Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Оскина Ж.С.,

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогика институты

E-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа Жолдауында егемендік алған мемлекетіміз, экономикалық, әлеуметтік және саяси өркендеуі үшін алдымен отандық білімнің дамуын, білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылу керектігі айтылды.

Қазіргі уақытта Интеллектуалдық мектептер желісі белсенді дамытылуда. Олардың тәжірибесі біртіндеп бүкіл орта білім беру жүйесіне таратылатын болады. Озық технологияларды алға бастыру үшін орта білім беруге электронды оқыту енгізілуде.

Дамыған әлемде инновациялардың үлкен бөлігі және университеттер жанындағы коммерцияландыру офистері жұмыстарының нәтижелері университеттік ғылымға тиесілі. Оның үстіне жастарды кәсіпкерлікке, инновациялық менеджментке дәл осы университеттерде оқытады, ал ол өз зерттеулерінің нәтижелерінен қаржылай пайда тапқысы келетін кез келген ғалым үшін қажет.

Оқытуды технолизациялау идеясы жаңа идея емес. «Ұлы дидактика» еңбегінде Я.А.Коменский оқытуды технолизациялау керектігі туралы сол кездің өзінде айтқан. Ол «дидактикалық машина үшін: 1) қойылған мақсат; 2) сол мақсатқа жететін құрал; 3) мақсатқа жеткізбей қоймайтын, сол құралдарды қолдану ережелерін табу керек», – деді.

Математиканы оқыту үдерісінде өтілетін сабақтың мазмұнына, түріне байланысты дәстүрлі оқыту әдістері де және инновациялық оқыту әдістері де қолданылатыны мәлім.

Дәстүрлі технологияның артықшылығы: оқушылардың күрделі материалды түсінуіне ыңғайлы, оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі технологияның кемшіліктері: оқу үдерісінде жекелеу және саралауға мүмкіндік жоқ, оқушылардың ойлау мүмкіндігін дамытуы төмен. Сондықтан, барлық қолданылып жүрген оқыту технологияларынан, дамытып оқыту технологияларының артықшылығы мол деп есептейміз. Денсаулық сақтау технологиясын оқыту технологияларының барлық түрлерімен біріктіріп (интегралдап) қолдану керек.

Бүгінгі таңда математика қоғам өмірінде үлкен рөл атқаратыны мәлім. Математика – адамның ақыл-ойын, сана-сезімін, ойлау қабілеттерін дамытатын бірден-бір құрал. Сондықтан да математиканы дамыта оқыту күн тәртібінде ең бірінші тұрған мәселе. Дамыта оқыту технологиясын қолдануда оқушының дамуының бір-біріне тығыз байланысты үш компоненті болып отыр. Олар:

1) дененің өсуі яғни денсаулық;

2) өнегелілік;

3) ақылдылық (ақыл-ой).

Бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызды. Бұл орайда қосымша білім берудің интерактивті түрлерін дамыту қажет.

Интерактивті оқыту дегеніміз – оқушылар мен мұғалім түсіністік қарым-қатынаста өзара білімдерімен, тәжрибелерімен алмасу және талдау жұмысы. Интерактивті оқыту әдісімен жүргізілетін сабақты жүргізу кезеңдері:

I кезең – проблеманы айқындау;

II кезең – информациялық блок;

III кезең – практикалық біліктілік блогы;

IV кезең – сабақты аяқтау.

Интерактивті оқыту әдісінің екі түрі бар. Олар: 1) Оқу пікір-таласы;

2) Нақты практикалық ахуалдарды талдау (case – study).

Мысалы: Функция графиктері, қасиеттері .

Мақсаты: Функция графигі курсы бойынша алған білім-біліктерін жан-жақты пайдалана білуге үйрету.

Міндеттері:

-Функция графигін салу;

-Қазақтың ою-өрнектеріндегі симметриялық ұғымын түсіну;

Жоба нәтижелерінен мысалдар:


























Графиктерді бейнелеуде интерактивтік тақта мүмкіндіктерін қолдануға болады. Яғни, оқушылар интерактивтік тақта мүмкіндігінің бірі - затқа қозғалыс енгізу қасиетімен дайындалған функция графиктерінің суретін қарастырады.

Мультимедиалы компьютерлік технологиялар барлық дәстүрлі оқу құралдарын алмастыруға мүмкіндік береді. Көп жағдайда мұндай алмастыру өте тиімді, өйткені мұғалім әртүрлі құралдарды қиюластырып қолдана отырып, оқытылатын материалдың терең де, саналы түрде меңгерілуге жағдай жасайды, сабақ уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, сабақты ақпараттандырады.

Компьютер оқыту процесіне табиғи түрде еніп, оқыту процесін түрлендірудің тағы да бір тиімді техникалық құралы болып табылады. Әрбір сабақта студенттердің эмоциясының жоғарылауын бақылауға болады, тіпті үлгерімі төмен студенттер де компьютермен қызыға жұмыс істейді. Сабақтарда компьютерді жүйелі түрде қолданғанда студенттердің сабақтағы белсенділігі артып, материалды меңгеруге қызығушылық артады; рухани сайыс пайда болады; сабақ барысында жағымды эмоция көбейеді; компьютерді «жеңу» үшін табандылық пайда болады, өзіндік дайындыққа қызығушылық артады. Екінші жағынан бұл оқыту әдісі оқытушыларға да ұнайды, өйткені: студенттің қабілеті мен білімін дұрыс бағалауға көмектеседі, студентті түсінуге, оқытудың дәстүрлі емес, жаңа әдістерін іздеуге итермелейді.

Математиканы оқытуда қазіргі заманғы компьютерлердің мынадай мүмкіндіктерін қолдануға болады:

1)ақпараттың кез-келген түрін өңдеудің жылдамдығы және сенімділігі. Сандық ақпаратты өңдеу үшін микро ЭЕМ ғана емес, сонымен бірге калькуляторды да пайдалануға болады;

2)ақпаратты графикалық түрде көрсету. Компьютерлер өздерінің графикалық (демонстрациялық) мүмкіншіліктері жағынан түрлі-түсті теледидардан да артық, бұл олардың әдістемелік құндылығын арттыра түседі;

3) көп мөлшердегі ақпаратты сақтау және жылдам берілуі. Мысалы, математика курсындағы барлық кестелер компьютердің жадында сақталады. Қажет ақпарат экранға бір-екі пернені басу арқылы шыға алады.

Сабақта компьютерлерді қолдану мүмкіндігі машиналардың программалық жабдықталуына байланысты. Сабақ барысында қолданылатын барлық программаларды шартты түрде үйрететін және оқытатын деп бөлуге болады. Үйретуші программалар оқытушының кейбір қызмет түрін алмастыру үшін құрылады (жаңа материалды түсіндіруде, өткенді бекітуде, білімді тексеруде және т.б.).

Математика сабағындағы зерделік жұмыс көбейетіндіктен, студенттердің пәнге қызығушылығын, сабақ соңына дейін белсенділігін қалай сақтау керектігі ойландырады. Оқыту барысында компьютерді пайдалану ақпараттық жағдай жасап, студенттің қызығушылығының артуына ықпал етеді.

Қазір жоғары оқу орындарының барлығы компьютер сыныптарымен жабдықталған. Бірақ бұл техника математиканы оқыту барысында сирек қолданылатынын байқаймыз. Математиканы оқытуда қазіргі заманғы технологияны пайдаланбаудың бір себебі – математика сабақтары үшін программалық қамтамасыздандыру, компьютерлік бағдарлама мен оқытушыға арналған құралдан тұратын бағдарламалық-әдістемелік кешендердің болмауы.

Математиканы оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану сабақ уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, студенттерге есептің шешуін ұқыпты да, таза қылып жазудың үлгісін беруге, оқыту барысында көрнекіліктің деңгейін көтеруге, оқу процесін жандандыруға мүмкіндік береді.

«Бүкіл өмір бойы оқу ендігі жерде балама емес, асқан қажеттілік» дейді Гарвард университетінің нақылдарының бірі.Соған байланысты, жастарымыз алатын сапалы білім, бар болғаны жолашар интеллектуалдық капитал болып табылады. Сондықтан үздіксіз жұмыс істеп, өз білімімізді, кәсіби құзырлылықтарымызды арттыру қажет.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген. Біз өрлеуді өмірінің өзегі еткен халықпыз. Мына заманда «Өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады». Біз, тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілік арқалайтын азаматтармыз. Осы жауапкершілікті сезіне білейік.


Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына // Егемен Қазақстан, 2006, № 115 (24368)

  2. Математика және физика, №5, 2009 [59-60 б.]

  3. Математика, №1, 2011 [19-20 б.]

  4. Математика және физика, №4, 2001 [51-52 б]


РЕГИСТРАЦИОННАЯ ФОРМА ЗАЯВКИ НА УЧАСТИЕ В ЧТЕНИЯХ

Прошу включить в число участников Оскина Жансая Сабитбековна

С докладом «Математиканы оқыту үрдісіндегі инновациялық әдіс-тәсілдер»

Научное направление доклада: Нурсултан Назарбаев и молодежь

Организация

Аркалыкский государственный педагогический институт им. Ы. Алтынсарина

Должность студент

Почтовый адрес инд. 110300 г. Аркалык, ул Абая 68, кв 40. тел. сот: 87028298045

E-mail E-mail zhakosya_1602@mail.ru



Я намереваюсь принять участие в чтениях как слушатель

Математиканы оқытудың инновациялық Әдіс-тәсілдері

Жолдауында егемендік алған мемлекетіміз, экономикалық, әлеуметтік және саяси өркендеуі үшін алдымен отандық білімнің дамуын, білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлердің біліктіл

67.24kb.

25 12 2014
1 стр.


Диплом жұмысы 9-сынып қазақ тілінің стилистикасын оқытудың әдіс-тәсілдері Орындаған: Сауырбаева М

Стилистика және оның анықтамасы. Функцианалды стильдердің стильдік белгілері беріп өткен. Екінші тарауында 9 сыныпта стилистиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін сипаттап, әдеби тіл стиль

737.68kb.

25 12 2014
4 стр.


Диплом жұмысы Тақырыбы: I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері

М.Әуезов атындағы ОҚму 0315-" педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі" мамандығын бітіруші Гүлнәр Полатованың "I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысының түзу әдіс-т

1600.8kb.

15 12 2014
10 стр.


Оқытудың инновациялық технологиялары негізінде болашақ кәсіптік білім оқытушысының арнайы іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
501.06kb.

08 10 2014
2 стр.


Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, проблемалық, көрнекілік, сұрақ-жауап. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсаты: Жүздіктерді, ондықтарды, бірліктерді санау реті, оқылуы, жазылуын үйрете отырып, шапшаң есептеуге үйрету. Жан-жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу

15.24kb.

12 10 2014
1 стр.


Кіріспе I. Грамматиканы бастауыш мектепте оқытудың өзектілігі II. Сан есімді бастауыш мектепте меңгертудің ерекшеліктері III. Жалғаулармен жұрнақтардың сан есімді өту процесіндегі маңызы IV. Сан есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытудың жолдары

Яғни, мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар арқылы ұйымдастырудың қажеттілігі туды. Оқу-тәрбие үрдісі оқушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана сезім

721.19kb.

25 12 2014
5 стр.


Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктерінің көрініс беру мәселелері. Мазмұны

Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлық ерекшіліктерінің айқындау әдіс-тәсілдері

595.76kb.

25 12 2014
2 стр.


1. ӨНеркәсіпте инновациялық Үрдістің теориялық аспектілері инновациялық қызмет түсінігі, мәні және оның түрлері

Азақстан Респупликасындағы инновациялық қызметті ұйымдастыруда мемлекеттің рөлі

730.48kb.

25 12 2014
3 стр.