Перейти на главную страницу
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН
Оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор, профессор
________________Ғ.З.Әділғазинов
«_____»_________________2005ж.
Игібаева А.К., Завалко Н.А., Мышко Н.С., Әубакірова Л.Р.,
Тоқтарова Г.Т., Құсаинова М.К., Игісінова Н.Б., Суханова Н.И.
ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Әдістемелік нұсқау
Өскемен, 2005
УДК 371.134
Игібаева А.К. Үздіксіз кәсіби дайындық жүйесінде педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру: Әдістемелік нұсқау / Игібаева А.К., Завалко Н.А., Мышко Н.С., Әубакірова Л.Р., Тоқтарова Г.Т., Құсаинова М.К., Игісінова Н.Б., Суханова Н.И. . – Өскемен, 2005. – 54б.
Қолжазба педагогика кафедрасының отырысында талқыланды
Хаттама №____ «_____»______________2005г.
Кафедра меңгерушісі,
п.ғ.к., доцент А.К.Игібаева
Қолжазба педагогика және психология институтының әдістемелік кенесінде мақұлданды
Хаттама №____ «_____»________________2005г.
Педагогика және психология
институтының әдістемелік кенесінің
төрағасы, пс.ғ.к И.К.Мацкевич
Нормабақылаушы Ж.Т.Бопурова
Қолжазба баспаға ұсынылады
Хаттама №_____ «_____»________________2005г.
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ |
3 |
Үздіксіз педагогикалық практика |
4 |
Магистратура – студенттерінің педагогикалық практикасы |
19 |
Әдістемелік қамтылуы |
26 |
Негізгі ұғымдар сөздігі |
31 |
Әдебиеттер тізімі |
33 |
ҚОСЫМШАЛАР |
35 |
Университеттегі педагогикалық іс-тәжірибе болашақ кәсіби қызметке студенттерді дайындаудағы бірінші бақылау. Ол білім беру үрдісінің бір бөлігі болып табылады және студенттерді кәсіби мұғалім қызметінің алғашқы тәжірибесімен қаруландырады.
Педагогика кафедрасы педагогикалық практиканы жетілдіру бойынша бірнеше қайтара нұсқаулар жасады: «Студент-практиканттарға көмекші әдістемелік-нұсқау материалдары», авторлары Ғ.З.Әділғазінов, Н.А.Завалко, Л.М.Козлова, М.Қ.Кұсаинова, Қ.М.Мұқашева/ Под обш.ред. Васильченко П.Л.; «ЖОО оқытушыларына студенттердің педагогикалық практиканың жетекшілеріне көмекші әдістемелік-нұсқау материалдары». Құрастырушы-авторлары: Мышко Н.С., Л.Х.Какиева, Л.И.Еремеева, К.М.Мукашева, Н.А.Завалко/ Под общей ред.Васильченко П.Л. – Усть-Каменогорск.-1997.
Берілген әдістемелік құрал Қазсқстан Республикасының білім жүйесін реформалаудың жаңа тенденцияларын ескере отырып жасалған. Бакалавриат және магистратурада практиканың әр түрлі түрлерінің жүйелік приницптері мен сабақтастығы негізінде мұғалімді дайындауға қазіргі психологиялық және педагогикалық тұрғыдан келу.
Әдістемелік құрал жоғарыда көрсетілген әдебиеттерге және оқу-әдістемелік құралға сілтеме жасалынып дайындалған: Пашкевич Г.Н., Сысоева М.Е. Педагогическая практика. – М., 1999.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де болашақ мұғалімдерді дайындауда төмендегі практиканың түрі жүргізіледі: үзіліссіз педагогикалық практика, бакалавриатты бітіру алдындағы және бітіру курсындағы педагогикалық практика, магистратура студенттерінің педагогикалық (педагогикалық қызметті тану, 1- курста (БОТжӘ) – тәрбие жұмысының технологиясы, мектептегі тәрбие жұмыстарымен танысу практикасы (1 курс ин.язык), оқу практикасы (1 курс) музыка бөліміндегі практикалар).
- студенттерді сынып жетекшісінің жоғарғы оқу орны және колледж оқытушыларының, мұғалімінің функциясын, тұтас орындауға дайындау: оқытушылық, тәрбиелік, қоғамдық – педагогикалық басқару-ұйымдастырушылық;
- педагогикалық қызметке жүйелілік тұрғыдан қалыптастыру;
- кәсіби шеберлік компоненттерін игеру;
- университеттің білім беру стандарты және маманның біліктілік мінездемесінің талаптарына сай, негізгі кәсіби педагогикалық іскерлік, тәжірибені бекіту және қалыптастыру.
Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері:
Студенттердің педагогикалық практикасының міндеттеріне мыналар кіреді:
а) университеттерде студенттердің алған теориялық білімдерін бекітіп, тереңдету, осы білімдерді оқушылармен оқу-тәрбие жұмыстарындағы іс-тәжірибеде пайдалануды үйрету;
б) балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысына талдау және байқау жасау іскерлігімен студенттерді қаруландыру;
в) балалар мен жасөспірімдердің физиологиясы, педагогикасы және психологиясы білімдеріне сүйене отырып, студенттерді олардың жас және дара ерекшелектерін есепке алып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуді үйрету;
г) оқушылардың танымдық қызметін белсендіретін, әр түрлі әдістерді пайдаланып, әр түрлі типтегі сабақтарды жүргізуге студенттерді дайындау;
д) студенттердің сынып жетекшісі функциясын атқаруға оқушылар ұжымы мен жұмыс істеуге, оқушылармен дара тәрбие жұмыстарын жүргізуге үйрету;
е) студенттерді мұғалім мамандығына деген сүйіспеншіліктерін дамыту, арнайы және педагогикалық пәндерді оқытуға ұмтылысын ынталандыру, тәрбие және оқыту міндеттерін шығармашылықпен шешуге дайындау мақсатында өзінің педагогикалық қабілетін жетілдіру;
ж) оқушылардың денсаулығын сақтауға деген қатынас іскерлігіне студенттерді дағдыландыру
Студенттердің 1 курста шешілетін міндеттері
- тәрбиелік шаралар, сыныптан тыс сабақтар және жеке сабақтарға қатысу;
- оқу тәрбие үрдісін бақылау іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру және оның нәтижесін талдау;
- сабақты өткізу әдістерін, тәсілдерін және құралдарын студенттердің меңгеруі, сондай-ақ төменгі сынып оқушыларының танымдық қызметін басқару іскерлігін игеру;
- жеке әдістемелермен психологиялық-педагогикалық пәндерді зерттеудегі алынған білімдерін іс-тәжірибелі студенттердің шығармашықпен үйренуі.
Студенттердің бітіру алдындағы практикасында шешілетін міндеттері:
- оқушыларды зерттеу, мінездеме құру, олардың тәрбиелік деңгейін диагностикалау;
- өздік педагогикалық міндеттерді құрастыру;
- оқушылармен тәрбиелік қызметті жоспарлау;
- кейбір оқушылардың ата-аналарымен дара әңгіме жүргізу;
- оқушылардың дамытушылық қызметінің әр түрлі түрлерін өз бетінше дайындау.
- Сыныптағы тәрбие жұмыстары және сабақты жоспарлау, бақылау және оған талдау жасау.
- Сабақ және сыныптан тыс сабақтардың конспектісін жасау.
- Әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу, шығармашылық пен материалды таңдау, сабақ және тәрбие сағаттарына көрнекі құралдарды дайындау.
- Оқушылардың дене және психикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ және сыныптан тыс сабақтарды өткізу үшін ең тиімді әдіс, тәсіл, құралдарын таңдау.
- Оқушылар ұжымына және жеке тұлғаға диагностика жүргізу.
- Өзінің қызметінің нәтижесінде өзіндік талдау және өзіндік баға беруді жүзеге асыру, сондай-ақ басқа практикантардың сабағы мен сыныптан тыс сабақтарына талдау жасау.
- Балалар ұжымына қойылған міндеттерді орындауды ұйымдастыру (уақытша инициативті топтар (УИТ) құру, жұмыстың бірізділігін айқындау, тиімді тәсілдер мен әдістерді таңдауға көмектесу, бақылауды ұйымдастыру және жұмыстың қорытындысын шығару).
- Сынып оқушылар ұжымын және оқушылардың жеке басын зерттеу.
- Оқушылар мен тәжірибе жұмысының жаңа түрін жүргізу (ұжымдық және дара).
Педагогикалық практиканың жетекшілерінің міндеттері
- пәндерді оқыту әдістемесі бойынша семинар жүргізуді ұйымдастырады;
- практиканың басында және соңында оқу-тәрбие мекемелеріндегі (директорлары) мүдірдің қатысуымен болатын жиналысына қатысады, педагогикалық практика бойынша орнықтыру және қорытынды конференцияларды өткізеді;
- мектеп мүдірі немесе оның орынбасарларымен, әдіскерлермен, педагогика кафедрасының өкілдерімен бірлесе студенттерді сыныптарға бөледі, студенттердің жеке жұмыс жоспарларын бекітеді, олардың орындалуын бақылайды;
- практикаға қатысы бар, барлық кафедралардың өкілдерімен сондай-ақ сынып жетекшілері мен мұғалімдермен бірлесе отырып, практикаға саралап баға қойылады және студенттердің жұмысы жөніндегі есеп беру құжаттары тексеріледі;
- практикада болған мұғалімдермен әдістемелік- жұмыстары жүргізеді;
- студенттердің педагогикалық практикасы жөнінде есеп жасалынады.
Тәрбие жұмысы бойынша жетекші (педагогика кафедрасы)
- мектептегі тәрбие жұмысының өзекті сұрақтары бойынша практиканың алдында семинарлар өткізуді ұйымдастырады;
- пән жетекшілерімен бірлесе орнықтыру және қорытынды конференцияны өткізеді және практика бойынша көрме ұйымдастырады;
- мектептегі студенттердің сыныптан тыс жұмыстарына жетекшілік үшін әдіскерлерді шақырады (тәжірибелі сынып жетекшілерін немесе сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушы).
- әдіскерлер педагогикалық практиканың міндеттері, мақсаттары және мазмұнымен таныстырып, нұсқаулар береді;
- тәрбие жұмысы жөніндегі кафедраның әдіскерлері тәрбие шараларына қатысып, оларды талдап, көмек көрсетеді;
- студенттердің сыныптан тыс жұмыстарын тексереді, мектепке жүйелі барып тұрады, практиканы ұйымдастарудағы кемшіліктерді болдырмау шараларын қарастырады;
- практиканың басы және соңында оқу-тәрбие жұмысының әдіскерлерімен бірге оқу-тәрбие мекемелеріндегі мүдірдің қатысуымен өтетін мәжіліске қатысу;
- практикаға қатысы бар кафедра өкілдерімен бірлесе отырып, әр студенттің жұмысын бағалайды да практика бойынша жалпы баға қойылады.
Пән мұғалімдерінің, студенттердің, кафедра әдіскерлердің есеп беру құжаттарын есепке алып, проблема барысындағы тәрбие жұмысы жөнінде есеп жасалынып және қорытынды конференция өтілгеннен кейін 3 күнде педагогика кафедрасына тапсырылады.
Есеп беру құрылымы тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскердің есеп беру сызбасына сәйкес келеді.
- мектеп мұғалімдерімен бірге пән бойынша сыныптан тыс шараларды және сабақтардың тақырыбын бөледі;
- практиканттардың сабақтарға қатысуын ұйымдастырады және оған талдау жасалынады;
- пән бойынша оқу сабақтарының және сыныптас тыс сабақтардың әртүрлі типтерін студенттердің дайындап және өткізуін қамтамасыфз етеді, талдайды және оны бағалайды.
- практиканттармен жұмыс жүргізу де мектеп мұғалімдеріне ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;
- студенттердің есеп беру құжаттарын тексереді;
- пән бойынша студенттердің қорытынды бағасын қояды;
- педагогикалық іс-тәжірибе жөнінде есеп беріледі және оны педагогикалық іс-тәжірибені аяқтағаннан кейін топ жетекшісіне тапсырады.
- сынып жетекшісімен бірге практиканттар оқушылармен тәрбие жұмысын жоспарлайды;
- оқушылармен тәрбие жұмысын студенттердің жүргізуін қамтамасыз етеді;
- сыныппен тәрбие жұмысының жоспарын құруда студенттерге нұсқаулар береді;
- тәрбие шараларының (конспектісі) мәтіні мен жоспарын тексереді;
- тәрбие жұмысы жөніндегі шараларға қатысады және оған талдау жасайды;
- оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеуде студенттерге көмек көрсетеді;
- тәрбие жұмысы бойынша студенттердің құжаттарын жинап талдайды;
- әдіскерлердің кеңесі жұмысына қатыса алады, әр студенттің іс-тәжірибесіне саралап бағасын қояды;
- Берілген студенттердің тәрбие жұмысы жөнінде есеп береді және оны тәрбие жұмысының факультет жетекшісіне тапсырады;
- педагогикалық іс-тәжірибесінің орнықтыру және қорытынды конференциясына қатысады;
- студенттердің сабақтарына және сыныптан тыс шараларына және оны талдауға қатысады;
- психология бойынша тапсырмаларды орындауды және студенттерді ұжым мен тұлғаны зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді;
- топ жетекшісі, пән бойынша әдіскерлер және сынып тәрбие жұмысының әдіскерлерімен, және мектептің қызметкерлерімен бірлесе практиканттардың жұмысын бағалайды.
«Мектептегі баланың алғашқы күні»
Мамандығы БОТжӘ (ПиМНО) 3 курс.
Мақсаты: қырқүйектің бірінші аптасында бірінші сыныптармен бастауыш мектептің сынып жетекшілерінің жұмыс ерекшеліктерін айқындау.
Міндеттері:
- бірінші сыныптармен жұмыстағы бастауыш мектептің мұғалімінің іс-әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу;
- мұғалім- оқушы қатынасын қалыптастырудағы нақты педагогикалық үрдісті бақылау;
- мектепке балалардың дайындық деңгейін анықтау бойынша диагностикалық жұмыстағы зерттеушілік дағдыларды игеру;
- мұғаліммен, балалармен, ата-аналармен, әкімшілікпен байланысты орнатуда коммуникативті дағдыларды игеру.
Мазмұны:
1) Мектепке балаларды қабылдау тәртібімен бірінші сыныптарды жинақтау принциптерімен, оқушылардың жеке басы құжаттарын рәсімдеумен танысу.
2) Бірінші ата-аналар жиналысына қатысу ( мазмұнымен, оны өткізу әдістемесімен танысу).
3) Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, сабаққа талдау (нәтижесі бақылау күнделігіне жазылады).
Балалармен танысуға ерекше назар аудару, олардың сыныпқа орналасуы, мектеп ішіндегі саяхат, оқу жұмысы дағдысын қалыптастыру, зейінді ұйымдастыру тәсілдерімен, ойлау қызметін белсендіру.
4) Мектепте оқытуға балаларды дайындау деңгейін зерттеу жұмыстарына қатысу. Мектепке балалардың дайындық деңгейі жөнінде қорытынды жасаңыз.
Сынып ерекшеліктерін зерттеу (жас құрамы, мектеп алды дайындық сипаты, денсаулығы және т.б.).
5) Оқушылармен, ата-аналармен, психологтармен мұғалімнің өзара іс-әрекет жасау ерекшеліктерін зерттеу (мұғаліммен сухбаттасу).
6) 1 сныптағы мұғалім құжаттарын зерттеу және талдау:
- сынып журналы;
- оқушылардың жеке басы құжаттары;
- оқушылардың карточкалары;
- жоспарлары (сабақ, тәрбие жұмыстарының).
Студенттердің есеп беру құжаттары:
Күнделік, есепте көрсетіледі
Студенттердің 1 курстағы үзіліссіз педагогикалық практикасы, әртүрлі типтегі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және жүргізуде студенттердің кәсіби іскерлігімен біліктілік игеру мақсатында тәрбиелік шараларға сыныптан тыс сабақтарына, сабақтарға қатысуды қарастырады.
Сын сабақтарға қатысу, оны талдау, тәрбиелік шаралар мен тәжірибелі мұғалімдердің жұмыстарымен танысу студент-практиканттарға мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жөніндегі теориялық жағдайды нақты түсінуге және ойлауға мүмкіндік береді.
Үзіліссіз педагогикалық іс-тәжерибе барысында 1 курс студенттері төмендегі іскерліктерді меңгеруі тиіс:
- сабақ, сыныптан тыс сабақтар және тәрбие шараларын жоспарлайды, сабақтың ( конспектісі) мәтінін, шаралар бағдарламасын жасайды;
- әдістемелік әдебиеттермен, оқу бағдарламаларымен жұмыс істеу, сабаққа ТҚО (ТСО) мен көрнекі құралдарды, материалды іріктеу;
- оқушылардың физикалық және психикалық дамуын ескеріп, мұғалімнің тиімді жұмыс түрлері мен әдістерін таңдауын бақылау;
- оқушылардың даму деңгейіне диагностика жүргізу;
- жеке қызметінің нәтижесіне өзіндік талдау және өзіндік баға беруді іске асыру.
Мектепте үзіліссіз педагогикалық іс-тәжірибені өтуде студенттер келесі қызмет түрін орындайды:
- мұғалім, тәрбиеші жұмыстарымен, сыныптағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырумен танысады (мұғалімнің сабақ жоспары мен күнделікті жоспары, күнтізбе жоспары, техникалық құралдар мен көрнекі құралдар, мектеп, сыныптың әдістемелік қорын зерттейді);
- пән бойынша сыныптан тыс сабақтар, тәрбиелік шараларды өткізуге көмектеседі;
- сабақ, сыныптан тыс сабақтар және тәрбиелік шараларға қатысады және оған талдау жасайды.
Мұғалім-әдіскерлер, педагогика және психология кафедрасының оқытушылары сабақты талдағанда, студенттерге үлгі ретінде сабақтың, сыныптан тыс және тәрбие шараларын талдау үлгілерін көрсетуі қажет.
Алдын-ала келісім жасаған мектептерге университеттің бұйрығымен студенттер тобы жіберіледі, әр мамандықтар үшін базалық мектептер бар. Осы бұйрықпен нақты мамандықтар бойынша практикаға жауапты адамдарды, оқу және тәрбие жұмысы бойынша психологтарды бекітеді.
Тапсырманың мазмұны және көлемі 36 сағат жұмыс аптасына есептелген. Студенттер мектепте 6 сағат бойы күнделікті жұмыс істейді, оқу тапсырмаларын орындайды, сынып жетекшілерінің міндетті қызметін атқарады. Студенттер бірінші аптада өзінің сыныбының барлық сабағына қатысады, мектепте нені игеруге болады, оқушылардың жаңа адамдарға қалай үйренетінін біледі. Барлық студенттер мектепке, өзінің сыныбына бірінші сабақтың басталуына 15 минут қалғанда келеді және жұмысты 6-8 сағатта бітіреді.
Барлық күндер барысында студенттермен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері жұмыс істейді. Олар кеңес, нұсқау жүргізеді. Мектеп мұғалімдері және балалармен жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі.
Педагогика кафедрасының әдіскерлері мектепте әдістемелік күнін белгілейді. Осы күн барысында, студенттердің жүргізген шараларына қатысып, талдау жасайды, ақыл-кеңес береді.
Педагогикалық практика негізінде студенттер қызметінің бағдарламасы
Дайындық кезеңі:
- практикаға шығар алдындағы оқушылардың кеңесі және тренингтер;
- педагогикалық практиканың жағдайымен және орнымен танысу (оқушылармен, педагогтармен кездесу);
- практиканттар жеке бағдарламаларын дайындау.
- оқушылар ұжымына диагностика және педагогикалық практика барысында жұмыс жоспарын жасау;
- диагностикалық карталар көрсеткіштері негізінде қызметті жоспарлау;
- инварианттық модель бойынша жасалынған педагогикалық сценарилер жасау негізінде ұжымда қызметті ұйымдастыру, оларды өткізу;
- міндетті ұжымдық шығармашылық істердің кешенін (даму қажеттілігін ескере отырып, оқушылардың ынтасы, мектептің жоспарлар болжамы, сынып жетекшілері) орындау;
- өзіндік қызметінің нәтижесіне талдау жасау;
Студент – практиканттардың қызметі
Бітіру алдындағы практиканың ерекшелігі:
Студент-практикант жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша өзінің педагогикалық қызметін жетілдіреді, сондай-ақ:
- оқушылардың жасын және қызығушылығын ескеріп, кәсіптік бағдар қызметін жүзеге асырады;
- сынып жетекшісінің жұмысына ата-аналар қатысады;
- сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу;
- «ТӘУЕКЕЛ» тобындағы балармен жұмыс істеу т.с.
Студенттер мектеппен, оның дәстүрлерімен танысады. Әр түрлі оқу бөлмелеріне барып, онда әдістемелік материалдармен танысады. Мұражайлардың, факультативтер, спорт секциялары, ұзартылған күн тобының жұмысын бақылайды. Сынып жетекшілерінің оқу пәндері және тәрбие жұмыстары бойынша сыныптан тыс қызметін зерттейді. Мектептегі орнықтыру жиналысына қатысады, мектеп әкімшілігімен, сынып жетекшілерімен, психологтармен, әлеуметтік педагогтармен, кіпатханашылармен және басқа мектептін педагогикалық қызметкерлерімен әңгімелеседі, оқу орындарында бекітілген, біріңғай талаптармен танысады.
Студенттер сынып жетекшісінің (бітіру алдыңдағы курс) көмекшісі және сынып жетекшілері (бітіру курстары) ретінде сыныптар бойынша бөлінеді. Сыныптағы тәрбие жұмысының мазмұнымен танысады. Мектептегі жоспарлардың түрін зерттейді. Оқушылармен кедеседі, сыныптың белсенділері тобымен жеке оқушылармен алғашқы әңгімені өткізеді.
Мектептің құжаттарымен танысады: сынып журналдарымен, күнделіктер, оқушылардың іс қағаздарымен, медициналық картасымен, дәптерлерімен, шығармашылық жұмыстары т.с.с. Оқушылар жөнінде мәліметтерді диагностикалық картаға толтырады. Оқушыларды зерттеу және жақсы есте сақтау мақсатында сынып жетекшілерінің тәрбие сағаттарына және мұғалімдердің түрлі сабақтарына қатысады.
Студенттер жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп мұғалімдері және сынып жетекшілері өткізген кеңестерге қатысады. Алынған мәліметтерді педагогикалық күнделіктерге жазады. Практика барысында оқу-тәрбие жұмысының жеке жоспарын құрайды.
Сонымен, мекептегі педагогикалық практиканың бірінші аптасында, студенттер алғашқы іскерлікті алады:
Оқушылармен жұмыстың мазмұнын, тәрбие әдістерін, түрлерін, құралдарын, педагогикалық міндеттерін ескере отырып, жоспар талданады. Семинарда жоспардың әртүрлі түрлері, формалары, оның құрылымы талқыланады. Жеке ұжымдық шығармашылық істердің тақырыптық жоспарына назар аударылады.
Студенттер практика кезінде белгілі жастағы оқушылармен жеке тәрбие жұмысының жоспарын құрады. Жоспарлаудың негізгі принциптері ескеріледі: ғылымилығы, тиімділігі, болашағы, нақтылығы, ақиқаттығы, сабақтастығы, басқарушылығы т.б. Жоспарлаудың көздері және олармен жұмыс істеудің кейбір түрлері зерттеледі (материалдар мен құжаттарды, сынып мінездемесін, Ресейдегі және шетелдегі ағымдағы оқиғалар, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірбиелерді талдау жасау).
Студенттер тәрбие жұмысының жоспарын құруға оқушыларды тартады, сынып жұмыс жоспарында ең жақсы ұсыныстарға конкурстар, әңгімелер өткізу. Жоспарлауда жеке тұлғаның үйлесімді дамуының барлық бағыттары ескріледі: ақыл-ой, дене, еңбек, адамгершілік, эстетикалық т.б. – жоспардың бір нұсқасы. Оқушылар қызметінің түрлері бойынша жоспарлаудың басқа нұсқасы: оқу, еңбек, спорттық, қоғамдық, көркем-шығармашылық, ойын және т.б. Үшінші нұсқасы – жетекші тәрбие міндеттері. Төртінші нұсқасы – жұмыстың болашақ (перспективті) жоспары.
Жоспарды құруда студенттер белгілі құрылымға сүйенеді: сынып мінездемесі, оқушылардың тәрбиелік деңгейі және жас ерекшеліктеріне сай, педагогикалық міндеттері, іс-әрекетті дамытушылық негізгі түрлерінің күнтізбегі, апталық сынып жетекшісінің жоспары (күнделікті шаруалары), күнделікті жазу, сынып жетекшісінің жеке шығармашылық жоспары.
Сонымен бірге, практикада және тәрбие шараларының тақырыптық жоспарлардың алгоритмі жасалады: тақырыпты қысқа, әрі дәл жазу, міндеттерді жазу, міндеттерді қою, сабақты өткізудің уақыты және орнын белгілеу, тәрбие шараларының тәртібі және дайындау жоспарын құру, өткізу түрлерін таңдау, құралдарын ойлану рәсімделуі және мазмұнын анықтауға қажетті әдебиеттер, өткізілген тәрбие шараларының нәтижесін есепке алу түрлерін таңдау.
Мұқият ойластырылған жоспарлау әдістемесі студенттерге педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы формализмді жеңуге мүмкіндік береді.
Оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Педпрактика үрдісінде студенттер оқушылар қызметінің дамытушылық технологиясын игереді. Жұмыс мазмұны мыналарға байланысты:
Игібаева А. К. Үздіксіз кәсіби дайындық жүйесінде педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру: Әдістемелік нұсқау / Игібаева А. К., Завалко Н. А., Мышко Н. С., Әубакірова Л. Р., Тоқтар
25 12 2014
5 стр.
М010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
25 12 2014
2 стр.
Мақсаты: Білім беру сапасын жоғары жетістікке жеткізу үшін орта кәсіби оқу орнындағы менеджменттің ұйымдастыру принциптерін, функцияларын, жағдайларын зерттеу, ғылыми негіздеу
25 12 2014
6 стр.
Оқу-әдістемелік кешен тарих мамандығы студенттеріне арналған /Құрастырған- кучерова Сауле Алимовна, Өскемен, ШҚМУ,2005. 34-бет
14 12 2014
4 стр.
«Химия» мамандығы студенттеріне арналған «Бейорганикалық химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. /Тантыбаева Б. С., Касымова г-х. Б. Өскемен: ШҚму баспасы, 2005
14 12 2014
5 стр.
С. Торайғыров атындағы пму-да есептеуіш тәжірибені өту бойынша 050703- ақпараттық жүйелер мамандықтарының студенттеріне арналған
15 10 2014
1 стр.
Бұл әдістемелік нұсқау Республикалық санитариялық-эпидемиологиялық стансасында әзірленген
07 10 2014
1 стр.
С. Аманжолов атындағы ШҚму «География» мамандығының студенттеріне арналған «Химия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. / құрастырған: Байбосынова Ардақ Тоқтамысовна. Өскемен: ШҚму басп
15 12 2014
4 стр.