Перейти на главную страницу
Б = Н · 100 / 100-л (13)
Л = Л / Б · 100 (14)
ж = Пж / Н ∙ 100 (15)
Мұнайды өткізу немесе жеткізу жоспары екі бөлімнен тұрады:
Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға көшуінің жылдам дамып келе жатқан процесіне байланысты соңғы онжылдықта елімізде мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда, бұл үлкен қоғамдық резонанс тудыруда және тұрғындардың басым көпшілігінің өмірлік мүдделеріне қатысты. Мемлекеттің меншігінде тұрған және мемлекетсіздендіруге және жекешелендіруге жататын объектілерге телекоммуникациялар жатады. Телекоммуникациялар ақпаратқа қол жеткізуді кеңейту мен оны беру арқылы нарықтық механизмдердің қызмет етуін қолдайды.
Телефондар, факстер мен электронды пошта қазіргі бизнесті дамытудың маңызды және объективті қажетті шарттары болып табылады. Басқа түрлеріне қарағанда, өз мәні бойынша «интернационалды» және икемді болғандықтан, ақпараттық технологиялар бизнестің, экспорттық іс-әрекеттің дамуына және экономиканың орталықсыздандырылуына көбірек ықпал етеді. Олар ұлттық экономикаларды ықпалдастырады және аймақтың шеңберлерін кеңейтумен әлемдің экономикалық байланыстарды нығайтады.
Сонымен қатар телекоммуникациялар жаңа жұмыс орындарын құрумен, ауылдық және қалалық аймақтардың арасындағы экономикалық көші-қонды азайтумен, әлеуметтік саладағы ауытқулар мен жағымсыз құбылыстарды әлеуеттік түрде біріктіруі мүмкін. Ақпарттық технологиялардың денсаулық сақтау мен білім беру, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау мен жақсарту үшін маңызы баға жетпес болып табылады. Жеңіл қол жеткілікті және толықтай қолданысқа енгізілген телекоммуникациялық жүйенің тағы бір жағымды қасиеті сол, жолдардың жаман жағдайына, жекелеген аймақатрдың қашықта орнаалсуы мен жолаушы тасымалдарына қатысты тарифтердің жоғары болуына қарамастан барлық тұрғындар ақпаратқа қол жеткізе алады.
Біздің үкіметіміз қашықтағы және нашар дамыған аудандарға тым болмағанда ең төмен байланыс қызметтерін ұсынатын болады. Мысалы, балалар мен жастарға арнап аймақтық оқыту сабақтарын беріп отыратын болады. Мұның құны ең төмен болады және келешекте елеулі пайда әкелетін болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында ең алдымен келешекте бәсекеге қабілетті, дамыған елдердің инфрақұрылымына ұқсас инфрақұрылымына ие болатын телекоммуникациялық жүйелердің мөзіндік және тиімді жүйесін құру міндеті тұр. Қазақстан телекоммуникацияларының қазіргі жағдайы басқа елдермен салыстырғандағы, желілердің жеткілікті дәрежедегі тығыздығына қарамастан, елеулі экономикалық проблемаға айналып келеді.
Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялар нарығы тұрғындарды әртүрлі байланыс түрлерімен (телевизиялық, телефондық, телеграфтік, электронды және т.б.) қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет тарапынан реттелген іс-әрекет болғандықтан Қазақстан экономикасы үшін іс-әрекет салаларының ең маңызды саласы болып табылады. Соның салдары ретінде ол инвесторлардың үлкен қызығушылығын тудыруда. Республиканың телекоммуникациялық кешенін дамытудың тиімді стратегиясын әзірлеуде бұл саланың Қазақстан экономикасының жалпы құрылымындағы рөлі мен алатын орнын нақты және анық түсінудің үлкен маңызы бар, себебі осыларға негізделумен келешек кезеңге арнап даму мақсаттарын белгілеп және міндеттерді құрылымдауға болады.
Саланың Қазақстан Республикасы инфрақұрылымының элементі ретіндегі рөлі мен мағынасы телекоммуникациялардың елдің тіршілік қарекетін қамтамасыз етуіне негізделген. Қазіргі жағдайларда мемлекеттік, шаруашылық және адам өмірінің ешбір саласында телекоммуникация құралдары болмай іс бітпейді. Телекоммуникациялар мемлекетті ұлттық қауіпсіздікті басқару мен сақтау құралымен қамтамасыз етеді. Жыл сайын мемлекет барлық бюджеттік шығындардың 1,5-2%-ы көлеміндегі қызметтерді тұтынады. Олар қазіргі заманғы бизнес пен экспорттық іс-әрекетті дамытудың қажетті шарты болып табылады. Жыл бойы сала елдің шаруашылық кешені мен тұрғындарға жүздеген миллион қызметтерді ұсынады. Байланыс басқа салалардың өндірістік шығындарының қажетті және елеулі элементтерінің бірі болып табылады, ірі және серпінді дамып келе жатқан сала болып табылады. 2000 жылы телекоммуникация саласының өндіру көлемі 50 млрд. Теңге немесе республиканың жалпы ішкі өнімнің 2 %-ын құрайды.
Телекоммуникациялар тұтастай экономикаға қарағанда жылдамырақ дамуда, және бұл соңғы онжылдықта дамушы елдердің бүкіл секторының беталысына айналды. 2002 жылы сала кәсіпорындарының мемлекеттік бюджетке салықтық аударымдары 2001 жылдағымен салыстырғанда шамамен 66 %-ды құрады, бұл 11 млрд. Теңге немесе мемлекеттік бюджетке жоспарланып отырған барлық түсімдердің 3,2%-ы деген сөз. Телекоммуникациялар кәсіпкерлік іс-әрекеттің тартымды объектісі болып табылады. Елімізде нарықтық қайта құрулардың дамуының нәтижесінде телекоммуникациялар экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда жоғары табыстылықты қамтамасыз етумен кәсіпкерлердің назарына іліккен объектіге айналды. 1996 жылы байланыс операторларының Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын, жеке және заңды тұлғаларды қажетті байланыс түрлерімен қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетін мемлекеттік реттеу мен бақылап отыру мақсатында байланыс саласындағы іс-әрекетті лицензияландыру енгізілген. 1996 жылды қарашасы мен 2000 жылдың желтоқсан айы аралығында Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі шамамен алғанда 600 лицензия берген, оның 75 %-ы телекоммуникациялар саласының үлесіне тиіп отыр. Телекоммуникациялар саны көп жұмыс орындарының көзі болып табылады. Телекоммуникациялар саласында тікелей шамамен алғанда 35 000 астам адам еңбек етеді, бұл экономика саласындағы барлық еңбек етушілердің %-ын құрайды. Сонымен қатар аталмыш сала үлкен құрылыс көлемдерін жүзеге асырумен және қазақстандық кәсіпорындар шығаратын құрал-жабдықты, кабельдік өнімді сатып алумен экономиканың басқа салаларындағы жұмыс орындарының сақталуы мен құрылуын қамтамасыз етуде. 2000 жылы күрделі құрылысқа 79.13 млн. АҚШ доллары жұмсалған, соның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-на арнап 70 млн.АҚШ доллар жұмсалды.
Саладағы орташа жылдық еңбекақы жалпы республикалық деңгейден 20%-ға жоғары, бұл, әрине, салаға білікті мамандарды тартады және дамуды әлемдік стандарттарға сәйкес жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Телекоммуникациялар ауылдық және қалалық аймақтардың арасындағы экономикалық көші-қонды азайтады, әлеуметтік саладағы жағымсыз құбылыстарды жаңа жұмыс орындарын ұсыну мүмкіндігінің арқасында азайтады, тұрғындардың ақпаратқа қол жеткізуіне кепілдік тудырады, бұл жолдардың нашар жағдайы, жекелеген аймақтардың қашық орнласуы және жолаушы тасымалдарына қатысты жоғары тарифтер жағдайында аса қажетті болып табылады, халықаралық экономикалық байланыстардың нығаюына ықпал етеді.
Есептік кезеңде телекоммуникация қызметтері нарығында ашық және айқын бәсекелестік ортаны қалыптастыруға арналған жағдайларды, ауылды елдімекендердегі тұрғындардың әмбебап байланыс қызметтеріне кепілдендірілген түрдегі қол жеткізуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялық нарықты ырықтандыру жөніндегі, сондай-ақ жаңа қазіргі замандағы телекоммуникациялық технологияларды ендіру мен отандық спутниктік байланысты дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасты.
Қазақстан Республикасының 2006-2008 жылдарға арналған Телекоммуникация саласын дамыту бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Телекоммуникациялық саланы дамыту жөніндегі жүзеге асырылып жатқан шаралар есептік кезеңде төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:
• республика бойынша телекоммуникация желілерін цифрлендіру деңгейі 74%, ауылды жерлерде – 54% құрады;
• телефондық тығыздық (100 тұрғынға) – 17,9;
• негізгі телефондық аппараттардың саны – 2,8 млн. бірл.;
• ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы (100 тұрғынға) – 40,7;
2006 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша қалааралық телефондық байланыстың бастапқы төлемдік трафигі оның алдындағы жылдың соған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға артты, халықаралық трафик 14,4%-ға артты.
Статистика бойынша 2006 жылдың қаңтар-маусым айыларында байланыс кәсіпорындары 127,3 млрд. теңге соманың қызметтерін ұсынған, бұл оның алдындағы жылдың соған сәйкес кезеңіндегі көлемінен 26%-ға артық, соның ішінде телекоммуникация қызметтерін сатудан түскен табыс 123,1 млрд.теңгені құрады. Барлық байланыс түрлерінен түскен табыстың құрылымы: ұялы байланыс – 45,5%, халықаралық, қалааралық – 20,0%, жергілікті телефондық – 8,1%, Интернет – 5,4%, телерадиобағдарламаларды беру – 3,5% және басқа байланыс түрлері – 12,1%. Ұялы байланыс қызметтерін (59,9 %), деректерді беру қызметтерін (58,2%), Интернет қызметтерін ұсынатын (57,8%), байланыс арналарын жалға беретін (37,8%) кәсіпорындар өткен жылдағымен салыстырғанда жоғары қарқынын көрсетуде.Жергілікті желіні жетілдіру мен дамыту шеңберінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сыйымдылығы 140,2 мың нөмірді құрайтын цифрлік АТС-тар мен мультисервистік абоненттік қатынаулар тәжірибелік және коммерциялық пайдалануға енгізілді.
Мемлекеттік мағынадағы ірі ауқымды жобалардың бірін – Ұлттық ақпараттық супермагистральді (ҰАСМ) іске асыру жұмыстары жалғасуда. 2006 жылдың наурызында Алматы – Қарағанды құрылысы басталды, бірінші жартыжылдықта полиэтиленді түтіктің 545 км-і төселді; Ақтөбе-Орал қосылған пунктердегі инфрақұрылымды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Спутниктік байланыстың дамуы ағымдағы жылдың маусымында орбитаға «Kazsat» қазақстандық байланыс және хабар тарату спутнигін жіберуге негіз болды, бұл республиканың валюталық құралдарын үнемдеуге және республиканың барлық салаларына арнап спутниктік байланысты серпінді түрде дамытуға ықпалын тигізетін болады, Қазақстанның ең қашық орналасқан және өздеріне жету қиын түкпірлеріне телекоммуниациялық қызметтердің қазіргі заманғы түрлерін ұсынуға мүмкіндік беретін болады. Ұлттық спутниктің қызметтері қазіргі кезде орын алып отырған тарифтерден едәуір мөлшерде арзан болады. Қазіргі кезде қазақстандық байланыс операторларының «Kazsat» спутнигіне ауысуын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер қарастырылуда. Ағымдағы жылдың 15 маусымында «Kazsat-2» екінші ұлттық геотұрақты байланыс және хабар тарату спутнигін құрастыру мен іске қосуға арналған екікезеңдік шараларды қолданумен жабық байқау жарияланған. Жаңа «Kazsat-2» спутнигін іске қосу ұлттық ғарыштық сегменттің ернеулік ресурстарының сыйымдылығын екі есе арттыруға мүмкіндік береді.
Пошталық байланыс
Есептік кезеңде пошталық байланыс 2005-2010 жылдарға арналған пошталық-жинақтау жүйесін дамыту бағдарламасына сәйкес дамып жатты. Бағдарламаны жүзеге асыру ұсынылатын қызметтердің көбеюіне ықпал етті. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында пошталық алмасудың өсуінің жағымды серпініне қол жеткізілді: мерзімді басылымдар көлемінің артуы былтырғы жылдағы деңгеймен салыстырғанда 3,0% құрады, жазбаша хат-хабарламалар көлемінің артуы – 115,6%, сәлемдемелердің – 1,9%-ға артты.
Қаржылық секторда ұсынылатын қызметтердің көлемі едәуір мөлшерде артып кетті. Ақша аударымдарының көлемі 2005 жылдың соған сәйкес кезеңдегі көрсеткішімен салыстырғанда 3,2%-ға артты, коммуналдық төлемдер мен салықтардың қабылдау көрсеткішімен салыстырғанда – 1,5 есе, еңбекақыны төлеулердің көрсеткішімен салыстырғанда –28,5%-ға артты.
2006 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша пошталық сала бойынша жиынтық табыс ұсынылатын қызметтер көлемінің артуының нәтижесінде оның алдындағы жылдың соған сәйкес кезеңіндегі шамаға қатысты 38,6%-ға артумен, 5632,6 млн. Теңгені құрады.
Ақпараттандыру
«Электронды үкіметті» қалыптастыру жөніндегі бағадарламаны жүзеге асыру шеңберінде есептік кезеңде «электронды үкіметті» - ақпараттық кезеңді қалыптастырудың алғашқы кезеңі аяқталды. 2006 жылдың сәуірінде 377 ақпараттық қызметін ұсынумен «электронды үкіметтің» веб-порталы іске қосылды. Екінші тоқсан ішінде қосымша 210 ақпараттық қызметті қалыптастыру жұмыстары. 2006 жылдың соңына дейін порталда барлық мемлекет органдарының 933 ақпараттық қызметтері ұсынылатын болады.
Қазақстан Республикасында 2006-2008 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті азайту жөніндегі орташамерзімдік бағдарламаның жобасы әзірленген, ол Қазақстанда тұрғындардың әртүрлі компьютерлік сауаттылығы деңгейі мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткізудің тең емес мүмкіндіктерімен сипатталатын ақпараттық теңсіздікті азайту мәселелерін шешуге арналған.
2000 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасының Үкіметі Еуропаның Қайта құру мен Даму Банкінің өздерін одан арғы уақытта стратегиялық инвесторға бекітілген тәртіппен сату мақсатымен Қазақстан Республикасынан «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының акцияларының 15,005%-ын сатып алу туралы ұсынысы қолдау тапқан болатын. Өзінде мемлекеттің қатысу үлесі 50% құрайтын «Қазақтелеком» ААҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 18 қазанындағы қаулысымен бекітілген «Акцияларының мемлекеттік пакеттері жекедара жобалар бойынша жекешелендірілетін айрықша ірі және бірегей акционерлік қоғамдардың тізіміне» кіреді. Осыған орай «Қазақтелеком» ААҚ-ны жекешелендіру ісі кезең-кезеңмен жүзеге асыруға арнап ескерілген болатын.
Қоғамның қарқынды дамуы үлкен ұтқырлықты, жылдам және сапалы байланысты, әлемде орын жатқан оқиғалар туралы толық хабардар болуды қажет етуде. Байланыс нарығы байланыстың өзі тәрізді қарқынды дамуда. Әртүрлі байланыс түрлерінің тұтынушылары провайдерлерден жоғары қызмет көрсету сапасын талап етуде, бұл өз кезегінде бұл нарыққа жеткілікті дәрежеде жылдам дымуға мүмкіндік береді және осы қызметті ұсынатын фирмалар мен компаниялардың арасында сау бәсекелестікті тудырады. Қазақстандағы байланыс және телекоммуникация нарығын қарастырайық. TNS Gallup Media Asia компаниясының MMI зерттеулері шеңберінде Қазақстанның ең ірі он бір қаласы бойынша жүргізген саулнамасының нәтижелері Қазақстанда ұялы байланысты пайдаланушылардың саны 2001 жылдағымен салыстырғанда 14%-ға артып, 2003 жылы 24%-ды құрағанын көрсетті. Арту сондай-ақ Интернетті пайдалануда да байқалуда: мұнда 2003 жылы пайдаланушылар санының артуы 2001 жылдағымен салыстырғанда 2%-ды құрады. Спутниктік байланыспен жағдай басқаша болып отыр: мұнда пайдаланушылардың саны 6%-ға азайып кеткен, сөйтіп 2003 жылы байланыстың бұл түрін пайдаланушылардың саны 2% құрады.
Қазақстанда байланыс және телекоммуникациялар нарығы әлі жеткілікті мөлшерде дамымаған және ол тұрғындардың жеткілікті дәрежедегі тар тобын қамтуда. Бұл компаниялардың осы қызмет көрсетулер саласында дамуы үшін потенциалдың және тұрғындардың қамтылмаған топтарына қызмет көрсетуді көбейтудің арқасында өз мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндіктердің бар екендігін көрсетіп отыр.
Телекоммуникациялар көрсететін қызметтердің көлемін үнемі арттырып отыратын экономиканың серпінді түрде дамып келе жатқан саласы болып табылады. Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерінің ағымдағы күйін келесідегідей негізгі сандармен сипаттап кетуге болады: Қазақстандағы орташа телефондық тығыздық 2001 жылдың басында елдің әрбір 100 тұрғынына 13,64 телефонды құрады, бұл ретте қалаларда – 20,9, ауылды жерлерде – 4,52 телефонды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан бұрынғы одақтық республикалардың арасында жетінші орынды иеленуде; жергілікті телекоммуникациялар желісі 3009 станциядан құралған, оның 580-і қалаларда және 2429-ы - ауылдарда орналасқан. Станциялардың жалпы орнатылған сыйымдылығы 2 418 371 нөмірді, іске қосылған сыйымдылығы – 1 851 975 нөмірді құрайды, соның ішінде цифрлік 547 211 нөмір немесе жалпы іске қосылған сыйымдылықтың 29,5%-ын құрайды; қазіргі кезде республикадағы қалааралық байланыс желілеріндегі телефондық арналардың жалпы ұзындығы 186 770.2 мың арна/км құрайды, олардың ішінде цифрлік беріліс жүйелерімен құрылғандарының ұзындығы - 142 198.3 мың арна/км.
Телефондық тығыздықтың шамасы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің шамасы арқылы анықталатын елдің экономикалық әлеуетімен тығыз байланысты болып табылады. Мемлекеттің ЖІӨ мен телефондық тығыздық деңгейінің арасындағы байланыс неғұрлым жақын болса, елдің инфрақұрылымы мен экономикасының арасындағы байланыс та соғұрлым теңгермеленген болып келеді. Қазақстанның жағдайы (жан басына қатысты ЖІӨ - жылына 1060 АҚШ доллар) елдегі байланыстың даму деңгейі экономиканың даму деңгейін басып озғандығын көрсетіп отыр.
Ағымдағы телефондық байланыс жан басына шаққанда шамамен 4500 АҚШ долларына сәйкес. Мұндай жағдайда саланың табысын арттыру стратегиясы телефондық аппараттардың санын көбейтуге емес, негізінен трафикті табиғи дамытуға, жаңа қызмет түрлерін, соның ішінде құны қосылған қызметтерді енгізуге негізделуі тиіс.
2.3 Қазақстан нарығында телекоммуникация мен байланыстарды бағалау және талдау
Қазіргі кезде республикамыз егеменді және бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық желіге ие болуда, соңғысының қызмет етуі көбінесе мемлекеттік маңызы бар ірі ауқымды жобалардың бірін – Ұлтық ақпараттық супермагистральді (ҰАСМ) іске асырудың арқасында негізделіп отыр. Ендігі уақытта Қазақстанның барлық ірі қалалары өзара цифрлік арналармен байланысқан.
2005 жыл пакеттік коммутациясы бар буынындағы талшықтық-оптикалық байланыс желісін құрудың бастапқы кезеңіне айналды. Осы мақсатпен 2005 жылы барлық облыс орталықтарында Metro Enternet желілерін құру жобалары мен IP/MPLS технологиясы бойынша мәліметтерді берудің магистарльдік көліктік желісін салу жобасы іске асыруға қабылданған. 2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап төмендегі бағыттар бойынша «Тарлан» алдын-ала төленген карталары арқылы халықаралық телефондық байланыс қызметтерінің тарифтері төмендетілді: Ресей – 35% дейін, Еуропа мен Азияның жекелеген елдер – 60% дейін, АҚШ, Канада, Австралия – 60% дейін.
2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бөгде операторлардың желісінде қалааралық трафикті өткізуді тарификациялау механизмі өзгертілді.
2006 жыл ішінде барлық байланыс түрлерінен түсетін табыстардың төмендегідей құрылымы қалыптасты: сымсыз байланыс – 43,2%, халықаралық, қалааралық –20,3%, жергілікті телефондық – 8,4%, мәліметтерді беру қызметтері мен телематикалық қызметтердің қызмет көрсетулері – 6,4%, телерадиобағдарламаларды беру – 3,7% және басқа да байланыс түрдері – 16,0%. Аса серпінді түрде келесідегідей байланыс түрлері дамыды: мәліметтерді беру қызметі мен телематикалық қызметтердің, атап айтқанда Интернет қызметтердің ұсынатын қызметтері (2006 жыдың қаңтар-желтоқсанында 2005ж. Қаңтар-желтоқсанындағы көрсеткіштермен салыстырғанда табыс соған сәйкес 21,7 % және 61,8 %-ға артты). Сымсыз байланыс қызметтерінен түскен пайда 63,3%-ға артты, олардың ішінде ұялы байланыстан түскен пайда 65,3%-ға, халықаралық байланыстан түскен пайда 24,7 %-ға және тұрғындарға ұсынылатын басқа қызметтерден пайда 6,5%-ға артты. Соңғы жылдарда желінің толық ауқымды жаңартылуы мен кеңейтілуінің негізін қалаған елеулі өзгерістер орын алды:
• Қазақстан Республикасының аумағында ұзындығы 1750 км Трансазиялық-еуропалық талшықтық-оптикалық байланыс желісі, ұзындығы 137 км Петропавловск – Корниловка Солтүстік талшықтық-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ), салынды;
• ұзындығы 2528 км Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе-Атырау-Ганюшкино Батыс талшықтық-оптикалық байланыс желісі салынып пайдалануға енгізілді;
• ұзындығы 1140 км Алматы-Қарағанды цифрлік редиорелелік желісі салынды және осылайша Ресейге Алматы – Астана – Петропавловл – Ресей радиалдық тармақ бойынша цифрлік шығу қамтамасыз етілді, ол Орта Азия - Өскемен аналогтық радиорелелік желі бойынша Алматы және Астана қалаларындағы цифрлік телефондық станцияларды жалғауға арналған;
• Алматыда цифрлік арналар бойынша транзиттік трафикті өткізуге арнап және GSM стандартындағы ұялы байланыс қажеттеріне арнап 34Мбит/с цифрлік ағым ұйымдастырылды;
• Алматы қаласындағы «Орбита» спутниктік байланысы қайта жөн- делді, сондай-ақ Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында Интелсат халықаралық спутниктік жүйесіндегі станциялар орнатылды, солардың арасындағы спутниктік байланыстың магистральдік арналары құрылған және Геомания, Англия, Швейцарияға, Ресейге, БАЭ мен Канадаға жаңа бағыттар ашылды;
• республиканың шалғай жатқан және халқының саны аз аудандарындағы байланысты қамтамасыз ететін Ауылдық байланыстың ұлттық спутниктік желісінің құрылысы жүргізілуде. ДАМА 182 цифрлік спутниктік станциясы, соның ішінде жоғарыдағы аудандардың елдімекендерінде 149 салынған;
• Алматы қаласындағы Халықаралық коммутациялар орталығының құрал-жабдығы мен Орал, Тараз, Ақтөбе және Астана қалаларындағы автоматтық қалааралық телефондық станцияларды (АҚТС) жаңғырту аяқталды.
• 2001 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында халықаралық коммутациялар орталығы салынып және пайдалануға енгізілген. Бұл цифрлық қалааралық коммуникациялар желісін құру жұмысын аяқтауға мүмкіндік берді.
Бәсекеге қабілетті телекоммуникациялар нарығын серпінді дамытуға арнап жағдайлар тудыру және тұрғын халықты сапалы және қол жетерліктей қызметтермен қамтамасыз ету.
Телекоммуникацияның міндеттері:
1 Телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік реттеу механизмін жетілдірумен бәсекелестікті дамыту және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
2 Телекоммуникациялық инфрақұрылымды сонымен қатар ауылды жерлерде дамыту;
3 Интернет қызметтерінің дамуы мен қол жеткілікті болуына арнап жағдайлар тудыру;
Бұдан әрі телекоммуникациялар саласын ырықтандыру мен телекоммуникациялар желілерін дамыту ісі жалғасатын болады. Ұлттық ақпараттық супермагистральдің құрылысы аяқталатын болады, сондай-ақ жергілікті телекоммуникациялар желісін, ұялы байланысты, орталықтандырылған түрде сақтау мен деректерді беру мен Интернет қызметтері желісін дамыту мен жаңғырту жалғасады.
«KAZSAT-1» байланыс және хабар тарату спутнигінің сыйымдылығын толтыру жұмыстары жалғастырылып, сондай-ақ «KAZSAT-2» спутнигін жасау жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын болады. Ұялы байланыс нарығындағы бәсекелестікті дамыту мақсатында 1800 МГц ауқымындағы радиожиіліктерді пайдалану жөніндегі шаралар жүргізілетін болады. Жергілікті бекітілген байланыс пен Интернет-қызметтер саласындағы бәсекелестікті одан әрі дамыту, сондай-ақ тарифтерді төмендету мақсатында басымдылыққа ие байланыс операторларының, жергілік байланыстың баламалы операторларының абоненттік желілеріне және Интернет-провайдерлеріне тең түрде қол жеткізу реттелетін болады.
Соның нәтижесінде 2007 жылы:
• бекітілген телефондық желілердің тығыздығы елдің әр 100 тұрғынына 20 құрайтын болады;
• ұялы байланыс абоненттерінің тығыдығы плотность абонентов сотовой связи – елдің әр 100 тұрғынына 45 құрайды; жергілікті коммуникация желілерін цифрлендіру деңгейі – 85 пайызды құрайды;
• Интернетті пайдаланушының тығыздығы – елдің әр 100 тұрғынына 8;
• бекітілген телефондық желілердің тығыздығы елдің әр100 тұрғынына 23 құрайды;
• ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы – елдің әр 100 тұрғынына 60; жергілікті коммуникация желілерін цифрлендіру деңгейі – 90 %;
• Интернетті пайдаланушылардың тығыздығы – елдің әр 100 тұрғынына 10;
• бекітілген телефондық желілердің тығыздығы елдің әр 100 тұрғынына 24 құрайды;
• ұялы байланыс абонентінің тығыздығы – елдің әр 100 тұрғынына 95;
• жергілікті коммуникация желілерін цифрлендіру деңгейі – 95 %;
• Интернетті пайдаланушылардың тығыздығы – елдің әр 100 тұрғынына 15.
Телекоммуникация қызметтері нарығының оңтайлы құрылымы және қоғамның экономикалық дамуына ықпал ететін ақпараттық қоғамның технологиялық негізі ретінде тиімді және дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылатын болады.
Қорытындылай келе айта кететіні, телекоммуникацияларды мемлекеттің монополиясынан шығару және соның салдарынан – байланыс қызметтерін ұсынатын жаңа компаниялардың пайда болуы әрекеттегі компаниялардың бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал етумен телекоммуникациялар нарығына жағымды әсерін тигізеді, аталмыш компаниялар мұндай жағдайда ұсынылатын қызметтердің сапасын төмендете алмайды, осының барлығынан түптеп келгенде тұтынушы ұтады.
25 12 2014
5 стр.
25 12 2014
5 стр.
25 12 2014
4 стр.
ТҮ негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтарының құралы және олардың техникалық мінездемесі
16 12 2014
3 стр.
«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың экономикалық және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы болып
18 12 2014
1 стр.
Курстың негізгі мақсаты электрэнергетика саласындағы экономикалық білімді теориялық және практикалық жағынан меңгеріп энергетика шаруашылықтарындағы және өндірісті кәсіпорындарда т
15 10 2014
1 стр.
Жеке қосалқы шаруашылық ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз қажеттерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі
25 12 2014
1 стр.
Р бғм білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының
13 10 2014
1 стр.