Ф КГМА 4/3-08/02
ПП КГМА 4/02
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапмя курсымен
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсақаулық
Тақырыбы: Бала жасындағы қан жасаушы ағзаларды визуалды зерттеудің ерекшеліктері.
Мамандығы 051301 «Жалпы медицина»
Пән Визуалды диагностика
Курс үшінші
Құрастырған. асс. Г.А.Жолдыбаева.
Қарағанды 2009 ж.
Курс отырысында талқыланды
және мақұлданды
Хаттама № 9 , 26.04.2009ж
Курсқа жауапты м.ғ.к. Ромащенко Т. И.
Тақырыбы: Бала жасындағы қан жасаушы ағзаларды визуалды зерттеудің ерекшеліктері.
Мақсаты:
Қан жасау жүйесі аурулары кезіндегі көкбауыр және лимфа түйіндерінің ультрадыбысты зерттеу ерекшеліктерімен таныстыру.
Тапсырма:
-
Қан аурулары кезінде көкбауырды ультрадыбысты зерттеу негізін оқу;
-
Қан аурулары кезінде лимфа түйіндерін ультрадыбысты зерттеу негізін оқу;
-
Балалардағы қан жасау жүйесі ауруларын диагностикалаудағы УДЗ мүмкіншіліктерін ашу;
-
Бауырдың, көк бауырдың, тимустың, сүйек эпифизі және лимфа түйіндері
аурулары кезіндегі рентгенсемиотикасын білу;
Орындалу түрі:
Кафедрада, кітапханада, интернет қорларымен және компьютерлік оқыту бағдарламарымен қан жүйесі бойынша оқулық және қосымша әдебиеттермен өзіндік жұмыс, ситуациялық есептер шешу; тесттік тапсырмаларды шешу, қан жасау жүйесі патологиясының визуалды диагностикасы бойынша презентациялар дайындау және қорғау.
Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар:
-
Бауырдың, көк бауырдың, тимустың, сүйек эпифизі және лимфа түйіндерінің сәулелік анатомиясын;
-
Бауырдың, көк бауырдың, тимустың, сүйек эпифизі және лимфа түйіндерініңәртүрлі патологиясы кезіндегі рентгенсемиотикасын.
-
УДЗ әдісінің физикасы.
.
Тапсыру уақыты: сабақ аяқталудан үш күн бұрын.
Бағалау критериі.
Орындалу критериі:
а) тақырып бойынша негізгі көздерді таңдау және оқу;
б) өмірбаянын құрастыру;
в) ақпаратты өңдеу және жүйелілеу;
г) реферат/презентация жоспарын жасау;
д) реферат/презентация құру және рәсімдеу.
Реферат құрылымы:
1) мұқабасы (үлгі бойынша рәсімделеді);
2) мазмұны (реферат/презентацияның басталатын беттерін көрсете отырып, бөлімдер реттілігін сақтау);
3) кіріспе (реферат/презентацияның мақсаты мен мәнін, зерттелетін мәселенің маңыздылығын ашу, тақырыпты таңдауын негіздеу, оның маңызы мен өзектілігін анықтау);
4) негізгі бөлім (бұл бөлімнің әрбір тарауы реферат/презентацияның жеке мәселесін немесе оның бір жақтылығын айқындап ашу, алдыңғылардың логикалық жалғасы болып табылады; бұл бөлімде кестелер, сұлбалар, графиктер, суреттер және басқалар келтірілуге болады);
5) қорытынды (реферат/презентация тақырыбы бойынша қорытындылау жүргізіледі немесе толық қамтылған шешім шығарылады, ұсыныстар беріледі);
6) список литературы.
Рефератты рәсімдеуге қойылатын талаптар:
а) реферат көлемі 10-15 басылым жасалған беттен кем болмауы керек (қосымша реферат/презентация жұмыстарының көлеміне есептелмейді);
б) реферат ой мәдениеті сақтала отырып, аса сауатты орындалуы тиіс,
в) басылым ойларының жолы бойынша қолданылған әдебиеттер көрсетіліп отырылуы қажет;
г) өмірбаянды дұрыс рәсімдеу.
Әдебиет:
Орыс тілінде:
Негізгі әдебиет:
-
Лучевая диагностика: учебник: в 2 т / под ред. Г.Е. Труфанова.-М., 2007. – Т.1. – 416.
Қосымша әдебиет:
-
Магнитный резонанс в медицине. Основной учебник Европейского форума по магнитному резонансу + СД / пер. с англ. под ред. В.Е. Синицына. – М. 2003. – 256.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
-
Әбдірахманов Ж., Садықов С., Төлеутайұлы Қ. Медициналық радиология. Алматы 2003ж.
Ағылшын тілінде
Негізгі:
-
Roberts G. M, Hughes J.P., Hourihan M.D. Clinical Radiology for medical students. New York, 2002.
Бағалау сұрақтары.
?
Эхографиялық зерттеу кезінде лимфа түйіндерінің қандай өлшемдерін жүргізуге болады:
А. енін, ұзындығын және алдыңғы – артқы өлшемі
В.кез келген екі өлшемін алу
C. бір ғана үлкен өлшемін алу
D. тек енін
E. Тек ұзындығын
?
Лимфа түйіндерінің шеті бойынша анэхогенді доғаның пайда болуы нені білдіреді:
-
ісікті инвазияны
-
реактивті ісінудің болғаны
-
майлы инфильтрацияны
-
кистаны
-
ракты
?
Ультрадыбыстың таралу жылдамдығы анықталады:
-
жиілігімен;
-
амплитудасымен;
-
толқынның ұзындығымен;
-
периодпен;
-
ортамен.
?
Лимфа түйіндерінің ісікті зақымдануының бірден бір белгісі болып табылады:
-
өлшемдерінің үлкеюі
-
пішінінің тығыздалуы
-
шар тәрізді пішіннің болуы
-
А, Б и В
-
тек қана А және Б
?
Ультрадыбыстытық зерттеу әдісін қолдану қандай процесске негізделген -бұл:
-
ағзалар мен тіндерді аспаб экранында визуализациялау;
-
адам денесі тіндерінде ультрадыбыстың арақатынасы;
-
шығарылған сигналдарды қабылдау;
-
ультрадыбысты толқындардың таралуы;
-
сұр шкала көрінісінің аспаб экранында көрінуі.
?
Ультрдыбыс – бұл жиілігі төмен емес дыбыс:
-
15 кГц;
-
20000 Гц;
-
1 МГц;
-
30 Гц;
-
20 Гц.
?
Ультрадыбысты зерттеу кезінде түрі бойынша ісіктің өсу сипатын (инвазивті-инвазивті емес) анықтауға болады ма?
-
иә;
-
жоқ;
-
иә, егерде ісікте күйреу аймағы болса;
-
иә, егерде ісікте кальцинациялану болса;
-
иә, егерде функционалды сынама жасалынса.
?
Дуплексті сканирлеу деген не?
-
бір мезетте екі режимді көріністі қолдану.
-
қара –ақты екілену көрінісі (сұр шкала режимі)
-
спектрлі немесе түсті допплерография
-
А дұрыс
-
барлығы дұрыс.
?
Ультрадыбысты зерттеудің В-режимі деген не?
-
екілену көрінісі
-
әрбір пикселдің жарықтығы эхо-толқын күшіне сәйкес келеді.
-
көрініс жанында орналасқан А-режимде бірнеше көріністен тұрады.
-
барлығы дұрыс емес
-
барлығы дұрыс
?
Беткейлік лимфа түйіндерін қарау неден тұрады:
-
мойынның бүйірлік беттігін қарау, бұғанаүсті, бұғанаасты лимфа түйіндерін
-
бұғанаүсті, бұғанаасты, қолтық асты лимфа түйіндерін.
-
мойынның бүйірлік беттігін қарау, бұғанаүсті, бұғанаасты, қолтық асты, шап аймағын
-
бұғанаүсті, бұғанаасты, қолтық асты, шап аймағын.
?
Бауырішілік өт шығару өзегіне жатады:
-
жалпы өт өзегі;
-
бөліктік, сегментарлы, субсегментарлы өзектер;
-
жалпы бауыр өзегі;
-
субсегментарлы, сегментарлы, бөліктік өзектер, өт қабы өзегі;
-
жалпы өт өзегі, өт қабы өзегі.
?
Бауырсырты өт шығару өзегіне жатады:
-
жалпы бауыр өзегі, жалпы өт өзегі;
-
жалпы өт өзегі;
-
өт қабы өзегі;
-
дұрысы г) және д)
-
дұрысы в) және д)
?
Қарапайым түсті допплерография әдісімен бауырдың ошақты өзгерісін зерттеу кезінде мүмкін болады:
-
өзгерген аймақ васкуляризациясының құрылымын және деңгейін нақты анықтау;
-
өзгерген аймақ жанында бауырдың қантамырлы ағашы құрылысының бұзылысын анықтаймыз;
-
солоидты зақымдану болған кезде, зақымданудың қатерсіз және қатерлі сипатын жоғарғы сатыда нақтылап саралаймыз;
-
қатерлі жаңатүзілісте васкуляризациялық патологияның бар екенін нақты анықтау;
-
дұрысы а) және д)
?
Бауырдың эхогендік жоғарлауы бұл көрінеді:
-
бауыр тінінің дыбысөткізуінің жоғарылауы;
-
бауыр тінінің дыбысөткізуінің төмендеуі;
-
ультрадыбысты аспап сапасының жоғарылауы;
-
ультрадыбысты аспапты дұрыс келтіру.