Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4

Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі. Орташа жалақы – бұл белгілі бір уақыт кезеңінееңбеккерлердің жалақысынан алынған орташа жалақының деңгейі (сағатқа, күнге, айға,жылға). Оны есептеу үшін 12 календарлық айлар және сол айлардағы тиесілі төлемдер алынады.


Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін кейбір төлемдердің мөлшері олардың өткен уақыттағы алған еңбекақысының орташа мөлшеріне байланысты есептеледі. Орташа еңбекақының сомасына байланысты есептелетін мұндай төлемдерге мыналар жатады:

  • Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқарған уақыты үшін төленетін төлем.

  • Қызметтік іссапарда болған уақытқа төленетін еңбекақы.

  • Жас сәбилі аналарға демалу және баланы тамақтандыру үшін берілетін үзіліске төленетін төлем.

  • Жас өспірімдердің қысқартылған еңбек уақытына төленетін төлем.

  • Өндірістен қол үзіп немесе үзбей оқитын жұмысшылар мен қызметкерлерге емтихан тапсыратын уақыттағы (сессия уақытында) жұмыста болмаған уақыттарына төленетін төлем.

  • Амалсыздан жұмысқа шықпаған уақытқа төленетін төлем.

  • Ауыл шаруашылық жұмыстарына (егін жинау, мал азығын дайындау, тағы басқалар) қатысқан уақыттары үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлем.

  • Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек демалысы немесе пайдаланбаған еңбек демалысы үшін төленетін төлем.

  • Зейнетақы, табыс салығы және жылдық жұмыс нәтижесі бойынша сыйақы есептеу, тағы басқалары.

Ұйымдар жұмысшылар мен қызметкерлерге орташа еңбекақыны есептегенде оның қай мерзімге есептелу керек екендігін белгілеуі керек. Осы күнгі қолданылатын заңдарға сәйкес орташа еңбекақы мынадай уақыттарға (мерзімдерге) есептеледі:

  • жұмысшылар мен қызметкерлерге зейнетақы есептеу үшін зейнеткерлік демалысқа шығар алдындағы соңғы он жыл ішіндегі кез келген бес жылдың орташа еңбекақысы;

  • жұмысшылар мен қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысына баратын уақытына немесе жұмыстан босатылатын және пайдаланбаған демалысы үшін, сондай-ақ балалы болған кездегі әйелдерге берілетін демалыс үшін, амалсыздан жұмысқа шықпай қалғаны үшін, еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы төлеу үшін және тағы да басқа жағдайларда соңғы он екі айдың орташа еңбекақысы алынуға тиіс. Егер бұл жоғарыда айтылған төлемдерді есептеу барысында жұмысшылар мен қызметкерлер он екі ай жұмыс істемеген жағдайда, онда орташа еңбекақыны есептеуге дейінгі толық істеген уақыты алынады. Еңбек демалысына төленетін төлемдерді есептеу барысында демалысқа барар алдындағы он екі айдың еңбекақысы жартылай сақталған, (ауырған күні, ауырған адамға қараған уақыты, оқу орындарында оқитын студенттерге берілген демалыс, тағы басқалар) уақыттары алынып тасталады. Осы жоғарыда айтылғандарды есептеу кезінде толық бір айда қалмаған жағдайда демалыс үшін төленетін соманы сол демалысқа барар алдындағы жұмыс істеген күндерге алған еңбекақы сомасын жұмыс істеген күндерінің санына бөліп есептейді.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жыл сайынғы берілетін демалысы немесе пайдаланбаған демалысына төленетін төлемдерді есептеу үшін орташа еңбекақыны есептегенде төлеу жүйелеріне қарамастан төленген төлемдердің мына түрлері алынады:

  • Негізгі еңбекақы және оған қосымша төленген үстемелер (демалыс күні істегені үшін қосымша төлемі, мейрам күні істеген жұмысы үшін қосымша төлемі, өзінің қызметтеріне жатпайтын қызметті атқарғаны үшін төленетін төлемдерден басқа).

  • Кәсіпорындарда тұрақты қолданылатын сыйлық беруге сәйкес еңбекақы қорына және сондай-ақ материалдық сыйақы қорынан берілетін сыйақы.

  • Жыл бойы істеген жұмысының қорытындысы бойынша берілетін сыйақы, яғни он үшінші айлық (әр айға бөлініп қосылады).

  • Қосымша еңбекақы (жұмыстан босатыларда берілетін жәрдемақы, әскери жиында болған уақытқа төленетін төлемдерден басқа).

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге орташа еңбекақыны есептегенде мына төлемдер есепке алынбайды:

  • Еңбекақы қорынан басқа қаржы көздерінен төленген төлемдер (өнертапқыштыққа, тағы басқалар).

  • Есепке алынатын 12 (он екі) айдан бұрынғы уақытқа тиісті төлемдер.

  • Жұмысшының міндетіне жатпайтын жұмыстарды орындағаны үшін төленген төлем.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің кезекті еңбек демалысына немесе пайдаланбаған демалысына төлем төлеу үшін, сол демалысқа барар алдындағы 12 айдың еңбекақыларының қосындысын 12-ге бөліп, орташа еңбекақыны табамыз. Бұл табылған соманы әр жылдың күнтізбелік күндерінің санын (мейрам күндерінен басқа) 12-ге бөлу арқылы табылатын коэффициентке (29,75) бөлу арқылы еңбек демалысының бір күніне тиісті төлем сомасының мөлшерін анықтаймыз. Еңбек демалысының күндерінің санына байланысты бір күнге тиісті төлем мөлшері демалыс күніне көбейтіліп, жалпы сома анықталады. Егер жұмысшылар мен қызметкерлер есеп айырысу кезеңінде, яғни демалысқа барар алдында 12 (он екі) ай бойы еңбекақы алмаған жағдайда, мысалы: баланы күту үшін еңбекақы сақталмайтын демалыста болғанда, оның әр жылғы еңбек демалысы үшін төленетін төлемді есептеу үшін осы мезгіл алдындағы 12 (он екі) айдың орташа еңбек ақысы алынады.

Еңбекақыдан ұсталатын және шегерілетін сомалар есебі. Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңда қаралған ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы (есеп бөлімі) арқылы ұсталуға болатын (сомаларға) ұсталымдарға мыналар жатқызылады1:


  • Жинақталған зейнетақы қорына аударылатын сома (жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасының 10% мөлшерінде).

  • Табыс салығы.

  • Заң сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар (алимент, айыппұл, тағы да басқалар).

  • Несиеге сатып алған тауарлары, заттар үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттемесі бойынша белгіленген сомалар.

  • Әр түрлі жарналар (жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша кәсіподақ комитетіне, ұйымдарға, партияға, тағы басқаларға) төленетін төлемдер.

  • Дербестік сақтандыру шартына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін, мүлкін және тағы басқаларды сақтандыруға байланысты жарна аударуЖұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы есебінен берілген аванс пен артық төленген төлемдер сомасы.

  • Жеке меншік үй салуына банктен алынатын ұзақ мерзімді несиені өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар.

  • Жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша өзі жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінің қарамағындағы, яғни меншігіндегі үйде тұрғаны үшін пәтерақы мен тұрмыстық қызмет үшін төленетін төлемдер және сол шаруашылық субъектісінің қарамағындағы мектепке дейінгі балалар мекемесіне (балабақшаға) балаларының барғаны үшін төленетін төлемдер.

  • Ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар.

Табыс салығын ұстау. Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігі болып саналады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан тек жеке тұлғалардан Салық кодексінің 145 бабында көрсетілген ұсталымдар тұтас ұсталады. Жеке табыс салығын ұстауға бір мысал келтіріп көрейік. 2004 жылы 22 желтоқсанда Касымбекова А.А. «Электротранс ЛТДң ЖШС- тен жеке еңбек келісімшартын түзеді.1 Желтоқсан айында Касымбекова А.А.-ға пайдаланбаған демалысы үшін 70570 теңге компенсанция төленген болатын. Сонымен, Касымбекова А.А жылдық жиынтық табысы (2003 жылғы) 605532 теңге құраған, оның ішінде ай бойынша:
Қаңтар 46500 Шілде 46500

Ақпан 46500 Тамыз 46500

Наурыз 62500 Қыркүйек 66500

Сәуір 46500 Қазан 46500

Мамыр 28580 Қараша 46500

Маусым 77632 Желтоқсан 44820

Жиыны 640434

Еңбеккердің жиынтық жылдық табысына штаттық кестесі бойынша белгіленген айлығы және қосымша төлемдері кірген:


Наурыз Наурыз айына сыйақы 20000

Мамыр Уақытша жұмысқа жарамсыздығы

бойынша жәрдем ақы 8230

Маусым Құжаттар негізінде дәлелденген

бір жолғы медициналық қызметті төлеу 40000

Қыркүйек 9 айдың нәтижесі бойынша төленген сыйақы 15000


2003 жылы ай сайын жеке табыс салығының ұсталғаны жалақы бойынша есеп айырысу карточкасының есебінде көрсетілген.

Жинақ зейнеткерлік қорға міндетті зейнеткерлікжарнасы еңбеккердің жалақысынан, сыйлығынан, қосымша төлемдерден, үстемесінен және басқа табысынан 10 % мөлшерде ұсталынады және оны жұмыс беруші аталған қорға аударады.


1.3 Еңбекақының аналитикалық (талдамалық) және синтетикалық (топтамалық) есебі
Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өдірілген өнімдер мен істелген жұмыстарға қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу тізілімі (ведомосі) деп атайды.Ұйымдарда бұл тізімдеме әрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырылады. Еңбекақы жөнінде есеп айырысу төлеу тізімдемесі әрбір жұмысшы мен қызметкер бойынша есептелген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады. Бұл тізімдемеде жұмысшы-қызметкерлердің аты-жөні, табельдік нөмірі, оларға есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорынға қарыз сомалары көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу тізімдемесі бойынша ұйымның кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып, қол қояды. Бұл тізімдеме бойынша біріншіден жұмысшы немесе қызметкерлермен еңбекақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден бұл тізімдеме еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық есебі болып табылады, ал үшіншіден осы тізімдеме арқылы жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай еңбекақыларын төлейді.

Ағымдағы айдың еңбек төлемі бойынша есеп айырысу үшін және жұмысты істеп жүрген адамның өткен кезеңдердегі жалақысы туралы мәліметтер алу үшін бухгалтерия әрбір қызметкерлерге “Дербес шот” немесе “Бет есеп” толтырады. Дербес шот немесе бет есебі өткен кезеңдердегі еңбек төлемі туралы мәліметтер, өнімдер мен орындалған жұмыстардың және төлемнің әр алуан түрлеріне арналған құжаттардың негізінде қалыптасады. Кейбір ұйымдарда есеп айырысу-төлеу тізімдемесі мен дербес шоттың орнына есеп айырысу тізімдемесі ғана толтырылып жүргізіледі. Бұл есеп айырысу тізімдемесі журнал түрінде жасалып, негізгі және қосымша беттерден тұрады. Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы және олардан ұсталатын ұсталымдарды есепеуге керекті мәліметтері (лауазымды тұлғаның жалақысы, белгіленген мамандық дәрежесіне сәйкес тарифтік еңбекақысы, туған жылы, отбасы жағдайы, балаларының және қарауындағы адамдардың саны ұсталынатын және шегерілетін сомалардың мөлшері, қай уақытқа дейін демалатыны, тағы да басқалар) көрсетіледі. Тізімдеменің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге (айға, тоқсанға, жарты жылға, жылға) ашылғандығына байланысты болады. Бұл тізімдеменің титулдық бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген және депотенттелген еңбекақы сомалары жазылады. Тізімдемені толтыру барысында оның ең соңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады. Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толтырғанда жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына сәйкестігін тексеру қажет. Бұл тізімдеме бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомаларының одан ұсталынатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге тиісті сомалардың дұрыстығын анықтау үшін тізімдеменің тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 681 “Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу” деп аталатын синтетикалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі. Бұл шот бойынша деректер мен ақпараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал-ордерлерінде көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істегендері, қызмет атқарғандары және өнім өндіргендері үшін есептеліп төленетін еңбекақы өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін белгілі бір шотқа оның ішінде тиісті өндірістік өнімге апарылуы керек. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиісті орындарға есеп берілуі қажет. Сондықтан да рапорттар мен өнімдерді өндіру тізімдемелері, табельдер және тағы да басқа алғашқы құжаттар негізінде әр цех бөлімше бойынша есептелген еңбекақы олардың түрлері және қызметкерлерінің санаттары (категориялары) бойынша топталады. Бұл топтау журнал-ордерлердің үлгілі түрі №3 және №4 өңдеу кестелерінде жүргізіледі, ол кестенің сол жағында дебиттелінетін шоттар нөмірлері, ал оң жағында жұмысшы-қызметкерлерінің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелген еңбекақы сомалары түрлері бойынша бөлініп жазылады. Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы сомасы бөлу (тарату) тізімдемесінің негізінде шығындар есептелетін (тарату) тізімдемесінің негізінде шығындар есептелетін шоттарға былайша жазылады:

Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары бойынша Д-т: 811 “Тауарларды (жұмыстарды) сату бойынша шығындар”

Қаржылық есеп халықаралық стандарттары бойынша: (7110 Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар) шоты

821 “Жалпы әкімшілік шығындар” шоты, (7210 Әкімшілік шығыстар)

902 “Негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы”( 8010 Негізгі өндіріс) шоты, 922 “Көмекші өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы” шоттарының тиістісі,

К-т 681 “Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу” шоты.

(3350 Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек)

811 “Тауарларды (жұмыстарды) сату бойынша шығындар” (7110 Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар) шоттың дебитіне маркетинг бөлімінің басқа тауарларды сатумен айналысатын жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысы жазылады.

821 “Жалпы әкімшілік шығындар” (7210 Әкімшілік шығыстар) шоттың дебитіне ұйымдағы әкімшілік басқару қызметкерлердің еңбекақысы жазылады.

902 “Негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы” (8010 Негізгі өндіріс) шоттың дебитіне негізгі өндірісте жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлердің мерзімді және кесімді еңбекақылары жазылады. Кесімді еңбекақы алғашқы құжаттар негізінде өндіріліп шығарылған өнімдердің өзіндік құнына қосымша, мерзімді еңбекақы шығындары барлық өндірілген өнімдерге үйлесімді (пропорционалды) бөлініп, қосылады.

922 “Көмекші өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы” (шоттың дебитіне көмекші өндіріс жұмысшы-қызметкерлерінің істеген жұмыстары мен атқарған қызметтеріне есептелген еңбекақы сомалары жазылады.

932 “Үстеме шығындардың жұмысшыларының еңбекақысы” (8040 Үстеме шығыстар) шоттың дебитіне цехтың әкімшілік басқару және басқа да жұмысшылардың еңбекақылары жазылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан салықтар мен ұсталымдар, жарналар есептелгенде:

Д-т: 681“Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу”(3350 Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер) шоты,

К-т: 686 “Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу”(3220 Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер) шоты,

639 “Бюджетпен басқадай салықтар немесе алымдар бойынша есеп айырысу” (3190 Өзгеде салықтар) және тағы да басқа шоттар түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төленгенде:

Д-т: 681“Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу”(3350 Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер) шоты,

К-т: 451 “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақшалар”(1010 Кассадағы теңге мен ақша қаражаттары) шоты түрінде, ал есептеліп бірақ, уақытындысында таратылмағанда және тағы да басқа жағдайларда:

Д-т: 681 “Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу”(3350 Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер) шоты,

К-т: 334 “Өзге де алашақ борыштар”(1280 Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек) шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Кесте 2

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде

Бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар



Операциялар мазмұны


Дебитте-летін шот

Кредитте-летін шот

1

2

3

4

1.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы, сыйақы және басқа да төлемдер есептелінді:

- Негізгі өндіріс жұмысшыларына;

- Қосалқы өндіріс жұмысшыларына;

- Цехтың қызметкерлеріне;

- кәсіпорынның басқару аппараты қызметкерлеріне;

- Маркетинг бөлімінің, басқа да тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сатумен айналысатын жұмыскерлерге;


902(8010)

922(8030)

932(8040)


821(7210)

811(7110)


681(3350)

681(3350)

681(3350)


681(3350)

681(3350)



2.

- Жұмысшыларға кезекті демалыс ақысын есептеу (егер демалыс ақысын төлеуге резерв құрылған болса)





1

2

3

4




- Демалыс ақысынан есептелген әлеуметтік салық сомасы

685(3510)
685(3510)

681(3350)
635(3150)

3.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан зейнетақы қорына ұсталынатын сомаға;

681(3350)

686(3220)

4.

Жеке тұлғаларға есептелген еңбекақыдан ұсталатын табыс салығы сомасына

681(3350)

639(3190)

5.

Жұмысшылардың еңбекақысынан сот органдарының шешіміне сәйкес орындалатын құжат бойынша ұсталған сомаға

681(3350)

687(3540)

6.

Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың есеп беруі бойынша ұсталатын сомаларына

681(3350)

333(1250)

7.

Бүлінген материалдық-құндылықтардың орнын толтыру мақсатымен жұмысшылардың еңбекақысынан ұсталатын сомаға

681(3350)

333(1250)

8.

Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың алдыңғы уақыттарда алған қарыздары үшін ұсталатын сомаларға

681(3350)

333(1250)

9.

Есептелген, бірақ белгіленген мерзімде таратылмаған еңбекақы (алушының келмеуіне байланысты)

681, 682(3350)

687(3540)




10.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге кассадан төленген еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы және зейнетақы сомасына

681(3350)

451(1010)




11.

Лауазымды тұлға болып саналатын жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген төлемдер (басқарма тексеру комиссиясының, бақылау кеңесінің, тағы басқа мүшелеріне)

821(7210)

682(3350)




12.

Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақыдан ұсталған табыс салығы сомасы

682(3350)

639(3190)




13.

Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақы сомасы кассадан төленді

682(3350)

451(1010)




14.

Жұмысшылардың алдағы уақыттардағы демалыс ақылары үшін есептелген резерв сомасына

903, 913,

923, 821 ( 7210,8010, 8030, 8040)



685(3510)




15.

Есептелген әлеуметтік салық сомасы

821, 902,

922, 932(7210, 8010, 8020, 8040)



635(3150)




<предыдущая страница | следующая страница>


Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде шаруашылықтарда еңбек тәртібін күшейту, өндірілген өнімнің өзіндік құнын арзандату, еңбек өнімділігін арттыру үшін еңбек және еңбекақы есебінің маңызы өте зор

Жұмысшылар мен еңбекшілердің негізгі өмір сүрулерінің көздері болып еңбекақы есептелінеді

982.78kb.

17 12 2014
4 стр.


I. Еңбек ақының теориялық негізі Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру қағидалары

Еңбек ақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді

484.56kb.

25 12 2014
3 стр.


Мазмұны кіріспе нарықТЫҚ экономика жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру негіздері

Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін

654.85kb.

15 12 2014
3 стр.


001 «Әлеуметтiк-еңбек сала кадрларының біліктілігін арттыру бойынша қызметтер» бағдарламасының республикалық бюджеттiк iшкi бағдарламасына Азаматтық бюджет

«Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің сұрақтары» Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің

179.03kb.

09 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын, халықты жұмыспен қамтуды және әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу саласындағы жан-жақты халықаралық келісімдер тізбесі

Халықаралық Еңбек Ұйымының мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы №29 конвенциясы

2502.27kb.

14 12 2014
14 стр.


3 І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі

Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру

666.04kb.

25 12 2014
3 стр.


Үлгілік нормалар мен еңбек нормативтерін бекіту туралы

Еңбек кодексінің 117-бабы 2-тармағына сәйкес және еңбекті нормалауды жетілдіру мақсатында, БҰйырамын

7.78kb.

12 09 2014
1 стр.


Үлгілік нормалар мен еңбек нормативтерін бекіту туралы

Еңбек кодексінің 117-бабы 2-тармағына сәйкес және еңбекті нормалауды жетілдіру мақсатында, БҰйырамын

454.05kb.

25 12 2014
3 стр.