Перейти на главную страницу
الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على رسوله محمد وعلى آله وأصحابه أجمعين! أما بعد:
Калима – мағыналы сөз. Мысалы: إِمَامٌ ,مَكْتَبٌ ,مَسْجِدٌ . Араб тілінде қолданылатын мағыналы сөздер (калималар) үш түрлі болады. 1) Исм (есім сөз); 2) Феъл (етістік); 3) Харф (шылау).
Есім сөз – шақтың ешқайсысына қатысы жоқ мағыналы сөздер. Мысалы: قَلَمٌ және كِتَابٌ.
Феъл (етістік) – үш шақтың бірінде тұратын мағыналы сөз. Мысалы: ضَرَبَ өткен шақта (ол) ұрды.
Харф (шылаулар) белгілі бір мағынаны білдіру үшін басқа бір мағыналы сөзбен тіркесуді қажет етеді. Мысалы:
سَفَرْتُ مِنَ الْحَاجْتُرْخَانِ اِلَى الْقَزَانِ – «мен Астраханнан Қазанға жол жүрдім.» деген сөйлемдегі مِنْ және اِلَى шылаулар болып саналады ( олар қазақ тілінде септіктерге сай келеді - اِلَى – «-ға», «-ге», «-қа», «-ке»; مِنْ – «-дан», «-ден», «-тан», -«тен» т.б) да, жеке-жеке қолданылғанда, мағыналарынан айырылады.
Cөздің бөлшектері дегенде әріптерді (харф),мысалы, مَسْجِدٌ сөзінде د ,ج ,س ,م әріптерін және жол үсті белгілерін (харекет, дыбыс белгілері) – замма, фатха, кәсрә еске алынады.
Есімдер құрамындағы әріптердің санына қарай үш түрге бөлінеді:
Етістіктің үш шағы бар: 1) Мазий (өткен шақ); 2) хал (осы шақ); 3) мустақбал (келер шақ).
Сұрақтар:
Қосымша әріптері жоқ мағыналы сөз мужаррад (жеке, жай) деп аталады. Мысалы, فَعَلَ қалыбындағы ضَرَبَ сөзі.
Қосымша әрпі бар мағыналы сөздер мазид (толықтырылған) деп аталады. Мысалы, فَعَلَ қалыбындағы أَكْرَمَ сөзі.
Суласий (үш әріпті) сөздерде түбір әріптер – үшеу: ع ,ف және бір ل. Мысалы, فَعَلَ және فَعْلٌ қалыптарындағы ضَرَبَ және زَيْدٌ сөздері. Рубаъий (төрт әріпті) сөздерде түбір әріптер – төртеу: ع ,ف және екі ل. Мысалы, فَعْلَلَ және فَعْلَلٌ қалыптарындағы دَحْرَجَ және جَعْفَرٌсөздері. Хумасий сөздерде түбір әріптер – бесеу: ع ,ف және үш ل. Мысалы, فَعْلَلِلٌ қалыбындағы جَحْمَرِشٌ сөзі сияқты.
Үш әріпті сөздер екі түрге бөлінеді: 1) суласий мужаррад; 2) суласий мазид. Суласий мужаррадта тек үш түбір әріп болады. Мысалы, فَعَلَ қалыбындағы ضَرَبَ сөзі. Суласий мазидте үш түбір әріптерден басқа қосымша (заида) әріптер де болады. Мысалы, أَفْعَلَ қалыбындағы أَكْرَمَ және اِسْتَفْعَلَ қалыбындағы اِسْتَخْرَجَ сөздері сияқты.
Төрт әріпті сөздер де екі түрге бөлінеді: 1) Рубаъий мужаррад; 2) рубаъий мазид. Рубаъий мужаррад құрамында тек төрт түбір әріп қана болады. Мысалы, فَعْلَلَ қалыбындағы دَخْرَجَ сөзі. Рубаъий мазид құрамында төрт түбір әріптен басқа қосымша (заида) әріптер де болады. Мысалы, تَفَعْلَلَқалыбындағы تَدَحْرَجَ(дөңгелеп кетті), اِفْعَنْلَلَ қалыбындағы اِحْرَنْجَمَ сөзі.
Бес әріпті сөздер де екі түрге бөлінеді: 1) Хумасий мужаррад; 2) хумасий мазид. Хумасий мужаррад құрамында тек бес түбір әріп қана болады. Мысалы, فَعْلَلِلٌ қалыбындағы جَحْمَرِشٌ сөзі. Хумасий мазид құрамында бес түбір әріптен басқа қосымша (заида) әріптер де болады. Мысалы, فَعْلَلِيلٌ қалыбындағы خَنْدَرِيسٌ َ(ескі арақ, ежелгі грекше хамр).
Есім сөздер мен етістіктер тағы да сегіз түрге бөлінеді: 1) сахих; 2) музаъаф; 3) мисал; 4) ажваф; 5) нақис; 6) лафиф; 7) мултавий; 8) махмуз.
Сұрақтар:
Иштикак сөзінің сөздік мағынасы – жасау, қалыптастыру. Иштикак деп бір сөзден оған мағынасы мен әріптері ұқсас басқа бір сөз жасауды айтамыз.
Исм екі түрге бөлінеді: 1) Исми жамид (өзгермейтін) және 2) исми масдар. Исми жамидтен басқа ешқандай сөз жасалынбайды. Мысалы, رَجُلٌ адам (еркек) және فَرَسٌ ат. Ал исми масдардан белгілі бір сөздер қатары жасалады. (Масдар қазақ тіліндегі, етістік негізді зат есім, қимыл атауы немесе тұйық етістік – инфинитивке ұқсайды – аудармашы еск.). Мысалы, ضَرْبٌ ұру, ұрыс және قَتْلٌ өлтіру, өлім.
Масдардан төмендегідей 12 түрлі сөз формасы жасалады:
1. Мазий – өткен шақтағы етістік.
2. Музариъ – осы және келер шақтағы етістік.
3. Исми фаъил – қимылды жасаушы (негізгі етістегі есімше).
4. Исми мафъул – жасалған іс-әрекет, немесе іс-әрекеттің нысаны (ырықсыз етістегі есімше).
5. Жахд – өткен шақтағы болымсыз етістік.
6. Нафий – келер шақтағы болымсыз етістік.
7. Амр – бұйрық рай.
8. Нахий – бұйрық райдың болымсыз түрі.
9. Исми заман – мезгіл есімі.
10. Исми макан – мекен есімі.
11. Исми алат – құрал-жабдық есімі.
12. Көп қайталанатын әрекет.
1. ضَرَبَ – өткен шақта (ол) ұрды.
2. يَضْرِبُ – келер шақта (ол) ұрады.
3. ضَارِبٌ – ұрушы.
4. مَضْرُوبٌ – ұрылушы (ұрылған).
5. لَم يَضْرِبْ – (өткен шақта) ұрған жоқ.
6. لا يَضْرِبُ – (келер шақта) ұрмайды.
7. اِضْرِبْ (амр хазир, екінші жаққа бағытталған бұйрық рай) – (ты, бір еркек ) ұр.
لِيَضْرِبْ – (амр ғайып, үшінші немесе бірінші жаққа бағытталғын бұйрық рай) – (ол) ұрсын.
8. لا تَضْرِبْ – (ты, бір еркек ) ұрма.
9. مَضْرِبٌ – ұру болған уақыт.
10. مَضْرِبٌ – ұру болған жер.
11. مِضْرَابٌ – ұру құралы.
12. أَضْرَبُ – көбірек ұрушы.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Иштикок дегеніміз не?
2. Исмнің неше түрі бар?
3. Масдардан неше сөз формасы жасалады?
4. ضَرْبٌ масдарынан қандай сөздер жасалады?
Феъл және фаъил
Феъл (етістік) амал-әрекет, іс-қимылды білдіреді, олар екі түрге бөлінеді: 1) мутаъаддий (сабақты) және 2) лазим (салт).
Кейбір етістіктер «кімді?», «нені?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді қажет етіп тұрады. Мұндай етістіктер мутаъаддий (сабақты) деп аталады (яғни сөйлемде етістік табыс септікті сөзбен (мафъуль бих) сабақтасып тұрады, олар, көбінесе, - ырықсыз етістегі есімшелер болады – ауд. еск. ). Мысалы, егер біз ضَرَبَ زَيْدٌ (بَكْرًا) «Зайд (Бәкірді) ұрды» дейтін болсақ, онда «Зайд кімді ұрды?» деген сұрақ туындайды. Демек, ضَرَبَ – мутаъаддий етістік. Кейбір етістіктер «кімді?», «нені?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді қажет етпейді. Олар лазим (салт) етістік деп аталады (яғни етістік табыс септікті сөзбен (мафъуль бих) сабақтаспай, салт тұрады – ауд. еск.). Мысалы, егер біз جَلَسَ زَيْدٌ “Зайд отырды” дейтін болсақ, онда «кімге отырды?», «неге отырды?» деген сұрақтардың қажеті болмайды. туындайды. Демек, جَلَسَ – лазим (салт) етістік.
Кез келген амал-әрекеттің фаъилі (әректті жасаушы, негізгі етістегі есімше) болады. Егер етістіктің бір фаъилі болса, онда ол вахид (жекеше түрі, бұдан кейін - ж.т.- деп қысқартылатын болады – ауд. еск.). егер екі фаъил болса, онда ол тасния (екілік түрі, бұдан кейін – ек.т.). Егер екіден көп болса, онда – жамъ (көпше түрі, бұдан кейін к.т.)
Бұл фаъилдардың әрқайсысы бірінші жақта (мутакаллим, сөйлеуші), екінші жақта (мухатаб, тыңдаушы) немесе үшінші жақта (ғайып, бөгде кісі) келеді. Сондай олардың әрқайсысы ер тегінде (мүзаккар) немесе әйел тегінде (мүәннас) келеді. Етістіктерде етістің екі түрі болады – негізгі – маълум және ырықсыз – мажхул. Негізгі етісте амал - әрекетті жасаушы (фаъил) сөйлемде аталады. Мысалы: ضَرَبَ زَيْدٌ – Зайд ұрды. Зайд – негізгі етістегі есімше - фаъил. Ырықсыз етісте амал-әрекетті басқа біреу жасайды, ал амал-әрекетті жасаушы фаъил сөйлемде айтылмайды. ضُرِبَ زَيْدٌ – Зайд ұрылды. Оның орнына мафъул (ырықсыз етістегі есімше) тұрады. Ол (Зайд) наиби фаъил деп аталады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Мутаъаддий етістікке анықтама беріңіз.
2. Лазим етістікке анықтама беріңіз.
3. Мутакаллим, мухатаб, ғайып дегеніміз не ?
4. Фаъилдың неше түрі бар?
Өткен шақ негізгі етістегі (маълум) етістіктің жіктелуінің 14 формасы бар: 6 ғайып (ІІІ жақ), 6 мухатаб (ІІ жақ), 2 мутакаллим (І жақ). ІІІ жақ ер тегінің 3 және әйел тегінің 3 жіктелуі бар. Бірінші жақтың екі жіктелуі де ер тегіне де, әйел тегіне де тән болады. Үшінші және екінші жақтарда ер тегі және әйел тегінің жекеше, екілік және көпше түрі бар. Яғни егер біреу, тіпті, «мен және досым» дегеннің өзінде де ол екілік емес, көпше түр болады.
Өткен шақ (мазий) негізгі етістегі (маълум) етістік төмендегідей жіктеледі:
ضَرَبَ |
Ол ұрды (вахид, мүзәккар, ғайып) |
ضَرَبَا |
Ол екеуі ұрды (тасния, мүзәккар, ғайыбайн) |
ضَرَبُوا |
Олар ұрды (бірнеше ер кісі) (жамъ, мүзәккар, ғайыбийн) |
|
|
ضَرَبَتْ |
Ол (әйел кісі) ұрды (вахида, мүәннас, ғайиба) |
ضَرَبَتَا |
Ол екі әйел ұрды (тасния, мүәннас, ғайибатайн) |
ضَرَبْنَ |
Олар ұрды (бірнеше әйел кісі) (жамъ, мүәннас, ғайыбат) |
|
|
ضَرَبْتَ |
Сен ұрдың (вахид, мүзәккар, мухатаб) |
ضَرَبْتُمَا |
Сен екеуің (екі ер кісі) ұрдыңдар (тасния, мүзәккар, мухатабайн) |
ضَرَبْتُمْ |
Сендер (бірнеше ер кісі) ұрдыңдар (жамъ, мүзәккар, мухатабийн) |
|
|
ضَرَبْتِ |
Сен (әйел кісі) ұрдың (вахид, мүәннас, мухатаба) |
ضَرَبْتُمَا |
Сен екеуің (екі әйел кісі) ұрдыңдар (тасния, мүәннас, мухатабайн) |
ضَرَبْتُنَّ |
Сендер (бірнеше әйел кісі) ұрдыңдар (жамъ, мүәннас, мухатабат) |
ضَرَبْتُ |
Мен (әйел кісі, ер кісі) ұрдым (вахид(а), мүзәккар (мүәннас), мутакаллим) |
ضَرَبْنَا |
Біз (бірнеше әйел немесе ер кісі) ұрдық (мүзәккар (мүәннас), мутакаллим) |
Өткен шақ (мазий) етістігін ырықсыз (мажхул) етіске айналдыру үшін соңғыдан бұрынғы әрпке кәсрә (–ِ), ал әр әріпке жол үсті белгілерін ( -َ, -ُ, -ِ дыбыстық белгілерді) қою керек те, бұл әріптің (соңғыдан бұрынғы) алдында тұрған әріпке замма (-ُ) беру керек. Мысалы, ضَرَبَ негізгі етістегі (маълум) етістік. Бұл сөздің соңғыдан бұрынғы әрпіне (ر) кәсрә беріледі - ضَرِبَ. Одан соң әр әріпке жол үсті белгілері қойылады да, соңғыдан бұрын тұрған әріптің алдындағы әріпке замма қойылады - ضُرِبَ.
Өткен шақ етістігінің ырықсыз етісінде де жіктелудің 14 формасы бар:
ضُرِبَ |
Ол ұрылды (вахид, мүзәккар,ғайип) |
ضُرِبَا |
Ол екеуі ұрылды (тасния, мүзәккар, ғайибайн) |
ضُرِبُوا |
Олар ұрылды (бірнеше ер кісі) (жамъ, мүзәккар, ғайибийн) |
|
|
ضُرِبَتْ |
Ол (әйел ксі) ұрылды (вахида, мүәннас, ғайиба) |
ضُرِبَتَا |
Ол екі әйел кісі ұрылды (тасния, мүәннас, ғайибатайн) |
ضُرِبْنَ |
Олар ұрылды (бірнеше әйел кісі) (жамъ, мүәннас, ғайибат) |
|
|
ضُرِبْتَ |
Сен ұрылдың (вахид, мүзәккар, мухатаб) |
ضُرِبْتُمَا |
Сен екеуің (екі ер кісі) ұрылдыңдар (тасния, мүзәккар, мухатабайн) |
ضُرِبْتُم |
Сендер (бірнеше ер кісі) ұрылдыңдар (жамъ, мүзәккар, мухатабийн) |
|
|
ضُرِبْتِ |
Сен (әйел кісі) ұрылдың (вахид, мүәннас, мухатаба) |
ضُرِبْتُمَا |
Сен екеуің (екі әйел) ұрылдыңдар (тасния, мүәннас, мухатабайн) |
ضُرِبْتُنَّ |
Сендер (бірнеше әйел) ұрылдыңдар (жамъ, мүәннас, мухатабат) |
ضُرِبْتُ |
Мен (әйел немесе ер кісі) ұрылдым (вахид(а), мүзәккар (мүәннас), мутакаллим) |
ضُرِبْنَا |
Біз (бірнеше әйел немесе ер кісі) ұрылдық (мүзәккар (мүәннас), мутакаллим) |
Осы-келер шағы негізгі етісінің де 14 жіктелу формасы бар. Музариъ етістігінің алдынан қосылатын әріптер музариъат әріптері деп аталады. Олар-төртеу: ن, ا, ت, ى. Музариъ етістігінің жіктелуі:
يَضْرِبُ |
Ол ұрады (вахид, мүзәккар, ғайиб) |
يَضْرِبَانِ |
Ол екеуі (екі ер кісі) ұрады (тасния, мүзәккар, ғайибайн) |
يَضْرِبُونَ |
Олар (бірнеше ер кісі) ұрады (жамъ, мүзәккар, ғайибийн) |
تَضْرِبُ |
Ол (әйел кісі) ұрады (вахида, мүәннас, ғайиба) |
تَضْرِبَانِ |
Ол екеуі (екі әйел кісі) ұрады (тасния, мүәннас, ғайибатайн) |
يَضْرِبْنَ |
Олар (бірнеше әйел кісі) ұрады (жамъ, мүәннас, ғайибат) |
تَضْرِبُ |
Сен (ер кісі) ұрасың (вахид, мүзәккар, мухатаб) |
تَضْرِبَانِ |
Сен екеуің ұрасыңдар (екі еркек) (тасния, мүзәккар, мухатабайн) |
تَضْرِبُونَ |
Сендер (бірнеше ер кісі) ұрасыңдар (жамъ, мүзәккар, мухатабийн) |
تَضْرِبِينَ |
Сен (әйел кісі) ұрасың (вахид, мүәннас, мухатаба) |
تَضْرِبَانِ |
Сен екеуің (екі әйел кісі) ұрасыңдар (тасния, мүәннас, мухатабатайн) |
تَضْرِبْنَ |
Сендер (бірнеше әйел кісі) ұрасыңдар (жамъ, мүәннас, мухатабат) |
أَضْرِبُ |
Мен (ер немесе әйел кісі) ұрамын (вахид(а), мүзәккар, мүәннас, мутакаллим) |
نَضْرِبُ |
Біз (бірнеше еркек немесе әйел кісі) ұрамыз (жамъ, мүзәккар, мүәннас, мутакаллим) |
Музариъ етістігін негізгізгі етістен ырықсыз етіске айналдыру үшін соңғыдан бұрынға әріпке фатха, ал музарият әрпіне замма қою керек. Мысалы, يَضْرِبُ – негізгі етістегі (маълум) етістік. Соңғыдан бұрынғы әріпке (ر) фатха қоямыз - يَضْرَبُ. Содан кейін музариъат әрпіне замма қойылады - يَضْرَبُ. Музариъ етістігінің ырықсыз етісі де 14 формада жіктеледі:
يُضْرَبُ |
Ол ұрылады (вахид, мүзәккар, ғайиб) |
يُضْرَبَانِ |
Ол екеуі (екі ер кісі) ұрылады (тасния, мүзәккар, ғайибайн) |
يُضْرَبُونَ |
Олар (бірнеше ер кісі) ұрылады (жамъ, мүзәккар, ғайибийн) |
تُضْرَبُ |
Ол (әйел кісі) ұрылады (вахида, мүәннас, ғайиба) |
تُضْرَبَانِ |
Ол екеуі (екі әйел кісі ) ұрылады (тасния, мүәннас, ғайибатайн) |
يُضْرَبْنَ |
Олар (бірнеше әйел кісі) ұрылады (жамъ, мүәннас, ғайибат) |
تُضْرَبُ |
Сен (ер кісі) ұрыласың (вахид, мүзәккар, мухатаб) |
تُضْرَبَانِ |
Сен екеуің ұрыласыңдар (екі ер кісі) (тасния, мүзәккар, мухатабайн) |
تُضْرَبُونَ |
Сендер (бірнеше ер кісі) ұрыласыңдар (жамъ, мүзәккар, мухатабийн) |
تُضْرَبِينَ |
Сен (әйел кісі) ұрыласың (вахид, мүәннас, мухатаба) |
تُضْرَبَانِ |
Сен екеуің (екі әйел кісі) ұрыласыңдар (тасния, мүәннас, мухатабатайн) |
تُضْرَبْنَ |
Сендер (бірнеше әйел кісі) ұрыласыңдар (жамъ, мүәннас, мухатабат) |
أُضْرَبُ |
Мен (еркек немесе әйел кісі) ұрыламын (вахид(а), мүзәккар, мүәннас, мутакаллим) |
نُضْرَبُ |
Біз (бірнеше еркек немесе әйел кісі) ұрыламыз (жамъ, мүзәккар, мүәннас, мутакаллим) |
Исми фаъил суласий мужаррад түрінде үнемі فاَعِلٌ қалыбында келеді. Мысалы, ضَارِبٌ. Исми фаъил төрт формада жіктеледі: 3 – ер тегі және 3 – әйел тегі. Исми фаъил төмендегідей жіктеледі:
ضَارِبٌ |
Ұрушы (ер кісі) (вахид, мүзәккар) |
ضَارِبَانِ |
Ұрушылар (екі ер кісі) (тасния, мүзәккар) |
ضَارِبُونَ |
Ұрушылар (бірнеше ер кісі) (жамъ, мүзәккар) |
ضَارِبَةٌ |
Ұрушы (әйел кісі) (вахида, мүәннас) |
ضَارِبَتَانِ |
Ұрушылар (екі әйел кісі) (тасния, мүәннас) |
ضَارِبَاتٌ |
Ұрушылар (бірнеше әйел кісі ) (жамъ, мүәннас) |
Әйел тегінің көпше түрі де فَوَاعِلُ қалыбында тұрады. Мысалы, ضَوَارِبُ – ұрушылар (бірнеше әйел, жамъ, мүәннас). (фаъилдың кейбір өлең шумақтарында кездесетін формалары есепке алынады, мысалы, ضَوَارِبٌ сияқты – ауд. еск.)
Суласий мужарраттан басқа формаларда келгенде, фаъил осы-келер шақтың негізгі етісіндегі етістіктің қалыбына ұқсайды. Мұнда музариъат әрпінің орнына заммалы мим (مـُ) қойылады да, соңғыдан бұрынғы әріпке кәсрә қойылады. Мысалы,
أَكْرَمَ يُكْرِمُ | مُكْرِمٌ (құрметтеуші)
فَرَّحَ يُفَرِّحُ | مُفَرِّحٌ (қуанушы)
دَحْرَجَ يُدَحْرِجُ | مُدَحْرِجٌ (дөңгелетуші)
Калима – мағыналы сөз. Мысалы: إِمَامٌ,مَكْتَبٌ,مَسْجِدٌ. Араб тілінде қолданылатын мағыналы сөздер (калималар) үш түрлі болады. 1) Исм
15 10 2014
12 стр.
Араб тілінің ең маңызды бес саласы бар: 1) Луғат (сөздік); 2) Сарф (морфология); 3) Нахв (грамматика); 4) Китабат (жазу); 5) Маъаний, балаға
12 10 2014
18 стр.
Тақырыбы: Клиникалық терминологиядағы сөзжасам. Префикстеу. Жұрнақталу. Сөздердің бірігуі
11 10 2014
1 стр.
15 12 2014
4 стр.
Морфология — раздел науки о языке, изучающий грамматические формы и грамматические значения частей речи
03 09 2014
1 стр.
Опыт создания электронного математического и медико-биологического журнала "математическая морфология" в смоленской государственной медицинской академии
03 09 2014
1 стр.
Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назірқұлова Несібелі
25 12 2014
1 стр.
Морфология — это одна из составных частей грам-матики. Поэтому, чтобы понять специфику морфологии, нужно уточнить, как понимается в современном языкозна¬нии термин «грамматика»
25 09 2014
6 стр.