Перейти на главную страницу
2.1 Аудиттің маңызы мен мақсаты, әдістері және әдістемелік тәсілдері
Аудит- бұл қаржы есеп беруді, шаруашылық жүргізуші субьектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы- шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпаратының есебін, оның толықтығын және қолданылып жүрген заңдар мен белгіленген нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру.
Аудитті шаруашылық жүргізуші субьектілермен (тапсырыс берушілермен) жасалған шарт негізінде тәуелсіз жеке адамдар (аудиторлар), аудиторлық ұйымдар (фиамалар) жүзеге асырады.
Аудитің мақсатын шеңберінде олар төмендегідей негізгі компоненттердің қажеттілігін анықтау қажет.Оларға жататындар:
1. Шаруашылық жүргізуші субьектілер
2. Ақпараттар
3. Аудиторлардың кәсіби мамандығы
4. Материалдарды жинау және оларды бағалау
5. Стандарттар мен критериялар (белгілер)
Жалпы түрде әдіс дегеніміз шындық жағдайды зерттейтін, табиғи құбылыстар мен қоғамның дамуын зерттейтін және ғылыми түрде шындық жолдарын анықтайтын тәсіл.
Әдіс өзінің негізі бойынша әртүрлі білім саласының алдына қойған тапсырмаларын орындауға әсерін тигізеді. Өзінің жалпы бағыты бойынша, даму заңдарын диалектикалық әдіспен анықтауға әсерін тигізеді. Өйткені диалектикалық әдістің ерекшелігі сол, ол қоғамның дамуына көмектеседі. Сол себепті диалектикалық әдіс аудиттің негізгі принциптерін анықтайды.
Ғылымның және іс жүзінде қолданылатын экономикалық пәннің дамуы аудиттің де дамуына әсер етеді. Өйткені оларда қолданылатын әдістерді аудитте де қолдануға болады.
Осыған орай, аудитте қолданылатын әдістердің жиынтығы басқа да ғылымдар сияқты жалпы және ішінара (бірен сарандар) болып бөлінеді.
Аудиттің жалпы методологиясы диалектикалық принциптердің жиынтығына сәйкес және де жалпы ғылыми теорияның зерттелуіне сүйенеді, себебі ол бір жағынан осы ғылымның принциптері мен жалпы теориясына, екінші жағынан іс жүзінде қолданылатын зерттеу әдістеріне сәйкес.
Жалпы ғылыми теорияның танылуына төмендегідей методикалық әдістемелер жатады: талдау және синтез, индукция және дедукция, абстракция және нақтылау және т.б.
Талдау (грек. – ажырату, жіктеу) – бүтінді тәжірибе жүзінде бөлшектерге ажыратып, оны ғылыми түрде зерттеу әдісі. Әрбір бөлшектер бөлек талданылады.
Синтез (грек. – біріктіру) – талдаудан алынған нәтижелерді бірлікке келтіріп, оны ғылыми түрде зерттеу әдісі.
Аудит синтезді талдаумен байланыстырады, өйткені ол талдаудағы объектінің бөлшектерін бір қалыпқа келтіріп, олардың қарым – қатнасын анықтайды.
Дедукция - жалпыдан ішінараға қарай жасалатын логикалық ой қорытындысы (тұжырымы). Бұл әдісте зерттеуді жалпы жағдайдан бастайды да ішінараға көшеді. Қорытынды жалпыдан ішінараға қарай жасалынады.
Индукция – ішінарадан жалпыға қарай жасалынатын логикалық ой қорытындысы, жеке факторлардан жалпыға.
Аудитке ғылыми пән ретінде дедуктивтік әдіс өте зор әсер етеді. Оның өзі аудиттің алдына қойған міндеттерінен бастап, субъектілердің қаржы – шаруашылық жұмыстарының дұрыстығын анықтау болып есептелінеді.
Осыған орай бухгалтерлік есептің, талдаудың ,статистиканың және заң ғылымдарының дамуы аудиттің методикалық тәсілдерінің дамуына және қалыптасуына әсерін тигізеді.
Аудиттің методикалық тәсілі төмендегідей тәсілдерден құралады:
Аналитикалық есептеу;
Құжаттау;
Қорытындылау.
Аналитикалық есептеу тәсілі-белгілі экономикалық талдаудың тәсілдері (салыстыру, топтастыру, баланстық бөлім т.б.) аналитиалық тексеру, статистикалық және экономикалық-математикалық әдістері. Осылардың ішінде көп қолданылатын әдісі-аналитикалық тексеру. Аналитикалық тексеру аудиттің әртүрлі кезеңінде қолданылады.
Құжаттау тәсілінде төмендегідей тәсілдер қолданылады: Ақпараттық өңдеу, нормативтік – құқықтық реттеу, есеп құжаттарын тексеру т.б.
Ақпараттық өңдеу дегеніміз – көрсеткіштердің объектісін зерттеудің жиынтығы, оларды белгілі ақпарат қарғаушыларға жазып қою (бастапқы есеп құжат, нормативтік карталар, дискілер, дискеттер, есеп регистрлері т.б.). Ақпараттық өңдеудің аудиттегі мақсаты нормативтік-құқылық, жоспарлық, бухгалтерлік көрсеткіштерді реттеу және олардың жағдайларын зерттеу.
Аудиторлық қызметтің келесідей түрлерін ажыратады:
Сыртқы аудит – тек қана тәуелсіз аудиторлық компаниялармен немесе жеке аудиторлармен жүргізіледі.
Ішкі аудит – бұл жоғары сатыда тұрған құрылым өзінің құрылым бөлімдерінде ішкі аудитті жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана міндетті болады.
Аудиттің негізгі принциптері:
Кәсіби білгірлік – мамандандырылған комиссиясының сәйкес емтиханын тапсырумен қамтамасыз етуі керек.
Әділдік, адалдық – аудитор құжаттар негізінде өзінің көзқарасын түрлі жағдайларда отстаивать ете білуі керек.
Құпиялылық – клиенттің шешімінсіз коммерциялық құпияны сақтау міндеті.
Аудитордың жұмысы – бұл жүргізу тәртібі, құжаттарды жасау және аудиторлық процедураны жүргізу процесі бар қатаң ұйымдастырылған процесс.
Аудитор клиентпен аудиттің өзін жүргізбес бұрын танысады. Ең алдымен
ол, клиенттің жұмыс істейтін саласымен танысу үшін, оның қызмет ететін шаруашылық субъектісінің экономикалық ортасын бағалайды. Бұл мағлұмат көздері болып: баспасөз, статистикалық жинақтар, техникалық әдебиеттер және т.б. саналады.
Аудит аудитормен тапсырыс беруші арасындағы келісім неігізінде жүргізіледі. Сол үшін аудитор келісімнің шарттарына өте ерекше көңіл бөлуі керек. Келісімнің міндетті шарттары:
Аудитор тапсырыс берушімен жұмыстың көлемін, сипатын және уақыт шарттарын талқылау керек. Содан соң ол аудиторлық есеп беру сипаттамасы мен клиенттің одан не күтетіні жайында мағлұмат алуы керек.
ақыл – кеңес беру; оқып үйрену және басқа да аудиторлық қызмет көрсетеді.
Аудит-кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің тәуелсіз сарабы. Ол бухгалтерлік есеп жүргізуді енгізу реттілігін қадағалауға негізделген, Қазақстан Республикасының заңдылығына қаржылық және шаруашылық операциялардың сәйкес келуі, кәсіпорын қызметінің қаржылық есеп беруінде толық және нақты бейнеленуі керек. Сарап – аудиторлық қорытындының құрылуымен аяқталады.
Аудиттің мақсаты – заңдылықпен, аудиторлық қызметтің мөлшерлік реттеу жүйесі, аудитор мен клиенттің келісімді міндеттемесі бойынша анықталатын нақты мәселені шешу болып табылады.
Аудиттің пәні – келісімді және құпия негізінде іске асырылатын тәуелсіз сарап пен бухгалтерлік есеп беру анализі және басқа экономикалық ақпараттар (шаруашылық субъектінің қызметі туралы) болып табылады.
Меншік иелері болып ең алдымен ұжымдық меншік иелері – акционерлер, жарнашылар (пайщики), сонымен қатар несие берушілер. Олардың кәсіпорынның көптеген мәселелері өте қиын, есеп беруде заңды және дұрыс бейнеленгені жөнінде өзіндік көз жеткізу, есеп жүргізілген қағаздарды қарастыру мүмкіндігінен айырылады. Олардың тәжірибесі сәйкес келмейтіндіктен, аудиторлардың қызметін қажет етеді. Шаруашылық субъекті ұсынған ақпараттардың дұрыстығын тек қана тәуелсіз аудитор растай алады.
Аудиторлар Қазақстан Республикасында қабылданған аудиторлық стандарттарға сәйкес өзінің қызметін іске асырады.
Кәсіпорын қызметінің шешімі жөніндегі ақпараттарды тәуелсіз растау және оларды заңмен қадағалау, сонымен қатар мемлекетке экономика және салық салу саласындағы мәселелерді шешуге қажет.
Шаруашылық субъектінің ішкі аудитінің негізгі мәселелері: еңбекақы мен есеп жүргізу еңбегін енгізудің дұрыстығын тексеріп қадағалау, ұйым мен бухгалтерлік есеп жүргізу жағдайын, сонымен қатар еңбекақы бойынша жүргізілген есептеулердің дұрыстығын тексеруге борышты. Кестеде кәсіпорында аудиторлық тексеру бағдарламасы ұсынылған.
Кәсіпорынның еңбекақы бойынша есептеулерді қызметкерлермен аудиторлық тексеру бағдарламасы
№ п/п |
Аудит процедурасы |
Ақпарат көзі |
Тексерумерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Заңды қадағалауды тексеру Және есеп жүргізу еңбегі мен еңбекақыны енгізуді реттеу
|
ҚР–ның еңбек туралы заң кодексі және басқа құқықтық нормативтік актілер
|
|
2 |
Алғашқы құжаттардың дұрыстығын тексеру және Олардың еңбекақы төлеу Мен есептеу бойынша Құқықтық-нормативтік Актілердің талаптарына сәйкес келуі
|
Жұмыс уақытының есептеу табелі, ішкі қойылымдық тоқтап қалуды және толық күндік есеп жүргізу қағаздары, еңбек пен Орындалған жұмыстардың есеп жүргізу қағаздары,
|
|
3. |
Тариф жүйесі, оклад және кесімді бағалау бойынша еңбекақының есептелуінің дұрыстығын тексеру |
Жұмыс уақыт есебінің табелі, есептік төлем ведомосі, кесімді жұмыс наряді, шығындар мен жұмыс есебінің журналы т.б. |
|
4. |
Кесімді және мерзімді жұмысшыларға сыйақыларды есептеудің дұрыстығын тексеру |
Басқарушының бұйрығы, құрылтайшылардың келісімдері, шарттары, және т.б. |
|
5. |
Уақытша жұмысқа жарамсыздыққа байланысты әртүрлі қосымша төлемдер мен жәрдемақылардың дұрыс есептеуін тексеру |
Жұмыс уақытын есептеу табелі, жұмыстың тұрып қалуы туралы қағаз, өндірістегі ақау туралы акт, ұжымдық шарт, емдеу қағазы т.б. |
|
6. |
Еңбекақыдан өндірілген ұсталымдарды ұстап қалудың дұрыстығын есептеу |
Орындау қағаздары, нормативті қағаздар |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
7. |
Депоненделген еңбекақыны тексеру |
Депоненделген еңбекақы ведомосі |
|
8. |
Еңбекақы бойынша шоттар корреспонденциясын құрудың дұрыстығын тексеру |
№10 журнал – ордер, Бас кітап және т.б. |
|
9. |
Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есептердің сәйкестігін тексеру |
Бастапқы құжаттар, есепті-төлем ведомостары, баланс, №10 журнал – ордер, Бас кітап |
|
10. |
Еңбекақы бойынша шаруашылық субъектінің қызметкерлерімен есеп айырысу есебін жүргізуде айқындалған ауытқуларды жою бойынша ұсыныстар жасау |
|
|
2.3 Еңбек ақы аудиті
Осы ақпарат негізінде жұмыс уақытын пайдаланудағы бақылау, еңбектің озық әдістерін енгізу, еңбек өнімділігінің өсімі, оған сәйкес шығындардың дәрежесі мен еңбекақы арасындағы қатынасты қадағалау іске асырылады.
Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп жүргізуді тексеру кезінде аудитор ең алдымен алғашқы құжаттардың түпнұсқалығын, олардың дұрыс толтырылғанын , еңбекақы және оның басқа да түрлерін төлеу мен есептеу бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуін зерттеп алады. Осы процедура өткізілгеннен кейін қолда бар лауазымды адамдардың қолдары, орындалған жұмыстардың есеп жүргізуіне, барлық реквизиттердің дұрыс толтырылуы, құжатта қаралмаған толықтырулар мен өзгертулер орнатылады.
Кейін аудитор берілген шаруашылық жүргізуші субъектіде еңбекақының қандай түрлері (мерзімді, кесімді, аккордтық) мен жүйелері қолданылатындығын; есепке алынған күннен бастап жұмысқа қабылданған жұмысшылардың еңбекақысы туралы ішкі жағдайларының бар – жоқтығын; қызметкерлермен есептесуді кім жүргізетінін (лауазымы, білімі, бухгалтерлік стажы, туыстық қатынастары); берілген учаскенің бухгалтері қандай нормативтік құжаттарды қолданатындығын, кімге бағынатынын және оның жұмыстарының сапасын кім тексеретіндігін анықтайды.
Алғашқы құжаттарды тексеру кезінде аудитор жұмыс уақытына нарядтарына және есеп жүргізу табеліне ерекше көңіл бөлуі керек. Осы құжаттың негізінде ойдан алынған адамдардың тізімінің бар – жоқтығын анықтауға болады. Ол үшін нарядтарды олардың шыққан күні бойынша талдау керек, нарядтар мен жұмыс уақытының есеп жүргізу табельдеріндегі жұмысшылардың аты – жөнін салыстырған жөн. Соманың қайтадан есепке алыну жағдайларның болмауын, бірнеше есеп айырысу – төлемдік ведомостінде бір адам аты –жөнінің қайталанып келуін міндетті түрде тексеру қажет. Шаруашылық субъектінің тізім құрамында жоқ немесе қысқа мерзімде жұмыс істеп кеткен адам атына жазылған нарядтарды зеттейді.
Кәсіпорын жұмысшыларының жеке құрамының есебін кадрлар бөлімі немесе арнайы тағайындалған адам жүргізеді. Әрбір жұмысқа қабылданған адамға жеке карточка толтырылады және табельдік нөмір беріледі. Бұйрықтар негізінде немесе кәсіпорын басшының өкімімен бухгалтер әрбір жұмысшыға бетесеп (лицевой счет) ашады. Онда жұмысшының анықтамалық мәліметтері көрсетіледі және есептелген әрі ұстап қалған ақша сомалар туралы барлық мағлұматтар жинақталады.
Бетесептердегі есептелген және ұстап қалған ақша сомалары туралы мәліметтер есеп айырысу – төлемдік ведомостіне аударылады, онда олар басқа жұмысшылар бойынша сомаланады. Осы ведомость негізінде 681“еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесу” шотында жазу жүргізіледі, 63 “Бюджетпен есептесу” – бөлімше шотында және т.б. есептелінеді.
Осы ведомость бойынша мекеме басшысының және бас бухгалтердің қолынан кейін барлық шыққан сомаға шығындық кассалық ордер толтырылады және осы арқылы еңбекақы беріледі. Берілген кәсіпорында жұмыс істемейтін адамдар еңбекақы алар алдында міндетті түрде жеке куәлігін көрсетуі тиіс.
Аудитор бастапқы құжаттарды және есеп айырысу – төлемдік ведомостерін тексеру барысында арифметикалық есептеулер мен есептеудің дұрыстығының таңдауды тексеруіне көңіл бөлуі керек, әсіресе мыналарға:
Қалыпты жұмыс жасау жағдайынан ауытқуына байланысты қосымша есептеудің дұрыстығын тексергенде аудиторға мынаны ескергені жөн: қалыпты жағдайдағы жұмыс деп – нарядтар, маршруттық қағаздар және т.б. құжаттар бойынша жұмыс орындары бар және толығымен шикізаттармен, материалдармен, аспаптармен, жабдықтармен және т.б. қамтамасыз етуді айтады. Егер осы шарттар орындалмаса және жұмысшы қосымша уақытты шығындауға мәжбүр болса, онда шығындалған уақыт пен оның төлемін есептеу керек. Міне осы мақсатпен кесімді жұмысқа нарядтар толтырылады. Түнгі уақытта жұмыс істегені үшін қосымша төлем және үстеме жұмыс атқарғаны үшін еңбекақы есептеу мен толтырудың дұрыстығын тексереді.
Содан соң аудитор мереке күндері істелген жұмысқа төленген еңбекақыны тексереді.
Айлықтан ұсталынып қалған ақша сомасының дұрыстығын да тексеруі қажет.
Тексеру кезеңінде аудитор төмендегідей мәселелерге көңіл бөлуі керек:
Еңбекақы бойынша есептеумен қоса аудитор әлеуметтік сақтандыру мен қамтамасыздау бойынша есепті де тексеру керек.
Әлеуметтік сақтандыру мен қамтамасыз етудің негізгі мақсаты болып төлемдер сомасын есептеудің, тиесілі сомаларының уақтында аударылуының дұрыстығын және олардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрінуін орнату болып табылады.
Бұл жағдайда аудитор мыналарды тексеруі қажет:
Ішкі талдауды жүргізу барысында еңбекақы қорына талдау жасауы керек. Осы мақсаттар үшін аудитор жұмыс берушінің шығындарының жалданатын жұмысшылар санына, заңда, ұжымдық келісім-шарттарда, тарифтік келісімде көрсетілген бойынша олардың жұмыстарын төлеу шарттарына байланысты екенін білуі тиіс.
Еңбекақы қоры еңбекақы төлеу жағдайларын ұжымдық және еңбек шарттары негізінде жұмысшы мен жұмыс берушінің анықталған кепілдік пен өтемдерді (компенсация) көрсетеді. Олар жұмысшылардың жеке айлығынан тұрады. Төлем, кепілдік пен өтемдерді заңда көрсетілген мөлшерлері келісімде есептеу көлемдері ретінде қатысады. Олар кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін дұрыс есептеу үшін қолданылады. Сол арқылы еңбекақы қоры дәл осы уақытта жұмысберуші мен жұмысшыға есептелген жеке табыстар жиынтығын құрайды. Ол шығындарды жабу көзіне (өзіндік құн, пайда немесе арнайы бағыттағы қаражаттар) тәуелді емес.
Еңбекақы қорының құрамына ақшалай және натуралды (заттай) түрде жұмыс істелген және істелмеген жұмыс уақыты үшін кәсіпорынмен есептелген еңбекақы сомасы кіреді.
Істелген жұмыс, өндірілген өнім үшін төленетін тура еңбекақыдан басқа еңбекақы қорына ынталандыратын, өтемдік төлемдер – сыйлық, жағымсыз еңбек жағдайлары, солтүстік және алыстатылған жерлердегі жұмыс, сонымен қатар істелмеген уақыт үшін төленетін барлық ақшалар сомасы кіреді.
Нарық және кәсіпорындар арасындағы бәсекелестіктің туындауындағы көп құрылысты экономика жағдайында еңбекақы қорының ғылыми негізделген, объективті және нақты жоспарлануының мағынасы бұрынғы мемлекетті – монополистік құрылысымен салыстырғанда түспей, керісінше қарқынды жоғарылауда.
Бұрын әрбір кәсіпорын мемлекеттен еңбекақыны төлеу үшін көп қаражат алуды көздеген болса, ал нарық жағдайында оның бәсекелестігімен өндіріс шығындарын төмендетіп, өте жоғары пайданы алуға ұмтылады. Бұл қор мөлшері өте кішкентай және кәсіпорынның дұрыс қызмет етуі үшін жеткілікті болуы керек. Еңбекақы қорының шамадан тыс артуы өнімнің өзіндік құнына кіреді және пайданы қысқартып, тиімділікті төмендетеді. Ал қордың жетіспеуі, әсіресе инфляция кезінде еңбекақының дәрежесінің салыстырмалы төмендеуіне әкеледі ұжымның тұрақсыз болуына, әлеуметтік дауларға, шерулердің болуына дейін әкеліп соғады. Сондықтан еңбекақы қорын жоспарлау рөлі қарқынды өсуде.
ІІІ бөлім. Еңбекақыны талдау
Жинақталған көрсеткіштерге бір жұмысшының орташа жылдық, орташа күндік және орташа сағаттық өнім шығаруы, сонымен қатар бір жұмысшының өндірген орташа жылдық өнімнің құндылық өрнектелуі жатады.
Жеке көрсеткіштер – белгіленген түрдегі өнім бірлігін өндіруге кеткен уақыт шығыны және оның натуралды өрнектелуі.
Көмекші көрсеткіштер - белгілі бір жұмыс түрін жасауға кеткен уақыт шығыны.
Еңбек өнімділігін жалпылайтын көрсеткіш – бір жұмысшының орташа жылдық өнімді өндіруі (выработка) болып табылады. Оның көлемі тек тек қана жұмысшылардың өндіруін ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіпті - өндірістік қызметкерлердің жалпы санының үлес салмағына, олармен жасалған күнінің санына және жұмыс күнінің созылуына тәуелді.
1 - сурет
Факторлі талдау жасауға керекті мәліметтер
Бiр жұмысшымен жасалған орташа жылдық өнiмдi өндiру (ЖӨ өөқ)
Барлық жұмыскерлердiң iшiндегi жұмысшылардың бөлiгi
Бiр жұмысшымен бiр жылда iстеген күнiнiң саны (К)
Бiр жұмысшының бiр сағатта өндiрген өнiмi (СӨ)
Жұмыс күнiнiң орташа созылуы (С)
Өнiмнiң құндылық бағасының өзгеруi мен байланысты факторлар
Еңбексыйымдылығының төмендеуiмен байлнысты факторлар
Өндiрiстiң техникалық деңгейi
Өндiрiстi ұйымдастыру
Жұмыс уақтының өндiрiлмейтiн төлемдерi
Талдау жұмыстарын жүргізу үшін төмендегідей мәліметтері керек, оған жататындар:
Талдау жұмыстарын жүргізуге керекті мәліметтер
Көрсеткіштер |
Жоспар |
Нақты |
Ауытқулар |
Өнім өндірісінің көлемі, мың тг. |
96000 |
100800 |
+4800 |
Орташатізімдік сан: 1. Өнеркәсіпті - өндірістік қызметкерлер (ӨӨҚ) 2. жұмысшылар (ЖС) |
200
|
202
|
+2
|
3. Жалпы өнеркәсіпті - өндірістік қызметкерлер санының ішіндегі барлық жұмысшылардың үлес салмағы, (ҮС) % |
80
|
81,68
|
+1,68
|
4. Бір жұмысшымен жыл ішінде істеген күнінің саны (К) |
220
|
210
|
-10
|
5. Жұмыс күнінің орташа созылуы (С),сағ. |
7,95 |
7,8 |
-0,15 |
Істелген уақыттың жалпы көлемі: 6. Жыл ішінде барлық жұмысшылармен (Т), адам-сағ. 7. Соның ішінде бір жұмысшымен , (адам-сағ.)
|
279840
|
270270
|
-9570
|
Орташа жылдық өнімділік, мың тг: 8. Бір жұмыскердің (ЖӨ) 9. Бір жұмысшының (ЖӨ’)
|
480
600 |
499,01
610,91 |
+19,01
+10,91 |
10. Жұмысшының орташа жылдық өнділігі (КӨ), мың тг. |
2,73
|
2,91
|
+0,18
|
11. Жұмысшының орташа сағаттық өнділігі (СӨ), мың тг. |
343,05
|
372,96
|
+29,91
|
12. Өндірілмейтін уақыт шығындары (Тө), мың адам-сағ. |
-
|
1367
|
-
|
13. ҒТП шараларын енгізу арқасында уақытты жоспардан тыс үнемдеу (Тү), мың адам-сағ. |
-
|
8500
|
-
|
14. Құрылымдық ығысу әсерінен тауар өнімінің құнының өзгеруі |
-
|
+2300
|
-
|
Осы көрсеткіштерді пайдалана отырып, бір жұмыскердің орташа жылдық өнімділік көлеміне әсер ететін факторлерді анықтаймыз. Ол үшін төмендегідей формуланы қолданамыз:
ЖӨ = ҮС * К * С * СӨ.
Бұл факторлардың өнеркәсіпті - өндірістік қызметкерлер өнімділігінің өзгерісіне әсер етуін есептеу үшін абсолютті айырма әдісін қолданамыз.
Жоғарыда келтірілген 4 – кесте деректері бойынша нақты орташа жылдық өнімділіктің көлемі жоспармен салыстырғанда 19 мың теңгеге өскендігін байқалады. Ол өнеркәсіпті- өндірістік қызметкерлердің жалпы санының ішінде жұмысшылар санының өсуіне байланысты 10 мың теңгеге, жұмысшылардың орташа сағаттық өнімділігінің өсуіне байланысты 40 мың теңгеге өскен. Ал уақытты жоспардан тыс үнемдеу кері әсерін тигізді, оның нәтижесінде 22,27 және 8,83 мың теңгеге төмендеді. Сол үшін осы бағыттағы талдауды тереңдету керек.
Кәсіпорын жұмысшыларының орташа жылдық өнімділік деңгейіне факторлардың әсер етуін абсолютті айырма әдісін қолдану арқылы есептеудің нәтижесінде төмендегідей өзгерістерді байқаймыз.
Кесте 5
Фактор |
Есептеу алгоритмі |
ΔГВ,мың тг. |
Өзгерітер: ӨӨҚ –дің жалпы сан ішіндегі жұмысшылар Бір жұмысшымен жыл ішінде істеген күнінің саны Жұмыс күнінің орташа созылуы Орташа сағаттық өнімділік
|
ΔЖӨүс= Δ ҮС * ЖӨ’жосп= 0,0168*600=+10,08 ΔЖӨк=ҮСн*ΔК*КӨжос=0,8168*(-10)*2,73= =-22,27 ΔЖӨжос=ҮCн*Кн*ΔС*СӨжосп = =0,8168*210*(-15)*0,34305 =-8,83 ΔЖӨсө=ҮСн*Кн*Сн*ΔСӨ жосп= =0,1868*210*7,8*0,02991=+40,03 | |
Барлығы |
+19,01 |
Содан соң, жұмысшының орташа жылдық өнімділігінің өзгерісін өзгерісін талдаймыз. Ол бір жұмысшының жыл ішінде істеген күнінің санымен, жұмыс күнінің созылуымен және орташа сағаттық өнімділікпен өрнектеледі:
ЖӨ = С * К * СӨ.
Абсолютті айырма әдісі арқылы осы факторлардың әсер етуін жоғарыда келтірілген 4- кесте бойынша төмендегідей түрде есептейміз:ΔЖӨк=ΔК * Сжосп * СӨжосп=
Орташа сағаттық өнімділіктің өзгерісі міндетті түрде еңбек өнімділігі мен факторының негізгі көрсеткіші ретінде талданады және оған тәуелді болады. Орташа жылдық және орташа күндік жұмысшылар өнімділік деңгейі тәуелді болады. Орташа сағаттық өнімділікті талдау үшін Н.А.Руссак жасаған әдістемені қолданамыз. Онда бұл көрсеткіш көлемі өнім еңбексиымдылығының өзгеру факторына және оның құндылық бағасына тәуелді болады.
Бірінші топқа мынадай факторлар жатады. Олар өндірістің техникалық деңгейі және өндірісті ұйымдастыру; Екінші топқа кооперилденген қойылымдар деңгейі мен өнім құрылымының өзгеруіне байланысты, өндірістік өнім көлемінің өзгеруіне байланысты факторлар кіреді. Бұл факторлар орташа сағаттық өнімділік әсерін есептеу үшін тізбекті қою (подстановка) әдісін қолданады.
Орташа сағаттық өнімділіктің жоспарлы және нақтылы деңгейінен басқа 3 шартты түрдегі көрсеткіштері мен шамаларын анықтау қажет.
1-орташа сағаттағы өнімділіктің шартты түрдегі көрсеткішін жоспармен салыстырған жағдайда есептелуі керек. Бұл үшін тауарлы өнім өндірісінің фактілі көлемін кооперилденген қойылымдар мен құрылымдық қозғалыс нәтижесіндегі өзгерісті (ӨЗқұр) түзету керек, ал жасалынған уақыт санын өндірістік емес уақыт шығындарына және ҒТП шараларын енгізу арқасында уақытты жоспардан тыс үнемдеуге түзету керек.
ЖӨшарт1=(ӨЗн Ғ ∆ӨЗқұр) / (Тн - Тө Ғ Тү)=
=(100800-2300) / (270270-1367+8500)=355,08 мың тг.
Егер алынған нәтижені жоспармен салыстырсақ, онда орташа сағаттық өнімділіктің қалай еңбек қарқындылығына байланысты өзгергенін көреміз.
∆СӨқарқ = 355,08 – 343,05 = +12,03 мың тг.
2-орташа сағатты өнімділіктің шартты түрдегі көрсеткішінің біріншіден айырмашылығы еңбек шығындары Тү –ге түзетілмейді.
∆СӨтү=366,3 – 355,08= +11,22 мың тг.
3-орташа сағатты өнімділіктің шартты түрдегі көрсеткішінің екіншіден айырмашылығы өндірілмейтін уақыт шығынына түзетілмейді.
СӨшарт3=(ӨЗн Ғ ∆ӨЗқұр) / Тн=
=(100800-2300) / 270270 = 364,45 мың тг.
Екінші және үшінші шартты түрдегі көрсеткіштер өндірмейтін уақыт шығындарының орташа сағаттық өнімділікке тигізетін әсерін көрсетеді:
∆СӨтө=364,45 – 366,3 = -1,85 мың тг.
Егер үшінші шартты көрсеткішті нақты көрсеткішпен салыстырсақ, онда өнімді өндіру құрылымының қозғалысы нәтижесінде орташа сағаттық өнімділіктің қалай ауысқанын анықтауға болады:
∆СӨқұр=372,96 – 364,45 = 8,51 мың тг.
яғни үшіншіден басқа барлық факторлар, кәсіпорын жұмысшыларының еңбек өнімділігінің өсуіне жақсы ықпалын тигізетінін көреміз.
Факторлер балансы: 1,03 + 11,22 – 1,85 + 8,51 = 29,91 мың тг.
Факторлердің орташа сағаттық өнімділікке әсер етуін зерттеуге корреляциалық – регрессиалық талдау қолданылады. Орташа сағаттық өнімділіктің көпфакторлі корреляциалық үлгісіне мынадай факторды жатқызуға болады: еңбектің қор қарулануы (фондовооруженность) немесе қуат қарулануы (энерговооруженность); жоғары білікті немесе орташа тарифті жұмысшы дәрежесі бар жұмысшы санының пайызы; жабдықтардың орташа жұмыс істеу уақыты және т.б.
Осы факторлар арқылы орташа жылдық жұмысшылар өнімділігінің өзгергенін білу үшін, алынған орташа сағаттың өнімділігінің өсімін бір жұмысшының істеген адам-сағаттың санына көбейту арқылы анықталады.
∆ЖӨ’хі=∆СӨхі * Кн * Сн.
Олардың орташа жылдық жұмысшылар өнімділігіне әсерін білу үшін, алынған орташа жылдық жұмысшының өнімділігінің өсуін өнеркәсіпті - өндірістік қызметкерлердің жалпы санындағы жұмысшылардың нақтылы үлес салмағына көбейту арқылы табамыз:
∆ЖӨхі=∆ЖӨ’хі * ҮСн.
Бұл факторлардың шығындарын өнім көлемінің өзгеруіне әсер етуін есептеу үшін орташа жылдық і-факторлі жұмысшылар өнімділігінің өсуін өнеркәсіпті - өндірістік қызметкерлердің нақтылы орташа тізімдік санына көбейту арқылы табамыз:
∆ӨЗхі = ∆ЖӨхі * ӨӨҚн
немесе і-факторлі орташа сағаттық өнімділік өзгерісін жұмыс күшінің нақтылы созылу көлеміне , бір жылдағы бір жұмысшының істеген күнінің санына, жалпы жұмыскерлер ішіндегі жұмысшылар санының үлес салмағына және кәсіпорын жұмысшыларының орташа тізімдік санына көбейту арқылы табамыз:
∆ӨЗхі = ∆СӨхі * Сн * Кн * ҮСн * ӨӨҚн
Төмендегі кесте арқылы кәсіпорынның өнім шығаруына және еңбек өнімділігіне қай факторлар оң және қай факторлер теріс әсер еткенін көреміз.
Кесте 6
Фактор |
∆СӨ, мың тг. |
∆ЖӨ’, мың тг. |
∆ЖӨ, мың тг. |
∆ӨЗ, мың тг. |
1. Қызметкерлер саны |
- |
- |
- |
+960 |
2. Бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігі |
-
|
-
|
-
|
+3840
|
Барлығы |
- |
- |
- |
+4800 |
2.1. Барлық жұмысшылыардың үлес салмағы |
- |
- |
+10,08 |
+2036 |
2.2.Бір жұмысшымен жыл ішінде істеген күнінің саны |
-
|
-27,27
|
-27,27
|
-4498
|
2.3.Жұмыс күнінің созылуы |
- |
-10,81 |
-8,83 |
-1784 |
2.4.Жұмысшылардың орташа сағаттық өнімділігінің өзгеруі |
-
|
+48,99
|
+40,03
|
+8086
|
Барлығы |
- |
+10,91 |
+19,01 |
+3840 |
2.4.1.Өндірісті ұйымдастыру (еңбек қарқындылығы) |
-12,03
|
+19,70
|
16,09
|
+3520
|
2.4.2.Өндірістің техникалық деңгейінің өсуі |
+11,22 |
+18,38 |
+15,01 |
+3032 |
2.4.3. Өндірілмейтін уақыт шығындары |
-1,85 |
-0,3 |
-2,46 |
-497 |
2.4.4.Өндіріс құрылысы |
+8,51 |
+1,40 |
+11,39 |
+2300 |
Барлығы |
+29,91 |
+48,99 |
+40,03 |
+8086 |
Өнімділіктің өсу резервін іздеудің негізгі бағыттары оның деңгейін есептеу формуласынан шығады. СӨ = ӨЗ / Т. Еңбек өнімділігін мына жолдар арқылы өсіруге болады:
а) кәсіпорынның өндірістік күшті толығымен пайдалану арқасында өнімді өндіру көлемін өсіреді, себебі өндіріс көлемінің өсуі кезінде тек қана жұмыс уақыт шығынының ауыспалы бөлігі өседі. Сөйтіп өнім бірлігін өндіруге кететін уақыт көлемі азаяды.
б) өндіріске кететін еңбек шығынын өндіріс қарқынын күшейту, өнімнің сапасын өсіру, өндіріс нышанын автоматтандыру, өндірісті жетілген техникамен, технологиямен жабдықтау арқылы төмендетеді.
Бұл кезде өнім өндіру көлемінің өзгеруі және еңбек шығынының ара қатнасы болуы мүмкін. Олар қазіргі экономикалық жағдайларға және еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін басқару стратегиясын сайлау кезінде ескерілуі тиіс.
Орташа сағаттық өнімділік резервінің өсуін жұмыс күшінің жоспарлы созылуына көбейту арқылы орташа күндік өнімділік резервінің өсуін аламыз. Егер осы резервті бір жұмысшының жұмыс уақтының жоспарлы қорына көбейтсек, онда орташа жылдық жұмысшылардың өнімділігінің өсуін аламыз.
Өнім шығару резервінің өсуін анықтау үшін болатын орташа сағат өнімділігінің өсімін барлық жұмысшылардың жұмыс уақтының жоспарлы қорына көбейтеміз:
ЖӨР↑ = СӨР↑ * Тб
ЕӨР↑= ЖСР↓%хі / 100- ЖСР↓%хі
бұл жерде, ЖСР↓%хі- анықталған шараларды өткізу арқасында жұмысшылар мен басқару қызметкерінің санының салыстырмалы қысқару пайызы.
3.2 Еңбекақы қорын талдау
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындарға еңбек ресурстарын қолдануда және қызметкерлердің еңбек ақысының көлемін және түрін анықтауға үлкен еркіндік берген. Ал қызметкерлерге өздеріне қалаған, жұмыс жағдайлары жақсартылған кәсіпорындарды сайлауға мүміндік берген, бірақ жұмысқа орналастыру үшін барлық адамдарды қызықтыратын сұрақ еңбекақы мөлшері болып табылады. Еңбекақы – кәсіпорындардың өнімдерін өндіру барысында қызметкерлердің сол өнімді өндіруге қосқан еңбегінің ақшалай түрдегі көрінісі. Бұл үлес қызметкерлерге төленеді және тек сол қызметкер ғана осы қаражаттармен иеленеді. Еңбекақыдан басқа, қызметкерлерге ақшалай және натуралды түрде жәрдемақылар, сыйақылар, т.б. береді.Бұл шығындар да еңбекақы қорына жатады.
Еңбекақының екі негізгі түрі бар: мерзімді – еңбекақыны жұмыс істеген уақытына қарай төлейді және кесімді – еңбекақыны өндірген өнім көлеміне байланысты төлейді.
Кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің еңбекақысы сомалай еңбекақы қорын құрады және ол кәсіпорын шығындарының бір бөлігі болып шектелінеді. Кәсіпорындарда еңбекақы ресурстарын пайдалануын, және еңбек өнімділік деңгейін талдауды еңбекақымен тығыз байланыстырып қарастыру керек. Еңбек өнімділігінің өсуімен оны төлеу қарқыны да өседі. Еңбекақыны төлеу қаражаттарын былай қолдану керек: еңбек өнімділігінің қарқыны оны төлеу қарқынан озып отыруы керек. Тек осындай жағдайда ғана кеңейтілген ұдайы өндіріс қарқыны өседі.
Осыған сәйкес, барлық кәсіпорындарда еңбекақыны пайдалану қаражаттарын талдау үлкен дәрежеде болады. Талдау барысында еңбекақы қорын пайдалануды қадағалауды, еңбек өнімділігінің өсуі арқасында қаражаттарды үнемдеуді, өнімнің еңбек сиымдылығын төмендетуді іске асыру керек.
Еңбекақы қорына кәсіпорынның ағымдағы шығынына жататын еңбекақы қорынан басқа, кәсіпорынның қарауында қалатын таза пайдадан және әлеуметтік қорғау қаражаттарынан төлейтін төлемдер жатады. Ол мәліметтер төмендегі кестеде берілген.
Кесте 7
Көрсеткіштер |
Сома, мың тг. | ||
Жосп. |
Нақты |
Ауытқу | |
|
20500 10630
6580 1400
500 - 1390 -
|
21465 11180
6349 1545
520 80 1491 300
|
+965 +550
-231 +145
+20 +80 +401 -
|
|
5860 1800 700
30 - 150
600 220 2360 |
6145 1850 720
45 - 150
600 250 2530 |
+285 +50 +20
+15 - - - +30 +170 |
3.Әлеуметтік сипаттағы төлемдер 3.1. Балаларды асырайтын жанұяларға төлемдер 3.2. Уақытша жұмысқа жарамсыздыққа байланысты жәрдемақылар 3.3. Кәсіподақтық жолдамалардың құны |
940 150
250
|
1100 160
200
|
+160 +10
-50
|
Пайдалануға бағытталған қаражаттар қорытындысы |
27300 |
28710 |
+1410 |
Жалпы соманың бөлігі, % Еңбекақы қорыТаза пайдадан төлеу Әлеуметтік қорғау қорының есебінен төлеу |
75,0
21,5 3,5
|
74,8
21,4 3,8
|
-0,2
-0,1 +0,3
|
Өнімнің өзіндік құнына кіретін еңбекақы қоры пайдалануда қолданылған қаражат құрамының үлес салмағының көп бөлігін құрайды.
Еңбекақы қорынын талдауға кірісер алдында абсолютті және салыстармалы қатынасты ауытқуларды анықтау қажет.
Абсолюттік толқулар (∆ЕАҚабс) нақтылы еңбекақыны (ЕАҚн) қолдану қаражатын еңбекақы қорының жоспарымен (ЕАҚжосп) салыстырғанда:
∆ЕАҚабс=ЕАҚн- ЕАҚжосп=
=21465-20500=+965мың тг.
Бірақ абсолютті ауытқулар еңбекақы қорының пайдалануын сипаттамайды, себебі бұл көрсеткіш өнімді өндіру жоспарының орындалу деңгейінің есебінсіз анықталады.
Салыстырмалы ауытқулар нақты есептелген еңбекақы сомасының жоспарлы қорымен салыстырып, оны өнімді өндіру жоспарының коэффицентіне түзету арқылы анықталады. Өнімді өндіруді жоспар бойынша орындау пайызы 102.6 (16440 / 16023). Бірақ тек өнім өніру көлеміне пропорционалды өзгеретін еңбекақы қорының ауыспалы бөлігі ғана түзетіледі. Бұл кесімді бағалау бойынша жұмысшылардың айлығы, өндірістік нәтижесі үшін жұмысшылар мен басқару қызметкерлеріне сыйақылар төлеу, ауыспалы еңбекақы бөлігіне сәйкес төленетін демалыс ақысы.
Еңбекақының тұрақты бөлігі өндіріс көлемі төмендегенде немесе өскенде өзгермейді. Бұл көрсеткішті есептеу үшін төмендейді мәліметтер келтіреміз:
Кесте 8
Еңбекақы қорын талдауға арналған мәліметтер
Көрсеткіштер |
Еңбекақы сомасы | ||
Жоспар |
Нақты |
Ауытқу | |
|
12030 10630
1400 |
12725 11180
1545 |
+695 +550
+145 |
|
3272 2772
500 - 500 - |
3709 2809
900 80 520 300 |
+437 +37
+400 +80
+20 +300
|
|
15302 |
16434 |
+1132 |
|
1390 1090
300 |
1491 1155
336 |
+101 +65
+365 |
|
3808 |
3540 |
-268 |
Ауыспалы бөлік (п.1+п.4.1) Тұрақты бөлік (п.2+п.4.2+п.5) |
20500 13120
7380 |
21465 13880
7585 |
+965 +760
+205 |
Ауыспалы бөлік Тұрақты бөлік |
64,0
36,0 |
64,66
35,34 |
+0,66
-0,66 |
∆ЕАҚқатн ═ ЕАҚн – ЕАҚкт ═
ЕАҚн – (ЕАҚжоспаус*Кжо + ЕАҚжосптұр ),
∆ЕАҚқатн ═ 21465 – (13120 * 1,026 + 7380) ═
═ 21465 - 20841═ + 624 мың тг.,
бұл жерде ∆ЕАҚқатн – еңбекақы қоры бойынша қатысты ауытқу, ЕАҚн – нақтылы еңбекақы қоры, ЕАҚкт - өнім өндіру жоспарының орындалу коэффицентіне түзетілген жоспарлы еңбекақы қоры, ЕАҚжоспаус және ЕАҚжосптұр – жоспарлы еңбекақы қорының тұрақты және ауыспалы сомасы, Кжо - өнімді өндіру жоспарының орындалу коэффиценті.
Еңбекақы қорынына қатысты ауытқуын есептеу үшін түзету коэффицентін (Кт ) қолданады. Ол жалпы қордағы ауыспалы еңбекақының үлес салмағын, өнім өндіру бойынша жоспардың орындалуының әрбір пайызы үшін жоспарлық еңбекақы қорының қай пайыздық бөлігін өсіруді көрсетеді. (∆ӨӨ%)
∆ЕАҚқатн = ЕАҚн - ЕАҚкт =
= ЕАҚф – ЕАҚжосп * (100 + ∆ ӨӨ% * Кт ) / 100,
∆ ЕАҚқатн = 21465 – (20500 * (100% + 2,6% * 0,64 / 100) =
= +624 мың тг.
Осыған сәйкес, кәсіпорында еңбекақы қорын пайдалануда 624 мың теңгеге артық шығындалғаны байқалады.
Ары қарай еңбекақы қорының абсолютті және салыстырмалы қатысты ауытқуының факторын анықтау керек.
Еңбекақы қорының ауыспалы бөлігі өнімді өндіру көлеміне(VӨӨ), оның құрылымына (ҮТі), үлесті еңбек сиымдылығына (ҮЕТі) және орташа сағаттық еңбекақы деңгейіне (ЕАі) байланысты болады.
2 - сурет
А
Еңбекақының ауыспалы бөлiгi
Өнiм өндiру көлемi
VӨӨ
Өнiм бiрлiгi үшiн тура еңбекақысы ЕАЕ
Өндiрiс құрылымы ҮТi
Өнiмнiң үлестiк еңбек сиымдылығы ҮЕС
Бұл факторлардың еңбекақы қоры бойынша абсолютті және салыстырмалы ауытқуларға әсер етуі үшін мынадай мәліметтер керек:
Кесте 9
Жұмысшылар мен еңбекшілердің негізгі өмір сүрулерінің көздері болып еңбекақы есептелінеді
17 12 2014
4 стр.
Еңбек ақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді
25 12 2014
3 стр.
Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін
15 12 2014
3 стр.
«Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің сұрақтары» Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің
09 09 2014
1 стр.
Халықаралық Еңбек Ұйымының мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы №29 конвенциясы
14 12 2014
14 стр.
Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру
25 12 2014
3 стр.
Еңбек кодексінің 117-бабы 2-тармағына сәйкес және еңбекті нормалауды жетілдіру мақсатында, БҰйырамын
12 09 2014
1 стр.
Еңбек кодексінің 117-бабы 2-тармағына сәйкес және еңбекті нормалауды жетілдіру мақсатында, БҰйырамын
25 12 2014
3 стр.