Ф КГМА 4/3-07/02
ПП КГМА 4/02
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
Тақырыбы: Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтану білімінің құрылымы.
Мамандығы: 051101 «Мейірбике ісі»
Пән: «Әлеуметтану»
Курс: 2
Құрастырушы_________________Мейрамова Н.А.
Қарағанды – 2009 ж.
Кафедраның мәжілісінде талқыланып бекітілген
Хаттама №_____ «_____»__________2009 ж.
Кафедра меңгерушісі: О.К. Никитина
-
Тақырыбы: Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтану білімінің құрылымы.
-
Мақсаты: студенттерді әлеуметтанудың пәнімен, объектісімен, негізгі ұғымдық ақпараттарымен таныстыру. Олардың арасындағы байланысты түсіндіру. Осы тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындау.
-
Оқыту мақсаты: студенттерге әлеуметтанудың міндеттері мен қызметтеріне, әлеуметтанудың гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі орнына аса назар аудару қажет екенін түсіндіру. Оларды әлеуметтанудың даму тарихымен таныстыру, сонымен қатар Қазақстанның әлеуметтік жағдайын талдау.
-
Білім берудің және оқытудың әдістері: баяндама презентациясы, ұғымдар бойынша жұмыс, тапсырмаларды орындау және тест тапсырмаларын шешу.
-
Тақырып бойынша тапсырма:
-
Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтану.
-
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
-
Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары.
-
Әлеуметтанудың әдістемесі.
-
Көрнекілік құралдар: тестер, әдебиеттер.
-
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Добреньков В. И., Кравченко А. И. Социология. В 3-х томах. - М.: Наука, 2000.
2. Габдуллина К.Г. и др., Социология. Учебник для студентов высших технических
учебных заведений.- Алматы: Санат, 1997.
3. Аитов Н.А., Биекенов К.У. Социология. Алматы: Қазақ университеті, 2002.
4. Тажин М., Аяган Б.Социология негіздері. Алматы, 1992.
5. Әбсаттаров Р.Б., Дакенов Н. Әлеуметтану. Алматы: Ғылым, 2004.
Қосымша:
1. Конт О. Дух позитивной философии: Слово о положительном мышлении. СПб, 1910.
2. Дюркгейм Э. О разделении общественного труда. Метод социологии. – М-, 1991.
3. Арон Р. Этапы развития социологической мысли. – М., 1992.
4. Сорокин П.Человек. Цивилизация. Общество. – М., 1992.
5. Вебер М. Избранные произведения. – М, 1990.
6. Структурно-функциональный анализ в современной социологии. – М., 1968.
1.Әлеуметтану — бұл:
а) табиғат, қоғам және ойлаудың жалпы даму заңдары туралы ғылым
б) саяси құбылыстардың пайда болуы мен дамуы, заңдылықтары, жолдары мен формалары туралы қоғамдық ғылым
с) қоғам және қоғамдық қатынастар туралы ғылым
д) жалпы қоғамның ерекше жұмыс істеуі мен дамуының заңдылықтары туралы ғылым
е)қоғамның құрылымы, ондағы адамдардың мінезқұлқы туралы ғылым
2.Әлеуметтанудың объектісі:
а) қоғамда болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер
б) әлеуметтік шындық
с) әлеуметтік орнына байланысты адамдардың қоғамдағы мінезкұлқы
д) социум, яғни тұтас жүйе ретіндегі қоғам және онда жүріп жатқан процестер
е) біздерге сезіммен берілген объективтік шындық
3.Азаматтық қоғам — зерттеу пәні:
а) философияның
б) әлеуметтанудың
с) саясаттанудың
д) педагогиканың
е) экономикалық ғылымның
4.Әлеуметтанудың кешігіп пайда болу себебін немен түсіндіруге болады:
а) оның зерттеу объектісінің күрделілігінен
б) қоғам дамуының объективтік зандылықтарымен
с)дүние жаратылысы заңдарынан гөрі ғалымдар әлеуметтік заңдылықтарды баяу ашқан
д) оның пайда болуына дейін жалпы зерттеу білім деңгейінің төмен болуымен
е)табиғи және нақты ғылымдар әлеуметтік ғылымдардан гөрі аса маңызды болып саналатындығымен
5.Әлеуметтану ғылым болып қашан қалыптасты:
а) XIX ғасырда
б) XVIII ғасырда
с) XX ғасырда
д) орта ғасырларда
е) XY ғасырда
6.Әлеуметтанудың алғашқы арнайы еңбектері қалай аталады:
а) Н Макиавеллидің «Тақсыры» (Государь)
б) К Маркстің «Капиталы»
с) Аристотельдін «Саясаты»
д) О Конттың «Позитивтік философия курсы»
е) Ф Энгельстің «Семьяның жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы»
7.Қоғамның әлеуметтік өміріне не жатады:
а) саяси қатынастар
б) адамдар қауымдастығы арасындағы қатынастар (топтар, партиялар, жіктер және ұжымдар )
с) экономикалық қатынастар
д) түрлі жағдайдағы адамдардың мінезкұлықтары
е) қоғам өмірінің рухани саласында қалыптасатын қатынастар
8.Қандай негізгі ережелер мен принциптер әлеуметтану парадигмасына жатады:
а) табиғи және қоғамдық кұбылыстардың ажырамас өзара тығыз байланыстылығы
б) коғам тұтас әлеуметтік шындық ретінде
с) әлеуметтік іс әрекеттердің тұжырымдамасы
д) құрылымдық және интерпретивтік мысалдар
е) кұрылымдық функционализм
9.Қоғамдық өмірдің қандай саласын зерттеу басқаларға қарағанда ерте қолға алынды:
а) рухани сала
б) саяси сала
с) экономикалық сала
д) кең мағынадағы әлеуметтік сала
е) тар мағынадағы әлеуметтік сала
10.«Позитивтік философия курсын» жазған кім:
а) О Конт
б) Т Гоббс
с) Г Спенсер
д) П Сорокин
е) Ю Хабермас