Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Шымкент қаласы әкімдігінің Қаулысы
2012 жылғы 2 қазан Шымкент қаласы, №741

Шымкент қаласының ресми

web-сайты туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» заңына сәйкес Шымкент қаласының ресми ақпараттық web-сайтының жұмысын үйлестіру мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты туралы Ереже бекітілсін.

  2. Шымкент қаласы әкімдігінің ресми Интернет-сайтын ақпараттық қолдау регламенті осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  3. Интернет-сайттың Виртуалды қабылдауы арқылы түсетін хаттар мен азаматтардың сұрауларын қарау тәртібі осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  4. Интернет-сайттың редакциялық тобының құрамы осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  5. Осы қаулының қабылдануына байланысты Шымкент қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 ақпандағы «Шымкент қаласының ресми web-сайты туралы» №95 және 2012 жылғы 1 ақпандағы «Шымкент қаласының ресми web-сайты туралы 2011 жылғы 2 ақпандағы №95 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №111 қаулыларының күші жойылсын.

  6. Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімінің бастығы Б.Б.Төлегенге жүктелсін.

  7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.М.Нарымбетовке жүктелсін.


Қала әкімі Қ.Молдасеитов

Шымкент қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «2» __қазан___

№_741_қаулысына 1 қосымша


Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты туралы

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже Шымкент қаласы әкімдігінің Интернет жүйесіндегі ресми Интернет-сайтының (одан әрі –Интернет сайт) мәртебесі мен жұмыс тәртібін анықтайды.

1.2. Интернет-сайтты актуалдыландыру, қолдау және басқару жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының Заңдарына және басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

1.3. Интернет-сайт https://www.shymkent.gov.kz электронды мекен-жайы бойынша орналасады және 2 нұсқада: қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

1.4. Интернет-сайт Шымкент қаласы әкімдігі жүйесін Интернет желісінде қамтамасыз етеді.

2. Интернет-сайттың мәртебесі

2.1. Шымкент қаласы әкімдігінің Интернет-сайты Шымкент қаласы әкімдігінің жүйесін ортақ пайдаланудың ақпараттық ресурсы болып табылады.

2.2. Интернет-сайттың иесі Шымкент қаласының әкімдігі (бұдан әрі - әкімдік) болып табылады.

2.3. Шымкент қаласының ресми web-сайтының жұмысын ұйымдастыру, тиісті мәліметтердің web-сайтқа енгізілуін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті орган Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі болып табылады.

2.4. Әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымдары (қызметтері) әкімдіктің ресми сайтының шеңберінде беттерін (желілік ақпараттық ресурстар) ашуға мүмкіндігі бар.

2.5. Интернет сайтта ниеттес ұйымдардың ақпараттарын (сілтеме және ескертулер) немесе ақпараттық ресурстарының бөліктерін орналастыруға болады. Бұл жағдайда пайдаланылатын ақпараттардың сипаты (мәртебесі) туралы арнайы хабарламалар (ескертулер, түсіндірмелер) беру қажет.
3. Интернет-сайттың негізгі міндеттері

Сайттың жұмыс істеуі келесідей міндеттерді шешеді деп шамалайды:

3.1. Қаланың барлық ұйымдарының (қызметтерінің) қызметіне қатысты шынайы, нақты және қолжетімді ақпаратпен халықты қамтамасыз ету.

3.2. Қала ұйымдарының (қызметтерінің) заманауи ақпараттық технологияны қолдана отырып, ақпараттық өзара іс-қимылын жетілдіру.

4. Интернет-сайттың негізгі функциялары

4.1. Интернет-сайттың негізгі функциялары біріңғай ақпараттық-аналитикалық жүйенің бөлінбейтін бөлігі ретінде Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің мақсаттарымен, міндеттерімен және функцияларымен анықталады:



  • қаланың барлық ұйымдарының (қызметтерінің) құрылымы, қызметі, жұмыс регламенті туралы ақпараттарды жариялау;

  • мүдделі мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерінің тәртібі, тәсілдері туралы ақпараттарды жариялау;

  • нормативтік құқықтық базаның құжаттарын жариялау;

  • әкімдіктің қызметі саласында халыққа және ұйымдарға ресми ақпараттар ұсыну;

  • қабылданған шешімдер туралы жүйелі түрде азаматтар мен ұйымдарды хабардар ету;

  • әкімдік жүргізіп жатқан іс-шараларды көрсету.

4.2. Жеке және заңды тұлғаларға (ақпараттық ресурстар мен сервистерді пайдаланушыларға) Интернет-сайт арқылы келесідей ақпараттарға қол жеткізуге бас тартылмауға тиіс;

  • қала халқына мемлекеттік және мамандандырылған қызмет көрсетуге қатысушы қаланың ұйымдарының (қызметтерінің) құқықтарын, еркіндігі мен міндеттерін белгілейтін заңнамалық және басқа нормативтік кесімдер;

  • әкімдіктің ақпарттық жүйесінде (деректер базасында) жинақталған ұйымдар мен азаматтардың қоғамдық мүдделерін білдіретін және құқықтарын жүзеге асыруға қажетті құжаттар.

5. Интернет-сайтты басқару

5.1. Әкімдіктің Интернет-сайтын техникалық басқаруды сайттың әкімшісі жүзеге асырады. Олар әкімдіктің өкілдікті бөлімі немесе мамандандырылған конкурс нәтижесінде анықталған басқару компаниясы (бұдан әрі – БК) болуы мүмкін.

5.2. Интернет-сайтта ақпараттарды орналастыру процесін басқару осы Ережеге және Регламентке сәйкес сайт әкімшісімен өзара әрекетпен әкімдіктің мамандары қатарынан және жауапты редакторлармен жүзеге асырылады.

5.3. Интернет-сайтта ақпараттарды орналастыру процесін басқару үшін сайт бөлімдеріне қолжетімділіктің келесі деңгейлері анықталады:


  • мазмұны үшін жауапты (бөлім редакторының функциясы) – сайттың оған рұқсаты бар бөлімдерінде ғана ақпаратты өзгерте алады.Редакцияланатын қолжетімді сайттың бөлімдерін әкімші белгілейді;

  • айдарды (рубрикаторды) жүргізуге жауапты (сайт әкімшісінің функциясы) сайт мәзірі құрылымын (айдарын) өзгерте алады, атап айтқанда:

  • жоғарғы деңгейлі айдарларды қайта атауға;

  • шағын айдарларды орын алмастыруға;

  • құрылымдық бөлімшелерді (жоғарғы деңгейлі бөлімшелерден басқа) қосуға, алып тастауға;

  • құрылымдық бөлімдерді (жоғарғы деңгейлі бөлімшелерден басқа) қайта атауға;

  • Рецензиялаушы (бас редактордың функциясы) мазмұны үшін жауапты адам жүргізген сайттың ақпараттық толтырылуына өзгертулерін бекітеді немесе бас тартады. Рецензиялаушыға, мазмұны үшін жауапты адамға сияқты, әкімші белгілеп, анықтаған сайт бөлімдері ғана қолжетімді.

  • сайт әкімшісі пайдаланушылардың есепті жазбаларын ашады, редакциялайды және алып тастайды, сайттың әртүрлі бөлімдеріне пайдаланушылардың құқықтарын шектейді, жекелеген беттердің жұмыс істеуінің ерекшіліктерін қалпына келтіреді. Одан басқа, әкімші жоғарыда тізбеленген рөлдерге қолжетімді барлық әрекеттерді орындай алады.

5.4. Ресми сайтты ақпараттық қолдау регламентінде көрсетілген Шымкент қаласының ресми www.shymkent.gov.kz wеb-сайтына ақпаратты беру тізбесіне сәйкес ресми сайттағы тиісті мәліметтердің жаңартылуына қала әкімі аппараты бөлімдерінің меңгерушілері, аудан әкімдері мен барлық құрылымдық бөлімдердің басшылары жауапты болады.
6. Интернет-сайттың мазмұнын басқару

6.1. Интернет-сайттың мазмұнын басқару әкімшілдендіру панелінің базасында жүргізіледі, ол қолжетімділік құқығына сәйкес Интернет-сайтта бөлімдер мен беттер ашуға, орналастырылған мәтіндік редакторда редакциялауға, тақырыбы бойынша ұқсас беттерге сілтеме белгілеуге және тақырыбы бойынша сәйкес келетін құжаттармен толықтыруға, бейнелеу катологымен жұмыс істеуге, порталдың белгіленген бөлімдеріне жауапты пайдаланушыларды тағайындауға мүмкіндік береді.

6.2. Интернет-сайттың бөлімдерін және бөлімшелерін басқаруға рұқсат құқығын алған лауазымды тұлғалар мен мамандар Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген өңдеу режимдерін және пайдаланушыға ақпаратты ұсыну ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді және заңмен қарастырылған тәртіпте ақпаратпен жұмыс істеу ережесінің бұзылғаны үшін жауап береді.

6.3. Интернет-Сайттың бөлімдері мен бөлімшелерін басқаруға қатысушы және оны толықтырып отыруға жауапты лауазымды тұлғалар мен мамандар Интернет-сайтты ақпараттық алып жүру бойынша редакциялық топты құрады (одан әрі –редакциялық топ).

6.4. Редакциялық топ келесідей міндеттерді шешеді:


  • Интернет-сайтты ақпараттық қолдау жөнінде іс-шаралар жоспарлайды;

  • Интернет желісінде жариялау үшін материалдарды жинау, өңдеу және әзірлеу;

  • ақпараттарды ұсынатын тұлғалармен және ұйымдармен өзара іс-әрекет;

  • Интернет-сайттың бөлімдері мен бөлімшелерін жаңартып отыруды басқару;

  • түрлі сілтемелерді құру және олардың жұмыс қабілеттілігіне бақылау;

  • Интернет-сайттың жұмыс істеуінің тиімділігін бағалауға қатысу;

  • Интернет-сайттың басқару талаптары мен техникалық ерекшеліктері талаптарының, серверге техникалық талаптардың, техникалық дизайн мен техникалық қызмет көрсету талаптарын қоса алғанда, орындалуына бақылау;

  • Интеллектуалдық меншікке қатысты мәселелерді шешу.

6.5. Редакциялық топ ақпараттық материалдардың сапалы дайындалуын, редакциялануын және түзетілуін қамтамасыз етеді, материалдардың уақытылы шығуын, авторлық құқық пен интеллектуалдық меншік туралы заңнаманың сақталуын бақылайды.

6.6 Интернет-сайтта орналастырылатын барлық ресми материалдарда Шымкент қаласы әкімдігінің ресми көзқарасы мазмұндалады. Редакциялық топ мүшелерінің жекелеген бағалауы бар материалдарды, комментарийлерді жариялауға жол берілмейді.

6.7. Әкімші:


  • Интернет-сайттың инфрақұрылымын модификациялауды (өзгертуді);

  • Интернет-сайттың материалдарын жариялау және алып тастау процесін;

  • Интернет-сайттың ағымдық нұсқасының жағдайын;

  • техникалық дизайнның жағдайын және техникалық ерекшеліктердің талаптарының сақталуын;

  • интерактивтік сервистердің сценарийлерінің өңделуінің дұрыстығын;

  • пайдаланушылардың электрондық пошта бойынша, сондай-ақ, пайдаланушылардың Интернет-сайттың интерактивтік үлгілерін толтыру кезінде түскен сұрау салуларын;

  • қосылудың түрлі режиміндегі және қараудың түрлі бағдарламалары арқылы Интернет-сайт жұмысының сапасын;

  • сервер сценарийлерін өңдеудің тепе-теңдігін;

  • сілтемелердің дұрыстығын (жұмысқа қабілеттілігін);

  • пайдаланушы статистиканың деректерін мұрағаттау және олардың қателіктерін қорытындылау;

  • интернет-сайтты қолдау жөніндегі қызметтің сапасы, мердігерлердің жұмысын бақылайды.

6.8. Сайт әкімшісі келесідей мазмұндағы мәліметтері бар бақылаушы ақпаратының ең төменгі тізбесін жасайды: порталға кіру саны, сәтті сауалдар саны, сәтсіз сауалдар саны, ең көп ашылатын беттер, қызмет көрсетілген хосттар саны, сұралған файлдар саны, берілген деректер көлемі.

6.9. Бақылаушы ақпарат негізінде сайт әкімшісі Интернет-сайтқа кірудің дәрежесі мен сипатын, Интернет-сайттағы бөлімдер мен бөлімшелердегі ақпараттардың (материалдардың) сапасын анықтайды, Интернет-сайттың аудиториясына, интерактивтік өзара іс-әрекеттің сипатын, процедуралар мен технологиялардың тиімділігін, Интернет желісіндегі сайттың жылжуын анықтайды.

6.10. Интернет-сайттың жұмыс істеп тұрған кезінде штаттан тыс жағдайлар пайда болғаны туралы (бағдарламалық-ақпараттық іркілістер, байланыс каналдарының бұзылуы, серверге немесе деректер базасына санкция берілмей кіру, ақпараттар массивінің бұзылуы және т.б.) сайт әкімшісі дереу Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына баяндап, Интернет-сайттың жұмыс істеуінің қалыпты режимін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдайды.

6.11. Сайт әкімшісі сұрау салуы бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасарын Интернет-сайттың жұмыс істеуінің тиімділігі туралы хабардар етеді. Баяндаулар Интернет-сайттың жұмыс статистикасының объективті көрсеткіштеріне және пайдаланушылардың сұрау салуларын қанағатттандыру статистикасына негізделуі тиіс.

6.12. Егер желілік ақпараттық ресурс ниетті ұйымдардың бағдарламалық-технологиялық құралдарында орналастырылған жағдайда, бақылаушы ақпаратты беру жөніндегі қызметтер бағдарламалық-технологиялық құралдардың иелерімен келісуді қажет етеді.
7. Интернет-сайт редакторларының құқығы

7.1. Интернет-сайттың міндеттерін шешу және функцияларын жүзеге асыру үшін бас редактор мен бөлімдер редакторлары мынадай құқықтарға ие:



  • әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінен жарияланым сипатындағы мәліметтер мен шұғыл ақпараттарды алуға, ақпаратты берген жетекші оның шынайылығы мен актуалділігіне жауап береді.

8. Интернет-сайттың ақпараттық ресурстарының және

сервистерінің құрылымы

8.1. Интернет-сайттың ақпараттық блогында:



  • статистикалық, сирек өзгертілетін (әкімдіктің және ұйымдардың (қызметтердің) құрылымы, негізгі нормативтік құжаттар, заңнамалар, байланысқа түсу телефондары мен мекен-жайлары, тарихи ақпараттар және т.б.) тұрақты ақпараттар;

  • белгіленген мерзімінде жаңартылатын немесе деректердің (арнайы бюллетендер, электронды ақпараттық есептер және т.б.) өзгеруіне байланысты жаңартылатын мерзімдік ақпараттар;

  • серпінді (шұғыл ақпарат), жиі жаңартылатын ақпарат (жаңалықтар, комментарийлер, оқиғалар анонстары және т.б.);

  • фото-видео, аудио (мультимедиа материалдары) сияқты Интернет-сайттың түрлі ақпараттық алып жүру режимдерінде қолданылатын материалдар болады.

8.2. Өзге тараптар көздерінен (оның ішінде мемлекеттік емес) алынған ақпараттар (материалдар) ақпарат иесінен тиісінше (ауызша немесе жазбаша) келісімдерге сәйкес пайдаланылады. Пайдаланушылар міндетті түрде Интернет-сайттағы ақпараттың мәртебесі туралы хабардар етіледі.

8.3. Интернет-сайтта келесідей мазмұндағы интерактивтік сервистер ұсынылуы мүмкін:



  • қолданыстағы заңнамалар негізінде өтініштерді (сұрау салуларды) қарау тәртібін міндетті түрде ресми түсіндіре отырып, азаматтардың өтініштері (сұрау салулары) үшін электронды үлгілер;

  • ұсыныстарды пайдалану тәртібінің түсіндірілуімен қаланың денсаулық қорғау жүйесінің қызметі мәселелері бойынша азаматтардың ұсыныстарын жолдауы үшін электронды үлгілер;

  • форумдар мен талқылаулар, оның ішінде, эксперттік;

  • Интернет-сайтқа кірушілердің сұрау салулары үшін электронды үлгілер;

  • Интернет-сайттың ақпараттық ресурстары бойныша іздестіру жүйесі;

8.4. Интернет-портал келесідей тақырыптық порталдардан (жоғарғы деңгейлі айдарлар) тұрады:
Сайттың негізгі мәзірлері:


1)

Бас бет

2)

Мемлекеттік рәміздер туралы

3)

Билік органдары

4)

Қоғам

5)

Экономика

6)

Біздің қала

7)

Бауырлас қалалар

8)

Мемлекеттік қызмет

9)

Әкімге сұрақ қой

10)

Мемлекеттік сатып алу

11)

Галерея

12)

Құқық қорғау органдары

13)

Сайт туралы

9. Ақпаратты қорғау

9.1.Интернет-сайттың ақпараттық ресурстарын қорғау мақсатында әкімдік редакциялық топ атынан және Интернет-сайтты әзірлеуші Интернет-сайтты құру және алып бару кезінде мыналарға жол бермеу бойынша шаралар қарастырады:


  • жоғалтып алу, бұрмалау, ақпараттарды қолдан жасау;

  • жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін материалдарды орналастыру;

  • ақпараттарды жою, модификациялау, бұрмалау, көшіру, блокировкаға салу жөнінде санкция берілмеген іс-әрекеттер;

  • сондай-ақ ақпараттық процестерде және ақпараттық жүйелерді, технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын әзірлеуде өндірісте және қолдану кезінде субъектілердің құқықтарын сақтау жөнінде шаралар қарастырылады.

9.2. Әкімдік Интернет-сайттың редакциялық тобы және әзірлеушісі атынан оның алып баруымен азаматтардың құқықтары мен ұйымдардың жекелей құпияларын және Интернет-сайттың интерактивтік сервистерімен жұмыс кезінде қалыптасатын персоналдық деректердің жасырындылығын қорғауды қамтамасыз етеді. Персоналдық деректер заңдық негізінде дұрыс өңделуге тиісті, пайдаланушыға көрсетілген қолдану мақсатында ғана, берілген міндетті (процедураны) шешу үшін шектен тыс емес және тепе-тең, нақты (салыстырылған) және өзгертулерсіз, осы деректердің құқығына сәйкес ғана өңделген (пайдаланылған) болуы мүмкін. Одан басқа, персоналдық деректер міндетті орындау мерзімі талап етілгеннен ұзақ сақталмауға тиіс, көрсетілген жасырын ақпаратты жеткізушімен келісілмеген мақсатта пайдаланылмауға тиіс. Техникалық құралдар (серверлік бағдарламалық қамтамасыз ету және құрал-жабдықтар) пайдаланушының персоналдық деректеріне санкция берілмеген кіру (өзгерту) мүмкіндігін болдырмауға тиіс және олардың сенімді сақталуын қамтамасыз етуі керек.

9.3. Интернет-сайттың жүруі пайдаланушыға мыналарға кепілдік береді: титульдық беттің электронды мекен-жайы Интернет-сайттың бастапқы титулды беті ретінде сервермен барабар келеді.



  • Интернет-сайттың әрбір беті титулдық бетке тікелей сілтемелерден тұрады;

  • Интернет-сайттың негізгі бөлімдері титулдық беттен бір ғана жүріп өту шегінде қолжетімді.

9.4. Интернет-сайтты ақпараттық алып жүруге қатысушы әкімдік қызметкерлері Интернет желісінде тарату үшін тараптар көздерінің (авторларды) ақпараттарды (материалдарын) пайдаланғаны үшін авторлық құқық туралы заңнаманың сақталуына жауап береді.
10. Қорытынды ережелер

10.1. Интернет-сайттың электронды мекен-жайы https://www.shymkent.gov.kz атауларды тіркеудің белгіленген ережесіне сәйкес белгіленген тәртіпте тіркеледі.

10.2. Интернет-сайттың жұмысын тоқтату Шымкент қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы негізінде жүргізіледі.
Шымкент қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «_2_қазан__

741_қаулысына 3 қосымша

Интернет-сайттың Виртуалды қабылдауы арқылы келген

азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі


  1. Интернет-сайттың Виртуалды қабылдауы арқылы келген азаматтардың

өтініштері түскен сәтте Интернет-сайттың деректер базасында белгіленеді, сондай-ақ, «Әкімге сұрақ қой» бөлімі редакторының электронды мекен-жайына жіберіліп, қала әкімі аппаратының жалпы бөлімінде түскен күні тіркеуге алуға жатады.

  1. Интернет-сайттың Виртуалды қабылдауы арқылы түскен азаматтар

өтініштері кіріс корреспонденциялар журналына және Интернет-сайттың деректер базасында тіркеледі.

  1. Сұрау салудың түскенінен бастап 3 күн ішінде бөлім редакторы сайтта

хаттың қарауға тіркелген фактісін белгілейді, электронды пошта арқылы өтініш жасаушыға автоматты түрде тиісті хабарлама жіберіледі.

  1. Интернет-сайттың Виртуалды қабылдауы арқылы түскен өтініш

тіркеуге алынғаннан соң әкімге, аппарат басшысына немесе сала бойынша жетекшілік жасаушы әкім орынбасарларының біріне беріледі.

  1. Бұрыштама қойылған соң журналға алғаны туралы қолы қойылып,

орындаушыға беріледі.

  1. Интернет-сайттың Виртуалды қабылдауы арқылы өтініш жасаған

адамға өтінішті қарау және жауап дайындау мерзімі хаттың тіркеу журналында тіркеуге алынған сәтінен бастап, 15-30 күннен аспауы қажет.

  1. Орындаушы дайындаған жауапты Интернет-сайтта орналастыру үшін

«Әкімге сұрақ қой» бөлімінің редакторына береді. Үш күн ішінде бөлім редакторы орындаушыдан қабылдаған жауаптың мәтінін сайтқа орналастырады, ал тиісті хабарлама электронды пошта арқылы өтініш жасаушыға автоматты түрде жіберіледі.

  1. Интернет-сайт арқылы түсетін хаттары мен азаматтардың сұрау

салуларын қарау тәртібі сайтта орналастырылады.

  1. Әкімдік сайтқа орналастыру үшін материалдардың жауаптарын

пайдалану құқығын өзіне қалдыра алады.
Шымкент қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «_2_қазан___

№_741_қаулысына 4 қосымша

Шымкент қаласы әкімдігі сайтының

редакциялық топ құрамы

1.

Нарымбетов Бахадыр

Мәдәліұлы



-

Қала әкімінің орынбасары, редакциялық топ жетекшісі

2.

Төлеген Болатбек

Бақтиярұлы



-

Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің бастығы, топ жетекшісінің орынбасары

3.

Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызы

-

«Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-нің директоры, сайт әкімшісі-жауапты редактор (келісімі бойынша)

4.

Қарынбаев Жандос Әуелбекұлы

-

Шымкент қаласы әкімінің бас маман-баспасөз хатшысы

5.

Бекмуратова Райгүл Сағатілләқызы

-

Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің әкімшілік және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс секторының меңгерушісі


Шымкент қаласының ресми web-сайты туралы

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» заңына сәйкес Шымкент қаласының ресми ақпараттық we

142.24kb.

14 12 2014
1 стр.


Жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетінің негізгі параметрлері бойынша қысқаша ақпарат

Ағымдағы жылдың аралығында жоғары тұрған бюджеттен қосымша бөлінген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері өзгергеруіне байланысты «2011-2013 жылдарға арналған

170.75kb.

15 10 2014
1 стр.


Кондаратцева Т. П. Факультатив «Создание web-страниц» Занятие 1 Интернет и web-сайты

Однажды, в один прекрасный день, вам в голову пришла замечательная идея создать свой собственный сайт

52.09kb.

08 10 2014
1 стр.


Шымкент қаласының 2012 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Шымкент қаласының 2009-2012 жылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

93.26kb.

09 10 2014
1 стр.


Республикалық «ӨЗІҢнен баста» акциясы аясында Шымкент қаласының әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері мен орынбасарлары, бөлім басшыларының мүлкі мен табыстары туралы

Шымкент қаласы, «Күншығыс» ш/ауданында 3 бөлмелі пәтер, ОҚо сайрам ауданында жеке тұрғын үй құрылысына

72.89kb.

25 12 2014
1 стр.


Шымкент қаласы білім бөліміндегі бірінші басшының функционалдық міндеттері

Шымкент қаласының 2011 -2015 жылға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын қадағалайды

23.54kb.

16 12 2014
1 стр.


-

Со временем этим пользователям становится недостаточно обычных тегов html. И тогда предпринимаются попытки оживить свои Web-сайты использованием языков создания клиентских сценарие

97.9kb.

26 09 2014
1 стр.


Программа для генерирования сайтов (дорвеев, сателлитов). Особенности: 4 режима работы, которые позволяют создавать дорвеи, сателлиты и гибридные сайты

Возможность создавать как статические, так и динамические сайты, а также сайты с отложенной публикацией статей

338.23kb.

09 10 2014
1 стр.