Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Отбасы жарастығы

Мұқажанова Ж.М.

Қарағанды қаласы

С.Саттаров атындағы

мектеп-лицей


Мақсаты:


  • отбасы жарастығы және отбасының өсіп дамуы туралы түсінік беру;

Міндеттері:

  • отбасыны қадірлей білу, адам өмірінде отбасының алатын орны туралы мағлұмат беру;

  • оқушылардың өз отбасын құртметтеуін арттыру;

  • өз отбасына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру;


Шаттық шеңбері:

Сен бақытты ұлаңсың! М. Қуанышбеков.

Анаң-күнің сжүрегің, Әкең -өмір тірегің.

Сен бақытты ұлаңсың, Бәрі саған қуансың.

Әжең- асыл ардағың, Атаң- дана қорғаның

Сен бақытты ұлаңсың, бәрі саған қуансың.

Ағаң –қамқор асқарың, Інің- мөлдір аспаның.

Сен бақытты ұлаңсың, Бәрі сағңан қуансың.


Әңгімелесу:

« Отбасы татулығы» Аңыз әңгіме.



  • Отбасы әңгіменің мәні неде?

  • Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырады?

  • Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?

  • Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?


Дәйексөзбен жұмыс істеу:

Ұяда не көрсең ,ұшқанда соны ілесің. Халық мақалы.

Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?


Жаңа ақпарат.

Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы.Отбсында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады.

Сыйластық.

- Ата болып ақыл айтып көріңдер, - Аға болып үлгі көрсет кішіге,

- Әже болып ертегі айтып көріңдер. - Іні болып көмектес сен ісіне.

- Әке болып еркелетіп көріңдер, - Әпке болып мейіріміңмен аяла,

- Ана болып мейірімділік төгіңдер - Қарындас боп бауырында саяла



Берілген мақалдарға сүйеніп, шағын әңгіме жазыңдар.

1. Ата- асқар тау,

Ана- бауырындағы бұлақ,

Бала –жағасындағы құрақ.

2. Ата-бәйтерек,

Бала-жапырақ.

3. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,

Қарызыңнан құтыла алмайсың.



Отбасы:

*****сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді.

***** жақсылыққа жетелейді.

***** еңбектенуге , білім алуға көмектеседі.

***** үлкендерді құрметтеуге , кішілерге қамқор болуға тірбиелейді.

Жүректен жүрекке.

Әкем-әнім.

Сөзі- О. Сүттібаевтікі.

Әні- Ә. Сүлейменовтікі.

Ұшырдың баптап ұядан,

Кетпейсің ойдан, қиялдан.

Арманға биік қол созсам,

Тұрасың демеп жиі алдан.

Көңілім бүгін алаңды,

Күттің бе, әке, балаңды?

Шаттықпен жарқын тойыңа,

Сыйлаймын сазды бұл әнді.

Адалдық әркезкөксеген,

Үйрендім, әке, тек сенен.

Ардақтап өтем мәңгілік,

Ғұмырда жалғыз жетсе дем.

Жүректі тербеп күй сынды,

Биікке ұшсам сүйсіндің.



Мойыңда көптен асылмай,

Сағындым, әке, иісіңді.

Мақсаты: отбасы жарастығы және отбасының өсіп дамуы туралы түсінік беру; Міндеттері

Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы. Отбсында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады

21.55kb.

23 09 2014
1 стр.


Айналамен таныстыру кіріктірілген сабақ. Ашық сабақ. Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру. Қыста

56.82kb.

15 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: «Теңдеу және оны шешу» Мақсаты

Мақсаты: Теңдеу туралы түсінік беру, бар білімдерін қайталап, толықтыру. Теңдеуді дұрыс шығару жолдарын көрсетіп, жаттықтыру. Оқушылардың ауызша және жазбаша қосу, азайту дағдысын,

43.38kb.

08 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қазақтың аңыз-әңгімелері. Сабақтың мақсаты: а білімділік

Сабақтың мақсаты: а білімділік: Аңыз-әңгімелер туралы оқушыларға түсініктеме беру. Білімдерін толықтыру арқылы шығармашылық қасиеттерін дамытып, әңгімелердің тақырыптары туралы түс

200.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы

Мақсаты: Негізгі термохимиялық түсініктер мен шамалар, эндотермиялық және экзотермиялық реакциялар, химиялық процестердің энергетикасы және бағыты туралы жалпы түсінік беру

106.55kb.

04 09 2014
1 стр.


Ф кгма 1-8-24/02 му организация методической работы в соответствии с госо

Мақсаты: Студенттерге сумен емдеудің түрлерін және озокерит пен парафин туралы түсінік беру

71.69kb.

09 10 2014
1 стр.


«управление образования акимата костанайской области»

Отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынастар деңгейін бағалау үшін білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ақпаратқа ата-аналар мен оқушылардың сұранысын белгілеу және қана

575.69kb.

05 09 2014
4 стр.


1сабақ 5-сынып Сабақтың тақырыбы: Маңызды көкөніс дақылдары. Сабақтың мақсаты: Білімділік

Білімділік тұқымды себер алдында даярлау туралы түсінік беру,бұрыш түрлерімен, бұрыштың тұқымдарын ажырату жолдарымен және өңдеу тәсілін,жылыжайлар туралы

468.44kb.

15 12 2014
3 стр.