Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ф КГМА 4/3-08/02

ПП КГМА 4/02

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Кафедра «Патологиялық физиология валеология курсымен»

Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

Тақырыбы: Бауыр патофизиологиясы.


Мамандығы: «5B110200 - Қоғамдық денсаулық сақтау»
Пән: Патологиялық физиология
Курс: ІІ
Құрастырушы: оқытушы Өмірбаева Е.Қ.

Қарағанды 2008

Кафедра мәжілісінде талқыланып

және бекітілген
№ 30 хаттама, «06» ___05____ 2008 ж.
Кафедра меңгерушісі _____________ Жаутикова С.Б.


  • Тақырыбы: Бауыр патофизиологиясы.

  • Мақсаты: әртүрлі сарғаю түрлерінің себептері мен даму механизмдерін және олардың негізгі көріністерін зерттеу.

  • Тапсырма:

- сұрақтарға жауап беру:

  1. бауыр жеткіліксіздігінің жалпы этиологиясы мен патогенезін

  2. портальдық қан айналымның, бауырдың артериялық қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуын; бауырдың паренхиматоздық зақымдануын; өт бөлінудің бұзылуын

  3. бауыр патологиясындағы аутоиммундық механизмдердің рөлін

  4. бауырдың парциальдық және тотальдық жеткіліксіздігін

  5. бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі көмірсу, белок, липид, су-электролит алмасуының, гормональдық реттелуінің, қанның құрамы мен физико-химиялық қасиеттерінің бұзылуын

  6. бауырдың барьерлік және дезинтокискациялық қызметтерінің бұзылуын

  7. бауырдың жедел жетіспеушілігін, бауырлық кома, патогенезін




  • Орындау түрі: әдебиеттермен және электрондық тасығыштармен жұмыс жасау, тақырыпты өз бетінше игеру, тақырып бойынша реферат дайындау

  • Тапсырманы орындауға талаптар:

    • реферат көлемі шамамен 10-15 басылған бет мөлшерінде болуы керек (жұмыс бойынша қосымшалар реферат/презентация көлеміне кірмейді);

    • реферат сауатты, баяндау мәдениеті сақталып жазылуы қажет;

    • мәліметтерді баяндау барысында қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасау керек;

    • библиография дұрыс безендірілуі қажет;

Рефератты орындау критерийлері:

    • тақырып бойынша негізгі әдебиеттерді жинақтау және игеру;

    • библиографияны құрастыру;

    • мәліметтерді өндеу және жүйелеу;

    • реферат/презентация жоспарларын құрастыру;

    • реферат/презентация құрастыру және безендіру;

  • Тапсыру мерзімдері: - пән бойынша тесттік бақылауға дейін

  • Бағалау критерийлері:

А – 95-100 % - 4 балл

А- - 90-94 % - 3,67 балл

В+ - 85-89 % - 3,33 балл

В - 80-84 % - 3,0 балл

В- - 75-79 % - 2,67 балл

С+ - 70-74 % - 2,33 балл

С – 65-69 % - 2,0 балл

С- - 60-64 % - 1,67 балл

Д+ - 55-59 % - 1,33 балл

Д- 50-54 % - 1,0 балл

F – 0-49 % - 0


  • Әдебиеттер:

1. Адо А.Д., Адо М.А., Пыцкий В.Н., Порядин Г.В., Владимиров Ю.А Патологическая

физиология.// М.:Триада-Х. - 2000.- 574 б.

2. Адо А.Д., Новицкий В.Патологическая физиология. // Томск.-1994.- 461 б.

3. Воложин А.И., Порядина Г.Патологическая физиология // М.: “МЕДпресс”.-2000. – 525 б.

4. Зайко Н.Н. Патологическая физиология.//Элиста АОЗТ “Эсен”.- 1995.- 549 б.

5. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Основы общей патологии // С.-Петербур“Элби- СПБ”. - 1999.

– 470 б.

6. Литвицкого П.Ф. Патофизиология. Курс лекций; Учебное пособие. // М. - 1995. – 741 б.

7. Михайлов В.Основы патологической физиологии // М., “Медицина”- 2001. – 703 б.

8. Н±рм±хамбетов Э., Дєленов Е. Патологиялык физиология. // Алматы. - 1995 ж. – 562 б.




  • Бақылау:

Сұрақтар:

  1. Бауыр жеткіліксіздігіне анықтама беріңіз және оның дамуының этиологиялық факторларын сипаттаңыз

  2. Бауыр жеткіліксіздігі үшін қан плазмасының белоктық құрамының қандай сапалық және сандық өзгерістері тән?

  3. бауыр патологиясы кезінде зәрде лейцин мен тирозин кристаллдарының пайда болуы нені көрсетеді?

  4. бауыр жеткіліксіздігі кезінде мочевинаның мөлшері қалай және негі өзгереді?

  5. бауыр зақымдануы кезінде қан плазмасының онкотикалық қысымы неге және қалай өзгереді?

  6. бауыр жеткіліксіздігі дамыған науқаста тамақ қабылдағаннан кейін қалай және неге қандағы қант деңгейі өзгереді?

  7. Бауыр үстілік сарғаюдың себептерін атаңыз

  8. бауырдың майлық инфильтрациясының даму себептері, механизмі және көріністері қандай?

  9. шығу тегіне байланысты сарғаю түрлерін атаңыз

  10. қандай сарғаю түрінде зәрде уробилиндік денешіктердің жоғарлаған мөлшері байқалады?

  11. бауыр зақымдануы кезінде гиперхолестеринемия байқалуы мүмкін бе?

  12. бауырдың алкогольдік зақымдануының механизмі қандай?

  13. қандай билирубин организмге өте токсикалық әсер көрсетеді?

  14. сарғаю кезінде зәрде қандай билирубин анықталады?

  15. өт бөліну бұзылған кезде қандай витаминдердің тапшылығы дамиды?


Тесттер:

1. Бауыр циррозы кезіндегі порталдық гипертензия синдромы қосарланбайды:



  1. асқазаннан қан кетумен

  2. асцитпен

  3. қан айналымның жеткіліксіздігмен

  4. анастомоздардың түзілуімен

  5. жоғарғы қуыс венада қысымның төмендеуімен

2. Қанда бос билирубин деңгейінің жоғарлауымен жүретін гипербилирубинемия байқалады:



  1. гематоманың тарап кетуінде

  2. бауыр патологиясында

  3. эхинококкозда

  4. холециститте

  5. инсуломада

3. Қанда бос та және байланысқанда билирубин деңгейінің жоғарлауымен жүретін гипербилирубинемия байқалады:



  1. холециститте

  2. орақ тәрізді жасушалық анемия кезінде

  3. Боткин ауруында

  4. холангитте

  5. инсуломада

4. Қанда холебилирубиннің деңгейінің жоғарлауымен жүретін гипербилирубинемия байқалады:



  1. инфекциялық мононуклеозде

  2. өт-тас ауруында

  3. оң жақ жүрек жеткіліксіздігінде

  4. алкогольдік интоксикацияда

  5. қантты диабетте

5. Криглер-Найяр синдромы кезіндегі гипербилирубинемияны байланыстырады:



  1. өмірдің алғашқы күндеріндегі глюкоуронилтрансферазаның (ГТ) айқаталмаған белсенділігімен

  2. жетілмеген организмнің ГТ жеткіліксіз белсенділігімен

  3. ГТ тежелуімен

  4. ГТ гендік негізделген тапшылығымен

  5. билирубинді ұстап алу қызметінің гендік бұзылумен

6. Порталдық жүйедегі қанның іркілуі кезіндегі асциттің дамуы байланысты:



  1. құрсақ қуысында онкотикалық қысымның төмендеуімен

  2. тамырлардың өткізгіштігінің төмендеуімен

  3. қанның гидростатикалық қысымының төмендеуімен

  4. қанның онкотикалық қысымының жоғарлауымен

  5. веноздық қысымның жоғарлауымен

7. Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі кезіндегі белок алмасуының бұзылуы үшін тән:



  1. гиперпротеинемия

  2. гиперазотемия

  3. гиперпротромбинемия

  4. гипераминоацидемия

  5. гипопротеинемия

8. Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі кезіндегі көмерсу алмасуының бұзылуы үшін тән:



  1. бауырда гликоген мөлшерінің жоғарлауы

  2. гиперлактатацидемия

  3. глюкурон қышқылының жоғарлауы

  4. гипергликемия

  5. гликоген синтезінің азаюы

9. Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі кезіндегі белок алмасуының бұзылуы үшін тән екі белгі:



  1. липопротеидтердің синтезінің бұзылуы

  2. фосфолипидетрдің синтезінің төмендеуі

  3. бос май қышқылдарының тотығуының азаюы

  4. эстерифицирленген холестерин синтезінің жоғарлауы

  5. бауырдың майлық инфильтрациясы

10. Гипербилирубинемия қандағы жалпы билирубин деңгейіне сәйкес келеді:



  1. 1-3 мкм/л

  2. 4-5 мкм/л

  3. 5-6 мкм/л

  4. 8-20 мкм/л

  5. 20-30 мкм/л


Жағдайлық есептер:

№ 1.


32 жасар зерттеліп отырылған К. деген адамға 40 г галактоза қабылдаттырған, содан соң зәрінен галактозаның мөлшерін анықтаған. Зәрде галактозаның мөлшері 12 г болған.

Науқаста бауырдың қандай қызметі бұзылған?

Бауырдың функционалдық жағдайын тесттілеу ретінде не себептен галактоза қолданылған?

№ 2.


Екі топ жануарларды алып оларды тамақтан айырған: бір топ 10 сағат бойы, ал екінші топ 28 сағат бойы тамақсыз болған. Тексерген кезде қандағы қанттың мөлшері ашығудың соңғы кезеңінде барлық жануарларда қалыпты жағдайдың төменгі шегінде болған.

Екі топтыңда жануарларының қанындағы қанттың қалыпты деңгейде ұсталыну механизмі бірдей ме?

№ 3.

Науқаста аминоацидурия сипатын анықтау үшін сары суда амин қышқылдарының азоттық деңгейі мен зәрде жалпы азотты анықтаған. Аынқталғаны: сарысудағы аминоазоттың мөлшері – 17,9 ммоль/л, ал зәрдегі азот деңгейі – 179 ммоль/л.



Келтірілген көрсеткіштер аминоацидурияның шығу тегі бауырлық екендігін дәлелдейді ме?

Аминоцидиурия бауырдың қандай қызметінің бұзылғандығын көрсетеді?

№ 4.

46 жасар науқас ауруханаға түскенде әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына, лоқсуға және оң жақ қабырға астының ауырсынуына шағымданған. Клиникалық-лабораторлық зерттеу кезінде склерасы мен терісінің сарғаюы байқалған. Қанында бос билирубин мөлшері -71,8 мкмоль/л. Зәрінде билирубин мен уробилин өте көп мөлшерде. Нәжісінде – стеркобилин. Сарғаю типін анықтаңыз.



Сарғаюдың осы типіндегі гипербилирубинемия мен уробилинурия механизмі қандай?

№ 5.


39 жасар науқас. Суықтанған соң ауру берденнен тез дамыған. Әлсіздік, ентігу, склерасы мен терісінің сарғаюы байқалған. Зерттеген кезде: қан сарсыуындағы билирубин – 70 мкмоль/л болған. Зәрі мен нәжісінде уробилин мен стеркобилиннің өте көп мөлшері анықталған. Зәрінде билирубин байқалмаған.

Сарғаю типін анықтау.

Науқастың қан сарысуында қандай билирубин анықталды?

№ 6.


47 жасар Т. деген науқас ұзаққа созылған диспепсиялық синдромдарына тез өршитін сарғаю қосарланғанына шағымданды. Клиникалық-лабораторлық зерттеу кезінде бауырдың ұлғайғандығы, өт қапшығы пальпацияланатындығы анықталды. Қанында 342 мкмоль/л билирубин бар, Эрлих диазореактивімен реакция оң. Зәрінде көп мөлшерде билирубин анықталады. Нәжісі түссізденген.

Сарғаю типін анықтаңыз.

Бұл сарғаю типінде қанда билирубин мөлшерінің жоғарлау механизмі қандай?

№ 7.


32 жасар науқас жалпы әлсіздікке, ентігуге, терісінің сарғаюына, зәрі мен нәжісінің қою түске боялуына шағымданып ауруханаға түскен. Зерттеу кезінде анықталғаны: қан сарысуындағы билирубин мөлшері – 68 мкмоль/л. Диазореактивпен реакция – теріс. Зәрінде: билирубинге реакция теріс, ал уробилин денешіктеріне реакция оң.

Сарғаюдың қандай типі екендігін анықтаңыз.

Уробилиндік денешіктерге қандай өт пигменттері жатады?

№ 8.


38 жасар науқаста оң жақ қабырға асты мен эпигастралдық аймағы ауырсынған соң, келесі тәулікте сарғаю дамыған. Зерттеген кезде анықталғаны: бауыры аздап ұлғайған және пальпация жасағанда сезімтал. Қанында 5 мкмоль/л бос және 147 мкмоль/л конъюгацияланған билирубин анықталған. Зәрі қою түсті, ал нәжісі түссіз.

Сарғаю типін анықтаңыз.

Бұл жағдайдағы зәр мен нәжістің түсінің өзгеруін немен түсіндіруге болады?

№ 9.


33 жасар науқаста бір апта бойы катаралдық құбылыстар, әлсіздік, бас ауруы, субфебрилдік температура байқалған. Соңғы күндері сарғыштық, қою түсті зәр байқалып, ауруханаға жатқызылған. Зерттеу кезінде қанында 27,4 мкмоль/л бос және 51,3 мкмоль/л байланысқан билирубин анықталған. Зәрі қою қоңыр түсті, билирубинге реакция оң. Нәжісі әлсіз боялған.

Сарғаю типін анықтаңыз.

Қандай көп мөлшерде байланысқан билирубиннің анықталуы нені дәлелдейді?

№ 10.


14 жасар науқас жалпы әлсіздікке, оң жақ қабырға астының ауырсынуына, терісінің сарғаюына шағымданып, ауруханаға келіп түскен. Науқаста бала кезінен шамалы сарғыштық байқалған. Үш ай бұрын оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болып, сарғыштық ұлғайған. Зерттегенде: қан сарысуында билирубин мөлшері – 51 мкмоль/л, Эрлих диазореактивіне реакция теріс. Зәрінде уробилин анықталған. Нәжісі қатты боялған.

Сарғаю типін анықтаңыз.

Бұл сарғаю кезіндегі гипербилирубинемия механизмі қандай?

Студенттер білімін бағалау критерийі :

Өте жақсы – 10 дұрыс жауап

Жақсы – 9 дұрыс жауап

Қанағат – 8 дұрыс жауап



Қанағатсыз – 7- ден төмен

Ф кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Тақырыбы: Эндокриндік жүйесінің патофизиологиясы: бүйрек үсті безі мен гипофиз патологиясы

86.29kb.

14 10 2014
1 стр.


Ф кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Мақсаты: әртүрлі сарғаю түрлерінің себептері мен даму механизмдерін және олардың негізгі көріністерін зерттеу

92.89kb.

14 10 2014
1 стр.


Ф кгма 4/3-07/02 пп кгма 4/02 Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы

Мақсаты: студенттерді әлеуметтанудың пәнімен, объектісімен, негізгі ұғымдық ақпараттарымен таныстыру. Олардың арасындағы байланысты түсіндіру. Осы тақырыпқа байланысты тапсырмалард

54.15kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Мақсаты: ісіктердің даму этиологиясы мен механизмдерін зерттеу, ісіктік µсулердің биологиялық ерекшеліктері мен антибластомдық резистенттілігінің механизмдерін игеру

71.75kb.

15 09 2014
1 стр.


Ф кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Мақсаты: организм ‰шін иммундық жүйе қызметі бұзылуларының маңызын бағалу, туа біткен және жүре пайда болған иммундық тапшылық жағдайларының даму жолдары мен организмде туындайтын

51.12kb.

12 10 2014
1 стр.


Ф кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапмя курсымен Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс. Тақырыбы

Механикалық сарғаюды диагностикалау кезіндегі сәулелік зерттеу әдістерін оқып үйрену

69.48kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапмя курсымен Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсақаулық Тақырыбы

Тақырыбы: Бала жасындағы қан жасаушы ағзаларды визуалды зерттеудің ерекшеліктері

67.99kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапмя курсымен Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс. Тақырыбы

Тақырыбы: Тәж артериясы жетіспеушілігін диагностикалауда жүректік коронарографияның, аортографияның, вентрикулографияның, компьютерлік томографияның ролі

72.78kb.

12 10 2014
1 стр.