Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3

1. Мәдениеттану - кешендік гуманитарлық ғылым.

Мәдениеттанудың гуманитарлық ілімдер жұйесінде алатын орны. Мәдениет философиясы және мәдениеттің теориясы мен тарихы. Мәдениеттану және тарих философиясы. Дүниежүзілік көркем мәдениет және мәдениеттану. Мәдени антропология. Этика, эстетика және дінтану мәдениеттанулық пәндер ретінде.

Мәдениеттану қалыптасуының басты кезендері. Көнешығыстытық және антикалық мыдениеттанулық ойлар. Ортағасырлық және Ренессанс мәдениеттануы. Шығыстағы мәдениеттанулық ізденістер. Қазастан Республикасындағы рухани жаңғыру мәселелері және мәдениеттану. Рухани мәдениет және өркениеттілік.

Мәдениет және табиғылық. Мәдениет әлеміндегі адам. Мәдениеттің негізгі анықтамалары. Мәдениет құндылықтар дүниесі ретінде. Мәдениет әлеуметтендіру және жекешелендірудің бірлігі түрінде. Мәдениет дүниені адамдарудың нәтижесі, мұрагерлік пен сабақтастықтың құралы ретінде. Мәдениет – адам еріктілігінің кепілі. Мәдениет және сұхбат. Мәдени коммуникация. Мәдениет және өркениет. Мәдениеттің құрылымы. Мәдениеттегі материалдық пен руханилықтың, табиғилық пен жасандылықтың арақатынасы. Техника – мәдениеттің жемісі. Материалды мәдениет және адам мүмкіндіктері. Рухани мәдениеттің құрылымы. Мәдениет және менталитет. Салт-дәстүр – мәдениеттің өзегі. Мәдениеттегі дәстүршілдік пен жаңашылдық. Білімділік, зиялылық және мәдениеттілік. Әдептілік, әдемілік және мәдениет. Дін және мәдениет. Мәдениеттің басты қызметтері: адамшылық, қарымқатынастық, реттеушілік, ақпараттық, болжаулық, аксиологиялық.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4

Қосымша әдебиеттер: 5, 6, 8

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Келесі терминдерге назар аударыныздар: мәдениет, культура, натура, пайдея, политеизм, монотеизм, геодонизм аксиология, менталитет, салт-дәстүр, дін, өркениет, иррационализм, дегуманизация.

2. Мәдениеттанымдық концепцияларды дамуына үлес қосқан ойшылдардың, философтардың және басқа ғалымдардың дәрісін үлестерін конспекті түріне белгілеп көрсету.

3. Мәдениеттану қалыптасуының басты кезендерін жазу.

4.Әр түрлі түсініктеме сөздіктерге диктант жаздыру
2.Адам және мәдениет

Адам – мәдениеттанудың негізгі зерттеу объектісі. Мәдени антропология. Мәдениеттің биологиялық алғышарттары. Гуманизм және мәдениет. А. Швейцердің «өмірді қастерлеу», Тейяр де Шарденнің «адам феномені» Рерихтердің «тірі этикаі, «күш көрсетпеу» ілімдерінің гуманистік қоғамдық құрылымдармен күресі. Мәдениеттің жалпы адамзаттық өркениетті қалыптастырудағы қызметі. Мәдениеттің тоталитарлық түсініктерін сынау. Мәдениеттегі тұлғалық және тұлғасыздық. Технократиялық мәдениеттің шектері. Адамдық ынтымақтастық және аномия.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2

Қосымша әдебиеттер: 7, 8

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Терминдерге назар аударыныздар: аномия, технократия, антропология, ноосфера, персонализм.

2. Мәдениеттін тұлғалық және тұлғасыздық не екендігін жазып алыныздар.

3. Швейцер А., Тейар де Шарден және Рерихтердін концепцияларын жазып алыныздар.


3.Мемлекет, құқық және мәдениет

Мемлекет пен мәдениет арақатынастарының әмбепаптылығы. Мәдениеттің экстерриториялыығы. Адамзат мәдениетіндегі идеялар қолдаушылар: Платон, Макиавелли, Гегель, Талейран, В.И. Ленин және т.б. Мәдениет және демократия. Мәдениет жөніндегі элитарлық теориялар: Ницше мен Карлель. Авторитарлық және тоталитарлық жүйелердегі мәдени ахуал. Диссиденттік қөзғалыс, партикулярлық, мәңгүрттік; «темір перде», «берліндік қабырғалар».

Адам құқықтары және мәдениет. Мәдени құндылықтардың еркін жасау, пайдалану және тарату құқықтары. Мәдениет туралы заңдар: тарих және бүгінгі күн. Демократиялық және азаматтық қоғам – жоғары мәдениеттіліктің кепілі. Адам құқықтарының жалпы Декларациясы мәдени еркіндік жөнінде. ҚР Конституциясы мәдени жетістектеррді еркін тұтынудағы адам құқықтары туралы.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2

Қосымша әдебиеттер: 5, 8


  1. Антология культурологической мысли.-М., 1996

  1. Мырзалин С., Әлпейісов Ә. Қоғам және мәдениет.-А., 1999

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Терминдерге назар аударыныздар: экстерритория, демократия, диссидент, партикулярлық, мәңгүрттік.

2. Тезис ретінде басты ережелерді жазындар.
4.Мәдени сұхбат мәселелері

Мәдениеттің сұхбаттық табиғаты. Текст мәдени мұра ретінде. Мәдени контекстегі автор мен кейіпкер. Тіл және мәдениет. В.Я. Пропп, К.Леви-Стросс, Ю. Лотман, М. Бахтин мәдениет туралы. Мәдени коммуникация. Мәдениеттің әлеуметтік динамикасы /А. Моль/. Рухани мәдениеттің тарату және қорғау мәселелері. Антимәдениет, контрмәдениет, квазимәдениет. Мәдени дәстүр мен жаңашылдық.

Қазіргі адамзаттың бірлігі мен айырмашылықтары. Шығыс пен Батыс. Солтүстік пен Оңтүстік. Қазіргі суперөркениеттер. Хантингтон, Фукуяма ілімдері. Қазақстанның әлемдік өркениеттер сұхбатында алатын орны.

Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында». Ұлтық мәдениет пен менталитет. Ұлтаралық қатынастар мәдениеті. Маргиналдық мәдениет. ҚР-дағы ұлтық мәдениеттерді жаңғырту мәселелері.

Негізгі әдебиеттер:1, 2

Қосымша әдебиеттер: 5, 6, 22

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Терминдерге назар аударыныздар: бинарлық оппозиция, аккультурация, контрмәдениет,антимәдениет, квазимәдениет.

2. Тезис ретінде басты ережелерді жазындар.
ІІ-БӨЛІМ. ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТ ТАРИХЫ

5. Алғашқы қауымдық қоғам мәдениеті

Көне мәдениет кейінгі мәдени типтердің бастауы ретінде. Тағылық, варварлық өркениет. Көне қоғамның материалдық ерекшеліктері. Алғашқы адамдардың рухани мәдениетінің синкреттік сипаты. Миф – көне адамдардың дүниелік бағдары мен дүниетанымы. Миф типологиясы. Тотем, табу және бақсылық көне мәдениеттегі алатын орны. Қауымдық қоғамдағы салт-дәстүр, әдет-ғурып және рәміз-таңбалардың алатын орны. Көне сана ерекшеліктері. Алғашқы діни сенім-нанымдары: анимизм, тотемизм, фетишизм, магия. Көне өнер ерекшеліктері. Қазіргі өркениеттердегі көне мәдениеттің нышандары.

Негізгі әдебиеттер: 1,2

Қосымша әдебиеттер: 32

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Терминдерге назар аударыныздар: миф, анимизм, тотемизм, фетишизм, магия, синкретизм.

2. Тезис ретінде басты ережелерді жазындар.
6. Алғашқы Шығыс мәдениеттері мен өркениеттері

Алғашқы өркениеттердің қалыптаусы ерекшеліктері. Еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі. Жазудың, қалаладың, мемлекеттің, меншіктің, азаматтық қоғам нышандарының пайда болуы. Шумер өркениеті. Бұл өркениеттің прототүріктік табиғаты туралы жорамал. Шумерлік мәдениеттегі діни нанымдар, саналық жазу, көркем мәдениет. «Гильгамеш туралы жыр» және оның мәдени құнылығы. Аккад, Вавилон, Ассирия, Финикия мәдениеті.

Көне Мысыр мәдениеті. Мысыр мәдениетінің пайда болуы туралы жорамалар. Египеттің материалдық және рухани мәдениеті. Көне египеттіктердің сенім-нанымдары, иероглифтік жазуы, сәулет өнері.

Көне Үнді өркениеті. Арийлерге дейінгі үнділік мәдениеттер. Хараппа. Үнді-арийлік мәдениеттің әлемдік өркениеттілікте алатын орны. Көнеүділік материалдық және рухани мәдениеттің ерекшеліктері. Үнді мәдениетіндегі дүниетанымдық және діни жүйелер. Веддалар, брахманизм, чарвактар, индуизм, буддизм. Үнділік және ортаазиялық мәдениеттердің сұхбаты. Кушан, Бактрия, Ұлы Монғолдар мәдениеті.

Көне Қытай өркениеті. Қытай мәдениетінің бастаулары мен ментальдық ерекшеліктері. Қытай жеріндегі алғашқы өркениеттер. Қытай мәдениетінің архитиптері: инь мен янь, аспан ырғақтары және даолық мәдени генотип. Конфуций және мінсіз ақылды адамды тәрбиелеу мәселесі. Қытай өркениетіндегі материалдық мәдени жетістіктері. Қытай және түрік халықтарының мәдениеті.

Көне Иран мәдениеті. Ирандық өркениеттердің әлеуметтік-мәдени негіздері. Иранның материалдық және рухани мәдениеті. Зороастризм – Көне Иран мәдениетінің айқындауышы белгісі. Иран мәдениетінің Орталық Азиялық алғашқы өркениеттерге тигізген ықпалы. Иран және Тұран. Қазақ мәдениетінің архетиптеріндегі ирандық нышандар.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 32

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Тұсініктерге назар аударыныздар: «мәдениеттін архетипі», «діни жүйелер», «генотип», «ежелгі өркениеттер» .

2. Тезис ретінде басты ережелерді жазындар.
7.Антикалық мәдениет

Антикалық мәдениет Батыс өркениеттінің архетипі. Ежелгі Грецияның адамзаттың мәдени дамуында алатын орны. Антикалық мәдениетінің негізгі кезендері: Крит-Миной, архаикалық және классикалық Грекия, эллинизм, Рим. Ежелгі грек мифологиясы. Классикалық Грекиядағы философияның, әдебиеттің, театрдың, мүсіндік өнердің және т.б. өркендеуі. Тән және жан сұлулығы. Ежелгі Римнің мәдениеті (Этрурия, Рим республикасы, Рим империясы). Қалалардың архитектурасы және мүсін өнері.

Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3

Қосымша әдебиеттер:12

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Терминдерге назар аударыныздар: архаикалық мәдениет, классикалық мәдениет, антика, курос, сикора, пайдейя, полис.

2. Тезис ретінде басты ережелерді жазындар.
8.Орта ғасырдағы және Ренессанс кезіндегі Батыс мәдениеті

Батыс мәдениетінің архетиптері мен хронотоптары. Христиандық діннің мәдени өрісі. Христиандық дүниетаным және мәдени тұтастық. Иудаизм және алғашқы христиандар. Ортағасырлық Батыс мәдениетінің амбиваленттігі. Ресмишіркеулік және халықтық карнавалдық мәдениет. Еуропадағы қалалық мәдениет және бұқаралық сананың ырғақтары.

Ренессанс ұғымның мәдениеттанулық маңызы. Еуроорталықтық Ренессанс ілімдеріне сын. Батыс және Шығыс Ренессансы. Итальан Ренессансы. Батыс. Еуропа Ренессансындағы әдебиет пен бейнелеу өнерінің ролі.

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 37, 38

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Терминдерге назар аударыныз: адамгершілік, антроцентристік неоплатонизм, амбивалентігі, ренессанс, треченто, кватроченто, дученто, чинквеченто .

2. Тезис ретінде басты ережелерді жазындар.


9.Жаңа замандық Батыс мәдениеті

Қазіргі Батыс өркениетінің қалыптасу ерекшеліктері. Батыстық өркениеттің әлеуметтік-мәдени негіздері: алғашқы қор жинау, нарық, азаматтық қоғам, вестернизация. «Фауст» адам және протестантдық этика. Жаңа Заман философиясы және еуропалық ойлау стилінің қалыптасуы. Өнеркәсіптік төңкерістер мен техникалық өркениеттің қалыптасуы. Реформация, Ағартушылық пен Романтизм. Отаршылдық пен әлем бөлінісі. Әлеуметтік қақтығыстар. Атеизм, революциялақ сана мен материализм.

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 57, 50

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Терминдерге назар аударыныздар: вестернизация, реформация, ағартушылық, романтизм.

2. Тезис ретінде басты ережелерді жазындар.
10. ХХ ғасыр мәдениеті және оның болашағы

Қазіргі Батыс мәдениетінің парадигмалары. ХХ ғасырдағы әлеуметтік жанжалдар және бүкіладамзаттық өркениеттіліктің қалыптаса бастауы. Күш көрсетпеу этикасы және жаңа гуманизм. ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттер және батыстандыру шектері. Бұқаралық және экрандық мәдениет. Адамзат тарихында ХХ ғасыр мәдениетінің ерекше орны. ХХ ғасыр мәдениеті дамуының басты бағыттары және жалпы адамзаттық және ұлттық сипаты.

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер:19

18. Жарықпаев Қ., Алдамұратов Ә., Ғабитов Т.Х. Әдеп негіздері. А., 1997

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Терминдерге назар аударыныздар: парадигма, гуманизм, бұқаралық мәдениет, экрандық мәдениет, элитарлық мәдениет.

2. Тезис ретінде басты ережелерді жазындар.


ІІІ-БӨЛІМ. ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХЫ (2 кредит)

11. Қазақ мәдениетінің бастаулары

Қазақ мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны. Қазақстан мәдениеті тарихының басты кезендері. Қазақ мәдениетінің зерттелу деңгейі және еуроорталықтық, империяшыл, арийорталықтық қөзқарастарға сын. Қазақ мәдениетінің автохтондығы мен гомогендігі. Номадалық шаруашылық-мәдени тип- қазақ мәдениетінің архетипі. Қазақстан жеріндегі көне көшпелілік мәдениеттер. Скиф-сақ өркениеті. Ежелгі сақтардың сенім-нанымдары, ментальдықерекшеліктері және өнері. «Аң стилі» және оның қазақ оюөрнегіндегі көріністері. Анахарсис-скиф философы. Әскери демикратия және прототүрктердің ел басқару мәдениеті. Әйелдердің сақ қоғамында алған орны. Номадалық ұлыстардың Шығыстын Батысқа қарай қоныс аударуы. Көшпелілер тарих католизаторлары ретінде. Ғұн, үйсін, қаңлылар – прототүрктік мәдениеттің иелері. Прототүрктердің материалды және рухани мәдениеті. Ұлы жібек жолы және прототүрктер.

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 20

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Терминдерге назар аударыныздар: «аң стилі», «автохонді», «гомогенді», «номадтар».

2. Тезис ретінде басты ережелерді жазындар.
12.Түркілік өркениеттердің қалыптасуы

Түрік халықтары мәдениетінің әлем өркениеттерде алатын орны. Түріктердің алғашқы көшпелі мемлекеттері. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық қалалық мәдениеттер. Көшпелі және жартылай көшпелі халықтын материалды мәдениет жетістіктері. Оазистік диханшылық, сәулет өнері және металл өндеу тәсілдері. Орхон-Енисей мұралары және олардың түрік халықтарының жазу мәдениетінің қалыптасуында алатын орны. Ежелгі түріктердің сенім-нанымдары мен діни жүйелері. Көк Тәңірі, Жер-су мен Ұмай. Түріктердің космогониясы мен мифологиясы. Шамандақты мәдениетінің өшпес мұрасы.

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер:20

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Тұсініктерге назар аударыныздар: «көшпелі халық», «жартылай көшпелі халық», «отырықшы халық», «діни жүйелер».

2. Тезис ретінде басты ережелерді жазындар.
13. Ислам Ренессансы және оның Қазақстан жеріндегі ерекшеліктері

Ренессанс әлемдік құбылыс ретінде. Исламның түрік халықтарының рухани мәдениетінде алатын орны. Араб-парсы мәдениеті және Орталық Азия. Орталық Азиядағы материалды мадениет, қалалық сәулет және өнер. Мұсылмандық Ренессанстың ұлы тұлғалары. Шығыс перипатетиктері және олардың философиясы. Әл-Фараби және оның әлеуметтік мәдени ілімі. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінің» түрік халықтарының рухани мәдениетіндегі орны. Махмут Қашқари – дәстүрлі түрік мәдениетін алғашқы зерттеуші. Сопылық мәдени бағдар. Қожа Ахмет Яссауи және оның «Ақыл кітабы». Алтын Орда мәдениеті.

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер:26,27,29

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Түсініктерге назар аударыныздар: «Ислам Ренессансы», «қалалық сәулет», «шығыс перипатетика» .

2.Әл-Фараби, Ж. Баласағұнның, М. Қашқари, Қ.А. Яссауи еңбекттермен танысу

3. Тезис ретінде басты ережелерді жазындар.


14.Қазақ хандығы дәуіріндегі мәдениет. Ресей империясы құрамындағы қазақ мәдениеті

Қазақ халқының қалыптасуының әлеуметтік-мәдени негіздері. Қазақ мәдениетінің мемлекеттік кезеңі. Қазақ хандығының материалды мәдениеті. Жаңа заман көшпелілері. Қазақ киіз үйінің символикасы. Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, рәміз-рәсімдері. Жеті аталық үрдіс. Эпос әлемі. Қазақстан дәстүрлі әдеп жүйесі, сенім-нанымдары. Дүниетанымдық синкретизм. Қазақтардың дүние туралы түсініктері, тілі, жазуы, емшілік тәсілдері, музыкасы. Қазақ халқының ментальдық ерекшеліктері.

Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі. Отарлау әлде мәдениеттер сұхбаты? Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күресі. Миссионерлік әрекеттер және патшалық Ресейдің исламға көзқарасы. Қазақ антиутопиясы. Зарзаман мәдениеті. Қазақ ағартушылығы Ш. Уалихановтың мәдениеттанулық ізденістері. Дәстүрлі мәдениет пен жаңашылдық. Ы. Алтынсарин – қазақ ағартушылығының тікелей түлғасы. Абай – қазақтың рухани мәдениетінің жеткен шыңы. Шәкәрімнің мәдениеттанулық көзқарастары. Ұлттық сананың оянуы және ұлт-азаттық қозғалыс.

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 24, 25, 26

Әдістемелік ұсыныстар:

1.Келесі түсінеке назар аударыныздар: «Зарзаман», «ұлттық санасы», «мәдени сұхбат»

2.Тезис ретінде басты ережелерді жазу керек.


15. Қазақтың социалистік мәдениеті және Қазақстан Республикасының мәдениеті

ХХ ғасырдың жаңа мифі. Тоталитаризм және мәдениет. Социалистік мәдениет ұғымы. Мәдени революция ілімдері. Кеңістік мәдениеттегі парикуляристік, маргиналдық, мәңгүрттік белгілер. Мемлекет және мәдениет. «Түрі ұлттіқ, мазмұны социалистік мәдениет» түсінігінің шынайы мағынасы. Кеңістік Қазақстандағы мәдени өзгерістер ерекшеліктері. Сауатсыздықты жою және жазбаша мәдениет жетістіктері. Индустрияландыру және қалалық мәдениет. Коллективтендіру, жаппай отырықшылыққа қөшу және мәдени геноцид. Қазақстанның саяси мәдениеті және тоталитарлық әкімшіл жүйе. Қазақстандағы этномәдени ахуал.

Кеңес Одағы ыдырауының әлеуметтік-мәдени негіздері. Қазақ мәдениеті тәуелсіздік аясында. Қазақстан Республикасындағы мәдени жағдай. Нарық және мәдениет. Қазақ мәдениетін батыстандыру ерекшеліктері. Шығыстық сұхбат аймағына қайта қосылу талпыныстары. Қазіргі мәдени типтер: архаикалық, маргиналдық, мәңгүрттік, еуразиялық, нарықтық, ақсүйектік. Заманның рухани талабы және мәдени жауап баламалары. Мәдени өркендеу бағдарламары. Қазақстанның даму стратегиясындағы мәдениет мәселелері.

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 22

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Келесі түсінеке назар аударыныздар: «мәдени типтер», «тоталитаризм», «кеңістік мәдениет», «геноцид», «индустрияландыру»

2. Тезис ретінде басты ережелерді жазу керек.


2.3 Семинар сабақтарың жоспары

1. Мәдениеттанудың пәні және оның қоғамда алатын орны.

Сұрақнама:


  1. Мәдениеттану пәнінң міндеттері?

  2. Мәдениеттану пәннің қоғамдағы алатын орны?

  3. Мәдениеттанудың қызметті?

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 19, 30

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама жасау

Реферат тақырыптары

1. Материалдық пен рухани мәдениет және олардын элементеры

2. Әдеп, дін, өнер, ғылым коғамдағы орны

3. О. Шпенглердін мәдениет философиясы

4. Адам, өнер, мәдениет - Бердяевтін философиясында

5. Қундылық - мәдениеттін негізін қалаушы (П.А. Сорокин)


2.Қарым-қатыннас және жүріс-тұрыс мәдениеті.

Сұрақнама:



  1. Этикеттің адам өміріндегі алатын орны неде?

  2. Батыс Шығыс мәдениеттегі айырмашылығы қандай?

  3. Қарым-қатынас және жүріс-тұрыс мәдениеті адам қоғамына не қажет?

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 20, 21

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама жасау


3.Мәдениет және мемлекет.

Сұрақнама:



  1. Адамзат мәдениетіндегі идеялар қолдаушылар кім?

  2. Түрлі мәдениеттер арасындағы қандай қозғалыстар болады?

  3. ҚР Конституциясы мәдени жетістектеррді қандай?

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер:20,21,22

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама жасау




  1. Мәдениет және экономика.

  1. Бұқаралық мәдениеттің қоғамдағы орны не де?

  2. Мәдениеттің экономикаға қандай қатынасы бар?

  3. Мәдениеттін өсуі қандай экономикаға әсерін тигізеді?

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер:27,28,29

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама жасау




  1. Мәдениет және дін.

1.Алғашқы қауымдық дәүірдегі сенімдер мен алғашқы дін формалары қандай?

2.Дүниежузілік діндердің пайда болуы мен омірде алатын орны айтыныз?

3.Қандай діни сюжеттер әдебиет пен өнер шығармаларындағы жазылған?

4.Дін басыларың өміржолы: Мүхаммед пайғамбар, Иса пайғамбар, Будда, Конфуций, Заратустра, Лао Цзы?

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 6, 39

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама жасау

Реферат тақырыптары

1. Оңтүстік-батыс Еуропадағы палеолиттік кескіндеме

2. Ежелгі Мысыр сәулет өнері

3. «Алтын қима» Египеттік өнерде: қупиялары мен ашылуы




  1. Мәдениет және өркениет.

  1. Өркениттін тұсінігі?

  2. Дүниежүзілік тарихтын мәселелері не де?

  3. Мәдениет пен өркениеттін айырмашылығы және ұқсастығы не де?

  4. Өркениет түралы қандай концепциялар жазылған және кімдер жазған?

Негізгі әдебиеттер:1,2

Қосымша әдебиеттер:14, 18

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама жасау

1.Жаңа заман мәдениеттеріндегі аңыздар

7.Шығыс-Батыс: мәдениеттер сұхбаты.

1.Алуан түрлі мәдениеттер арасында қандай қарым-қатынас болуы мүмкін?

2.Мәдениеттер сұхбаты концепциясы тұралы жазған кімдер?

3.Мәдени сұхбат қазіргі коғамдағы орны қандай?

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер:10,11,12

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама жасау

2. Хабарлама жасау мерзімді баспасоз материалдарды бойынша


8.Көне мәдениет.

1.Көне мәдениеттердін кезендері қандай?

2.Алғашқы қауым мәдениетнің бағалық діникөзқарастарының рухани негіздері?

3.Мәденеттің алғашқы элементтері , олардың ерекшелігі, өзара байланысы?

4.Алғашқы қауымды мәдениетенең негізгі белгілері. Адам мен табиғат байланысы?

5.Алғашқы қауымдық қоғамның көркем мәдениеті?

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 10, 46

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама жасау

Реферат тақырыптары:

1. Локальдық мәдениет мәселелері: даму ұғымы мен зандылықтары. Гильгамеш туралы эпос – ең ежелгі әдебиет үлгісі

2. Үндістандық өнер эволюциясы: сатылары мен ерекшеліктері

3. Африканың дәстүрлі өнері: жаңаның мен көне біртұстастығы


9. Аңыздын мәдениеттегі алатын орны.

  1. Аңыз әлемді түсіну формасы ретінде аңыздың түрлері?

  2. Аңыздың басқа мәдениет формаларымен байланысы (дін, ертегі, жыр, ғылым, тарих және әдет)?

  3. Алғашқы қауымдық дін?

  4. Қазіргі мәдениетіндегі аңыз (аңыз көрінісі)?

  5. Аңыздың философиялығы?

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер:10, 11, 12

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама жасау


10. Әр дәуірдегі әлемдік мәдениеттің даму заңдылықтары.

  1. Антикалық дәуірдегі мәдениет теориясын ұсыншылар ?

  2. Ортағасыр дәуірдегі мәдениет теориясын ұсынушылар?

  3. Ренессанс дәуірдне гуманизм (адамгершілік) идеяларын жариялаушылар?

  4. Арап мұсылман философиясындағы мәдени тұжырымдамалардың өркендеуі?

  5. Еуропа халықтарының ағартушылық көзқарастары?

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер:10,11,12

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама жасау

Реферат тақырыптары:

1. Персеполь рельефтері. Персепольдың монументалды мүсіні

2. Антика саулет өнері: ионикалық, дорикалық, коринфтык ордерлері

3. Классикалық кезеннің мүсін өнері. Фидий, Мирон, Поликлет, Пракситель

4. Антикалық әдебиет

5. Антикалық театр. Грек театрдындағы трагедия мен комедиялары

6. Грек және Рим аныздары

7. Рим империясының сәулет өнері

8. Византия мәдениетіндегі икон жазуының сатысы мен қорытындысы
11. Ренессанс гуманизмі және титанизм.


  1. Қайта өрлеу мәдениетіндегі гуманизм және антропоцентризм

  2. Қайта өрлеу кезенің алыптары

  3. Қайта өрлеу кезенің өнері

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер:37, 42

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама жасау

Реферат тақырыптары:

1. Ортағасырлық Еуропаның университеттері

2. Ортағасырлық Еуропадағы қалыптасқан қала әдебиеті

3. Ортағасырлық Еуропаданың көркем өнер мәдениеті

4. Қайта жаңғыру дәуірдегі «антропоцентризм», «гуманизм» идеялары қалыптасуы (Дж. Вазари, Л. Бруни, К. Салютати)

5. Қайта жаңғыру дәуірдегі әдебиет (Д. Алигьери, Ф. Петрарка, Ф. Рабле, М. Сервантес, В. Шекспир)

6. Қайта жаңғыру дәуірдегі көркем өнер мәдениеті (Л. да Винчи, Р. Санти, Микеланждело, Джотто, Тициан)
12.Жаңа дәуір мәдениеті. ХХ ғасыр мәдениеті.

1.Еуропа үшін жаңа заман мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезеңдерді атап өтініз?

2.Үш кезенің ерекшеліктері қандай?

3.ХХ ғасыр мәдениетінің ерекшелігі не де?

Негізгі әдебиеттер:1,2

Қосымша әдебиеттер:10,11,12

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама жасау

Реферат тақырыптары:

1. Реформация дәуірінің мәдениеті

2. Рационализм ғасырының мәдениеті

3. Ағартушылық ғасырының мәдениеті

4. Классика ғасырының мәдениеті

5. ХХ ғасыр мәдениеті

6. Қазыргы заманның этикеті

7. Модернизм, импрессионизм, абстракционизм

8. Буқаралық мәдениет

9. Адам – коғам - мәдениет


13.Қазақ мәдениеті.

1.Ауыз әдебиетінің түрлері?

2.Қазіргі замандағы қазақ салт-дәстүрлері?

3.Қазақ халқының ментальдық ерекшіліктері?

Негізгі әдебиеттер:1,2

Қосымша әдебиеттер: 40, 43

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама жасау

Реферат тақырыптары:

1.Қазақтардын ежелгі наным-сенімдер

2.Қазақ салт-дәстүрлер

3.Ұлі Жибек жолы

4.Әль-Фараби этикасы

5.Ж.Баласағуннің шығармашылықтары

6.Қазақ мәдениетінің ғалымдары мен зерттеүшілері

7. Ақан сері, Тәттімбеттің, Құрманғазы ж.т.б. ақындарының шығармашылықтары

8.Қазақ халқының мейрамдары

9.Қазақ халқының материалдық мәдениеті

10.Қазақ мәдениетінің рухани байлығы
14. Көшпенділер менталитетінің спецификасы.


  1. Әлеуметтік құрылымдар және құндылық иерархиялығы?

  2. Әлеуметтік күрделі жүйе?

  3. Орнаменттік композициялардың семантикасы?

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама жасау

Негізгі әдебиеттер:1,2

Қосымша әдебиеттер:40, 44


15. Қазақстан Республикасының мәдениеті.

1.Қазақстан Республикасындағы мәдени жағдай?

2.Қазақстан Республикасындағы даму стратегиясы мәдениет мәселелері?

3.Қазақ мәдениетінің типологиясы?

Негізгі әдебиеттер:1

Қосымша әдебиеттер: 19,21, 27

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Баяндама жасау

2. Қазақстандағы әлеуметтік мәдени жағдай туралы баспасөзге шолу жасау
2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ)

Тапсырма


1.Сөз сайыз тақырыбы «Қарым қатынас мәдениеті»

сұрақттар:

1.Бұрынғы кездегі және қазыргі кездегі қарым-қатынас мәдениеті

2. Қарым-қатынас мәдениеттегі салт-дәстүрлердін алатын орны

3. Қарым-қатынас мәдениетінің сол елдегі маныздылығы

Әдістемелік ұсыныстар:

1.Студенттер топқа бөлінеді (5-6 студент)

2.Әр-бір топ елді тандайды. (Қосымша ақпаратты оқытушыдан аласыз)

3. Сұрақ бойынша тандаған елдін мәдениетін, салт-дәстүрлерін өз-беттерімен берілген әдістемелік құрал негізінде қарастырады. Сол қарастырған материалдар бойынша сайысқа түседі.

Негізгі әдебиеттер:1

Қосымша әдебиеттер: 7,11,10
2.Түсініктемелер бойынша сөз жұмбақ қурастыру

мәдениет, өркениет, аксиология, дін, ноосфера, персонализм, технократия, антропология, аныз, рухани, материалдық, адамшылық, дәстүр, адамшылық

Әдістемелік ұсыныстар:

1.Сөздікте түсініктеме қарастыру

2.Тік, көлденен сөздерді құрастыру

3.Сұрақнаманы жасау

Негізгі әдебиеттер:1
3. Карточка бойынша жұмыс істеу

Сұрақнама:

1. Мәдениет деген не?

2. Басқа ғылым салаларымен қандай байланысы бар?

3. Мәдениет қызметтері?

4. Мәдениеттің негізгі анықтамалар қандай?

5. Қандай мәдениет туындысын білесіз?

6. А. Швейцер, Тейяр де Шарден, Рерих қандай концепцияларын білесіз?

7. Адамзат мәдениетіндегі идеялар қолдауышылар кім?

8. Мәдениет жөніндегі элитарлық теорияларды жазған кім?

9. Мәдениет туралы зандарды атаныз.

10.Рухани мәдениеттің тарату және қорғау мәселелері?

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Дәріс бойынша сұрақтарға жауап беру

Негізгі әдебиеттер:1,2

Қосымша әдебиеттер:18


2. Дәріс бойынша түсініктеме сөздікті жасау.

1,2,3,4,5 дәріс тақырып бойынша берілген түсініктемелерді сөздікке жазу.

Негізгі әдебиеттер:1,2,3
4.Баспасөз материалдарды бойынша хабарлама жасау.

Тақырыптар:

1.Адам және мәдениет

2.Мемлекет және мәдениет

3.Құқық және мәдениет

Әдістемелік ұсыныстар:

1.Баспасөз шолу жасау
5. Сөз сайыз тақырыбы «Алғашқы діни сенім-нанымдары»

сұрақттар:

1.Бұрынғы кездегі және қазыргі кездегі діни сенім-нанымдары

2. Алғашқы мәдениеттегі діни сенім-нанымдардын алатын орны

3. Рухани мәдениет дамуында діни сенім-нанымдарынын әсері

Әдістемелік ұсыныстар:

1.Студенттер топқа бөлінеді (5-6 студент)

2.Әр-бір топ діни сенім-нанымдарды тандайды:

3. Сұрақ бойынша тандаған діни сенім-нанымдардын мәдениеттегі алатын орны туралы өз-беттерімен берілген әдістемелік құрал негізінде қарастырады. Сол қарастырған материалдар бойынша сайысқа түседі.

Негізгі әдебиеттер:1,2,3

Қосымша әдебиеттер:31, 46, 47, 48

6. Түсініктемелер бойынша сөз жұмбақ қурастыру

тотем, табу, анимизм, фетишизм, магия, миф, синкретизм, архетип, бақсылық, тағылық, петроглиф, палеолит, мезолит, неолит

Әдістемелік ұсыныстар:

1.Сөздікте түсініктеме қарастыру

2.Тік, көлденен сөздерді құрастыру

3.Сұрақнаманы жасау

Негізгі әдебиеттер:1


7. Бейне-фильм көру «Ежелгі Мысыр құпиясы»

Сұрақнама:

1. Көне Мысыр мәдениетінің ерекшілігі?

2. Қай уақыттан пирамидаларды жасап бастады?

3. Не үшін пирамидаларды салды?

4. Жоғарғы Мысырды не рәміздеді?

5. Рамзес ІІ әкесінің (Цепи) храмындағы қабырғасанда сұреттемелер нені білдіреді?

6. Қандай құдайларға храм салынған?

7. Қазіргі заманда ескі ғимараттарды сақтауға қандай жұмыс өткізіледі?

8. Біз үшін мәдени ескерткіштер нені білдіреді?

Әдістемелік ұсыныстар:


  1. Бейне-фильм көргенен кейін есеп беру

8. Карточка бойынша жұмыс істеу

Сұрақнама:


  1. Шумер өркениеттінің дербестілігі неде?

  2. «Гильгамеш туралы жыр» мәдени құндылығы қандай?

  3. Көне Мысыр өнерінің ерекшелігі?

  4. Үнді-арийлік мәдениеттің әлемдік өркениетілікте алатын орны?

  5. Көне Үнді мәдениетінің ерекшелігі?

  6. Брахманизм мен буддизмның айырмашылығы қандай?

  7. Қытай мәдениетінің архитиптері атаңыз?

  8. Конфуцийдін Қытай мәдениетінде алатын орны?

  9. Ирандық өркениетдің әлеуметтік-мәдени негіздері?

  10. Иран мәдениетінің Орталық Азиялық алғашқы өркениеттерге тигізген ықпалы?

Негізгі әдебиеттер:1

Қосымша әдебиеттер:10,11,12


9. Дәріс бойынша түсініктеме сөздікті жасау.

6,7,8,9 дәріс тақырыбы бойынша берілген түсініктемелерді сөздікке жазу.

Негізгі әдебиеттер:1
10. Бейне-фильм көру «Рим империясы»

Сұрақнама:

1. Сол уақытта қандай сәулет ғимараттар салынған?

2. Қай император сәулет өнерін дамытты?

3. Жаңа дін қалай пайда болды?

4. Римдіктердің мәдени тұрмысы?

Әдістемелік ұсыныстар:


  1. Бейне-фильм көргенен кейін есеп беру




  1. Репродукция альбом арқылы Ренессанс уақыттында жасалған мәдени құндылықтарға (шедевр) талдау жасау.

Әдістемелік ұсыныстар:

1.Ренессанстың басты құндылықтарын көрсету

2. Құндылықтардың қасиетерін көрсету

Қосымша әдебиеттер:49,38


12. Түсініктемелер бойынша сөз жұмбақ қурастыру

Ренессанс, адамгершілік, антроцентристік неоплатонизм, амбивалентігі, треченто, кватроченто, дученто, чинквеченто Әдістемелік ұсыныстар:

1.Сөздіктен сөздердің түсініктемелерін қарастыру

2.Тігінен, көлденеңінен сөздерді құрастыру

3.Сұрақнаманы жасау

Негізгі әдебиеттер:1


13. Карточка бойынша жұмыс істеу

Сұрақнама:



  1. Батыстық өркениеттің әлеуметтік-мәдени негіздері қандай?

  2. Реформация кезеңнің ерекшеліктері?

  3. Ағартушылық кезеңнің негіздері?

  4. Романтизмнің Батыс мәдениетіне әсері?

  5. ХХ ғасырдың жаңа гуманизмнің негізі?

  6. ХХ ғасырынды мәдени түрлерінің дамуы?

  7. Күш көрсетпеу этикасы?

  8. ХХ ғасырдағы басты мәселелер?

  9. Мәдениетте жаңа өнер түрлері (модернизм)?

  10. Модернизм орталығы?

Негізгі әдебиет: 1


  1. Бейне-фильм көру «Қазақтың салт-дәстүрлері»

Сұрақнама:

  1. Қазақ салт-дәстүрлерін казіргі уақытта алатын орны?

  2. Қандай салт-дәстүр туралы филмде айтылады?

  3. Салт-дәстүрледі сақтау қажеттілігі неде?

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Бейне-фильм көргенен кейін есеп беру

2. Бейне-фильмнен көрген салт-дәстүрдің орындалу ретін схема арөылы көрсетініз. Әр бір жеке элементіне түсінік берініз
15. Сөз сайыз тақырыбы «Қазақстан Республикасының мәдени жағдайы»

сұрақттар:

1.Бұрынғы кездегі және қазіргі кездегі қазақ мәдениеті

2. Қазақстан Республикасының мәдениеттінде Батыс мәдениетінің алатын орны

3. Қазақстан Республика мәдениетінің басты мәселелері

Әдістемелік ұсыныстар:

1.Студенттер топқа бөлінеді (5-6 студент)

2.Әр-бір топ студенттері баспасөз материалдары бойынша қазіргі заманғы Қазақстан мәдениетінің даму сатысы туралы баяндама жасайды.

3. Сұрақ бойынша Қазақстан жеріндегі мәдени құндылықтарын , дербестілігін, ерекшелігін өз-беттерімен қарастырады. Сол қарастырған материалдар бойынша сайысқа түседі.

Негізгі әдебиет: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер:20, 21, 43
16.Тарихи өлкетану мұражайына экскурсия жасау

Тапсырма:

1.Қазақ халқының колөнерімен танысу.

2.Шығыс Қазақстанның мәдени ескерткіштері

3.Салт-дәстүрдің материалдық мәдени туындылары

Әдістемелік ұсыныстар:



  1. Есеп беру

Қосымша әдебиеттер:

1.Маданов Х. Қазақ мәдениет тарихы.-А., 1998


2. 5. Студенттің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтардың жоспары (СӨЖ):

<предыдущая страница | следующая страница>


"Мәдениеттану" пәнінің оқу-әдістемелік кешені «Қаржы», «Экономика», «Жергілікті және мемлекеттік басқару», «Есеп және аудит», «Маркетинг», «Менеджмент» мамандықтарына арналған

Экономика, 050510 жергілікті және мемлекеттік басқару, 050508 Есеп және аудит, 050511 Маркетинг, 050507 Менеджмент мамандықттары үшін

610.14kb.

15 12 2014
3 стр.


Ф со пгу 18. 2/05 Әдістемелік нұсқау

«Экономика», 050507 «Менеджмент», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» 050511 «Маркетинг» мамандықтарының сырттай оқу түрінің студ

161.5kb.

12 10 2014
1 стр.


Методические указания Қазақстан Республикасының ғылым жєне білім министрлігі

«Экономика», 050507 «Менеджмент», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» 050511 «Маркетинг» мамандықтарының сырттай оқу түрінің студ

282.94kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазтұтынуодағы

В 05080 «Есеп және аудит», 5В 051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарына арналған Қр госо, 5В05060 «Экономика мамандығының жұмыс оқу жоспар, және пәннің кэук ми-85

588.46kb.

11 10 2014
4 стр.


Әдістемелік нұсқау Ұ сф пму 18. 2/06

«Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050511 «Маркетинг», 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит», 050506 «Экономика» мамандықтары студенттері үшін

104.9kb.

25 12 2014
1 стр.


Әдістімелік нұСҚаулық

«Экономика», 050508 «Есеп және аудит», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050509 «Қаржы» мамандықтарының студенттеріне арналған

120.08kb.

23 09 2014
1 стр.


Пму ұс н 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Экономика», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050506 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050511 «Маргетинг» мамандығының студенттеріне арналған

170.06kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақ тілі курсы бойынша 050511 «Маркетинг», 050506 «Экономика», 050507 «Менеджмент», 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит»

«Маркетинг», 050506 «Экономика», 050507 «Менеджмент», 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит»

461.4kb.

16 12 2014
3 стр.