Перейти на главную страницу
Ислам тарихы өзалдына үлкен бір ғылым. Ол әлемдердің жаратылуы мен оның хикметтерінен тартып пайғамбарлардың және олардың қауымдарының тарихынан терең сыр шертеді.
Бұл әлемдер жаратылып, біздің Адам атамыз жер бетіне түсірілгеніне дейін, оның алдында алты түрлі адам қауымдары өмір сүрді. Олар біздің Адам атамыздың ұрпақтарына ешқандай қатысы болмағандықтан, олардың тарихы туралы біздерге терең мәлімет берілген емес. Ал енді, біздің Адам атамыз жер бетіне түсірілгелі бері оның ұрпағынан 124000 пайғамбар шықты. Олардың дәрежелері, атқарған міндеттері түрліше болды. Соған қарай олардың кейбіреулері туралы иләһи кітаптарда хабар берілген болса, кейбіреулері туралы мәлімет берілмеген.
Құранда есімдері аталған пайғамбарлардың ұзын саны 25. Олар: 1. Адам (а.с). 2. Идрис (а.с). 3. Нух (а.с). 4. Худ (а.с). 5. Салих (а.с). 6. Ибраһим (а.с). 7. Лут (а.с). 8. Исмаил (а.с). 9. Исхақ (а.с). 10. Яқуб (а.с). 11. Юсуф (а.с). 12. Шуайб (а.с). 13. Айюб (а.с). 14. Зулкифл (а.с). 15. Мұса (а.с). 16. Һарун (а.с). 17. Дауід (а.с). 18. Сүлеймен (а.с). 19. Иляс (а.с). 20. Әляса (а.с). 21. Юнус (а.с). 22. Закария (а.с). 23. Яхя (а.с). 24. Иса (а.с). 25. Мұхаммед (с.ғ.с.).
Түсінік: Алла тағала алдымен Адам атамызды жаратты. Міне сол атамыздан бері қарай оның ұрпақтары тарады. Сондықтан, «сендерді балшықтан жаратты» дегендегі әңгіме негізінде Адам атамыз туралы айтылған. Мұнда Адамды деудің орнына "сендерді" дегеннің хикметі туралы ғұламалар былай деген: Құранда зікір етілген «Адам» негізінде бүкіл адамзатты «тамсил» етеді, яғни, мысалдап бейнелейді. Демек, Адамның (а.с.) жаратылуы да, оның қиссасы да оның тек бір өзіне ғана емес, барша адамзаттың мінезіне, табиғатына қатысты ғибрат болатын оқиғалардың жиынтығынан тұрады. «Нұх» сүресінің 17-18- аяттарында:
«Алла сендерді (адамзатты) жерден өндірді (жаратты). Сосын сендерді (қайтыс болғандарыңда) оған (жерге) қайтарады, (сөйтіп, қыямет күні) сендерді қайта шығарады» деді. Осыған байланысты адамзаттың бүкіл өмірі осы жер мен оның топырағына байланысты.
Алла тағала Адамнан (а.с.) тарайтын барша ұрпақтың ажал мезгілін белгіледі. Әрбір пенденің ажал сағаты міндетті түрде Ол белгілеген мезгілге байланысты болмақ. Демек, пендені бұл дүниеге қай кезде келтіру де, кетіру де тек қана Аллаһтың еркінде. Сондай-ақ, пенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу Бәрза Әл-әсләми (р.а.) келтірген риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
Құранның бірнеше аяттарында баяндалғандай, Адам ата өздігінен Аллаһтың әміріне қарсы келмейді, сондай-ақ, ол өздігінен күнә жасауға да әрекет етпейді. Бірақ, сұм шайтан оны азғыра бастағанда, алданып, оған сеніп күнәлі істерді істеп, өзіне зұлымдық етеді. Сондықтан, одан тараған ұрпақ та өз өмірінде дәл сондай жағдайларды басынан кешіреді.
Ал, енді Адам (а.с.) жайлы риуаят етілген хадистерге тоқталатын болсақ, оның пайғамбар болғаны анық айтылған. Хазреті Әбу Зәр (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Жер бетіне түсірілген ең алғашқы пайғамбар кім?»- деп сўрағанында, Расулулла (с.ғ.с.): «Бірінші мурсал (жер бетіне жіберілген) пайғамбар Адам (а.с.). Алла оны өз қолымен жасады, оның денесіне рух кіргізді, сөйтіп, оны көркем адам етіп жаратты» деді.
Біз мұнда жер бетіне түсірілген пайғамбарлардың алғашқысы Адам (а.с.) дегенімізбен, негізінде пайғамбарлық ең алдымен Мұхаммедке (с.ғ.с.) берілген. Бірақ, ол жер бетіне Адамнан (а.с.) кейін келді. Бұған хазреті Тирмизи риуаят еткен мына хадисте Әбу Һүрайра (р.а.) былай деген: «Сахабалар: «Сізге пайғамбарлық қашан берілді»? деп сұрағандарында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамның (а.с.) денесі әлі су мен топырақ күйінде жатқан кезде»- деп жауап берген.
Ал, Аллаһпен дәнекерсіз сөйлескен ең алғашқы пайғамбар - Адам (а.с.). Бұл жайлы хадисті хазрет Әбу Зәр (р.а.) риуаят еткен. Ол: «Мен Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Ей, Аллаһтың Расулы, Адам (а.с.) пайғамбар еді ме?»- деп сўрағанымда, ол: «Әлбетте, Адам (а.с.) Аллаһпен дәнекерсіз сөйлескен, ең бірінші (алғашқы) пайғамбар» - деп жауап берді» деген.
Кейбір риуаяттарда, Адамға (а.с.) өлімтік, шошқа еті, малдың бауызынан шыққан қан, өзгелердің малын тартыб алып жеу сияқты нәрселер арам етілгені туралы нұсқаулар жазылған жиырма бір парақ кітап түсірілгені айтылған. Ал, басқа бір риуаятта оған он парақ кітап түсіріліп, онда Аллаһқа иман келтіру, бұйрықтарын орындау, тиым салған нәрселерден тиылу туралы үкімдер жазылғаны айтылған.
Жалпы иләһи кітаптардың парақ күйіндегілер мен түптеп кітап хәліне келтірілгендерін қосқанда жалпы саны бір жүз төрт. Олардың төртеуі кітап сияқты қомақты болып түсірілген (яғни, түсірілген соң кітап түріне келтірілген). Жүзі «Сухуф», яғни, жинақталмай парақ түрінде қалған. Оның он парағы Адамға (а.с.), елу парағы Шиске (а.с.), отыз парағы Идриске (а.с.) және он парағы Ибраһимге (а.с.) түсірілген. Ал, жинақталған кітаптардан Таурат Мұсаға (а.с.), Забур Дәуітке (а.с.), Інжіл Исаға, Құран пайғамбарымыз Мұхаммедке (а.с.) берілген. Бұлардың баршасын Алла Тағаланың иләһи кітаптары деп білеміз. Олардың ішіндегі бір аяты түгіл, бір әрпін де жоққа шығаруға болмайды (мұнда Құраннан басқаарының түсірілген шағыңдағы әлі бұрмалауға ұшырамаған аяттары жайлы айтылады).
Адамның (а.с.) жаратылуы: Ол жұма күні жаратылған. Бұған «Сүнән Әт-тирмизи» кітабында Әбу Һүрайра (р.а.) келтірген мына хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
حَدَّثَنَا قُتَيْبَةُ حَدَّثَنَا الْمُغِيرَةُ بْنُ عَبْدِ الرَّحْمَنِ عَنْ أَبِي الزِّنَادِ عَنِ الْأَعْرَجِ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ خَيْرُ يَوْمٍ طَلَعَتْ فِيهِ الشَّمْسُ يَوْمُ الْجُمُعَةِ فِيهِ خُلِقَ آدَمُ وَفِيهِ أُدْخِلَ الْجَنَّةَ وَفِيهِ أُخْرِجَ مِنْهَا وَلَا تَقُومُ السَّاعَةُ إِلَّا فِي يَوْمِ الْجُمُعَةِ قَالَ وَفِي الْبَاب عَنْ أَبِي لُبَابَةَ وَسَلْمَانَ وَأَبِي ذَرٍّ وَسَعْدِ بْنِ عُبَادَةَ وَأَوْسِ بْنِ أَوْسٍ قَالَ أَبو عِيسَى حَدِيثُ أَبِي هُرَيْرَةَ حَدِيثٌ حَسَنٌ صَحِيحٌ * (سنن التِّرمِذِي(
«Жарық әлемдегі күндердің қайырлысы (көркемі) – жұма күні. Ол күні Адам (а.с.) жаратылған және ол күні жұмаққа кіргізілген, сондай-ақ, ол күні жұмақтан шығарылған. Қиямет те жұма күні қайым болады (басталады)» деді.
Хадистегі Адам (а.с.) жұма күні жаратылды дегенде оның денесіне рух (жан) берілген күн айтылған. Адам (а.с) анадан туылған жоқ. Өйткені, одан бұрын мүлдем адамзат атаулы болған емес. Қадір Алла оның денесін жер бетінің түрлі аумағынан алынған топырақтан жаратты. Бұл жайлы «Әлі Имран» сүресінің 59-ші аятында былай деген:
Түсінік: Аяттың мағынасынан мәлім болғанындай, Адам атаның әкесі де, анасы да болған емес. Құдіретті Алла оны топырақтан жаратты. Ол топырақты Аллаһтың әміріне сай, періште жер бетінен әкелген. Оқиғаның қалай болғаны жайлы «Құртұби» тәпсіріндегі риуаятта Ибн Масғуд (р.а.):
Айтып өткеніміздей, алғашқы барған екі періштеге жер топырақ бермеді, Әзірейілге (а.с.) де солай етпекші еді, ол ай-шайға қарамай Аллаһтың әмірін орындауға кірісті, зорлық қылып жерден топырақты тартып алып келгенде, Алла оған: «Жер маған сиынды. Сонда Мен оған рахмет еттім, енді сенің адамзат баласының рухын қабыз етуің (жанын алуың) міндетің болады, сен оған сай келесің» деді. Осыдан соң Әзірейіл (а.с.) «Өлім періштесі» деп те аталатын болған.
Адам организмінің химиялық құрамы түгел жер жынысын құрайтын элементтерден тұратындықтан өлген адамның денесі шіріп, түгелдей топырақпен араласып кетеді. Тіршілікте адам өзіне қажет азықты жерде өнетін (өсетін) заттардан алады.
Алла тағала Әзірейіл (а.с.) әкелген топыраққа су қосып, араластырып, жабысқақ балшық кұйіне келтііп, пісіріп «салсал» (керамика) хәліне жеткенінше тастап қойды. Адамның балшықтан жаратылғаны «Сад» сүресінің 71-72-ші аяттарында да айтылған. Онда Алла тағала періштелерге былай деп бұйырған:
«Тәбари» тәпсірінде келтірілген риуаятта Ибн Ұмар (р.а.) былай деген:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла тағаладан риуаят еткен хадис құдсиде: Тәңір тағала "Адамның топырағын қолыммен қырық күн иледім"- деген.
Хадисте айтылған әрбір күн дүние өлшемімен бір жылға тең. Егер Алла қалағанында оны лезде-ақ жаратар еді. Бірақ, Ол оны қырық жыл тастап қоюды қалады. Әлбетте, мұның хикметі бар болатын. Сол хикметтің бірі; айтып өткеніміздей, періштелер мен Ібілістің Адам денесіне байланысты оқиғасы. Ібіліс өркөкіректігінің салдарынан, әлі жан берілмеген Адамды күндеп, «Оның дәрежесі менің дәрежемнен жоғары болып кетуі мүмкін» деген оймен оған дұшпандық қылу жолдарын ойластыра бастады. Өйтіп, Ібілістің Адамға деген дұшпандығы басталып, бұған оның тәкәппарлығы, соқыр көкіректігі себеп болды. Тәкәппарлықтан сақтанудың қажет екендігі туралы «Лұқман» сүресі 18- аятында анық дәлел бар. Онда хәкім Лұқманның өз баласына айтқан насихаты барша адамзатқа арнап айтылған үлгі-өнеге ретінде келтірілген:
}وَلاَ تُصَعِّرْ خَدَّكَ لِلنَّاسِ وَلاَ تَمْشِ فِي ٱلأَرْضِ مَرَحاً إِنَّ ٱللَّهَ لاَ يُحِبُّ كُلَّ مُخْتَالٍ فَخُورٍ .{
"(Ей, балам) адамдарға паңданып бетіңді тырыстырма және жер бетінде (ел арасында алшаңдап) кердеңдеп жүрме. Әлбетте, Алла (даңдайсыған қуыс) көкіректердің, мақтаншақтардың баршасын ұнатпайды (керісінше, оларды жаман көреді» деді)".
Аятта айтылғандай, Тәкәппарланып басқаларды өзінен төмен санау, өзгелермен санаспау Алла ұнатпайтын, кемшіліктерден саналады. Кезінде шайтанның кәпір болуына да себеп болған індет – дәл осы тәкәппарлық болатын. Ол Алла берген нығметтерге шүкіршілік етудің орнына көкірек керіп даңдайси түсті. Сөйтіп, лағынетке ұшырады.
Алла тағала адамзатқа да аса ұлық нығметтер берді. Солардың бірі Алла Адамның бейнесін аса бір көркем етіп жаратуы. Бұған «Әт-тин» сүресінің 4- аяты дәлел. Онда:
} لَقَدْ خَلَقْنَا ٱلإِنسَـٰنَ } الجنس {فِى أَحْسَنِ تَقْوِيمٍ { تعديل لصورته.
«Әлбетте, Біз адамды (оның бейнесін) аса бір көркем суретте жараттық».
Міне бұл шынайы Тәңір тағаланың сөзі. Мұндай керемет көркем сөзді Одан өзге ешкім айта алмайды, ал пенденің оған ақылы да, батылы да жетпейді. Егер, салыстырып қарасаң, жер бетіндегі ешбір жануар көркемдікте адамзатқа тең келмейді. Ал, ақыл-ой, сана-сезім, пайым-парасат, шеберлік, іскерлік тұрғысынан әлдеқайда төмен. Өйткені, қадір Алла адамзатқа ерекше сұлу мүсін, ерекше жоғары қабілеттер және оған арнайы дайындап қойылған ғажап рух берді. Ол рухын азықтандырып тұруы үшін пайғамбарлар арқылы Ислам діні деп аталатын сарқылмас рухани азық сыйлады. Жер бетіндегі басқа жануарларға мұндай ұлық ниғметтер бұйырмаған.
*(1) Аятта айтылғандай, Алла тағала Адамның денесіне көркем бейне беріп жаратқан соң, оған рух кіргізіп тірілтті*(2). Абдулла ибн Масғуд (р.а.) риуаят еткеніндей: «Алла тағала Адамның (а.с.) денесіне рух (жан) кіргізетін болды. Сөйтіп, періштелерге: «Мен Адамға рух кіргізіп, сендерге бұйырған кезімде оған сәжде етіңдер»- деді. Алла кіргізген рух Адамның басына жеткенде, ол түшкірді. Періштелер оған: «Әлхамду лилла» деп айт, деп үйретті. Адам: «Әлхамду лилла» - деді. Алла тағала оның шүкіршілігіне жауап ретінде: «Сені Раббың жарылқасын!» - деді. Рух Адамның екі көзіне жеткенде, ол жұмақ жемістерін көрді. Рух қарнына жеткенде, оның тамаққа ынтасы оянды. Жұмақ жемістерінен алғысы келіп, орнынан тұруға әрекеттенді».
Хадистің мағынасында бірнеше мәселе қамтылған. Біріншіден, Адам атаның ең алғашқы айтқан сөзі «Әлхамду лилла», яғни, Аллаһқа мадақ айту мен шүкіршілік білдіру болды. Екіншіден, оған бұл сөздерді періштелер үйретті. Демек Адам оған дейін өздігінен ешқандай білімге ие болмаған. Үшіншіден, Алла тағала оған жарылқау білдірді. Төртіншіден, рух оның көзіне жеткенде, ол жұмақ жемістерін көрді, бірақ та оларды жегісі келген жоқ. Демек, рух үшін рухани азықтан өзге азық қажет емес екен. Бесіншіден, рух Адамның қарнына жеткенде ғана оның тамақтануға деген ынтасы оянды. Демек, дүниеуи азықты қажет ететін – адамзаттың денесі екен. Рух пен дене бірігіп екі қарама-қайшы полярлық қасиетке ие пендені құрайды. Міне осы екі бір-біріне қарсы қасиет бүкіл өмір бойы адамзаттың болмысын айқындап тұрады. Егер пенденің рухы дін негізінде шыңдалып, тақуалыққа жетсе, ол бұл әлемдегі ең мықты жаратылыстың дәрежесіне жетеді. Бұл туралы Малик бин Әнәс (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
-«Ей, Раббымыз, жаратқан нәрселеріңнің ішінде таулардан да мықтысы (қаттысы, күштісі, зоры) бар ма»?- деді. Алла:
-«Иә. Темір мықты».
-«Ей, Раббымыз, жаратқан нәрселеріңнің ішінде темірден де мықтысы бар ма»?
-«Иә. От мықты (күшті)».
-«Ей, Раббымыз, жаратқан нәрселеріңнің ішінде оттан да мықтысы бар ма»?
-«Иә. Су мықты (күшті)».
-«Ей, Раббымыз, жаратқан нәрселеріңнің ішінде судан да мықтысы бар ма»?
-«Иә. Жел мықты (күшті)».
-«Ей, Раббымыз, жаратқан нәрселеріңнің ішінде желден де мықтысы бар ма»?
-«Иә. Оң қолының берген садағасын сол қолына білдірмейтіндей тақуалық дәрежесіне жеткен Адамның баласы мықты»- деді.
Міне, хадисте тақуалыққа жеткен Адам баласы бұл әлемдегі жаратылыстардың ең мықтысы болып табылатыны анық айтылған. Ал, енді пенде өз нәпсіне ерік беріп тақулық туын туын қолынан түсіріп, бұл жалғанның әшекейлеріне қызығып кетсе, оның ашыққан көзін топырақтан басқа нәрсе тойдыра алмайды (яғни, тек топырақ қана тойдырады). Бұл туралы Сәләмә бин Ұмару былай деген:
Расында да, егер пенде руханиятсыздық індетіне шалдықса ол әлемдегі ең ашкөз мақұлыққа айналады. Ол қанша көп мал-дүние тапса да, оған аз бола береді. «Кедей байға жетсем дейді, бай құдайға жетсем дейді» деген сөз осындай ашкөздік індетіне тап болғандар жайлы айтылғанына дау жоқ. Иә, өмірде әрекет етсе кедейдің байға жеткені кездесіп жатады. Бірақ, Адам атаның дәуірінен біздің дәуірге дейін әлі ешкім құдайға жеткенді көрген жоқ, көрмейді де! Өйткені, Алла тағала мәңгі-бақи (ешқашан өлмейді, жойылмайды, жоқ болмайды). Ал, пендеге сынақ етіп Алла тарапынан бірілген бұл дүние де, пенденің өзі де пәни (уақытшалық, шектеулі, өмірінің мезгілі таусылатын) мақұлық. Қандай адам болса да күні жетіп өледі, сонда оның өмір бойы тоймаған көзін небәрі бір-ақ уыс топырақ тойдырады.
*(2) Рух (саналы шыбын жан) жайлы ғұламалар өте көп кітаптар жазған. Сонда да оның болмысы адамзат үшін өзінің құпия қалпында қала береді. Себебі, Алла тағала оның мән-жайы туралы адамзатқа көп мәлімет бермеген. Бұған «Әл-Исра» сүресінің 85- аяты дәлел. Онда:
} وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ ٱلرُّوحِ قُلِ ٱلرُّوحُ مِنْ أَمْرِ رَبِّي وَمَآ أُوتِيتُم مِّن ٱلْعِلْمِ إِلاَّ قَلِيلاً .{
«(Ей, Мұхаммед) сенен (адамдар) рух туралы сўрайды. (Оларға) Айт: «Рух тек Раббымның ісі (оның мән-жайын тек өзі біледі). Сендерге (ол жайлы өте) аз ілім (мәлімет) берілген» де.
Аятта айтылғандай, Алла тағала адамзатқа рух жайлы өте аз мәлімет берген. Адамзат өздігінен ғайып сырларының есігін аша алмайды. Ал, енді рухтің қасиеті жайлы ғұламалар мынадай пікір білдірген: «Сад» сүресінің 72- аятында айтылғандай, қарапайым топырақтан жасалған Адамға Алла өз құдіретімен жаратып қойған рухынан үрлеп жан кіргізуі оның дәрежесін көтергеніне нақты дәлел. Жаратылысынан ерекше болған рухтың құрметі үшін Алла тағала періштелерге Адамға сәжде етуге бұйырды. Міне осы рух (саналы жан) арқылы адамзат өзіне берілген ілімді игереді, ой толғайды, өз қабілетін жақсылыққа немесе жамандыққа бағыттайды. Осы (саналы) рух арқылы адамзат айуаннан парық қылады. Ғұламалардың пікірінше рух пәк хәлінде жаратылған. Бірақ, топырақтан жаратылған денеге кірген соң, балшықтың қасиеті оған әсерін тигізіп, оның қасиетін төменге тартады. Себебі, дене үнемі топырақ өндіретін өнімдер (тағамдар) мен топырақ құрамында кездесетін (алтын, күміс сияқты әшекей) заттарды және басқа да ләззат беретін нәрселерді талап етеді. Дененің бұл қасиетіне нәпсі дейді. Ал, рух болса, ол үнемі рухани (діни) азыққа мұқтаж. Егер, оған қажетті азығы беріліп тұрылса, өзінің рухани кемеліне жетіп, рух адам баласын періштелердің дәрежесінен де жоғары көтереді. Егер, қорексіз қалдырылса, рух әлсіреп барып, күресте нәпсіден жеңіледі. Мұндай, рухани азғындыққа ұшыраған адам (санасыз) айуанның дәрежесінен де төмендеп кетеді.
Адам баласына берілген саналы рух - жалпы адамзатқа берілген ең ұлық нығмет болып, ол Аллаһтан келген иләһи кітаптардың мағынасын түсіну, діннің мән-мағынасы, оның өмірдегі орны жайлы ой толғап, жақсы істерге жол ашу қабілетіне ие (басқа жаратылыстарда мұндай мүмкіндіктер жоқ). Сонымен қатар адам рух арқылы өмірде кездесетін түрлі жағдайлардың мән-жайын түсіне алады. Рухани қазыналардан сусындаған пенде дүниеуи ғылымдарды дамытып, соның негізінде ғылыми жаңалықтар ашу мүмкіндігіне ие. Алла тағала адамзатқа міне осындай сарқылмас ұлық нығметтер берді. Осылардай бағалы силықтың шүкіршілігі үшін пенде бар болғаны өзінің Жарылқаушысы – Аллаһқа құлшылық етуі ғана қажет. Бұдан адам баласы ештеңе жоғалтпайды. Қайта, оның жасаған құлшылығы өзінің рухы үшін қажетті азық.
Ислам тарихы өзалдына үлкен бір ғылым. Ол әлемдердің жаратылуы мен оның хикметтерінен тартып пайғамбарлардың және олардың қауымдарының тарихынан терең сыр шертеді
14 12 2014
11 стр.
Барлық мадақ-мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Елшілердің имамы,пайғамбарымыз,оның үй-ішіне,барлық сахабаларына 1сәлем-салауаттар болсын2
15 12 2014
1 стр.
Успенка-623 адам, Қоскөл-76 адам, Рощино-201 адам, Сулышоқ-167 адам, Уваково-114 адам
15 09 2014
1 стр.
Тақырыпты зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы»
25 12 2014
5 стр.
Ата заңымыздың алғашқы бабында аталғандай мемлекетіміздің басты байлығы-адам және оның өмірі. Демек бүгінгі ұрпақтың саулығы- кемел келешектің кепілі
25 12 2014
1 стр.
Афганистан Ислам Мемлекетiнiң, Әзiрбайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Пакистан Ислам Республикасының, Тәжiкстан
18 12 2014
1 стр.
Селолық округінің тұрғындары 2553 адам, 798 аула, Совет селосында 1994 адам, 645 аула, Придорожное селосында 519 адам, 139 аула, Сүлікты селосында 40 адам, 14 ауланы құрайды. Округ
14 09 2014
1 стр.
Халқы 383 адам, оның ішінде 226 адам жұмысқа жарамды. Зейнеткерлер 52 адам, мүгедектер-9, оқушылар саны -50, мектеп жасына дейінгілер-25
25 12 2014
1 стр.