Перейти на главную страницу
Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы негізгі өндірістік процестің қалыпты жүрісі қосалқы өндіріс арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл кәсіпорындарда қосалқы процестер сан-алуан түрлі болып келеді және оларға мәні мен өндірістік-шаруашылық бағыты бойынша әртүрлі болып келетін жұмыстар жатады. Бұрғылау мен қазуда қосалқы өндірістің аса маңызды бағыттарына келесілер жатады:
• негізгі өндірістік қорларды күтімге алу және қалпына келтіру (сондай-ақ жабдықты жөндеу);
• кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелерін бу-сумен қамту және энергиямен қамту;
• көлік және қажетті шикізатты, материалдар мен дайын өнімді сақтау;
• ұңғымалардың, мұнайдың, мұнай өнімдері мен газдың сапасын техникалық бақылау.
Құрал-жабдықты жөндеу, энергиямен қамту, мұнайдың, мұнай өнімдері мен газдың сапасын техникалық бақылау тәрізді процестерді ұйымдастыру ісі әртүрлі мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында көбінеки бірдей болып келеді, алайда ол өндірістің ерекшелігімен негізделген кейбір ерекшеліктерге ие.
Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру
Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында құрал-жабдықты, ғимараттар мен құрылыстарды күтімге алу мен жөндеу жұмыстары үлкен көлемде орындалады. Жоспарлы-алдын алу жөндеу деген атауға ие болған бұл жұмыстардың басты мақсаты сол не өзге түрдегі объектілерді олардың ұзақ мерзімділігі мен өнімділігін мүмкіндігінше арттырудың есебімен сенімді қызмет етуін қамтамасыз етуге негізделген. Тәжірибеде жөндеудің негізгі үш түрі қолданылады: қараудан кейінгі, жоспарлы-алдын алу (мерзімді) және жоспарлы-мәжбүрлі (стандарттық).
Қараудан кейінгі жөндеу кезінде құрал-жабдық сол не өзге түрдегі жабдықтың шамамен алынған қызмет ету мерзімдеріне негізделумен мерзімді жөндеуге түсіп отырады.
Жоспарлы-алдын алу жөндеу ғимараттардың, құрылыстардың және т.б. жоспарланған мерзімдерде жөнделуін ескереді. Бұл ретте жөндеу жұмыстарының іс-жүзіндегі көлемі қараулар мен ақаулы ведомостерді құрастыруға негізделумен анықталады.
Стандартты жөндеулер (мәжбүрлі) түзілімдер мен бөлшектерді олардың тозу дәрежесіне байланыссыз ауыстырумен жүргізеді және олар алдын-ала қарауды қажет етпейді.
Жоспарлы-алдын алу жөндеу жүйесіне келесідегідей жұмыс түрлері кіреді: а) жөндеуаралық күтімге алу;
ә) техникалық қараулар;
б) мерзімді жоспарлы жөндеулер (ағымдағы, орташа, күрделі).
Жөндеуаралық қарау кезінде алдын-алу сипатындағы жұмыстар жүргізіледі. Ол құрылыстардың, құрал-жабдық пен машиналардың күйін бақылаудан, құрал-жабдықтар мен машиналарды дер кезінде реттеу, майлау және олардың жұмыс режимін бақылап отырудан құралады. Бұл жұмыстарды операторлар, машинистер, кезекші шеберлер мен жөндеушілер орындайды.
Техникалық қараулар орын алған ақаулылықтарды анықтауға және оларды дер кезінде алдын-алуға арналған. Олар бұрғылау кәсіпорындарының, мұнай шаруашылықтарының, құбырлық магистральдердің, мұнай базаларының, жерасты қоймаларының және басқа объектілердің сенімді жұмысын қамтамасыз ететін алдын алу шараларының кешені болып келеді. Техникалық қараулар екі түрге бөлінеді: техникалық қараулар-1 және техникалық қараулар-2, олар жұмыстардың көлемі мен құрамы бойынша айырмашылықтанады. Құрылыстардың, құрал-жабдық пен машиналардың текке тұру уақыты техникалық қараулар мен жөндеулерге арнап бекітілген нормаларға сәйкес анықталады.
Мерзімді жоспарлы жөндеулер ағымдағы (ұсақ), орташа және күрделі жөндеуге бөлінеді.
Ағымдағы (ұсақ) жөндеу барысында қызмет ету мерзімі барынша қысқа болатын бөлшектер ауыстырылуы мүмкін. Орташа жөндеу қызмет ету мерзімі екі орташа жөндеудің арасындағы кезеңге тең болатын тозған бөлшектерді ауыстыруға, қалпына келтіруге арналған. Орташа жөндеуге ағымдағы жөндеу жұмыстары да енгізіледі. Күрделі жөндеу барлық құрылыстардың, құрал-жабдық пен машиналардың оларды толықтай бөлшектеумен жөнделуін қамтамасыз етуі тиіс. Күрделі жөндеу кезінде құрал-жабдықтың әрекеттілігі толығымен қалпына келтірілуі тиіс. Барлық жұмыс түрлері белгілі түрдегі реттілікпен жүргізіледі. Екі күрделі жөндеудің арасындағы кезең ішінде бірнеше рет жоспарлы қараулар, ағымдағы және орташа жөндеулер жүргізіліп отырады. Бір күрделі жөндеуден екінші күрделі жөндеуге дейінгі бұл кезең жөндеу циклы деп аталады. Жөндеулер мен алдын-алу қарауларының саны мен тәртібі жөндеу циклының құрылымын құрайды. Кез келген түрдегі екі іргелес жөндеулердің арасындағы уақыт жөндеуаралық кезең деп аталады.
Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру
Мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарында энергетика шаруашылығы қосалқы өндірістің құрамдас бөлігі болып табылады. Кәсіпорындар электр және жылу қуатымен аудандық станциялардан, сондай-ақ меншікті электрстанциялары мен қазандықтардан қамтамасыз етіліп отыруы мүмкін.
Мұнай өндірісінде электрқуатының шығыны 1 т. Мұнайға қатысты есептеледі. Электрқуатының шығынын есептеу үшін орнатылған қозғалтқыштардың қуаттылығы, агрегаттардың машиналық уақытының коэффициенті, қуаттылықты пайдалану коэффициенті мен тәулігіне жұмысқа арнап жоспарланған сағаттардың саны есептеледі. Жарықтандыру қажеттеріне қатысты электрқуатына деген қажеттілікті жарықтандырылатын алаңды, жарықтандыру нормалары мен жарықтандыру сағаттарының санына негізделумен анықтайды.
Мысалы, будың өзіндік құнының есебі төмендегідей болады: жылдық жұмсау мөлшері – 1500 мың Гкал; будың бағасы 1 Гкалы үшін 4,8 ақш. Бірл., будың шығындары – 5%; кәсіпорынның буды үлестіру мен пайдалануға жұмсайтын шығындары – 380 000 ақш.бірл.
Шығындарды ескерумен тұтынылған будың мөлшерін анықтайық:
15 000 000 / 0,95 ≈ 1 579 000 Гкал бу.
ТЭО-дан сатылып алынатын будың бағасы келесі соманы құрайтын болады: 4,8 · 1 579 000 = 7 579 200 ақш.бірл.
Кәсіпорын үшін будың өзіндік құны келесі шамаға тең болады:
(7 579 + 380 000) / 1 579 000 = 5,04 ақш.бірл. / Гкал
Энергетика шаруашылығының жұмысын ұйымдастыру барысында энергетикалық құрал-жабдықты бұрынғысынан да тең түрде жүктемеленуіне, технологиялық сұлбаларды жетілдіру, құбырларды жылыту сұлбаларын ұтымды ету және қуаттың меншікті шығынын азайту мәселелеріне үлкен көңіл бөлініп отыруы тиіс. Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында жылу ресурстарын үнемдеудің аса маңызды бағытына жылуды (түтін газдарының, судың жылуын және т.б.) қайталап пайдалану айналуы мүмкін.
Шс = С · t · Бс, (3)
мұндағы, С – судың сағатына куб.метрмен көрсетілген жұмсалуы;
t – объектінің сағ. Жұмыс істеу уақыты;
Бс – 1м3 судың ақш.бірлікпен көрсетілген прейскуранттық бағасы.
Объектіні жергілікті көздердегі (өзендердің, көлдер мен т.б.) техникалық сумен немесе ұңғыманы қазу арқылы қамтамасыз еткен жағдайда 1м3 суға жұмсалатын шығындарды калькуляциялау арқылы біледі.
Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы көлік шаруашылығы жүктерді өндіріс саласынан тұтыну саласына тасымалдайды (магистральдік көлік) немесе жүктерді кәсіпорындардың арасында тасымалдайды (цехаралық көлік, шаруашылық ішіндегі көлік және т.б.). Мұнайды, мұнай өнімдері мен газды сыртқы тасымалдау әртүрлі құралдармен орындалады.
Кәсіпорынның көліктік қызметінің міндеттері, оларға төмендегілер жатады:
• көлік қызметінде қолданылатын нормативтерді әзірлеу;
• жүк ағымдары мен жүк айналымын есептеуге негізделумен барлық көлік түрлеріне қатысты қажеттерді жоспарлау;
• қосалқы бөлшектерге және оларды сатып алуға деген қажеттілікті анықтау;
• кәсіпорынды барлық көлік түрлерімен қамтуды жедел түрде жоспарлау және диспетчерлеу;
• өндірістік процестерді көліктік құралдармен қамту;
• көліктік құралдардың қараулары мен жөндеуін ұйымдастыру;
• қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• көліктік құралдарды күтімге алуды ұйымдастыру;
• жаңа көліктік құралдармен қамту, оларды мемлекеттік органдарда тіркеу, жүктер мен адамдарды тасымалдауға лицензиялар алу, көліктік құралдарды шығынға жазу және кәдеге жарату.
Көлік қызметіне деген қажеттерді тиімді жоспарлау үшін кәсіпорынның жүк айналымы мен жүк ағымдары белгіленеді.
Жүк айналымы – бұл кәсіпорында белгілі бір уақыт аралығында тасымалданатын барлық жүктердің жиынтығы (немесе кәсіпорынның барлық жүк ағымдарының жиынтығы). Жүк ағымы – цехтар мен қоймалардың арасында белгілі бір уақыт аралығында тасымалданатын жүктердің саны (т, дана, кг).
Жүк ағымдары тасымалданатын жүктердің түрлеріне, жөнелту мен жеткізу пунктілеріне, пунктілердің арасындағы қашықтықтарға, тасымалданатын жүктердің көлеміне, тасымалдаулардың жиілігі мен мерзімділігіне негізделумен есептеледі. Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау көлігі көбінеки бүкіл өндірістік процесстің тиімділігін белгілейді. Сол себептен кәсіпорын ұжымының маңызды міндетіне көліктің қызметін вагондардың текке тұрын азайту, тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру деңгейін арттырудың, көліктің технологиялық процесін негізгі өндірістік цехтардың жұмысымен тығыз байланыстырудың арқасында жақсарту жатады. Мұнай мен газды тасымалдаумен қатар көлік шаруашылығы құрал-жабдықты, материалдарды, отын мен басқа материалдарды жеткізу ісін жүзеге асырады.
Көліктің жұмысын зерттеу нақты және жоспарлы жүк айналымын, көліктік құралдардың техникалық күйі мен оларды пайдалануды, пайдалануды, жөндеуді ұйымдастыруды талдаудан және тағы басқа факторлардан құралады. Мысалы, автомобиль көлігіне арнап автомобильдердің техникалық әзірлігін, жүрісін пайдалануды, жүк көтерімділігін және т.б. сипаттайтын көрсеткіштер белгілейді. Автомобильдердің техникалық әзірлігі кәсіпорынның көліктік құралдарын пайдалану мүмкіндігі туралы айтады:
Кт.ә. = nт / n (4)
мұндағы, Кт.ә- автомобиль паркінің техникалық әзірлігінің коэффициенті;
nт – техникалық тұрғыдан жарамды автомобильдердің саны;
n – паркте бар автомобильдер.
Жүрісті пайдаланудың тиімділігі жүктемеленген автомобильдердің жүрісі мен бос күйіндегі жүрісінің (бос жүріс) арасындағы қатынасымен белгіленеді:
Кж.п. = L / L + L0 (5)
мұндағы, Кж.п. – жүрісті пайдалану коэффициенті;
L – жүгі бар автомобильдің жолы, км;
L0 – автомобильдің бос жүрісі, км.
Жүк көтерімділігін пайдалану автомобильдің жүктемесін сипаттайды:
К жүк = Q/q · m (6)
мұндағы, К жүк – автомобильдің жүк көтерімділігін пайдалану коэффициенті;
Q – тасымалданған жүктің салмағы, кг;
q – автомобтльдің оның паспортына сәйкес жүк көтерімділігі, т;
m – орындаған сапарлардың саны.
Көліктің жұмысын жақсартудың негізгі бағыттарына келесілер жатады: тасымалдауларды көліктік құралдарды пайдалануды жоспарлау мен оны жақсы пайдалану деңгейін арттырудың (орталықтандырылған тасымалдарды, жүріс уақытын арттыру және т.б.) арқасында ұтымды ету, тиеу-түсіру жұмыстарын және құю-ағызу әрекеттерін кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыру, жолдарды салу және жеткілікті дәрежедегі мықты жөндеу базасын құру.
Ұңғымаларды жерасты жөндеу
Шаруашылықтарда ұңғымалардың жерасты жабдықтарының ағымдағы және күрделі жөндеулерін жүргізеді.
Ұңғымаларды ағымдағы жерасты жөндеу жерасты пайдалану жабдығын мұнайды өндіру жоспарын орындауды қамтамасыз ететіндей жұмысқа қабілетті жағдайда ұстауға арналған шаралар кешені болып келеді. Ағымдағы жерасты жөндеу жоспарлы-алдын алу жөндеулерін тәртібімен жүргізіледі. Алайда тәжірибеде ұңғымаларды қалыпты пайдаланудың немесе жоспарлы-алдын алу жөндеу мерзімдерін өткізудің салдарынан болған кез-келген түрдегі бұзушылықтарын жою мақсатында қалпына келтіру жөндеулері де жүргізіледі. Мұндай бұзушылық дебиттердің төмендеуіне немесе мұнайдың берілуінің толық тоқтауына әкеп соқтырады.
Ағымдағы жерасты жөндеулеріне келесілер жатады:
Еңбектің анық ұйымдастырылуы мен жерасты жұмыстарының жүргізілуін жылдамдату үшін түсірудің жаңа технологиясын қолдану кезінде сорғыш қарнақтарды, сорғыш-сығымдағыш құбырларды көтеру мен түсіру кезіндегі жерасты жөндеу бригадасының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқауламалық карталар құрастырылады. Жөндеу жұмыстарының тездетілуіне жұмыстың алдыңғы қатарлы әдістерін, өндіріс жаңашылдарының әдістерін, жаңа технологиялық процестерді,зерттеу мен енгізудің, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырудың, құрал-саймандарды, құрал-жабдықты дұрыс орналастырудың, жұмысшыларды дұрыс үлестірудің, сондай-ақ жерасты жөндеуін жүргізетін бүкіл ұжымның жұмысындағы келісімділіктің арқасында қол жеткізіледі. Жөндеу аяқталғаннан кейін кепілдік ұңғымаларды жөндеуден өткізу туралы акті жасалады.
Жерасты жабдығының жөндеуін жоспарлау кезінде жөндеулердің көлемін анықтап алу керек, бұл ретте ұңғымалардың жерасты жөндеулерінің сипаты, саны мен ұзақтығы, жөнделген ұңғымалардың саны мен жөндеулердің жиілік кэффициенті белгіленеді. Ұңғымалардың жерасты жөндеулері мен жөнделген ұңғымалардың саны ұңғымалар жұмысының технологиялық режиміне сәйкес жерасты жөндеулеріне деген қажеттерге сәйкес анықталады. Жөндеулердің ұзақтығы ұңғымалардың жерасты жөндеуіне арналған ортақы уақыт нормалары жөніндегі анықтама бойынша жөндеулердің түріне қарай сағатпен белгіленеді. Жөндеулердің жиілік коэффициенті kq берілген уақыт аралығы ішіндегі жерасты жөндеулері санының дәл сол уақыт аралығында жөнделген ұңғымалардың санына nж.ұңғ. бөліндісі ретінде есептеледі:
Kq = P/ nж.ұңғ. (7)
мұндағы, Р – жерасты жөндеулерінің саны;
nж.ұңғ. – жөнделген ұңғымалардың саны.
Жөндеулердің жиілік коэффициенті белгілі бір уақыт аралығында орташа есеппен бір ұңғымаға келетін жөндеулердің санын көрсетеді. Ұңғымаларды жерасты жөндеумен айналысатын қызметкерлердің міндетіне ұңғымаларды жөндеуге жұмсалатын уақытты барынша азайту, және соның арқасында ұңғымалардың тоқтап тұру уақытын азайту және, демек, ұңғымалардың жөндеуаралық кезеңін ұзарту жатады.
Ұңғымаларды жөндеуаралық кезеңі ретінде ретті түрде жүргізілетін жерасты жөндеулерінің арасындағы уақыт аралығы (оларды нақты немесе жоспарланып отырған пайдалану кезеңі) түсініледі. Ұңғымаларды жөндеуаралық кезеңін Мn жоспарлауға арналған бастапқы деректерге технологиялық режим бойынша белгіленген тереңдік сорғыштарды жұмсау нормалары жатады, бұл ұңғымалардың жоспарланған жөндеулерінің санын Р, сондай-ақ технологиялық режим бойынша оларды жөндеуге жоспарланған уақытты tж., соның ішінде ұңғымадағы тығынды жуу немесе тазалауға жұмсалатын уақытты көрсетеді. Жалпы түрінде ұңғыманы жөндеуаралық кезеңін келесідегідей етіп көрсетуге болады:
М = tk – tж. / ж, (8)
мұндағы, tk – жөндеу жоспарланып отырған күнтізбелік уақыт.
Аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер (кәсіпорын) бойынша ұңғымаларды орташа жөндеуаралық кезеңін Мn.орт. анықтау үшін барлық әрекеттегі ұңғымалардың жалпы күнтізбелік уақытынан tk ұңғымаларды жөндеуге арнап жоспарланып отырған жалпы уақыт tж алынады. Осылайша алынған пайдаланудың ұңғыма-күндерінің санын қолданыстағы қордағы ұңғымалар бойынша жоспарланған жөндеулердің қосынды санына (бұрғылау мен әрекетсіз тұрғандарынан пайдалануға енгізілген ұңғымаларды игерумен байланысты болатын жөндеулерді шегерумен) бөледі.
Мысалы, (кәсіпорынның) ұңғымалардың орташа жөндеуаралық кезеңі келесі түрде анықталады:
Мn.орт. = Σ tk – Σ tж / ж (9)
мұндағы, Σ tk - әрекеттегі барлық ұңғымалар жұмысының жалпы күнтізбелік уақыты;
Σ tж- ұңғымаларды жөндеуге арнап жоспарланып отырған жалпы уақыт;
ж – ұңғымалардың жоспарланып отырған жөндеулерінің саны.
Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының қызметкерлері жұмыстың жөндеуаралық кезеңін барынша ұзартып және ұңғымалардың пайдалану коэффициентін арттырып отыратын, олардың бекітілген технологиялық режимдегі жұмысын қамтамасыз етіп, ұңғымалардың сапалы жөндеуіне және мұнайды қосынды өндіру мөлшерінің артуына кепілдік беретін шараларды жүйелі түрде әзірлеп және жүзеге асырып отыруы тиіс. Ұңғымаларды жөндеу жұмысы түгелдей жоспарлы-алдын-алу жөндеулер кестесі бойынша жүргізіледі. Жерасты жөндеулері пайдалану шығындарының есебінен жүргізіледі, соңғыларына сол жөндеулер орындалған кезеңдегі мұнай мен газдың өзіндік құнына арнайы бап түрінде енгізіледі.
Ұңғымалардың күрделі жерасты жөндеуі өзіндік ерекшеліктерге ие, себебі ұңғымалар агрегат түрінде болып келеді: пайдалану жабдығы – қат. Сол себептен ұңғымалардың жерасты күрделі жөндеуі пайдалану деңгейжиегінің және елеулі зақымданулар алған пайдалану жабдығының жерасты бөлігінің жұмысқа қабілетті күйін қалпына келтіру жұмыстарымен, сондай-ақ қойнауларды қорғау жөніндегі шаралармен байланысты. Ұңғымалардың күрделі жөндеуі әрекеттегі ұңғымалар қорын жұмысқа қабілетті күйде ұстауға, сондай-ақ әрекетсіз тұрған ұңғымаларды қалпына келтіруге (ұңғымалардың әрекеттегі қорын арттыруға) арналған. Ұңғымаларды күрделі жөндеуге аса күрделі жұмыстар жатады, олар алты категорияға бөлінеді:
Қс = Қс.т. · tкүнт., (10)
мұндағы, Қс.т. – қаттан алынатын судың мөлшерінен асатын қатқа тәулігіне құйылатын судың мөлшері, м/тәу.
Тоғыту ұңғымаларының саны nұңғ.т. әзірлеу жобасымен бекітілген қажетті құю көлеміне негізделумен келесі формула арқылы анықталады:
Қс = R · Сч · kп (11)
мұндағы, R – ұңғымалардың айлық қабылдауыь, пайдалану айына м3/ұңғыма;
Сч – бір жылдағы тоғыту ұңғымалары бойынша есепте тұрған ұңғ.ай жұмыс көлемі;
kп – тоғыту ұңғымалары, станциялар мен су алулар бойынша тоқтауларды ескеретін пайдалану коэффициенті;
Тоғыту ұңғымалары бойынша ұңғыма-айлармен берілген жұмыс көлемі немесе пайдалану көлемі келесі мағынаға тең:
Сч = nұңғ. · Нtкал / 30, (12)
Осылайша, Қс = Rnұңғ. · Нtкал · k3 / 30
Тоғыту ұңғымаларының саны қатқа арнап белгіленген құю көлеміне, сондай-ақ тоғыту ұңғымаларының айлық қабылдауы мен пайдалану коэффициентіне байланысты. Тоғыту ұңғымаларының қабылдауына қаттың сүзгіш бетінің күйі әсерін тигізеді; оған көбінеки тоғыту ұңғымаларын игеру әдістері әсерін тигізеді. Сол себептен қабылдау көбінесе игеру бөлігі мен геологиялық қызметтің жұмысымен негізделген. Суды тоғытуға жұмсалатын шығындардың ішінде аса жоғары меншікті салмаққа электрқуаты мен амортизацияға жұмсалатын шығындар, сондай-ақ цехтық шығындар жатады. Сол себептен электрқуатын үнемдеп жұмсап, сондай-ақ тоғыту ұңғымаларының бағасын арзандатуға және цехты басқаруға жұмсалатын шығындарды азайтуға тырысу керек.
Шикі мұнайды жинақтау мен оны ұңғымадан жинақтау құрылғысына дейін айдау жұмыстарын аудандық инженерлік-технология қызметкерлері жүргізеді. Бұдан арғы мұнайды айдау, оны өңдеуге, сақтауға, есебін жүргізу мен өткізуге арнап әзірлеу жұмыстарын мұнайды әзірлеу мен айдау жөніндегі арнайы цехтар орындайды.
Жұмыстың аса күрделі бөлігі – мұнайды өңдеуге арнап әзірлеу. Ол тікелей мұнай өңдеу кәсіпорындарында және бұл ретте кешенді түрде жүргізілуі тиіс, б.а. оған механикалық қоспалардан тұндыру, сусыздандыру (эмульсиясыздандыру), тұзсыздандыру (негізінен хлорлы тұздардан, кальцийден, магнийден, натрийден) және тұрақтандыру процестері кіруі тиіс. Тұрақтандыру ретінде мұнайдан жасанды әдіспен онда еріген ұшқыш көмірсутегілерді бөліп алу, соның нәтижесінде мұнайдың құрамы әдеттегі жағдайларда тұрақты болып қала береді. Бұл жағдайда мұнай-газ өндіру кәсіпорны өндірілетін өнімнің (мұнай мен газдың) мөлшері үшін ғана емес, сондай-ақ оның сапасы үшін жауапкершілікте болуы тиіс. Бұл ретте мұнайды әзірлеу мен айдау цехы өткізілетін мұнайдың сапасын техникалық бақылау немесе зертханалық бақылау бөлімінің қызметін орындайды. Цех мұнайды айдау, әзірлеу, өткізуді, мұнай сорғыш станциялардың, мұнай құбырларының, резервуарлық парктің, эмульсиясыздандыру құрылғысының жөнделуін жоспарлайды. Мұнайды айдау мен өткізу жоспарларында келесі негізгі көрсеткіштер беріледі:
25 12 2014
5 стр.
25 12 2014
5 стр.
25 12 2014
4 стр.
ТҮ негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтарының құралы және олардың техникалық мінездемесі
16 12 2014
3 стр.
«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың экономикалық және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы болып
18 12 2014
1 стр.
Курстың негізгі мақсаты электрэнергетика саласындағы экономикалық білімді теориялық және практикалық жағынан меңгеріп энергетика шаруашылықтарындағы және өндірісті кәсіпорындарда т
15 10 2014
1 стр.
Жеке қосалқы шаруашылық ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз қажеттерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі
25 12 2014
1 стр.
Р бғм білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының
13 10 2014
1 стр.