Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4


Кіріспе

Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде шаруашылықтарда еңбек тәртібін күшейту, өндірілген өнімнің өзіндік құнын арзандату, еңбек өнімділігін арттыру үшін еңбек және еңбекақы есебінің маңызы өте зор. Өндіріс процестерінің шығындары тек қана затқа сіңген еңбекпен ғана емес, жанды еңбекпен де тығыз байланысты. Өйткені еңбек өндіріс процестерінің негізгі элементтерінің бірі болып есептелінеді.

Өнім өндіру процесін құруға үш түрлі элементтер қатысады: еңбек құралы, еңбек заты және еңбектің өзі.

Адам еңбегі өндіріс процесінде негізгі элементтердің бірі болып есептелінеді. Өйткені, адам еңбегісіз немесе адамның қатысуынсыз ешбір өнімдер өндірілмейді. Өздерінің істеген еңбектері үшін кәсіпорын қызметкерлері өздеріне тиісті еңбекақыларын алуға міндетті. Жұмысшылар мен еңбекшілердің негізгі өмір сүрулерінің көздері болып еңбекақы есептелінеді.

Кәсіпорын шаруашылық жұмыстарының нәтижесін орындалған жұмыстардың саны мен көлемін еңбекақы арқылы анықтап, олардың дұрыс жұмсалуын бақылап отырады.

Еңбек күші термині кең экономикалық мағынада адамның еңбекке рухани және физикалық қабілеттерінің жиынын білдіреді. Бұл жерде тек жеке адамның еңбекке қабілетін ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғамның еңбек ресурстарын айтады. Еңбек күші – бұл тауар және басқа тауарлар сияқты оны сату – сатып алу процестері жүргізілетін өз нарығы болады. Еңбек нарығында қатысты адамдарға жұмыс беруші, яғни жұмыс күшіне мұқтажданатын және жұмысшы, яғни өзінің жұмыс күшін ұсынатын жатады.

Басқа тауарлар сияқты, еңбек күшінің бағасы сұраныс пен ұсынысқа байланысты табылады. Тауар құнын еңбек күші сол немесе басқа еңбек нарығында бекіткен еңбекақы көлемінде көрсетеді.

Өз сипатына байланысты еңбек көпжақты және барлық адамдармен бірдей жасалмайды, сондықтан оны топтастыру, бағалау, есептеу және талдау қажеттілігі туады. Еңбекті ұйымдастыру, бағалау және есептеу Қазақстанда заң негізінде реттелінеді.

Таңдаған тақырыптың мақсаты еңбекақы жұмысшының, кәсіпкердің және мемлекеттің мүдделерін біріктіретін маңызды экономикалық категория және экономикалық тұтқалардың бірі болуында. Жұмысшылардың еңбекақысы олардың жұмыстарының сандық және сапалық нәтижелерімен байланысы еңбекақы жүйелері мен түрлерінің арқасында жасалады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық қызметінің соңғы нәтижелерін реттейтін экономикалық талдау жасалады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әрбір кәсіпорын өз еркімен еңбекақының түрлерін, жүйелерін және көлемін, сонымен қатар еңбек төлемдерінің (сыйақылар, қосымша төлемдер т.с.с.) түрлерін қарастырады. Сол үшін әрбір кәсіпорында еңбекақы туралы Ереже және штаттық кестесі болуы керек. Кәсіпорын басшылығы еңбекақыны реттеу нысаналары қалай шешілсе, кәсіпорын соншалықты тиімді жұмыс жасайды.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты еңбекақы категориясының экономикалық маңыздылығын және кәсіпорындағы қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың, басқа төлемдердің есебінің тәртібін және аудитін еңбекақы шығындарын төмендету резервтерін табу мақсатымен зерттеу болып табылады. Осыған орай алынған диплом жұмысым өзекті болып табылады.

Қойылған мақсаттарға жету үшін дипломдық жұмыста келесі сұрақтарды қарастыру керек.



  1. еңбекақы категориясының маңыздылығын анықтау;

  2. зерттелетін кәсіпорында қолданатын еңбекақының түрлері мен жүйелерін және еңбекақының кейбір түрлеріне еңбекақыны есептеу тәртібін анықтау;

  3. кәсіпорында еңбекақының бұл түрлері мен жүйелерінің қалай қолданылатынын және қолданылатын сыйақы төлеу жүйесін зерттеу;

  4. Берілген объектіде шығын талдауын өткізу және жұмысшылардың еңбегіне сыйақылар төленетін қорларды анықтау тиіс.


І бөлім Нарық экономикасы кезеңіндегі еңбек және еңбекақы есебінің маңызы

1.1 Еңбек пен еңбекақы есебінің маңызы, еңбекақы төлемінің жүйесі, түрлері мен формалары
Қызметкерлердің (жұмысшылардың) еңбегі өндіріс процесінің, тұтынушылардың және өндірілген өнімнің құрама бөліктері болып есептелінеді. Жұмысшылардың өнім өндіруге жұмсалған қызметі еңбекақымен бағаланады. Осыған орай, кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі1.

Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі және осы жұмыстарды атқаруда бүхгалтерлік есептің рөлі өте зор. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылатын қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысу тақырыбы өз алдына бөлек тарау болып қарастырылатындығы осыдан.



Еңбек пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері:

  • Өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау;

  • Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау;

  • Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау;

  • Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорына, қоғамдық тұтыну қорынан және т.б. қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау;

  • Жұмысшы және қызметкерлермен бірге уақытында дұрыс есеп айырысу.

  • Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу;




  • Еңбек және еңбекақы жайында статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есеп беру.

Сонымен қатар, еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:

  • Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемі ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.

  • Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік құрылымын қолдану.

  • Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.

  • Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.

Еңбек ақы есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбек ақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын белгімеген кезде жалақының минималды деңгейін және біріңғай тариф кестесін пайдаланады. Бірыңғай тариф кестесі еңбекақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффиценті белгіленеді. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:

  • Тарифтік кесте;

  • Тарифтік еңбекақы мөлшері;

  • Тарифтік мамандық анықтамалар;

Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф бойынша әр түрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі және жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме беріледі.

Тарифтік кестеде- жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатнасы айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) осы өндіріс саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырып отырған дәрежелі еңбектің арақатнасының тарифтік коэффициентін, бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.

Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді және мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді.

Тарифтік мерзімді еңбекақы мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға ьойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу процесін жүргізу кезінде анықталады.



Еңбекақының түрлері мен нысандары. Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі топқа бөлінеді.

Негізгі еңбекақы- жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:

Мерзімді және кесімді еңбекақы.

Сыйлықтар мен сыйақылар.

Үстеме сыйлықтар.



Қосымша еңбекақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Олар:

  1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.

  2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.

  3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.

  4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.

  5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.

  6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.

  7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдер.

  8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және т.б. жатады.

Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны қолданалады.

Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақтына сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақтына төленеді.Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік- техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.

Мысалы: Автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге, ұйымның басшыларына, қаржы мен есеп бөлімінің қызметкерлеріне т.б. Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:

Жай мерзімді;

Мерзімді сыйлықты.

Жай мерзімді жүйесі бойынша- жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақтына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.

Мерзімді сыйлықты- жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбек ақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және т.б. көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.

Кесімді еңбекақы- жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімінің санымен немесе көлемімен анықталады.

Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:



  • Тікелей кесімді;

  • Кесімді сыйлықты;

  • Үдемелі кесімді;

  • Аккордтық;

  • Жанама кесімді;

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері- бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған түр, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан арттығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді және ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем- өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірілген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын әрі күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.

Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесіұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлергееңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеушаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.

Халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша еңбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың, т.б. құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға, жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.

Мерзімді еңбекақыны есептеу. Мерзімдік еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем, т.б. төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатады.

Халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы ұйымдарда қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойғы қызмет атқарған (белгілі бір есеп айырмасын) уақытқа есептеледі. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе кәсіпорынның басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті айда бірнеше күн жұмысқа немесе қызметке келе алмай қалған болса, онда оларға төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алынған нәтижені, яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдағы жұмысшының немесе қызметкердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады.



Мысалы: сәуір айында 22 жұмыс күні бар, айына 17600 теңге тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы, сол айдағы 15 күн жұмыс істеп, 4 күн ауырып қалған және 3 күн қоғамдық жұмыс атқарған делік. Жұмысшылар мен қызметкерлердің ауырып қалған күніне, жәрдемақы бюджеттен (әлеуметтік қордан) төленеді. Ал қалған 18 күні үшін (15 күн жұмыс істегені+3 күн қоғамдық жұмыс атқарғаны) еңбекақы ұйымының есебінен төленеді. Бұл соманы анықтау үшін бір айға белгіленген тұрақты еңбекақы мөлшерін, яғни 17600 теңгені осы айдағы жұмыс күнінің санына, яғни 22 күнге бөлеміз (17600/22). Содан кейін алынған нәтижені (800 теңге) жұмыс істеген және қоғамдық жұмыс атқарған күндері сандарының қосындысына көбейтеміз.Бұл жағдайда жоғарыдағы мысалымызда көрсетілген жұмысшының сәуір айында тиісті мерзімді еңбекақы сомасы 14400 теңге болады. (800х(15+3))=14400 теңге. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы жұмыс істеген күні мен сағатына байланысты төленетін жағдайларда, олардың бір күнге немесе бір сағатқа белгіленген сомасын нақтылы жұмыс істеген күндері мен қоғамдық жұмыстағы басқадай қосымша еңбекақы төленуге тиісті күндердің немесе сағаттардың жұмысына көбейту арқылы табылады.

Кесімді еңбекақыны есептеу. Кәсіпорындарда кесімді еңбекақы төлеу жүйесі бойынша – жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы олардың өндірген өнімді мен істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен көлемі жайлы жазылған алғашқы құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген өндіріп шығарған өнімдер мен істелеген жұмыстардың және дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы да басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруге белгілеген бағаға көбейтеді.

Ұйымдарда тапсырманы жеке адам орындаған, яғни операция немесе өнім өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшының немесе қызметкердің қолынан өтетін жағдайда мұндай әдісті қолдану ыңғайлы болып табылады. Кесімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмысына төленетін жағдайда жоғарыда аталған алғашқы құжаттарға әр жұмысшы мен қызметкердің жұмыс істеген уақыты, мамандық дәрежесі, бригада болып өндірген өнімі мен істеген жұмысының көлемі мен саны және олардың бір данасын жасауға, өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады. Жалпы бригада бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың саны мен көлемін, олардың бір данасын өндіріп шығаруға (жасап шығаруға, орындауға) белгіленген бағаға көбейту арқылы сол бригада мүшелерінің еңбекақысы есептеліп шығарылады. Бригаданың жалпы табысы ондағы жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың мамандық дәрежесіне және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді. Ол үшін алдымен барлық бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыты (ай, күн, сағат) табылады. Содан соң жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф бойынша бір сағатқа белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс істеген сағаттарының санына көбейтіледі. Осының нәтижесінде бригада мүшелерінің әрқайсысының тариф бойынша есептелетін еңбекақысының жалпы сомасы табылады. Алғашқы құжаттар бойынша есептелген бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының жоғарыда көрсетілген тариф бойынша есептелген еңбекақының жалпы сомаларының қосындысына қатынасы қосымша табыс коэффициенті болып табылады. Осыдан кейін тариф бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің әрқайсысына есептелген еңбекақы сомасы осы коэффициентке көбейтіліп, әр жұмысшының немесе қызметкердің орындаған жұмысы мен өндірген өнімінің саны мен оның мамандық дәрежесіне байланысты табылады.

Мысалы: құрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір айында өндірген өнімі мен істеген жұмысына тиісті еңбекақы қоры 62669 теңге 60 тиынды құрайды делік. Бұл жағдайда осы бригададағы әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына сәйкес былайша есептеліп шығарылады.


Кесте 1


Бригада жұмысшыларының еңбекақы мөлшерінің есебі

(ЖШС “Электротранс ЛТД”)





Жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні

Мамандық дәрежесі

Жұмыс істеген сағаттарының саны (сағат)

Тарифтік коэффи-циенті

Тариф бойынша есептел-ген еңбекақы сомасы (теңге)

қосымша табыс коэффи-циенті

Жұмысшыларға есептелген еңбекақы сомалары (теңге)







1

2

3

4 (2х3)

5 (6*/4*)

6 (4х6)

1

А

1

175

1.76

308

26.1

8838.8

2

Амантаев Б.

2

160

2.06

329.6

26.1

8602.06

3

Әбдірахманов Ж.

3

165

2.35

187.75

26.1

10120.3

4

Бақтыбаев С.

4

154

2.64

406.56

26.1

10611.2

5

Жұмашев М.

5

150

2.93

439.5

26.1

11471.0

6

Тілесов Ж.

6

164

3.23

529.72

26.1

13825.7




Жиынтығы:




968




2401.13




62669.6

Қосымша табыс коэффициенті бұл мысалымызда 26 (жиырма алты) теңге 10 (он) тиынға тең болып отыр (яғни 6 бағанға/4 бағана немесе 62669 теңге 60 тиын бөлінген 2401 теңге 13 тиын =26 теңге 10 тиын)

Егер кәсіпорындарда өнім өндірудің тапсырмасын артығымен орындағаны, жұмыс істеу барысында ақау жібермегені, күрделі де қиын жұмысты атқарғаны, тағы басқалар үшін сыйақы берілетін болса, онда ол сома бригаданың жұмысшылары мен қызметкерлерінің арасында олардың кесімді еңбекақы сомасына үйлесімді (пропорционалды) түрде бөлінеді. Кейбір жұмысшылар мен қызметкерлер бір айдың ішінде бірнеше бригаданың құрамында жұмыс атқаруы мүмкін. Мұндай жағдайда әрбір жұмысшы өзінің істеген жұмысы туралы мәлімет жазады. Осы деректі мәлімет негізінде сол жұмысшының немесе қызметкердің есепті айдағы еңбекақысы есептеліп шығарылады. Жоғарыда жалпы көрсетілген бригаданың табысын жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың жұмыс істеген уақыты мен олардың мамандық дәрежесіне қарай бөлу әдісі, бригада мүшесінің барлығын бірдей адал ниетпен жұмыс істеуге ынталандырмайды. Соған байланысты соңғы кезде еңбекақы сомасын бригада мүшелерінің арасында олардың еңбекке қатысу коэффициентіне қарай бөлу әдісі кеңінен қолданылуда. Ол үшін бригададағы жұмышылар мен қызметкерлердің әрбір мүшелеріне ай сайын олардың еңбекке қатысу коэффициентін анықтайды. Жұмысты жақсы істеген, еңбек өнімділігн арттырған жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарылату коэффициенті беріледі де, ал еңбек тәртібі мен техникалық қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін және құрал-саймандарға немқұрайлы қарағаны, тағы басқа кемшіліктері үшін төмендету коэффициенті беріледі. Жұмыстағы жетістіктері мен жіберілген кемшіліктерінің әрқайсысына байланысты ұйымдарда әр түрлі төмендету және жоғарылату коэффициенті қарастырылады. Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлерге негізгі деп аталатын кесімді және мерзімді еңбекақыдан басқа әр түрлі қосымша еңбекақы болып табылатын бір жолғы сыйақылар және жәрдемақылар төленуі мүмкін.
1.2 Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі және еңбекақыдан ұсталатын салықтар есебі.

Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлері негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөлінеді.

Ал өнеркәсіп орындарында қызмет ететіндер мынадай екі топқа бөлінеді:


  1. Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері.

  2. Өнеркәсіптік өндіріске жатпайтын жұмысшылар мен қызметкерлері.

Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.

Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және т.б.



Басшылар қатарына- президент, директор, меңгеруші, т.б. жатады.

Мамандар қатарына- инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар, экономистер, бухгалтерлер және т.б. жатады.

Басқада қызметкерлер қатарына- құжаттарды дайындайтын, есеп және бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын т.б. қызметкерлер жатады.



Бухгалтерлік есепте жұмысшылар мен қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Кәсіпорындардағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың “тізімдегі саны” деп аталады.Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақтының белгіленген кестесін сақтап жүруін бақылау, жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу, еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөнінде статистикалық есеп беру үшін “Жұмыс уақыты есебінің табелінде” жұмыс істеп жүрген барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны- кәсіпорындар мен ұйымдарға қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуға байланысты өзгеріл отырады.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және олардың жұмыс уақтыда есептеледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі- кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандар бөлімі (кадрлар бөлімі) жүргізеді. Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы құжаттарды пайдаланады:


  • Жұмысқа алу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-1;

  • Басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-5;

  • Демалыс берілуі жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-6;

  • Жұмыстан шығарылу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-8;

Жұмысқа бірінші рет орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге

ұйымның мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.



Еңбек кітапшасы мамандар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай-ақ ескертулері, сөгістері және т.б. деректер жазылады.1

Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылар мен қызметткерлердің еңбек кітапшасына төл құжаттарындағы тиісті жазулар жазылып және оған үлгілі түрі Т-12 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкадан жұмысшылар мен қызметкерлердің білімі, жұмыс орны, аты-жөні, ұлты, еңбек стажы, туылған күні, айы және жылы, мекен-жайы, т.б. керекті мәліметтер толтырады.

Кәсіпорындардағы әрбір қызметтке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен қызметкерлерге табельдік нөмірлер беріледі. Бұл нөмір – еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезеңдегі, яғни уақыттағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір жұмыс күні сайын жұмысшылар мен қызметкерлердің, жұмысқа алу, басқа қызметке ауысу бұйрықтары негізінде анықталып отырады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті тізімдегі саны қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебінде табелінің деректеріне сәйкес келуі тиіс. Есеп беретін айдағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа саны сол айдағы күнтізбенің (календардың) әрбір күніндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі санын қосып, яғни 1-нен 30- на дейін немесе 1-нен 31-не дейін (ақпан айында 1-нен 28-не немесе 29-на дейін) мейрам және жұмыс істемейтін, демалыс күндерін қоса алғандағы қосынды санды сандық күнтізбенің (календарлық) күніне бөлу арқылы табады. Демалыс немесе мейрам күні, сондай-ақ басқа да жұмыс істемейтін күндері екі немесе одан да көп қатар болса, жұмыскерлердің тізімдегі саны ол күндердің, әрқайсысына демалыс немесе мейрам күндерінің, сондай-ақ жұмыс істемейтін күндерінің алдыңғы жұмыс күніндегі тізімдегі санына теңеліп алынған.

Толық ай жұмыс істемеген ұйымдарда (құрылыс ұйымдарында, жаңадан іске қосылған ұйымдарда, сондай-ақ маусыммен жұмыс істейтін ұйымдарда) жұмысшылар мен қызметкерлердің ай бойы орташа саны есеп беретін айдағы кәсіпорынның жұмыс істеген күндеріндегі (демалыс және мейрам күндерін қоса есептегенде) жұмысшылар мен қызметкерлердің санының қосындысын сол айдағы күнтізбелік күн санына бөлу арқылы алынады.



Мысалы: кәсіпорын пайдалануға беріліп 2002 жылы 23 қаңтардан бастап жұмыс істейтін болды. Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны бұл ұйымды мынадай:

23 қаңтар күні 420 адам

24 қаңтар күні сенбі (420 адам)

25 қаңтар күні жексенбі (420 адам)

26 қаңтар күні 421 адам

27 қаңтар күні 420 адам

28 қаңтар күні 424 адам

29 қаңтар күні 417 адам

30 қаңтар күні 418 адам

31 қаңтар күні сенбі (418 адам)

Сонымен қаңтар айында жұмыс істеген қызметкерлердің жалпы саны бұл кәсіпорын бойынша 4196 адам. Осы айдың күнтізбесінде күн саны 31 күн. Осыдан кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа осы айдағы саны 4196/31=136 адам.

Тоқсан бойынша ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа саны қаңтар айында 136 адам, ақпан айында 410 адам, наурыз айында 430 адам болды делік. Осыдан бұл кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бір тоқсан бойынша орташа саны 326 адамға тең болады, яғни

(136+410+430)/3=326,

егер ұйым наурыз айынан бастап жұмыс істеген болса,онда ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бір тоқсандағы орташа саны 160 адамға тең болады, яғни

480/3=160

Жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорын бойынша бір жылдық орташа саны осы жылдағы барлық айдағы олардың тізімінің орташа санының қосындысын 12-ге бөлумен анықталады. Егер кәсіпорын толық жыл бойы жұмыс істемеген болса, онда жұмыскерлердің орташа саны жұмыс істеген айлардағы олардың сандарының қосындысын 12-ге бөлу арқылы табылады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіорын бойынша орташа еңбекақысын, еңбек өнімділігін және басқа да орташа шамаларын анықтау үшін “орташа еңбекақы” және басқа да орташа шамаларды есептеп шығаруға қолданатын жұмысшылар мен қызметкерлердің саны деген көрсеткіш қолданылады.

Бұл көрсеткішті табу үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамдық тізімдік санынан жұмысшылар мен қызметкерлердің кейбір санаттарына (категорияларына) жататын адамдардың санын алып тастау керек. Ондай жұмысшылар мен қызметкерлердің қатарына жататындар:



  • Жүкті (екі қабат) және босануға байланысты демалыстағы әйелдер, сондай-ақ бала асырап алған әйелдер;

  • Заңда қаралған жасқа дейін баланы қарауға демалыс алған әйелдер (ер адамдар);

  • Оқу демалысындағы еңбекақылары түгел, жартылай сақталған, немесе сақталмаған жұмысшылар мен қызметкерлер, сондай-ақ жоғары және арнаулы оқу орындарына түсуге емтихан тапсыру үшін еңбекақысы сақталмай жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлер;

  • әкімшіліктің ұйғарымы бойынша еңбекақысы сақталмай демалысқа кеткен жұмысшылар мен қызметкерлер және басқалар.

Кәсіпорындағы орташа еңбекақыны табу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлер санын анықтау барысында нақтылы жұмыс істегеніне қарай үйлесімді (попорционалды) түрде күніне немесе аптасына толық жұмыс істемейтін жұмысшылар мен қызметкерлер кіргізіледі. Алдымен жұмыс істеген адам /күні табылады. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің барлық жұмыс істеген сағатына, белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығына бөлінеді. Содан кейін барлық жұмыс істеген сағатын, күнін, айлық күнтізбелік күнге бөлу арқылы жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлердің саны табылады.

Орташа еңбекақын есептеу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамына (қатарына) үйде отырып жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлер де кіреді. Олардың саны ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген айлық еңбекақы қорының сомасын сол ұйымда негізгі қызметті атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің есепті айдағы орташа еңбекақысына бөлу арқылы анықталады.



Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері, оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерімен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрлардың дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі.

следующая страница>


Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде шаруашылықтарда еңбек тәртібін күшейту, өндірілген өнімнің өзіндік құнын арзандату, еңбек өнімділігін арттыру үшін еңбек және еңбекақы есебінің маңызы өте зор

Жұмысшылар мен еңбекшілердің негізгі өмір сүрулерінің көздері болып еңбекақы есептелінеді

982.78kb.

17 12 2014
4 стр.


I. Еңбек ақының теориялық негізі Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру қағидалары

Еңбек ақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді

484.56kb.

25 12 2014
3 стр.


Мазмұны кіріспе нарықТЫҚ экономика жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру негіздері

Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін

654.85kb.

15 12 2014
3 стр.


001 «Әлеуметтiк-еңбек сала кадрларының біліктілігін арттыру бойынша қызметтер» бағдарламасының республикалық бюджеттiк iшкi бағдарламасына Азаматтық бюджет

«Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің сұрақтары» Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің

179.03kb.

09 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын, халықты жұмыспен қамтуды және әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу саласындағы жан-жақты халықаралық келісімдер тізбесі

Халықаралық Еңбек Ұйымының мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы №29 конвенциясы

2502.27kb.

14 12 2014
14 стр.


3 І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі

Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру

666.04kb.

25 12 2014
3 стр.


Үлгілік нормалар мен еңбек нормативтерін бекіту туралы

Еңбек кодексінің 117-бабы 2-тармағына сәйкес және еңбекті нормалауды жетілдіру мақсатында, БҰйырамын

7.78kb.

12 09 2014
1 стр.


Үлгілік нормалар мен еңбек нормативтерін бекіту туралы

Еңбек кодексінің 117-бабы 2-тармағына сәйкес және еңбекті нормалауды жетілдіру мақсатында, БҰйырамын

454.05kb.

25 12 2014
3 стр.