Ф КГМА 4/3-06/02
ПП КГМА 4/02
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
ЕДШ және физиотерапия курсымен әскери-далалық хирургиясы бар
№1 хирургиялық аурулар кафедрасы
Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс
Өспелер. Жалпы мәселелері. Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Клиникасы. Диагностика-сы. Қатерлі ісіктердің бастапқы кезіндегі диагностикасы. Обыр алды аурулар. Онкологиялық қадағалау. Ісіктердің ерекше түрлерінің клиникасы. Емдеу тактикасы: хирургиялық, сәулелік, химиотерапиялық, құрама емі. Қазақстанда онкологиялық көмекті ұйымдастыруы.
Даму барысындағы ақаулар. Түсініктемесі. Бас, мойын, кеуде куысының, іш, аяқ-колдары даму барысындағы ақаулары. Даму барысындағы ақаулардың хирургиялық емдеуінің принциптері.
Пластикалық хирургия. Трансплантология. Тері, бұлшықет, сіңір, жүйке, сұйек тінді ағзалардың пластикасы. Тіндерді қондырудың биологиялық жағдайлары. Ағзаларды қондыру. Донорды таңдау. Иммунодепрессивті әсері бар дәрілерді қолдану. Жүрек, бауыр, бүйрек және т.б. ағзаларды қондыру тақырыбы
051301 – жалпы медицинасы мамандығы
Жалпы хирургия пәні
3 курс
Құрастырушы: асс: Примбеков С.Ш.
Қарағанды 2009 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
№ __ Хаттамасы «___» ______2009 ж
Кафедра меңгерушісі
профессор ____________________ Ержанов О.Н.
-
Тақырыбы: Өспелер. Жалпы мәселелері. Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Клиникасы. Диагностика-сы. Қатерлі ісіктердің бастапқы кезіндегі диагностикасы. Обыр алды аурулар. Онкологиялық қадағалау. Ісіктердің ерекше түрлерінің клиникасы. Емдеу тактикасы: хирургиялық, сәулелік, химиотерапиялық, құрама емі. Қазақстанда онкологиялық көмекті ұйымдастыруы. Даму барысындағы ақаулар. Түсініктемесі. Бас, мойын, кеуде куысының, іш, аяқ-колдары даму барысындағы ақаулары. Даму барысындағы ақаулардың хирургиялық емдеуінің принциптері. Пластикалық хирургия. Трансплантология. Тері, бұлшықет, сіңір, жүйке, сұйек тінді ағзалардың пластикасы. Тіндерді қондырудың биологиялық жағдайлары. Ағзаларды қондыру. Донорды таңдау. Иммунодепрессивті әсері бар дәрілерді қолдану. Жүрек, бауыр, бүйрек және т.б. ағзаларды қондыру..
-
Мақсаты: Студенттерді рак ауруларымен науқастарды төсек орнында, хирургиялық операция кезеңде жүргізу принциптерімен таныстыру. Науқастарды хирургиялық операция барысында түсіндіру; ақауы бар науқастармен диагностика жүргізу принциптерін клиникалық негізде таныстыру. Әдебиеттердің мағлұматтары бойынша меңгеру тәсілдерін түсіндіру.
-
Ісіктер, даму ақауларының түрлері
-
Ісіктерді салыстырмалы диагностика жүргізу
-
Операция үстінде дұрыс тактика қолдану принциптері
-
Операция уақытында ерте және кеш асқынуларды ескеру.
-
Кеуде және құрсақ қуысына ісіктер бойынша операциядың ерекшеліктерін
-
Даму ақауларының операция кезінде асептика және антисептика шаралары
-
Тірек-қозғалыс аппаратына операциядың ерекшеліктерін
-
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Ісіктермен науқастарда поллиативті операция деген не.
-
Гемиколэктомия операциясы қай ісікте жасалады.
-
Ісіктермен науқастарда қандай операциялар жоспарлы және шұғыл операцияларға жатады.
-
Ісіктермен науқастарда салыстырмалы диагноз жүргізу.
-
Терінің қатерлі ісігінің, даму ақауларының себептері.
-
Асқазанның ісігі кезінде жасалатын поллиативті және радикальді операция түрлері.
-
Даму ақауларының диагностикалық зерттеуге не жатады.
-
Даму ақауларында қандай операциялар жасалады.
-
Білім берудің және оқытудың әдістері
Тәжірибелік сабақ - тәжірибелік сабақтардың жеке сұрақтарын тереңдетіп оқыту, студенттердің ойлау қабілетін дамыту үшін жағдайлық есептерді шешу, жедел хирургиялық патологиялар, жарақаттар, термиялық жағдайлар, және де ақырғы жағдайлар кезіндегі алғашқы хирургиялық көмек көрсету.
Негіздерін бөлу, өз ойларын анық тұжырымдау, дұрыс сөйлеу дағдыларды студенттер үшін ұсыныстарын презентациялау дайындалады.
-
Гостищев В.К. Общая хирургия. -М.: Медицина, 2001. -663 с.
-
Малярчук В.И., Пауткин Ю.Ф. Курс лекции по общей хирургии. -М.: Изд.
Российского университета дружбы народов, 1999. -314 с.
-
Петров С.В. Общая хирургия. -Санкт-Петербург; «Лань», 1999. -666 с
-
Общая хирургия: Учебник для мед. вузов /Под ред. П.Н.Зубарева, М.И.Лыткина,
М.В.Епифанова.-СПб.:СпецЛит,1999.-472 с.
-
Гостищев В. К. Общая хирургия.-М.: Медицина,1993.-576 с.
-
Гостищев В. К. Общая хирургия.-М.: ГЭОТАР-МЕД,2003.-220 с.
-
Петров С.В. Общая хирургия:Учебник для вузов с компакт- диском.-3-е изд.,перераб.и доп.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2005.-768 с.
-
Нартайлаков М.А. Общая хирургия:Учеб. пособие для медвузов.- Ростов-на-Дону: Феникс, 2006.-256 с.
-
Хорошилкина Ф.Я. Ортодонтия: Диагностика и комплексное лечение при зубочелюстно-лицевых аномалиях, сочетающихся с врожденным несращением верхней губы, альвеолярного отростка, неба.- СПб.: Б., 2001.-277с.
-
Диагностика и лечение врожденной мышечной кривошеи:Учеб.- метод. рек./КГМА.-
Караганда:Б.,1990.-20с.
-
Оперативная хирургия и топографическая анатомия/Под ред. В.Кованова.-3-е изд. с
исправ.-М.:Медицина.-(Учеб. лит. для студ. мед.ин-тов). Учебник.-1995.-400 с.
-
Чернов В.Н. Общая хирургия.-Ростов-на-Дону:МарТ,2004.-256 с.
1. Қатерсiз iсiктердiң клиникалық белгiсiн көрсетiңiз:
А - дөңгелек формалы және бөлiкшелi құрылысты
В - қимылсыз және айналасындағы тiндермен жабысқан
С - ұлғайған лимфа түйiндерi пальпацияланады
D - пальпация кезiнде iсiк ауырсынуы
Е - iсiк үстiнде флюктуация байқалады
2. Қатерлi iсiк дамиды:
А - жетiлмеген дәнекер тiнннен
В - бездер немесе жамылғы эпителиiнен
С - қан тамырлардан
D - лимфа түйiндерiнен
Е - жазық немесе көлденең жолақты бұлшықеттен
3. Дәнекер тiнiн зақымдайтын қандай iсiк қатерлi болып табылады:
А - фиброма
В - липома
С - хондрома
D - остеома
Е - саркома
4. Аталған iсiктердiң қайсысы қатерсiз болып табылады:
А - меланома
В - фиброаденома
С - лимфосаркома
D - аденокарцинома
Е - фибросаркома
5. Мына зерттеулердi қайсысынан басқасы iсiктердi анықтауға қатысады:
А - науқастың анамнезi
В - эндоскопиялық зерттеулер
С - лабораториялық көрсеткiштер
D - биопсиялар
Е - бактериологиялық тексеру
6. Сәулелiк терапияны жүргiзу үшiн қандай күрсеткiштер керек:
А - iсiк клеткаларының төмен сезiмталдылығы
В - iсiк клеткаларының жоғарғы сезiмталдылығы
С - сәулеленген аймағының өлi еттенген жарасының болуы
D - сәуле ауруы белгiлерiнiң пайда болуы
Е - оперативтi жолмен алып тастау мүмкiндiгi
7. Сәулелiк терапия қай кезде қолданылмайды:
А - өзiндiк емдеу әдiсi ретiнде
В - операциядан кейiнгi көмекшi емдiк әдiс ретiнде
С - операцияға дайындық әдiсi ретiнде
D - химиотерапиямен бiрге
Е - жеке емдiк әдiс ретiнде
8. Қатерсiз iсiк кезiнде оперативтi емдеу үшiн абсолюттi көрсеткiшi болып не
табылмайды:
А - көршiлес мүшенiң жаншылуы
В - iсiктердiң киiммен тұрақты жарақаттануы
С - iсiктердiң жылдамдатып әсуi
D - iсiктердiң ұзақ уақыт болуы
Е - iсiктiң қатерлi болып туына күдiктiң болуы
9. Абластика –бұл неге бағытталған шаралар жүйесi:
А - операция уақытында қатерлi iсiк клеткаларының шашырауын болдырмау
В - жарадағы қатерлi iсiк клеткаларын жою
С - науқасты айналасындағылардан бөлектеу
D - медицина қызметкерлерiнiң арасындағы аурулардың алдын алу
Е - барлық жоғарыда көрсетiлгендер
10. Даму ақауларын зерттейтiн ғылымды атаңыз:
А - гистология
В - эмбриология
С - эндокринология
D - геронтология
Е -тератология
11. Бас пен беттiң туа бiткен даму ақауларына жатпайды:
А - жоғарғы ерiннiң саңылауы; макростомия
В - жоғарғы ерiн тiлдiң ақауы, колобома
С - ми жараығы,акрания
D - түйiндi жемсау, паротит
Е - таңдай тесiгi, макроглоссия
12. Анустың атрезия кезiнлегi шұғыл емдеудiң кезеңдерiн көрсетiңiз:
А - туған кезiнде
В - өмiрiнiң бiрiншi айында
С - бозбалашылық жасында
D - мектеп кезеңiнде
Е - өтiмсiздiк белгiлерiнiң дамуында
13. Мынадан басқасының қайсысы нерв жүйесi дамуының ақауларына жатады:
А - менингоцеле
В - макроцефалиялар
С - варикоцеле
D - гидроцефалиялар
Е - жұлын ми жарықтары
14. Мынадан басқасының қайсысын қол-аяқ дамуының ақауларына жатқызады:
А - ортан жiлiктiң туа бiткен буынның шығуы
В - ортан жiлiктiң туа бiткен сынуы
С - полидактилия
D - синдактилия
Е - макромелия
15. Мүшелердiң орналасуына байланысты ақауларды бөлiңiз:
А - крипторхизм
В - гермафродитизм
С - аберенттi қалқанша безi
D - гипогенезия
Е - мойыннның ортаңғы кистасы
16. Урахустың толық өспеуi байқалады:
А - кiндiк аймағында iшектiк жыланкөз
В - кiндiк аймағында қуықтық жыланкөз
С - Мекель дивертикулы
D - қуықтың дивертикулы
Е - өт жылан көзi