§1. Тақырыпқа сипаттама
Аталған тақырып бойынша кәсіптік мектептердің оқыту шеберханаларында өткізілетін сабақтарының әдістмесі баяндалуы тиіс.
Сабақтарды мынадай тақырыптарға бөлу арқылы оқуға болады:
1 сабақ. Лабораториялық-практикалық сабақтарды тиімді өткізуді жоспарлау.
2 сабақ. Лабораториялық-практикалық сабақтардың мазмұны мен әдістемесі.
3 сабақ. Оқу шеберханасында өткізілетін сабақтардың құрылымы.
4 сабақ. Нұсқау-технологиялық және бақылау картасын жобалау.
Сабақтардың мазмұнды болуы үшін мынадай көрнекіліктерді пайдалануға болады:
1. Әдістемелік плакаттар.
2. Натуралды объектілер.
3. Әдістемелік оқу құралдары.
4. Лабораториялық-практикалық сабақ жоспарлары, әдістемелік нұсқаулары.
«Курстық және дипломдық жұмыстарды жобалау» тақырыбын оқыту әдістемесі.
Қазіргі таңда болашақ педагогты жан–жақты кәсіби шеберлікпен дайындау мәселесі бүгінгі күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелердің бірі. Педагогтың кәсіби шеберлігінің бір саласы оның шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуында, күделікті педагогикалық жағдайларды талдап шеше білу және өскелең ұрпақты оқу мен тәрбие құралдарын, жолдарын анықтап білуінде.
Бұл іскерлікті жүзеге асыру үшін студенттер колледж және институт, университет қабырғаларында жүргенде курстық жұмыстар, соңғы курстарда дипломдық жұмыстар орындайды.
Курстық жұмыс және оның мақсаты – студенттердің логикалық ойлау шығармашылық қабілеттерінің оқу тәрбие процесіндегі дағдысын, ғылыми – зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіншілігін практикада қолданып, қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-
студенттің немесе мұғалімнің педагогикалық ғылыми жаңалықтарды меңгеруін;
-
олардың ғылымилық, жүйелік, теориялық практикада тәжірибесімен байланыстылығы, тарихилық, дидактикалық қарама – қайшылық, сан мен сапаның бірлігі сияқты категорияларды меңгеруін;
-
студенттердің зерттеудің ғылыми әдістемесі мен тәсілдерін, оқытудың жаңа технологиясын, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алуын қамтамасыз ету.
Ғылыми жұмыстар, оның ішінде курстық және дипломдық жұмыстарды орындау туралы көптеген әдебиеттерде берілген үлгілерге, талаптарға және оның ерекшеліктерін зерттей келе, «кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша болашақ инженер – педагогтар (кәсіптік пәнді оқытушы өндірістік оқыту шебері) ұстаздардың орындайтын курстық және дипломдық жұмыстарын талдау жасай отырып, зерттеу сипатының негізіне қарай 4 топқа жіктедік:
-
теориялық – логикалық сипаттағы курстық және дипломдық жұмыс;
-
озық тәжірибелерді оқып – үйрену негізінде орындалатын курстық және дипломдық жұмыс;
-
эксперименттік сипаттағы курстық және дипломдық жұмыс;
-
тарихи логикалық сипаттағы курстық және дипломдық жұмыс;
Енді осы жоғарыда аталған курстық және дипломдық жұмыстың түрлеріне жеке – жеке тоқталып өтейік:
Теориялық – логикалық сипаттағы курстық және дипломдық жұмыстар
Берілген әдістерді трең оқу арқылы бір ғылыми мәселенің ашылу жағдайын қарастырады. Студенттер мұндай жұмыстарды орындай отырып, библиографиялық ізденіс жасай білуі керек. Әдеттегі берілген материалдарға талдау жасайды. Зерттелінетін мәселе бойынша ұсыныстар жасп, жаңа идея ұсына алады немесе бұрынғы идеяға түзету енгізеді, қорытынды жасайды. Мұндай типтегі кустық жұмыстың құрылымының үлгісін ұсынамыз:
Курстық жұмыс құрылымы.
-
Өңірбет (титулды бет)
-
Жоспары
-
Кіріспе
-
Негізгі бөлім
-
Тақырыпқа байланысты әдебиеттерге шолу
-
Әдебиеттер тізімі
Озық тәжірибені оқып үйрену негізінде орындалатын курстық және дипломдық жұмыстар.
Мұғалімдердің шығармашылық озық тәжірибесін, оған жету жолдарын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде, зерттеулерінде маңызды элемент ретінде алып қарастырады. Озық тәжірибені педагогикалық тәжірибе, озық педагогикалық тәжірибе, деп қарастыра келе озық тәжірибеге төмендегідей анықтама бердік: Озық тәжірибе – педагогикалық оқу орындарының оқу тәрбие процесіндегі жоғары сапаға ие болған нақты ісі. Студенттер озық тәжірибені оқып үйрну үшін мына жағдайларды ескеру керек:
-
тәжірибе авторы шешкен нақты педагогикалық міндет;
-
оқу ментәрбиенің нәтижелері, тиімділігі.
-
педагогикалық тәжірибедегі автордың нақты әрекеттері
-
жаңалық
-
тәжірибенің негізгі идеясы
-
шығармашылықты іске асыру шарттыры
-
тәжірибе авторының даралық сапасын мекеме және өлке жағдайларына байланыстылығы.
-
тәжірибені игеріп, меңгерудің жолдары мен құралдары.
Құрылымы:
-
Өңірбет
-
Жоспар
-
кіріспе
-
Әдебиеттерге шолу
-
Озық тәжірибені оқып үйрену әдістемесі және ұйымдастырылуы
-
Тәжірибенің нәтижесін талқылау
-
Қорытынды
-
Ұсыныстар
-
Әдебиеттер тізімі
-
Қосымша
Эксперименттік сипаттағы курстық және дипломдық жұмыстар.
Анықтау, бақылау, қалыптастыру эксперименттерін пайдалану арқылы орындалады. Анықтау эксперименті негізінде студент эксперименттік жолмен зерттелінетін педагогикалық жүйенің жағдайларын анықтайды. Құбылыстар арасындағы байланыс фактілерін табады. Қалыптастырушы эксперимент жағдайында студент нақты педагогикалықміндеттерді шешу бағыттарын, арнайы шарадарды пайдаланады. Эксперимент сипаттағы курстық жұмыстарды орындау кезінде мына жағдайларды ескеру керек:
1.Таңдаған тақырып бойынша жарық көрген жұмыстарға теориялық талдау жасау.
2. шешілмеген мәселелерді анықтау.
3. зерттеудің мақсат, міндеттерін, болжамын белгілеу.
4.эксперимент жүргізуге дайындық.
5.Зерттеу нысанасын, әдістерін таңдау.
6.эксперимент жүргізу.
7. эксперимент қорытындысын шығару.
Құрылымы:
-
Өңірбет
-
жоспары
-
кіріспе
-
негізгі бөлім
-
зерттеу нәтижесін талдау
-
қорытынды
-
ұсыныстар
-
әдебиеттер тізімі
-
қосымша
Тарихи логикалық сипаттағы орындалатын курстық және дипломдық жұмыстар
Белгілі бір кезеңдегі өскелең ұрпақтың тәрбие жұмысын қалыптастыру заңдылықтарын, нәтижелерін, мақсатын зерттеу. Мұндай тиіптегі курстық және дипломдық жұмыстарды негізінен тарих, философия факультеттерінің студенттері белгілі бір тарихи құбылыстың мән – жайын, тарихи оқиғаның шығу себептерін, педагогика тарихы, баспасөз тарихы туралы мәселелерді зерттеу барысында орындайды.
Бұл жағдайда тарихи ғылымдарда пайдаланылатын зерттеу әдістері қолданылады. Олар:
-
тарихи материалдарды тарихи теориялық тұрғыдан талдау.
-
Жүйелілік талдау
-
құрылымдық талдау
-
статистикалық талдау
Құрылымы:
-
Өңірбет
-
Кіріспе
-
Зерттелінер құбылыстың пайда болуын, дамуын іздестірудің педагогикалық шарттары
-
Жұмыстың мазмұнын, формасын, әдістерін жетілдіру
-
Қорытынды
-
Әдебиеттер тізімі
-
Қосымша
1.3. курстық және дипломдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру
Зерттеу жұмыстары, оның ішінде курстық және дипломдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру, эксперимент жүргізуге студенттерді дайындау, эксперимент жоспарын құра білу, оқушылармен зерттеу жүргізудің әдіс – тәсілдерін меңгеру, эксперимент қорытындысын өңдеу сияқты зерттеу жұмыстарының өзіндік критерийлік мәселелерін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде зерттеді (И.Д. Андреев, Ю.К.Бабанский, В.И.Журавлев, Н.А. Сорокин, Н.Е.Соколова, Ш.Таубаева, Н.Д.Хмель, С.Н.Лактионова, Н.Шаметов, И.Б.Васильев, К.Өстеміров және т.б.)
Аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, эксперименттік жұмыстар, оның жүргізілу шарты, мақсат – міндеттерін анықтау мәселелеріне тоқтала келе, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау процесінің бірнеше мәселелерді шешумен байланысты екенін анықтадық. Олар:
1.Ұйымдастыру мәселесі
2.Зерттеу мәселесі
3.Әдістемелік мәселе
4.Практикалық мәселе
Жұмысты ұйымдастыру мәселесіне тақырыпты таңдау, жоспар құру, кітапхана каталогымен жұмыс істеу, әдебиеттерді оқу, жиналған материалдарға талдау жасау әрі жіктеу, жұмыстың тақырыбын белгілеу, оларды редакциялау, иллюстрациялау, безендіру жатады.
Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Әр кезеңнен аттап өтуге болмайды. Әр кезеңнің мазмұны жұмыстың жоспарын белгілейді.
Курстық жұмысты орындау реті бірізділікті қажет етеді:
-
Зерттеу тақырыбын таңдау
-
Оның өзектілігін негіздеу
-
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау
-
Зерттеу нысанасын белгілеу
-
Нысана туралы білімдерді игерту
-
Мәселені көтеру
-
Зерттеу пәнін анықтау
-
Болжам жасау
-
Зерттеу жоспарын құру
-
Зерттеу әдістерін анықтау
-
Белгіленген жоспарды жүзеге асыру
-
Болжамды тексеру
-
Зерттелінер нысананы түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау
-
Табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу тақырыбын таңдау – ең жауапты кезең. Қазіргі кезде көптеген ғылыми салаларға байланысты тақырып саны, оның ішінде теориялық немесе практикалық қайта өңдеуде, ғылыми тұрғыдан қаншалықты жұмыстар жүргізуге болады. Осындай кең саладағы жұмысқа кіріспес бұрын кімде – кім болса да нені қалай бастауға болатынын білмейді. Сонда да болса жалпы білімнің көлемі осы тақырып таңдауға, ғылыми жұмыспен алғаш айналысатын тәжірибесі аз адамға көмегін тигізеді және тақырып таңдағанда қай тақырып өзін қызықтырады соны ескерген дұрыс және оны өзінің практикалық қызметінен іздеу қажет.
Студент, Сіз үшін:
Тақырып таңдағанда өзіңіздің мүмкіндігіңізді, қабілетіңізді, бейімділігіңізді, сол тақырып бойынша теориялық білім деңгейіңізді ескеріп отырған жөн!
Тақырыптың өзектілігін анықтау үшін тақырыптың қажеттілігі, бұрын қайда және қашан зерттелінгені, ненің әлсіз, ненің терең зерттелінгені, таңдалған тақырыптың өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеудегі қажеттілігін ашып көрсету.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау. Зерттеу жұмысының негізгі тақырыбына қарай оның мақсаты анықталады. Мақсат тақырыптың мазмұнын ашып көрсететіндей болуы керек, ал міндеттер сол мақсатқа жету жолындағы бірнеше кезеңдерден өту жолын көрсетеді. Міндеттер әдетте 3-4 немесе 5-6 пункттен тұрады.
Зерттеу объектісі – педагогикалық құбылыс шеңберіндегі зерттелетін мәселе. Бұл жерде негізгі сұрақ
«кім?» және
«не?» зерттелінетіні турлы болуы керек. Зерттеу нысанасының қызметі зерттелінетін құбылыс шеңберінде болады.
Құбылыстың немесе әрекеттің неге бағытталатынын анықтау үшін эксперимент нәнін анықтау керек. Эксперимент аспектісі негізінде жаңа теория, жаңа білім алынады.
Зерттеу пәні зерттелінер құбылысты немесе әрекетті білдіреді. Зерттеу пәні, оны анықтау мәселелері, эксперимент жүргізу, мәселені анықтаумен тікелей байланысты. Жоғарыда аталып келтірілген ғалымдардың зерттеулеріне сүйене келе зерттеу пәнін анықтауда зерттеушіге, яғни студентке немесе мұғалімге жауапты іс жүктеледі.
Мәселені көтеру. Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау барысында бір немесе бірнеше мәселе болуы мүмкін. Негізгі мәселені көтеріп, жан – жақты ашып беру зерттеу жұмысының құндылығы болып табылады.
Болжам жасау (гипотеза). Зерттеу пәніі алдын –ала белгілеп, «мынадай жұмыстарды жүргізгенде, осындай нәтижеге қол жеткізуге болады», - деп, алдын – ала болжам жасап айту.
Педагогикалық әдебиеттерде гипотезаға әр түрлі анықтамалар берілген: Гипотеза – (грек, hypotesis – негіздеу, болжау) деген мағына береді. Ғылым дамуының формасы, құбылыстың себебін заңдылыққа сәйкес сипаттау /5,306/. Болжам (версия) – болған істің ақиқатын анықтау үшін жазылған бір немесе бір – бінен айырмашылығы бар бірнеше мағлұмат /4,393/. Яғни болжам жасау дегенімізден шығатын қорытынды бір айқындалмаған істі немесе құбылысты, затты, мәселені шешу үшін фактілерге сүйене отырып, алдын–ала жорамал жасау.
Зерттеу жоспарын құру барысында мақсат – міндеттер негізінде тақырыпқа байланысты педагогикалық эксперимент ұйымдастырылып, экспериментті жүзеге асыру жоспары құрылады.
Зерттеу әдістерн анықтау. Зерттеу әдістемесі тақырыпқа байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Жұмыс барысында зерттеу әдістерін дұрыс таңдап және оны ғылыми тұрғыда ұйымдастыру керек. Зерттеу әдістерінің нәтижелерін өңдеуден өткізу, соңынан талдау жасау, сосын жұмысты қорытындылау қажет.
Белгіленген жоспарды жүзеге асыру. Зерттеу тақырыбының, міндеттерінің негізінде зерттеу нысанысына алдын – ала жоспарланған ғылыми болжамда көрсетілген пункттерді практика нәтижесінде көру.
Болжамды тексеру. Жоспар бойынша эксперимент жұмысының нәтижесінен кейін бақылау, эксперименті негізінде алдын – ала жасалынған ғылыми болжамның дәлдігі, айқындығы анықталады. Болжамның дұрыстығы зерттеу жұмысында мақсатқа жету деп түсіндіріледі.
Зерттелінетін нысананы түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау. Жалпы мәселе, оның көкейкестілігі бойынша зерттеу жүргізуде зерттеу нысанасының,егер ол тірі адам болған жағдайда оның психикалық ерекшеліктерін толық меңгеру керек. Алдын – ала зерттеу жүргізбес бұрын оның жай – күйін, қандай жағдайларда зерттеу жүргізуге болатынын білу керектігін анықтау қажет.
Табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау. Зерттеу нәтижесі бойынша белгілі бір шешімге келу және сол шешімніңдұрыстығына, ақиқаттылығына, дәлдігіне көз жеткізе отырып, нәтиженің практикалық маңыздылығын анықтау. Оны басқа да зерттеушілер өз іс – тәжірибесінде қолдануына жағдай жасау, әдістеме ұсыну.
1.4. Курстық және жипломдық жұмыстарға қойылған талаптар
Студенттердің орындайтын курстық және дипломдық жұмыстары – ғылыми жұмыстар болып табылады. Сондықтан ғылыми жұмыстардың реті, оларды орындауға қойылатын арнайы талаптарды анықталған. Ғылыми жұмыстың ғылыми негізде болуы үшін тақырып таңдағанда да, әдебиеттермен жұмыс жүргізгенде де, оның жоспарын құру кезінде де, жалпы жұмысты жазу барысында оның көлемінің белгілі бір ретте болуы, барлық зерттеу жұмыстарының ғылыми дәрежеде безендірілуі, эксперимент қорытындысы мен нәтижелерінің анализдік – синтездік талдауларыныңзерттеу құндылығын арттыратындай дәрежеде болуы, ғылыми–зерттеу жұмыстарына қойылатын шарт болып табылады. (К.Д. Ушинский, В.А. Сухомлинский, Ю.К. Бабанский, З. А. Исаев, Ф. А. Кузин, А. И. Пискунов және т.б.)
Сонымен, курстық және дипломдық жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар:
-
Курстық жұмыстың негізгі мәтінінің көлемі 25 бет, ал дипломдық жұмыс 50 беттен кем болмауға тиіс. Бет саны машина басылымы мен есептеледі. Негізгі мәтінге жоспары, әдебиеттер тізімі, қосымшалар кірмейді.
-
Курстық және дипломдық жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттер саны 20- тен кем болмауға тиіс. Әдебиеттерге ғылыми еңбектер жинағы, монография, конференция материалдары, газеттер мен ғылыми журналдардағы басылымдар, кандидаттық және докторлық диссертациялар және авторефераттары жатады.
-
Курстық және дипломдық жұмыс грфикке байланысты кезең бойынша орындалады. Студент жұмыстың орындалу барысы туралы әр кезең бойынша жетекшіге есеп беріп, одан кеңес алып отырады.
-
Дайын жұмыс реценцияға толық безендіріліп, компьютерге немесе машинкаға басылған, түптелген кафедраның графигіне сай беріледі. Қорғауға дейінгі 7 күнен кешіктірмеу кре.
-
Жұмыстың жобысы дайын болғанда алдын – ала қорғаудан өтеді.
-
Қорғау комиссия мүшелерінің қатысуымен өтеді.
-
Курстық және дипломдық жұмысты қорғау кезінде ғылыми жетекшісінің берген пікірі мен тәжірибе жүргізген мектептегі мұғалімнің пікірі ескеріле отырып, комиссия мүшелерінің шешімімен бағаланады.
Курстық және дипломдық жұмыстың құрылымы:кіріспеден, теориялық және тәжірибелік бөлімдерден қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімге негізінен ғылыми аппарат кіреді. Олар: зерттеу жұмысында көрсетілген өзекті мәселе, зерттеу орны, мақсаты, міндеттері, зерттеудің әдістері, болжамы әдіснамалық негізі, ғылыми ізденіс жұмысының кезеңдері анықталады. Кіріспе бөлімде сонымен қатар зерттеу жұмысының ғылыми – практикалық мәні және эксперименті жүргізу жолдары, оны тәжірибеде пайдалану мәселелері анықталады.
Алғашқы тарауларда ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау дасалады. Ондай талдау мына ретте жүргізіледі:
-
Зерттелетін мәселенің тарихи – педагогикалық жағдайы, зерттеліну деңгейі.
-
Қазіргі педагогика, психология ғылымдарының философиялық негіздері.
-
Білім берудің жаңа сипатына қарай оқытудың жаңа технологияларын пайдаланудың ғылыми – практикалық негіздері.
-
Қазіргі педагогикалық - психологиялық әдебиеттер негізінде мәселені шешудің тұжырымдамалары.
-
Теориялық бөлімде нақты, анық түрде тақырыптың мәнін ашатындай сұрақтарға жауап бере отырып, қорытынды жасалады.
Келесі тараулар (2және3 тараулар) тәжірибелік, яғни практикалық бөлім болып есептелінеді. Бұл тарауда алғашқы 1- тару бойынша мәселе нені көтереді, оны практикада жүзеге асырудың жолдары, мәселенің шешімінің эксперимент арқылы көрінісін ашып көрсете отырып, зерттеу нәтижесінің болашағы, зерттеудің құндылығын белгілей отырып, алдағы уақытта зерттеу нәтижесі бойынша әдістемелер ұсынылады немесе зерттеуді күрделендіріп, одан әрі дамытады. Сондай – ақ ғылыми педагогикалық – психологиялық зерттеу әдістері арқылы педагогикалық тәжірибе жұмыстары жүргізіледі. Бұл бөлімдегі тәжірибе жұмысын студенттің өзі жүргізгені тиімді болады. Тәжірибе жүргізер алдында күні бұрын тәжірибе жоспары құрылып, міндеттер бойынша іске асырылады.
Ескерту:
Курстық және дипломдық жұмыстардағы зерттеу мәселесін әдетте екі тарау арқылы баяндайды. (1- тарау теориялық негіздеуге арналса, 2- тарау тәжірибелік – практикалық мәселеге арналады) Ал кей жағдайларда зерттеу жұмысының ауқымына, күрделілігіне, эксперименттің маңыздылығына қарай ол екі немесе одан да көп тараулардан тұруы мүмкін.
Қорытынды тақырып бойынша әрбір тараулардан кейін және жалпы жұмыс туралы қорытынды жасалынады. Қорытынды бөлімде 1- тарау қаралған мәселе, 2- тарау практика қалай нәтиже береді, эксперимент қорытындысы, кіріспеде көзделген мақсат, міндеттердің орындалуы және болжамның дұрыс немесе бұрыстығына, нәтиже қандай деңгейде екендігі туралы баяндалады.
Ұсыныста қорытынды негізінде тәжірибенің тиімділігі анықтала отырып, тиімді әдіс – тәсілдердің үлгісі беріледі.
Әдебиеттер тізімі. Қолданылған әдебиеттердің библиографиялық тізімі алфавиттік рет бойынша құрылуы тиіс және газет, журналдардағы қолжазбалар тізімі де енгізіледі.
Қосымшаға жалпы ғылыми жұмыста қолданылған тестік сұрақтар, зерттеуші ұсынған бағдарламалар, үлгі – тақырыптар сияқты зерттеу барысында қолданылған әдістемелік құралдарды енгізуге болады.
Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау жоспары және кезеңдері:
курстық және дипломдық жұмыстарды орындаудағы оның жоспарын, мазмұнын құру зерттеу жұмысының құндылығын арттырады. Бұл жөнінде әрбір ғылымның, әрбір мәселенің зерттелу аясымен даму кезеңдеріне көптеген ғалымдар құрылымдық мән беруде. Мысалы:
-
Я.С. Турбовскойдың зерттеулерінде озық тәжірибені ғылыми – практикалық тұрғыда оқып меңгеру әдістемесі озық тәжірибені оқып меңгерудің тарихи – логикалық құрылымын, педагогикалық ғылымда мұғалімнің білім, іскерлік дағдыларының қалыптасу құрылымын ұсынады.
-
Г.К. Нұрғалиева салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің индуктивтік әдіс құрылымын 4 кезеңге, ал Б. Наварочинский, Т. Вилех, М. Пенхерский 3 кезеңге бөліп көрсетеді.
Сондықтанғалымдардың ғылыми – зерттеу жұмыстарды орындау барысындағы зерттеу жұмыстарының кезеңдерге, құрылымдарға бөліп қарастыру тәжірибесіне сүйене келе, курстық және дипломдық жұмыстарды орындауды жоспарлауда және ұйымдастыруда өзара байланысты 5 кезеңге бөліп қарастыра келе, төмендегі үлгіні ұсынамыз:
1 кесте
Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау
кезеңдерінің үлгісі:
Кезң реті
|
Кезеңнің міндеттері
|
Жұмыстың мазмұны
|
Орындалу
мерзімі
|
1
|
1. Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау
|
1. курстық немесе дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау
2.Зерттеу жұмысы туралы мәселемен танысу
3. Тақырып кафедраға тіркету
|
|
2. Шамамен жұмыстың орындалу жоспарын құру
|
1. Берілген әдістермен танысу
2. Курстық немесе дипломдық жұмыстың тақырыбының түйінді сұрағын анықтау
3. Жұмыс жоспарын жетекшімен бірге талдап, нақтылау
|
|
2
|
1. Ақпарат көздерін таңдау
|
1. Бір дәптер арнап, оны курстық жұмыстың жоспарына байланымты бөліп, әр сұрағын бөлек беттерге жазу
2. Әр сұрақ бойынша әдебиеттерді белгілеу
3. Қажетті ойларды, деректерді, сандық көрсеткіштерді жазып алу
|
|
2. Курстық немесе дипломдық жұмысқа кіріспе жазу
|
1. Тақырыптың өзектілігін негіздеу
2. Зерттеу мәселесін, нысанасын және пәнін белгілеу
3. Зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтау
|
|
3. Зерттеудің әдістемесі мен ұйымдастырылуын анықтау
|
1. Педагогикалық – психологиялық зерттеу әдістемесі бойынша әдістерді оқу, таңдау
|
|
4. Орындалған жұмыс туралы жетекшіге есеп беруге даярлық
|
1. Жетекшіге курстық немесе дипломдық жұмыстың барлық материалдарын көрсету
|
|
3
|
1. Зерттеуді жүргізуге даярлық өткізу
|
1. Зерттеу жүргізу
|
|
2. Курстық жұмыстың 1-бөлімін жазу
|
1.Бөлімнің мазмұны, жеке сұрақтар бойынша жүйелі түрде талқылануы қажет.
|
|
3. Есеп беруге даярлық. Жазылған бөлім материалын жетекшімен талқылау
|
1. Барлық материалдарды жетекшіге көрсете отырып, кеңес алу
|
|
4.
|
1. Курстық немесе дипломдық жұмыстың кіріспесі мен 1- тарауын толықтырып редакциялау
|
1. Жетекшінің кеңесі бойынша ескертулерді толықтыру
2.Грамматикалық және стилистикалық жағдайларды редакциялау
|
|
2. Зерттеу нәтижесін өңдеу
|
1. Өңдеудің статистикалық әдістерін қолдану
2. Кесте, график, суреттер құру
|
|
3. Курстық немесе дипломдық жұмыстың негізгі бөлімдерін жазу
|
1. Зерттеудің нақты материалдарын орнымен пайдалану
2. Иллюстрациялардың орнын анықтау
3.Нақты материалдарды түсіндіріп, негіздеу
4. Өзіндік зерттеу нәтижесін талқылау
|
|
4. практика үшін ұысныстар мен қорытынды белгілеу
|
1. Ұсыныстар даярлау
|
|
5. Зерттеу жұмысының аяқталған бөлімін жетекшімен талқылау, толықтыру
|
1. Толықтырулар жазып қосу
|
|
5.
|
1. Зерттеу жұмысының барлық бөлімін өңдеп, редакциялау
|
1. Жетекшінің ескертулерін орындау
2. Иллюстрациялардың орналастыруды нақтылау
3. Әр бөлімді грамматикалық және статистикалық өңдеуден өткізу
|
|
2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін жасау
|
1. Әдебиеттер тізімін құру
|
|
3. Шенді бетті даярлау және курстық немесе дипломдық жұмыстың жоспарын нақтылау
|
1. Жұмыс жоспарын жазу
|
|
4. курстық және дипломдық жұмысты компьютерге басу
|
1. Әр жолдың арасына 1,5 -2 интервал қалдыру
2. Әр бөлімді жаңа беттен бастау
3. Әр тақырыпты ерекшелеп, астын сызу
|
|
5. Басылған жұмысты оқып шығып, жұмысты түптеуге бөлу
|
1.Жұмыстың тексерілген
мәтінін даярлау
|
|
6. дайын жұмысты кафедраға рецензияға беру
|
1. Курстық және дипломдық жұмыстың дайын макеті
|
|
Осы талаптарды ескере отырып, 2001-2002 оқу жылдарынан бастап болашақ кәсіптік оқыту ұстаздарын даярлайтын Алматы индустриалды – педагогикалық академиясында кешенді дипломдық жұмыстың құралы мен оның мазмұны жасалған болатын. Кешенді дипломдық жұмыстың әдістемесі мен қоса оны бағалау барысында оған қойылатын шарттар да анықталады.
Енді төменде осы тақырыптардың шарттары мен оның тізімін беріп отырмыз.
Кәсіптік педагогика, кәсіптік оқыту әдістемесі, психология бойынша кешенді дипломдық жұмыс осыған дейін «Кәсіптік педагогика», «кәсіптік оқыту әдістемесі», «педагогика тарихы және теориясы», «Еңбек психологиясы» пәндерінен алынған білімдердің және де кәсіптік білім беру жүйесінде жұмыс істейтін инженер – педагогтың кәсіптік шығармашылығының өзіндік ізденісі болып табылады.
Кешенді дипломдық жұмыстың мақсаты болып психология, педагогика және кәсіптік оқытудың әдістемесі бойынша интеграциялық білімдерді негізінде кәсіптік педагогикалық ойдың қалыптасуы болып табылады. Мұндай интеграция құралы ретінде оған психология – педагогикалық зерттеулер кіреді, сонымен қатар дипломдық жұмыс орындау үрдісіне өзіндік өткізу қабілеті қалыптасады.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін студенттерге төмендегі қажеттіліктер қажет:
-
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау;
-
Тақырып бойынша әдебиеттерді оқу және таңдау;
-
Таңдалған кәсіби оқу - өндірістік саласының сипаттамасы мен танысу;
-
Дипломдық жұмыстың кеңейтілген жоспарын құру.
-
Психология – педагогикалық зерттеулердің аппаратын анықтау;
-
Қаралатын мәселелердің психологиялық аспектісін оқып үйрену;
-
Зерттеу пәнінің психологиялық сипаттамасын жасау үшін тәжірибеде диагностикалық әдістемелерді таңдау және нақтылау;
-
Қарастырылатын мәселелердің педагогикалық аспектілерін оқып үйрену;
-
Берілген жұмыста нақты педагогикалық тапсырмалардышешуде психологияның теориялық жағдайын қолданып, дипломдық жұмыстың педагогикалық және психологиялық бөлімдерін логикалық байланыстыру;
-
Алынған нәтижелерді толығымен сипаттай отырып, дипломдық жұмыс бойынша жалпы қорытынды жасау;
Дипломдық жұмысты бағалауда ескерілетін шарттар:
-
студент әдебиеттерді іздей жіне оларды қолдана білуі керек;
-
студент тақырыбының көкейкестілігін дәлелдеуі тиіс;
-
жұмыстың тәжірибелік қажеттілігін көрсете білуі қажет;
-
жұмыстың тапсырмаларын және мақсатын нақтылы көрсету;
-
зерттеу әдістерін таңдау;
-
мазмұнның логикасы;
-
теориялық жағдайын айта білу;
-
эксперименттік әдістермен жұмыс істеу және оларды жүзеге асыру;
-
мәліметтердің статистикалық өңдеу әдістерін білу;
-
эксперимент нәтижелерін көрнекілік құралдармен көрсете білу;
-
қойылған проблема бойынша қажетті әдістемелік нұсқаулар;
-
тапсырмаларға қойылған тәсілдер;
-
дипломдық жұмыстың мемлекеттік стандартқа сәйкес көркемделуі;
-
қорғау процесі кезінде:
-
теориялық жағдайлардың негізін дәлелдей білу және экспермент қорытындыларын дәлелдеу:
-
түсіндіру және мимкалық дағдысы;
-
сөйлеу мәдениеті және сырт көрініс мәдениеті.
10. Кешенді дипломдық жұмыстың тақырыбы.
Кешенді жұмыстың тақырыбы былай анықталады:
-
кафедра жетекшісі көмегімен;
-
немесе психология кафедрасымен бекітілген бөлек тақырып бойынша;
-
немесе дипломдық жұмыс тақырыптарын төмендегі типтер бойынша.
Дипломдық жұмысты орындауда түрлі топ студенттеріне сол және басқа жетекшісін бергенде педагогика кафедрасы бойынша бекітіледі, оларға түрлі шарттар беріледі: пәні, мақсаты, тапсырмалары, гипотезалар және т.б.
-
Тақырып. Кәсіптік оқыту шартындағы оқушылар мен педагогикалық ұйымның қарым–қатынасы.
Бөлімдері:
-
Қарым – қатынастың әлеуметтік психологияда көрінуі: функциялары және қарым – қатына құралы.
-
Педагогикалық қарым – қатынастың оқушылармен құрылымы, кезеңдері және негізгі стильдері.
Мақсаттарының варианттары:
А. Кәсіптік оқыту процесіндегі ұйымдасқан педагогикалық қарым – қатынасты айқындау және теориялық түрде үйрету.
Б. КТУ оқушыларын педагогикалық ұйымның қарым – қатынасы процесі бойынша нұсқаулар құрастыру.
В. КТУ инженер – педагогтарының педагогикалық қарым – қатынас арқылы жеке стильдерінің қалыптасуына әсер ететін факторларды айқындау.
2. Тақырып. Кәсіптік оқу кешенде оқитын топтарының ұжымын басқарудағы психологиялық–педагогикалық ерекшеліктері.
Бөлімдері:
-
Оқу топтарын басқарудың психологиялық ерекшеліктері.
-
Ұжымды дамытудың динамикасы және ондағы ұйымның педагогикалық әдісі және т.б.
Варианттарының мақсаты:
А. КТУ–ң 1-ші курсындағы оқу тобы ұжымын басқарудағы психология – педагогикалық ерекшеліктерін теориялық үйрену және айқындау.
Б. КТУ оқу тобының ұжымын басқаруды ашып көрсету.
-
КТМ оқушыларымен қарым – қатынастағы қайшылықтарды болдырмаудың психология–педагогикалық құралдар.
Бөлімдері:
-
Оқу процесіндегі қарама – қайшылық жағдайдағы психологиялық негіздер.
-
Инженер – педагогтың кәсіптік шығармашылығындағы педагогикалық жағдайларға анализ.
Варианттың мақсаты:
А. КТМ оқушыларымен педагогикалық шарттың қайшылықсыз байланыстағы теориялық негізге үйрену
Б. КТМ оқушыларымен қарым – қатынас кезде пайда болатын қайшылықтардың алдын – алу факторларын анықтау.
В. КТМ оқушыларын тәрбиелеу кезінде пайда болатын типтік қайшылық жағдайларда инженер – педагогтар үшін әдістемелік нұсқау құрастыру.
4. Тақырып. Кәсіптік мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығын құрал ретінде кәсіптік дайындау.
Бөлімдері:
-
Тврочествалық шығармашылығының психологиялық ерекшелігі;
-
Кәсіптік дайындық процесінде оқушылардың творчествалық шығармашылығын дамыту.
Варианттарының мақсаты:
А. КМ оқушыларының техникалық, тврочествалық ұжымы бойынша инженер – педагог үшін әдістемелік нұсқау құрастыру.
Б. КМ оқушыларының техникалық творчествасының дамуына әсер ететін факторлар анықтау.
В. КМ оқушыларын кәсіптік дайындау техникалық творчествалық негізінде педагогикалық шарттарды анықтау.
5. Тақырып. Кәсіптік мектеп оқушыларының творчествалық қабілетін дамытудағы психологиялық – педагогикалық шарттары.
Бөлімдері:
-
Творчествалық шығармашылығының психологиялық ерекшеліктері;
-
Оқыту процесіне КТУ оқушыларының творчествалық қабілеттерінің дамыту құралдары және әдістері.
Варианттарының мақсаты:
А. КМ оқушыларының творчествалық қабілетін дамытудың педагогикалық шартын теориялық анықтау.
Б. КМ оқушыларының творчествалық қабілетін дамытуға әсер ететін факторларды анықтау
В. КМ оқушыларының творчествалық қабілетін дамытуға әдістеме құру.
-
Тақырып. «Қауіпті топтағы» оқушыларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Бөлімдері:
-
«Қауіпті топтағы» оқушыларын психологиялық ерекшеліктері.
-
КТУ «Қауіпті топтағы» оқушыларын тәрбиелеу құралдары және педагогикалық әдістері.
Варианттарының мақсаты:
А. «Қауіпті топтағы» оқушылармен жеке жұмыс әдістемесін құрастыру
Б. Риск фактілеріне әдістемелік қабылдау және әдістер құрастыру.
В. Профилактикалық әдістері бойынша жалпы топтарда кештер жүйесін құрастыру.
7. Тақырып. Кәсіптік білім берудегі модульді технологияға оқыту
Бөлімдері:
-
Модульдік оқытудың психологиялық негізі.
-
КТУ жүйесіндегі модульдітехнологияны оқытудың педагогикалық шарты.
Варианттарының мақсаты:
А. Педагогикалық шарттарды анықтау. Кәсіптік оқыту процесінде еңбек дағдысына модульдерді қолдану.
Б. Кәсіптік оқытуға модульді технологияны қолдануға арналған факторларды анықтау
В. «Кәсіптік педагогика» курсындағы бір тақырыптар бойынша оқу модуллін құрастыру.
8. Тақырып. Кәсіптік мектеп оқушыларының танымдық іс - әрекетін білім мазмұнын даярлау арқылы олардың белсенділігін арттыру.
Бөлімдері:
А. Кәсіптік мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттернің белсендірудің әдістері мен тәсілдері
Б. Әзірленген дидактикалық құралдар мазмұны бойынша жеке пән әдістемесінің мазмұнын жобалау
Варианттардың мақсаты:
Әзірленетін оқу құралы мазмұнына байланысты диплом жетекші көмегі арқылы анықталады, себебі оның сан алуан түрі болу мүмкін.
<предыдущая страница | следующая страница>