Перейти на главную страницу
6 М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Рефераты
Ғылыми жетекші экономика ғылымдарының кандидаты
Ж.Н.Ерниязова
Ресми оппонент экономика ғылымдарының кандидаты
Н.Х.Маулина
Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. (120014. Қызылорда қ., Байсеитова к-сі, 100.)
Осыған байланысты іс жүзінде өте маңызды және құнды мәселе ретінде маркетинг жүйесінің қалыптасуын атап өтуге болады. Еліміздегі ұлттық экономиканы дамыту процесінде болып жатқан өзгерістер, өндіруші еркіндігі мен нарықтық ортаны игеру кезінде кәсіпорынды басқару маркетинг тұжырымдамасын қолдануды талап етеді.
Маркетинг тұжырымдамасы нарықта кәсіпорынның белсенді басымдық саясатының стратегиясы мен тактикасы, шаруашылық іскерлігі және барлық өндірістік ресурстар түрлерін тиімді қолдану нәтижелеріне әсер ететін маңызды құрал. Еліміздегі экономикалық реформаны әлем экономикасымен интеграциялау үшін нарық механизмін, нарықты зерттеу әдістерін және принциптерін, экономикалық конъюнктураны, стратегиялық жоспарлаудың негіздерін, кәсіпорындардың нарықтық жағдайдағы бәсекелестік мүмкіншіліктерін терең білу қажет. Мұндай білімді нарықтық басқару концепциясын зерттейтін маркетинг ғылымы береді.
Қазіргі замандағы маркетингтің мәні тұтынушының қажеттілігін кәсіпорынның пайдасына айналдыратын кәсіпкерлік қызметте көрініс алады. Қазақстанда маркетинг экономикалық сала ретінде біршама жақын уақыттан бастап қолданыла бастады, ал бұған дейін бұл капитализмге ғана тән теориялық түсінік және тәжірибелік әрекет ретінде саналып келді.
Нарыққа экономика кезінде басқару мәселелері түбегейлі өзгерістерге ұшырайды, ондағы негізгі күштер сатып алушының тұтыныстарын қанағаттандыруға және фирма мен клиенттің арақатынастарының ұзақ уақыттық болуына арналады. Отандық өнеркәсіп орындарында маркетинг жарнама және тауарды өткізу ісіне бағытталған. Бұл жағдай бірқатар объективті және субъективті себептермен түсіндіріледі. Олардың ішінен келесі себептерді көрсетуге болады: нарықтық қатынастар дамуының төмен деңгейі; құқықтық және нормативтік заңдармен қамтудың жетіспеушілігі; нарықтық тауарлар инфрақұрылымның төмен деңгейі; кәсіпорында маркетинг қызметті алға қоятын тәжірибелі мамандардың жеткіліксіздігі; қаржының болмауынан туындаған қиындықтар; мәлімет жинау мен ақпарат бөлісу жұмысының шектелуі; маркетингтік қызметті сапалы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әдістер, әдістемелер деңгейде қолданылуы.
Маркетингті жүзеге асыруға арналған еңбектер шетел тәжірибесін қолдануға бағытталған және біздің экономикалық жүйенің ерекшеліктері мен жағдайларын ескере бермейді. Маркетингтің негізгі заңдылықтары мен әдістері біріңғай болып келеді, сондықтан олар іс жүзінде экономиканың барлық саласында қолданылады.
Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы замандағы маркетингтің рөлі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Кәсіпорын қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет.
Қазақстан Президентінің «Қазақстан – 2030» атты халыққа жолдаған стратегиялық бағдарламасында бейнеленген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі нарықтың негізгі мақсаты болып табылатындықтан, өндірісті басқару шешімдерін қабылдаудың негізгі принциптері кәсіпкерлерді негізгі тұрақты экономикалық өсу басымдылықтарына бағыттайды.
Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан тасымалдау шығындары барынша төмендетілген жағдайда қазақстандық көмірсутегілерін неғұрлым тартымды сату нарықтарына тасымалдау жөніндегі жобаларды іздеуді және іске асыруды жалғастыруы тиіс. Мұнай мен газды экспорттау қуаттары мен бағыттарының дамуы өндіру мен ішкі тұтынудың перспективті көлемдеріне, транзиттік елдермен ұзақ мерзімді уағдаластықтардың болуына, сұраныс деңгейіне және әлемдік тұтыну нарықтарындағы жағдайға сәйкес келуі тиіс.
Қазақстан үшін мұнай мен газ өндірісінің ұлғаюы болжамдарын ескере отырып, мұнай-газ тасымалдау инфрақұрлымын дамыту мәселесі күннен күнге маңызды болуда, жаңа экспорттық жүйелерді салу және қолда барын кеңейту жөніндегі жұмыс өзекті болып табылады.
Қазақстанда маркетингтің теориялық және практикалық аспектілеріне және өткізудің ерекшеліктерінің дамуына үлес қосқан ғалымдар С.Есімжанова, С.Сатыбалдин, К.Сагадиев М.Спанов және т.б.
Қазақстан Республикасында мұнайгаз өнеркәсіптерін дамытуда ғалым-экономистер: М.Б.Кенжегузин, А.Е.Надиров, О.И.Егоров, К.О.Оқаев, З.Қ. Қаражанов және т.б. талдаулар жүргізіп, тұжырымды ұсыныстармен салмақты үлес қосты.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Диссертациялық жұмыстың мақсаты -
маркетингтің теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттей отырып оның отандық мұнайгаз саласындағы кәсіпорындардағы қолдану деңгейін анықтау, кәсіпорындағы маркетинг қызметін басқаруды жетілдіру кезеңдерінің негізгі әдістемелік қағидаларын құру.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер айқындалды:
- мұнайгаз кәсіпорында маркетингтің мәнін, мазмұнын теориялық тұрғыдан қарастыра отырып, маркетингтің мұнай газ саласындағы ерекшелігін айқындау;
- Кәсіпорынның маркетингтік ортасын және маркетингтік стратегияны қолданудың дайындық деңгейін талдау;
- өткізудің теориялық негізін, оның мұнай компанияларындағы ерекшелігін қарастыру;
- зерттеліп отырған кәсіпорынның экономикалық даму бағытын айқындау;
- кәсіпорынның мұнай өткізу мүмкіндіктерін дамыту және маркетингтік стратегиясын жетілдіру .
- мұнай газ саласы кәсіпорында маркетингтік мәні, мазмұны және теориялық негіздері айқындалған;
- мұнай газ өндіруші кәсіпорынның мұнай өніміні өткізуде тасымалдаудың ұтымды жолдары анықталған;
- кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың тиімді жолдары зерттелген;
- Мұнай – газ саласы кәсіпорынның өткізу іс-әрекетін ұйымдастырудағы басқару қызметін жетілдіру зерделенді;
- Мұнайды экспорттаудың тиімділігін арттыруда тасымалдаудың жолдарын оңтайландыру бағыттары ұсынылды.
- Мұнай - газ кәсіпорындарының өткізу іс-әрекетінің рөлі мен алатын орны зерттелді;
- Кәсіпорынның маркетингтік қызметін ұйымдастыру жолдары қарастырылды;
- Мұнайды өткiзу мүмкiндiктерiн дамытудың басым бағыттары ұсынылды.
Сонымен бірге, ғылыми-зерттеу нәтижелері «Бозенгенгаз» ЖШС - нің қызметінде есептік баяндамаларында және іс-шаралар жоспарын жасақтауда пайдаланылды.
Маркетинг (ағылшын сөзінен market – нарық) – мекемелер алдында тұрған мақсаттарды шешуге қажетті тұтыныс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, қызмет атқаруға және табуға қажетті бірнеше жұмыс түрлерін үйлестіреді. Маркетингтің мақсаты – тауар және қызмет көрсетудің сапасын арттыру, оларды сатып алу жағдайларын жақсатру.
Маркетинг қызметіне келесілер жатады:
- әртүрлі тұтынушылар топтарының мұқтажын, қажеттіліктерін, сұранысын анықтау;
- тұтынушыға керекті және қажеттілігін қанағаттандыратын тауар шығару;
- тауардың құндылығына сәйкес тұтынушыға қолайлы және өндірушіге пайданы жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін баға қою;
- өндірген тауарды тұтынушыға ең пайдалы және ыңғайлы арнамен жеткізуді анықтау;
- нарыққа, сұранысты қалыптастыруға және өтімді ынталандыруға белсенді әсер ету жолдарын табу.
Осы маркетинг қызметтерінің әрқайсысының бағыттары, олардың құндылығы және маңыздылығы тек оларды бірге қарастырып қолданса ғана өседі. Маркетинг қызметінің негізгі мақсаты – тұтынушы мен өндірушіні тығыз байланыстыру, бір-бірін табуға көмектесу болып табылады.
Маркетинг – тұтынушылар сұраныстарына жауап беретін өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуде негізгі рөлді атқарады.
Жоғарыда аталған маркетинг элементтері күнделікті жағдайда бір-бірімен қарым-қатынаста болып, өндірістегі маркетингтің негізі болып табылады. Стандарттық жағдайда маркетинг бәсеке кезінде тұтынушы нарығына қызмет көрсетуді білдіреді. Компания және оның бәсекелесі өндірілген өнімді және ақпаратты тіке немесе үшінші жақ арқылы тұтынушыға жібереді. Бұл жүйенің барлық қатысушыларына сыртқы орта факторлары бірдей әсер етеді (демографиялық, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, саяси-құқықтық, мәдени-әлеуметтік). Тұтынушы құндылықтарын құру үшін маркетингтік жүйенің әрбір элементі өз еңбегін сіңіреді. Сондықтан, компанияның сәттілігі тек компанияның өз қызметіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар, ол маркетингтік жүйенің элементтері тұтынушы қажеттілігін қаншалықты жақсы қанағаттандыруына да тәуелді.
Жабдықтаушы
Компания
Бәсекелес
тер
Маркетингтік звенолар (3 жақ)
Тұтынушы нарығы
1 сурет – Кәсіпорынның маркетинг жүйесін құрайтын элементтер
1-ші суретте қазіргі маркетинг жүйесінің негізгі элементтері көрсетілген.
Маркетингтік бөлімдерінің қызметі кәсіпорынның негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға және бәсекелес жағдайда оның тиімді қызмет етуіне әсер етеді. Бұл жағдайдағы негізгі ерекшелік – бәсекелестерді анықтау мен оларды зерттеу [51]. Маркентингтің шарушылық қызметі ретінде орындайтын толық жұмыс түрлері тізімін беру өте қиын. Сонымен бірге, кәсіпорынның мынандай сұрақтарға жауап іздеуі маркетингтің рөліне шек келтірмейді:
- Қандай тауарларды нарыққа ұсыну керек (жаңа өнімді жобалау, ескі өнімді жаңарту, немесе оның өндірісін тоқтату т.б)?
- өнімді кімге ұсыну керек (тұтынушыларды зерттеу)?
- қашан және қандай шарттарды (баға, шығын, сапа, технология, т.б) тауарға қою керек?
- тауардың тұтынушыға қандай арнамен жетуі керек (өткізу жүйесін құру, жарнама, өтімді ынталандыру т.б)?
Егер кәсіпорын осы сұраққа жауап берсе, яғни оның маркетинг бөлімінің қызметі оңтайлы екенін дәлелдейді. Жалпы осы сұрақтар маркетинг принциптерінің негізін құрайды.
2 Мұнай – газ саласы кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау Мұнай өндiрiсiнiң деңгейiн жүйелi түрде ұлғайту мәселесi мұнайды өткiзу мәселесiмен бiрге шешiледi. Осыдан келе мұнай тасымалдаудың жаңа жолдарын интенсивтi түрде iздестiру жұмыстары жүргiзiлуi қарастырылады.
Мұнайды негiзгi тұтынушысы – мұнайды қайта өңдеушi Шымкент зауыты болып саналады және кейiннен ол “Харрикейн Ойл Продакт“ болып өзгертiлдi. Шамамен алғанда “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз“ АҚ-ның өндiрген мұнайының 60 пайызы “Харрикейн Ойл Продактс“ мұнай өңдеушi зауытында өңделедi, ал қалған бөлiгi сыртқа тасымалданады.
“Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз“ компаниясы iшкi нарықта мұнай өнiмдерiнiң кең ассортиментiн сатады: жоғарғы сапалы бензин, дизельдi жанар-жағар және сығылған газ. Компания соңғы тұтынушыларға дейiн мұнай өнiмдерiн сату саласында өз қызметiн кеңейту үшiн жергiлiктi конъюктураның жаңа мүмкiндiктерi мен тенденцияларын зерттеуде.
“Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз“ компаниясы тәуелсiз бағалау бойынша тексерiлген және болжамдалған 892 млн.баррельдiк мұнай қорын иеленедi. Компанияның кен орындарында өнiдiрiлетiн ақ мұнай Қазақстанның iшкi нарығында сатылады. “ХХЛ“ компаниямының қармағында болғанда кен орындарында 41710 баррель күнiне мұнай өндiрiлетiн. “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз“ компаниясы өзiнiң кен орындарында мұнай өндiрiсiн ұлғайтып, осылайша күнiне 78500 баррель мұнай өндiру көлмеiне жеттi. Компанияның мұнай өндiрушi орындары Оңтүстiк қазақстанның Қызылорда облысында орналасқан Құмкөл кен орны – “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз“ компаниясының негiзгi мұнай өндiрушi активi болып табылады. Кен орныны Оңтүстiк Құмкөл деп аталады және “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз“ компаниясының иелiгiнде жатыр. Шикi мұнайдың өнеркәсiптiк қоры 399 баррель деп бағалануда. Солтүстiк Құмкөлдегi компанияның үлесi шикi мұнайдың 320 млн.баррель өнеркәсiптiк қорын құрайды. “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз“ компаниясы мұнайды 1- кестеде көрсетiлген баға бойынша сатады.
1 - кестенiң мәлiметтерiнен көрiп отырғанымыздай кәсiпорында мұнайды өткiзу көлемi 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 68 мың тонна артып отыр. Мұнайды өткiзуден түскен табыс 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 24982,8 млн.теңге өскен. 1 тонна мұнайдың өткiзу бағасы 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 5031,2 теңгеге артып отыр. Жалпы талдау деректерi көрсеткендей баға кәсiпорында өсiп отыр. Бұл кәсiпорында тиiмдi баға саясаты қолданылатынын бiлдiредi.
1 кесте - “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз“ АҚ-ң мұнайды өткiзудiң бағасын талдау
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2010 ж. |
2011 ж. |
2012 ж. |
Өзгерісі 2012-2011ж.ж | |||
(+,-) |
% | |||||||
1. Өткізілген мұнай көлемі |
Мың тонна |
2745,6 |
4142 |
4210 |
+68 |
101,6 | ||
2.Мұнайды өткізуден түскен табыс |
Млн теңге |
109556,3 |
231550,6 |
256533,4 |
+24982,8 |
110,8 | ||
3.Бір тонна мұнайдың өткізу бағасы |
Теңге |
39902,3 |
55903,1 |
60934,3 |
+5031,2 |
109 | ||
Ескерту – «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ – ның жылдық есеп мәліметтері негізінде автордың есептеуі |
Мұнайдың iшкi нарықтағы сату бағасы қадағаланып отырады. Оның алдағы уақыттарда жоғарылауы салдарынан iшкi нарық “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз“ АҚ-ы үшiн перспективтi сүйенiш болар едi. Бiрақ бұл процесс оңайға соқпайды. Бұл қазақстанның мұнай нарығындағы орташа сату бағасынан мұнай бағасы төмен болмаған жағдайда “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз“ АҚ мамандары өңдеп шығарған маркетингтiк бағдарламасы арқылы iшкi және сыртқы нарықта мұнайды сату көлемiн анықтауға болады.
- Қазіргі кезде Қазақстанда бәсекелестердің ақпараттары көп жағдайда коммерциялық құпия болып табылады, ал көптеген шетелдік мемлекеттерде әртүрлі коммерциялық базаларға жол ашылуы күрт жоғарылаған;
- Маркетинг зерттеулерге байланысты проблемалардың туындауы: мысалы шетелдерде зерттеулерді жүргізу барысында жаңа технологиялар мен компьютерлік техникаларды қолданады, ал біздің республикамызға әлі күнге дейін “логистика” термині мағынасы туралы даулар жүруде;
- Шетелдерде тұтынушылар мен сатып алушылар арасында сұрақ-жауап анкеталар жүргізу туралы үлкен күмән келтіруде, олар көбінесе эксперттік әдістерге, яғни эксперттердің профессионалдықтарына сүйене отырып зерттеу жүргізеді, ал біздің Қазақстанда маркетингтік зерттеудің негізі болып, сұрақ-жауап және анкеталар болып табылады;
- Ақпарат – қазіргі заманғы ең қымбат өнім. Кейбір кездерде ол көбінесе сәттілік әкеледі. Бірақ Қазақстанда қазіргі кезде ақпарат ресурс немесе өнім ретінде қарастырылмайды, яғни мән берілмейді;
- Қазақстан мұнай шикізат қорының байлылығына қарамастан ішкі нарықта мұнай өнімдеріне деген дифицит және жоғарғы баға байқалады;
- Мұнайгаз экономиканың негізгі стратегиялық саласы ретінде мемлекеттің ұзақ бойы тұрақты дамуын, сонымен қатар ірі инвестициялар түсуін қамтамасыз етуде. Ол ең біріншімен мұнай экспортының көлемінің өсуіне байланысты. Бірақ мұнай экспортының көлемінің өсуіне қарамастан жалпы ресурстарды тиімді пайдалану әлі де төменгі деңгейде.
“Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз“ АҚ – ның маркетингті басқару қызметінің негізгі проблемалары, яғни әлсіз жақтары:
- Мұнайды тасымалдау кезіндегі қосымша шығынның жоғарылауы (мұнайдың төгілуі);
- Маркетинг қызметін басқарудағы біртұтас келісушіліктің жоқтығы;
- Маркетинг бөлімінің кей кездері басқа да бөлімдердің қызметін атқару;
- Мұнай-газ саласында білімді мамандардың жетіспеушілігі.
“Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз“ АҚ – ның маркетингтік қызметін жетілдіру үшін негізгі бағыттарды, дәлірек айтсақ дамыту принцитерін ұсынамыз:
1. Өнімділік. Өнімділік принципі – бұл әлемдік баға деңгейіне және басқа өндіріс салаларға теріс әсер етпей қазақстан және сыртқы нарықтарға шикізатты өндіру және сату қабілеті. Осы жағдайда мемлекет табыстың бір бөлігінің қайта жабдықтауға, жаңа технологияларды және басқару әдістерін енгізуге әсер ету, сонымен қатар, мұнай мен газдың әлемдік бағасына әсер ететін глобальдық шешімдерді қабылдау процестеріне қатысуға мүмкіндіктер алуы қажет.
2. Сапа. Мұнайды құю кезінде жоғалту деңгейін қысқарту керек. Мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдіру тереңдігі 10 – 15 пайызға арттыру қажет. Ол өз кезегінде мұнай мен газ өндіру 20 пайызға көбейеді, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорттау квотасы ұлғаяды. Мұнай саласындағы басқару он жыл ішінде үш есе ұлғайған күкіртсутекті шикізаттарды эспорттау емес, мұнай өңдеу нәтижелерін экспорттауды ынталандыруы қажет.
3. Еңбек жағдайының өнімділігі. Басқарудың ғылыми әдістерін енгізу және еңбектің өнімділігін көтеру (Қазақстан Республикасының мұнай саласындағы еңбек өнімділігі АҚШ – қа қарағанда 59,8 %, ал Германиядан 79,6 %-ға төмен).
4. Өндірістерде кең өріс алған тік маркетингтік жүйе дамуы тиіс. Тік маркетингтік жүйе өндірушілер мен делдалдардың қызметтерінің жоғары дәрежеде келісілген түрде іске асырылумен ерекшелену тиіс. Дамыған елдердің өткізу саясаты тәжірибесінің оңтайлы жақтарын ескере отырып, көп арналы тауар тарату жолдарын қолдануымыз қажет. Бұл жағдайда өнім құрамдастырылады, ал ол өз кезегінде географиялық және экономикалық жағынан болашағы зор болып табылады.
5. Біртұтас маркетингті қалыптастыру, тұтастай маркетинг бөлімінің рөлін өзгертеді. Тек осы бөлім ғана айналысу үшін маркетинг өте маңызды. Компанияның өзі маркетингтің үлкен бөлімі, яғни маркетингті жалпы корпаротивтік деңгейге көтеру.
Жоғарыда айтылған шараларды орындау барысында ғана кәсіпорын белгілі бір жетістіктерге жете алады, яғни бұл жерде кәсіпорын көптеген шығындарды үнемдей отырып өндірістік жағдайын дамытуға мүмкіндік алады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Диссертациялық жұмыста жүргізілген зерттеулер мынадай қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
1. Кәсіпорынның көмірсутек ресурстарын пайдалану мен өндірістің экономикалық тиімділігі мәселелерін зерттеу кешенді процестерге жатады. Бұл жағайда соңғы нәтижелер оның аспектілерінің көпжоспарлы өңдеулерін жүзеге асырумен байланысты. Талдауды жүргізу барысында неғұрлым басты назар интегралдық сипатқа ие техникалық – экономикалық мазмұнды көрсеткіштерге аударылады. Мұның өзі, тағайындалған міндеттерді жүзеге асыруда көрсеткіштердің аз санын пайдалануға жол ашады.
2. Мұнайгаз өндіру өндірістерінің экономикалық тиімділігін арттыру бойынша алуан түрлі факторларды талдау аталмыш мәселенің көптеген аспектілерінің оның деңгейінің өзгерісіне күшті әсер етуін куәландырады. Жұмысты орындау барысында аталмыш мәселенің негізгі факторлары анықталып және оны жеке топтарға топтай отырып, экономикалық тиміділікті арттырудың басты жолдары дәлелденді:
- өндіріс оъектілерін таратуы оптимизациялау, өндірістік кешендерді құру мен қалыптастыру, тиімді әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды құру;
- салааралық сипаттағы міндеттерді жүзеге асырумен байланысты өндірістің құрылымын оңтайландыру;
- көмірсутектік ресурстарын кешенді пайдалануға негізделген шикізаттық ресурстарды үнемеудің басты бағыты материал сыйымдылықты төмендету.
3. Мұнайгаз ресурстарының табиғи запастары мен олардың қолдабарының арасалмағын алдағы уақытта ғылыми тұрғыдан негіздеп отыру болашақ зерттеулердің объектісі болуға тиіс. Себебі табиғи қазба байлықтарымызды өндіру мәселесі мұнайгаз ресурстарына деген ішкі және сыртық сұраныспен байланыстыра қарастырылмайды. Жерасты табиғи байлықтарымызды өндіруде «жылдам қарқынмен игеру» ұстанымына сүйену басымырақ. Еліміздің алдағы болашағын ойласақ, бұл ұстанымды «қаетілікке қарай игеру» ұстанымына өзгерту қажет деп есептейміз.
4. Нарықта әрекет етуші мұнай кәсіпорыны үшін өткізу қызметін тиімді ұйымдастырудың маңызы зор. Теориялық тұрғыдан өткізудің мұнайгаз саласындағы қағидаларына түсініктеме беріліп, өткізудің маңызды факторы ретінде маркетингтің ерекшеліктері атап өтілді.
5. Нарықта мұнайдың өткізілуін қамтамасыз етуде, кәсіпорында маркетингтік құрылымды құру керек. «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ – да басқа да мұнай компанияларында өткізу бөлімдерінің маркетингтік принципте жетілдіру, облыстағы мұнай және мұнай өнімдерінің қамтылу жүйесін жақсартып, олардың баға деңгейін төмендетуге ықпал тигізіп, ең негізгісі өткізудің жүйесін жақсартады.
6. Мұнай өнімдері нарығында жүргізілген маркетингтік зерттеудің нәтижесі бойынша Қызылорда облысында мұнай өнімдеріне деген сұраныс көлемі айқындалды. Жүргізілген зерттеу жұмысына сәйкес мұнай өндіруші компаниялардың есебінен кіші салмақты мұнай өңдеу зауытын құру жөнінде ұсыныс беріліп отыр. Сонымен бірге ұсынылған тұжырым шикі мұнайды өткізу мен оны өңдеп өткізудің тиімділігін арттыруды қамтып, мұнай және мұнай өнімдерінен түсетін табыстың еселенуін бірге орындайтын болады.
7. Мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай химия слаларындағы экономикалық жағдайларды жақсарту игерілген көмірсутектік шикізаттық барлық көлемі рационалды және кешенді пайдаланылған жағдайда ғана мүмкін. Және көмірсутек ресурстарын пайдалану әр түрлі түсіндіріледі.
8. Мұнайгаз саласын кешенді дамыту жолдарының маңызыдылары ретіне өндірістік үрдіске кластерлік жүйені енгізу.
«Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ - ның маркетингтік қызметін жетілдіру үшін негізгі бағыттарды, дәлірек айтсақ дамыту принцитерін ұсынамыз:
1. Өнімділік. Өнімділік принципі – бұл әлемдік баға деңгейіне және басқа өндіріс салаларға теріс әсер етпей қазақстан және сыртқы нарықтарға шикізатты өндіру және сату қабілеті. Осы жағдайда мемлекет табыстың бір бөлігінің қайта жабдықтауға, жаңа технологияларды және басқару әдістерін енгізуге әсер ету, сонымен қатар, мұнай мен газдың әлемдік бағасына әсер ететін глобальдық шешімдерді қабылдау процестеріне қатысуға мүмкіндіктер алуы қажет.
2. Сапа. Мұнайды құю кезінде жоғалту деңгейін қысқарту керек. Мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдіру тереңдігі 10 – 15 пайызға арттыру қажет. Ол өз кезегінде мұнай мен газ өндіру 20 пайызға көбейеді, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорттау квотасы ұлғаяды. Мұнай саласындағы басқару он жыл ішінде үш есе ұлғайған күкіртсутекті шикізаттарды эспорттау емес, мұнай өңдеу нәтижелерін экспорттауды ынталандыруы қажет.
3. Өндірістерде кең өріс алған тік маркетингтік жүйе дамуы тиіс. Тік маркетингтік жүйе өндірушілер мен делдалдардың қызметтерінің жоғары дәрежеде келісілген түрде іске асырылумен ерекшелену тиіс. Дамыған елдердің өткізу саясаты тәжірибесінің оңтайлы жақтарын ескере отырып, көп арналы тауар тарату жолдарын қолдануымыз қажет. Бұл жағдайда өнім құрамдастырылады, ал ол өз кезегінде географиялық және экономикалық жағынан болашағы зор болып табылады. Біртұтас маркетингті қалыптастыру, тұтастай маркетинг бөлімінің рөлін өзгертеді. Тек осы бөлім ғана айналысу үшін маркетинг өте маңызды. Компанияның өзі маркетингтің үлкен бөлімі, яғни маркетингті жалпы корпаротивтік деңгейге көтеру.
Кадрлық қамсыздандыру. Зерттеу бөлімінің мамандары тек маркетингтік білімді ғана емес, сонымен қатар статистиканы, психология, әлеуметтануды да білулері керек. Олардың баға саясатын қалыптастыру мен өнім сапасын бағалауды жетік білгені жөн.
Тұтынушылармен қарым қатынаста маркетинг рөлінің күшею қажеттілігі.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ
1 Мұнай – газ өндіруші кәсіпорындардың маркетингтік стратегиясын жетілдіру // MATERIÁLY IX MEZINÁRODNÍ VĚDECKO – PRAKTICKÁ KONFERENCE VĚDA A TECHNOLOGIE: KROK DO BUDOUCNOSTI –27.02.2013 – 05.03.2013, 88 -90 бет.
2 Қазақстан Республикасында мұнай мен газды тасымалдау инфрақұрылымын дамыту мәселелері // MATERIAŁY IX MIĘDZYNARODOWEJ NAUKOWI – PRAKTYCZNEJ KONFERENCJI NAUKOWA MYŚL INFORMACYJNEJ POWIEKI – 07-15 marca 2013 roku, 63-67 бет.
- Theoretical bases, essence and the content of marketing at the enterprises of oil and gas branch are defined;
- Effective ways of delivery of production of the oil-extracting enterprises in the course of its sale are defined;
- Effective ways of the organization of marketing activity at the enterprise are investigated;
- Ways of improvement of the organization of marketing activity of the oil and gas branch’s enterprises are studied;
- The directions on optimization of ways of transportation for increase of efficiency of export of oil are offered.
М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
25 12 2014
1 стр.
Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешенiндегi мемлекеттiк инспекциялау комитетi
25 12 2014
1 стр.
Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
10 10 2014
8 стр.
М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
25 12 2014
1 стр.
Р мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, «kazenergy» Ассоциациясының Төрағасы Тимур Құлыбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ләззат Қиынов мұнайлы өңірге жұмыс сапары барыс
25 12 2014
1 стр.
Рахат” АҚ өндірістік маркетингтік іс әрекеттерін дамыту жөніндегі ұсыныстар мен нұысқалар
25 12 2014
6 стр.
Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) б
13 10 2014
1 стр.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 12 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
12 10 2014
3 стр.