Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ӘОЖ 330.124.4:351.711:553.982.2:553.981 Қолжазба құқығында


ИЛЬЯСОВА АЙГУЛЬ БОЛАТОВНА
Мұнай – газ саласы кәсіпорындарын дағдарысқа қарсы басқару

(Қызылорда облысы мәліметтері негізінде)

6 М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


Рефераты


Кызылорда, 2013

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалды



Ғылыми жетекші экономика ғылымдарының кандидаты

Г.Е.Талапбаева
Ресми оппонент экономика ғылымдарының кандидаты

доцент


А.Б.Баймбетова




Диссертацияны қорғау 2013 ж. ____ маусымда ____ сағатта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. 120014. Қызылорда қ., Әйтеке би к-сі, 29А. ( бас оқу ғимараты, Экономика факультеті, № 308 дәрісхана).

Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. (120014. Қызылорда қ., Байсеитова к-сі, 100.)



КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХ ғасырдың аяғы мен – ХХІ ғасырдың басы еліміздегі саяси және әлеуметтік өміріне қатты өзегрістің кезеңдері болды. Ел, өзінің әлеуметтік экономикалық және институциялық негіздеріндегі терең жүйелік дағдарыс астында қалды. Бірқатар зерттеушілер мен тәжірибиешілер, еліміздің экономикасын осындай күрделі жағдайдан басқарудың сапалы жаңа – «дағдарысқа қарсы басқару» түрі ғана шығара алады деп есептейді. Сонда, тиімді дағдарысқа қарсы басқарудағы қажеттілік, ол ең алдымен әлеуметтік экономикалық тәжірибенің болуында. Мәселе тек онда ғана емес.

Заманауи менеджменттің дамуы, зерттеушілерді басқарудың жаңа түрін өндіру мен ойлап табуына алып келеді. Мамандар арасында ерте бастан әлеуметтік экономикалық жүйесінің циклдік дамуы, ұйымның тіршілік циклі, басқарудың бұзылуы, басқару үдерісіндегі ынталандыру әдістемесі мен түрлі амалдардың рөлі, әлеуметтік серіктестік және т.б. секілді мәселелері талқылануда. Осы тектес мәселелердің болуы, оларды естен шығып кетуі немесе шектетілуі көптеген дағдарыс түрлерінінің туындауына алып келуі мүмкін. Басқару ғылымының мақсаты осы құбылыстар арасындағы өзара байланыс пен олардың басқару сапасы мен тиімділігіне әсерін, айқындауға бағытталған шаралар жүйесін қалыптастыру мүмкіншілігін, дағдарысты алдын алу мен төтеп бере алатындығын көрсету.

Қазіргі кезде отандық кәсіпорынның тұрақсыз экономикалық ортада жұмыс істеуіне байланысты өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларын, шығындардың көп болуына тап болады. Олардың мұндай жағдайы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық қаупіне итермелейді. Қуатты дұрыс жүктемеу, оларды тиімсіз қолдану экономиканың дамуына кері әсер етеді.

Бірде-бір кәсіпорын инвестициялық ресурстарды жоғалтқан кезде және кәсіпорынның несиелік қарызы асып кеткен жағдайда экономикалық қауіпсіздікті сезіне алмайды. Ұлттық экономиканың барлық саласында кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырауының күрт өсуі, экономика секторының қамтитын инвестициялардың күрт қысқаруы, ЖІӨ өсуінің төмендеп кетуі, еңбек өнімділігі, халықтың нақты табысы, жұмыссыздықтың көбейуі, өмір сүру сапасының төмендеп кетуі, саяси кластардың экономикалық және әлеуметтік қарсы тұруға мүмкіндіктерінің жоқтығын көрсетіп отырады.

Қазақстан өзінің даму стратегиясын өтпелі кезеңдегі ауыр өзгерістерден аман алып шығып, болашаққа жаңа қарқынмен аяқ басу жолында. Бірақ, оның барлығы оңайлықпен келетін шаруа емес. Көптеген кәсіпорындар дұрыс ұйымдастырылмаған менеджменттің салдарынан нарық заңдарына төтеп бере алмай, бұрынғы стереотипті ұстанып экономикалық дағдарыстарға ұшырауда. Дағдарыстың негізі қаржылық тұрақтылықтың болмауы. Басқару менеджменті жоқ кәсіпорындарда “төлемқабілетсіздік” ұғымдары кеңінен пайдаланылатын болды.

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылуынан, яғыни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Бұл жерде, егерде кәсіпорын тұрақсыздық жағдайына ұшырап, қаржылық сауықтыру әдістері мен нысандарын уақытылы қолданбаса, онда кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін.

Демек, өндірістік процесс дербес қаржы көздерімен байланысты ұйымдастырыла бастады. Бірақ, көбіне бұрынғы тәртіпті ұстанған немесе нарық заңдарын бұрыс түсінген көптеген кәсіпорындар өзінің қаржылық тұрақтылығын сақтап қала алмады. Сол себептен оларды қаржылық сауықтыру жұмыстарын жүргізу және дағдарысқа қарсы басқару қажеттігі өмір талабына айналды. Осы тұрғыдан келгенде зерттеу тақырыбының өзектілігі объективті.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Дағдарысқа қарсы басқару, дәрменсіз кәсiпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру мәселелері Ресейдiң және шетелдiң мамандары мен ғалымдарының ғылыми еңбектерiнде қарастырылған. Шетелдiк авторлар Вуд П., Бальц М., Эпштайн Д., Кинг Л., Маркелл Б., Лафонт Г., Клаус К., тағы басқаларды атап айтуға болады. Ал Ресейде бұл мәселенi Минаев С.А., Панагушин В.П., Човушян Э.О., Сидоров М.А., Евсеев А., Кошкин В.И., Степанов В.В., Уткин Э.А., Шабалин Е.М., Жугляр К., Китчин Д., Кондратьев Н.Д., Ансофф И., Баринов В.А., Буянова В.П, Гребнева Е.Т., Грязновой А.Г, Коротков Э.М., Крыжановский В.Г., Лапенков В.И., Лебедев О.Т., Кирсанов К.И., Базаров Г.З., Беляев С.Г. және тағы басқа ғалымдар ғылыми еңбектерiнде зерттеген.

Қазақстанда дағдарыстық жағдайларымен күресу мәселелерін отандық - экономист ғалымдар Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г., Байгелдi О., Жанкубаев Б.А., Жүнiсов К.Х., Имашев Б.М., Қажымұрат К., Кенжегузин М., Кошанов А.К., Кулмағамбетов А., Мұхамбетов Т.И., Нукушев А.Г., Нұрымбетов Б.М. Сабден О. Баймуратов У.Б., Нурланова Н.К., Рамазанов А.А., Алпысбаева Н.С., Мунш В.А., Кыстаубаев М.Б., Нурмуханова Л., Киреева А.А және тағы басқалар өз еңбектерінде зерттеген.

Алайда әлемдік экономиканың қарқынды дамуы, қаржылық дағдарыспен байланысты жаһандық тұрғыдағы мәселелердің пайда болуы ғалымдарға дәстүрлі тұжырымдардан бас тарта отырып, кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарудың жаңа әдістерін зерттеу қажеттілігі туындап отыр.

Осы орайда зерттеудің өзектілігі, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы және кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарудың жеткіліксіз зерттелуі диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға, мақсаты мен міндетін айқындауға мүмкіндік береді.



Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты мұнай – газ саласы кәсіпорындарын дағдарысқа қарсы басқаруды теориялық – әдістемелік негіздерін, кәсіпорынды қаржылық сауықтыру бойынша тәжірибелік тәсілдері мен оны жетілдіру механизмін ұсыну.

Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:

- дағдарыстың мәні мен маңызын, пайда болу себептеріне сипаттама беру;

- төлем қабілеттсіз кәсіпорындардың банкроттық жағдайын анықтау;

-дағдарысқа қарсы басқарудың стратегиясын қалыптастырудың әдістемесін зерттеу;

- мұнай – газ саласы кәсіпорынның қаржы – экономикалық жағдайын талдау;

- кәсіпорынның қаржылық қабілетсіздігін анықтау және болжау;

- кәсіпорынды қаржылық сауықтыру әдісін айқындау;

- Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігін арттыру факторлары мен жолдарын және дағдарысқа қарсы басқаруды мемлекеттік реттеу тетіктерін ұсыну.

Зерттеу нысаны ретінде Қызылорда облысының мұнай – газ саласы кәсіпорынның қаржылық жағдайы алынды.

Зерттеу пәні – тұрақсыз экономика жағдайында кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару үдерісі болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі болып дағдарысқа қарсы басқару және банкроттық мәселелері бойынша отандық және шет елдік экономист ғалымдардың ғылыми еңбектері танылады.

Зерттеудің ақпараттық негізін халықаралық конференциялардың материалдары, Қазақстан Республикасының банкроттық аясындағы нормативтік актілері, ҚР статистика бойынша Агенттік материалдары, мұнай – газ саласы кәсіпорынның 2010 - 2012 жылдардағы қаржылық есеп нысандары, отандық және шет елдік зерттеушілердің сараптамалық қорытындылары және автордың жеке зерттеулері құрайды.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- теориялық ережелерді жинақтап қорытындылау негізінде «дағдарыс» ұғымына авторлық ұғымдық-мазмұндық және әдістемелік дәлелдемелер берілді;

- отандық бизнесті қолдауды және ішкі экономиканы қорғауды қамтамасыз ететін кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын құрудың тактикасы ұсынылды;



- мұнай – газ саласы кәсіпорынның басқару процесінде банкрот болу ықтималдығы анықталды;

- мұнай – газ саласы кәсіпорынның даму серпінін болжау және қаржылық жағдайды жақсарту бойынша кешенді ұсыныстар әзірленді;



- кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқаруды мемлекеттік реттеу ұсыныстары жүйелендірілді.

Қорғауға шығарылатын негізгі ғылыми тұжырымдар:

- «дағдарыс» түсінігімен байланысты әртүрлі экономикалық мектептің өкілдерінің көзқарастарының теориялық-әдіснамалық негіздемелерін бір жүйеге келтірілуі нәтижесінде аталған ұғымға автордың теориялық тұрғыдан берген анықтамасы негізделді;

- дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын құруға әдістемелік ұсыныстар жасақталды;

- мұнай – газ саласы кәсіпорынның қаржы – экономикалық қызметіне жүргізілген зерттеулер нәтижесі негізінде қаржылық және экономикалық тиімділігін арттыру бойынша қаржылық сауықтыру әдістері айқындалды;

- мұнай – газ саласы кәсіпорынын дағдарыстық жағдайдан қорғауды қамтамасыз ету үшін дағдарысқа қарсы реттеуді жетілдіру жолдары ұсынылды.

- кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару тиімділігін арттыру факторлары анықталды.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқаруға байланысты нақты ұсыныстар мемлекеттік басқару органдарының жұмысында, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану, кәсіпорында дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырғанда пайдалануға болады. Аталған ғылыми зерттеудің нәтижелерін жоғарғы оқу орынында «Дағдарысқа қарсы басқару», «Кәсіпорын қызметін диагностикалау», «Заманауи менеджмент» курстарынан дәрістер оқуға және оқу- әдістемелік кешендер әзірлеу барысында қолдануға болады.

Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі мен жариялануы. Зерттеудің негізгі тұжырымдары мен нәтижелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалған. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 0,6 шартты баспа табақ 2 ғылыми мақала жарияланды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу нәтижелері «Бозенгенгаз» ЖШС – нің өндірістік қызметін дамытудың ағымдағы, жылдық және стратегиялық жоспарларын әзірлеуде пайдаланылды.



Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарудың теориялық - әдістемелік аспектілері. Қазіргі уақыттағы экономикалық әрекет етушіліктер кәсіпорынның басшыларының айқынсыздық не тұрақсыздық жағдайларында үнемі шешім қабылдауын жүктейді.Көптеген кіші, орта және ірі кәсіпорындардың тек қарапайым уақытша қиындықтарды бастан өткізбей, әртүрлі дағдарыс жағдайларына үнемі кездесіп отырды. Осы жағдайлардың нәтижесінде тұрақсыздық немесе банкроттылық орын алуы мүмкін. Сондықтан осындай басқару әдістері мен формаларын іздеу және кеңінен енгізу мәселелері өзекті болып отыр.Оны қолдану арқылы еліміздегі нәтижелер көңіл көншітпейтіндей жағдайларда жалпы жағымсыз нарықтық жағдайларға қарамастан кәсіпорын ісінің дағдарысқа дейінгі жағдайға жеткізбеуге мүмкіндік берер еді. Әңгіме әрбір кәсіпорында уақытша қиындықтарды,оның ішінде қарсылық қиындықтардың жоюға бағытталған арнайы бағдарламаларды өңдепжәне тәжірибиеде ісіне асыру туралы болып отыр.Міне сондықтан дағдарысқа қарсы басқаруға, яғни кәсіпорынның нарықтық қызметіндегі мүмкін болатын салмақты қиындықтардың алдын алуға бағытталғын,оның тұрақты және жеңістіктегі шаруашылықтануын қамтамасыз ететін басқарушылыққа қажеттілік туып отыр.
Дағдарысқа қарсы басқару механизмі

АНТИКРИЗИСНОГО УПРАВЛЕНИЯ

Экономикалық

ҚҰҚЫҚТЫҚ


Кәсіпорынның қаржы – экономикалық жағдайын талдау

Әлемдік келісімдер

Кәсіпорында бизнесті бағалау

Маркетингтік стратегия

Персоналды басқару

Инвестициялық стратегия

Дағдарысқа қарсы бизнес -жоспарлау

Сыртқы бақылау

Сайыстық өндіріс

Оңалту процедурасы

Қаржылық сауықтыру

Ескерту – Автор құрастырған


1 сурет - Дағдарысқа қарсы басқару механизмінің элементтері
Экономикалық ғылымда дағдарысқа қарсы басқару механизмі келесі принциптерге негізделеді деп белгіленеді:

1. Кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі дағдарыс белгілерін ерте анықтау осыны ескері отырып кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы кәсіпорындағы айтарлықтай зиян келтіреді және оның меншік иелеріне капиталды біраз жоғалтумен байлынысты болады, дағдарыстың пайда болуы мүмкіндігі қазіргі уақыттағы оның жойылуының мүмкіндіктерін пайдалану мақсатымен өте ерте кезеңдегісін анықталу тиіс.

2. Дағдарыс белгілеріне әрекет ету мерзімділігі. Әрбір пайда болған дағдарыс белгілері әрбір жаңа шаруашылық циклымен кеңейтуге ғана дамуы болмауы тиіс, сондай-ақ оған байланысты жаңа белгілерде пайда болады. Сондықтан дағдарысқа қарсы механизмдерді ертерек қолдана бастағаннан кәсіпорынға келтіру мүмкіндіктері де пайда болады.

3. Кәсіпорынның әрекет етуге адекваттылығы оның қаржылық тепе-теңдігіне нақты қауіп төндіру дәрежесі. Бакроттылық қауіптерінің нейтролизациялау(жою) бойынша механизмдердің жүйесін қолдана отырып қаржылық шығындармен байланысты өзінің қауіпті бөліктерін анықтайды. Сонымен бірге бқл шығындардың деңгейі және жоғалтулары кәсіпорынның банкроттылық қауіп деңгейіне адекватты болуы тиіс. Әйтпесе күтілген нәтижені ала алмайды немесе кәсіпорынды жоғарғы шығындардын өтей алмауы мүмкін.

4. Ішкі мүмкіндіктердің толық іске асырылуы кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығуы. Кәсіпорынды бакроттық қауіппен күресте тек ішкі қаржылық мүмкіндіктерді ғана есепке алуы тиіс.

Осымен байланысты дағдарысқа қарсы басқару механизмі - бұл дағдарыс құбылыстың алдын алу немесе өз уақытында сауықтыру бойынша шараларды жасап және еңгізуге бағытталалған өзара байланысты элементтердің жиынтығы.

Біздің көзқарасымыз, дағдарысқа қарсы басқару механизмін экономикалық және құқықтық элементтерге бөлуге болады 1 - сурет.

Көрсетілген элементтердің салын есепке алу менеджерлер үшін өте маңызды. Дағдарысқа қарсы жұмысын бақылай отырып бір түрінің элементтерін екіншісінің орнына қабылдап қою арқылы оңай қателікке ұрындырады. Дағдарысқа қарсы басқарудың экономикалық механизмін құру және теориялық негізін салу кешендік сипатта болуы тиіс және келесі жағдайларға негізденеді: басқару процессіне жүйелік қадамдарды қолдану және дағдарыс жағдайында шешімдер қабылдау, сапалы құрылымның және мақсаты қызмет етуші заңдылықтарды, сондай-ақ экономикалық қарама-қайшылықтарды да есепке алу.



2 Мұнай – газ саласы кәсіпорынның қаржы – экономикалық жағдайын талдау және дағдарысқа қарсы басқару тәжірибесі

Батыс Еуропа тәжірибесінде банкроттықтың белгісі ретінде қабілетсіздік фактысы саналады; бұл, қабілетсіз қарыздарлардың өз кредиторларына құлдыққа өтетіндігі секілді ескіден қалған ұғымға сәйкес қалыптасқан түсінік болса керек. Уақыт өте мұндай тәуелділіктер мемлекеттік жазалармен ауыстырылды. Бірақ, қабілетсіз қарзыдардың мұндай жағдайға душар болуының себебі, шынайылылығ тексеріліп, кінәлілік дәрежесі айқындалады.

Батыс Еуропа елдерінің қылмыстық заңдарында банкроттық «қарапайым» және «әдейі» деп бөлінетіндігі белгілі. Мұндай ұғымдар революцияға дейінгі Ресей тәжірибесінде де кездескен.

Франция заңдарына сәйкес «қабілетсіздік» ұғымы тек коммерсанттарға ғана қатысты. Демек, саудаға қатысы жоқ шаруашылық субъектілеріне банкроттық ережесі қолданылмайды.

Міндетті түрдегі банкроттық келеді, егер коммерсант келесі жағдайлардың біреуінде болса:

- оның жеке немесе шаруашылық шығындары шектен тыс болса

- кездейсоқ және де басқадай алынған операцияларға көп суммалар жұмсалса;

- төлемдердің шегертілуі үшін алып-сатарлық айналысу мақсатында жоғарлатылған курспен сауда жасалса;

- қорлар құру үшін жою құралдары қолданылса;

- кәсіпорынныңпрофилі мен маңызына сәйкес келетін есеп беру жүргізілмесе.

Жалған банкроттық келеді, егер коммерсант келесі жағдайлардың біреуінде болса:

- құндылықтарды алмай, керісінше басқа тұлғалар есебіне шектен тыс міндеттемелер алса;

- мүліктің жойылуы туралы хабарланса, бірақ кредиторлармен бұрынғы жүргізілген келісімдер қанағаттандырылмаса;

- төлем доғарылғаннан кейін, кредиторлардың біреуіне қандай болмасын сумма басқаларына зиян келтіре төленсе.

Францияда, 1967 ж. қабылданған заңның 129 бабына сәйкес банкроттық «әдейі» деп саналады, егер коммерсант:

- өзінің есеп беру кітаптарын қайтып алса;

- өз активтерін жұмсап жіберсе немесе белгілі-бір бөлігін жасырып қалса;

- ешқандай негізсіз өзін белгілі-бір суммада қарыздармын деп жарияласа, бірақ шын мәнісінде ешкімге қарыз болмаса.

Германия заңнамасы бойынша банкроттық субъектісі болып төлемдерді жүргізуді тоқтатқан кез-келген қарызға батушы саналады. Банкроттықтың қылмыстық заңмен жазаланатын үш жағдайын бөліп көрсетеді – «қарапайым», «әдейі» және «банкроттықтың ерекше ауыр жағдайы».

Швецияда төлемқабілетсіздікке жол бергендердің жауапкершілігін қадағалау жолға қойылған. Өйткені, көп жағдайларда кәсіпорындарды әдейі банкротыққа ұшырату белең алған.

Ал, Италиядағы «қарапайым» және «әдейі» бонкроттық ұғымдары көршілес европалық елдерге таралған анықтамалармен ұқсас екені белгілі болып отыр.

Германиядағы қарапайым банкрот кәсіпорындармен жұмыс жүргізу стратегиясы екі стратегияға келеді: кәсіпорынды жою, немесе оны қайта құру, соның ішінде санация жасау арқылы.

Банкроттық туралы істің қозғалуы қарызданушының өзінен де, немесе бір немесе бірнеше кредиторлардан да қабылдана береді. Егер, ходатайство кредитор тарапынан болса, онда ол қарызшының төлемқабілетсіздігін сәйкес құжаттамалармен дәлелдеуі қажет.

Мәселені әдістемелік тұрғыдан зерттеуде шетелдік және көршілес Ресейдің тәжірибесі талданды. Оларда да кәсіпорынның дағдарысты жағдайларға түсу мүмкіндіктері туралы өзіндік тәжірибелері бар екендігі аталып өткен. Кәсіпорын қызметінің мүмкін дағдарысқа түсуі туралы зерттеулер ХХ ғ. 30-шы жылдары АҚШ-та жүргізіле бастаған екен. Қазіргі күнде банкроттық жағдайды бағалаудың көбірек таралған модельдері Э.Альтман мен У.Бивер модельдері болып отыр.

Дегенмен, отандық ғалымдардың айтуынша шетелік модельдерге сәйкес кәсіпорынның төлемқабілетсіздігін бағалау мүмкіндіктерін бағалау көп жағдайда оң нәтиже бере алмайды екен. Шетелдік модельдерді қазақстандық жағдайларға ыңғайластыру тәсілдері де ұсынылған, соның ішінде Э.Альтманның «Z» пен екі факторлы математикалық моделі де.

Ресей ғалымдары да осы мәселені барынша кең зерттеп өзіндік ұсыныстар жасауда. Мысалы, О.П.Зайцева, Р.С.Сайфуллин, Г.Г.Кадыков еңбектері ерекше.

Атап айтсақ, шетелдік және ресейлік ғалымдар зерттеген банкроттықты болжау жүйелері бірнеше (2-7) маңызды көрсеткіштерді қамтыған. Бұлар кәсіпорынның банкроттыққа ұшырау жағдайын алдын ала анықтауы тиіс. Бұл өте қажет зерттеулер, өйткені нарық жағдайында коммерциялық кәсіпорындардың өмірлік циклы қысқа (4-5 жыл).

Нарықтық экономика жағдайындағы мейлінше дәл болжаулар көпфакторлы модельдерден көрінеді. Шетелдіктер Э.Альманның «Z» моделін жиі қолданады. Ол кезінде АҚШ-тың қарқынды дамыған және банкроттыққа ұшыраған өнеркәсіп компанияларының мәліметтеріне негізделіп жасалған. Банкроттықтың ықтимал Z жағдайы жекелеген бес көрсеткіштермен есептеледі. Олардың әрқайсысы белгілі деңгейдегі статисткалық әдістермен есептелген:




Z = 1,2 ∙ К1 + 1,4 ∙ К2 + 3,3 ∙ К3 + 0,6 ∙ К4 + К5,

(1)

Мұндағы:

К1 — активтердегі таза айналым капиталының үлесі;

К2 — жинақталған пайданың активтерге қатынасы;

К3 — активтердің рентабельділігі;

К4 — кәсіпорынның барлық қарапайым және айрықша акцияларының нарықтық құнының заемдық құралдарға қатынасы;

К5 — активтердің айналымдылығы
3 Мұнай – газ саласы кәсіпорынын дағдарысқа қарсы басқаруды жетілдіру жолдары Басқару тиімділігі көптеген факторлаға: мекеменің сыртқы және ішкі қоршаған ортасына; мекеме қызметінің көлемі мен мінезіне; мекеменің мақсаты, тапсырмасы мен стратегиясына; менеджменттің кәсібилігі мен талантына; қайта қарастыру қызметін қоюына және т.б. тәуелді.

«Экономикалық тиімділік» пен « әлеуметтік тиімділік» басқару ұғымы бөлінеді.

Экономикалық тиімділік астарында, экономикалық қызметтің нәтижелілігі беріледі, экономикалық бағдарлама мен шаралар, алынған экономикалық тиімділікпен, түрлі қор көздерін(қаржылық, физикалық, еңбек) жұмсау нәтижесімен, осы нәтижені алуда шарттасумен сипатталады.

Профессор В.С. Ефремов, мекеменің тиімділігін анықтауда, оның пайдалылығын, қызметтік жарамдылығын бағалау қажет деп ойлайды. Ал, мекеме, пайдалы әрі тиімді болу үшін, ол үнемі қоршаған орта өзгерістеріне ыңғайласып немесе өзінің қызметтік пайдалылығы мен тиімділігі қызығушылығының арқасында қоршаған ортаға белсенді түрде әсер ету керек.

Кейін, В.С.Ефремов, экономисттер арасында келесі ой қалыптасқанын ескереді: шаруашылық қызметтің мақсаты, оның тиімділігі кірістің ұлғаюы болып табылады. Мұндай көзқарас, мекеменің туындау, пайда болуы мен жойылу себептерін түсіндіруі екіталай. Анығындай, оңтайлы деп, әрқайсысының жалғыз талпынысы тиімсіз не мүмкін болмаған жағдайда, мекемелер туындауы мен пайда болуы, адамдарға бірігіп жасалған қызметтен пайда беруін айтуға болады.

Сәйкесінше, мұндай әрекетпен, өзінің көздеген мақсатына жетудегі қолданатын құрал ретіде мекемені қолдану мүмкіншілігінде өздерін еркін сезінетін қатысушылардың көптеген пайызының көрсеткіші мекеменің тиімді болатынын көрсетеді. Бұл, қатысушы кең көлемде мекеме делдалдылығын сезінген сайын, мекеме мен оны басқаруда тиімдірек болатынымен расталады. Мекемені тиімді басқаруының анықтамасы, әлеуметтік экономикалық аспект артықшылығын алып жүреді.

Осындай шешімге сәйкес, кіріс, өндірістік секілді факторлар, мақсаттық емес ұйымдық өмір сүруінің міндетті шарты болып табылады.

Басқару сұрақтарына арналған әдебиетте, басқару тиімділігін ұғыну мен оның санаттарын, тұрақты жағдайда болып тұрған мекемені басқаруда қолдануға болатын пайымдауын көруге болады. Дағдарыс жағдайында тұрған, басқару мен оның мекемеге қатысты тиімділігін, жұмсақ сөзбен айтқанда, бұл жағдайда, орынсыз және өнімсіз деуге болады.

Авторлар осы тектес пікірге келісе алмайды. Дағдарысқа қарсы басқару, басқалары секілді, өте тиімсіз болмаса тиімдірек болуы мүмкін. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі жеңілдету,тараптаушылық немесе осыған құртылған қорды салыстыруда дағыдарысты оң қолдану мақсатына жетуімен сипатталады. Әрине, мұндай тиімділікті мөлшерлі есептеуіш көрсеткіште бағалау, оң, бірқалыпты дамудағы мекемені басқаруға қарағанда күрдерірек. Әйтседе, оны сараптама мен басқару сапасының жалпы бағалауында, оның сәттілігі мен есептемесінде анықтауға болады. Бұл басқару тиімділігінің әлеуметтік экономикалық аспектісіне де тиесілі.

Ірі кәсіпорындарда қызметкерлер өзгерістерге қарсылық көрсетеді, дағдарысқа қарсы стратегияны енгізу оперативтік қызметтен ажыратылғандығы, қосарланған құрылым деп аталатын нұсқаларды пайдалану керек. Бұл менеджерлерге оларды іске асырумен айналысатын бөлімдерде өзгерістерге қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дағдарысқа қарсы стратегияны жүргізуде сырттан мамандарды – сыртқы кеңесшілерді, бұрын басқа кәсіпорындарда жұмыс істеген жаңа басқарушыларды тарту айтарлықтай көмек көрсете алады. Сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігін арттыру маңызды болып табылады. Мұндай арнайы дайындық тек олар алынған жердегі сол кәсіпорын үшін ғана қызығушылық туғызатын білім және дағдыларды жұмысшыға береді.

Дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлеу кезінде ең бастысы сыртқы факторлардың талдауын жүргізу және талдаудың бірінші кезеңін біртұтасқа жеткізу болып табылады:

- Макроорта талдауы (саяси, эконмикалық, әлеуметтік және технологиялық қоршаған орта);

- Бәсекелестік ортаны талдау (сатып алушылар, жеткізушілер, сала ішіндегі бәсекелестер жаңа бәсекелестер);

Жоғарыда айтылғандардан шыға отырып, дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын жасау үдерісінің өзін 2 - суреттегі түрінде келтіруге болады.
Экономикалық стратегияның мақсатын жүзеге асыру бойынша тәсілдерді менеджерлер мен басшылардың анықтауы
Өзгеріс жағдайында стратегияның мақсатының нақтылығын бақылау

у

в



х

Стратегия мақсатын түзету

Бағалау

цели стратегии



Стратегия жоспарын жасау және стратегияны жүзеге асыру бойынша бюджетті анықтау

для реализации стратегии

Стратегия жоспарын түзету

Кәсіпорынның серпінді даму жағдайында стратегия жоспарының объективтілігін бақылау

Бағалау

плана стратегии



Нақты іс әрекет жолымен таңдалған стратегия жоспарын жүзеге асыру

Кәсіпорын бөлімшелерінің іс әрекетін түзету

Кәсіпорын бөлімшелерінің нақты іс әрекетінің келісімділігі мен бір ізділігін бақылау

Кәсіпорын бөлімшелерінің іс әрекетін түзету


Берілген стратегияны жүзеге асыруды стратегиялық бақылау менеджерлердің құзырында

Орын алған жағдайдың себептерін және кәсіпорын қызметін талдау

Кәсіпорын менеджерлерінің іс әрекетін түзету

Кәсіпорын жағдайын бағалау


Ескерту – Құрастырған автор
2 сурет – Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы

Дағдарысқа қарсы басқаруын орындайтын менеджменттің алдында тұрған өзекті мәселелердің біріне, басқару сапасы мен тиімділігін жоғарлатуы жатады.

Дағдарысқа қарсы басқару әдебиетінде, белсенді әрі тиімді қолданыс осы ортақ мәселені шешуге негіз бола алатын келесі факторлар анықталынып, негізделген.

1. Мекеменің даму барысындағы қалыптасушы дағдарыс жағдай бағасына ғылыми шешім келесіні болжайды: болашақ мекеменің елесі, оның даму үдерісі; мекеме өндірісінің жүйелік сараптамасының жағдайы, біркелкілігі, еңбек шартын ынталандыру, жұмыс орындарына қызмет көрсету, жұмыс әдістері мен амалдарын енгізу; қаржылық жағдайын бағалау, қызметкерлерді басқару және т.б. жатады. Бұл, жақындап келе жатқан немесе өтіп кеткен дағдарысты бақылауда ұстауына мүмкіндік береді.

2. Менеджердің өнері, творчестволық қабілеттілігі, еркін мақсатқа ұмтылысы. Көптеген дағдарыс жағдайларында, табиғи апаттарда, техногенді апаттарда, айтулы даралық сапа, дағдарыстан шығу немесе оны жеңілдетуін анықтаушы факторы болып табылады. Сондықтан, дағдарысқа қарсы басқарушысы орнына үміткерлерін таңдау барысында, осындай сапаға ие мен дағдарысқа қарсы менеджерлер қабілеттілігін анықтауда арнайы тест жүргізеді. Дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне үміткерлерді таңдау жасалып отырған осы тектес үдерістерге бейқамдық таныту, оның тиімділігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

3. Дағдарысқа қарсы басқарушылардың кәсібилігі мен әлеуметтік дайындық. Басқару саласындағы аса қажетті кәсібилік туралы ғана айтылып жатырған жоқ, сондай ақ оған қоса – дағдарысқа қарсы басқару ерекшелігін бейнелейтін кәсіби білім мен икемділігі туралы сөз болуда. Кәсібилік, жоғарғы оқу орны мен одан кейінгі арнайы оқуда жүйесімен, түрлі дағдарыстың алдын алу мен жоюда жүргізілген тәжірибесі бірігуімен қалыптасады.

Созылмалы дағдарыс шартында, жоғары оқу орындарында бағдарламалар, оқулықтар мен дағдарысқа қарсы басқару саласындағы студенттерді арнайы дайындау тренингтерін құруына бағытталған кешенді шаралар қолға алынған болатын. Одан бөлек, арнайы кәсіби білімдерін жоғарлату мен дағдарысқа қарсы басқару саласы, жоғары білім мен дағдарысқа қарсы басқару жүйесіндегі тәжірибелік қызмет негізі құрылған.

Авторлардың пікірлері бойынша, және кең ауқымды менеджерлерді дайындауда, тұтастай назардың аударылуы білімнің дамуы мен күрделі жағдайларда басқару қабілеттеріне ауған.

4. Тәуекел шешімін өндіру әдістемесі. Басқару шешімінің сапасына, басқарудың барлық жүйесінің тиімділігі тәуелді. Мұндай тәуелділік, әсіресе дағдарысқа қарсы басқаруда үлкен. Сондықтан да, тәуекел шешімдерді қабылдау әдістемесін өндіру маңызды.

Рационалды тәуекел шешімдердің маңызды себептеріне, уақытылылық, мәселенің толықтай көрінуі, нақтылық, амалдылық, қайшылықсыз пен кешенділік жатады. Осыларды қамтамасыздандыру, дағдарысқа қарсы басқару тиімділігін арттыруда үлкен мәнге ие.

5. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігіне айтарлықтай әсер етуші бірлестік болып табылады. Бірлестік – фирма қызметкерлерінің, мақсаттарының, тапсырмалары мен мекеменің басты құндылықтарын ұғыну мен қабылдауда бірігуі. Бұл фирмалық патриотизм, мекеменің жоғары имиджіне жету мен ортақ қызығушылықтар үшін бас алмай жұмыс жасауға дайындық.

Бірлестік сезімі дағдарысқа қарсы тіреушісі болып табылады. Бірлесушілік, сұрапыл туындамайды, менеджменттің қызметкерлерді фирма ісіне және түрлі басқару формаларына бірлестіре отырып қалыптастыруы.

6. Дағдарысқа қарсы басқарудағы жоғары тиімділіктің басты факторы көсбасшылық болып табылады. Басшылық – жеке тұлғаның, әлеуметтік, кәсіби топтың, мекеменің, басқарушы жағдайы ие, экономикалық, басқару және ғылыми қызметтің ең тиімді нәтижелеріне шарттасқан; басымдылық пен бағыну қатынасы, тұлға аралық қатынас жүйесіне еру мен ықпал ету.

Басшылық сапасына ие менеджер, дағдарыстың алдын алу мен төтеп беру немесе оны жеңілдетуінде шешуші рөл атқаруы мүмкін.

7. Басқару тиімділігіне мен дағдарысқа қарсы басқару әсер етуін мүлдем асыра бағаламау керек және кей жерде араласушылық пен басқару иілгіштік факторын да. Дағдарыс жағдайларында, кейде уақытша фактор маңызды: бәсеңдетілген әсер, қабылданған шешімді «кейінге» немесе «мүмкінге» қалдыру, фирма қызметіне айнықпас коммерциялық шығын келтіреді. Және керісінше, араласушылық, шешімді әрекеттер, уақытылы, оң әрекет дағдарыстың алдын алу мәселесін шешуіне оң әсерін тигізуі мүмкін немесе оның аз шығынмен дағдарыстан шығуы мүмкін.

8. Дағдарыстан шығу немесе алдын алудың оңтайлы стратегиясын өндіру. Коммерциялық мекеменің стратегиялық ортасында, оның мықты және әлсіз жақтары бар клиент отыруы қажет. Стратегия, мақсатты нақтылау керек, осы мақсатқа жетуге маңызды қаражатты реттеп, анықтауы керек, фирма мен бәсекелестерінің жұмыстары туралы мәліметті бақылап отыруы қажет, күрделі мәселені шешуде бірнеше амалдарды ұсынуы міндет. Дағдарысқа қарсы басқарудағы стратегия, қызметтік міндеттердің барлық шешімдерін жойып, оларды мекеменің бағытталған стратегиясын іске асыруға бағындыруға негізделген. Тек осы шарттарда ғана, стратегия дағдарысқа қарсы басқару тиімділігін арттырудағы алдыңғы қатарлы фактор рөлін орындайды.

9. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігінің басты факторы, дағдарыс жағдайында бақылау жүйесін құру болып табылады. Жалпы жағдайда, бақылау астарынада, басқарушы объекттің немесе сыртқы ортаның шынай уақыт тәртібінде күйі, өз уақытында шешім қабылдауды қамтамасыз ететін және осының арқасында айтарлықтай, шаруашылық, қаржылай және инновациялық қызметінің қаупі төмендейді.

Қорытынды
Зерттеу жұмыстарының барысында қол жеткізген ғылыми нәтижелер келесідей жүйеге келтіріліп отыр. Кәсіпорынның дағдарысты жағдайы ұшырауы және жалпы экономикалық ғылымдағы қаржылық дағдарыс ұғымына қолданылған әдебиеттерді саралай келе келесі анықтамалар берілді. Ғылыми негізгі нәтижесі де осында. Атап айтсақ: «дарысқа қарсы менеджмент»– бұл, ең алдымен, кәсіпорынның бәсекеқабілетті жағдайын сақтауы мен ірілетуі, банкроттықты болдырмау немесе төлемқабілетсіздік жағдайда қабілеттілікті қайтару, оны жұмыс жасайтын халге жеткізу. Сондықтан, дағдарыс ұғымын анықтау тұрғысынан қарағанда (кәсіпорын деңгейінде) екі көзқарас бөліп көрсетіледі. Кейбір мамандар оны «дағдарысты», бірақ кәсіпорын үшін күтпеген құбылыс деп санайды. Оның алдын алу үшін кәсіпорындар дағдарыс белгілерінің ізін басу жүйесін қалыптастырулары қажет. Ал, егерде дағдарыс келсе, басқарудың бастапқы шараларының бірі оның ұйым ішіне таралмауын шектеу. Басқа мамандар дағдарысты, уақыттық және кеңістік дәрежелерге созылатын салдары бар процесс деп санайды. Олар дағдарыстық процесті төрт фазаға бөледі: - дағдарыстың алғышарттарының пайда болуы (кішігірім қателер мен ұйым қызметтерінің бұзылуы); - көптеген факторлардың өзара араласуымен туындаған негізгі құбылыс; - дағдарыстың таратылуы; - дағдарыстың шешілуі. -Дағдарыстардың болу себептері мен одан шығу мәселелерін зерттеу барысында уақытылы және сапалы жүргізілген диагностика мен профилактикалық жұмыстар – жалпы алғанда кәсіпорынды, жекелей алғанда дағдарысты басқарудың ең басты міндеті болатындығы анықталды. Дағдарысты жағдайдан шығу жолдарын табудың бірдін-бір маңызды шарттарының бірі қаржылық сауықтырудың жоспарын дұрыс құру болып табылады. Өйткені, көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің дәлелдеуінше нарық жағдайында кәсіпорынды қаржылық сауықтыру іс-шараларының ішіндегі ең маңыздысы осы қаржылық тетік болып табылады екен. Кәсіпорынды қаржылық сауықтыру жоспарының мүмкін бағыттары мен варианттары жүйеленген түрде келесідей болуы мүмкін:

- бизнес стратегиясының қайта құрылу варианттары;

- бизнесті қысқарту стратегиясы;

- сырттан басқару процедуралары аясындағы қайта өзгерулер.

- кәсіпорынды қаржылық сауықтыру мәселелері, көпшіліктің түсінігінде қалыптасқандай, тек жоспарлыдан нарықтық экономикаға көшу кезеңдерінде ғана орын алмайды. Өйткені, кәсіпорынның дағдарысты жағдайға ұшырауы қоғамдық-шаруашылық жүйесінің ұйымдастырылуынан байланыссыз. Сондықтан, дағдарысты жағдай кәсіпорынның өзінің өмірлік циклының кез-келген кезеңінде ұшырауы мүмкін.

- Кәсіпорын балансы құрылымының қанағаттанарлығын бағалау көрсеткіштері мыналар болып табылады: - ағымдық өтімділік коэфициенті; - жеке құралдармен қамтамасыз етілу коэфициенті; - төлем қабілеттілікті қалпына келтіру (жою) коэфициенті.

- Отандық ғалымдардың айтуынша шетелік модельдерге сәйкес кәсіпорынның төлемқабілетсіздігін бағалау мүмкіндіктерін бағалау көп жағдайда оң нәтиже бере алмайды екен. Өйткені, шетелдік ғалымдар ұсынған модельдер акциялары ірі биржаларда котировакаланатын АҚШ-ң өнеркәсіп компанияларының жағдайына икемделіп жасалған. Дегенмен, шетелдік модельдерді қазақстандық жағдайларға ыңғайластыру тәсілдері де ұсынылған. Қазақстанда көбіне дағдарысты кәсіпорынды жою (ликивидация), яғни банкрот деп жариялау көп тараған. Кей жағдайда, басқа ТМД елдерінде де байқалғандай, кәсіпорынды әдейі банкротттық жағдайға жеткізіп, кейін арзандатылған бағамен сатып алу сияқты қылмыстық жолдары да байқалған. Мұндай қылмыстық процестерге жол берілмес үшін шетелдерде арнаулы әкімшілік процедуралар заңмен қарасытырылған. Мысалы, Швецияда кәсіпорынды банкрот деп жариялау үшін ол сот алдында дәлелденуі керек.

Осыған ұқсас шетелдік тәжірибелермен байланысты ұсыныстар, ресейліктер арасында да бар. Мысалы, О.П.Зайцева, Р.С.Сайфуллин, Г.Г.Кадыков еңбектері кәсіпорынды дағдарыстан шығарудың оптимальды жолдарын табуға бағытталған.

- Кәсіпорын балансының құрылымын қанағаттанарлықсыз, ал кәсіпорынды төлемқабілетсіз деп бағалауға келесі шарттардың біреуінің орындалуы негіз бола алады: - есепті кезеңнің соңында ағымдық өтімділік коэффициентінің мәні 2-ден төмен болса; - есепті кезеңнің соңында жеке құралдармен қамтамасыз етілу коэффициентінің мәні 0,1-ден төмен болса;

- Зерттеу объектісі ретінде алынған кәсіпорында қаржылық жоспарларды жасау негізінен 3 кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, ішкі шаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді. Екінші кезеңде көрсеткіштер негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп- қисаптары жасалады. Үшінші кезеңде қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.



ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ

1. Әлеуметтік – экономикалық дамудағы дағдарыс түсінігі және оның пайда болу себептері //// MATERIÁLYIX MEZINÁRODNÍ VĚDECKO – PRAKTICKÁ KONFERENCE VĚDA A TECHNOLOGIE: KROK DO BUDOUCNOSTI – 27.02.2013 – 05.03.2013, 48-53 бет.

2. Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарудың шет елдік тәжірибесі// MATERIAŁY IX MIĘDZYNARODOWEJ NAUKOWI – PRAKTYCZNEJ KONFERENCJI NAUKOWA MYŚL INFORMACYJNEJ POWIEKI – 07-15 marca 2013 roku, 47-50 бет.



РЕЗЮМЕ
Ильясова Айгуль Болатовна

Антикризисное управление предприятий нефтегазовой отрасли (на материалах Кызылординской области)
на соискание академической степени магистра

экономики и бизнеса по специальности 6 М050600 - «Экономика»
Объект исследования – финансовое состояние предприятий нефтегазовой отрасли Кызылординской области

Предмет исследования – процесс антикризисного управления на предприятии в условиях нестабильной экономики

Цели и задачи диссертационной работы – предложение теоретико-методических основ антикризисного управления на предприятиях нефтегазовой отрасли, механизма совершенствования и практических методов по оздоровлению финансового состояния предприятий.

Теоретической и методической основой исследования явились научные труды отечественных и зарубежных ученых экономистов по проблемам банкротства и антикризисного управления.

Научная новизна исследования:

- Автором приведены понятийно-содержательные и методические обоснование термина «кризис» на основе сбора и анализа теоретических правил;

- Предложена тактика построения стратегии антикризисного управления, обеспечивающая защиту внутренней экономики и поддержки отечественного бизнеса;

- Определена вероятность банкротства в процессе управления предприятиями нефтегазовой отрасли;

- Разработаны комплексные предложения по улучшению финансового состояния и прогнозированию темпов развития предприятий нефтегазовой отрасли;

- Систематизированы предложения по государственному регулированию антикризисного управления предприятий.

Научно-практическая значимость работы. Конкретные предложения по антикризисному управлению предприятий могут быть использованы в работе органов государственного управления, в процессе реализации антикризисных мер на предприятии и эффективного управления финансовыми ресурсами. Результаты научного исследования могут быть использованы для чтения лекций и разработки учебно-методических комплексов по дисциплинам «Антикризисное управление», «Диагностика деятельности предприятия», «Современный менеджмент».

SUMMARY
Ilyasova Aygul Bolatovna
Crisis management of the enterprises of oil and gas branch (on materials of Kyzylorda area)
On receiving of the academic degree of the master Economy and business

on a speciality 6М050600 - "Economy"
Object of research – a financial condition of the enterprises of oil and gas branch of Kyzylorda area

Subject of research is the process of crisis management at the enterprise in the conditions of unstable economy

The aim and objectives of dissertation work are the offer of teoretiko-methodical bases of crisis management at the enterprises of oil and gas branch, the mechanism and practical methods for improvement of a financial condition of the enterprises.

Theoretical and methodical basis of research were scientific works of domestic and foreign scientific economists on problems of bankruptcy and crisis management.

Information base of research were materials of the international conferences, regulations concerning bankruptcy, materials of Statistic’s Agency of Republic of Kazakhstan, forms of financial statements of the oil and gas enterprises for 2010-2012, expert opinions of domestic and foreign researchers and personal researches of the author.

Scientific novelty of research:

- By the author are provided conceptual and substantial and methodical term "crisis" justification on the basis of collecting and the analysis of theoretical rules;

- Tactics of creation of the crisis management strategy, providing protection of internal economy and support of domestic business are offered;

- The probability of bankruptcy in management of the enterprises of oil and gas branch is defined;

- Complex suggestions for improvement of a financial condition and to forecasting of rates of development of the oil and gas branch’s enterprises are developed;

- Offers on state regulation of crisis management of the enterprises are systematized.

Scientific and practical importance of work. Specific proposals on crisis management of the enterprises can be used in work of state enterprises, in the course of realization of anti-recessionary measures at the enterprise and effective management of financial resources.

Results of scientific research can be used for lecturing and development of educational and methodical complexes on disciplines "Crisis management", "Diagnostics of enterprise’s activity", "Modern management".

Ильясова айгуль болатовна мұнай – газ саласы кәсіпорындарын дағдарысқа қарсы басқару

М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

269.96kb.

25 12 2014
1 стр.


Диплом жұмысы тақырыбы: «Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару»

Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны

1648.44kb.

14 12 2014
7 стр.


Өнеркәсiп саласындағы лицензиарлар тізбесі

Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешенiндегi мемлекеттiк инспекциялау комитетi

37.21kb.

25 12 2014
1 стр.


Нурпеисова дина турмаганбетовна Мұнай – газ саласы кәсіпорында маркетингтік стратегияны дамыту

М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

239.99kb.

25 12 2014
1 стр.


9 қараша 2012 жыл Атырау қаласы Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Қр мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев,

Р мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, «kazenergy» Ассоциациясының Төрағасы Тимур Құлыбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ләззат Қиынов мұнайлы өңірге жұмыс сапары барыс

34.21kb.

25 12 2014
1 стр.


Vi астаналық экономикалық форумның ЖӘне дағдарысқА Қарсы бүкіләлемдік конференцияның дебаттарынын кестесі
25.24kb.

25 12 2014
1 стр.


Дағдарысқа қарсы облыстық кеңестің

«Нұр Отан» хдп павлодар облыс-тық филиалы төрағасының орынба-сары

37.68kb.

04 09 2014
1 стр.


Өнеркәсіп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) б

64.67kb.

13 10 2014
1 стр.