Перейти на главную страницу
17
басын қылмыскерлiктен бөлек, оның себептерi мен алдын алу шараларынан бөлек сөз етуге болмайды. Қылмыскердің жеке басын криминология пәнiнде бөлiп алудың жасандылық сипаты бар, ол жайында алда сөз болады.
18
1.2. Криминологияның ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы
Қылмыстардың себептерi, олар үшiн жауапкершiлiк принциптерi туралы көптеген негiзге алынатын идеялар адамзат тарихының бастапқы кездерiнде-ақ пайда болған Криминология тарихы, өзiнше дербес ғылым peтiндe 19 ғасырдан басталды, жаратылыстық-ғылыми әдiстердi қолдану аясы кеңiдi. Олар қоғамдық ғылымдарға да ене бастады.
19 ғасырдың l-жартысында криминологияның дербес ретiнде қалыптасуына зерттеулердiң мына төрт түpi айқын әcepiн тигiздi: 1) антропологиялық; 2) статистикалық; 3) әлеуметтiк-экономикалық, социологиялық және т.б., олар арқылы қылмыскерлiк факторларына және оларға ықпал ету тетіктерінe талдау жасалды; 4) әлеуметтiк-құқықтық.
Антропологиялық зерттеулердiң негiзiн қалаушы френолог Галль болатын. Ол қылмыс жасайтын адамдарды үш категорияға беөлдi, қылмыскерлердi биологиялық топтастырудың басын бастады. Кейiн туа қылмыскеp деген идеяны бұрынғы түрме дәрiгерi, сот-медицинасының итальяндық профессоры Цезарь (немесе Чезаре) Ломброзо тамаша негiздедi. «Қылмыскер болып туады»- дедi ол өзiнiң алғашқы еңбегiнде. Кейiн ол туа қылмыскер болу типтердің бiреуi ғана, ал өсе келе өмip ықпалымен қылмыскер болатын басқалар да бар eкенін мойындады. Ламброзоның бұл жұмысы күштi дау туғызды: бiр авторлар оны қолдады, басқалары оның идеясын қолдамады, өздерiнше зерттеулер жүргiздi. 19 ғасырдьщ соңы - 20 ғасырдың басында қылмыстық антропология жөнiнде бiр қатар халықаралық конгрестер eттi, оларға қатысқандардың көбiсi Ломброзо теориясын сынады.
Ломброзо болса қылмыскерлердi және қылмыс жасау себептepiн зерттеу aуқымын кеңейтiп, айтысты жалғастырды. Ол өзiнiң кейiнгi жұмыстарында сыртқы ортаның қылмыскерлiкке ықпал eтетін ер турлi факторларына назар аударды, туа қылмыскер болатындық туралы теориясынан бас тартпаса да бiртiндеп әлеуметтік факторларға көңіл бөле бастады .
Ломброзоның идеясын оның шәкiрттерi - белгiлi итальян ғалымдары Рафаэль
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
19
Гарофало мен Энрико Ферри дамытты, олар қылмыскерлiктiң әлеуметтiк факторларына баса назар аударды. Ферридiң пiкiрiнше, антропологиялық мектептiң айырықшылығы сонда, ол органикалық және психикалық келбеттерi, мұралаған және жүре бiткен қасиеттерi арқылы қылмыскердің жай адамнан өзгеше екендiгiн мойындады (раr des anormalitus organiques et psychiques), қылмыскерлердi адамзат тұқымының ерекше бiр түpi деп санады (иnе classe speciale, unе variutu de lespuce humaine). Тиiсiнше, жазаны, қоғамның осы «адамзат тұқымының бiр түрінен» қорғанысы ретiнде қарады.
Айтулы криминологиялық жұмыстардың бiрi - «Кылмыскерлiктiң экономикалық факторының» авторы Ван-Кан кейiндерi былай деп жазды: «Ламброзонның еңбегi сонда, ол криминология саласындағы ойды оятты, жүйе құрды, тапқыр және батыл гипотеза жасады, ал нәзiк талдамалар мен түйiндi тұжырымдарды ол өз шәкiрттерiне қалдырды».
Ресейде А.Хвостов, Францияда А.Герри, Бельгияда Э.Дюкпетью қылмыскерлiк жайында жинакталған деректерге арнаулы статистикалық зерттеулер жүргiздi. Олардың қылмыскерлiктегi заңдылықты зерттеу үшiн қаншалықты маңызды екендiгiн бельгиялық математик әpi статист А.Кетле айқын көрсете бiлдi. 1836 жылы А.Кетленiң «Адам жене оның қабiлетiнiң дамуы немесе қоғамдық физика тәжiрибесi» атты шығармасы жарық көрдi, онда автор былай деп жазды: «Қылмысқа қатысты нәрселердiң бәрiнде сандар соншалықты тұрақты қайталанады, ол жағдайға назар аудармасқа болмайды. Қылмыстардың белгiлi бiр түрлерiнiң жыл сайын ұдайы қайталанып тypaтыны және олар үшiн берiлетiн жаза түрлерiнiң де сол пропорцияда болатындығы қылмыстық соттың бiзге берiп отырған қызықты статистикалық мәлiметтерi; мен оларды өзiмнiң әр түрлi шығармаларымда бетке ұстадым, әрқашан қайталаудан жалықпадым: таңғаларлық делдiкпен төлем жасап тұратын бюджет бар, ол - зындан, түрме, эшафот бюджетi; сол бюджеттiң азаюын ойластыруымыз керек».
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
20
Мұндай зерттеулердi басқа авторлар да жалғастырды, олардың көмегімен, бipiншiден, қылмысты немесе қылмыстарды зерттеуден статистикалық заңдылығы бар жаппай әлеуметтiк құбылыс болып табылатын қылмыскерлiктi зерттеуге қадам жасалды, екiншiден, қылмыскерлiк туралы статистикалық мәлiметтердегi өзгерiстер мен қоғамдары өзгерicтер арасындағы өзара байланыс көрсетiлген.
1844-1845 жылдары жас Фридрих Энгельс «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» атты кiтап жазды, онда «Өз байқауым және шын көздер бойынша» деген тарау бар. Бұл ic жүзiнде қоғамдық жағдайлардың қылмыскерлiкке ықпал ету факторын ғана емес, ондай ыкпалдың тетігін, қылмыскерлiктiң әлеуметтiк мәнін алғаш рет тepeңipeк зерттеу болды. «Әлеуметтiк тәртiптi сыйламау өзiнiң ең ақырғы сатысында - қылмыскерлiкте айқын көpiнic табады. Жұмысшыны моральдық азғындауға алып келген себептер әдеттегiден гөpi күштiрек, жиналып әрекет eтeтiн болса, онда, Реомюр бойынша 80 градуста су суйық күйден газға өтeтіні сияқты жұмысшы да қалайда қылмыскерге айналады»- деп жазды Ф .Энгельс. Қылмыскерлiк дегенiмiз әлеуметтiк соғыстың көрініc табуы, Энгельс айтқандай, «әpкім өзiн ойлайды, өзi үшiн 6асқалардың бәрiне қарсы тұрады, ал өзiнiң қас жауы болып табылатын сол басқаларға зиян келтiру керек пе деген меселенi тек өз қамына байланыстырып шешедi. Қылмыскерлiк кестесі көрсетiп отырғандай, бұл шайқас жылдан жығa ушығып, етек алып барады; жауласушы тараптар бiртiндеп өлiспей берiспейтiн eкi лагерге бөліне бастады: мұнда - буржуазия, анда - пролетариат. Бұл барлығының барлығына қарсы және буржуазияның пролетариатқа қарсы соғысы бiздi таңдандырмау керек, себебi ол жеке бәсекелестiк принципiнiң бiртiндеп жүзеге асуы болып табылады.
Фридрих Энгельс, бiрiншiден, адамдар мiне-зқұлқындағы жалпы келеңсiз әлеуметтiк ауытқулардың себептерiн емес, тек қылмыскерлiктің себептерiн
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
21
негiздедi; екiншiден, жеке мүдденiң epкін бәсекелестiктiң толық үстемдiгi, жеке меншiгi жоқ жалдан6алы еңбек адамдарының мүдделерi мен құқықтарын ешбiр елемеушiлiгi орын алып отырған жағдайдағы қылмыскерлiк заңдылығын көpceттi. Осыдан барып қоғамдық және саяси мекемелердi, қоғамның қоғамдық-әлеуметтiк қалпын өзгерту қылмыскерлiкпен күрес шараларының ең 6астысына айналады.
Әлеуметтiк-құқықтық зерттеулердiң құқық социологиясының дамуы қылмыстардың әлеуметтiк негiзiне, құқық нормаларының бұзылу себептерiне, қылмыс үшiн жаза қолданғанда оларды ескеру қажеттiгiне назар аударды, талап eттi. Қылмыстық саясат туралы iлiм пайда болды.
Қылмыстардың себептерiмен және олардың алдын алу шараларымен криминалистер айналыса 6астады. Жапония профессоры Кан Уэда өз елiндегi криминологиялық зерттеулердiң пайда болуын қалыпты, саясат пен түрме iciнe жасалған реформамен байланыстырады.
Осының бәpi қылмыскерлiк жөнiндегi арнаулы зерттеушiлердiң оның заңдылықтары мен себептерiн зерттеудiң яғи криминологияның пайда болуына әкелдi.
Римдегi кассациялық соттың прокуроры барон Р. Гарофало өзiнiң 1890 жылы жарық көрген кiтабын «Криминология» дел атаған.
22
1.3. Криминология ғылым жүйесінде
Сонымен қатар, пәнаралық зерттеулер мен пәнаралық ғылымды айыра бiлу керек. Мұндай зерттеулерге әр түрлi мамандар қатысады, ал маман-криминолог деген кім, oған не үйрету керек, оны базалық даярлау қандай болуы тиiс?
Бұл мәселелер әр түрлi шешiлдi және шешiлiп келедi. Бұған негiзi төрт көзқарас бар:
1. Криминология - қылмыскерлiк социологиясы және зерттеушiнi социологиялық даярлау базалық болуы тиiс. Осыған байланысты бiрқатар мемлекеттерде криминологияны заңгерлер емес, болашақ социологгер өтедi (АҚШ, Ұлыбритания және т.б.).
2. Криминология – заң ғылымы және мамандарды заңдық даярлау базалық болуы тиiс. Оған мынадай аргументтер келтiрiлген: қылмыстың шекарасын заң белгiлейдi, қылмыскерлiкпен оның барлық аспектiсiнде күресудi заң құқық бұзушылыктың басқа түрлерiмен және өзге де келеңсiз әлеуметтiк ауытқулармен салыстырғанда өте мұқият реттейдi.
Ресейде, Батыс Еуропаның бiрқатар мемлекеттерiнде криминологияны заң факультеттерiнде өтедi. Тиiсiнше, криминология, заң мамандықтарының бiрi ретiнде қаралады. Бұл ретте, криминолог, басқа маман-заңгерлерге қарағанда социологияны, әлеуметтiк психологияны жақсы бiлуге тиiс деген ұғым бар. Басқа сөзбен айтқанда, криминология әлеуметтiк-құкықтық ғылым деп саналады. Шындығына келгенде, юриспруденцияға, әлемге социологиялық кең көзқараста болу тән. Сондықтан да болар, болашақ заңгерлер философияны да, психологияны да, экономиканы да, статистиканы да, сот психиатриясын да, сот медицинасын да өтуге тиiс. Юриспруденция (Заңнама) жалаң зандық-догматикалық көзқарастан әлдеқашан өтiп кеттi. Әрине, заңгерлердi мамандандыру бар. Ол
заңгерлердiң философия негiзiн, психологияны, статистиканы жене т.б. бiлуiмен
шектелмейдi. Олар «криминалдық цикл» деп аталатын пәндердi жақсы игеруi тиiс (қылмыстық құқық қылмыстық процесс, сот статистикасы және т.б.).
3. Криминологиялық зерттеулер - бұл бәрiнен бұрын, адамның мiнез-құлқын зерттеу, сондықтан оны маман-психологтер, психиатрлар жүргiзуi тиiс. Бұл «клиникалық» криминология деп аталатынның өкiлдерiне тән. Бiрақ соңгы онжылдықтар практикасында мұндай көзқарас социологиялық, экономикалық, заңдық және басқа танымдар ескерiлiп жүзеге асырылатын, яғни кешендi немесе пәнаралық деп саналатын криминологиялық зерттеудiң объектiсiне айналды.
4. Криминологиялық зерттеу, бұл – пәнаралық зерттеу. «Криминология - айрықша тұтастық құрайтын әр түрлi бiлiмдер мен әдiстердiң жүйесi, сондай-ақ
қылмыскерлiктi зерттеуге бабағытталған пәнаралық ғылыми-зерттеу қызметiнiң айрықша жүйесi» деп санайды В.Б.Лершин мен А.Н.Лодрядов. Мұндай көзқараспен криминологияны «кешендi ғылым» деп те атауға болады.
Мынадай сұрақтар туындайды: құқықпен қоса социология туралы неге сөз болады? Неге экономика, саясаттану және басқа ғылымдар жайында емес? Ал социология дегенiмiз - қогам өмірінің әлеуметтiк саласының заңдылығын зерттейтiн қогамдық ғылымдардың бiрi ғана.
60 жылдары КСPO-да криминология қайта дамығаннан кейiн өмiрдiң өзi эксперимент қоя бастады. Қылмыскерлiктiң себептерiн зерттеу және олардың алдын алу шараларын дайындау жөнiндегi бүкiл одақтық институттың кадрлары философия, заң социология, психология және басқа салалардың мамандарынан жинақталды. Басқаларына қараган дща заңгерлер криминологиялық зерттеулердi тез игерiп кеттi. Алғашында қиындық көрдi, себебi олар криминологияны жоғары заң оқу орындарында оқымаған едi, тек аға буын криминологтермен қатынаста болды, кiтапханаларды пайдаланды, басқа мамандармен зерттеулерге, жарыссөзге қатысты. Отандық криминологияның қазiргi мектебiн құрған сол заңгерлер едi.
Заң бiлiмi криминологтерге, қажеттi жагдайларда, нақты құқықтық шешiм ұсынуға, адресаттардың құқықтық құзыретiн ескере отырып өз ұсыныстарының адресаттарын дәл таңдауға мумкiндiк бередi. Криминологтің тергеушi, прокурор, судья, адвокат болып жинақтаған тәжiрибесi де елеулi рөл атқарады. Бұл
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
24
Ресейде және юриспруденция шеңберiнде өзi дамыған басқа елдерде криминология криминалдық цикл ғылымдары үшiн (қылмыстық, қылмыстық-атқару иқұқығы, қылмыстық процесс, криминалистика, жедел-iздестiру қызметi, сот психологиясы және т.б.) жалпы теориялық ғылымға айналды. Криминалдық цикл ғылмдарының саны тұрақты емес.
Криминология мен бұл ғылымдардың арақатынасын мемлекет және құқықтық теориясы мен басқа заң пәндерiнiң арақатынасымен салыстыруға болады.
Криминология жөнiндегi оқулықтар мен оқу орындарында Криминологияның прокурорлық қадағалаумен, азаматтық құқықтық және процеспен, басқа дақұқықтық мамандықтарымен, сондай-ақ өге де қоғамдык, ғылымдармен философиямен, политологиямен, социологиямен, экономикамен, демографиямен,.әлеуметтiк және жалпы психологиямен, статистикамен тығыз байланыста екендiгi жайында айтылrан.
Криминологияда сөзсiз практикалық сипат бар екендiгiн көрсетуге болады: оның ұсыныстары негiзiнде қылмыскерлiкпен күрестің бағдрламасы жасалады, заңнамалар өзгередi, қоғамдық қатынастар жетiлдiрiледi, қылмыстардың себептерi, қылмыскердiң жеке басы туралы мәлiметтер көрінic табатын қылмыстық-iс жүргiзу құжаттары, прокурорлық қадағалау актiлерi жасалады және т.б. Тергеушi, прокурор, судья, жедел-iздестiру, контрбарлау, барлау қызметін жүзеге асырушы адамдар, адвокат қылмыстың себептерi мен жағдайларын дұрыс талдай алуға, қылымыскердiң жеке басын дұрыс бағалай бiлуге, ол себептер мен жағдайларға шара қолдануға мiндеттi. Заң консультанттары мен нотариустар криминалдық мәмiлеге жол бермеуi керек.
Сонымен қатар, белгiлi бiр әлеуметтiк құбылыстың заңдылықтарын зерттейтiн криминология адам және қоғам туралы ғылыми ұсыныстар жасауға үлесiн қосады.
Қазакстанда криминологиялық зерттеулермен ғылыми мекемелер мен жоғары заң оқу орындарының қызметкерлерi айналысады.
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
25
1991 жылы криминологтер Криминологиялық қауымдастық құрды, бұл - заңды тұлға болып табылатын epiктi, өзiн-өзi басқаратын қоғамдық бiрлестiк. Оның жұмысының негiзгi нысандары: семинарлар мен конференциялар өткiзу, арнайы әдебиет шыrғpy, криминологиялық сараптама жургiзу, заң жобаларын жасауға қатысу, зерттеулер ұйымдастыру, тиісті мамандармен халықаралық байланыстар орнату.
1.4. Методология және әдiстеме ұғымы
Methodos грекше сөзбе-сөз алғанда «бiрдемеге жол», зерттеу дегендi бiлдiредi. Fылыми айналымда «методология», «әдiстеме», «әдiс» және бiрқатар сөздер пайдаланылады. «Әдiс» дегенiмiз амал, зерттеу тәсiлi. Әдiстеме - зерттеу әдiстерiнiң жиынтығы. Методология - бiрдеменi ғылыми зерттеудiң жолдары, әдicтерi туралы iлiм.
Кез келген басқа зерттеулер сияқты криминологиялық зерттеулердiң методологиясы зерттеу заты мен объектiсiне, зерттеушi алдыга койған мақсатқа байланысты. Адамды зерттеу әдiстемесi әлi табиғатты зерттеу әдiстемесiмен бiрдей бола алмайды, коғам мен адамды зерттеу әдiстемелерi де басқа.
Криминологиялық зерттеулер қылмыскерлiктi тудыратын курделi коғамдық процестердi де, қылмысты жасайтын адамдардың мiнез-құлқын да қозғайды. Криминологияның қылмыстық антропологиялық бағытының өкiлдерi антропологиялық медициналық зерттеулер жүргiздi. Сонымен қатар, «қиын жағдай криминологиясы» («критическая криминология») деп аталатынды жакқтаушылар коғамдық қатынастарға социологиялық, политологиялық, экономикалық және басқадай талдау жасап, қылмыскердi тудыратын қоғам сипаттамасын ғана талдаса, сол жеткiлiктi дегендi айтады. Бұл ретте олар қылмыскерлiктiң өзiне, қылмыскерлердi cpттeyгe назар аудару керек деп санамайды. Бұл қылмыскерлiктi және оның себептерiн толық зерттеуге кедергi келтiретiн өзара алшақ пiкiрлер.
Жалпы криминологиялык таным диалектикалық - материалистiк iлiмдi пайдалануға негiзделедi.
Бipiншiден, кылмыскерлiк әлеуметтiк құбылыс ретiнде қаралады, және тиiсiнше, оны зерттегенде әлеуметтiк ғылымдардың, оның iшiнде социологияның әлеуметтiк психологияның әдicтерi пайдаланылады. Әр түрлi әлеуметтiк құбылыстармен, процестермен, институттармен қатар адам да зерттеледi, бiрақ ол биологиялық тұрғыдан емес қоғам мүшесi, қоғамдык дамудың жемiсi peтiндe зерттеледi. Криминологтердiң қылмыскердiң жеке басы туралы айтып жүргенi кездейсоқтық емес.
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
27
Екiншiден, қылмыскерлiк басқа құбылыстармен және процестермен өзара әрекеттестiкте, өзара байланыста талданады. Ол әрқашанда қоғамдық қатынастар тұрғысынан қаралады. Қылмыскерлiк - қоғаммен қатар тұрған бiрдеме емес, ол сол қоғамда бар, оның дәстүрлi жақтарын: саяси, экономикалық әлеуметтiк, рухани салаларын түйреп eтeтiн құбылыс.
Үшіншіден, криминологиялық маңыздылыққа ие құбылыстар (қылмыстар, қылмыскерлiк, олардың детерминациясы, себептерi және т.б.) олардың қозғалысы мен өзгерiсiнде, өткендi, осы кездi зерттеу және болашақты болжау арқылы зерттеледi.
Төртiншiден, криминологиялық маңыздылыққа ие құбылыстардың дамуы сандық, өзгерiстер жинак,тала, дами келе сапага ememiн, қылмыскерлiктiң, жан,а күйiн тудыратын процесс ретiнде қаралады. Бұл қылмыскерлiкпен күpecтi жетiлдiру үшiн маңызды болып табылады.
Бесiншiден, зерттелетiн криминалдық құбылыстардың iшкi қайшылықтары, әр түрлi жақтары да, криминалдық және басқа да әлеуметтiк құбылыстар арасындағы сыртқы қайшылыктар да ескерiледi. Сонымен қатар, iшкi және сыртк,ы қайшлык,тардын, өзара әpeкemmecтігі де назарға алынады. Қайшылықтар күpeci ғанa тиiстi құбылыстардың даму кезi болып табылады. Қылмыскерлiкпен күрес, қылмыскерлiктің алдын алу дегенiмiз - бiр жағынан келенсiз жақтардан арылу және оң жақтарға сүйену, оларды дамыту және мадақтау.
Қылмыскерлік – қоғaм жемiсi, бiрақ оған қоғам дертiнен туындай салған, көзге бадырайтып көрiнiп тұpғaн нәрсе деп қарауғa болмайды. Қоғам өзгергенде қылмыскерлiк oнымен бiрге, тез өзгере салмайды. Онда еөзiндiк ерекше сипаттама бар, сондықтан оған өзiнше қарау керек. Қылмыскерлiктi сыртқы жағдайлардың өзгергенiне қарай бipден өзгере салмайтын, туракталып қалған «бедермен» салыстыруға болады. Адамдар қатып қалған саз батпақтың бетiнен ежелгi өсiмдiк iздерiн табады. Қылмыскерлiктi талдағанда қоғамдық
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
28
қатынастардың бүгiнгi сипатамасын ғaнa емес, адамдар санасында, олардың дәстурiнде, iс-әрекетiнде сақталып қалған өткенін де көруге болады. Тiптен, қылмыскерлiктiң өзi де қоғамғa ықпал етедi.
1.5.Танымның жалпы ғылыми әдicтерiн криминологияда қолдану
Криминологиялық зерттеуде танымның мынадай жалпы ғылыми әдістері пайдаланылады.
абстрактiден нақтығa көтерiлу;
жорамал;
жүйелiк-құрылымдық талдама (жүйелiк амал);
тарихи әдic;
салыстыру;
динамикалық және статистикалық әдiстер.
1.Абстрактіден нақтыға көтерілу. Танымның бұл әдiсi зерттеушiнiң теориялық даярлығының белгiлi бiр деңгейде болуын, жорамал жасауды, теориялық ұғымдар мен түсiнiктердi пайдалануды, абстрактiлi ойлауды керек етедi.
Бұл ретте eкi маңызды кезеңдi ескеру керек:
- бұрындары жасалғандармен танысу керек. Қылмыскерлiк туралы үйреншiктi түciніктepгe ғанa сүйенген, бiрақ криминология теориясын игермеген, бұрынғылар алған ғылыми мәлiметтермен таныспаған зерттеушiлер ғылыми негізделген ережелер бере алмайды;
- «Қылмыскерлiк» құбылысының және оны туындататын процестердiң жете танылмағандығы туралы, ол құбылыстың ұдайы өзгерiп тұратындығы туралы ой естен шықпау керек. Сондықтан да зерттеу процесiнде криминолог «ашық жүйе» болуы тиiс және ол жаңа мәлiметтердi бұрыннан бар теориялық ұғымдар мен схемаларға «сыйдыруға» барлық күшiн салып тырыспауы керек.
2 Жорамал. Ал iздестiру бағытын көрсетедi, зерттеушi назарын шындықтың қандай да бiр кездерiне аударады, зерттеудi бiр мақсатқа бағыттауға мумкiндiк бередi.
Жорамал, бiрiншiден, криминологияда белгiленген ғылыми негiзделген ережелермен үйлесiмде болуы тиiс, екiншiден, тиiстi болжамның дәлелдi болу мүмкiндiгiмен сипатталуы керек.
Болжамның бәрi бiрдей жорамал бола бермейдi. Өзiн тексеруге тұрарлықтай болжамды жорамал деп айтуға болады. Жорамалды ұсыну, оны қалыптастыру
бұрыннан бар теориялық және эмпириялық мәлiметтерге баға берудi, оларды зерттеу пәнiмен, объектісімен және мақсатымен салыстыруды қажет етедi. Бұл жұмыс зерттеу бағдарламасын даярлау процесiнде жүргiзiледi.
3 Жүйелік амал. Бұл әдiс саны белгiлi өзара байланысты элементтердi қамтитын белгiлi бiр құрылымы бар белгiлi бiр күрделi ұйымдасқан жүйе ретiнде зерттелетiн объектiнi (бiздiң жағдайда қылмыскерлiк пен қоғам) қарауды көздейдi. Қылмыскерлiк дегенiмiз көптеген жай қылмыстарға ғaнa емес, олардың жүйесi, ол жайында келесi тарауда толығырақ айтылады. Өте жалпы түрде жүйенi қандай да бip тұтастық құрайтын өзара байланысты элементтердiң кешенi деп ұғыну қалыптасқан.
Криминологияда жүйелiк - құрылымдық әдiстi қолданудың eкі аспектiсiнiң өзара байланысында маңыздылық бар. Бiрiншiден, қылмыскерлiктi көптеген өзара байланысты қылмыстар мен оларды жасағaн адамдардың жиынтығы және олардың арасындағы өзара әpeкeтecтікті табу деп қарастыру. Бұл ретте қылмыскерлiктiң құрылымы, әр түрлi элементтердiң сипаттамасы, олардың өзара әрекеттестiгi талданады. Екiншiден, қылмыскерлiк неғұрлым ортақ жүйенің - қоғамның шеңберiнде зерттеледi. Қылмыскерлiктiң қоғамның әр түрлiсипаттамаларымен сыртқы байланыстары ашылады, оның iшiндегi бастылары, яғни қылмыскерлiктi тудыратын ссбептiк байланыстар бөлiнiп алынады.
Жүйелiк-құрылымдық талдау процесiнде, әдетте, математикалық әдiстер кең пайдаланылады. Криминологияда оларды пайдалану онша дамыған жоқ. Математикалық модельдеу әдiстерi шектеулi қолданылады. Сонымен қатар, корреляциялық, кластерлiк талдаулар жүргiзу және электрондық-есептегiш маашиналар пайдаланып басқа да математикалық әдiстердi қолдану практикасы кең таралған.
4 Тарихи әдіс. Ал қылмыскерлiктi тарихи тұрғыдан, қозғалыста зерттеудi қамтамасыз етедi. Қылмыскерлiкке талдау жасағанна, әдетте, қылмыскерлiктiң сипаттамасы мен үрдiсiн, сондай-ақ оның өзге құбылыстармен байланысын ашуғa мүмкiндiк беретiндей ұзақ кезең алынады.
Бұл тарауда криминология пәнінің түсінігі, мазмұны және криминология ғылым ретінде қалыптасуы, дамуы қарастырылған. Криминология ғылымның методологиясы мен және криминологиялық тан
14 12 2014
3 стр.
Бұл тарауда қылмыскерлікпен күрес ұғымы, аспектілері, алдын-алу шаралары қаралып, қылмыскерліктің жекелеген түрлеріне криминологиялық сипаттама берілген
17 12 2014
1 стр.
Специальность 12. 00. 08 «Уголовное право и криминология; уголовно-исполнительное право»
08 10 2014
1 стр.
Бұл тарауда қылмыс пен қылмыстық әрекет, қылмыскерлікті зерделеу қаралып, жалпы Қазақстандағы қылмыскерліктің жалпы сипаттамасы жан-жақты ашып көрсетілген
25 12 2014
1 стр.
Криминологические и уголовно-правовые проблемы защиты прав и интересов женщин в россии
25 12 2014
1 стр.