Андреев Е. С. Грамович Г. И Порубов И. И. Криминалистика,Минск, Высш. школа,1997 г.
Криминалистикалық габитология
Криминалистикалық габитология ережелері қолданылады
-
қылмыс субъектілерінің жеке басын анықтау кезінде
-
тінту жүргізуде
-
тергеу экспериментінде
-
айыптау қорытындысын жасауда
-
жауап алуда
Криминалистикалық габитоскопия зерттейтін адамның сырт келбетінің белгілерін анықтайтын термин
-
адамның сыртқы белгілері
-
адамның сыртқы келбетінің белгілері
-
сыртқы келбетінің адамдық белгілері
-
адамдық келбеттің белгілері
-
адамның сыртқы келбетінің ерекшелік белгілері
Адамды идентификациялау мақсатында сыртқы келбетін суреттеу жүйесі
-
криминалистикалық габитология
-
криминалистикалық тіркеуге алу
-
ауызша суреттеу
-
композициялық суреттеу
-
салынған сурет
Адамның сыртқы келбетіндегі дене мен бастың үйреншікті жағдайы (дағдылы жағдайы)
-
жүріс-тұрыс (мінез-құлық) манерасы
-
дене сымбаты
-
жүрісі
-
дене бітімі
-
отырысы
Адамның сыртқы келбеті туралы ақпараттың субъективті қайнар көздері
-
шығармашылық суреттеу
-
фотосуреттер
-
рентгенограммалар
-
сүйек
-
дактилоскопиялық карта
Адамның сыртқы келбетінің анатомиялық жеке белгілері
-
ер адамның түрі шамамен 40 - 45 жаста
-
адамның нәсілі
-
аяғын сылтып басуы
-
тұтығу
-
беттегі тыртықтың болуы
Адамның сыртқы келбетінің жалғаспалы белгілерін көрсетіңіз
-
30 - 35 жастағы ер адам
-
сыртқы түрінің кавказ типтілігі
-
бойы шамамен 180 - 185 см., кең иықты
-
басында сұр түсті фетр қалпағының болуы
-
оң аяғын сылтып басуы
Адамның дене мүшелерінің өзара орналасу жағдайы мен бет - әлпетін сипаттайтын статикалық белгілер
-
нәсілдік - этникалық
-
анатомиялық
-
функционалдық
-
жалғаспалы
-
антропологиялық
Жеке басы анықталған адамның мәйітін қарау кезінде анықтауға жатпайтын жағдайлар
-
мәйіттің қалпы
-
киімнің, аяқ киімнің жағдайы
-
мәйіттің жатқан жері
4. мәйіт денесіндегі жарақат сипаты
5. сыртқы келбетінің белгілері
Анатомиялық тегіне байланысты ерекше көзге түсетін белгі
-
арқадағы (жауырындағы) мең
-
тұтығып сөйлеу
-
алты саусақты табан
-
жамбасында қалдың болуы
-
беттегі тыртық
Қылмыскердің сыртқы бейнесін, тұлғасын бейнелеуде қолданылатын функционалдық белгілер
-
кеудесінде жүннің болуы
-
бойдың биіктігі
-
кең кеуделі
-
теңселіп жүру
-
қалың мұртты
Криминалистикалық тіркеу
Криминалистикалық тіркеуге жатпайды
-
сотталған адамдар
-
хабар - ошарсыз кеткендер
-
жеке басы анықталмағандар
-
ауру адамдар
-
есірткі заттарын пайдаланушылар
Криминалистикалық тіркеуге жатпайды
-
ұрланған көліктер
-
жалған ақшалар
-
оқиға болған жерде табылған атыс қаруы
-
ашылмаған қылмыстар бойынша табылған іздер
-
қылмыскерлердің көліктері
Криминалистикалық тіркеуге жатпайды
-
ауыр қылмыстардың жасалу тәсілдері
-
жәбірленуші
-
жалған құжаттар
-
ұрланған мал
-
ашылмаған қылмыстар бойынша табылған оқтар мен қауыздар
Криминалистикалық тіркеу көмегімен объектілерді идентификациялауға жатады
-
идентификацияның процесуалдық нысаны
-
идентификацияның процесуалдық емес нысаны
-
идентификацияның сараптамалық нысаны
-
идентификацияның тергеу нысаны
-
жедел - іздестіру әрекеті
Криминалистикалық тіркеудің негізгі мақсаты
-
жалған ақшаны жасаған құралдарды идентификациялау
-
куәларды іздеу
-
жәбірленушінің мінез - құлқын зерттеу
-
сезіктінің бұрын сотталғанын анықтау
-
құлыпты қандай құралмен бұзғанын анықтау
Сотталған адамдарды қандай әдіс - тәсіл бойынша тіркемейді
-
аты - жөні бойынша
-
дактилоскопиялық есепке алу
-
қылмысты жасау әдісі бойынша есепке алу
-
сотталғандардың сыртқы бейнесін есепке алу
-
жазу дағдысының қалыптасу деңгейін есепке алу
Құжатсыз мәйітті тіркегенде ескерілмейді
-
мәйіттің сыртқы бейнесі
-
дактилоскопиялық есепке алу
-
сигналитикалық түсіру
-
аты - жөні бойынша есепке алу
-
жәбірленушінің киімін бейнелеу
Хабар - ошарсыз кеткен адамдарды тіркеу кезінде ескерілмейді
-
сыртқы бейнесі
-
аты - жөні бойынша есепке алу
-
киімін бейнелеу
-
ерекше және көзге түсетін белгілерін есепке алу
-
барлық жағдайлар есепке алынады
Негізгі дактилоскопиялық формулада қандай папиллярлы өрнектер есепке алынады
-
доға тәріздес
-
шеңбер тәріздес
-
ілмек тәріздес
-
ульнарлы - ілмек тәріздес
-
радиалды - ілмек тәріздес
Дактилоскопиялық формуланың негізгі бөлігін есептеп шығаруда папиллярлық өрнектің түрі есепке алынады
-
доға тәріздес
-
шеңбер тәріздес
-
ілмек тәріздес
-
жалған шеңберлі
-
петля-улитка
Негізгі дактилоскопиялық формула 32/32 болса, өрнектер көрсетеді
1. барлық саусақтардың папиллярлы өрнектері шеңбер тәріздес
-
оң қолдың саусақтарында папиллярлы өрнектері шеңбер тәріздес
-
барлық саусақтардың папиллярлы өрнектері ілмек тәріздес
-
барлық саусақтардың папиллярлы өрнектері доға тәріздес
-
сол қолдың саусақтарында папиллярлы өрнектер шеңбер тәріздес
Негізгі дактилоскопиялық формула 1/2 болса, бұл көрсетеді
-
сол қолдың шынашағында папиллярлы өрнек шеңбер тәріздес
-
сол қолдың төртінші саусағында папиллярлы өрнек шеңбер тәріздес
-
оң қолдың бас бармағында папиллярлы өрнек шеңбер тәріздес
-
сол қолдың бас бармағында папиллярлы өрнек шеңбер тәріздес
-
барлық саусақтарда шеңбер тәріздес өрнек жоқ
Қосымша дактилоскопиялық формулаларды шығарғанда қандай папиллярлы өрнектер есепке алынады
-
доға тәріздес
-
ульнарлы ілмек тәрізді
-
радиалды ілмек тәрізді
-
шеңбер тәріздес
-
барлық папиллярлы өрнектер
8 тақырып. Криминалистік тактиканың түсінігі және жалпы ережелері
СОӨЖ (СӨЖ) сабақтарының негізгі мазмұны.
Криминалистік тактиканың түсінігі, оның құрылымы және мазмұны. Тактиканың криминалистік техника және қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістерімен өзара байланысы. Криминалистік тактиканың даму қайнар көздері.
Криминалистік тактиканың негізгі ұғымдары: тактикалық тәсілдер, тактикалық комбинация, операция, шешім, жедел-тергеу комбинациясы, тергеу ситуациясы.
Тергеу әрекеттерінің тактикасы.Тергеу әрекеттерінің кезеңдері: дайындық, жұмыс жасау, қорытынды кезең. Алғашқы, іздестіру, вербальды және кейіңге қалдырылмайтын тергеу әрекеттерінің түсінігі.
Ұсынылатын СОӨЖ тақырыптары:
-
Криминалистік тактиканың түсінігі, оның құрылымы және мазмұны – реферат
-
Тактиканың криминалистік техника және қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістерімен өзара байланысы – реферат
-
Криминалистік тактиканың негізгі категориялары – реферат
-
Тергеу әрекеттерінің тактикасы (жалпы ережелері) – реферат
Қолданылатын әдебиеттер:
-
ҚР Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі, Алматы: Жеті жарғы 01.01.1998 ж. толықт. мен түзет. 2010 жыл.
-
Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3 т., М., 1997г.
-
Васильев А.М. Тактика отдельных следственных действий. М., «Юрид.лит.», 1981г.
-
Жәкішев Е.Г., Исаев А.А., Тапалова Р.Б., Найманова Г. Х., Темирболат Н.С. Криминалистика. КазНУ. 2005ж.
-
Криминалистика. Под ред. Герасимова И.Ф., Драпкина Л.Я, М., 1994г.
-
Криминалистика. Под ред. Яблокова Н.П. М., Бек, 1990, 1995, 1996, 2005г.
-
Криминалистика. Под ред. Пантелеева И.Ф., Селиванова Н.А М.,1988г.
-
Криминалистика. Под ред. Крылова И.Ф. Ленинград, 1976
-
Криминалистика. Под ред. Филиппова А.Г., Волынского А.Ф. М., Спарк, 1999
-
Образцов В.А. Криминалистика М., Юристь, 2001
-
Порубов Н.И. Курс криминалистики, Минск, 2000
Cтуденттің өзін-өзі бақылауға арналған тест сұрақтары:
Криминалистикалық тактиканың мәні:
-
материалды іздерді табу, алу, бекіту жөніндегі ғылыми ережелер жүйесі
-
қылмыстарды ашуда тергеуші мен жедел – іздестіру органдарының өзара әрекеті туралы ғылыми ережелер жүйесі
-
тергеу әрекеттерін жүргізу кезіндегі тергеушінің ұтымды жүріс – тұрысын анықтау жөніндегі ғылыми ережелер жүйесі
-
қылмыстарды ашу жөніндегі шаралар туралы ғылыми ережелер жүйесі
-
көрсетілгендердің ешқайсысы сұраққа жауап бермейді
Тергеу (криминалистикалық) тактикасы:
-
қылмысты тергеуді толық және объективті түрде жүргізуді толық қамтамасыз ететін
-
тергеу әрекетін жүргізудің тактикасын оқып үйрететін криминалистика бөлімі
-
қылмысты тергеу әдістемесі бөлімі
-
ғылыми техникалық құралдарды қолданып, қылмысты тергеудің әдістері және құралдары
-
тергеу әрекеттерін жүргізген кезде дыбыс және бейне таспаларды қолданудың әдіс -тәсілдері
Криминалистикалық тактиканың құқықтық негізі:
-
криминалистика
-
қылмыстық – атқару құқығы
-
қылмыстық іс жүргізу құқығы
-
қылмыстық құқық
-
соттық дәлелдеу теориясы
Криминалистикалық тактиканың құрамына жатпайды:
-
тергеу қарауының тактикасы
-
алу тактикасы
-
сараптама тағайындау тактикасы
-
айғақтарды оқиға болған жерде қарау, тексеру мен нақтылау тактикасы
-
қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
Криминалистикалық тактиканың құрамына жатады:
-
криминалистикалық идентификация
-
криминалистикалық диагностика
-
криминалистикалық габитология
-
жауап алу тактикасы
-
ешқайсысы сәйкес емес
Криминалистикалық тактиканың құрамына жатады:
-
криминалистикалық фотосурет
-
құжаттарды техникалық зерттеу
-
криминалистикалық иістану
-
суық қаруды зерттеу
-
ешқайсысы сәйкес емес
Криминалистикалық тактиканың құрамына жатады:
-
ізтану
-
криминалистикалық есепке алу
-
криминалистикалық габитология
-
криминалистикалық қолжазбатану
-
ешқайсысы сәйкес емес
Криминалистикалық тактиканың құрамына жатпайды:
-
криминалистикалық идентификация және диагностика
-
жауап алу тактикасы
-
тінтудің тактикасы
-
тергеу экспериментінің тактикасы
-
оқиға болған жерді қарау тактикасы
Криминалистикалық тактика ұғымына жатпайды:
-
тактикалық тәсіл
-
тактикалық ұсыныс
-
тактикалық операция
-
тергеу ситуациясы
-
тергеу кезеңдері
Криминалистикалық тактика ұғымына жатпайды:
1.құрал-жабдықтар
2.тактикалық тәсіл
3.тактикалық ұсыныс
4.тактикалық операция
5.тергеу ситуациясы
Криминалистикалық тактика ұғымына жатады:
1.криминалистикалық идентификация
2. криминалистикалық диагностика
3.тактикалық тәсіл
4. объектлердің жалпы және жеке белгілері
5.тергеу кезеңдері
Криминалистикалық тактиканың мазмұнына жатпайтын ғылыми санаттарды белгілеңіз:
-
тактикалық комбинация
-
тактикалық шешім
-
психологиялық айла – тәсілдер
-
криминалистік сипаттама
-
тергеудің әдіс – тәсілдері
Тактикалық тәсіл бұл –
-
тергеуді ұтымды ұйымдастыру
-
қылмыстық заң нормалары
-
қылмыстық іс жүргізу нормалары
-
тергеу әрекетін жүргізу кезіндегі тергеушінің ұтымды әрекеті
-
этиканың, моральдың нормасы
Тактикалық тәсілдер бағытталады:
-
сарапшыға
-
учаскелік полицияға
-
тергеушіге
-
прокурорға
-
сотқа
Тергеу әрекетін құрайтын негізгі санат:
-
тергеу жағдайы
-
тактикалық комбинация
-
тактикалық шешім
-
тактикалық тәсіл
-
психологиялық әсер ету әдісі
Тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын белгілі кезекпен өткізу тәсілін криминалистикада атайды:
-
тактикалық комбинация (операция)
-
жалпы криминалистикалық ұсыныс
-
арнайы криминалистикалық әдістеме
-
криминалистикалық әрекет
-
тактикалық шешім
Тергеушінің ақыл – парасаттылық және ерікті актісінің мазмұнын көрсетеді:
-
тергеу ситуациясы
-
тактикалық операция
-
тактикалық комбинация
-
тактикалық шешім
-
тактикалық ұсыныс
Тактикалық әдістерді қолдануда қажетті шарт:
-
үнемділік
-
заңға сай келушілік
-
жеделділік
-
жіберілетіндік
-
көрнекілік
Тактикалық ұсыныстар:
-
тергеу әрекеттерінің кезектілігін таңдау
-
сот сараптамасын тағайындау
-
тергеу болжауларын құру және жоспарлау қажеттілігі
-
тергеу әрекеттерінің жүргізу тәсілдерін және құрал-жабдықтарын таңдап алу
-
психологиялық жағдайын анықтау және шартты үлгілерді алу
Тергеу мақсатын шешу үшін тергеу әрекеттері мен тактикалық әдістердің үйлестірілуі қандай санат қатарына жатады:
-
тергеу жағдайы
-
тактикалық шешім
-
тактикалық комбинация
-
тактикалық ұсыныс
-
психологиялық айла - әдістер
Тактикалық әдістерді (тәсілдерді) қолдануға байланысты ғылыми негізделінген кеңес:
-
тергеу жағдайы
-
тактикалық ұсыныс
-
тактикалық шешім
-
тактикалық комбинация
-
криминалистикалық сипаттама
Тергеу әрекетінің тактика шарттарын анықтайтын жағдайлардың жиынтығы - бұл:
-
тергеу ситуациясы
-
тактикалық операция
-
криминалистикалық сипаттама
-
тактикалық шешім
-
тактикалық комбинация
Тақырып. Тергеу қарауының тактикасы – 2сағат
Дәріс және СОӨЖ (СӨЖ) сабақтарының негізгі мазмұны.
Тергеу қарауының түсінігі, мәні, түрлері және міндеттері. Оқиға болған жерді қарау – тергеу қарауының анағұрлым күрделі түрі. Оқиға болған жерді қарау – тергеудің бастапқы кезеңінде (кідіртпей) жүргізілетін тергеу әрекеті. Қарауға дайындық. Оқиға болған жерге шықпай тұрып жүргізілетін тергеу әрекеті және келісіммен жүргізілетін дайындық шаралары.
Арнайы білімі бар мамандарды қарауға қатынастыру. Оқиға болған жерді қараудың тактикалық әдістері мен кезеңдері. Оқиға болған жерді шолып қарау. Қараудың бағытын белгілеу және кезектілігін анықтау. Жекеленген заттарды, іздерді мұқият, қарау. Қараудың шекарасын анықтаған кездегі болжамның ролі. Негативті жағдайлар және олардың маңызы. Инсценировканы танып білу. Қарауға қатысқан адамдардың арасындағы қарым-қатынастар, олардың тиімділігін анықтайтын фактор ретінде. Қарау нәтижелерін бекіту. Оқиға болған жерді қарау жөнінде хаттама жазу, фотосуретке, бейнежазбаға түсіру жоспарын жасап, схемасын сызу.
Қуәландыру тергеу қарауының ерекше түрі ретінде: түсінігі, міндеттері және тактикасы. Қуәландыру нәтижелерің бекіту және оларды бағалау.
Заттай дәлелемелерді қарау. Қарауының міндеттері, тактикасы. Құжаттарды қарауының ерешеліктері, маңызы. Қарау нәтижелерің бекіту және оларды бағалау.
Тәжірибелік сабақтын мақсаты:
-
тақырыпқа байланысты теориялық негіздер туралы сұрау,
-
криминалистикалық полигондағы макеттер, плакаттар, стендтер арқылы талдау жұмыстар жүргізу,
-
қажет ғылыми-техникалық құралдармен танысу,
-
тергеу ситуациясын талдап, оқиға болған жерді қарауға дайындық жұмыстарын жүргізуді үйрету,
-
адам өлтіру қылмысын тергеуге байланысты полигонға инсценировканы жасап жедел-тергеу тобын құрып, оқиға болған жерді қарау әрекетін үйрету,
-
қарау нәтижелерін талдау, кемшіліктердің болу себептеріне негіз болған жағдайларды анықтау және көрсету,
-
оқиға болған жерді қараудың нәтижелері бойынша жасалған хаттамаларды талдау.
Теориялық негіздер туралы бақылау сұрақтары
-
Қараудың түсінігі, мәні және түрлері.
-
Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы, процесуалдық шарттары.
-
Оқиға болған жерді қараудың кезеңдері және оны жүргізудің амалдары.
-
Оқиға болған жерді қарауға дайындық жұмыстары.
-
Оқиға болған жерді жалпы (тұрақты,статикалық) және детальды (динамикалық) қарау.
-
Оқиға болған жерді қараудың нәтижелері бойынша бекітудің тәртібі.
-
Бақылау сұрақтары және жалпы өткен тақырып бойынша қорытынды шығару.
Қолданылатын әдебиеттер:
-
ҚР Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі, Алматы: Жеті жарғы 01.01.1998 ж. толықт. мен түзет.2010 жыл.
-
Баев О. Я. Основы криминалистики. М.,2001
-
Белкин Р. С. Тактика следственных действий. М.,1997 г.
<предыдущая страница | следующая страница>