Ф КГМА 1-8-22/02
МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Физиология кафедрасы
Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік
ұсыныс
Тақырыбы: «Жүректің және қан тамырларының құрылысы. Жүрек функциясының зерттеу әдістері. ЭКГ»
Мамандық: 051103 «Фармация»
Пән: «Физиология анатомия негіздерімен»
1 курс
Құрастырушы: Абушахм анова А.Х.
Қарағанды 2008 ж.
Кафедра отырысында талқыланып және бекітілген
№ 12 хаттама 01.02.2008 ж.
Кафедра меңгерушісі,
профессор Ф.А. Миндубаева
-
Тақырыбы: «Жүректің және қан тамырларының құрылысы. Жүрек функциясының зерттеу әдістері. ЭКГ»
-
Мақсаты: Жүректің гемодинамикалық қызметтерін және оның қызметтік ерекшеліктерін оқып білу; жүрек қызметінің клиникалық-физиологиялық зерттеу әдістерімен танысу, электрокардиография.
Білуге тиісті:
1. жүрек қызметінің циклын және кезеңдерін;
2. жүрек түрткісінің (дүмпуі) пайда болу механизмдерін, оның орналасуын;
3. жүрек дыбыстарының (үн) пайда болуын, олардың орналасуын және тыңдау орындарын;
4. ЭКГ тістерінің және интервалдарының пайда болуын.
Істей алуға тиісті:
- жүрек түрткісін анықтауды;
- ЭКГ жазуды және қалыпты жағдайдағы ЭКГ көрсеткіштерін талдауды.
Таратылатын материалдар:
-
Қалыпты физиология атласы /Н.А.Агаджанян. – М.: Высшая школа, 1987. – рис. 283, 284, 285.
-
Кестелер мен сызбалар:
-
Жүрек, өкпе және плевра қуысының шектері
-
Баллистокардиография
-
Динамокардиография
-
Жүрек клапандарының схемалық сызбасы
-
Клапандардың анатомиялық орналасуы және оларды тыңдау
-
Фонокардиография
-
Денеде электр кернеуінің таралуы
-
Жүректе қозудың таралуы және электрокардиограмманың түзілуі
-
Электрокардиограмма
-
Электрокардиография
-
Вектрокардиография
-
ЭКГ, ФКГ бір мезетте тіркелуі
-
Оқулықтар
-
Орындалатын жұмыстар тізімі
-
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жүрек циклы және оның фазалық құрылымы.
2. Автоматия туралы түсінік. Станниус тәжірибесі.
3. Автоматия табиғаты және субстраты туралы қазіргі кездегі көзқарас. Жүректің автоматия градиенті.
4. Жүректің өткізгіш жүйесі. Қозуды өткізу жылдамды.
5. Жүрек еттерінің жиырылу ерекшеліктері, «бәрі немесе ештеңе емес» заңы. (И.Боудич)
6. Қосымша тітіркендіргіштерге жүрек еттерінің реакциясы: жүрекшелер мен қарыншалардың эксросистоласы; компинсаторлы пауза.
7. Жүрек систолалық және минуттық көлемдері, жүректің индексі.
8. Жүрек дүмпуі, пайда болуы, орналасуы және анықтау әдістері.
9. Жүрек үндері, пайда болуы, тыңдау орындары. Фонокардиография.
10. Электрокардиография, ЭКГ тістері мен интервалдарының пайда болуы.
11. Балалардағы ЭКГ ерекшеліктері.
-
Оқу және оқыту әдістері: практикалық жұмыстарды орындау тақырыптар бойынша орындау (жануарларда экспериментальді зерттеулер жүргізу, клиникалық-физиологиялық әдістерді меңгеру), кестелер, атластармен, жағдайлық есептерді шешу, шағын топтарда жұмыс, зерттеу нәтижелерін тақылау, хаттамаларды толтыру.
Орындалатын жұмыстар тізімі
Жұмыс 1. Адамда жүрек циклінің ұзақтығын анықтау.
Жұмыс барысы: сәулелік артерия пулсын табу, 1 минуттағы жүрек қағысын, сау адамда жүрек қағысының жиілігіне сәйкес. 60 сек (1 мин) жүрек жиырылу санына (ЖЖС) бөлу және жүрек циклінің ұзақтығын табу. ЖЦ 60с/ЖСС. Қорытындыда қалыпты жағдайда жүрек циклі 0,8-1,0 сек құрайды.
Жұмыс 2. Көріп тексеру және пальпация әдістерімен жүрек түрткісін (дүмпуі) зерттеу
Жұмыс барысы: Қалыпты жағдайда жүрек түрткісі (дүмпуі) бұғана ортасынан жүргізілген сызықтан 1,5 см жерде сол жақ бесінші қабырға аралығында анықталады.
Жұмыс 3. Жүрек дыбыстарын (үн) тыңдау (аускультациясы)
Жұмыс барысы: Жүрек аускультациясы кезінде екі дыбыс естіледі: 1 дыбыс-систолалық (жаңғырықсыз, бәсеңдеу, созылыңқы) – жүректің ұшында немесе төстің негізінде естіледі. 2-дыбыс диастолалық (қысқа, анық, жоғары) екінші қабырға аралығынан төстің оң жағынан (қолқа қақпақшасы айшықты), сол жақ (өкпе артериясы қақпақшасы айшықты) естіледі. 2 дыбыстан соң үзіліс ұзақ, 1 кейін – қысқа.
Жұмыс 4. Студенттерде ЭКГ тіркеу және оның талдауы
Жұмыс барысы: стандартты, кеуделік, күшейтілген тіркеулерде ЭКГ қисығын жазу. ЭКГ тісшелерін белгілеу. Негізгі тісшелердің амплитудасын өлшеу: Р, Q, R, S, Т мм-мен (калибрлік 10 мм – 1мВ).
РQ, QRS, QТ, РР, RR мм-мен интервалдарын өлшеу және секундқа ауыстыру.
ЭКГ бойынша пульс жиілігін анықтау (60 с : RR ұзақтығы секундпен).
ЭКГ көрсеткіштерін қалыпты белгілеулермен салыстыру (кесте бойынша).
негізгі
-
Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. «Дәуір» баспасы, 2005. - 663 б.
-
Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006. - 174 б.
-
Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. - Алматы, 2004. - 78 б.
қосымша
-
Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006, 52 б.
Сұрақтар
1. Атриовентрикулярлы түйінде қозуды өткізу кідіруінің физиологиялық маңызы.
2. Жүректің қақпақшалы аппараты, оның маңызы.
3. Жүрек циклінің әртүрлі кезеңдерінде жүректің қозу, жиырылу және қозғыштығының арақатынасы.
4. Гаскелл заңы.
өткізгіш жүйесі. Қозуды өткізу жылдамды.
5. Тыныштық потенциалының ерекшеліктері және ырғақты жүргізуші жасушалардың әсері, олардың көлемі және формасы, спонтанды деполяризация.
6. ЭКГ талдауының принциптері.
7. Электрокардиография әдісінің клиникалық маңызы.
8. Векторкардиографияның негізгі принциптері.
9. Баллистокардиографияның маңызы.
10. Эхокардиография ерекшеліктері.
11. Баллистокардиография
12. Эхокардиография және т.б.
Жағдайлық есептер (мысал)
-
Егер минуттық көлем 8 л тең, ал R-R ара қашықтығы ЭКГ-да 0,6 сек. тең болса, жүректің соққы көлемін (ЖСК) анықтаңыз.
-
PQ ара қашықтығының ұзақтығы ЭКГ-да 0,4 сек. тең. Сіздің ұйғарымыңыз?
Тесттік сұрақтар (мысал)
1. ІІ жүрек дыбыстарының негізгі компоненті
-
өкпе артериясының қақпақшаларының ашылуы
-
жүрек жиырылуы
-
атриовентрикулярлық қақпақшаларының жабылуы
-
жарты айшық қақпақшаларының жабылуы
-
жарты айшық қақпақшаларының ашылуы
2. Электрокардиограмма сипаттайды
-
қақпақшаларының жабылуы
-
жиырылуы және өткізгіштігі
-
қозу және өткізгіштік
-
жиырылу және тонустық
-
тонустық және жүрек соққысы