Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 3страница 4страница 5страница 6страница 7 ... страница 13страница 14

Васильев А. Н. Следственная тактика. М, 1976.


  • Виницкий Л. В. Осмотр места происшествия: организационные, процессуальные и тактические вопросы. Караганда, 1986

  • Виницкий Л.В. Освидетельствование на предварительном следствии. Смоленск, 1997г.

  • Гинзбург А. Я. Осмотр места происшествия. Освидетельствование. Алматы, 1997

  • Еркенов С. Е., Султанов С. И. Тергеу әрекеттерінің тактикасы Данекер 2002

  • Жәкішев Е. Г.,Исаев А. А.,Тапалова Р. Б.,Найманова Г. Х., Темирболат Н. С. Криминалистика КазНУ 2005

  • Криминалистическое обеспечение деятельности криминальной милиции и органов предварительного расследования Под ред. Аверьяновой Т. В. и Белкина Р. С. М:- 1997.

  • Овчинский С. С. Осмотр места происшествия, М. 1974.

  • Практикум по криминалистике. Под ред. Н. П. Яблокова, М: Бек, 1995.

  • Попов В. И. Осмотр места происшествия. Алма-Ата, 1957;М.,1959.

  • Попов А.В. Осмотр места происшествия. Выпуск 1.,Алма-Ата,1977.


    Ұсынылытын СОӨЖ тақырыптары:



    1. Тергеу қарауының түсінігі, түрлері, маңызы– реферат

    2. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, түрлері, маңызы– реферат

    3. Оқиға болған жерді қараудың дайындық кезені – реферат

    4. Оқиға болған жерді қарау кезінде қолданылатын ғылыми-техникалық құрал-жабдықтар– реферат

    5. Оқиға болған жерді қараудың жұмыс және қорытынды кезендері – реферат

    6. Заттай дәлелдемелерді қарау тактикасы - реферат

    7. Куәландыру тактикасы - реферат


    Есептер:

    1. 22.00 сағат шамасында белгісіз біреулер «Вольво» маркалы автомобильмен Мировая көшесінің бойымен өтіп бара жатып, сауда қатарының палаткалары жаққа екі ұрыс гранатасын лақтырып жіберді. Жарылыс нәтижесінде бес адам жарақат алды, екі адам оқиға болған жерде қайтыс болды.



    Нақты тергеу іс-әрекетінің алдына қойылатын міндеттер қандай?

    Қарау іс-әрекетін қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, жоспар, ғылыми-техникалық құралдар)? жүргізу кезінде қандай мамандардың қатысуы қажетті? Қарау қандай заттар мен жағдайларды табуға бағытталуы керек? Қараудың нәтижесін қалай бекіту керек?
    2. Аудан тергеушісі әкімнен телефон арқылы мынадай хабарлама алды: «Бүгін түнде ат қораға шабуыл жасалған. Қылмыскерлер жылқышыны қыл арқанмен байлап, содан кейін ат қораның құлпын бұзып, жүлделі жылқыны алып кеткен. Күзетші жылқыны алып кетіп бара жатқан екі қылмыскерді ұстауға тырысады, бірақ олар оған аңшы мылтығынан екі рет оқ атып, жасырынып қалады».

    Нақты тергеу іс-әрекетінің алдына қойылатын міндеттер қандай?

    Қарау іс-әрекетін қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, жоспар, ғылыми-техникалық құралдар)? жүргізу кезінде қандай мамандардың қатысуы қажетті? Қарау қандай заттар мен жағдайларды табуға бағытталуы керек? Қараудың нәтижесін қалай бекіту керек?
    3. Полиция бөлімінің кезекші тергеушісіне бүгін ертеңгісін зорлықпен өлтірілгендігінің белгілері бар ғылыми қызметкер Петровтың мәйіті табылғандығы туралы хабарлады. Петровтың мәйіті онымен алынған жеке үйінің бір бөлмесінде. Кезекшінің келесі баяндауы бойынша бөлмелердің астан-кестені шығып жатыр, атап айтқанда, кітап сөресі мен жазу үстелі сындырылған, ал кітаптар мен қағаздар еденде шашылып жатыр.

    Нақты тергеу іс-әрекетінің алдына қойылатын міндеттер қандай?

    Қарау іс-әрекетін қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, жоспар, ғылыми-техникалық құралдар)? жүргізу кезінде қандай мамандардың қатысуы қажетті? Қарау қандай заттар мен жағдайларды табуға бағытталуы керек? ? Қараудың нәтижесін қалай бекіту керек?
    4. Тергеуші полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру тобымен, сот медициналық сарапшымен және қызметтік иті бар нұсқаушымен бірге қала паркіне, ер адамның мәйіті табылған жерге келді. Мәйіт бөлектенген аллеяның төсемінде бетімен төмен қарап жатыр. Басының айналасында оқ тесіп өткен жара тәріздес жарақаты байқалады. Басының асты қанға толы. Мәйіттен алыс емес жерде ер адамның кебісі жатыр, ал жәбірленушінің аяғында – ұсақ тесікті табанды аяқ киім. Мәйітті аллеядағы жапырақтарды жинап жүрген парк қызметкері тапқан. Ол да қазір осы жерде.

    Нақты тергеу іс-әрекетінің алдына қойылатын міндеттер қандай?

    Қарау іс-әрекетін қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, жоспар, ғылыми-техникалық құралдар)? жүргізу кезінде қандай мамандардың қатысуы қажетті? Қарау қандай заттар мен жағдайларды табуға бағытталуы керек? ? Қараудың нәтижесін қалай бекіту керек?
    5. 7- сәуір күні, Энске қаласының полиция қызметкерлері ВАЗ- 21011, өртенген автокөлігін тауып алды, автокөлік иесі Степановқа тиесілі. Көліктің артқы багажынан күйіп, бөлшектелініп, зорлау қылмысының белгілері бар, белгісіз әйелдің денесі табылды.

    Нақты тергеу іс-әрекетінің алдына қойылатын міндеттер қандай?

    Қарау іс-әрекетін қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, жоспар, ғылыми-техникалық құралдар)? жүргізу кезінде қандай мамандардың қатысуы қажетті? Қарау қандай заттар мен жағдайларды табуға бағытталуы керек? ? Қараудың нәтижесің қалай бекіту керек?

    1. 30 тамыз 20.. жылы түнде азамат Шишмаревтың үйінде басында оқ қаруымен жараланған оның иесінің мәйіті табылды.Оқиға болған жерді қарау кезінде жанында қан болып жатқан мәйіттің жанындағы столдың үстінде арақтан кейінге бөтелке, екі стакан және толық желінбеген колбасаның бөлігі табылды.

    Оқиға болған жерден қандай іздер табу керек?

    Табылған іздерді қалай алу керек?

    Оқиға болған жердегі табылған іздерден қандай сараптама тағайындауға болады және ол үшін қандай материалдар дайындау қажет?

    Оқиға болған жерді қарау хаттамасының



    Үлгісі схемасы
    Кіріспе:

    1. Оқиға болған жерді қарауды жүргізу уақыты,күні айы,жылы.

    2. Оқиға болған жерді қарау жүргізіліп жатқан елді мекеннің аты.

    3. Оқиға болған жерді қарауды жүзеге асырушы лауазымды тұлға (аты-жөні, әскери атағы, жұмыс орны, қызметі).

    4. ҚІЖК бабына сәйкес заңды түрде оқиға болған жерді қарау хаттамасын рәсімдеу.

    5. Оқиға болған жерге тергеушінің келу уақыты, сағаты, оқиға болған жердің адресі.

    6. ҚІЖК бабына сәйкес заңды түрде оқиға болған жерді қарау хаттамасын рәсімдеу.

    7. Оқиға болған жерді қарауға қатысқан тұлғалар: куәгерлер (аты -жөні, ғылыми атағы, жұмыс орны, қызметі) полиция қызметкері; жергілікті өзін өзі басқару қызметкері, жергілікті әкімшілік қызметкері (аты-жөні, ғылыми атағы, жұмыс орны, қызметі).

    8. Тұлғаларға олардың өз құқықтарын түсіндіру, полиция қызметкерлерін хабар берген тұлға туралы мәліметтер.

    9. Оқиға болған жерді қарау басталған уақыты мен аяқталған уақыты, ауа-райы мен жыл мезгілін көрсету.

    Қараудың нәтижелерін көрсету: 1. Қысқа да түсінікті түрде үй ішін немесе ғимаратты жазып көрсету.

    2. Оқиға болған жердің орталық нүктесі табылып бүге шүгесіне дейін рәсімделеді. Үйдің неше терезесі неше есігі тіркеліп, қай жаққа бағытталғаны көрсетіліп, есіктен қай жаққа шығатыны көрсетіліп, терезелерден нені көруге болатыны көрсетіледі. Бөлмедегі жиһаз көрсетіліп, орналасқан жерлері тіркеледі.

    3. Бөлменің қабырғалары, төбесінің, есіктері мен терезелерінің сынған жерлері мен ақаулары көрсетіледі.

    4. Мұқият түрде мәйіт қаралады (егерде мәйіт болатын болса) түрі, түсі, заттай дәләлдемелердің мінездемесі. Тік бұрышты координатты табу жүйесі арқылы заттай дәләлдемелердің орналасу орны табылады. Если неопознанный труп –дается его словесный портрет.

    5.Көрсетілуге міндетті: а) іске байланысты қандай заттар алынды және олар қалай жабдықталған. б) қарау барысында қандай тергеу іс әрекеттері жүргізілді. в) заттай дәлелдемелерді тіркеу барысында қандай іс әрекеттер жүзеге асырылады (мәйітті суретке түсіру, іздерді өлшеу, іздердің гипстелген формасын алу, саусақ қол іздерін пленкаға түсіру, бұзу іздерін фотоға түсіру т.б)

    6. Қолайсыз жайттарды көрсету.

    Хаттамасының қорытындысы:

    7.Қарауға қатысушылардың пайымдауларын жазу.

    8. Қарауға қатысушылардың қолдары.



    Оқиға болған жерді қарау

    ХАТТАМАСЫ

    12.12.2009 жыл Алматы қаласы


    Краснохомской ауданының ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Коробков ҚІЖК-тің 227 баптарына сәйкес мәйітті күштеп өлтірілуне байланысты оқиға болған жердің хаттамасын толтырды.

    Мәйіт табылған жерге келіп – Косогорова ауылы Пушкин көшесі 8 үйге келіп, куәгерлер Верников Николай Иванович және Сапожников Федор Петрович сонымен қатар аудан аралық сот медициналық эксперт Задачина Ф.Ф қатысуымен, маман-криминалист Полиция майоры Тухватуллин М.Е ., учаскелік полициясы Батраков және де Косогоровск селолық советінің төрағасы Петрунинаның қатысуымен ҚІЖК тің 221 және 222-баптарына сәйкес оқиға болған жерді қарау іс әрекетін жүзеге асырды.

    Қарау таңғы сағат 08.25 басталып сағат 10.10 аяқталды. Қарау барысында бекітілді:

    Мәйіт аңшы инспекторы Скрепин Иван Исидорович екендігі анықталды. Ол өз үйінен табылды, яғни Пушкин көшесі 8 үй. Скрепинның үйі өз кезегінде бір қабатты ағаштан жасалған. Теиірден жасалған шатырмен жабылған. Үйде екі бөлме бар. Үйдің ар жағында жер учаскесі бар. Үйдің үш терезесі бар, олар Пушкин көшесіне қараған. Скрепин мәйіті жатқан жер ас бөлмесі болып табылады, өлшемі 6х8 м. Ол бөлмеге күн сәулесі үш терезеден түседі, екі терезе фасад тұсынан ал бір терезесі оңтүстік жақтан.

    Бірінші алдыңғы бұрышта шкаф-буфет тұр, оның ішінде әртүрлі ыдыстар жиналған. Терезелердің арасында тумбочка тұр, оның үстінде радио қабылдаушы «Звезда», сол жақ бұрышта кітап сөресі оның үстінде кітаптар жиналған. Бөлменің ортасында мата тектес абажурда үстел орналасқан, оны көк дастарханмен жабдықтаған. Қабырғаның бойымен сегіз орындық қойылған. Мәйіттің көкірек тұсында сол жақ емшегінің астынан үш саусак өлшем жерде дөңгелек тесік жарақат байқалады. Стрепинның жейдесі қанға батқан. Мәйіттің астында үлкен қан жиналған.

    Скрепиннің мәйітінің бас жағы үстел жаққа қарап жатыр, аяқ жағы болса екінші терезе жаққа қарап жатыр, мәйіт арқасымен жатыр. Екі қолы екі жақта, аяғы дене осімен бірыңғай.Мәйіт сол жақ бетімен еденге тиіп жатыр. Мәйітте ақ жейде және қара жартылай шерстті шалбар аяғында сары шұлық және қолдан жасалған аяқкиім киілген. Шалбардың оң жақ қалтасында бет орамал көк түсті, сол жақ қалтасында тарақ.

    Мәйіттің көздері жартылай ашық, аузы ашылған. Бірінші денгейдегі мәйіттің сіресуі байқалады. Мәйіттің аяғы қарап жатқан терезенің бір бөлігінің әйнегі алынған. Терезенің астыңғы жағында терезе сылайтын сылақтың қалдықтары табылды. Терезенің шеткі жағында саусақ қол іздері байқалады.

    Қарауға қатысушылардан арыз түскен жоқ.

    Мәйіт көмекші Петров Н.Н алып жүруімен аудандық емханаға мәйітті ашуға жіберілді.

    ІІБ тергеу бөлімінің тергеуші: Коробков Р.А

    Куәгерлер: Вареников А.Н.,

    Сапожников И.Л.

    Сот медициналық сарапшы: Задачин С.Н. маман-криминалист Полиция майоры: Тухватуллин М.Е Учаскелік полиция: Батраков Л.С.

    X А Т Т А М А

    оқиға болған жерге қарау жүргізу туралы
    Қызылорда қаласы 9 маусым 1992 жыл
    Қызылорда ІІД тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция капитаны Жағыпаров А., 09 сағат 55 минутта Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің жауапты кезекшісінің қағаз картон зауытының қарауылы өлтіріліп, кассасы тоналғаны туралы хабарламасына байланысты оқиға болған жерге келіп, айғақтар: Байманова Ләззат, тұрағы – Қызылорда қаласы, Байғанин көшесі, 4 үй; Сүйіншалиева Шолпан, тұрағы Қызылорда қаласы, Сейфуллин көшесі, 38 үй; завод кассирі Әлиева Қымбаттың және облыстык ішкі істер басқармасы сараптама-криминалисттік белімінің криминалисі, полиция аға лейтенанты М.Садақовтың қатысуымен Қазахстан Республикасы КІЖК-нің 221-222 баптарының талаптарын сақтап, қарау жүргізіп, Қазахстан Республикасы ҚІЖК-нің 227 бабына сәйкес осы хаттаманы жасадым.

    Қарау жүргізу алдында қатысушыларға қарау жүргізу барысында орындалатын барлық әрекеттерге толық қатысып, хаттамаға енгізілуге міндетті ескертпелер жасау құқығы түсіңдіріліп, фотосуретке түсірілетіні және басқа қажетті техникалиқ құрал-жабдықтар қолданылатындығы жарияланды.

    /Байманова, Сүйіншалиева/

    Сарапшы-криминалист Садықов М. ҚР ҚІЖК-нің 57-1 бабында көрсетілген міндеттері түсіндіріліп, өз міндеттерін орындаудан бас тартса немесе бұлтартса, жауаптылығы туралы ескертілді.

    /Садықов/

    Қарау жүргізгенде анықталғаны: Қызылорда картон зауытының әкімшілік үйі күйдірген кірпіштен төрт бұрышты болып қаланған, үш қабатты ғимарат, ұзынднғы 50 метр, ені 18 м. Әкімшілік үйінің солтүстік беті Париж коммунасы көшесінің бойында, оңтүстік беті зауыт қорасына, батыс беті жумысшылар көшесіне қараған, ал шығыс жақ беті кершілес тұрған жылу - өндіріс орталығының қабырғасымен жапсарлас. Әкімшілік үйінің барлық беттерінде көлемдері бірдей терезелер орнатылған. Бірінші қабаттағы терезелердің темірден тор көздері бар. Әкімшілік үйіне кірер есік солтүетік бетте, ғимараттың тура орта тұсында. Зауыттың касса бөлмесі екінші қабаттың оңтүстік батыс бұрышында. Екі терезесі бар: біріншісі - зауыт қорасынға, екіншісі - жүмысшылар көшесіне қараған. Касса бөлмесіне кіретін есікке дәліз арқылы өтуге болады. Бұл дәліздің ені 3 м, бүкіл екінші қабат бойына созылған. Дәлізге төменгі қабаттан бір-бірінен 20 м қашықтықта орналасқан екі баспалдақтар арқылы көтеріледі. Касса бөлмесіне кірер есік ақ түсті темірмен қапталған, биіктігі 205 см, ені 103 см, есіктің екі құлыбы бар, олар есік ағашына ойып орналастырылған. Осы есік алдында дәлізде шалқасынан түсіп, завод қарауылы Бостекбаев Тобылдың мәйіті жатыр. Өліктің жатқан жерінде көлемі 70 х 80 см ұйыған қан бар. Мәйіт бас жағымен касса есігіне қарсы қабырғаға тіреліп, аяқтары жартылай бүгулі күйінде, оң жақ қолы кеуде үстінде, сол қолы жанына қарай созылып жатыр. Киімдері кеуде тұсында қанға бөккен. Мәйіттің көздері жұмулы, аузы сәл ашылған, еріндерінде кепкен қан дақтары бар. Мәйітте ақшыл түсті қысқа жең көйлек, қара шалбар және қоңыр түсті жеңіл аяқ киім бар. Киім қалталарында ештеңе

    жоқ. Көйлектің кеуде тұсында, үстінен санағанда үшінші түймемен қатарлас көлемі 2,5 х/3 см-лік дөңгелене түскен, айналасы тегіс емес жыртық бар. Осы жыртылған жермен шамалас, өліктің денесінде де 3 х 2,5 см-лік айналасы тегіс емес жарақат байқалды. Мәйіт денесінде басқадай көзге түсіп түрған жарақаттар байқалмады.

    Мәйітпен қатар 23 см оңға қарай 16 калибрлі, жалғыз ұңғылы аңшы мылтығы жатыр. Мылтықтың ұңғысында РС 15346 сандары бар, жалғыз оқпен оқталған, ол оқ, атылмаған.

    Касса бөлмесінің есігі құлыптаулы, есіктің табалдырығынан жоғары қарай 165 см-де, тұтқасынан 40 см солға қарай келемдегі 2,5 хЗ см болатын қатарынан түскен үш тесік бар. Осы тесіктердің тұсында қабырғаға кіріп кеткен екі қорғасын құймасы алынды. Есікте басқадай зақымданған жерлер жоқ.

    Касса бөлмесіне кірер есік Әлиеваның кілтімен ашылды. Касса бөлмесінің өзі кішкене екі бөліктен тұрады, бөліктер арасы жалғыз қабат кірпішпен өріліп, сыланып тасталған. Кассир отыратын бөлікке есік арқылы өтуге болады, бұл есік те екі жағынаң ақ түсті темірмен капталған. Есікте кассир отыратын ішке қарай ашылатын көлемі 26 х 30 см-лік ақша таратуға арналған көзше орналастырылған. Кассир отыратын бөліктің ауданы 3,5x3 м, биіктігі 3 м 30 см. Бүл бөлікте жұмысшылар көшесіне қараған бір терезе бар, оның көлемі 180 х 110 см. Терезе қаңқасы екі қабатты, екі жармалы, жоғары жағында "30 х 48 см болатын ашпалы көзі бар. Осы ашпалы көздің ішкі әйнегінің сыртынан саусақ таңбалары табылып, дактилоскопиялық пленкаға көшіріліп алынды. Терезе алдындағы жақтау тақтайда /подоконник/ адамның оң аяғының қалған іздің көмескі нұсқасы бар. Еденге лннолеум төселген, осы линолеумда аяқ киімнен қалған екі із бар, іздердің ұзындықтары бірдей 27 см, өкшесінің ені - 10 см.

    Терезе тұсында бір тумбалы стол қойылып, оның бетінің үштен екісін алып әйнек жабылған. Әйнек бетін алюминий ұнтағымен тозаңдандырғанда түссіз саусақ таңбалары анықталып, дактилоскопиялық пленкаға көшіріліп алынды. Столға тақау қойылған жалғыз орындық және столга жалғасып орналастырылған екі бөлімшелі, көлемі 60 х 80 х 150 см темір сейф бар. Сейфтің үстіңгі бөлімшесінің есікшесі ашық. Үстіңгі бөлімшенің өзі жоғарғы және төменгі қабаттардан тұрады. Кассир Әлиева сейфтің үстіңгі бөлімшесінде жұмысшыларға таратуға үлгермегендіктен қалған 186740 сом ақша болуы қажет екенін мәлімдеді. Жоғарғы қабатта бос жатқан 2 дана 3 сомдық, 6 дана 1 сомдық, барлыгы 12 сом ғана жатыр. Төменгі қабатында айлық тарату ведомостігі, жезбезекті кілт /отмызка/ және ұзындығы 21 см темір ілмек жатыр. Сейфтің астыңғы белімшесінің есікшесі ашылмаған, № 234 санды мөрмен бекітілгені анық көрініп түр. Сейфтен 25 см-де еденде жатқан аумағы 1,2 см болатын қоңыр түсті түйме табылып алынды.

    Кассир отыратын бөлікпен қатар орналасқан жайда ешқандай жиһаз немесе басқадай заттар жоқ.Ол бөліктің қабырғаларынан сезікті ештеңе табылмады.

    Қарау жүргізу барысы, табылған іздер, айғақты эаттар "Индустар" объективті "Зенит-7 М" фотоаппаратымен №130 пленкаға түсіріліп алынды.

    Оқиға болған жерді қарау 10 сағат 30 минутта басталып 11 сағат 40 минутта аяқталды және ашық ауа райында, табиғи жарықта жүргізілді.

    Оқиға болған жерден: жезбезекті кілт /№Пакет/, темір ілмек /№2/ дактопленкаға көшіріліп алынған саусақ таңбалары /№3 пакет/, түйме /№4 пакет/ алынды. Олардаң сырттары мөрмен бекітіліп, айғақтардың қолдарымен куәландарылды. Бөстекбаевтың өлігі Кызылорда қалалық ауруханасының мүрдеханасына жөнелтілді.

    Оқиға болған жердің схемасы жасалып, осы хаттамаға тіркелді. Айғақтар мен басқа қатысушылардан қарау жүргізу тәртібі, барысы және нәтижелері жөнінде ескертпе, шағымдар түскен жоқ.

    Хаттама дұрыс жазылған, дауыстап оқылды.

    Куәгерлер: Байманова С.А., СүйіншалиеваР.М.

    Кассир: Әлиева Н.М.

    Маман сарапшы-криминалист Садықов Г.К.

    Аға тергеуші: Жағыпаров А.Н.

    Мәйітті қарау

    ХАТТАМАСЫ

    Қызылорда қаласы 20 желтоқсан 2011. жыл


    Қызылорда ІІБ тергеу бөлімінің аға төргеушісі Еркінбеков М.Ж. төменде көрсетілген куәгерлер: 1. Жұбаниязов Бауржан Абайұлы, Қызылорда қаласы Желтоқсан қөшесі 12 үй тұрғыны; 2. Қаракөзов Төрехан Сұлтанұлы, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 20 үй, 28 пәтер тұрғыны және сот дәрігерлік сарапшы А. Тілемісов, Қызылорда ІІБ милиция капитаны Ж. Балымбетовтердің қатысуларымен ҚР ҚІЖК 224 бабының талаптарын басшылыққа ала отырып, қалалық аурухананың мүрдеханасында Мергенбаев Асан Мұратұлының мәйітіне қарау жүргізілді.

    Қарау жүргізілер алдында айғақтарға ҚР ҚІЖК 239 бабында қаралған тергеу әрекеттерінде қатысудағы құқықтары мен міндеттері түсіндірілді .

    Азамат Мергенбаев Асан Мұратұлының мәйіті мүрдехананың жарып-қарау бөлмесіндегі операциялық столға қойылған.

    Мәйіттің қолдары созулы, саусақтары бүгулі қүйінде,ал екі аяғы бүгілмеген.

    Мәйіттің үстінде көк түсті қысқа жең көйлегі, қоңыр түсті шалбары, аяғында қара түсті шұлығы мен көк түсті туфлиі бар. Шалбардың ішінен қара түсті матадан тігілген труси киген. Көйлектің алдыңғы жағында 5 түймесі бар, бәрі орнында, ілінген күйінде. Көйлектің алдыңғы омырау тұсынан ірі қызыл қоңыр түсті дақпен былғанған, құм жабысқан. Қөйлектің сол жақ кеуде тұсында түймелерден 8 см, көйлектің сол жақ тігісінен 10 см аралықта көлденеңінен орналасқан өлшемі 3,5х1 см жиектері тегіс жыртық бар.

    Шалбардың екі қалтасы бар, алдыңғы жағынан 3 түймемен түймеленген. Қоңыр түсті матадан тігілген. Шалбардың жыртылған, сөгілген жерлері жоқ. Қарау жүргізу барысында шалбардың сол жақ қалтасынан 1000 теңгелік 1 дана, 500 теңгелік 2 дана, жалпы құны 2000 теңге ақша табылды.

    Туфли көк түсті былғарыдан тігілген, биіктігі 1 см өкшесі бар, табаны қатты материалдан. Туфлидің екеуінің де тұмсық тұсында қаңға ұқсас қоңыр қызыл түсті дақтар бар. Мәйіттің киімдерін шешіп қарағанда аңықталғаны:

    Мәйіт дене пішімі толық, дұрыс жетілген ер адам мәйіті. Мәйіт таңбалары арқасында және аяқ қолдарының артқы жақ тұстарында орналасқан. Көгілдір түсті, саусақпен басып тексергенде жойылып, тез қалпына келеді. Мәйіт боршаларының қатайуы барлық тексерілген қол-аяқ бұлшық еттерінде жақсы, бірқалыпты байқалады. Бет және кеуде төс төрілері мен көзге көрінетін кілегей қабаттары көкшіл түсті.

    Бас пішімі дұрыс қалыптасқан, шаштары қара түсті, ұзындықтары 8-10 см. Бас сүйектерін ұстап тексергенде сынбаған. Көздері жұмулы, көздің кілегей мөлдір қабаты таза, зақымдалмаған. Көз қарашықтары кенейген, көлемі 0,5 см, мұрын сүйектері сынбаған, мұрын тесіктерінде бөтен зат жоқ. Аузы жұмулы, тістері зақымдалмаған. Сыртқы дыбыс есту жолдары таза. Бет, жақ сүйектері сау, сынбаған. Мойыны дұрыс қалыптасқан. Мәйіттің кеудесі жалпақ, дөңгелек тәріздес. Қабырға сүйектері сынбаған, сау. Мәйіттің іші тартыңқы. Сыртқы жыныстық мүшелері дұрыс және жынысына сәйкес жетілген. Тік ішектің сыртқы тесігінің айналысында жарақат белгілері жоқ, таза. Аяқ-қолдарының сүйіктері зақымданбаған, сау.

    Мәйіттің кеудесінің сол жақ 6-7 қабырғалары тұсында көлденеңінен орналасқан өлшемі 3х0,7 жарақат бар. Жарақаттардың жиектері тегіс, бұрыштары сүйірленген. Жарақатты ашып тексергенде жарақат өзегінің бағыты жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай бағытталған, сосын кеуде тұсына өткен. Жарақат айналасында қаңға ұқсас қоңыр қызыл түсті дақтар бар.

    Мәйіттің оң алақанының ортасында, ортаңғы саусақ тұсында өлшемі 2 х 0,3 см жиектері тегіс, бұрыштары сүйірленген, көлденеңінен орналасқан жарақат бар. Оң алақанында және саусақтарында қаңға ұқсас қоңыр қызыл түсті іздер бар.

    Мәйіт денесінде жоғарыда көрсетілген жарақаттардан басқа ешқандай дене жарақаттары және басқа да белгілері байқалмады.

    Қарау жүргізу барысында мәйіттің үстіндегі киімдері - көйлек, шалбар, труси, туфлиларынан ылғалды жұмсақ нақышпен микроталшықтар сүртіліп алынды.

    Мәйіт «Зенит-11» фотоаппараты «Гелиос-44м4» объективі және 64 маркалы фотопленкасын қолдану арқылы суретке түсірілді.

    Қарау жүргізу 10 сағат 30 минутта басталып, 11 сағат 50 минутта аяқталды.

    Куәгерлер мен қарауға қатысушылардан жүргізу барысында ескертпе, мәлімдемелер түскен жоқ.

    Хаттама оқылып берілді, дұрыс жазылған.
    Куәгерлер: 1. /Жұбаниязов Б.Р/

    2. /Қаракөзов Т.А/


    Сот дәрігерлік сарапшы: Тілемісов А.А
    Участкелік инспектор,

    милиция капитаны: Балымбетов Ж.С


    Қызылорда ІІБ тергеу бөлімінің

    аға төргеушісі: Еркінбеков М.Ж.



    Қ А У Л Ы

    қылмыстық іске айғақты заттарды тіркеу туралы

    22 қараша 2010 жыл Алматы қаласы


    Алматы калалық ІІД-нің ТБ-ның аға тергеушісі полиция майоры Бектемиров Н., № 10751403130290 санды қылмыстық істі қарап шығып,

    А Н Ы Қ Т А Д Ы М :

    22.09.2010 жылы 30.06.1992 ж.т.Ілгербаев Самат Серикұлы, қасақана бөтен адамға қаза келтіру мақсатында, Абай мен Наурызбай көшелерінің қилысында орналақан Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің жатақхана қасында 21.12.1989 ж.т. К.Ж.Ахметов және бір топ тергеумен анықталмаған адамдарпдың арасында төбелес басталған, осы кезде А.Н.Рамазанов, өзінің қасақана кісі өлтіруге бағытталып, өзімен бірге алып келген пыщшақпен, К.Ж.Ахметовтың оқ жақ санына және адамның маңызды жері іш тұсына бір рет ұрып оқиға болған жерден бойтасалап кеткен.Алған дене жарақатының салдарыанн К.Ж.Ахметов оқиға болған жерде жан берген.

    Аталған факты бойынша 22.09.2010 жылы ҚР ҚК-нің 96 бабы 2 бөлігі «И» тармағымен № 10751403130290 санды қылмысты қ іс қозғалған.

    Қазіргі уақытта аталған қылмыстық істің алдын ала тергеуі маған жүктелді.

    Алдын ала тергеу барысында оқиға болған жерден біршама заттар айғақты зат ретінде алынған.Сонымен қатар олар бойынша бірнеше сараптамалар тағайындалған.Осы заттар қылмыстық іс бойынша дәлелдемелік маңызы бар.

    Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде қылмыстық іс бойынша алынған айғақты заттар дәлелелдемелік маңызы зор екенін ескере отырып, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 202, 121 бабыын талаптарына сәйкес;



    <предыдущая страница | следующая страница>


  • Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады

    Оқу құралы Қазақстан Республикасының ммос-ға сәйкес криминалистиканы оқуға бөлінген кредиттер бойынша жинақталған

    2736.15kb.

    25 12 2014
    14 стр.


    Тарихты оқыту әдістемесі

    Жоғары оку орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы

    648.01kb.

    23 09 2014
    3 стр.


    1. Дүйсек, А. К. Жоғары математика: оқу құралы жоғары техникалық оқу орындарының жоғары математика пәнінің қазіргі бағдарламасына сәйкестендіріп жазылған. / А. К. Дүйсек, С. Қ. Қасымбеков
    15.75kb.

    17 12 2014
    1 стр.


    Руководство по строительному материаловедению : справочное пособие / Ю. И. Гончаров, М. Ю. Малькова, В. М. Шамшуров и др. М.: Ассоциации строительых вузов, 2008. 232 с.: ил

    Айдос Е. Ж., Жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған математика: оқу құралы / Е. Ж. Айдос. Алматы: Дәуір, 2006. 464 б

    291.89kb.

    17 12 2014
    1 стр.


    Калиакперова н. З. Кабдрахманова а. К

    Калиакперова Н. З. және осы кафедрасының оқытушысы Кабдрахманова А. К. жасалынды. Оқу құралы биология мамандығы студенттеріне арналған. Оқу құралында қысқаша дәріс тақырыптары, өзі

    805.43kb.

    29 09 2014
    4 стр.


    1. Сұрақтарға жауап жаз

    Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 5- сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгерту дәрежесін, сөздік қорларын ескере отырып, оқулықтағы материалдарды толықтыру

    196.93kb.

    14 09 2014
    1 стр.


    «Балаларға Ислам туралы» сериясы Бірқұдайшылық Бірінші оқу жылына арналған оқу құралы Бірінші кітап

    Мағынасы: «Мен Аллаһқа Раббы ретінде, Исламға дін ретінде және Мұхаммадқа пайғамбар ретінде разымын!»2

    337.6kb.

    25 12 2014
    1 стр.


    «Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру бойынша дәріс курсы» оқу құралы «Информатика» мамандықтарына және «Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру» пәнін оқитын арнаулы орта және жоғарғы оқу орны студенттеріне арналған
    1171.05kb.

    01 10 2014
    6 стр.