Перейти на главную страницу
Ауыл шаруашылығында фермерлік мамандықтардың аса қажеттігін нарықтың өзі анықтап береді. сондықтан да ауыл кәсіптік мектептерінде даярланатын мамандықтардың көбісі ауыл шаруашылығын механикаландырумен байланысты. Осы орайда болашақ фермерлерді оқыту барысында ұйымдастырылып жүрген, оқу шеберханасында өткізілетін «Машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу», машина трактор паркін агрегаттау», «Тракторлар мен автобильдер», «Ауылшаруашылық машиналары» т.с.с. арнайы пәндердің оқу шеберханасында ұйымдастырылатын лабораториялық-практикалық сабақтарының жалпы әдістемесін қарастыралық. Бұл ретте осы сабақтар бойынша нұсқау–технологиялық карталарды жасап үйрену, лабораториялық жабдықтармен оларды қамтамасыз ету әдістемелеріне тоқталамыз.
Нұсқау технологиялық карталар үлгісін төменде беріп отырмыз.
«Машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» пәніне арналған технологиялық-нұсқау карталары
№1 технологиялық-нұсқау картасы (5 кесте).
Тапсырма: Қосқыш двигательдерде кездесетін ақауларды анықтау және оларды реттеу.
Тапсырма мақсаты: Оқушылардың машиналарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі теориялық білімдерін одан әрі жетілдіру. Трактордың қосқыш двигательдерінде кездесетін ақауларды анықтай білуді және оларды түзетуді, реттеуді, жою тәсілдерін үйрету.
Рет саны |
Негізгі ақаулар |
Олардың болу себептері |
Ақауды реттеу және жою тәсілдері |
1 |
Двигатель іске қосылмайды немесе қосылады да, тез сөніп қалады. 2. Двигательдің иінді білігіндегі кері айналады. 3. Двигатель толық күш алмайды, үзіліспен жұмыс істейді. 4. Двигатель бос жүріс үстінде тұрақты жұмыс істемейді. 5. Двигатель қызып кетеді 6. Двигательде тарсыл бар |
Отын багының шүмегі жабық тұр. Отын багына су жиналып, қатып қалған. Отында май өте көп. Отын өткізгіште және тұндырғыш сүзгіш торы мен карбюратордың штуцері ластанған. Жұмыс қоспасында отын аз (карбюраторда тырсыл бар) двигатель цилиндрімен карбюратордың қосылған жері тығыз емес, ауа өтеді. Отын багының қақпағындағы тесік бекітіліп қалған. Карбюратордың бос жиклері ластанған. Оталдыратын свечада ұшқыш жоқ. Өткізгіште ұшқын жоқ Магнето беретін ұшқын пайда болуында үзіліс бар. Магнето контактысы саңылауын реттеу бұзылған. Оталу ұшқынының озуы дұрыс орнатылмаған. Двигатель қызған. Ерте от алады. Двигатель цилиндрінің компрессиясы нашар.
Отынның сапасы төмен (май мен бензиннің қосындысы) Май өткізгіштер, тұндырғыштың сүзгіш торы мен карбюратордың штуцері ластанған. Ұшқын шығып кетеді немесе нашар шығады. Карбюратордың бос винтінің реттелуі бұзылған Бос жүріс жиклері мен карбюратордағы каналдар ластанған. Двигательдің су жүйесінің қағы көп. салқындатқыш жүйеде су аз.
Двигатель ұзақ уақыт жұмыс істейді. Поршень саусағының тартысылы (жеңіл, анық соғылған шыңыл, иінді білік айнымалы аз болғанда жақсы естіледі) |
Отын багына бензин мен мотор майының қосындысын (15:1) құяды. Шүмекті ашады. Ыссы сумен бакты қыздырып, оны судан төгеді. Отынды төгіп, оған қалыпты мөлшерде мотор майы қосылған отын құяды. Май өткізгіштерді тазартады және сүзгіш торды жуады. Қосылған жерін тартады, егер қажет болса, аралық төсемді ауыстырады. Қақпақ тесігін тазартады. Карбюраторды бөлшектеп, бос жиклерді және қалқыма камера каналын үрлейді. Двигатель картерінің бөлігіндегі тығынды алып, кривошип камерасын үрлейді. Свечаны күйеден тазартып, электродтардың саңылауын реттейді, ақаулы свечаны ауыстырады. Бүлінген жерін айырғыш лентамен орайды, үзігі бар өткізгішті ауыстырады. Тексереді және таза бензинге малынған замшпен сүртеді немесе оларды егеумен тазартады. Контакты саңылауын реттейді.
Двигательді суытады. Қалыпты оталдыруды қояды. Поршеннің сақинасын ауыстырады. Каркастағы сальниктерді ауыстырады. Отынды ауыстырады. Май өткізгіштерді тазартып, сүзгіш торды жуады.
Двигательдің тұрақты жұмыс істеуін бос жүріс винті арқылы реттейді. Карбюраторды шығарып немесе бөлшектерйді, қалқыма камерасының каналдары мен бос жүріс жиклерін жуып, үрлейді. Қақтан тазартады. Салқындатқыш жүйеге қажетті мөлшерде су құяды. Оталдырғыштың озу бұрышын реттейді.
Шатун қалпақшасының тозған втулкасы мен саусағын ауыстырады. |
№2 технологиялық-нұсқау картасы (6 кесте).
Тапсырма: Негізгі двигательдерде кездесетін ақауларды анықтау және оларды реттеу.
Тапсырма мақсаты: Оқушылардың машиналарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі теориялық білімдерін одан әрі жетілдіру. Трактордың негізгі двигательдерінде кездесетін ақауларды анықтай білуді және оларды түзетуді, реттеуді, жою тәсілдерін үйрету.
Рет саны |
Негізгі ақаулар |
Олардың болу себептері |
Ақауларды реттеу және жою тәсілдері |
1 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11.
12. 13.
|
Двигатель от алмайды Двигатель толық қуатына жетпейді немесе үзіліспен жұмыс істейді. Газ шығатын түтіктен қара түтін шығады. Газ шығатын түтіктен ақшыл түтін шығады. Газ шығатын түтіктен көгілдір немесе көкшіл түсті түтін шығады. Двигатель қызып кетеді. Двигательдің жұмысында тырсыл бар: блок-картердің жоғарғы жағында слдырлаған металл тарсылы клапан механизмі қалпағының астындағы баяу тарсыл, (иінді білік баяу жиілікпен айналғанда жақсы естіледі). Блок-картердің жоғарғы бөлігінде сылдырлаған металл тырсылы (иінді білік айналым жиілігін кенет көптен азға өзгерткенде жақсы естіледі) қатаң, дірілді тарсыл естіледі блок-картердің төменгі бөлігінде бөлгіш шестерняның қатаң тырсылы естіледі. Двигатель кенет тұрып қалады. Двигатель жұлқына жұмыс істейді. Майлайтын жүйеде май қысымы аз. Двигательді іске қосқанда турбина-компрессордың роторы айналмайды немесе айналғанда соған тән шуыл естіледі. Үрлеу қысымы төмендейді Комрессордан май көп кетеді.
|
Декомпрессор қосылмаған. Қоректену жүйесінде отын жоқ. Отын сүзгіш немесе өткізгіштері ластанған.
Қоректену жүйесіне ауа енеді. Двигатель толық қызбаған. Айдағыш помпа отынды айдамайды. Отын насосының плунжерлі қосағы тозған. Жоғары қысымды отын өткізгіштері зақымдалған немесе өткізгіштерді отын насосының шруцерлеріне бекітетін кигізілмелі гайка дұрыс тартылмаған. Коллектор немесе газ шығаратын құбыр ластанған. Отын беру бұрыш дұрыс қойылмаған.
Цилиндр қалпағындағы клапандардың герметикалылығы бұзылған. Цилиндрде компрессия жеткіліксіз, сақиналары тозған немесе коксталған.
Двигатель цилиндріне су барады. Отынның ірі тазартқышы мен жіңішке тазартқышының сүзгі элементтері кірлеген.
Ауа тазартқышы ластанған. Отын беруді жеткілікті қамтамасыз етпейді. Форсункалар отынды нашар бүркеді. Отын насосы дұрыс реттелмеген: отын аз беріледі немесе бірқалыпты берілмейді, барлық режимдері реттеуіш дұрыс емес. Үрлеу қысымы азайған.
Таратқыш шестернялар дұрыс орналаспаған Двигательге мөлшерден тыс салмақ түскен.
Насос мөлшерден тыс отын жібереді. Отын беру бұрышы озық емес, кейін тұр. Форсункалар отынды дұрыс бүрікпейді. Двигатель толық қызған жоқ немесе арасында салқындап жұмыс істеп тұр. Отынға су қосылған цилиндрге тиісті компрессия жоқ.
Двигатель картерінде газдың қысымы үлкен немесе май мөлшерден көп. Поршень сақинасы тозған немесе кокстенген. Двигатель ұзақ уақыт күшпен жұмыс істеген. Радиатордың желбезегі жабық. Радиатор қаптауышының тор көзі ластанған. Цилиндрдің салқындатқыш қабырғасы ластанған (ауамен салқындайтын двигательдерде) Салқындатқыш сұйық жеткіліксіз. Су насосы мен желдеткішінің жетегінің ремендері босаған. Термостатта ақау бар. Су насосы қалақшасының штифті үзілген судың циркуляциясы жеткіліксіз. Салқындатқыш жүйесінде қақ көбейген. Картерде май азайған немесе сұйылған. Сүзгілер, май каналы немесе май радиаторы ластанған.
Отын насосының реттеуші бұзылған форсунканың отын бүріккішінің жұмысы нашарлаған. Отын беретін озық бұрыш дұрыс қойылмаған. Отын беретін озық бұрыш үлкен (ерте береді) Күйенте ұрғыш пен клапан стерженьдерінің ұшы арасындағы саңылаулар ұлғайған. Поршень сақиналары мен бобышкалары, шатундар втулкасы тозған. Цилиндр мен поршеньнің гильзасы тозған. Шатунның ішпегі мен түркі подшипниктер тозған істен шыққан. Таратқыш білік осінде жиі айналады және ілгішінде үлкен саңылау бар. Бактың мойнындағы ақпақ тесігі ластанған. Отында су бар. Отын өткізгіштер немесе сүзгілер ластанған. Ауа тазартқыштың түбінде немесе отын насосының картеріндегі реттегіште май мөлшері көп. Отын насосының рейкасы тұрып қалады. Двигатель картерінде май жеткіліксіз. Датчик немесе май қысымын көрсеткіш жөнделмеген. Май өткізгіштерден май ағады.
Насос немесе оның жетегі зақымданған. Турбинаның немесе компрессордың доңғалағы ендірмеге тиеді.
Компрессорда немесе турбинаның доңғалағы кірлеген, қосылған жерден ауа шығады. Жұмыстан босаған газ турбинаға жеткенше шығып кетеді. Ротор тығыз айналымы (айналым уақыты бойынша анықтайды). Ауа тазартқыш ластанған.
|
Декомпрессорды қосады (жұмыс қалпына көшіреді). Бактағы отынды тексереді. Өткізгіштерді тазартады, ірі және жіңішке тазартқыш сүзгіш элементтерін ауыстырады. Вентильді ашады, қолмен тербеп ауаны кетіреді. Цилиндр сорған ауаны қыздыру үшін электрофакелді қыздырғышты қосады. Суық күндері двигательді қолда бар қыздырғыш құралдың көмегімен қыздырады. Поманың детальдарын жуады, клапанды поршеньді және серіппенің қаттылығын тексереді. Отын насосын ауыстырады. Тексеріп, зақымдалған отын өткізгіштер ауыстырылады, кигізілмелі гайканы қатты тартады.
Тексеріп, отын бере бастауды дұрыстап қояды. Тексереді және клапан саңылауларын реттейді. Қажет болса, клапандарды сүртеді. Двигательді бөлшектейді күйеден тазартады, поршень мен сақинаны жуады, қажет болса сақиналарды немесе поршень тобын ауыстырады. Салқындату жүйесінің герметикалылығын тексереді және ақауларын түзетеді. Ірі тазартқыштың сүзгісін жуады және отынның жіңішке сүзгі элементтерін ауыстырады. Кезексіз техникалық қызмет көрсетеді. Отын берудің басқару тартқышын реттейді. Форсункаларды тазартады және реттейді, қажет болса, бүріккіштерін ауыстырады. Отын насосын босатады, шеберханада стендіге қойып, реттейді немесе жаңасымен ауыстырады. Құбырлы компрессордың дұрыстығын тексеріп, ақауын түзетеді. Белгі бойынша шестернялардың орналасуын тексеріп, қажет болса, оларды қайта орналастырады. Салмақты азайтады немесе төменгі беріліске көшеді Ауа тазартқышқа кезексіз, техникалық қызмет көрсетіледі, ауа кіретін құбырды (коллектор) тазартады. Отын насосын қалыпты мөлшерге келтіріп, реттейді. Тексереді, отын беру озық бұрышын реттейді. Отынды ауыстырады. Клапан мен цилиндр, поршень тобының герметикалылығын тексереді, ақауын түзетеді. Артық майды төгіп, мөлшерін май өлшейтін сызғыштың жоғарғы белгісіне жеткізеді. Поршеньді және олардың сақинасы керосинге жуып тазартады. Салмақты азайтады немесе төменгі беріліске көшеді. Радиатор желбезегін (пердесін) ашады. Қаптауыштың тор көзін тазартады. Салқындатқыш цилиндрдің қабырғасын кірден тазартады. Двигательді тоқтатып, оны салқындатады, сосын радиаторға салқындатқыш сұйықты қалыпты мөлшерге дейін құяды. Желдеткіш пен су насосының жетегінің ремендерін тартады. Термостаттың жұмысын тексереді, ақау болса ауыстырады. Жаңа штифт қояды немесе су насосының білікшесін ауыстырады. Қақ пен ұнтақтан тазартады, салқындатқыш жүйесін жуады. Қалыпты мөлшерге дейін май құяды, сұйылған майды ауыстырады. Май сүзгішті, радиаторды, май каналдарын босатып, жуады. Оларды қысылған ауамен үрлейді. Отын насосын, форсунканы босатады және оларды шеберханада реттейді. Тексеріп отын беретін озық бұрышты дұрыстап қояды. Насостың отын беретін озық бұрышты дұрыстап қояды. Клапан механизмінің калпағын алады, клапандардың саңылауын дұрыстап реттейді.
Двигательдерді бөлшектеп, тозған детальдарды ауыстырады немесе оны жөндеуге жібереді. Тозған ішпекті ауыстырады немесе двигательді жөндеуге жібереді. Бөлгіш шестернясының қақпағын алады, шаншылған тістерді тазартып, түзейді, тозған шестерняны ауыстырады, таратқыш біліктің осінде айналуын реттейді. Отын багының мойнындағы қақпақ тесігін тазартады. Отынды ауыстырады. Отын өткізгіштер мен ірі тазартқыштың сүзгішін жуады, ұсақ қалдықтардан тазартатын сүзгі элементтерін ауыстырады. Двигательді тез тоқтатады, ауа тазартқыш түбіндегі және картер реттегішіндегі артық майды төгеді. Отын насосын алып, оны шеберханаға жөндап, реттеуге жібереді.
Май өлшейтін сызғыштың жоғарғы белгісіне дейін май құяды. Датчик пен көрсеткішті тексеріп, оларды ауыстырады. Май өткізгіштерді тексеріп, май ағатын жердің бәрін жөндейді. Двигатель картерінің түбін босатып, май қабылдауыштың тор көзін жуады. Клапан жұмысын тексереді. Қажет болса клапанның серіппесін ауыстырады және жуады. Болттарды тартады және блок пен тұйықтар арасындағы аралық төсемді ауыстырады. Тозған ішпектерді ауыстырады. Майын төгеді, картердің түбі және оның жетегін босатып ақауын түзейді. Турбина – компрессорды босатады және су ағып кететін бөлігін жуады. Турбина – компрессорды босатып, ақауын жөндейді. Тозған подшипниктерді ауыстырады. Турбина – компрессорды шығарып алып, бөлшектейді, компрессор доңғалағы мен диффузорды жуады, ротордың тығыздағыш сақинасын кір мен күйеден тазартады. Газ шығатын жерді тауып, ақауын жөндейді. Турбина – комрессорды жуады.
Турбина – компрессорды босатып, ротордың тығыздағыш сақинасын кір мен күйеден тазартады, тозған подшипникті ауыстырады. |
№3 технологиялық-нұсқау картасы (7 кесте).
Тапсырма: тракторлардың жүріс бөліктері мен басқару механизмдерінде кездесетін ақауларды анықтау және оларды реттеу.
Тапсырма мақсаты: оқушыларға тракторлардың жүріс бөліктері мен басқару механизмдерінде кездесетін ақауларды анықтай біліп, олардың реттеу жолдарын үйрету.
Рет саны |
Негізгі ақаулар |
Олардың болу себептері |
Ақауларды реттеу және жою тәсілдері. |
1. 2. 3. 4. 5. 6.
8. 9.
11. 12.
13. 14.
15. 16.
17. 18.
|
Тегіс учаскемен жүріп келе жатып, шынжыр табанды трактор бір жағына бұрылып кетеді. Шынжыр табанды трактор шұғыл бұрылмайды. Шынжыр табандардың тарсылы мен сылдыры.
Доңғалақты тракторлардың тежеуіші ұсталады. Доңғалақ айналмайды. Жетекші доңғалақтартың күпшегі және тіреуіш катоктардың күпшегі қызып кетеді. Шынжыр табанды трактордың бағыттаушы доңғалағынан және сүйемелдеуші роликтердің тіреуіш катогына май ағады. Сүйемелдеуші роликтер мен тіреуіш катоктар айналмайды немесе тұрып қалады. Рама қатты селкілдейді (Т-150), тербеліс баяу жойылады. Рульдік доңғалаққа көп күш түсіп тұр. Алдыңғы басқару доңғалақтарында үлкен шайқалыс бар. Руль доңғалағында еркін жүріс өсіп отыр. Пневматикалық жүйеде ауаның қысымы баяу өседі.
Доңғалақ тежеуіштерінің тракторды тежеуі жеткіліксіз. Барабандардың қызуы жоғары. Жетекші доңғалақтар айналмайды. Пневматикалық жүйеде ауа қысымы жеткіліксіз. Аспалы ауыл шаруашылық құрал көтерілмейді. |
Шынжыр табандағы бірқалыпты тартылмаған. Муфтамен бұрылатын тракторларда: басқару рычагы еркін жүрмейді, бұрылу муфтасының дискілеріне май тиген, бұрылу муфтасы дискілерінің фрикционды бастырмалары тозған. Планетарлық механизіммен бұрылатын тракторларда бұрылуды басқару тычагы еркін жүрмейді, планетарлық механизмнің тежеуіші тығылып қалған, ленталардың бастырмасына май тиген немесе тозған. Тежеуіш лентасының бастырмасына (муфтамен бұрылатын шынжыр табанды тракторларда) тоқтату тежеуіш лентасының бастырмаларына (планетарлық механизммен бұрылатын шынжыр табанды тракторларда) май тиген немесе тозған. Тарату немесе бұру муфтасын басқаратын тежеуіштер бұзылған. Шынжыр табанның тартылуы босаған. Жетекші жұлдызшаның тістері тозған. Шынжыр табан топсалары тозған. Шынжыр табандары реттелуі тозған. Тежеуіштердің реттелуі бұзылған. Фрикционды бастырмаларға май тиген немесе тозған. Тежеуіш қалыптары кептеліп қалған. Подшипниктер дұрыс реттелмеген немесе күпшектің қуысында май жоқ. Тығыздауыш корпусының бекінісі босаған. Тіреуіш катоктардың бекініс гайкалары босаған. Резина қап бүлінген конус подшипниктерінің осіндегі саңылау үлкен. Тығыздағыш сақинаның жұмыс беті тозған. Детальдар айналатын кеңістікке кір немесе тас кірген. Қыста жұмыс істегенде майлауыш қатып қалады. Подшипниктің қуысына кір түскен. Гидроамортизаторда сұйық жоқ. Алдыңғы каретканың гидроамортизаторындағы дроссельдің тесігі ластанған. Күшейткіштің корпусында май жеткіліксіз. Жүйеге ауа кіреді. Червяк-сектор ілініп, тығылып қалған. Тұрақты ағын клапанның реттелуі бұзылған. Насоста майдың ағуы байқалады.
Алдыңғы доңғалақтың конус подшипниктеріндегі немесе рульді басқарудың тартқыштарының топсасындағы тербеліс люфт үлкен. Рульдің берілістеріндегі червяк жұбының ілінісіндегі саңылау үлкен. Саусақтар мен рульдік басқарудың жетегінде қабысқан жерлер мен саусақтар немесе кері байланыс тартқыштарының саусақтары тозған. Компрессор жетегі ременьдерінің тартылысы босаған. Компрессор клапандарының герметикасы босаған. Доңғалақ тежеуіштеріне қар немесе су тиген.
Рычагты босататын білік кептеліп қалған. Тежеуіш барабандары мен қалыптың арасындағы саңылау аз. Жүйеде ауа жіберетін жер бар. Компрессордың қысым реттеушінің жұмысы бұзылған. Гидравликалық аспалы жүйе. Гидравликалық жүйенің насосы қосылмаған. Насос өздігінен іске қосылған. |
Шынжыр табанды екі жағынан дұрыстап тартады. Басқару рычагының еркін жүрісін реттейді, бұрылу муфтасының дискілерін керосинмен жуады, тозған фиркционды бастырмаларды ауыстырады. Басқару рычагының еркін жүрісін реттейді, планетарлық механизмнің тежеуішін реттейді, тежеуіш лентасының бастырмасын керосинмен жуады, немесе жанасымен ауыстырады.
Тежеуіштердің басқарылуын реттейді. Шынжыр табан тартылысын реттейді. Жетекші жұлдызшалардың орнын ауыстырады. Шынжырды түгел немесе оның бөлігін ауыстырады. Табандардың орнын ауыстырады. Детальдың толық жүрісін дұрыс етіп қояды. Фиркционды бастырмаларын жуады, тозғанын ауыстырады. Тексеріп, тежеуіш қалыптары мен барабандар арасындағы саңылауды дұрыстап қояды. Подшипниктердің реттелуін тексереді, қажет болса, реттейді, подшипниктерді жуып, майлайды, күпшектің қуысына май жағады. Бекіністерді тартып, болттарын бекітеді. Гайкаларды тартып, қосалқы шайбамен бекітеді. Қапты ауыстырады. Конус подшипниктің осіндегі саңылауды реттейді. Сақинаны үйкелеп, тозығы жетсе, ауыстырады.
Катокты (немесе роликті) бөлшектейді, подшипниктер қуыстарын жуады, бүлінген детальдарды ауыстырады және толтыра май жағады. Жаңа таза сұйық құяды. Амортизатордың ішкі қуыстарын жуады. Май деңгейін тексереді, қажет болса толықтырады. Сорғыш магистральды тексереді, герметикалылығы бұзылған жерді тауып, жөндейді. Іліністі реттейді.
Гайкаларды тазартады. Люфтрі реттейді.
Саусақтар мен тартқыштардың қабысуларын реттейді. Қажет болса, жекелеген детальдарды ауыстырады. Компрессор жетегі ременінің тартылысын реттейді. Компрессор клапандарының күйін тексереді және оларды ысқылайды.
Доңғалақ тежеуіштерін трактор жүріп келе жатқанда, іске қосып кептіреді. Біліктің кептелуін түзетеді және майлайды. Доңғалақ тежеуіштерін реттейді. Ауа жіберетін жерді тауып, жөндейді. Қысым реттеуішті реттейді. Насосты қосады. Насосты іске қосатын механизм бекіткішінің серіппесін немесе бекіткішін ауыстырады. |
Енді «Тракторлар мен автомобильдер» пәні бойынша оқу шеберханасында ұйымдастырылатын лабораториялық-практикалық сабақтарының әдістемесіне тоқталамыз.
Орта кәсiптiк-техникалық училищелердiң лабораториялық-практикалық сабақтары, әдетте, арнаулы құрал-жабдықтармен жабдықталған шеберханаларда өткiзiледi. Лабораториялық-практикалық сабақтарды жоғары методикалық дәрежеде әткiзу ңшiн мұғалiм сабаққа алдын-ала мұқият дайындалуы керек, әрбiр жұмыс орнын қажеттi жабдықтармен қамтамасыз етiп, жұмыстың прогрессивтiк әдiстерiн ұйымдастыруын кәздейдi.
Лабораториялық-практикалық сабақтардың негiзгi мақсаты — оқушылардың теориялық сабақтардан алған бiлiмдерiн практика жңзiнде бекiту, оларға машиналар мен механизмдердiң құрылысын таныстырып, бәлшектеу, жинау, реттеу әдiстерiн ңйрету. Бәлшектеу, жинау жұмыстарына қажеттi құрылғыларды, съемниктердi, монтаж құралдарын дұрыс пайдалану жолдарын ңйрету. Әрбiр сабақты тиiмдi ұйымдастыра отырып, оқушылардың мамандыққа деген сңйiспеншiлiгiн, қызырушылығын тәрбиелеудi кәздей бiлу қажет.
Оқушылардың мамандыққа тән шеберлiктерiн арттыру ңшiн олардың әзiндiк жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра бiлу керек.
“Тракторлар мен автомобильдер” пәнiнiң оқу жоспары мен программасы бойынша (СССР кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жәнiндегi мемлекеттiк комитетi 15.08.86 жылы бекiткен) лабораториялық-практикалық сабақтарға, барлығы, 270 сағат берiлген (оқу мерзiмi 3 жыл; мамандығы — слесарьлық жөндеу жұмысын атқара бiлетiн бесаспап тракторшы-машинист).
Сабақтарды циклдарға бәлiп әткiзедi, әр циклға жоспар бойынша 30 сағат берiледi. Цикл тақырыптарының саны звенолар санына тең болуы керек, әрбiр звенора арнаулы жұмыс орны ұйымдастырылады. Звенолардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру ңшiн олардың алмасу графигiн жасайды.
Әрбiр тақырыптың тапсырмасын дұрыс орындау ңшiн технологиялық-нұсқау карталарын, олардың меңгерiлуiн тексеруге арналған карточка-тапсырмалар жасалынады. Технологиялық-нұсқау картасының негiзгi мақсаты — оқушылардың әзiндiк жұмысын ұйымдастыру.
Әрбiр циклдың лабораториялық-практикалық жұмыстарын бастау ңшiн оның тапсырмаларына қажет теориялық бiлiмдердiң берiлуi керек, сондықтан сабақ кестесiн дұрыс ұйымдастыруды алдын-ала ойластырған жән.
Лабораториялық-практикалық сабақтарды 10 немесе 15 звенолар саны бойынша ұйымдастыруға болады; мұндай жағдайда 8— 12 звено сабақты шеберхана лабораториясында әтедi де, 2—3 звено әндiрiстiк оқыту шеберiмен бiрге машина-трактор агрегаттарын жұмысы дайындайды. Оқушыларды звеноларға бәлгенде, олардың қабiлеттерiне, сабақ ңлгерiмдерiне қарай дұрыс жасақтай бiлу керек. Әр звеноның әз жетекшiсi болғаны дұрыс. Звено жетекшiлерiн басқаларға үлгi болатындай оқушылардан тағайындаған жән.
Мұғалiмнiң сабаққа дайындығын екi кезеңге бәлуге болады: оның сабаққа дербес дайындалуы және сабақтың материалдың-техникалық базасын жасауы. Мұғалiм әрбiр сабаққа мұқият дайындалып, жаңа оқулықтар мен қажеттi әдебиеттердi оқуы керек; әрбiр технологиялық-нұсқау картасының мазмұнын қарап, тңзетулер енгiзуiне де болады. Егер сабақ барысында жаңа агрегатты немесе механизмдi бәлшектеу қажет болса, оны мұғалiм алдын ала әзi бәлшектеп, жинап кәруi керек. Әсiресе, жұмыс барысында техникалық қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталынуын кәздеу қажет.
Сабақ жоспарын жасау ңшiн “Тракторлар мен автомобильдер” пәнiнiң тақырыптық жоспары мен программасын пайдаланады, жергiлiктi жерде пайдаланылатын тракторлардың тңрлерiн оқытуды жоспарға енгiзудi Ңмытпақан жән.
Жоспарды училищенiң методикалық комиссиясында қарап, бекiтедi.
Тәменде сабақ жоспарының формасы кәрсетiлген.
“Тракторлар мен автомобильдер” пәнiнiң лабораториялық-практикалық сабақтарының жоспары (ңлгi).
Сабақ Циклдар және Сағат Қажеттi Сабағ
нәмiрi тапсырмалар саны құрал- әтiлетiн жабдықтар кңндерi 1. Бiрiншi цикл Дизельдi және карбюра- торлы двигательдердiң және газ таратын механизмдерi 30 2. А-41 дизельдi кривошиптi-А-41 дизель шатунды және газ тарататын құрылғылар механизмдерi 3 мен инстуру- менттер, т.б.
Технологиялық-нұсқау карталарындағы тапсырмалардың орындалуына 3 сағат берiледi. Тапсырмалардың орындалу жңйесiн ұйымдастыру барысында, оның толық әткiзiлуiн қамтамасыз ету керек, оны методикалық комиссияда қарап, бекiтедi. Тәменде технологиялық-нұсқау картасының ңлгiсi кәрсетiлген.
17 12 2014
11 стр.
25 12 2014
9 стр.
А. К. Карибаеваның Университеттің профессор-оқытушы құрамының штаттық кестесіне «оқытушы-стажер» лауазымын енгізу туралы баяндауы бойынша
25 12 2014
1 стр.
Мобильді факторлар арқылы өзара байланысқан әлем елдерінің ұлттық экономикасының жиынтығы
23 09 2014
3 стр.
Ш., доцент Сүйіндіков Ж. С. және оқытушы Мусатаева А. А. 050902 «Туризм» мамандығын дайындау бағытындағы жұмыс «Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм» пәнінің типтік оқу б
14 10 2014
4 стр.
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әзірлеген және енгізген
14 12 2014
80 стр.
25 12 2014
1 стр.
07 10 2014
1 стр.