Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3


«Екінші және үшінші

разрядтар, бірінші, екінші

және үшінші жасөспірімдік

разрядтар, біліктілігі жоғары

және орта деңгейдегі екінші

санатты жаттықтырушы,

біліктілігі жоғары деңгейдегі

екінші санатты нұсқаушы-спортшы,

біліктілігі жоғары және орта

деңгейдегі екінші санатты әдіскер,

спорт төрешісі спорттық разрядтары

мен санаттарын беру» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентін

бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене шынықтыру және спорт туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 981 қаулысына, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы «Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы» № 02-02-18/29 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» № 01-08/142 бұйрығына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік қызметті көрсетудің «Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру» регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Серікқызы Беделбаеваға жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Саран қаласының әкімі С. Касимов

Саран қаласы әкімдігінің

2012 жылғы

«8» қарашадағы № 41/02 қаулысымен

бекітілген


«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспірімдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті




1. Негізгі ұғымдар
1. Осы регламентте келесідей негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер: уәкілетті органдардағы жауапты тұлғалар, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе оларға бағынысты жүйелер;

2)  мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға;

3) уәкілетті орган – «Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4) халыққа қызмет көрсету орталығы - «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және беру жөнінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

5)  ХҚКО АЖ – халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған ақпараттық жүйе;.




2. Жалпы ережелер

2. Осы «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспірімдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» регламенті (бұдан әрі - Регламент) спорттық разряд пен санатты ресми тану мақсатында екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспірімдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртібін анықтайды.


3. Мемлекеттік қызмет «Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат Министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және бақылау мен ХҚКО қызметін үйлестіру бойынша «Қарағанды облысы бойынша ХҚКО» комитеті республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Саран қаласындағы филиалы арқылы көрсетіледі (бұдан әрі – Орталық), (байланыс деректері осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген).

4. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының, «Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысының, «Дене шынықтыру және Спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу шарттары мен ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығының және «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығының негізінде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешілеріне (бұдан әрі - алушылар) спорттық разрядтары мен біліктіліктерін ресми тану мақсатында көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште бес жыл мерзімге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысандағы дәлелді жауап болып табылады.


3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы жүгінген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);

      2) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

      3) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органда демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.

      Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, еңбек заңнамасына сай, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.

 Қабылдау «электрондық» кезек тәртібінде жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

11. Уәкілетті органдар аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

      1) осы Регламенттің 18-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;

      2) құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса;

      3) спортшыға спорттық атақтарды беру құжаттарын тиісті норматив немесе талаптар орындалған сәттен бастап алты айдан асып кеткен мерзімде ұсынылса.

      Алушы осы Регламенттің 18-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тапсырмаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде Орталықтың қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.

      Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не болмаса мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда алушыға екі жұмыс күні мерзімінде беріледі.

12. Мемлекеттік қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті алуға өтініш қабылдағаннан бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген уақытқа дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы қажетті құжаттар пакетімен бірге Орталыққа өтініш береді;

2) Орталық құжаттарды қабылдайды, тіркейді және құжаттарды уәкілетті органға береді;

3) уәкілетті органның жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды тексереді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ресімдейді, бұйрық не бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және мемлекеттік қызметті алушыға береді.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін уәкілетті органда құжат қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкер.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс - әрекеттер тәртібінің (өзара іс-қимыл) сипаттамасы
14. Орталық арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштердің бланкілерін толтыру талап етілмейді.

      15. Орталықта құжаттарды қабылдауды операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы орталықтың қызметкерлері жүзеге асырады.

      16. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

      1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;

      2) сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі;

      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

      6) алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

      17. Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді орталықтың қызметкері қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады.

      Егер алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмесе, орталық оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін өкілетті органға береді.

18. «1 жасөспірімдік разряд спортшысы», «2 жасөспірімдік разряд спортшысы», «3 жасөспірімдік разряд спортшысы» спорттық разрядтарын беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы Орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:

      1) осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ұсыным;

      2) жарыстың атауы, оны өткізу мерзімі мен орны көрсетілген, жарыстың бас төрешісі мен бас хатшысы қол қойған хаттамадан көшірме;

      3) осы спорт түрінен республикалық федерацияның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

      4) осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес бас төрешісінің, бас хатшысының қол қойған бокс, күрес түрлері мен басқа да жекпе-жектердің нәтижелері туралы анықтамасы.

      «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы Орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:

      1) осы регламентке 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

      2) білімі туралы, біліктілігін арттыруы туралы құжаттардың көшірмелері;

      3) еңбек кітапшасының немесе жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;

      4) осы Регламентке 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы анықтама («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» санатын беруді қоспағанда);

      5) осы спорт түрінен облыстық федерацияның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» біліктілік санатын беруді қоспағанда);

      6) бұдан бұрынғы біліктілік санатын беру туралы куәліктің көшірмесі.

      Мынадай құжаттардың мәліметтері:

      жеке тұлға үшін - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.

           Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету Орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.

«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы» санаттарын беру осы регламентке  4-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына арналған біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

     Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер» және «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы Орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:

      1) осы регламентке 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

      2) білімі туралы, біліктілігін арттыруы туралы құжаттардың көшірмелері;

      3) еңбек кітапшасының немесе жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;

      4) бұдан бұрынғы біліктілік санатының берілуі туралы куәліктің көшірмесі.

      «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы Орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:

      1) осы регламентке 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

      2) білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері;

      3) еңбек кітапшасының немесе жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;

      4) спорт түрінен федерацияның спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген, санатын беру туралы мөрмен расталған қолдаухаты;

      5) бұдан бұрынғы біліктілік санатының берілуі туралы куәліктің көшірмесі.

      Мынадай құжаттардың мәліметтері:

     жеке тұлға үшін - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.

     «Біліктілік санаттарын беру» осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына арналған біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

«Спорт төрешісі» төреші санатын беру туралы мемлекеттік қызметті алу үшін алушы Орталыққа Қазақстан Республикасының спорттық жіктегішінің талаптарына сәйкес төрешілік практика курсынан өткенін растайтын құжатты ұсынады.

19. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты «Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің www.obrazovanie.saran.kz. ресми сайтында алуға болады.

20. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіне келесідей құрылымдық-функционалдық бірліктер қатыстырылған (бұдан әрі – ҚФБ):

1) Орталық қызметкері;

2) уәкілетті органның басшылығы;

3) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.

21. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсім) орындау мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 7-қосымшада көрсетілді.

22. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттер мен ҚФБ логикалық дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 8-қосымшада көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі
23. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуі үшін жауапты тұлға уәкілетті органның басшысы және Орталық басшысы болып табылады (бұдан әрі – лауазымды тұлға).

Лауазымды тұлға мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде іске асыру мен сапасы үшін жауапты болады.


«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспірімдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша




следующая страница>


Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары

Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту тура

507.71kb.

25 12 2014
3 стр.


Әр есеп 7 баллмен бағаланады!

Екі щеңбер p және q нүктелерінде қиылысады. Үшінші шеңбер р нүктесінің орталығында бірінші A, B, қиылысады, ал екінші c және d нүктелерінде (1 сурет). Aqd және bqc бұрыштарының тең

47.44kb.

16 12 2014
1 стр.


Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы № қаулысына

«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

227.02kb.

15 10 2014
1 стр.


2007 ж. 14 маусымдағы ОӘК №6 нх

Тақырып: дм екінші және үшінші сатылары. Ақпаратты интернетте және электронды базада іздеу. Мақаланы талдау және сыни бағалау

91.22kb.

25 12 2014
1 стр.


Қарағанды қаласы мектептері мысалында 6М072700 «Азық – түлік өнімдерінің технологиясы»

Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертация кіріспеден, бірінші, екінші және үшінші бөлімдерден, қосымша мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Магистрлік диссертацияның

105.79kb.

25 12 2014
1 стр.


«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы

Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі

1914.21kb.

25 12 2014
11 стр.


«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы

Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі

1832.68kb.

12 10 2014
11 стр.


Жаңақоныс негізгі мектебі 2012 2013 оқу жылы

Онда бірінші орынды иеленген 8 сынып оқушысы Төкенов Жанбөбек. Екінші орын 6 сынып оқушысы Мұқанбай Әділет, үшінші орын 7 сынып оқушысы Төкенов Райымбек

14.05kb.

12 10 2014
1 стр.