Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны және кез-келген елдің 50 % көп тұрғынын құрайтын еңбекке қабілетті халықтың мүдделерін қорғайтындықтан, қоғамның тұрақты дамуының ең маңызды әлеуметтік кепілдігі болып саналады.

Қазақстанның міндетті әлеуметтік сақтандыру экономикалық белсенді халықты залалдың орнын толтырудың ұжымдық ынтымақтастығы негізінде табысты жоғалтумен байланысты түрлі тәуекелдерден әлеуметтік қорғаудың нысаны болып саналады. Әлеуметтік төлемдердің жұмысшының табыс деңгейі мен оның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне тәуелділігі бар. Осыған байланысты, төлеушілердің (жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушы үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) ай сайынғы әлеуметтік аударымдарды уақытылы және толық көлемде төлеуі әлеуметтік тәуекелдер пайда болған жағдайда сәйкесінше әлеуметтік төлемді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-II «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді.

Жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоспағанда, қызметкерлер, ҚР аумағында тұрақты тұратын және ҚР аумағында табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс.

Қордан 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесідей жағдайларға әлеуметтік төлемдер жүргізіледі:


  • еңбек ету қабілетінен айрылу;

  • асыраушысынан айрылу;

  • жұмысынан айрылу.

Ана мен баланы әлеуметтік қолдау мақсатында 2007 жылғы мемлекет Басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жаңа әлеуметтік тәуекелдердің екі түрімен толықты:

- жүктілігі және босануы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысын жоғалту;

- бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысын жоғалту.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (МӘСЖ) қатысушы еңбек ету қабілетінен айрылу және жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік тәуекелдер туған жағдайда екі жерден әлеуметтік төлемдер алады, біріншіден- мемлекеттік бюджет есебінен, екіншіден- мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан.

Дағдарыс жағдайында халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жұмыссыздарды қолдау мақсатында «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылғы Жолдауы саясында дағдарыс кезінде МӘСҚ жұмысынан айрылу бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің ұзақтығы арттырылды.

Осылайша, Қордың жұмысы белсенділендірілді және көрсетілген өзгерістер алушылардың санына да, МӘСҚ жұмысынан айрылу бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің сомасына да әсер етті.

Заңның 20-бабына сәйкес Қордан өзі үшін әлеуметтік аударымдары төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік төлемдерді алу құқығы:

еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда- әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды;

Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылады:



  1. жеке басын куәландыратын құжат;

  2. тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

  3. еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін куәландыруды жүргізу мен белгілеу туралы мәліметтер.

асыраушысынан айрылған жағдайда - әлеуметтік төлем қайтыс болуы туралы куәлікте көрсетілген қайтыс болған күннен бастап, не азаматты хабарсыз кеткен деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап туындайды;

Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылады:



  1. жеке басын куәландыратын құжат;

  2. отбасы құрамы туралы мәліметтер;

  3. асыраушысының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі;

  4. қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшірмесі (неке туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының тууы туралы, асырап алу туралы куәліктері);

  5. отбасы мүшелерінің оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы оқу орнынан алынған анықтама (оқу жылының басында жыл сайын жаңартылады);

  6. қорғаншылық туралы құжат (қажет болған жағдайда);

  7. мүгедектік тобын куәландыруды жүргізу және белгілеу туралы мәліметтер (он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары, оның ішінде асырап алған балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері бала кезінен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған жағдайда).

жұмысынан айрылған жағдайда- әлеуметтік төлем ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелу үшін өтініш жасаған күннен бастап туындайды;

Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылады:



  1. жеке басын куәландыратын құжат;

  2. тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

  3. жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органың анықтамасы.

Жергілікті атқарушы органға қарасты Жұмыспен қамту мәселелері және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі басқарма міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы ұсыныс білдірген жағдайда Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама береді.

жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайда- еңбекке жарамсыздығы парағындағы көрсетілген, жүктілігі және босануы бойынша демалыс берілген күннен бастап туындайды;

Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылады:



  1. жеке басын куәландыратын құжат;

  2. тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

  3. еңбекке жарамсыздық парағы;

  4. салық төлеушінің куәлігі;

  5. әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;

  6. жұмыс орнынан жүктілігі және босануына байланысты еңбекке жарамсыздық парағы берілген күнге дейінгі соңғы он екі күнтізбелік айдағы табысы туралы анықтама.

Бұл орайда, жүктілігі және босануына байланысты еңбекке жарамсыздық парағының артқы беті төлеушімен (жұмыс берушімен немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғамен) белгіленуі керек (мөр және қол қойылады). Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаның мөрі болмаған жағдайда қосымша жеке кәсіпкерді тіркеу куәлігінің көшірмесі ұсынылады.

жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларда- еңбекке жарамсыздығы парағындағы көрсетілген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс берілген күннен бастап туындайды;

бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда- баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап туындайды.

Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылады:



  1. жеке басын куәландыратын құжат;

  2. тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

  3. баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары;

  4. салық төлеушінің куәлігі;

  5. әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;

  6. отбасы құрамы туралы мәліметтер.

Отбасы құрамы туралы мәліметті ұсыну үшін отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері және (немесе) балалардың туу туралы куәліктерін ұсыну керек.

Бұл орайда, жұмысынан айрылуына, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылуына байланысты Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап, бірақ оны тағайындауға өтініш берілген күнге дейінгі он екі айдан аспайтын мерзімнен бастап тағайындалады.

ЗТМО құрылымдық бөлімшелеріне өтініш берілген күн Қордан әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтініш берілген күн деп есептеледі.

Әлеуметтік төлемдерді тоқтатуға негіздеме: баланың 1 жасқа толуы, баланың 1 жасқа толмай қайтыс болуы, баланы мемлекеттік мекемеге толық мемлекеттік қамтамасыз етуге орналасу дерегі болып табылады.



Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті

Әлеуметтік көмек және қолдау бөлімінің бастығы А.Нұғыманова

Еңбек ету қабілетінен айрылу

Міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны және кез-келген елдің 50 көп тұрғынын құрайтын еңбекке қабілетті халықтың мүдделерін қорғайт

60.92kb.

25 12 2014
1 стр.


Әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссиясы №3

Мұнда еңбекті сақтау қызметі құрылған, қауіпсіз еңбек ету жағдайын қамтамасыз ету іс-шаралары өткізілуде, жұмыскерлердің медициналық қаралуы тұрақты өткізілуде, сауықтыру-санаторил

74.7kb.

25 12 2014
1 стр.


1. Тақырыбы: Әліппе, саған мың алғыс! Күні

Дамытушылық: сынып абыройы үшін жанын салып, еңбек ету, бір-біріне жолдастық, достық көмек көрсету сезімін дамыту

53.44kb.

25 12 2014
1 стр.


I. Еңбек ақының теориялық негізі Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру қағидалары

Еңбек ақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді

484.56kb.

25 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын, халықты жұмыспен қамтуды және әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу саласындағы жан-жақты халықаралық келісімдер тізбесі

Халықаралық Еңбек Ұйымының мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы №29 конвенциясы

2502.27kb.

14 12 2014
14 стр.


«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм ішкі еңбек тәртібінің ережесі Жалпы ереже «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

Еңбекті ұйымдастыруда даму, еңбектік және атқарушы тәртіпті бекіту, жоғары тиімді еңбекті қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Мемлекеттік қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібінің е

111.9kb.

25 12 2014
1 стр.


Ерікті еңбек құқығы

Еңбек етуге құқылтылық ҚР-ның концтитуциясының 24 бабында жарияланды. Еңбек етуге бостандық құқығы әрбір адамның өзінің еңбекке қабілеттілігін дербес пайдалана білуін қызмет пен ма

16.07kb.

13 09 2014
1 стр.


Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде шаруашылықтарда еңбек тәртібін күшейту, өндірілген өнімнің өзіндік құнын арзандату, еңбек өнімділігін арттыру үшін еңбек және еңбекақы есебінің маңызы өте зор

Жұмысшылар мен еңбекшілердің негізгі өмір сүрулерінің көздері болып еңбекақы есептелінеді

982.78kb.

17 12 2014
4 стр.