Перейти на главную страницу
Лирикалық әндердің басты ерекшелігі, оның адамның жеке басына байланысты сүйіспеншілік сезімге негізделуі дер едік. Сол себепті олардың туған кезеңін дөп басып айту қиын. Әннің мазмұны бірде ашық та айқын, енді бірде астарлы ойға құрылады.
Көгеріп толқындайды, япур-ай, алыс шеті.
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын,
Шайқайды жас балдай, япур-ай, желдің лебі, - деп басталатын ән жайма шуақ жаз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын аса бір нәзік сезіммен жырласа:
Алтын бу ақ көбіктің бетін жабар,
Судан бу көкке төніп, япур-ай, маржан тағар.
Есіме ақ еркемді алған кезде,
Ақ маржан жылт-жылт етіп, япур-ай, жерге тамар, - деген келесі шумағында сол сезім табиғат аясынан шығып, сүйген жанның ішкі жан-күйін, толғанысын білдіреді.
Ән бастан-ақ біркелкі созылмалы түрде орындалады. Алғаш оның әсерлі әуені жоғары шарықтап, соңынан төмен түсіп, баяулап барып аяқталады. Бұл төменгі дыбыстың тұрақтылығына негізделген халық сазы.
Әннің осындай лирикалық мазмұнына сай оның әуен-сазы да барынша көркем, әсем әрі сырлы. Ол өлеңнің әр жолының ой-мазмұнымен тығыз байланыста көрінеді. Халық әндерінің көне үлгілері сияқты “Япур-ай” сазы да ықшам, өлеңнің әрбір қос жолы сайын оның әуені қайталанып отырады. Алғаш баяу басталатын ән әуені бірте-бірте көтеріледі де, ұзамай қайта басылып, алғашқы сезім күйіне оралады. Әннің осы қарапайым құрылысы оның ел арасына кең таралуына себеп болған сияқты.
Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,
Сала берме көзіңді әр жақсыға.
Сусамыр бар ма байлауы, - деген жерде әннің негізгі шумағы да, қайырмасы да екі жолдан құралып тұр. Бірі –11, екіншісі – 8 буындық өлшеммен берілген. Қайырмасы ықшам, тұрақты.
Әннің әуені мен мазмұны да назар аударады. Бұл әдеттегідей кең тынысты саздардың бірі емес. Мұнда халықтың көшпелі тұрмысына, оның көркем ойлау жүйесіне тән бірқатар белгілер бар. Ән жастарды әсем сезімге бөлей отырып, орныққан ел дәстүрінен, әдептен озбауға үндейді. Оның астарында ер жігіт қандай болу керек, сұлу қызға не жарасқан деген тәрбиелік мәні бар ұғымдар жатқаннын аңғарамыз. Мұның өзі халықтық тәлім-тәрбиенің ән өнеріндегі көрінісі болуға тиіс. Әннің халық атынан айтылуының бір сыры осында.
Боз беткейлі, ендеше, боз беткейлі,
Боз беткейден, ендеше, мал кетпейді.
Шөбі жұмсақ, шаруаға жері шүйгін,
Бағаналы Мансарға жер жетпейді, - деп басталатын әннің өлең кестесі шалыс ұйқасқа құрылған қазақтың қара өлең үлгісін еске салады. Әрбір екі жолдан соң қайталанатын “қоғалы-ай, қоңыр салқын-ай малға жай” деген жолдар әнді толық аяқтап отырады. Мұны халық әндеріне тән көркемдік тәсілдердің бірі деп ұғынғанымыз жөн. “Қоғалы-ай” әнінің осы сипаты оны ғасырлар қойнауынан біздің дәуірімізге дейін жеткізіп отыр.
Эпикалық дәстүр — түркі тайпалары мәдениетінен байқалатын көне құбылыс. Оның туу, қалыптасу кезендері өте тереңге тартады. Осы дәстүр аясында көптеген жанрлар қалыптасқан. Олар әдетте 7-8 буыңды өлшемге негізделіп, халық поэзиясының негізгі қабатын кұрайды. Сонымен бірге эпикалык дәстүрдің макам-саз өнеріне де қатысы бар. Өзінің мазмұны мен мақамдық ерекшеліктеріне байланысты эпикалық жанр бірнеше салаға жіктеледі.
Эпикалық дәстүрдің бел ортасында тұратын жанр - Эпос. Қазақ халкының ерте кездерде туып, біздің заманымызға дейін жеткен асыл казыналардың бірі сол. Эпос - тарихта болған, бір кезендердегі каһармандық немесе романдық оқиғалардың желісіне құрылған көлемді туынды. Оның музыкалық мақамы, поэзиялық құрылымына тән көркемдік ерекшеліктері болады.
Бүгінде эпос көне, қаһармандық, романдық және тарихи болып төртке жіктеліп жүр. Мұндай бөлініс эпостық жырлардың даму кезеңдерін, қайсысы бұрын, қайсысы соң туғандығын яғни стадиялық қатарын анықтайды.
Жанрлық ерекшелігінен бөлек эпостық жырлардың поэтикасы — көркемдік, композициясы ~ музыкалық-мақамдық ерекшеліктері болады. Мұның бірі — әдеби, екіншісі — музыкалық мәселе.
Бұдан бөлек қазақ эпосында коммуникативтік — хабарлы, ақпаратты мазмұны болады. Яғни, эпос поэзия мен музыканың бірлігі арқылы көне дәуір оқиғаларын бізге жеткізеді.
Қарасай-Қази
Ноғайлы дәуірінде қазақтар мен қалмактардың арасы жақсы болмағаны белгілі. Бірде қалмактың Қондыкер дейтін батыры хат жолдап, батыр болса Қарасай мең Қази біздің елімізді шапсын, қорықса өз үйіні қуысын тапсын, деп мазақ етіпті.
Бұл кезде Қази жеті, Қарасай сегіз жаста екен. Екеуінің әлі буыны қатып, бұғанағы бекімеген кезі. Қалмактың әлгі сөзін намыс көрген Әділхан сұлтан шағың қолмен қалмақтың еліне аттанады.
Қалмақ елінің шегіне жеткенде оларды Қондыкер қарсы алып, үлкен соғыс басталады. Ұрыс кызған ксзде Әділхан сұлтанның астындағы аты сүрініп құлап, өзі қалың қалмақтың ортасында қалады. Олар сұлтанның қол-аяғына кісен салып, терең зынданға тастайды.
Әділхан сұлтан зынданда ұзақ жатады. Бір күні оның ішіне қарлығаш ұшып кіреді. Мұны көрген сұлтан өзінің зынданда жатқанын еліне хабарлап, баяғы Қарасай мен Қази тірі болса мені құтқарсын деген ойды қызына жеткізеді. Хатты қарлығаштың қанатына қыстырып, қоя береді.
Сұлтанның Ханзия атты сұлу қызы бар еді. Бірде есік алдыңда отырса, тізесіне қарлығаш келіп қонады. Құсты арқасынан сипаған кезде, қанатының астынан хат шығады. Оны оқып мән-жайды білген қыз әкесінің жағдайын анасына жеткізеді. Содан соң Қарасай мен Қазиды іздеуге шығады.
Ұзақ сапар шеккен қыздың Қазиға келіп айтқаны мынау екен:
Айналайын, Қазижан,
Аманбысың, саумысың?
Сау-саламат бармысың?
Терең суды тоқтатқан
Белгілі қызыл жармысың?
Көлденең жауды тоқтаткан
Биік қара таумысың?
Көкемнен жазғаң хат келді,
Қази деген ат келді.
Іздеп келдім сіздерге,
Жауап берсең біздерге,
Құдай нашар қылғасын,
Шыға алмаймын далаға,
Көкем бір хабар бергесін,
Бар деп сіздей балаға,
Айналайын, Қазижан,
Жауап бер, айтшы сен дейді.
Дидарыңды көргенше,
Артында жүріп шөлдедім мен дейді.
Шұбыртпалы жыр ұйқасына құрылған жыр үлгісі - осы.
Эпикалық дәстүр тудырған жанрлардың бірі — толғау. Оның мазмұны ойлы, мақамы сазды келеді. Толғау деп өмір, тіршілІк туралы терең ой мен толғанысқа құрылған шығарманы айтамыз.
Құлан қайтіп күн көрер?
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер? -
деген Асан Қайғы толғауларының айтар ойы өте терең.
Қазақтың от тілді, орақ ауызды келесі бір жырауы Бұқар болса, ол Абылай тұсында өмір сүрген. Оның жырларына қарап Бұқардың Абылайдың сыншысы, ақылшысы болғанын көреміз. Ел туралы толғанғанда ол Абылай ханның жеке басына да мін таға береді.
Қазақ халқының бірлігін ойлап, үш жүзді бір тудың астына жинауды көздеген Абылай ханның да қиғаш кеткен жерлері аз емес көрінеді. Сондай тұстардың бірІнде Бұқар жырау Абылайға ақыл салады. Онда биліктің қызығына түсіп, еліңе қиянат жасама. Күні кеше сен кім едің? Түркістан жеріндегі Әбілмәмбет патшаның қызметшісі, Төле бидің түйесін баққан құлы емес пе едің. Есейе келе қолыңа қылыш алып, жауъшды жеңдің. Колың билікке жетті. Басыңа бақ қоңды. Бірақ сол бақты көтере алмай жүргендейсің. Болмаса өзге батырлардан сенің қай жерің артық? Қабанбайдан бұрын қай жауды жусатып едің? Шыққан тегің кімнен артық? Атаң арқар ұранды жат, анаң түрікменнен туған күң еді деген қатал сын айтады.
Бұқар жыраудың бұл сөздерін Абылай жақтырмай қалады. Соны байқаған жырау:
Ашуланба, Абылай,
Ашулансаң, Абылай,
Көтерермін, көнермін,
Көтеріп қазға салармын.
Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма...
Басына мұнша көтерген
Жұртыңа жаулық сағынба.
Күнінде мендей жырлайтын,
Тоқсан үште қария
Еңді де саған табылмас, — деген екен.
Бұл - анық толғау үлгісі. Мазмұнына сай оның мақамы да ойлы, әсерлі, сезімді тереңнен қозғайтын сазға құрылған.
Кейде толғау сазынен үлкен эпостық жырлардың бір саласы да айтылады.
Эпикалық дәстүр шеңберінде туған дидактиқалық жанрдын келесі бір тармағы - терме. Толғаумен салыстырғаңда мұның жырлайтын тақырыбы да, әуен-сазы да өзгеше. Егер толғау ойлы, мазмұны қоғамдық маңызы бар күрделі тақырыптарға құрылса, терме өмірдің жеке бір көріністерін жырлауға бейім. Осыған орай оның музыкалық мақамы да жеңіл, ойнакы, сазды келеді. Ол көбіне термелеп айтылады. Мысалы:
Жақсыдан шығады сөз жай секілді,
Жаркырап атып тұрғаң таң секідді.
Ойлайтын елдін қамын ерлерім көп,
Сәулесі көпке түскен шам секілді,
— деп келетін Кенжеқожаның термесі адамға терең ой салып, өсиет айтады. Осы өсиет пен ғибрат - терменің басты белгілері.
Кенжеқожаның термесі
Ертеректе Сыр өңірінің өзбек жерімен шектесетін тұсында Кенжеқожа дейтін кісі тұрыпты. Өзі ауыл арасындағы той-думандарда суырып салма өнерімен танылған ақиық ақын, асқан жырау, термеші екен. Бірде үлкен той болып, түрлі ойын-сауыктар жүріп жатады. Көкпар, күрес, ат жарыстар қызады. Соның арасында саз және ән өнеріне де кезек беріледі. Көптеген ақын-жыраулардың арасынан Кенжеқожа өзінің қайталанбас өнерімен озып шығады.
Жұрт оны тағы бір сынамақ болып: "Жігіттің жақсысы кім? Адамның данышпаны кім?" — деген сауал қояды.
Сонда Кенжеқожа сәл ойланып калады да, домбырасын бір-екі қағып қойып:
Жігітті екі мінез ел демеңіз,
Кеселді екіталай емдемеңіз.
Қабірін қисық біткен қапыс қалды,
Түзетіп тезге салъш жөндемеңіз.
Алдыңа ата дұшпан келсе дағы,
Жекіріп жаман сөзбен жерлемеңіз.
Сасқанда ақыл тауып бермегенді,
Данышпан, ақылы мол, кең демеңіз,
— деп термелете жөнелген екен.
Эпикалық дәстүр тудырған кенже жанрлардың бірі — желдірме. Атауы көрсетіп түрғандай, бұл жылдам, желдіртіп айтьшатын туынды. Егер толғау мен терме көбіне қазақ халқының эпикалық дәстүрімен байланысты болса, желдірме бүгінгі күн тақырыбын да жырлай береді. Демек ол дамып келе жатқан жанр. Оған дәлел ретінде белгілі ақын әрі сазгер Иса Байзаковтың желдірмелерін айтуға болады.
Желдірменің әуені жеңіл, сазды әрі ойнақы келеді. Оны ең алғаш белгілі сазгер Е. Брусиловский жазып алып, нотаға түсірген. Сол кезден бастап Исаның "Желдірмесі" көптеген музыкалық шығар-маларға арқау больш келеді.
Эпикалық жанрлар дәстүр шеңберінде ғана өмір сүреді. Оның небір көркем үлгілерін біздің заманымызға жеткізуші эпос айтушылары — ұзан, жырау, жыршы, термешілер.
Ертеде шамандар ел ақылгөйі болған. Орхон жазбаларындағы Тоныкөк осы бақсылар типінің көне бір көрінісі. Бақсылардың атасы болып есептелетін Қорқыт - қобыз аспабыңда күй тартып, жыр жырлаган. Сондықтан оларды жырау, ал кейінгі айтушыларды жыршы деп атаған. Жырау — белгілі бір сюжетті жырға қосатын, суырып-салма тұлға, жыршы — сол жырларды орындаушы, көршілікке жеткізуші, эпикалық дәстүрді жалғастырушы. Бірақ бұл ұғым-түсініктің шарттылығы да жоқ емес.
Сонымен, музыкалық эпос дегеніміз - ежелгі тайпалардың көркем ойлау жүйесінің белгілі бір сатысында көбіне отбасы, ру, тайпа тәуелсіздігі, ел бүтіндігі секілді этникалық сана аясында туатын күрделі музыкалық-поэтикалық шығарма.
Эпостану ғылымында түрлі танымдық көзқарастар, ағымдар мен бағыттар болғаны белгілі. XІX ғасырдағы фольклортану ғылымында мифологиялық бағыт, тарихи мектеп бой көрсетіп, оның өкілдері эпос мифтік сюжеттерден және тарихи оқиғалардан туады деген пікірді жақтады. Миграция бағыты болса эпос мәдениеті дамыған бір елде туып, өзге елдерге тарайды деген пікірді ұсынды. Бұл жүйе бойынша эпосты тудыруға бір ғана ел қабілетті де, өзгелері қабілетсіз болып шығады. Сондықтан бұл бағыт ғылымда эпостың ақсүйектілігі деген бағаға ие болды.
Кеңес дәуірінде тарихи мектептің табыстары жалғасын тапты. Бірак, 40 - 50-жылдары "Едіге", "Кітаби-Қорқыт", т. б. эпостык жырларға байланысты туған саяси дау олардың басым көпшілігінен бас тартуға әкеліп соқтырды. Қырғыздар - "Манас", түрікмендер — "Деде Қоркыт", өзбектер - "Алпамыс", қазақтгар — "Қамбар батырдан" баска
барлық эпосынан бас тартты. 1953 жылдың бас кезінде
эпосқа байланысты басқосулардың бірінде М.Ғабдуллин казақ эпосын феодализм дәуірінің мұрасы ретінде бағалады. Сөйтіп Алпамыс, Қобыланды -"халық жаулары" больш шыға кедді.
Бұл эпостану ғылымының методологиялык тығырыққа тірелген кезі болатын. Осындай кезенде жаңа ғылыми тезис ұсынған ғалым — В. Я. Пропп. Өзінің "Русский героический эпос" (Москва, 1955) деген еңбегінде ол эпос тарихи окиға ізімен емес, халыктың ой-арманы, қиялы негізінде туады деген кисын ұсынды.
Одан бергі жерде эпостану ғылымы текстологиялық, стадиялық, типологиялық зерттеу тәсілдерімен бірге эпостың тарихылығы деген
мәселеге де ден қоя бастады. Атап айтар болсақ, өзінің музыкалық фольклорға қатысты еңбектерінде И.И.Земцовский бастаған Ленинград фольклортанушылары музыкалық эпосты тарихи дереккөз ретінде бағалады. Бұл бағыт әлі күнге жалғасын тауып келеді.
Фольклорлық аспаптық музыка, оның негізгі белгілері мен сипаттары, жиналуы мен зерттелуі. Сыбызғы, қобыз, домбыра атауларының құрылымы мен мән-мағынасы.
Қазақ фольклорының үлкен бір саласын музыкалық аспаптар, соларға арналған музыкалық шығармалар құрайды. Оларды бір стадиялық сипатына орай екі салаға жіктейміз:
1. Фольклорлық музыка аспаптары.
2. Халық музыка аспаптары.
Мұның алғашқысына археологиялық қазба жұмыстары, көне дәуірдің түрлі жазба ескерткіштерінде сақталған саз сырнай, қамыс сырнай, мүйіз сырнай, ұран, үскірік, тастауық, най, сырнай, даңғыра, асатаяқ, кепшік, дабыл, қылқобыз, месқобыз, желқобыз, т.б. аспаптар жатады. Осы аталған аспаптардың көпшілігі бүгінгі өмірімізге Б. Сарыбаевтың ыждаһатты еңбегінің арқасында оралды. Себебі арғы жердегі тарихымызда болса да, олардың барлығы бірдей кейінгі халық мәдениетінен орын ала бермеген. Музыкалық аспаптардың фольклор аясында туып, архаикалық сатыда қалған үлгілері де аз емес. Сонымен бірге қазақ халқымен бірге жасасып, оның халық ретінде қалыптасуына игі әсер еткен үлгілері де бар. Олар - сыбызғы, қобыз және домбыра.
Бүгінде әлемдік этнография ғылымында музыкалық аспаптану саласы қалыптасып отыр. Кезінде К. Вертков, Т.С. Вызго, Ф.М. Кароматов, И. Мациевский, Б. Сарыбаев, Б. Ф. Смирнова, З. Славюнас, С. Субаналиев, П.И. Чисталев секілді өзге де ғылымдар түрлі халықтардың аспаптарын терең зерттеді. Сол негізде фольклорлық аспаптардың ерекшіліктері де айқындалғаны бар. Мысалы, И. Мациевский халық аспабының мынадай стадиялық белгілерін анықтап көрсеткен:
1. Эстетикалық қызмет атқаратын музыкалық аспаптар.
2. Музыкалық шығарма орындауға бейімделген аспаптар.
3. Мұндай мүмкіндіктері жоқ аспаптар (Народный музыкальный инструмент и методология его исследования / Актуальные проблемы современной фольклористики. Сборник статей и материалов.
Сост. В.Е. Гусев.- Л.,1980, 149- б)
Әрине, И. Мациевский бір аспаптың әрі халықтық, әрі кәсіби музыка өнеріңде қолданылатынын да жоққа шығармайды.
Фольклорлық дәстүрдің тағы бір ерекшілігі - бір музыкалық аспаптың әр түрлі халықтар мәдениетінде көрініс беруі. Олар сол елдереің халық аспабы ретінде аталатыны тағы бар. Осыған орай айтарымыз: бір аспапт бір ел үшін фольклорлық, екіншісі үшін кәсіби құрал болуы әбден мүмкін.
Фольклорлық музыкалық аспаптар өздерінің дыбыс шығару ерекшіліктеріне сай жіктеледі. Оның үлгісін В. Маийон көрсетіп кеткен болатын. Зерттеуші фольклорлық аспаптарды былай бөлген: “ самозвучащие, мембранные, струнные, духовые” / Актуальные проблемы современной фольклористики.- Л.,1980, 24- б/
Музыкалық аспаптардың өзге сипапттары да жоқ емес. Соны анықтаған жерде И. Мациевский: “Музыкальные инструменты могут рассматриваться в разных ракурсах - как явление материпльной культуры, как определенные исторические, социальные, национальные атрибуции, как акустические системы - и составлять сответственно предмет самых различных наук: истории, социологии, этнографии, акустики” (Основные прпоблемы и аспекты изучения народнгых музыкальных инструментов и инструментальной музыки/ Народные музыкальные инструменты и инструментальная музыка.- Москва, 1987, 15 – б), -деп жазады.
Халық аспаптарының фольклорлық сипатына келгенде зерттеуші: “Ряд свойств народной инструментальной музыки роднит его с многочисленными явлениями фольклора. Это традиционность, коллективность, бесписьменная, контактная форма передачи традиции, в связи с чем произведения народной инструментальной музыки живут только в исполнении”(сонда, 11-б),- дейді.
Мұның бәрі фольклорлық музыкалық аспаптардың табиғатына анықтық енгізетін күделі ғылымы мәселелер. Сол негізді бүгінде халық аспаптары аэрофон, хордофон және идиофон болып үшке бөлініп жүр:
1. Үрлеп орындалатын аспаптар – аэрофондар (саз сырнай, сыбызғы, керней, жел қобыз, месқобыз)
2. Шертіп ойналатын аспаптар – хордофондар (домбыра, шертер, қобыз, т.б.).
3. Ұрмалы аспаптар –идиофондар (асатаяқ, тайтұяқ, даңғыра, кепшік, дауылпаз, т.б.)
Кейбір ғылыми әдебиеттерде фольклорлық аспаптардың бұл үш саласы өз ішінде тағы да жіктеледі.
Музыкалық аспапты белгілі бір халықтың мұрасы ретінде тану фольклортану ғылымында көптен дау тудырып келе жатқан мәселе. Мысалы, шаңқобыз (шаңғы ауыз) көптеген түркі және славян халықтарының мәдениетінде кездеседі. “Атлас музыкальных инструментов народов СССР” (Москва, 1963) деген кітапта шаңқобыз (варган) украин, белорус, орыс, тува, қалмақ, қазақ, т.б. халықтардың төл аспабы ретінде аталады. Домбыра, тамбур, дутар, комбуз – бәрі де домбыра тектес қос ішекті, шертпелі аспаптар. Қобыз, гиджак, кеманшы, қияқ –ішіекті ысқышты музыкалық аспаптар. Бұлардың бір-бірінен өзгешелігі шамалы. Олай болса, мұндай аспаптары қай халықтың еншісіне хатқызамыз?
Музыкалық аспаптардың бір-біріне ұқсастықтарын екі түрлі тынымдық деңгейде түсіну қажет.
1. Тарихи-типологиялық негізде. Бұл тұста ұқсас аспаптардың типтік сипаттары назарға алынады.
2. Тарихи-генетикалық тәсіл аясында, яғни бір аспаптың арғы жерде ортақ бір түбірден тарағандығын анықтау арқылы.
Бір-бірімен тарихи-мәдени байланысқа түспеген халықтар мәдениетіндегі ұқсастықтарды сол халықтардың қоғам дамуының белгілі бір белесінен өткендігін білдіретін белгі ретінде тану қажет.
Фольклортану ғылымындағы этнографизм теориясының ұсынған жүйесі осы болатын. Бұл мәселеге қатысты В.П.Аникин, Ю.Г.Круглов, К.Вертков, Т.С.Вызго, А.И.Гумениюк, Р.Б.Галайский, Ю.Г.Круглов, И.Мациевский, т.б. аспан-танушылардың пікірлері де бар.
Бүгінгі музыкатану ғылымында музыкалық аспаптарың тегі туралы түрлі пікірлер айтылып жүр. Біз оларды этнография ғылымының талаптарына негіздеп архайкалық, фольклорлық, халықтық, ұлттық деп жіктеген болар едік. Бұл этнографиядағы демос-этнос-халық-ұлт деген стадиялық кезеңдерге жақындаудың бір үлгісі.
Мұндай бөліністің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, архаикалық аспаптарды біз түрлі археологиялық қазба, жазбалардан кездестіретін болсақ, фольклорлық аспаптар этникалық кезеңдерге тән. Оның ерекешелегін бірде этникалық тегі (түркі, славян тайпалары), бірде географиялық шегі (таулы, орманды, далалық), бірде діни наным-сенімдеріне (христиан, будда, ислам) қарап ажыратамыз. Ал халық аспабы болу үшін белгілі бір халықтың музыкалық мәдениетінен кең орын алумен бірге, сол аспапқа арналған музыкалық репертуары да болуы шарт. Осы белгісіне біз тағы бір сипатын қосар едік: әрбір халық аспабы сол халықтық тілі мен ұғым-түсінігі аясында атаулы керек.
Қазақ музыка мәдениеті жағдайында фольклорлық аспаптарды жинап жаңғырғып зерттеген қазақ ғалымы – Болат Сарыбаев. Өзінің “Қазақ халқының музыкалық аспаптарың (1980) атты еңбегінде ол көптеген фольклорлық аспаптардың құрылымы, диапазоны, орындау ерекшеліктеріне байланысты мәліметтер келтірген. Соның арқасында бұл аспаптар өмірге қайта оралды.
Бірақ қазақ музыкатанушылары фольклорлық аспаптардың атауына терең үңіліп, олардың құрылымы – этимологиясы мен мән-мағынасы – семантикасын зерттеген емес. Мысалы, қазақта қобыз, қылқобыз, шыңқобыз деген атаулар бар. Бұдан байқалатыны қобыз – жалпы музыкалық аспапқа қатысты атау.
“Қобыз” атауының этимологиясы туралы біз мынадай ғылыми болжам ұсына аламыз.
1. “Қобыз” сөзінің түбірі – қауыз А.Эйхгорн өзінің “Полная коллекция музыкальных инструментов народов Средней Азии и Казахстана” (СПб, 1985) атты еңбегінде қауыз – іші қуыс, екі ішекті ысқышты аспап деген.
2. Н.Бичурин еңбектерінде 680 жылы көшпелі тайпалар мен қытай елінің бір келісімі кезінде түріктердің “күпі” деген аспапта әсем музыка орындағаны айтылады. Оның үні қытайлықтарды таң қалдырған.
“Күпі”, “күбі” - қазақ ұғымында іші қуыс ыдыс. Демек құрылымы мен мағынасы жағынан қауыз бен күпі ұқсас.
3. Рашид ад-Диннің “Шежірелер жинағында” қыпшақ – іші қуыс ағашты білдіреді. Осы дерекке қарап қобыз –қыпшақ тайпасының ортасында туған, сөйтіп алғаш іші қуыс, бірде күбі, бірде қауыз деген семантикаға ие болған музыкалық аспап екіндігін көреміз.
“Домбыра” атауы қазақ, орыс, украин елдерінің мәдениетінде кездеседі. Ол тек қазаққа ғана тән атау емес, арғы түбірі “даңғыра” сөзінен шыққан. Домбыра, даңғыра, тандыр, тамбур, бандур секілді сөздердің түбірі бір, олардың барлығы да ішекті аспаптарға қатысты қолданылған. Көп жағдайда музыкалық аспап атаулары олардың құрылымынан туындайды.
Сонымен фольклорлық музыкалық аспаптарды этнографиялық негізде былайша жіктеуге болады:
1. Көне замандарда туған архаикалық аспаптар (демос)
2. Тайпалық дәуірде туған фольклорлық аспаптар (этнос)
3. Феодаизм дәуріндегі аспаптар (халық)
4. Бүгінгі таңдағы аспаптар (ұлт)
Қоғам дамуының төрт түрлі дәуіріне тән музыкалық аспаптардың стадиялық көрінісі - осы. Алғашқысына –архаикалық (тайтұяқ, асатаяқ, кепшік), екіншісіне –фольклорлық (даңғыра, сазсырнай, т.б.), үшіншісіне – ХV-XVIII ғасырлар аралығында ел мәдениетінен орын алып , кең қолданысқа ие болған сыбызғы, қобыз, домбыра аспаптарын, төртінші тармағына – ХХ ғасыр шеңберіндегі музыкалық мәдениет жетістіктері, яғни жетілдірілген, өзгеріске түскен, сөйтіп классикалық-темперациялық құрылымға келтірілген домбыра-прима, қобыз-прима, т.б. аспаптарын жатқызамыз.
Фольклорлық аспаптар – тұрмыс-салт шеңберінде, халық аспаптары –тарихы кезеңдерде, ұлт аспаптары – бүгінгі мәдени өмірімізде қолданылады. Олардың әрбіріне тән өзіндік музыкалық репертуары болады.
Қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан төл музыкалық аспаптарымыздың бірі – домбыра. Ол архаикалық, фольклорлық халықтық, ұлттық даму сатыларынан өткен классикалық аспап. Музыкалық репертуарын күй деген жалпы атауға ие болған шығармалар құрайды.
Күй - аспаптық шығармаларға қолданылатын атау. Қ.Жұбанов. А.Сейдімбюектердің анықтауынша, ол адамның көңіл-күйін білдіретін ұғым. Келе-келе күй әрі жанр, әрі шығарма, әрі форма атауына ие болған. Мысалы, сыбызғы, қобыз, домбыра аспаптарына арналған шығармаларды біз күй деп атаймыз. Олардың музыкалық-интонациялық негізінде ән әуендерінің жатқаны да анық. Халық музыкасы аясында аспаптық жанрлардың туу, қалыптасу ерекшеліктері тұсында белгілі фольклортанушы .Г. Ерзакович мынадай үш түрлі сатыларды көрсеткен:
1. Музыкалық – иллюстрациялық шығармалар.
2. Музыкалық – фрагменталық туындылар.
3. Аяқталған аспаптық күй.
Міне. Осы негізді бірте-бірте қалыптасқан аспаптық жанр бері келе классикалық сипатқа ие болып, қазақ даласының дауылпазына айналған.
Қазақтың ұлттық музыка аспаптары
Қай халықтың музыка аспаптары болсын өмірге жайдан-жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен, әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дөстүр, әдет-ғұрыптарына орайласа туын-дап пайда болған. Адам болмысының сөзбен, ән-өлеңмен айтып жеткізуге болмайтын сырлы саз, әуен үнін, күрделі сезімдерін сыртка шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған.
Жалпы казақтың ұлттық музыка аспаптарының саны өте көп болған. Қазақтың музыка аспаптарын түбегейлі, жеріне жеткізе зерттеген ғалым Б. Сарыбаевтың айтуынша жер-жерлердегі мұражайлар қорлары мен экспозицияларда қазақтың 400-ден астам көне музыкалық аспаптары сақтаулы. Тек Санкт-Петербург этнографиялық мемлекеттік мұражайы қорында қазақтың 50-ден астам ұлттык, музыка аспаптары бар.
Әрине бүл ретте мына бір жайды да ескеру керек. Музыка аспаптарын зерттеген көптеген ғалымдар тұжырымдары, «түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптарының пайда болуы, шыққан тегі бір» деген ойлары әр тұстан тоғысып жатады. Мәселен, белгілі этнограф ғалым С. Е. Малов: «...Осы ескерткіштердің бәрі немесе осы ескерткіштердің бәрінің, айтары түркі тілдес халықтар тарихы үшін ортақ арқау болып табылады...» десе, тағы бір әйгілі орыс ғалымы В. Виноградов: «Музыка аспаптарының өзара байланыстылығы тайға таңба басқандай болып, ап-айқын көрінетін белгілері Солтүстікке, Орталық Қазақстан мен Онтүстік Сібірге, Алтайға жетелейді», - деп жазады. Демек, В. Виноградовтьщ болжамынша, Орта Азия және басқа түркі тілдес елдерді аитпағанның өзінде, қазақтың музыка аспаптары мен сонау Сібір аймағындағы алтайлықтар, хакас, тува, якут халықтары музыка аспаптарының тегі бір дегенге меңзейді.
Қазақтың ұлттық музыка аспаптарының көбі сан ғасырлар бойына халқымыз басынан кешірген саяси, коғамдық-әлеуметтік өзгеріс, жағдайларға байланысты қолданылудан қалып, ұмыт болып келді, 1960 жылдарға дейін бізге белгілісі негізінен небәрі төрт қана аспап болатын. Олар домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнай еді, Соның өзінде көбінесе домбыра мен қобыз ғана қолданылып келді. Тіпті кейбір облыстарда қобыздың не екенін білмейтін кездері де болған. Соңғы кезді қойып, 1855-4856 жылдары Шоқан Уәлиханов өзінің «Қазақ халық поәзиясының түрлері туралы» деген мақаласында домбырамен орындалатын өндер мен күйлердің етек алғанын, сол себепті қылқобыздың сүйемелдеуімен айтылатын ұзак жырлардың қалып бара жатқанын ескеріп: «...Домбыра мен жаңа әндер енді жыр мен қобызды мүлде ығыстырып шығарды», - деп қынжыла жазды,
Казақтың ұлттык, музыка аспаптары сонау ұлы ғалым бабамыз Әл-Фарабиден бастап, Шоқан Уөлиханов, Абай, Әлкей Марғұлан, Ахмет Жұбанов сынды, тағы басқа ғалымдар мен өнер адамдарының назарынан тыс қалып көрген жоқ. Музыка мен музыка аспаптарын зерттеу саласында ұлан-ғайыр еңбектер қалдырған Ш. Уәлихановты айтпағанның өзінде Абай Құнанбаев өзінің орыс досы Н. Долгополовпен бірге 1885-1893 жылдар аралығында бірнеше музыкалық аспаптарды тапқан. Абай әсіресе, ең сирек кездесетін музыкалық аспаптарды жинауға назар аударған. Семей қаласындағы Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражайында үш ішекті екі домбыра, қияғы тым қарапайым екі қылқобыз, сыбызғы және асатаяқ сақталған. Суретшілер Г. Гуркин, Н. Белослюдовтердің Абай музыкалық аспаптарын бейнелеген суреттері бар.
Бүгінде отыздан астам қазақтың ұлттық төл музыка аспаптары бар. Бұл аспаптар алпысыншы жылдардан бастап ұлттык көне музыка аспаптарымызды зерттеуге өлшеусіз үлес қосып, соларды жер-жерлерден, қаншама мұражайлардан, ғылыми еңбектерден қажымай-талмай іздестіріп тапқан және сол аспаптарды жасатып, сол аспаптар құрамымен ансамбль ұйымдастырып, кыруар еңбек сіңірген ғалым Болат Сарыбаевтың қажырлылығы аркасында өмірге қайта оралды. Қазіргі Нұрғиса Тілендиев атындағы фольклорлық-этнографиялық оркестрдің, негізін салған да Б. Сарыбаев еді. Б. Сарыбаев өмірге жолдама берген сол ұлттық музыка аспаптарымыздың көбі қазірде ұлттық оркестрлеріміз бен көптеген халық аспаптары ансамблдерінің құрамына енген. Б. Сарыбаев қазақтын ұлттық музыка аспаптарын бірнеше топқа бөліп, төмендегідей жіктейді.
I. Үрлеп тартылатындар, Тармақталуы:
1. Флейталық - сыбызғы, үшпелек, сазсырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық.
2. Тростық — қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай.
3. Мундштуктік - мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.
II. Ішекті. Тармақталуы:
1. Шертіп ойналатын - жетіген, шертер, домбыра.
2. Қияқпен ойналатын - қыл қобыз.
III. Мембраналы. Ұрып ойналатын — даңғыра. кепшік, дабыл, дудыға, дауылпаз, шыңдауыл.
IV. Сым тілшелі: шаңқобыз.
V. Сілкіп ойналатындар: асатаяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау.
ОӘК Қр мббс сай 050106 мамандығының 1 курс студенттері үшін жасалған. «Музыкалық этнография» пәні студенттерге музыкалық-фольклорлық жанрлар туралы мол түсінік алуға көмектеседі
14 12 2014
4 стр.
В докладе представляется развивающийся проект, реализуемый с 1999 года совместно Санкт-Петербургским и Нижегородским государственными университетами
25 12 2014
1 стр.
Архитектура и технологии интегрированной системы "Этнография Нижегородской области" как прототипа программно-технологического инструментария
25 12 2014
1 стр.
Составными частями исторической науки явл археология и этнография. Археология изучает историч-ое общ-во по сохранившимся останкам чел-ка. Этнография изучает особенности матер-ой и
12 10 2014
1 стр.
Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалық
25 12 2014
1 стр.
В последние годы в связи с ростом национального самосознания населяющих народов России все больше повышается интерес к вопросам традиционной и современной культуры, быта, обрядов и
11 10 2014
1 стр.
Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мүғалімінің орны бөлек
25 12 2014
6 стр.
Жаңа ғасырдың аяқ басуымен өнер әлемінде, жалпы музыкалық жанрда хип-хоп деген ұғым пайда бола бастады. Елімізде бұл музыкалық бағыттағы толқын даму үстінде. Оның жетілуін үстемеле
25 12 2014
1 стр.