Ф КГМА 4/3-08/02
ПП КГМА 4/02
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапмя курсымен
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс.
Тақырыбы: Тәж артериясы жетіспеушілігін диагностикалауда жүректік коронарографияның, аортографияның, вентрикулографияның, компьютерлік томографияның ролі.
Пән Визуалды диагностика
Мамандығы 051301 «Жалпы медицина»
Курс үшінші
Құрастырған. асс. Г.А.Жолдыбаева.
Қарағанды 2009 ж.
Курс отырысында талқыланды
және мақұлданды
Хаттама № 9 , 26.04.2009ж
Курсқа жауапты м.ғ.к. Ромащенко Т. И.
Тақырыбы: Тәж артериясы жетіспеушілігін диагностикалауда жүректік коронарографияның, аортографияның, вентрикулографияның, компьютерлік томографияның ролі.
Мақсаты: Тәж артериясы жетіспеушілігін диагностикалауда жүректіктің коронарография, аортография, вентрикулография, компьютерлік томографиясының маңыздылығымен танысу.
Тапсырма:
-
Тәж артериясы жетіспеушілігінің сәулелік зерттеу алгоритмін оқу.
-
Жүрек және ірі қантамырлар ауруларын диагностикалауда коронарографияның маңыздылығын оқу.
-
Қолқа және басқа ірі қантамырлар ауруларын диагностикалауда аортографияның маңыздылығын оқу.
-
Жүректің сол жақ бөлігінің ауруларын диагностикалауда вентрикулографияның маңыздылығын оқу.
Орындалу түрі:
Кафедрада, кітапханада, интернет қорларымен және компьютерлік оқыту бағдарламарымен жүрек – қантамыр жүйесі бойынша оқулық және қосымша әдебиеттермен өзіндік жұмыс, ситуациялық есептер шешу; тесттік тапсырмаларды шешу, жүрек – қантамыр жүйесі патологиясының визуалды диагностикасы бойынша презентациялар дайындау және қорғау
Тапсыру уақыты: Соңғы сабақта.
Бағалау критериі.
Орындалу критериі:
а) тақырып бойынша негізгі көздерді таңдау және оқу;
б) өмірбаянын құрастыру;
в) ақпаратты өңдеу және жүйелілеу;
г) реферат/презентация жоспарын жасау;
д) реферат/презентация құру және рәсімдеу.
Реферат құрылымы:
1) мұқабасы (үлгі бойынша рәсімделеді);
2) мазмұны (реферат/презентацияның басталатын беттерін көрсете отырып, бөлімдер реттілігін сақтау);
3) кіріспе (реферат/презентацияның мақсаты мен мәнін, зерттелетін мәселенің маңыздылығын ашу, тақырыпты таңдауын негіздеу, оның маңызы мен өзектілігін анықтау);
4) негізгі бөлім (бұл бөлімнің әрбір тарауы реферат/презентацияның жеке мәселесін немесе оның бір жақтылығын айқындап ашу, алдыңғылардың логикалық жалғасы болып табылады; бұл бөлімде кестелер, сұлбалар, графиктер, суреттер және басқалар келтірілуге болады);
5) қорытынды (реферат/презентация тақырыбы бойынша қорытындылау жүргізіледі немесе толық қамтылған шешім шығарылады, ұсыныстар беріледі);
6) список литературы.
Рефератты рәсімдеуге қойылатын талаптар:
а) реферат көлемі 10-15 басылым жасалған беттен кем болмауы керек (қосымша реферат/презентация жұмыстарының көлеміне есептелмейді);
б) реферат ой мәдениеті сақтала отырып, аса сауатты орындалуы тиіс,
в) басылым ойларының жолы бойынша қолданылған әдебиеттер көрсетіліп отырылуы қажет;
г) өмірбаянды дұрыс рәсімдеу.
Әдебиет:
Орыс тілінде:
Негізгі әдебиет:
-
Лучевая диагностика: учебник: в 2 т / под ред. Г.Е. Труфанова.-М., 2007. – Т.1. – 416.
Қосымша әдебиет:
-
Магнитный резонанс в медицине. Основной учебник Европейского форума по магнитному резонансу - СД / пер. с англ. под ред. В.Е. Синицына. – М. 2003. – 256.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
-
Әбдірахманов Ж., Садықов С., Төлеутайұлы Қ. Медициналық радиология. Алматы 2003ж.
Ағылшын тілінде
Негізгі:
-
Roberts G. M, Hughes J.P., Hourihan M.D. Clinical Radiology for medical students. New York, 2002.
Тапсырманы орындауға қоятын талаптар:
-
Тәж артериясы жетіспеушілік синдромын, артериалды гипертензияны, жүрек және қантамырдың жедел және созылмалы жетіспеушілігін доплерографиялық зерттеу.
-
Жүрек және ірі қантамырлардың сәулелік анатомиясы.
-
Тәж артериясы жетіспеушілік синдромы, артериалды гипертензия, жүрек және қантамырдың жедел және созылмалы жетіспеушілігін диагностикалауда КТ , МРТ жетістіктері.
-
ЭХО КС, қағидалары, тәж артериясы жетіспеушілік синдромы, артериалды гипертензия, жүрек және қантамырдың жедел және созылмалы жетіспеушілігі үшін негізгі сипатты синдромдары.
-
Тәж артериясы жетіспеушілік синдромы, артериалды гипертензия, жүрек және қантамырдың жедел және созылмалы жетіспеушілігін диагностикалаудағы сцинтиграфия. .
Бағалау сұрақтары.
?
Дұрыс жауапты табыңыз. Каппилярларға дейінгі тамырларды көруге болатын және гемодинамиканы сандық бағалауға мүмкіндік беретін жаңа заманғы тамырларды ССАЗ-мен зерттейтін рентгенологиялық әдіс:
-
допплерлік картирлеу
-
магнитті-резонансты ангиография
-
аналогты пункциялық ангиграфия
-
дигитальді субтракционды ангиграфия (ДСА)
-
Сельдингер бойынша сан артериясын катетерлеп, аналогты бейнесін алу
?
Дұрыс жауапты табыңыз. Қанағысының жылдамдығын тіркейтін тәсіл:
-
сонография
-
доппелрография
-
эхоэнцефалография
-
ангиография
-
МРТ
?
Дұрыс жауапты табыңыз. Ультрадыбысты зерттеудің А-әдісі мүмкіндік береді:
-
мүшенің екі бағытты бейнесін алуға
-
жүрек пен тамырлардың соғуын жазып алуға
-
қан ағу жылдамдығын анықтауға
-
ультрадыбысты импульс жолындағы тін қабаттарының арасындағы ара қашықтықты анықтауға
-
ангиография жасауға
?
Дұрыс жауапты табыңыз. Ультрадыбысты зерттеудің М-әдісі мүмкіндік береді:
мүшенің екі бағытты бейнесін алуға
-
жүрек пен тамырлардың соғуын жазып алуға
-
қан ағу жылдамдығын анықтауға
-
ультрадыбысты импульс жолындағы тін қабаттарының арасындағы ара қашықтықты анықтауға
-
ангиография жасауға
?
Дұрыс жауапты табыңыз. Ультрадыбысты зерттеудің В-әдісі мүмкіндік береді:
-
мүшенің екі бағытты бейнесін алуға
-
жүрек пен тамырлардың соғуын жазып алуға
-
қан ағу жылдамдығын анықтауға
-
ультрадыбысты импульс жолындағы тін қабаттарының арасындағы ара қашықтықты анықтауға
-
ангиография жасауға
?
Дұрыс жауапты табыңыз. Түсті допплерлік картирлеу мүмкіндік береді:
-
мүшенің екі бағытты бейнесін алуға
-
жүрек пен тамырлардың соғуын жазып алуға
-
қан ағу жылдамдығын анықтауға
-
ультрадыбысты импульс жолындағы тін қабаттарының арасындағы ара қашықтықты анықтауға
-
ангиография жасауға
?
Жүрек қуысын, тамырлар және жүрек қуыстары бойынша қан жүретін жолдарды қарайтын қандай арнайы рентгенологиялық зерттеу әдісін білесіз
-
ангиокардиография және ангиопульмонография
-
аортография
-
томография
-
целиакография
-
рентгеноскопия и рентгенография
?
Дұрыс жауапты табыңыз. Допплерография нені тіркейді:
-
радиотолқындарды
-
рентген сәулесін
-
ультра дыбысты толқындарды
-
көрінетін жарықты
-
инфрақызыл толқындарды
?
Дұрыс жауапты табыңыз. Аяқтардағы барлық артерия бұтақтарын қараудың ең таңдамалы сәулелік әдісі:
-
артериография
-
сонография
-
допплерография
-
МРТ
-
КТ
?
Дұрыс жауапты табыңыз. Қолқаны контраст зат жіберіп қарау кезінде зондты қайда енгізеді:
-
сан венасына
-
иық венасына
-
сан артериясына
-
иық артериясына
-
бұғана асты венасына
?
Ангиокардиография үшін қолданылатын конрасты заттарды ата:
-
күкірт қышқылды барий
-
верографин
-
барий сульфаты
-
урографин
-
магневист
?
Қолқалық тарылудың себебі болуы мүмкін:
-
аорта қақпақшасының атеросклеротикалық зақымдануы;
-
ревматизм;
-
инфекциялық эндокардит;
-
барлығы дұрыс;
?
Науқаста дилатацияланған кардиомиопатия анықталады:
-
сол жақ жүрекше дилатациясы;
-
жүрек камераларының көлемі кішірейеді;
-
жүрек қабырғасының гипертрофиясы;
-
жүректің барлық қабырғаларының гипертрофиясы.