Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрiнiң
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 194 бұйрығымен
бекiтiлген
Мемлекеттік мәдениет ұйымдары,
мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы
ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу
ережесi
-
Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тіл саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртiбiн реттейдi (бұдан әрі - Ереже).
-
Осы Ережеге сәйкес есептелетiн мамандықтар бойынша жұмыс өтілі күнтiзбелiк санау бойынша есептеледi.
-
Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық жалақысын көтеру құқығы туындаған кезінде жұмысшылардың лауазымдық жалақысын есептеу үшін осы құқығы туындаған күннен бастап жұмыс өтiлi есепке алынады.
-
Мамандығын және ұқсас мамандығы бойынша жұмыс өтілі, мемлекеттік ұйымдар басшыларымен бекітілген еңбек өтілін белгiлеу туралы комиссия құрамымен анықталады.
-
Жұмысшының мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн белгiлеу үшін арналған еңбек қызметiн растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес анықталған.
-
Мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгiлеу туралы комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi және ұйымның кадр қызметінде сақталады.
2. Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің
мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу
7. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі мемлекеттік мәдениет ұйымдарында және басқа да ұйымдастыру-құқықтық нысанына тәуелсіз ұйымдардағы жұмыс істеген барлық уақыты есептеледі, сонымен қатар:
1) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыты;
2) жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған уақыттан басқа, мерзiмдi әскери қызмет атқаруы, сондай-ақ интернационалдық борышын
орындауы, соның ішінде тұтқында болған әскери қызметшiлер, офицерлік құрамдағы азаматтар, прапорщиктер, мичмандар, Қарулы Күштердегi әскери қызметшiлердiң мерзімінен тыс қызметі, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару ұйымдарында және бұрынғы КСР Одағы мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және КСОО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi ұйымдар жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдері кіреді;
3) жүктілігі және босануы бойынша демалыстар, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес берілетін еңбекақысы сақталмайтын бала күтуі бойынша берілетін демалыс;
4) Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдардың депутаттары өкілеттерін жүзеге асыру;
5) егер жұмысшы шетелдегі жұмыстарға мамандығы бойынша мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жіберіліп, екі ай ішінде мемлекеттік мәдениет ұйымдарына жұмысқа тұрған болса, көшу уақытын есептемеген де, шетелдегі жұмысы кіреді;
6) қайта жұмысқа орналасу кезінде жұмыстан заңсыз шығарылуы салдарынан, еріксіз жұмыстан қалу уақыты;
7) даярлау, қайта даярлау және кадр бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарғы мемлекеттiк мұрағат жолдамасы бойынша жұмыстан босатылып, оқуға қатысқан уақыты;
8) ұйымдарда мамандығы бойынша ғылыми жұмыстары;
9) сала қызметіне (ұйымдастыру-құқықтық нысанына) тәуелсіз ұқсас мамандық бойынша еңбек қызметін атқарған лауазымдағы жұмыс уақыты;
10) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақ ССР-і мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол ұйымында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдардағы жұмыс уақыты;
11) мәдениет ұйымдарындағы жұмыс бағытына сәйкес келетін білім және ғылым саласындағы лауазымдарда мамандықтары бойынша жұмыс уақыты кіреді.
-
Мемлекеттік мұрағаттар қызметкерлерінің
мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу
8. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі мемлекеттік, арнаулы, жеке және ведомстволық мұрағаттардағы жұмыс істеген барлық уақыты есептеледі, сонымен қатар:
1) мұрағаттану, археография, құжаттану саласындағы ұйымдардағы ғылыми жұмыстар;
2) әр түрлі жеткізгіштердегі мұрағат, мұражай, кітапхана және тарихи құжаттарды қалпына келтіру саласындағы ұйымдарда жұмыс істеген уақыты;
3) шағынфильмдеу, ақпараттық жүйелер, бағдарламамен қамтамасыз ету және фотоға түсіруде мұрағат пен кітапхана саласындағы ұйымдарда жұмыс істеген уақыты;
4) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыты;
5) жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған уақыттан басқа, мерзiмдi әскери қызмет атқаруы, сондай-ақ интернационалдық борышын орындауы, соның ішінде тұтқында болған әскери қызметшiлер, офицерлік құрамдағы азаматтар, прапорщиктер, мичмандар, Қарулы Күштердегi әскери қызметшiлердiң мерзімінен тыс қызметі, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару ұйымдарында және бұрынғы КСР Одағы мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және КСОО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi ұйымдар жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдері кіреді;
6) жүктілігі және босануы бойынша демалыстар, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес берілетін еңбекақысы сақталмайтын бала күтуі бойынша берілетін демалыс;
7) Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдардың депутаттары өкілеттерін жүзеге асыру;
8) қайта жұмысқа орналасу кезінде жұмыстан заңсыз шығарылуы салдарынан, еріксіз жұмыстан қалу уақыты;
9) даярлау, қайта даярлау және кадр бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарғы мемлекеттiк мұрағат жолдамасы бойынша жұмыстан босатылып, оқуға қатысқан уақыты;
10) сала қызметіне (ұйымдастыру-құқықтық нысанына) тәуелсіз ұқсас мамандық бойынша еңбек қызметін атқарған лауазымдағы жұмыс уақыты;
11) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақ ССР-і мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол ұйымында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдардағы жұмыс уақыты.
4. Мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар
қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу
9. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі тілдерді дамыту саласындағы ұйымдарда, білім ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс істеген барлық уақыты есептеледі, сонымен қатар:
1) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыты;
2) жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған уақыттан басқа, мерзiмдi әскери қызмет атқаруы, сондай-ақ интернационалдық борышын орындауы, соның ішінде тұтқында болған әскери қызметшiлер, офицерлік құрамдағы азаматтар, прапорщиктер, мичмандар, Қарулы Күштердегi әскери қызметшiлердiң мерзімінен тыс қызметі, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару ұйымдарында және бұрынғы КСР Одағы мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және КСОО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi ұйымдар жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдері кіреді;
3) жүктілігі және босануы бойынша демалыстар, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес берілетін еңбекақысы сақталмайтын бала күтуі бойынша берілетін демалыс;
4) Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдарда депутаттары өкілеттерін жүзеге асыру;
5) қайта жұмысқа орналасу кезінде жұмыстан заңсыз шығарылуы салдарынан, еріксіз жұмыстан қалу уақыты;
6) даярлау, қайта даярлау және кадр бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарғы тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар мен білім ұйымдарының жолдамасы бойынша жұмыстан босатылып, оқуға қатысқан уақыты;
7) ғылыми жұмыстар мамандықтын бағыттары бойынша ұйымдарда;
8) сала қызметіне (ұйымдастыру-құқықтық нысанына) тәуелсіз ұқсас мамандық бойынша еңбек қызметін атқарған лауазымдағы жұмыс уақыты;
9) 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақ ССР-і мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол ұйымында сайланбалы және өзге де жауапты лауазымдардағы жұмыс уақыты;
5. Мемлекеттік бұқаралақ ақпарат құралдары ұйымдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу
10. Бұқаралық ақпарат құралдары ұйымдарының мамандығы бойынша қызметкерлерінің жұмыс стажына бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларында, теле-, радиоарналарда, білім ұйымдарындағы журналистика мамандығы бойынша педагогикалық жұмыс уақыты кiредi, сонымен қатар:
1) режиссерлық қойылымыңда және теле-, радиоарналардың студияларындағы басқа да көмекші қызметкерлер құрамында, кинематография ұйымдарында, кинофикация және кинопрокат қызметкерлер құрамында жұмыс уақыты;
2) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыты;
3) жағымсыз себептермен қызметтен шығарылған уақыттан басқа, мерзiмдi әскери қызмет атқаруы, сондай-ақ интернационалдық борышын орындауы, соның ішінде тұтқында болған әскери қызметшiлер, офицерлік құрамдағы азаматтар, прапорщиктер, мичмандар, Қарулы Күштердегi әскери қызметшiлердiң мерзімінен тыс қызметі, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару ұйымдарында және бұрынғы КСР Одағы мен Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және КСОО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi ұйымдар жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдері кіреді;
4) жүктілігі және босануы бойынша демалыстар, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес берілетін еңбекақысы сақталмайтын бала күтуі бойынша берілетін демалыс;
5) Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдардың депутаттары өкілеттерін жүзеге асыру;
6) қайта жұмысқа орналасу кезінде жұмыстан заңсыз шығарылуы салдарынан, еріксіз жұмыстан қалу уақыты;
7) даярлау, қайта даярлау және кадр бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарғы бұқаралық ақпарат құралдары ұйымдарының жолдамасы бойынша жұмыстан босатылып, оқуға қатысқан уақыты;
8) сала қызметіне (ұйымдастыру-құқықтық нысанына) тәуелсіз ұқсас мамандық бойынша еңбек қызметін атқарған лауазымдағы жұмыс уақыты;
9) ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыс уақыты кіреді.
_________________