Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ф КГМА 4/3-06/02

ПП КГМА 4/02
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Патологиялық физиология кафедрасы валеология курсымен

Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырыбы: Эндокриндік жүйесінің патофизиологиясы: бүйрек үсті безі мен гипофиз патологиясы.


Мамандығы: 051302 Стоматология
Пән: Патологиялық физиология
Курс: ІІІ
Құрастырушы: оқытушы Иманбаева Г.Н.


Қарағанды 2009

Кафедра мәжілісінде талқылап

және бекітілген.

№ __20__ хаттама «_28_» ____04____ 2009 ж.


Кафедра меңгерушісі _____________ Жәутікова С.Б.



  • Тақырыбы: Эндокриндік жүйенің патофизиологиясы: қалқанша, қос қалқанша без патофизиологиясы.

  • Мақсаты: Эндокриндік патологиялардың алдын алу, диагностикалау және емдеу жолдарын түсіну үшін гипоталамо-гипофизарлық жүйенің бұзылуларының дамуындағы негізгі себептер мен механизмдерді зерттеу.

  • Оқыту мақсаты:

  1. Эндокриндік бездердің функционалдық белсенділігі бұзылуының негізгі механизмдерін білу

  2. Эндокриндік бездердің орталықтық реттелуінің бұзылуы кезіндегі гипоталамо-гипофизарлық жүйенің маңызын білу

  3. Гипоталамо-гипофизарлық жүйенің гормондарының гипер- және гипосекрециясының даму механизмдері мен салдарларын білу

  4. Эндокриндік бездердің функционалдық белсенділігі бұзылуының негізгі патогендік факторларын білу

  5. Тек эндокриндік қана емес, сонымен қатар эндокриндік емес те аурулардың патогенезіндегі гормональдық факторлардың бұзылуының маңызын түсіну

  6. Қалқанша безі қызметінің жоғарлау және төмендеу синдромыдарын білу.

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Эндокриндік бұзылулардың жалпы этиологиясы мен патогенезі.

  2. Ішкі секреция бездерінің қыртысты-гипоталамо-гипофизарлық реттелуінің бұзылуы.

  3. Аралық мидың ингибирлеуші факторларының (либериндер мен статиндер) және рилизинг балансының бұызылуы, жеткіліксіздігі және тым артық болуы;

  4. Нейроэндокриндік жүйедегі өзін-өзі реттеу механизмі мен қайтымды байланыстың бұзылуы

  5. Реттелу бұзылуының транс- және парагипофизарлық механизмдері.

  6. Психогендік эндокринопатиялар.

  7. Шеткері эндокриндік бездердегі гормондардың синтезінің біріншілік бұзылыстары

  8. Гормондар биосинтезінің генетикалық ақаулары

  9. Ятрогендік эндокринопатиялар.

  10. Эндокриндік бұзылулардың безден тыс шеткері формалары.

  11. Нысана жасушалардағы гормондық рецепторлардың реактивтік қасиеттерінің жоғалуы немесе өзгеруі

  12. Эндокриндік бұзылыстардың негізгі типтері. Гипо-, гипер- және дисфункциональдық эндокринопатиялар, моно- және плюригландулярлық эндокринопатиялар, парциальдық және тотальдық, ерте және кеш формалары.

  13. Эндокриндік емес аурулардың этиологиясы мен патогенезіндегі эндокриндік бұзылулардың рөлі.

  14. Гипоталамо-гипофизарлық жүйенің, қалқанша және қалқанша маңы безінің бұзылуларының этиологиясы мен патогенезі.

  15. Аденогипофиздің гиперфункциясы (гигантизм, акромегалия, Иценко-Кушинг ауруы) мен гипофункциясы (ергежейлік, гипофизарлық кахексия, инфантилизм).

  16. Нейрогипофиздің функциясының бұзылуы (қантсыз диабет).

  • Білім берудің және оқытудың әдістері:

- сабақ тақырыбы бойынша теориялық сұрақтарды талқылау; жағдайлық есептерді шығару; логикалық сұрақтарды талдау.

  • Әдебиеттер:

1. Адо А.Д., Адо М.А., Пыцкий В.Н., Порядин Г.В., Владимиров Ю.А Патологическая

физиология.// М.:Триада-Х. - 2000.- 574 б.

2. Адо А.Д., Новицкий В.В. Патологическая физиология. // Томск.-1994.- 461 б.

3. Воложин А.И., Порядина Г.В. Патологическая физиология // М.: “МЕДпресс”.-2000.-525 б.

4. Зайко Н.Н. Патологическая физиология.//Элиста АОЗТ “Эсен”.- 1995.- 549 б.

5. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Основы общей патологии // С.-Петербург. “Элби- СПБ”. –

1999. – 470 б.

6. Литвицкого П.Ф. Патофизиология. Курс лекций; Учебное пособие. // М. - 1995. – 741 б.

7. Михайлов В.В. Основы патологической физиологии // М., “Медицина”- 2001. – 703 б.

8. Н±рм±хамбетов Э., Дєленов Е. Патологиялык физиология. // Алматы. - 1995 ж. – 562 б.

9. Тель Л.З., Серебровская И.А. Избранные лекции по патологической физиологии//

Алматы.- 1995. - 420 б.

10. Тель Л.З., Серебровская И.А. Физиология человека и общие механизмы болезней.

//Алматы”Казахстан”.- 1994. - Ч.1-2. – 344 б, 167б.

11. Горизонтов Л.Д. Гомеостаз. // М. “Медицина”. - 1976. - 115 б.

12. Горизонтова П.Д. и Сиротинина Н.Н. Патологическая физиология экспериментальных

состояний. // М. “Медицина”. - 1973. - 73 б.

13. Петленко В.И. Философские вопросы теории патологии.// Л., “Прогресс”. - 1971, 256 б.




  • Бақылау:

Сұрақтар:

  1. Эндокриндік бұзылулардың жалпы этиологиялық факторлары қандай?

  2. Ішкі секреция бездерінің қыртысты-гипоталамо-гипофизарлық реттелуінің бұзылу патогенезі қандай?

  3. Рилизинг- және ингибирлеуші факторлардың аса көп болуының және жеткіліксіз болуының әсері қандай?

  4. Нейроэндокриндік жүйеде қайтымды байланыс және өзін-өзі реттеу механизмдері қалай бұзылады?

  5. Транс- және парагипофизарлық реттеудің бұзылулары кезінде қандай эндокриндік аурулар дамиды?

  6. Шеткері эндокриндік бездерде гормондардың синтезінің біріншілік бұзылулары қандай?

  7. Эндокриндік бұзылулардың шеткері (безден тыс) формаларын атаңыз

  8. Нысана-жасушаларының гормональдық рецепторларының реактивтік қасиеттерінің жоғалуы немесе өзгеруінің себептері қандай?

  9. Эндокриндік емес аурулардың этиологиясы мен патогенезіндегі эндокриндік бұзылулардың рөлі қандай?

  10. Аденогипофиздің гиперфункциясы мен гипофункциясының патогендік механизмдері қандай?

  11. Қантсыз диабет кезіндегі нейрогипофиздің қызметтерінің бұзылу механизмдері қандай?

  12. Қалқанша безінің гипофункциясының негізгі этиологиялық факторлары қандай?

  13. Қалқанша безінің гиперфункциясының қазіргі патогендік механизмдері қандай?

  14. Қалқанша маңы бездерінің гипофункциясы кездерінде фосфор-кальций алмасуларының қандай бұзылулары дамиды?

  15. Қалқанша маңы бездерінің гиперфункциясының патогендік механизмдері қандай?


Тесттік тапсырмалар:

1. Фосфор-кальций гомеостазын реттейтін гормон



  1. инсулин

  2. альдостерон

  3. паратгормон

  4. вазопрессин

  5. окситоцин

2. Гипогонодизмнің клиникалық формасы:

  1. гермафродитизм

  2. евнухоидизм

  3. крипторхизм

  4. межегейлік

  5. акромегалия

3. 5-7 жаста екінші жыныс белгілерінің дамуы байқалады:

  1. адипозогенитальды дистрофияда

  2. адреногениталды синдромында

  3. гипофизарлық нанизмде

  4. тиреоидтық нанизмде

  5. гипопаратиреозда

4. Жас кезінде соматотропиннің гиперфункциясы көрінеді:

  1. акромегалиямен

  2. гипофизарлық гигантизммен

  3. адипозогениталдық дистрофиямен

  4. гиперкортицизммен

  5. адреногениталдық синдроммен

5. Гипопаратиреоз көрінісі

  1. сүйектердің деминерализациясы (сүйек тіндерінен кальцийдің, фосфордың және белоктың жоғалуы)

  2. түтікшелерде судың реабсорбциясының төмендеуі (полиурия, сусыздану)

  3. жедел тетания (барлық бұлшық еттердің тартылуы)

  4. кальций фосфаттын жұмсақ ұлпаларда жиналуы

  5. кең тараған суісіңділену

6. Гиперпаратиреоздың клиникалық көрінісі:

  1. паратиреопривті тетания (бұлшық еттердің тартылуы)

  2. бүйректе тастардың пайда болуы

  3. спазмофилия (кейбір бұлшық еттердің ұзақ уақыт жиырылуы)

  4. ларингоспазм

  5. бұлшық еттердің атрофиясы

7. Жыныс гормондарының секрециясының төмендеуі көрінеді:

  1. гермафродитизммен

  2. евнуходизммен

  3. крипторхизммен

  4. вирилизммен

  5. гирсутизммен

8. Гипертиреоз кезінде метаболиттік процестердің бұзылуы байланысты:

  1. белок синтезінің жоғарылауымен (анаболиттік процесс)

  2. гипогликемиямен

  3. брадикардиямен

  4. негізгі алмасудың жоғарылауымен

  5. гиперхолестеринемиямен

9. Қалқанша бездерінің гормондарының көп бөлінуі байқалады:

  1. микседемада

  2. диффузды токсиндік зобта

  3. эндемиялық кретинизмде

  4. акромегалияда

  5. инсуломада

10. Гипотиреоздың үлкен адамдардағы клиникалық көрінісі:

  1. артериалдық гипертензия

  2. гипергликемия

  3. сусінділену, терінің құрғауы және қатаюы

  4. негізгі алмасудың жоғарылауы

  5. тахикардия



Жағдайлық есептер:

1. 35 жасар науқас стресстен кейін жүрек соғысын, ұйқысыздық, қолының қалтырауын, терлегіштік байқаған. Тексерген кезде: субфебрильдік температура (37,3-37,5 С), негізгі алмасу 37 проц., пульс минутына 110 рет. АҚ - 140/65 мм.сын.бағ., бойы 158, салмағы - 47,5 кг. Аурудың дамуына қай гормонның секрециясының бұзылуы әкелген?

2. 1 жасар балада басының терлегіштігі, кейбір сүйектерінің жұмсақтығы анықталған. Үлкен еңбегі толығымен жабылмаған. Аяқтары қисайған. Қандағы кальций көлемі 2,2 ммоль/л. Бұл ауру қалай аталады?

3. 32 жасар науқас шөлдеуге, бас ауруына, әлсіздікке, полиурияға шағымданады. Үш ай бұрын ми сүйегі зақымданған. Тексергенде: терісі кепкен, пульсі - 78 минутына, АҚ - 130/80 мм.сын.бағ. Диурезі тәулігіне 10 л дейін.Зәрінің тығыздығы 1,005-1,012. Бұл құбылыстар қандай эндокриндік патологияда байқалады?

4. 48 жастағы науқас әлсіздікке, тез шаршауға, терісінің қараюына шағымданып ауруханаға түскен. Анамнезінде өкпе туберкулезі анықталған. Объективті тексеруде: азған, терісі гиперпигментелген. Дене температурасы субфебрильді, бұлшық ет күші төмендеген. АҚ – 99/55 мм.сынап бағанасында. Бұл көріністер қандай эндокриндік патологияға тән?

5. 26 жасар науқас жалпы әлсіздікке, бас ауруына, бет пішінің өзгеруіне, аяқ-қолдарының ұзаруына шағымданып дәрігерге келген. Екі жыл ішінде аяқ киім размері 39-дан 42-ге жоғарлаған. Тексергенде бет пішіні іріленген, кеуде клеткасы бөшке тәрізді, саусақтары мен тобығы ұлғайған. Пульсі 78, АҚ - 150/90 мм.сын.бағ. Бұл жағдайлар қай гормонның жетіспеушілігінде немесе көп өндірілуінде байқалады?

6. 14 жасар науқас тез шаршауға, тәбеттің төмендеуіне, лоқсуға, терінің қараюына шағымданып ауруханаға түскен. Ауруды жарты жыл бұрын ауырған скарлатинаға байланыстырады. Объективті: астения, бұлшық еттік әлсіздік, терісі қарайған, мойын, бетінде пигментация байқалған. Осы симптоматика қандай эндокриндік патологияға тән?

7. 22 жасар науқас эндокринологиялық бөлімде емделуде. Бойы 120 см, терісі бозарған, әжімденген, құрғақ, қаңқасының дамуы қалынқы, ішкі мүшелері кіші көлемді, жыныстық белгілері жоқ, жыныстық мүшелері толық дамымаған, интеллекті сақталған. Бұл симптомдар қандай эндокриндік патологияға тән?

8. 16 жасар науқас менструальдық циклінің бұзылуына, еркектік типті түктенуге шағымданады. Дене келбеті әйелдік, шамалы семіру байқалған. Тексерген кезде екі жақты аналық бездердің ұлғаюы байқалған, олар тығыз, қозғалғыш және ауырмайды. Қандағы эстрогендер деңгейі төмендеген, ал тестостерон, андрогендер жоғарлаған. Бұл симптомдар қандай эндокриндік патологияда кездеседі?

9. Эндокринология бөлімінде үлкен бойлы, әйелдерге тән май жиналумен жүретін семіздікпен, гинекомастия белгісімен науқас жатыр. Бұлшық еттері әлсіз дамыған. Жыныс мүшелері толық жетілмеген, белгілері әлсіз айқындалған. Мұндай өзгерістердің пайда болуына қай гормонның өте көп өндірілуі немесе тым аз болуы әкелген?



10. Бас сүйегі жарақатынан кейін науқаста жалпы әлсіздік, бас ауырсынуы, арқасы мен аяқ-қолдарының ауырсынуы байқалған. Бірнеше айдан кейін менструалдық циклдің бұзылуы, сыртқы келбетінің өзгеруі, семіздік, еркектерге тән түк өсу, ұйқышылдық, майлардың негізінен бетте, кеудеде, мойында, іште жиналуы болған. Терісі фурункулдармен зақымданған, құрғақ. Құрсақ терісінде, санның ішкі жағында кең дистрофиялық сызықтар пайда болған. Бұл көріністер қай эндокриндік патологияға тән?

Ф кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Тақырыбы: Эндокриндік жүйесінің патофизиологиясы: бүйрек үсті безі мен гипофиз патологиясы

86.29kb.

14 10 2014
1 стр.


Ф кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Мақсаты: әртүрлі сарғаю түрлерінің себептері мен даму механизмдерін және олардың негізгі көріністерін зерттеу

92.89kb.

14 10 2014
1 стр.


Ф кгма 4/3-07/02 пп кгма 4/02 Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы

Мақсаты: студенттерді әлеуметтанудың пәнімен, объектісімен, негізгі ұғымдық ақпараттарымен таныстыру. Олардың арасындағы байланысты түсіндіру. Осы тақырыпқа байланысты тапсырмалард

54.15kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Мақсаты: ісіктердің даму этиологиясы мен механизмдерін зерттеу, ісіктік µсулердің биологиялық ерекшеліктері мен антибластомдық резистенттілігінің механизмдерін игеру

71.75kb.

15 09 2014
1 стр.


Ф кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Мақсаты: организм ‰шін иммундық жүйе қызметі бұзылуларының маңызын бағалу, туа біткен және жүре пайда болған иммундық тапшылық жағдайларының даму жолдары мен организмде туындайтын

51.12kb.

12 10 2014
1 стр.


Ф кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапмя курсымен Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс. Тақырыбы

Механикалық сарғаюды диагностикалау кезіндегі сәулелік зерттеу әдістерін оқып үйрену

69.48kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапмя курсымен Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсақаулық Тақырыбы

Тақырыбы: Бала жасындағы қан жасаушы ағзаларды визуалды зерттеудің ерекшеліктері

67.99kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Кафедра онкология сәулелік диагностика және сәулелік терапмя курсымен Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс. Тақырыбы

Тақырыбы: Тәж артериясы жетіспеушілігін диагностикалауда жүректік коронарографияның, аортографияның, вентрикулографияның, компьютерлік томографияның ролі

72.78kb.

12 10 2014
1 стр.