және өзге көлік құралдары 5 пайызын құрайды. Көлік құралдарының осы сияқты қиылыстағы сағаттық қозғалыс қарқындылығы 1275 авт/сағ құрайды. Сонымен қатар қиылыстың екі жерінен жүргіншілер ағыны өтеді.
2.10-шы суретте Түркістан-Қонаев (сол жақ тарамы) көшелерінің қиылысындағы көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы келтірілген.
Талдау кезінде Түркістан көшесіндегі көлік қарқындылығы Қонаев көшесіндегі қарқындылығынан 5 есе көп екені анықталды, көлік ағынының құрамы мынандай: Жеңіл автомобилдер 60 пайыз, жалпы пайдаланудағы көлік 25 пайыз, жүк автомобилдері 10 пайыз және басқа көліктер 5 пайыз. осы қиылыста жүргінші ағындары үш жерден жолды қиып өтеді. Көлік құралдарының қиылыстағы сағаттық қозғалыс қарқындылығы 1190 авт/сағ.
Бұл қиылыста да басты жол бағыты болып, қозғалыс қарқындылығы басым Түркістан көшесі саналады қиылыстағы өтетін көлік құралдарының құрамы келесідей: жеңіл автомобилдер 65 пайыз, автобустар 20 пайыз, жүк автомобильдері 8 пайыз, мотоциклдер мен басқалар 7 пайыз, көлік құралдарының сағаттық қозғалыс қарқындылығының өлшемі 1620 авт/сағат құрайды.
Түркістан- Түркістан қиылысындағы көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы 2.12-ші суретте келтірілген.
Сурет 2.11 Түркістан-Қонаев (сол жақ тарамы) қиылысындағы көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы
Қозғалыс қарқындылығы Түркістан көшесіндегі басым екені айқын көрініп тұр. Қиылыстағы көлік ағынын ең жоғары пайызын жеңіл автомобильдер 65 пайызын құрайды, одан кейін жалпы пайдаланудағы көліктер 25 пайыз, жүк автомобильдері 6 пайыз және де мотоциклдер 4 пайыз құрайды.
Сурет 2.12 Түркістан-Түркістан көшелерінің қиылысындағы көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы
2.13-ші суретте Түркістан-Чернышевский көшелерінің қиылысындағы көлік және жүргінші ағындарының шартты картограммасы келтірілген. Бұл қиылыс өте күрделі болып есептеледі. Жүргіншілер ағыны қиылыстың төрт жағынан да кесіп өтеді және де қиылыстың күрделілік дәрежесі (m=2.12) Түркістан көшесіндегі ең үлкені.
Түркістан-Чернышевский көшелерінің қиылысында қозғалыс қарқындылығы өте жоғары.
Қиылыстағы көлік ағындарының сағаттық қарқындылығы 1900 авт/сағ. тең. Бұл жерде көлік ағындарының құрамы келесідей: 60 пайызын жеңіл автомобильдері, 25 пайызын автобустар, 10 пайызын жүк автомобильдері және 5 пайызын басқа да көліктер құрайды. Сонымен қатар қиылыстың төрт жағынан да жүргіншілер ағыны өтеді.
Келесі 2.14-ші суретте Түркістан-Колохова көшелерінің қиылысындағы бағыттар бойынша көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы келтірілген. Колохова көшесінде көлік ағындары бір бағытта екі жолақпен, ал кері бағытта бір жолақпен жүреді. Бұл қиылыста да көлік ағындары Түркістан көшесінде басым екні анық көрінеді. Қиылыстағы көлік ағындарының сағаттық қарқындылығы авт/сағ. тең. Көлік ағынының ең жоғарғы пайызын жеңіл автомобильдер 67 пайызын құрайды, одан кейін жалпы пайдаланудағы көліктер 18 пайыз, жүк автомобильдері 12 пайыз, және мотоциклдер 3 пайыз құрайды. Қиылыстың төрт жағынан да жүргінші ағындары өтеді. Бұл қиылыста да көлік ағындарының басымы Түркістан көшесімен өтеді. Қиылыстың сағаттық қарқындылығы 1970 авт/сағ. құрайды. Көлік құралдарының пайыздық құрамы төмендегідей: жеңіл автомобилдер 70 пайыз, автобустар 20 пайыз, жүк автомобильдері 6 пайыз және басқада көліктер 4 пайызын құрайды. Қиылыста 4 жерден жүргіншілер ағыны өтеді. Күнделік жағынан өте күрделі болып саналады.
Соңғы 2.15 суретте Түркістан-Титов көшелерінің қиылысындағы бағыттар бойынша көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы көрсетілген.
Сурет 2.13. Түркістан-Чернышевский қиылысындағы көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы
Түркістан-Титов қиылысында көлік ағындары шамамен біркелкі таратылған. Қиылыстың сағаттық қозғалыс қарқындылығы 2910 авт/сағ. құрайды.
Бұл көрсетілген Түркістан көшесіндегі көлік ағындарының ең үлкені.
Сурет 2.14. Түркістан-Колохова көшелерінің қиылысындағы көлік және жолаушы ағындарының картограммасы.
Көше жол торабындағы көлік ағындарын төмендегі үш параметрмен сипаттауға болады:
Осы үш параметр өзара көлік ағынының теңдеуімен байланысқан:
Диаграмманы және теңдеуді қолдана отырып, көлік ағынының сипаттамаларын анықтауға болады. Осылайша, орташа жылдамдықты тангенс координаталары басым координаталары белгілі бір қарқындылықпен тығыздықты сипаттайтын (N/Д) нүктемен жалғастыратын түзудің иілу бұрышымен,түрлендіреді.
Берілген жағдайларда мүмкін боларлық ең жоғарғы қозғалыс қарқындылығына көлік ағынының белгілі бір тығыздық кезінде (диаграмма А нүктесі) қол жеткізіледі және бұл шама қозғалыс жолағының немесе тұтас алғандағы жолдың өткізу қабілеті деп аталады. Ағынның А нүктесімен салыстырғандағы жоғарғы тығыздығы кезінде қозғалыс қарқындылығы төмендейді. Бұл қозғалыстың жоғарғы тығыздығы кезінде кідірістердің туындаумен, жылдамдықтың төмендеуімен және уақыт бірлігінде кез-келген қима немесе жол бөлігі арқылы жүріп өтетін автомобильдер санының кемуімен түсіндіріледі.
Көлік ағынының негізгі диаграммасынан және теңдеумен қозғалысты реттеуге қажетті өте маңызды қорытынды жасауға болады: жол арқылы автомобильдердің ең жоғарғы мүмкін боларлық санын өткізу қажеттілігі туындаған жағдайларда, ең жоғарғы қарқындылықты қамтамасыз ететін жылдамдықтың белгілі бір тәртібін жол белгілерінің көмегімен орнату қажет.
Қозғалыс сипаттамаларының бірі болып көлік ағынындағы басып озулар еркіндігі болып табылады.
Жеңіл автомобильдер мен жылдам жүретін, епті жүк автомобильдері қажетті жылдамдықты ұстап отыру үшін баяу қозғалып бара жатқан көлік құралдарын басып озуға ұмтылады.
Қозғалыс қарқындылығы өскен сайын басып озулардағы қажеттілікте арта түседі.
Сурет 2.15. Түркістан-Титов көшелерінің қиылысындағы көлік және жүргіншілер ағындарының шартты картограммасы.
Зерттеулер басып озулар қарсы ағындағы автомобильдер арасындағы қашықтық 20 сек және одан да жоғары уақытта қол жеткізетінін көрсетіп отыр.
Егер осы аралық 7 секундтан кеш болса, онда басып өту тәжірибе жүзінде мүмкін емес.
Төмендегі 2.2-ші кестеде қозғалыс қарқындылығы әртүрлі, ені 7-7,5м болатын кәдімгі жолдағы басып озуларды жүзеге асырудың мүмкіншіліктеріне сипаттайтын мәліметтер келтірілген.2.2-ші кестеден 100авт/сағ қозғалыс қарқындылығы кезінде көлік ағынындағы барлық аралық шектердің 70 пайызы 20 секундтан жоғары, және де сондықтан басып озулар салыстырмалы түрде еркін өтуі мүмкін. 900 авт/сағ қарқындылығы кезінде мұндай аралық
Кесте 2.2.
Қозғалыстың әртүрлі қарқындылығы кезіндегі көлік ағынындағы ұзақтылық.
Жолдағы қозғалыстың аралық шегі авт/сағ |
Аралық шектерм саны, | ||
10 сек дейін |
10 сек -20 сек аралығында |
20 сек-тан жоғары | |
100 300
500 700
900 |
8 22 34 44 53
|
22 44 49 48 48
|
70 39 17 8 4
|
шектердің тек 4 пайызы ғана қалады, бұл басып озу шарттарын едәуір қиындатады. Зерттеулер жолдың екі бағыттарына қозғалыстың қасында қарқындылығы 1500-1800 авт/сағ жеткен кезде басып озулар іс жүзінде мүмкін емес екендігін көрсетіп отыр. Бұл көлік ағынында басып озуға қауіпсіз аралық шектердің кемуімен жүреді.
Түркістан көшесіндегі көлік ағыны қарқындылығының тәулік бойы таратылуының тәріздес қисық сызығы төмендегі 2.17-ші суретте келтірілген. 2.17-ші суреттен қозғалыс қарқындылығының ең жоғарғы мәні шамамен 900және 1900 сағаттарда болады. Мұндай бірқалыпсыздық 900 сағатқа қарай қарқындылықтың жекелеген пайдалану көлігінде адамдардың жұмысқа шығуымен, ал кешкі 1900 сағатқа қарай олардың кері бағытта жұмыстан үйге қайтулармен түсіндіріледі.
Сурет 2.17. Түркістан көшесіндегі көлік ағыны қарқындылығының тәулік бойы өзгеруі.
Көлік ағынының уақытша бір қалыпсыздығы сәйкес келетін бірқалыпсыздық коэффициенті мен Кн сипатталады.
Кн=Nac*24/Na тәу (2,3)
Мұндағы Nac- салыстырмалы сағаттағы қарқындығы авт/сағ;
Na тәу- тәуліктегі қозғалыстың қосынды қарқындылығы, авт/сағ.
Түркістан көшесі бойынша тәуліктегі қозғалыстың қосындысының қарқындылығы 19760 авт/сағ құрайды.
Мәндерді (2.3) формуласына қойып, нәтижелерін анықтаймыз
Коэф 900 сағ мәні
Кн= 1540*24/19760=1,87
Қалған есептеулер нәтижелерін 2.3-ші кестеге енгіземіз.
Орташа тәуліктік сағаттың қозғалыс қарқындылығы 823 авт/сағ құрайды.
Кесте 2.3
Тәуліктік бірқалыпсыздық коэффициенттің мәндері
Көрсеткіштер |
Тәулік уақыты | ||||||||
1-6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 | |
Nac авт/сағ |
180 |
160 |
670 |
1540 |
1400 |
1350 |
1300 |
1250 |
1110 |
Na тәу |
0,22 |
0,19 |
0,81 |
1,87 |
1,7 |
1,64 |
1,58 |
1,52 |
1,35 |
Көрсеткіштер |
Тәулік уақыты | ||||||||
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 | |
Nac авт/сағ |
1220 |
1340 |
1450 |
1510 |
1600 |
1480 |
930 |
823 |
450 |
Na тәу |
1.48 |
1.63 |
1.76 |
1.83 |
1.94 |
1.8 |
1.13 |
0.99 |
0.55 |
2.4. Қиылыстардың өткізу қабілеттілігін және жүктелу деңгейін анықтау
Қызыл сигнал жанған уақыт кезінде пайда болған кезек саптағы тұрған жетекші автомобиль, жасыл сигнал жану жану басында қиылыстан өткен кездегі оның тұрып қалуы Но құрайды. Бұл көрсеткіш жүргізушінің шапшаңдығы және автомобильдің үдеуіне жұмсалатын уақыт шығыны арқылы анықталады. Кезек саптағы тұрған жетекші автомобильдер Н1, Н2 ... Нп уақыт интервалдары арқылы қозғала бастайды. Бірақта Ні өлшемдері оңға және солға бұрылатын автомобильдерге байланысты болады. Егер тік бағыттағы ғана қозғалысты қарастырумен шектелетін болсақ, олардың мәндері 2.16-шы суреттегі мәндерге сәйкес келеді. Бірінші екі немесе үш автомольдердің мәндері жуық шамамен тұрақты және Н-қа тең екенін айқын. Бұл жағдай жүргізушілердің шапшандылық уақыты арқылы түсіндіруге болады. Кезек саптағы бірінші, екінші немесе үш автомобильдердің қосымша іркіліп қалуының уақыт сомасы және оған алдынңғы мерзімде сары сигналдың жануын қосып отырғандығына уақыт жоғалтылған уақыт Л деп аталады және ол келесі формула арқылы анықталады.
L= H0+H1+H2-3*H+4c (2.4)
Мұндағы Н- жіберіп отыру интервалы Н2сек
1) Pбас=авт /сек=773 авт/сағ
Pекінші=авт/ сек=509 авт/сағ
2) Pбас=авт/ сек=824 авт/сағ
Pекінші=авт/ сек=584 авт/сағ
3) Pбас=авт сек=856 авт/сағ
Pекінші=авт/ сек=608 авт/сағ
4) Pбас=авт /сек=720 авт/сағ
Pекінші=авт сек=476 авт/сағ
5) Pбас=авт/ сек=836 авт/сағ
Pекінші=авт /сек=545 авт/сағ
6) Pбас=авт /сек=683 авт/сағ
Pекінші=авт /сек=536 авт/сағ
7) Pбас=авт/ сек=619 авт/сағ
Pекінші=авт/ сек=619 авт/сағ
Көлік қиылысының өткізу қабілеттілігі келесі формуланың көмегімен анықталады:
Рқиылыс=Рбас*n1+Рекінші*n2 авт/сағ (2.6)
Мұндағы n1- басты көшедегі жолақтар саны
n 2 – екінші дәрежелі көшедегі жолақтар саны.
Сандық мәндерін (2.6) формулаға қоя отырып, қиылыстардың өткізу қабілеттілігін табамыз.
Мұндай жағдайларда шекті мүмкіншілігінің байланысты болады, қозғалыспен жүктелу деңгейі туралы қарастырған дұрысырақ болады.
Қозғалыспен жүктелу кезеңі деп қиылыстағы шынайы қозғалыс қарқындылығының мүмкін болатын өткізу қабілеттілігіне қатынасын айтамыз:
(2.7)
Мұндағы Nкел-жеңіл автомобильге келтірілген қозғалыс қарқындылығы, авт/сағ.
Р-шекті мүмкін болатын өткізу қабілеттілігі авт/сағ.
Мәндерді (2.7) формулаға қоя отырып, қиылыстардың қозғалыстармен жүктелу деңгейін анықтаймыз:
Жүргізілген зерттеулер мен талдаулардың көмегімен Түркістан көшесіндегі қауіпті қиылыстар мен «тар орындар» анықталды. Осы қауіпті қиылыстар мен тар орындарды жою мақсатында келесі іс-шараларды орындау қажет.
- Қарастырылып отырған көшенің бойындағы бағдаршам сигналдарын бір-бірімен келісіп жұмыс істеу мақсатында координациялық реттеу жүйесін құрастыру.
- Түркістан-Титов қиылысында қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдарын орнықтыру іс-шарасын құрастыру.
Дипломдық жоба тақырыбы: “Шымкент қаласының Түркістан көшесіндегі жол-көлік оқиғаларын төмендету бойынша іс-шараларды жасау.”
15 10 2014
8 стр.
25 12 2014
14 стр.
Аталған дипломдық жоба -алматы- тараз жолдың құрылысытың экономикалық жобаларын жасауға арналған. Бұл жоба екінші техникалық категорияға жатады, жолық саны 2, жол төсемі асфальтбет
17 12 2014
6 стр.
Дипломдық жобаның концепциясын жасаудағы жұмыстың өзіндік ерекшеліктері, шығармашылық бастауы бет
17 12 2014
6 стр.
Ағымдағы жылдың аралығында жоғары тұрған бюджеттен қосымша бөлінген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері өзгергеруіне байланысты «2011-2013 жылдарға арналған
15 10 2014
1 стр.
Дипломдық жобада қоршаған ортаны қорғау, тіршілік қауіпсіздігі, экономикалық есептеулер келтірілген. Дипломдық жоба М. О. Әуезов атындағы ОҚму – дің «Автоматтандыру, телекоммуникац
16 12 2014
14 стр.
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» заңына сәйкес Шымкент қаласының ресми ақпараттық we
14 12 2014
1 стр.
Не білемін? Нені білдім?Нені білгім келеді? стратегиясы бойынша жұмыс жасау, түзету
04 09 2014
1 стр.