Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4
Нұрхатова М.С.

 

 



Музыкалық этнография

 

 



 

Өскемен 2007



Түйіндеме

 

ОӘК түйіндемесі



ОӘК ҚР МББС сай 050106 мамандығының 1 курс студенттері үшін жасалған. «Музыкалық этнография» пәні студенттерге музыкалық-фольклорлық жанрлар туралы мол түсінік алуға көмектеседі.
Алғы сөз

«Музыкалық этнография» курсы – музыка мұғалімінің кәсіби дайындығының құрама бөлігі. Курстың негізгі концепциясы халық музыкасын көркемдік халық мәдениетінің бөлігі ретінде тануға бағытталған, бұл отандық фольклористиканың халық мәдениетіне көркемдік-философиялық система тұрғысынан комплекстік негізбен қараумен байланысты. Комплекстік бағыт фольклорлық шығарманы көркемдік және өмірлік тұрғыдан зерттеуді ұйғарады.

«Музыкалық этнография» пән сабақтарында алынған білім «қазақ музыкасының тарихы», хор, вокал, «музыкалық білім беру әдістемесі» сабақтарында, педагогикалық іс-тәжірибелер кезінде және курстық пен дипломдық жұмыс жазған кезде қолданылуы мүмкін.

Курстың өзекті сұрақтары: музыкалық этнография және фольклор, фольклор шығармаларының сипаты, қазақ музыкалық этнографиясы, қазақ эпосы және эпос айтушылары, фольклорлық аспаптық музыка.

Курс бойында студенттерде мынадай қасиеттерді қалыптастыру ұйғарылған:

Жанрға тиісті би немесе ойын қозғалыстарымен жатқа (жалғыз немесе ансабльмен) ән айту.

Студент талғамы бойынша аспапта ойнау

Ауызша айтқаннан әнді меңгеру

Фольклорлық шығармадағы музыкалық тіл элементтерінің және бүтіндік талдауын орындау.

Ән фонограммасын ашу.



Кіріспе

  • *“Музыкалық этнография” – қазақ халқының көне дәуірлерден келе жатқан жәдігерлерін жинап, зерттеп, бүгінгі мәдени өмірімізге қайта ендірген пән.Оның тарихи ғылыми маңызы мен қатар ұлттық рух, санамызды қалыптастырудағы қызметі де орасан зор.

  • *Пәннің мақсаты-студенттердің музыкалық этнография, фольклор туралы ұғым- түсініктерін қалыптастырып, оның негізгі сипаттарын саралауға мүмкіндік тудыру.Олар: музыкалық этнографиялық және фольклорлық мұраның халықтығы, варианттылығы, ауызекілігі, ұжымдылығы, поэтикасы, компазициясы, тарихылығы, этникалық сипаты.

  • *Пәннің міндеттері қатарында студенттерге фольклор тану саласындағы ғылыми-әдістемелік мәселелер төңірегінде мәліметтер беру ісін, атап айтқанда, мифологиялық, тарихи мектеп, миграция қисыны, поэтикалық жүйе, типологиялық, стадиялық, генетикалық зерттеу тәсілдерінің танымдық табиғаты туралы ұғымын қалыптастыруды айтуға болады.

  • *Фольклор – сөз, музыка, би өнері яғни синкреттік құбылыс.Оның тарихи ақпараттық, комуникативтік, этникалық арқауы тағы бар.

  • *Курсты игеру барысында студенттердің фольклорлық – музыкалық жанрлар табиғаты туралы теориялық білімі мен білігі болуы да міндетті.Олар салтпен байланысты, салттан тыс флоьклор жанрларының табиғатын да тани білу керек.

  • *Музыкалық этнография пәні ұлттық мәдениетіміздің монодиалық табиғаты, гетерофониялық көпдауыстылықтан айырмасы жайындағы еңбектермен танысу арқылы қазақ этнографиясы мен фольклорының болмыс-бітімін саралау.

  • *Курс аяғында студенттер мына талаптарды толық меңгеруге міндетті:

  • - музыкалық этнография аясында жеткен бірер шығарманы жатқа білу;

  • - жеке шығармаларды үнтаспа арқылы ажырата білу;

  • - нақты бір тарихи-теориялық тақырыпты жан-жақты аша білу;

  • - өзінің музыкалық этнография саласындағы білігін таныту;

  • - музыкалық этнографияның тарихи-этникалық дереккөз, қазақ мәдениеті үшін маңызын аша білу;

  • - фольклорлық тәжірибе талаптарымен танысып, оларды жүзеге асырудың әдіс – тәсілдерін игеру.

Студентердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.

•         СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

•         СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін:

•         Берілген мәселелерді ықыласпен қарастыру;

•         Сұрақтың мәнін анықтау;

•         Тақырып аумағындағы терминологияны меңгеру;

•         Мәселені қысқа және нақты ашу керек.

•         Тақырып: «Музыкалық этнография және фольклор ұғымдары».

•         Тапсырмалар:

•         Музыкалық терминологияны игеру, берілген музыкалық терминдерді сөздікке жазып алу.

•        

 Тақырып: «Халық әндері және олардың жанрлық стильдік ерекшеліктері. Лирикалық әндер, айтыс өнері, оның музыкалық-поэтикалық құрылымы».

•         Тапсырмалар:

•         сұрақты зерттеу.

•         конспектіні даярлау:

•         тақырып тезистерін жазу

•         тақырып мазмұнын ашу

•         сұрақ теориясын музыкалық мысалдармен толықтыру.

 

 Тақырып: «Музыкалық-поэтикалық дәстүр. Қазақ эпосы, оның поэтикалық, композициялық, коммуникативтік және тәрбиелік сипаты».



•         Тапсырмалар:

•         сұрақты зерттеу.

•         конспектіні даярлау:

•         тақырып тезистерін жазу

•         тақырып мазмұнын ашу

•         сұрақ теориясын музыкалық мысалдармен толықтыру.

 

Тақырып: «Эпос айтушылары: бақсы, ұзан, жырау, жыршы, термеші атауларының мән-мағынасы».

•         Тапсырмалар:

•         сұрақты зерттеу.

•         конспектіні даярлау:

•         тақырып тезистерін жазу

•         тақырып мазмұнын ашу

•         сұрақ теориясын музыкалық мысалдармен толықтыру.

 

Тақырып: «Фольклорлық аспаптық музыка, оның негізгі белгілері мен сипаттары, жиналуы мен зерттелуі. Сыбызғы, қобыз, домбыра атауларының құрылымы мен мән-мағынасы».

•         Тапсырмалар:

•         сұрақты зерттеу.

•         конспектіні даярлау:

•         тақырып тезистерін жазу

•         тақырып мазмұнын ашу

•         сұрақ теориясын музыкалық мысалдармен толықтыру.

•        

 Тақырып: «Күйшілік дәстүр. Төкпе күй табиғаты, оның тараған аймағы мен стильдік көркемдік ерекшеліктері. Шертпе күй дәстүрі, оның жанрлық-көркемдік ерекшеліктері».

•         Тапсырмалар:

•         сұрақты зерттеу.

•         конспектіні даярлау:

•         тақырып тезистерін жазу

•         тақырып мазмұнын ашу

•         сұрақ теориясын музыкалық мысалдармен толықтыру.

 

 Тақырып: «Қобыз дәстүрі. Қобыз аспабының тегі туралы. Қорқыт және қобыз. Қобыз күйлерінің зерттелуі».



•         Тапсырмалар:

•         сұрақты зерттеу.

•         конспектіні даярлау:

•         тақырып тезистерін жазу

•         тақырып мазмұнын ашу

•         сұрақ теориясын музыкалық мысалдармен толықтыру.



Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары.

 

 



Рефераттардың тақырыптары:

•         Музыкалық фольклор және оның этнографиялық сипаты.

•         Фольклор – тарихи-этникалық дереккөз.

•         Күйшілік дәстүр.

•         Төкпе күй табиғаты, оның тараған аймағы мен стильдік көркемдік ерекшеліктері.

•         Шертпе күй дәстүрі, оның жанрлық-көркемдік ерекшеліктері.




Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары

•         Фольклор дегеніміз:

халық ақылы;

халықтық дәстүр;

халықтық шығармашылық;

•         Этнография дегеніміз:

тұрмысты тізімдеу;

әдет-ғұрыпты тізімдеу;

ұлттық киім.

•         Фольклор белгілері –

оның әр түрлілігі;

тұрмыстылығы;

мәнерлі тұлғасы.

•         Фольклордың жанрлары –

тұрмыстық қалпы;

түрлердің негізіне бөлінуі;

ерекшелігінің негізіне бөлінуі.

•         Жырау –

кіші түрлерін айтушы;

эпикалық дәстүрді айтушы;

шамандық дәстүрді айтушы.

•         Айтыс –

әншінің айтуы;

аспаптар сайысы;

аспаппен екі әншінің  өз-ара сайысы.

•         А.В. Затаевич –

әнші;

композитор;



этнограф-ғылым;

•         Кіші жанрлар:

дастан;

ертегілер, мақалдар, мәтелдер;



әндер.

•         А.Жұбанов:

сері;

ғылым, композитор;



жырау.

•         Ән фольклоры:

терме;

тартыс;


лирикалық шығармалар.

•         Қобыз:

шертпелі аспап;

ысқышты аспап;

ұрмалы аспап.

•         Календарлық әндер:

тұрмыстық әндер;

салт-дәстүр әндері;

тарихи әндер.

•         Сыбызғы:

ұрмалы аспап;

шертпелі аспап;

ысқырмалы аспап.

•         Әлеуметтікке қарсылық әндер-

жұмысшылар әні;

өсиет әндер;

жастар әндері.

•         Эпос –

«Бұлбұл»;

«Алпамыс»;

«Той бастар»;

•         Абай-

күйші;

әнші;


ақын-композитор.

•         Құрманғазы –

ғалым;

күйші;


әнші.

•         Майра –

ән орындаушы;

композитор;

күйші.

•         Дина –



күйші;

әнші;


ақын.

•         Даулеткерей –

ғалым;

күйші;


композитор.

•         Қорқыт –

әнші;

ғалым;


қобыз ойнаудың негізін салушы.

•         Жоқтау –

лирика;

қаралы ән;



тарихи күй.

•         Жамбыл –

ғалым;

ақын;


сазгер.

Курс бойынша емтихан сұрақтары

•         Доспамбет кім ?

•         Фараби музыкалық дыбыстың анықтамасы туралы.

•         Жаяу Мұса өмір сүрген жылдары ?

•         Ықылас күйлерінің ерекшеліктері.

•         Сармалай күйлері.

•         Абай әндерін алғаш зерттеушілер.

•         Асан Қайғының өмір сүрген заманы.

•         Қорқыт қай ғасырда ғұмыр кешкен ?

•         Ақан, Біржан, Мұхит әндерінің ерекшеліктері.

•         Тәттімбет күйлерінің стилі.

•         1980-1990-шы жылдары жазылған көркем шығармалар.

•         «Құрманғазы» симфониясының авторы кім ?

•         «Әлия» қандай шығарма?

•         1960-1970-ші жылдары жазалған хор шығармалары.

•         «Жас қазақ» әні қай композитордың шығармасында пайдаланды?

•         «Советтік Қазақстан»,»Шаттық отаны» қандай шығармалар?

•         «Жалбыр» қандай туынды?

•         Қазақ музыка өнеріне  қатысты алғашқы мәжілістің маңызы.

•         Ақан, Біржан туралы еңбек жазған ғалымдар.

•         «Абай» операсында «Уа, халайық» ариясы қай актіде кездеседі?

•         «Түркеш» күйінің авторы кім?

•         Құрманғазы оркестрі туралы кітаптың авторы кім?

•         Ұлт театры қашан ашылды?

•         «Гвардия алға» кімнің шығармасы?

•         «Абай» операсындағы Абайдың дауысы.

•         «Қазақ халқының 1000 әнінің» алғаш жарық көрген мерзімі.

•         Т.Бекхожина кім?

•         Р.Елебеков кім?

•         Қазақстан композиторлар одағының алғашқы төрағасы.

•         Отан соғысынан оралмаған композиторлар туралы кітаптың авторы.

•         «Қазақ квартетін»  кім жазды?

•         « Махамбет» симфониялық поэмасының авторы кім?

•         «Ажардың ариясы» қандай шығармада кездеседі?

•         «Аққұс туралы аңыз» шығармасының авторы кім?

•         1948 ж. партия қаулысының күші қашан жойылды?

•         Ш. Қажғалиев  кім?

•         «Біржан – Сара» қандай туынды?

•         Әуезов туралы реквиемнің  авторы кім?

•         «Қыз Жібекті»  кім жазған?

•         «Музыка әліппесі» қашан басылды?

•         КазЦИК оркестрінің бүгінгі атауын  көрсет.

•         Алғашқы  Москвадағы онкүндікте атақ алған әнші.

•         Қорқыттың музыкалық мұрасы туралы еңбек.

•         В.Великанов кім?

•         А. Серкебаев кім?


Глоссарий

Айтыс – қазақ ақындарының халық алдындағы өнер жарысы. Ол өлең сөзбен жарысу, сайысу, дауласу, тартысу, сынасу мағынасында қолданылады. Айтыстың бірнеше түрі бар: бәдік айтысы, жар-жар айтысы, қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы, мысал айтыс, т.б.

Ансамбль – француз тілінде бірлесу, ұласу деген мағынаны береді. Музыкада екі немесе одан да көп музыанттардың (әншілер немесе музыка аспаптарында орындаушылардың) музыкалық шығарманы қосылып орындауын және сол музыканың бірдей ұласып, әдемі, мәнерлі болып шығуын ансамбль деп атайды.

Музыканы немесе әнді екі әнші қосылып орындаса дуэт дейді. Үш кісі айтса – трио, төрт кісі орындаса – квартет, бес кісі айтса – квинтет, алты кісі орындаса – секстет, жеті кісі қосылса – септет, сегіз кісі қосылса – октет дейді. Операда, ораторияда, кантатада бас кейіпкерлер қосылып дуэт, трио, квартет, квинтетпен айтатын жағдайлар өте жиі ұшырайды. Ансамбльге хор мен оркестр де кіреді.



Аспаптық музыка – жеке аспаптар – фортепиано, скрипка, виолончель, кларнет, домбыра, қобыз, гармонь, мандолинаға арналып жазылған концерт, вариация, фантазия, этюд, полонез, күй немесе вальс, полька, мазурка сияқты би музыкасы.

Балет - көркемөнер жанрларының бір түрі. Балеттің идеялық және эмоциялық мазмұны бидің түрлі пластикалық қимылдары мен оркестрге арналған музыка арқылы ашылады.

Би - өнердің бір түрі. Би әр халықта бар. Биді сүйемелдейтін музыка болады. Оны би музыкасы дейді. Би музыкасының әуені мен ырғағы биге лайық болады. Би концерттерде, мерекелерде, жиын- тойларда, сауық кештерінде биленеді.

Вальс - Бидің аты. Батыс Еуропа музыкадағы романтизм ағымымен байланысты XIX ғасырда туған жанр. Жұптасып қалықтап немесе үдемелі айналуында өтетін би.

Вариация - латын тілінің «variatio» (құбылту, өзгерту, түрлендіру) сөзінен шыққан. Вариацияда алынған негізгі әуен сақталады да, оның өлшемі, ырғағы, екпіні немесе тональдігі өзгеріп, үнемі құбылып отырады. Мысалы: Н. Меңдіғалиевтің фортепианоға арналған «Елім-ай» әнінің тақырыбына жазған вариациясы мен Ғ. Жұбанованың скрипкамен ойнауға арналған «Қор болды жаным» вариацияларын атап айтуға болады.

Вокальдық музыка – музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығарма. Вокальдық музыкаға халық әндері, жырлары, әлем классиктері мен қазақ композиторларының ән-хорлары жатады. Вокальдық музыка, негізінде, халық арасынан шыққан. Бұған Біржан сал, Мұхит , Абай,  Ақан сері, Жаяу Мұсаның әндері мысал бола алады.

Гимн - әнұран, салтанатты ән. Жеке немесе көп дауысты хормен айтылады. Әр елдің өз гимні бар. Гимн елдің музыкалық символы, эмблемасы ретінде қолданылады. Онда елін, жерін, халқын мақтан етеді.

Кантата - әдетте көп бөлімді болып келетін, жалғыз орындаушы мен/немесе хор және  оркестр сүйемелімен орындалатын шығарма, вокалды музыка негізгі жанрларының бірі. Ораторияға қарағанда көлемі ықшамдау болады.

Камералық музыка – кішкене вокальдық немесе бірнеше музыкалық аспаптар ансамбльдері мен жеке аспаптарға немесе дауысқа арналып жазылған музыкалық шығармалар. Камералық музыкаға асапатық дуэт, трио, квартет, квинтет, сексетет, септет, октеттер жатады.

Капелла – ешбір музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылытын көп дауысты хор.

Композитор - өз жанынан музыкалық шығарма (опера, балет, ән, күй, т.б.) шығаратын адам.

Концерт - 1. алдын-ала жасалған программа бойынша музыкалық, әдеби, хореографиялық және сахналық шығармаларды көпшілік алдында орындау. 2. жеке музыкалық аспап пен оркестр үшін жазылған музыкалық шығарма.

Күй - қазақ халқының ертеден келе жатқан аспаптық музыкасы. Халық күйші - композиторлары Қорқыт, Құрманғазы, Дина артында көптеген күйлер қалдырды.

Күйді тындағанда оның нәзік дыбыстарына, әуеніне жете көңіл бөлу керек.



Марш - мереке шерулері мен мемлекеттік қонақтарын салтанатты түрде қарсы алған кезде, жорықтарда, солдаттар сап түзегенде ойналады. Елдік, ерлік рухтағы ерекше күш- жігермен орындалатын шығарма.

Нота - музыка дыбыстарын қағаз бетіне жазатын белгіні атайды. Ән нота арқылы жазылады. Әннің сөзін буынға бөліп, ноталардың астына жазады.

Опера - сөз, сахналық көрініс пен музыка синтезіне негізделетін музыкалық-драмалық шығарма, музыкалық-театралды өнердің түрі. 16-17 ғасырлар шеңінде Италияда пайда болған. Түрлері: опера-балет, опера –буффа, опера-водевиль, опера-комик, опера-семисериа, опера-сериа.

Оратория - драмалық мазмұны бар және концерттік оррындалуға арналған, жеке әнші, хор, симфониялық оркестр орындаған бірнеше бөлімді, ауқымды музыкалық шығарма. Итальян  тілінде «айтамын» деген мағынаны білдіреді.

Речитатив – операда, ораторияда және кантатада болайын деп жатқан не болатын оқиғаны сөзбен баяндауды, тақпақтатып айту. Операда речитатив тек тақпақтап айтыла бермейді, кейде ол ойналып жатқан музыкамен жарыса, астарласып, сәл әндетіліп те айтылады. Бірақ речитативтің ән сияқты ойда сақталатын, нақты әуені болмайды.

Романс - аспаппен (көбінесе фортепиано) сүйемелденетін дауысқа арналған камералық шығарма. Романс текстері әртүрлі - лирика, сатира, т.б. Әнге  қарағанда музыкалық құрылымы өте күрделі. Романстың  жанрлық түрлері: баллада, элегия, баркарола.

Симфониялық музыка – симфониялық оркестрмен орындау үшін жазылған музыкалық шығарма. Симфониялық оркестрге он бестен астам түрлі музыкалық аспаптар қатысады. Бұл аспаптардың әрқайсысының дыбыс бояуы әр түрлі. Сондықтан суретші суретке әр түрлі бояуды пайдаланған сияқты композитор да симфониялық шығармада бұл аспатардың дауыстарын, оның дыбыс бояуын кеңінен пайдаланады.

Симфониялық музыкаға симфония, симфониялық поэма, сюита, фантазия, увертюра жатады. Симфониялық оркестр үшін жазылған музыкада түсіндіріп тұратын сөздер болмаса да, белгілі бір сюжетке – тарихи уақиғаға арналыр жазылады. Сондықтан мұндай шығармаларды программалық музыка дейді. М.Глинканың «Камаринская», Н.Римский-Корсаковтың «Шахерезада» симфониялары осындай шығармалар.



Симфониялық поэма – оркестр үшін музыкалық поэтикалық шығарма. Симфониялық поэма көбінесе үш бөлімнен, кейде бір бөлімнен тұрады. Бұған П.Чайковскийдің «Ромео мен Джульетта» сифониялық поэмасы мысал бола алады.

Увертюра – бастау деген ұғымды білдіреді. Увертюра – симфониялық оркестрмен орындауға арналған музыкалық шығарма. Көлемді музыкалы драмалық шығармалар – опера, оратория немесе драмалық пьеса басталардың алдында алдында орындалады.

Операның кіріспесі ретінде орындалатын увертюра сол музыкалық шығарманың қысқыша мазмұнын баяндайды, операдаға болатын оқиғаны қысқыша түсіндіріп береді.

Он жетінші – он сегізінші ғасырларда алғашқы увертюраны жазған батыс композиторлары Монтеверди, Люлли, Глюк болды. Бұл жанрды кейін Моцарт, Бетховен, Глинка, Чайковский, Римский-Корсаков классикалық увертюраға дейін жеткізіп, дамыта түсті.

Хор – 20-25 немесе одан да көп адамның қосылып ән айтуын немесе хормен орындалу үшін жазылған музыкалық шығарманы хор дейді. Хор бірыңғай балалардан, әйелдерден, кейде бәрі араласып та құрылады. әнді хордағы барлық әншілер қосылып бірыңғай дауыспен айтса, оны бір дауысты хор дейді.

Балалар хоры екі дауысты болып бөлінсе, оның бірінші дауыс тобын сопрано, екіншісін альт дейді. Үлкендер хоры екі дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын сопрно, екінші дауыс тобын альт дейді. Үш дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын сопрано, екіншісін альт, үшіншісін тенор дейді. Төрт дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын – сопрано, екіншісін альт, үшіншісін тенор, төртіншісін бас дейді. Хор операда, ораторияда, кантатада үлкен орын алады.



Шежіре - қазақ халқының өткені туралы тарихи жазба, эпос, аңыз-әпсана және музыкалық шығармаларда сақталған мәліметгер.

Тақырыптар тізімі
1. Музыкалық этнография және фольклор ұғымдары.

2. Фольклор шығармаларының негізгі белгілері мен сипаттары

3. Қазақ халқының музыкалық этнографиясы мен фольклорын зерттеушілер

4. Халық әндері және олардың жанрлық стильдік ерекшеліктері.Тарихи, лирикалық әндер, айтыс өнері, оның музыкалық-поэтикалық құрылымы

5. Музыкалық-поэтикалық дәстүр. Қазақ эпосы, оның поэтикалық, композициялық, коммуникативтік және тәрбиелік сипаты.

6. Эпос айтушылары: бақсы, ұзан, жырау, жыршы, термеші атауларының мән-мағынасы.

7. Фольклорлық аспаптық музыка, оның негізгі белгілері мен сипаттары, жиналуы мен зерттелуі. Сыбызғы, қобыз, домбыра атауларының құрылымы мен мән-мағынасы.

8. Музыкалық фольклор және оның этнографиялық сипаты. Фольклор – көркем әрі тарихи-этникалық құбылыс.

9. Қазақтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салт әндерінің кейбір мәселелері

10. Күйшілік дәстүр. Төкпе күй табиғаты, оның тараған аймағы мен стильдік көркемдік ерекшеліктері. Шертпе күй дәстүрі, оның жанрлық-көркемдік ерекшеліктері

11. Қобыз дәстүрі. Қобыз аспабының тегі туралы. Қорқыт және қобыз. Қобыз күйлерінің зерттелуі


Музыкалық  этнография және фольклор ұғымдары.

Қазақ халқының ежелден келе жаткан рухани-мәдени мұраларының бірі - фольклор. Осы кезге дейінгі ғылыми әдебиеттерде фольклор- сөз өнері, халық даналығы ретінде керсетілген. Сонымен қатар фольклор — ел естілігі, оның сннкреттік сипаты да айкын. Осы тұрғыдан келгенде фольклор - ауыз өдебиеті мен музыка өнерінің біртүтастығына негізделген ерекше бір сала. Кезінде ғалымдар фольклордың этнографиялық сипатын көрсетіп, фольклортанудың өнертану ғылымымен салаластығын да саралаған. Осы мәселеге орай В.П.Аникин мен Ю.Г.Круглов: "Очень существенно, что отделение фольклористики как кскусствоведческой дисциплины от этнографии признают и видные представители последней" (Русское народное поэтическое творчество.-Л.,1987, 6-6.),- деген болса, Ю.В.Бромлей этнография мен өнертану салаларының сабактастығын анықтауда олардың әрі эстетикалық, әрі этникалық кызмет атқаратыны есксрілуі кажет екенін ескертеді (Этнос и этнография.-М.,1973, 223-6.).

Бұл пәннің максаты - халқымыздың музыкалык мәдениетін, соның ішінде фольклорлық мұрасын жете игеріп, оның негізгі белгілері мен сипаттарын ажырату. Осыған орай қазақ музыкалық фольклорына байланысты арнайы зерттеу еңбектермен танысып, фольклор туындылары — халық әндері мен күйлсрін тереңірек игеріп, білім беру бағдарламасында қолдана білу міндеті де туады.

Музыка - өнер, көркем ойлаудың бір көрінісі. Оның өзіне ғана тән образдау тәсілдері болады. Қүрылымы, тілі. макамдық, ырғақтық жүйесі тағы бар. Осыған әрбір музыкалық аспаптың орындалу ерекшеліктерін де қосамыз. Сонда музыка - өнер әлеміңдегі күрделі құбылыстардың бірі болып шығады.

Халық шығармашылығында музыка өнеріне елеулі орын берілген. Арғы жерде оның салтқа байланысты үлгілері үстем болса, бері келе аспаптық және вокалдық арналары халыкгық-кәсіби деңгейге дейін көтерілген.

 Кеңес дәуірінде фолъклордың көбіне сөз өнері ретінде танылып келгені белгілі. Ол халық шығармашылығы, ауыз әдебиеті мағынасында ғана қолданылып, негізінен тұрмыс-салт жырларын, ертегі, аңыз, әпсана, көне, батырлық, романдық, тарихи жырларды қамтыды.

Бері келе казақ фолъклорының музыкалық әуеннен тыс дамитын мақал-мәтел, шешендік сөздер, жүмбақ секілді шағын үлгілері де зерттеле бастады. Музыкалық фольклор осы аталған жанрлардың басым көпшілігімен сабақтас. Бірақ оны бір ғана сөз емес, саз өнері деген жөн. Себебі белгілі бір музыкалық-эпикалық дәстүр аясында жеткен фольклор шығармаларының барлығы дерлік саз өнерімен тығыз байланысты.

Музыкалық фольклор шенберінде халық ән-күйлерінің құрылымдык, ладтық, интонациялық, ырғақтық, т.б. ерекшеліктері де қарастырылады. Ән жанры тұсында олардың көркемдік жүйесі мен поэзиялық өлшем-кұрылымы да назардан тыс қалмауы шарт.

Көне дәуірлерден жеткен музыкалық мәдениеттің қазақ халқының тыныс-тіршілігі - этнографиясымен байланысы да айқын. Музыкалық фольклордың тікелей халқымыздың тұрмыс-салт ерекшеліктерінен туындайтын үлгілері де аз емес. Осы белгісіне орай қазақ халқының музыкалық фольклорын үлкен екі арнаға жіктейміз:

1. Салтпен байланысты туған фольклор үлгілері. Оған "Сыңсу", "Тойбастар", "Бесік жыры", "Жоқгау" секілді тек салт-дәстүр аясында өмір сүретін шығармалар жатады.

2. Салттан тыс фольклор туындылары. Бұл салаға эпикалық жанр - жыр, толғау, терме, желдірме, ертегілік, тарихи, лирикалык әндер мен халық күйлері жатады.

Музыкалық фольклор бүгінде музыкалық этнография деген ұғым аясында да қарастырылып жүр. Этнография - түрлі ру, тайпа, халықтардың рухани-мәдени және материалдық мәдениетін зерттейтін пән. Мұндағы этно (этнос) - халық, графо ~ жазу деген үғымды білдіреді. Оның мәні туралы ғылыми әдебиеттерде былай деп жазылган: «Главный предмет этнографии составляют характерные, традиционные черты кулыпуры и быта народов, создающие в своей совокупности (вместе с языком) их специфический, зтнический облик " (Итс Р.Ф. Введение в этнографию.-Л.,1974, 6-6.).

Этнография - географиядан жіктеліп шыққан ғыльм саласы. Бірақ оның зерттейтін нысанасы — этнос тарихы мен мәдениеті. Осы сипатына орай оның негізгі ерекшелігі де айқындалады. Мысалы, егер тарихшы нақты айғақтар мен деректерге жүгінсе, жазба мәдениеті туа қоймаған халықтар мәдениетін қалай анықтар едік?

Бұл тұста мына жайттарды ескеру қажет. Белгілі бір халықгардың тарихы тек қана жазба ескерткіштерде сақталмайды. Сонымен бірге оның іздерін салт-дәстүр, наным-сенім жүйелерінен де кездестіреміз. Осыған, әрине, сол халықтың фольклорлық мұрасын да қосамыз. Барлық фолъклор үлгілері болмаса да, тарихи-этникалық сипаты басым жанрлар қазақ мәдениетінде аз емес.

Осыған орай мәдениет дегеніміз не? Оның қандай сипаттары бар? - деген сауалға келейік. Бұл мәселе тұсында Р..Ф.Итс:"Культура — означает все то, что создано человеком в отличие от того, что создано природой " (Введение в этнографию, 40-6.),- деп жазады да, оны материаддық және рухани деп екіге жіктейді. Оның бірі елдің тұрмыс-тіршілігінде қолданылған кұрал-заттары болса, екіншісі — адамзат баласының ой-санасы тудырған  руханият саласы.

Этнография ғылымында халықтардың төрт түрлі стадиялық кезеңі анықталған. Олар: демос — этнос — халык, -ұлт. Бұлардың бірі жабайылық кезең, екіншісі — феодалдық құрылыс, үшіншісі — капитализм дәуірі, төртіншісі — жаңа дәуірге қатысты ұғымдар. Мұндағы этнос (тайпа) - тапсыз қоғамда туған алғашкы этникалық топ болса,   халық -таптык қоғам жағдайында қалыптасқан этникалық бірлестік атауы.

Фольклор шыгармаларының ерекшелігі олардың коғамда қандай қызмет атқаратымен де айқындалады. Осының бәрі музыкалық фольклор (музыкалык этнография) пәнінің максат-міндеттері мен обьектісін түзейді.

Қазақ фольклорының негізгі белгілері мен сипаттары

 

Фолъклор дегеніміз не? Оның музыкалық үлгілері несімен дараланады? Қандай белгілері мен сипаттары болады? — деген мәселелер арнайы қарастыруды қажет етеді. Осы кезге дейін бізде қазақ халқының музыкалық фольклоры мен музыка тарихының аражігі ашылмай келеді. Бұлар бір тарихи-мәдени құбылыстың екі түрлі кезеңі. Танымдык табиғатына келгенде оларды қосақтауға болмайды, екеуі екі түрлі танымдық категориялар аясында қарастырылуға тиіс. Себебі олардың бірі - ұжымдык, екіншісі - авторлық сананын жемісі. Жеке санаға көркем құбылыс тән болса, ұжымдык сананың этникалық сипаты басым.



Музыкалық фольклор туындыларыңың өзіндік ерекшеліктері мен негізгі белгілері болады. Олар:

/. Фольклордың халықтығы. Кез келген фолъклор үлгілері - нақты бір халықтың ортақ рухани-мәдени мұрасы. Олар сол халықтың көркем ойлау ерекшеліктерін - эстетикалык және тарихи талап-талғамдарын аңғартады.



2. Авторсыздығы (анонимдігі). Фольклор үлгілері бүтін бір этникалық топ, ел, халық өндеуінен өткен ұжымдық шығармалар болып саналады.

3.     Көпнұсқалығы (варианттылығы), яғни ел арасында кең тараған бір шығарманың  бірнеше нұсқаларының қатар өмір сүруі.

4.     Дәстүрлілігі. Фольклор шығармаларының өмір сүретін ортасы — дәстүр. Музыкалық дәстүр жоқ жерде фольклор үлгілері де болмақ емес.

5.      Ауызекілігі. Фольклор өте ерте замандарда туып, жазба мәдениеттен көп бұрын қалыптасқан мәдени құбылыс. Олар ауыздан-ауызға, атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпақка беріліп отырған. Осы ерекшелігіне орай ол заманның адамдарының есте сақтау қабілеті айрықша дамыған.



6.     Көркемділігі (поэтикасы мен композициясы).
Фольклор шығармалары бірде прозалық,  бірде поэзиялық жанр ретінде қалыптасқан. Олардың өздеріне ғана тән көркемдік ерекшеліктері болады. Олар
мотив, сюжеттік деңгейде айқындалады. Фольклор туындыларың қатарында синкреттік сипаты басым,міндетті түрде музыкалық әуен-мақаммен айтылатын
жанрлар да бар. Олардың табиғаты осы тұтастықта ғана қарастырылуы шарт.

7. Тарихилығы. Музыкалык фольклор үлгілерінің көркемдік-поэтикалық ерекшеліктерімен қатар тарихилығы да айкын. Ол екі түрлі деңгейде:

а) көркем шығармалардың (ән-күй) музыкалық тілінің қалыптасу кезеңдеріне,

 ә)  тарихи тақырыптарға  құрылған шығармалар ретінде көрінуі мүмкін. Фольклордың бұл ерекшеліктері ғылымдағы тарихилық принципі негізінде танылады.



8.     Этникалык сипаты.   Орыс былиналарын зерттеген В.Я.Пропп оның негізгі белгісі ретінде ру атауларының кездеспеуін көрсеткен екен. Бұл қазақ
эпосы үшін қонымсыз пікір. Қазақ фольклорында этнонимдік   атаулар кездесетін шығармалар аз емес.Осы туындылардың музыкалық мақамын зерттей отырып,   әрбір аймаққа, этникалық топтарға тән үн-интонация, ырғақ-өлшем және мақамдық жүйелерді анықтауға болады. Оның бергі жағында, этникалық мәліметтерді эпикалық жанрлардың әдеби-поэзиялық мәтіндерінен де  көптеп  кездестіреміз.   Қазақ фольклорының этникалық арқауын зерттеу ісі енді ғана қолға алына бастады.

Өз кезегіңде музыкалық фолъклор үлгілерін де этникалық дереккөз ретінде тануға болады. Әрбір фольклор шығармасына тән ладтық (мақамдық) және интонациялық жүйе оның қай дәуірге тән екендігін анықтайды. Мысалы, кезінде А.Затаевич арғын, қыпшақ, қожа, т.б. рулардың ән-әуендерін де нотаға түсірген. Демек, антикалық дәуір ладтары секілді, ертеде әрбір тайпаның өзіне тән музыкалық үн-әуені болған. Бізге жеткен фольклор шығармалары арқылы олардың түп-тегін анықғауға болады.

Музыкалық фольклор - қатынас, байланыс құралы. Мұны халық ән-күйлеріне бірдей айтуға болады. Күй жанрының жіктеліп шығуын да осы музыкалық коммуникация жүйесінен іздеген ләзім. Олардың барлығы өз заманының тарихи оқиғаларын музыкалық-хабарламалық негізде жеткізіп отырған.

Танымдық негізде біз қазақ музыкалық фольклорының мынадай екі белгісін көрсетеміз:

1. Эстетикалық сипаты немесе шығармалардың көркемдік-композициялық ерекшеліктері.

2. Этнографиялық сипаты, яғни тарихи-этникалық табиғаты. Осы екі арна қосылғанда ғана фольклор туындыларының   синкреттік   сипаты      толық


айкындалмак. Осыған орай белгілі фольклортанушы-ғалым А.Н.Веселовский фольклордың синкреттік табиғатын былайша көрсеткен еді: песня сказ ~ действо — пляска. Бірақ бұл тұста фольклордың эстетикалық сипаты ғана ескеріліп, өзге белгілері назардан тыс қалған.

Фольклор — кең ауқымды ұғым. Ол миф, аңыз, әпсана, эпос, музыка, би, сурет, сәулет, археология, т.б. салаларды қамтиды. Осы сипатына орай фольклорды мусикалық және пластикалық деп тағы бөлеміз. Мұның біріне уақыт пен кеңістік шеңберінде ғана өмір сүретін(орындалатын) ән-әуен, би үлгілері жатса, екіншісін заттық-материалдық (археологиялық) мәліметтер кұрайды.

Қазақ халқының музыкалық фольклоры ғылымда әр түрлі аталып келеді. Бірде халық шығармашылығы, бірде халық поэзиясы, бірде халық музыкасы, т.б. болып жүр. Бірак, жеке алғанда, олардың бірде-бірі фольклор үғымын, оның синкреттік сипатын толық қамти алмайды. Фольклор — көпсалалы синкреттік құбылыс.

Оның келесі бір ерекшелігі — типологиялық сипатында. Әр түрлІ халықтар мәдениетіндегі ұқсас, сабақтас салалар табиғаты осы типологиялық теория аясында ғана танылады. Оның бірнеше белгілері бар:

1.Тақырыптық-мазмұңдық деңгейдегі ұқсастықтар (мотив, сюжет, т.б.).

2.       Ұқсас фольклор үлгілерін тудыратын тарихи-әлеуметтік жағдай.

3.       Миградиялық ұқсастықтар.

4.  Генетикалық сабақтастық.


Типологиялык   тәсілді   ұтымды   қолданған ғалымдардың бірі -В.М.Жирмунский. Бүгінгі фольклортану ғылымында оның көріністері аз емес.

Сонымен, ғылымда халық мұрасын — фольклор, оны зерттейтін ғылымды фольклортану деп атаймыз. Ал музыкалық фольклор жалпы фольклортану курсынан тармақталатын, көбіне оның эстетикалық және этникалық табиғатынан туындайтын жеке бір сала.



Қазақ халқының музыкалық этнографиясы мен фольклорын зерттеушілер

 

Қазақ халқының музыкалық фолъклорына қатысты мәліметтер XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде шетел, орыс ориенталистері мен қазақ ағартушыларының еңбектерінде азды-көпті қамтылған. Олардың қатарында А.Е.Аллекторов,А.Э.Бимбоэс,Г.И.Гизлер,Ә.А.Диваев, И.Д.Добровольский, А.И.Левшин,П.С.Паллас,РА.Пфенниг,В.В.Радлов,С.Г.Рыбаков,Н.Ф.Савичев, Ш.Уәлиханов, АФ.Эйхгорн, т.б. атауға болады.



Өзінің "Қырғыздар мен сарттардың халық әндері" атты мақаласында: Р.А.Пфенниг: "Бұл халықтардың бірде-бірі жиын тойды әнсіз өткізбейді"', — деп жазды. Ол негізінен тұрмыс-салт және салттан тыс фольклорды сөз еткен.

Бақсылық үрдіс тұсында ол: "Мұнда дәрігерлердің міндетін ежелгі шаманизмнің қалдығы - бақсылар орындайды. Олар шамандардай барабан ұстамайды,екі  ішекті скрипка тәріздес, кішкене қоңыраулар, қаңылтыр темірлер ілінген қобыз деп аталатын аспаптар пайдаланады " ~ деген мәліметгер келтірген. Р.А.Пфеннигтің "Музыкальные инструменты народов Средней Азиии Казахстана"(СПб., 1885) атты кітапшасында Орта Азия мен Қазакстанның оңтүстігінде тараған музыкалық аспаптар туралы көптеген мәліметтер кездеседі. Автор мұнда әрбір аспапқа, оның құрылысы, орындалу ерекшеліктеріне арнайы тоқталған.

Қазақ халқының музыкалық фольклорын зерттеуге елеулі үлес қосқандардың қатарында Түркістан генерал-губернаторының әскери капельмейстері А.Ф.Эйхгорн да болды. 1871 жылы оған жергілікті халықтардың әндері мен музыкалық аспаптары туралы мәліметтер жинауды тапсырады. Осы салада атқарған еңбегі үшін ол кейін үлкен күміс медальға ие болған. А.Эйхгорн еңбегі ұзақ жылдар бойы жарық көрмей, тек 1963 жылы ғана Ташкентте басылған "Музыкальная фольклористика в Узбекистане" атты жинақка енген. Алғашкы бөлімі - "Музыка киргизов", екіншісі — "Музыка узбеков" деп аталады. Бірінші бөлімінде А.Эйхгорн домбыра, кобыз, сыбызғы аспаптарының сипатгамасын жазьш, одан әрі 30 әннің нота жазбасын берген. Бірақ әндердің әдеби мәтіндері жоқ. Жинаушының назарынан айтыс өнері де тыс қалмаған.

Белгілі ориенталист А.Э.Бимбоэс "Музыкальная этнография" (Л.,1926) деген айдармен қырғыздың 25 әнін бастырған. Қазан төңкерісіне дейін орыс ғылыми әдебиеттерінде қазақтардың қырғыз деп аталғаны мәлім болса, мұның бәрі қазақ әндерінің көркем үлгілері болатын.

Бұлардан басқа орыс ғалымдарының еңбектерінде де қазак халқының музыкалық фольклоры туралы мәліметтер кездесіп отырады. Мысалы, қырғыз-қайсақ тайпаларының даласы мен ордаларын сипаттаған А.И.Левшин өзінің "Описание киргиз-кайсацких орд и степей" (1832) атты тарихи еңбегінде екі әннің нотасын жариялаған. Сол сиякты Георгий, Андреев, Готовицкий, тағы басқалардың жазбаларында қазақ халқының әншілік, күйшілік, жыршылық дәстүрІне байланысты деректер аз емес. Солардьщ қатарында Құрманғазы туралы естелік қалдырып, оны жойқын күйші ретінде суреттеген Н.Савичев жазбасын ерекше атап өтуге болады.




Қазақ музыкасы туралы мәліметтер өз топырағымыздан шыққан ағартушылардың да назарын аударған. Әйгілі Шоқан қазақ поэзиясының түрлерілене арналған мақаласында эпикалық жанр - жыр туралы қызықты ойлар айтқан. Сол сияқты халқымыздың музыкалық аспаптарына қатысты деректер де келтірген. Қазақта қобыздың сүйемелдеуімен ең соңғы жыр айтқан жырау - Жанақ деп көрсеткен де сол.

Абайдың музыка фольклорына байланысты арнайы еңбектері жоқ. Бірақ оның:

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

 Көңілге түрлі ой салар,

 Әнді сүйсең менше сүй,-

деген поэзиясынан ән-күйге деген ынта-ықыласы анық көрінеді. Ал:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең,-дегең тұста   ол музыканың халық өмірінен алатын орнын айқын көрсетіп кеткен.

Шетел, орыс ориенталистері қазақ музыка фольклорына назар аударса да, оның жүйелі түрде жиналуы әйгілі этнограф А. В. Затаевич шығармашылығымен байланысты. XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында жүргізген музыкалық-этнографиялық қызметінің нәтижесінде ол алғаш рет "Қазақ халқының 1000 әні" (Орынбор,1925) жинағын шығарды. Бұл еңбекті сол тұстағы Р.Роллан, М.Горький секілді мәдениет қайраткерлері жоғары бағалаған. Әрине, жинақтың кемшілігі де болды. Соның бастысы — жинаққа енген әндердің әдеби мәтінсіз жариялануы еді. А.В.Затаевич Қазақстанның барлық аймақтарында болған. Бірақ оның назарын музықалық-эпикалық жанрлар пәлендей аудара коймаған секілді. Кейін Қазақстан ғалымдарының қайта даярлауымен бұл жинақ толықтырылып, көптеген әндердің мәтіндері қалпына келтіріліп екінші рет басылды (Москва, 1963).

Қазақ музыка фольклорын жинауда А.В.Затаевичтің "Қазақтың 500 ән-күйі" атты этнографиялық жинағының маңызы да зор болды. Алғаш 1931 жылы Алматыда жарық көрген жинақ  2002 жылы екінші қайтара басылды. Мұнда Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Сейтек, т.б. халық күйші-композиторларының шығармалары қамтылған. А.В.Затаевичтің архивінде жарық көрмеген 1500-ге жуық халық шығармалары қалған. Оларды жариялау ісі алдағы күннің міндетіне- кіреді.

Қазақ музыка фольклорының кәсіби негізде зерттелуі А.Жұбанов, Б.Ерзакович, Л.Хамиди, Е.Брусиловский ізденістерінен бастау алады. Б.Ерзаковичтің "Песенная кулътура казахского народа" (Алматы, 1966) атты еңбегі қазақ халқының музыкалық фольклорын теориялық деңгейде зертгеудің үлкен бір көрінісі болды.

Қазақтың әншілік және күйшілік дәстүрін бергі жерде зерттеген ғалымдар санатына М.Ахметова, А.Темірбекова, Ә.Мұхамбетова, Б.Қаракұлов, С.Елеманова, т.б. қосуға болады. Бүгінде фольклортану ғылымының алдында тұрған басты міңдет- халық ән-күйлерінің тарихилығы, қазақ этногенезінің қалыптасуына тигізген ыкпалын анықтау болып табылады.

 

Халық әндері және олардың жанрлық стильдік ерекшеліктері.Тарихи, лирикалық әндер, айтыс өнері, оның музыкалық-поэтикалық құрылымы

 

Халық әндері



 

Кез келген халықтың ғасырлар бойы жасалған мәдениеті болады. Оның бір саласы тарих болса, келесі бір арнасы - әдебиет пен өнер.

Өз кезегінде өнер де сала-салаға жіктелелі. Оларды қол өнері, сүрет онері, сәулет өнері және саз өнері дейміз.

Халкымыздың ғасырлар тереңінен жеткен саз өнері үлкен екі арнада көрінеді. Олар: ән және аспаптық дәстүр. Зерттеушілердің анықтауынша, бұл екеуінің ерте туғаны — ән.

Ән - халық мұрасы. Халық әндері — сарқылмас қазына. Оны жай ғана ән салу, коңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар. Ең алдымен, ән — өнер. Ән - адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән - табиғат сүреттемесі. Ән – халыктың өмір айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік  ән  арқауына айналып отырған.

Ерте дәүірлерде ән, өлең және би бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі қазақ халқының бақсылық дәстүрінен XIX ғасырға дейін көрініс тауып келді. Ондағы бақсы әрі әнші, әрі ақын, әрі биші. Ол өзі тартып отырған кобыз сарынына қосылып ән салады, би бнлейді және аруақтарға бағыштап олең айтады. Сөйтіп бір өзі өнердің үш түрін қатар атқарады. Мұны өнердің біртұтастығы немесе синкреттік белгісі дейміз.

Уақыт өткен сайын өнер де дамып, жетіліп, жіктеліп отырған. Енді ән, би, өлең жеке-жеке өнер түрінде  қалыптасады.   Оның бір  ғана  саласымен

шұғылданатын орындаушы мамандар туады. Сөйтіп онердің әр саласы кәсіби сипатқа ие бола бастайды. Солардың бірі — ән өнері.

Әрбір дәуірдің, әрбір тарихи кезеңнің өз үні, өз әуені, өз мақамы болған. Сол сипатына қарап кез келген әннің туған кезеңін дөп басып анықтауға болады. Ән — өмір айнасы дегеніміздің мәнісі осында. Мұны әннің тарихи сипаты дейміз,

Әннің келесі бір қасиеті — әуезділігі, әсерлілігі, көркемділігі. Бұл уақыт сынынан мүдірместен өтіп, біздің заманымызға келіп жеткен халық әндерінің барлығына дерлік тән белгі. Жазба мәдениеті туа қоймаған дала жағдайында нағыз көркем, тыңдаушысына терең әсер ететін әуезді саз ғана ел аузына ілігіп, ұзақ мерзім өмір сүре алған.

Халық әндеріне тән тағы бір белгі — әннің мазмұндылығы, елдің өмірі, тұрмыс-тіршілігімен сабақтастығы. Кез келген ән белгілі бір оқиғаға құрьлады. Соған орай оның айтайын деген ой-мазмұны да болады. Сол ой терен сезім арқылы тербеліп, көркем кесте — өлең түрінде сыртқа шығып отырған. Мүны әннің поэзиялык арқауы немесе әдеби сипаты дейміз.

Осы үш белгі жоқ жерде оны ән жанрына жатқызу қиын. Уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүретін ән болмайды.

Әннің осы аталған үш сипатына орай тарихшы, ақын және сазгер қызметіне де тоқтала кеткеніміз орынды. Әнді тудырудағы бұлардың қызметі қандай? Өзара ерекшелігі неде?

Тарихшы — шежіреші. Әдетте ол нақты бір оқиғаны  қара сөзбсн баяндайды.  Өлең кестесін, поэзия тәсілдерін қолданбайды. Сондықтан оның тілінде өлеңге тән ырғак, өлшем, ұйқас бола бермепді. Егер әлгі шежіреші баяндаған тарихи оқиғаны  өлең кестесіне түсірер болсақ, оның мазмұны өзгерер ме еді? Осы мәселеге токталған  жерде тарихшы мен ақынның айырмасы олардың бірі болған  оқиғаны, екіншісі болуы мүмкін оқиғаны баяндауында, деп көрсетеді Аристотель. Сөйтіп поэзияның тарихи шежіреден гөрі маңызды әрі күрделі жанр екенін айтады.

Тарих жеке бір оқиғаны баяндаса, поэзия сол оқиғаны жалпылай жырға қосады. Оған ән әуенінің де қатысы зор. Демек поэзия сияқты әннің де әлеуметтік маңызы елеулі. Ән — халықтың көркем ой-санасы деген сөзіміздің мәнісі осында.

Қазақ халқының ән өнері сан-салалы. Көне дәүірлерден келіп жеткен бұл мәдениет саласын бірнеше арнаға бөлуге болады. Олар: бақсы сарыны, жыраулық дәстүр, ертегілік, тарихи және лирикалық әндер.

Ән - вокалдық жанр. Халық әндеріне тән мынадай белгілерді көрсетуге болады:

1) әннің мазмұны, яғни әдеби мәтіні.

2) әннің әуені, яғни музыкасы.

3) әннің жанрлық ерекшелігі.

Әннің алғашқы сипатына орай В.Е.Гусев: ."Песня поется, и ее содержание выражает не только слово, но и мелодия, и ритмический ее строи, песенный образ не тождествен образу стихотворному" (Эстетика фольклора.-Л.,1967, 88-б-),- деп жазған болатын. Халық әндерін  біз тақпақ сазды речитативтік, тарихи және лирикалық деп білеміз. Бұл ерекшеліктер бірде әндердің музыкалық интонациялық жүиесіне қатысты  болса, енді бірдс жанрлық сипатьн білдіреді.

В.Я.Пропп музыкалық шығарманың жанры оның тарихи шындықты бсйнелеу немесе көрсету дәрежесіне байланысты деген пікір айтқан. Осы тұрғыдан келгенде халық әндерін тарихи, лирикалық деп бөлуге әбден болады. Тарихн әннің ел аузында сақталған улгілері аз емес. Бізге жеткен көркем бір нұсқасы - "Елім-ай" XVIII ғасырдың бас кезіндегі жоңгар шапқыншығына байланысты туған шығарма.

Халық арасына кең таралған лирикалық әндерге келер болсақ олардың жүздеген үлгілерін атауға болады. "Қамажай", "Бипыл", "Сәулем-ай" секілді толып жатқан әндердің барлығы да лирикалық жанрға жатады. Лирикалық әндерге катысты бір ерекшелік - онда сюжеттің болмауы, оның есесіне эмоцияға негізделген сезім лирикасы, поэзиялык. параллелизмдердің басым кездесуі. Оның мәнісі, әннің бір шұмағын құрайтан алғашқы екі жол басқа, соңғы екі жол өзге ойды білдіруінде. Әннің тұтастығы осы ойлардың сабақтастығынан туады.

Халық әндерінің стильдік ерекшеліктеріне бойлай түсетін болсақ, олардың музыкалық әуені мен әдеби мәтінінің бірде сәйкес, бірде сәйкес еместігін аңғарамыз. Бұл ерекшелікті ғылым тідімен синхрондық және асихрондық деп екіге жіктейміз. Асинхрондық жүйеге негізделген әндердің музыкасы мен әдеби мәтіні әр түрлі кезеңдерде тугандықтан, олардың құрылымдық жағынан бір-біріне сәйкес келмейтіні байқалады.

Речитативтік әндер халық шығармашылығына да авторлық шығармашылыққа да тән құбылыс.

 Олардың басты ерекшелігі - өлең жолының әр буынына жеке музыкалық үн-дыбыстың келіп отыруы (слогонота). Мұндағыы жеке буындар бірнеше дыбысқа созылмайды, музыкалық интонациясы бір деңгейде дамиды. Оның диапазоны-шектеулі, ннтонациялык секірістер өте сирек кездеседі.

 

      Қазақ фольклоры аясьнда жегкен әндерге тән ладтық құрылым -диатоника. Хроматикалық жүйе речитативтік, созылмалы лирикалық әндерде мүлде кездеспейді. Музыка теориясында бірінші "гептатоника" немесе "классикалық диатоника" аталып жүрген халық ладтарының көптеген үлгілері кездесіп отырады. Тағы бір ескертеріміз, халыкқ әндеріне келгенде тональдік терминін қолдануға болмайды. Олардың ладтық негізі ғана анықталуға тиіс.



Тональдік     —      классикалык музыкаға тән ұғым. Ондағы дыбыс қатары міндетті түрде 8 басқыш болып келеді; кез келген октаваның тоникалық дыбысы сол шығарманың тұрақты басқышы болып табылады.

Қазақ фольклорындағы мақам (лад) - әдетте 7 кейде одан да аз басқыштан тұратын дыбыс қатарына байланысты қолданылатын атау. Одардың ладтық тұрағы -тоникасы міндетті түрде дыбыс қатарының төменгі дыбысы болып табылады.

Халық әндерінің интонациялық-диапазондық құрылымын талдағанда оларға классикалық музыкаға тән терминдерді қолдануға болмайды. Музыкалық фольклортану ғылымында халық әндерінің дыбыс қатарына байланысты мынадай терминдер қалыптасқан:

1. Трихорд (до- ми- фа; ре - ми ~ соль) ~ үш дыбыстан тұратын құрылым.

2. Тетрахорд – төрт дыбыстан тұратын құрылым.

3. Пентахорд - бес дыбыстан тұратым құрылым.

4. Гексахорд - алты дыбыстан тұратын құрьлым.

5.Гентахорд - жеті дыбыстан тұратын құрылым.

Фольклорлық шығармалар  тұсында  оларға

қатысты   ғылыми  үғым-түсініктер  мен  арнайы терминдерді ескеру қажет.

                                 

Айтыс


Қазақ музыкалық фольклорының дара бір саласы  - айтыс. Айтыс көбіне түркі тектес халықтардың мәдениетіне тән құбылыс. Оны Еуропа халықгарының әдеби-музыкалық дәстүрінен табу қиын.

Эпос бір адамның орындауында жеткізілетін ірі жанр болса (монолог), айтыс екі адамның (диалог) тартысына құрылған шығарма. Оның да көптеген түрлері болған. Мысалы, ертеде ру-тайпа арасындағы айтыстар болса, кейін айтыс әлеуметтік тақырыптарға негізделетін болған. Оның келесі бір түрі — қыз бен жігіт айтысы.

Айтыс - музыкалық-эпикалык дәстүрдің бір арнасы. Оның негізгі ерекшелігі импровизацияға негізделіп, сөзбен жеткізілетін ой тартысына кұрылуы. Айтыстың кайым, бәдік, сүре, т. б. түрлері бар. Ал музыкалық әуеніне келгенде олардың бір-бірінен пәлендей айырмасы жоқ Айтыстың жоғарьда аталған кез келген түрі белгілі бір музыкалық мақаммен орындала береді. Сонымен бірге, әрбір айтыскер өз ойын ел арасына тараған әуен-саздарды қолдану арқылы да жеткізетін болған. Бүгінде айтыс өнері қайта жанданып отырса, оның музыкалық табиғаты бізде енді зерттеліп келеді.

 

 Айтыс күйлері



 Күймен айтысу, күймен сайысу арқылы өнерлерін сынғасалу қазақ күйшілерінің ертеден бар дәстүрі. Елге есімі мәлім күйшілердің қай-қайсысы да небір әсем өрнекті күйлерін егес үстінде төгіп тастайтын болған. Күй айтысында ердің намысы ғана емес, елдің де намысы сынға түскен сәттер аз емес. Бұған қазақ пен түрікмен, қазақ пен қырғыз, қазақ пен қалмақ арасында болған күйшілер сайысы, соған орай туған толып жатқан күйлер куә. Дәулеткерей, Өскенбай сынды күйшілердің түрікмен күйшілерімен арада болған күй сайыстарында дүниеге келген небір сиқырлы саздары мен шежірелі аңыз-әңгімелері ұрпаққа мұра.

         Күй айтыстары тек әсем сазды күйлерді ғана дүниеге әкеліп қоймайды, сол күйлердің қалай дүниеге келгенін баяндайтын тамаша аңыз-әңгімені де туындатып отырады.Мұндай аңыз-әңгімелер өзінің деректілігімен, ширыққан оқиғасымен ерекшеленеді. Әсіресе, айтыс барысында тың күйді төгіп тастайтын арқалы өнерпаздың шеберлік шалымы күй айтыстарына қатысты аңыз-әңгімелердің негізгі арқауы – болып отырады.

         Өскенбай Қалмамбетұлы шығарған «Жаңылтпаш» күйінің аңыз-әңгімесінде тарихта болғанадамдар, олардың арасындағы туысқандық, достық қарым-қатынастар, жер-су атаулары, ол жерлердің аңы мен құсы, адамдардың қарым-қатынасындағы этнографиялық көріністер, ең соңында күйшілердің арқалы өнері, міне осының бәрі де тарихи деректілігімен, ақпарлық мағлұматының молдығымен назар аударады. Түптеп келгенде, күй айтыстарына байланысты айтылатын аңыз-әңгімелердің өзекті бір ерекшелігі де осы болса керек.

Жалпы өнер жарысының, оның ішінде күй айтысының дәстүрге айналуы өнерпаздардың кемелдігін танытып қана қоймайды, ең мәндісі халықтың рухани мәдениетінің кемелдігіне де айғақ. Өнері бүкілхалықтық өмір салтқа ұласқан ел рухани бәсекені дәстүр етеді. Мұндай дәстүр әдетте мемлекеттік нұсқаудан ада, саяси науқаннан тыс, халықтың табиғи-рухани сұранысымен, шынайы демократиялық сипатта өтеді. Бұған күй айтысы жарқын айғақ бола алады.

Күй айтысының қазақ арасында ежелден орныққан екі түрлі үлгісі бар. Оның біріншісі – «қара тартыс», екіншісі – «түре тартыс» немесе «қайым тартыс» деп атайды. Қара тартысты таңдаушылар, әдетте, күйдің санын асырып жеңуді мақсат етеді. Ал, түре тартыстың шарты бойынша, бірінші адам тартқан күйді екінші бәсекелесі айнытпай қайталап тартып отыруы керек. Күй айтысының осы екінші үлгісі мейлінше қиын болғандықтан, кезекке таласып қалатын жағдай жиі кездесіп отырған. Кейбір күйшілер түре тартысты бастау құрметіне ие болса да, мінез көрсетіп , қарсыласынан күй тарту тәсілін жасыру үшін киіз үйдің іргесін түргізіп  қойып, керегенің екі жағында айтысатын болған. Әрине, айтыстың бұл үлгісіне шын мәнінде өзіне -өзі сенген нағыз дәулескер күйшілер ғана тәуекел еткен. Соның өзінде, неше жерден дәулескер күйші болса да, тосын естіген қиын күйді бірден айнытпай қайталаудан мүдіріп, өзекті сарынын ғана іліп қалып, нобайын тартып беретін кездер болады. Мұндайда төреші болып отырған адамның алды кең болса  «жетеді-жетеді, күйдің құлағы шықты, келесі күй тартылсын» деп отырады.

Сөз орайында «Күй айтысының үлгісі» деген тіркестің әдейі қолданылып отырғаны ескерте кеткен жөн. Ауызекі сөзде күй айтыстың қара тартыс және түре тартыс болып бөлінуін «күй айтысының түрлері» деп те айта беретіні белгілі. Алайда, «Күй айтысының түрлері» деген тіркестің басқа мағынада қолданылатыны төменде сөз болады.

Әдетте, күй айтысы алқалы жиында, ас берілгенде, ұлы дүбір тойда алдын ала  дайындалып келіп өтетін болса, төреші белгілейтін дәстүр бар. Сөз жоқ, төрешінің өзі де, күй тарта алатын, білікті адам болуы шарт. Мұндай күй айтысында алдымен күй тарту кезегі төрешіге беріледі. Мұны «бата тартыс» немесе «күй шақыру» деп атайды. Бата тартыс, біріншіден – төрешінің күй жайын білетін лайықты адам екенін танытса, екіншіден – күй айтысына түсетіндердің шабытын шақыру үшін қажет.

Күй тартып айтысу дәстүрі, күймен жауаптасу дәстүрі қазақ даласының барлық өңірінде болған. Күй аңыздарының дерегіне қарағанда, осынау тамаша өнер жарысының ертеден-ақ орныққан дәстүр екенін аңғаруға болады. Жалпы көшпелілер өмір салтында мәдениет өзінің біртектестігімен, біртұтастығымен ден қойдырады. Дегенмен, күй айтысын айрықша дәстүр еткен өңірлер назар аудармай қоймайды. Бұл орайда күй айтысы айрықша дамыған өңір ретінде Маңғыстау, Арқа алабын алдымен атауға болады. Бұл өңірлерде күйшілік өнердің сыналар тұсы да, нағыз күйдің дүниеге келер сәті де көбінесе намыс қозғар әрекет үстінде өтеді. Тіптен, тосын күй, сәтімен шыққан күй қоғамдық өмірдің күрделі мәселелеріне араласып, көбінесе оң шешімдердің кілті болып отырған. Сөзбен жібіте алмаған жүректі күймен жібіткен, күшпен қайтара алмаған ашуды күймен тоқтатқан, байлықтың кеудемсоқ арынын күймен басқан оқиғалардың небір мысалдары айтыс күйлерінің аңыздарында мол ұшырасады. Бұл ретте, тек айтыс күйлері ғана емес, жалпы күйшілік өнер бір ғана эстетикалық әсермен шектеліп қалмай, қоғамдық өмірдің реттеушісі ретінде де көрініс табатыны айрықша назар аударады.

Жоғарыда күй айтысының қара тартыс және түре тартыс деп бөлінетін үлгілерінің бар екені айтылды. Енді осы күй айтысының үлгілері біртұтас музыкалық дәстүр ретінде өз ішінде төрт түрге бөлінеді. Бірінші – күйшілердің алдын – ала құлақтасып, хабарласып сайланып келіп айтысатын түрі. Екінші – күйшілердің тосын кездесу сәтінде, ерегіс үстінде немесе даулы жағдайға тап болғанда дүниеге келетін күйлер. Үшінші – күйші куә болған оқиғаға арнап немесе бұрын өткен, бірақ ел есінен өшпей жүрген оқиғаға арнап күй шығарады. Ол оқиғаның желісі күй тілінде екі дай ерегіс, бәсеке түрінде баяндалып, одан әрі ширыға өрбіп, ақыры түйінді шешіммен аяқталады. Төртінші – күймен жауаптасу, сәлем айту, күйшілердің бір-біріне күй арнау дәстүрінде күй айтысының бір түріне жатқызуға болады.

Күй айтысының бірінші түріне сайланып келіп айтысатын күйшілердің өнері жатқызылады. Әдетте, мұндай күй айтыстардың өтетін мезгілі, мекені алдын ала белгілі болып, тіптен айтысқа түсетін күйшілердің кімдермен өнер сынасатынын алдын ала біле алады. Сондықтан да, айтысқа түсетін күйшілер де бір-бірінің  қандай күй тартатынын, қандай бұрауға салатынын, күй тарту мәнері қалай екенін алдын ала түрлі тәсілдермен білулеріне мүмкіндік болады. Әрине, күйшілердің бәрі бірдей көпшіл емес, олардың ішінде өз өнеріне ерекше қызғанышпен қарап, әркімнің алдында ашыла бермейтіндері де болған. Мәселен, Сайдалы Сары Тоқа өз күйлеріне мейлінше қызғанышпен қарап, әлдекімнің бұзып тартқанын естісе қатты ашуланатын болған. Өз күйлерін оңаша отырып тартуды ұнататын күйшілердің бірі Сүгір екені айтылады. Әрине, күй айтысына түсерде мұндай мінездегі күйшілерден сыр тарту, алдын ала өнерпаздың қарамын болжау қиын. Мұндай жағдайда айтыс күйшілері бір-біріне түрлі кейіптегі жансыздарын жіберіп алдын ала шолу жасасатын да дәстүр болған. Бір мысал келтіруге болады. Тарбағатай сілеміндегі Маңырақ тауының арасынан ағатын Терісайрық өзенінің бойындағы Қайрақбайдың Заманбегі деген дәулескер күйші 19 ғасырда ғұмыр кешкен. Руы-Найман. Бұл өңірде Қайрақбайдың Заманбегінің «Қайрақбай» деген күйі күні бүгінгі дейін тартылады.

Сол Заманбектің буынсыз күшілігіне, алысьан жеткен даңқына Керей Жұмажан деген күйші ынтық болады. Жұмажанның өзі де қаражаяу емес. Керей ішіне аты жайылған өнерпаз болса керек. Бірақ, келген-кеткеннен құлағы шалып қалатын небір сиқырлы саздың тегін сұраса, ылғй Заманбекке барып тіреле береді ғой.

Бір күні әбден төзімі таусылған Жұмажан ел ақтаған дуананың киімін киіп, мылқау адамның кейпіне тұсіп, Найман ішіне келеді. Содан елдің көзін үйретіп біраз жүрген соң, Заманбектің де үйіне жетеді. Бұл үйдің тобылғысын бұтап, суын әкеліп, біраз аялдайды. Ертелі-кеш Заманбек күй тартса болды, босағаға отыра кетіп, телміріп күй тыңдайды. Мұндайда Заманбек: «Қайтсін, тегін адам тіл ауыздан қала ма, ішінде бір шер бар ғой!» деп мүсіркеп, Жұмажанның көңілін аулау үшін одан сайын егіліп тартады. Осылайша Жұмажан сол үйдің есігінде жүріп, Заманбектің баойындағы өнерін көкірегіне түйіп алған ғой.

         Кейін Найман мен Керей арасында өткен бір бәсекеде қос күйші кездесіп, өнер сынасқанда, Заманбек: «Япырай, біредің өзегін жарып шыққан перзентін екінші біреу жатсынбай бауырына салып, мәпелеп ұстай алады екен – ау!» деп, Жұмажанның күй тартысына тәнті болады. Мұнысы, Заманбектің күйін Жұмажанның шебер тартатынына сүсінгені ғой. Бір қызығы, күні бүгінге дейін, Найман арасында Заманбектің  «Қайрақбай» деп тартылатын күйі Керейлер арасында Жұмажанның «Арманда» деген күйі болып тартылады.

Осы орайда көшпелілер үшін өнердің жеке адамға атақ-даңқ әкелуі басты мұрат емес, өнердің әрі таймай халық көңілінен шығуы, халыққа қызмет етуі негізгі мақсат екені аңғарылды. Көшпелілер қоғамының демократияшыл болмысымен үндес бұл да бір ерекше құбылыс. Біртуар дарындарының өз өнеріне қатысты авторлық абырой-атақ туралы эгойстік пендешіліктен ада болуы, жалпы шығармашылық психология туралы арнайы зерттеуге болатын жайт. Мұны өнердің мифтік немесі діни мүддеден арыла қоймауынан деп шолақ қайыра салуға ешқандай негіз жоқ. Бәлкім ұжымдасып-ұруласып қана күн көре алатын көшпелілер үшін өнердің қоғамдық өмірді реттеп отыруда белсенді ролінің болғанына ден қою керек шығар.

Алдын ала сайланып өткзілетін күй айтысы  әдетте ірі жәрмеңкелерде, күні бұрын сауын айтып берілетін астарда, салтанатты жиындарда, той-думан, бас қосуларда өткізілетін болған. Қырғыздың белгілі манабы Шәбденнің асына қазақтың жеті уезінен адамдар қатысқан. Соның ішінде Ақмола уезінің адамдарын әйгілі күйші әрі болыс Тоқа Шоңманұлы бастап келсе керек. Осы аста бірнеше жұп күй айтысы болып, Сайдалы Сары Тоқа қырғыздың Ыбырай Тұманұлы және Қарамолда Оразұлы деген «жас пері» атанған қос күйшісімен айтысқа түскен. Тоқа өле-өлгенше осы күй айтыстарын еске алып: «Ыбырай да, Қарамолда да түпсіз терең күйшілер екен. Қырғыздың әрідегі Арыстанбек, Қайду, Абақ сияқты күйшілерінен бастап, берідегі Мұраталы, Тоқтағұл, Ниязалы, Айдарлы сияқты күйшілердің мұрасын таңды-таңға ұрып тартады екен. Қара тартыстан күйдің түбі көрінбейтін болған соң, жұртшылық кеу-кеулеп, бізді түре тартысқа салды. Әлі есімнен кетпейді, Ыбырайдың «Қамбархан», «Бата», «Тертолғау» деген, Қарамолданың «Қамкейдің арманы» деген күйлері кісінің буынына түсетін асыл өнер еді-ау! Қырғыз ағайынның көңілі көлдей, мейірімі таудай халық қой , менің жасымның үлкендігін сыйлап, түре тартыста кезекті маған беріп отырды. Намыс деген қиын ғой, біраз теріс бұрауға салып тартқан күйлерім жанымды алып қалды» - деп отырады екен.

Қырғыз өнерпаздарымен әйгілі күйші Ықылас Дүкенұлы да талай рет күй айтысына түскен. Сондай-ақ Жамбыл мен Мұраталының күй айтысы да ел есінде күні бүгінге дейін сақталған.

Алдын-ала сайланып өткізген күй айтысының небір қызықты үлгілері Маңғыстау өңірінде өткен. Күй өнерін бұл өңірде мейілінше қадір тұтатыны соншалық, күй қоғам өмірінің үлкенді – кішілі мың сан жағдайына араласып, талай-талай кісілікті шешімдердің кілті болып отырған. Абыл, Боғда Қоңыр сияқты дәулескер күйшілердің қанатты өнерінің дүниеге келеп ортасы үнемі додалы айтыс үсті, тосын сын сәті болып отыратынын көреміз. Мұның жарқын үлгісі сияқты «Үш ананың айтысы» атты күй сайысы күні бүгінге дейін Маңғыстау өңірінде мәлім. Бұл айтысқа Әлімнен Тоғызбай, Табыннан Наушағыз, Бойұлынан Еспай сияқты күйшілер сайланып келіп қатысқан. Күй айтысының аса қызу тартысты өткені сондай, нәтижесінде «Шиелеме-шегелеме», «Терісқақпай», сияқты тамаша күйлер дүниеге келіп ұрпақтың рухани игілігіне айналған.

Сайланып келіп өткізетін күй айтысының бір ерекшелігі, мұнда бір-бір қайырым күй тартумен тынбайды.

Күй айтысының екінші бір түрі күйшілер тосын жағдайға атп болғанда, немесе намыс қазғар ерегіс үстінде туатыны айтылады. Көшпелі өмір салтта туыстық қарым-қатынастың бүкіл этносты біріктіріп ұстауы, жеті атадан арғы буынмен ғана қыз алысып, қыз берісуі кеңістік аясында ұдайы қозғалыста жүруі, көрші мен көршінің, ауыл мен ауылдың, ру мен рудың ұдайы қарым қатынаста болуын қамтамасыз еткен. Мұның өзі, алуантүрлі салт-дәстүрдің қалыптасуына, моральдік – этикалық қалыптардың орнығуына себепші болған. Күйшілердің күтпеген жағдайда күй айтысына түсуі қаншалықты тосын болғанымен халықтық дәстүр аясынан, кісілік жолынан әсте шықпайды. Сондықтан да күйшінің өнері көп жағдайда тығырықтан шығудың кілті болып отырады.

Тосын жағдайда күйді араға салу, күймен іс түйінін шешу, күймен түсінісу халық күйлерінің де, халық композиторлары күйлерінің де аңыздарында мол ұшырасады. Мәселен қазақ пен қалмақ арасындағы қан төгілер қақтығыстың түйінін қос күйшінің айтысымен шешетін «Қазақ пен қалмақтың күйі», қонақ жігіт өзі түскен үйдегі бойжеткен қыздың балағындағы жыртықты күймен сынаймын деп, ол қыздың өнерпаздығын білмей қарымта күйден тосылатын «Қағытпа» күйі сияқты халық күйлері тосын жағдайда күйшілердің шарпысуынан шығып отырған. Тосын жағдайда күй айтысына түсу немесе сырын білмейтін бейтаныс өнерпазбен күй тілінде жауаптасып қалу жағдайы халықтың күйші – композиторларының бәріне тән десе де болады. Тәттімбеттің күйші қызбен тосын айтысында етігін шешіп тастап, домбыраны башпайымен қағатыны, дәл осындай жағдайда Тоқаның домбыра пернесін бәкімен сыр еткізіп қиып тастап, пернесіз тартатыны Өскембайдың түркімен өнерпаздарымен өнер сайысы сияқты мысалдарды молынан кездестіреміз.

Осы сияқты тосын жағдайдағы күй айтысының әдемі үлгісі Адайдан шыққан әйгілі домбырашы Құлшардың басынан өткен. Күйші жолаушылап келе жатып ат басын бұрған үйдің қызы да, шешесі де асқан домбырашы болып кезіккен ғой. Алғашқыда «Күй дегенде күй таңдаймыз» деп менменсіп домбыра шерткен Құлшар, кешікпей-ақ  қыз бен оның шешесінің қақпақылына  түсіп, қатты сасады. Себебі, қыз бен оның шешесі  бір-бірінен асқан домбырашыдар болса керек. Осынау тосын оқиғаның айғағаындай болып, бүгінгі күнімізге «Қыз қамаған», «Сық-сақ» сияқты тамаша күйлер жеткен.

Тосын жағдайда өтетін күй айтысының негізгі бір ерекшелігіне айрықша назар аударған жөн. Ол- осынау өнер жарысында туған күйлердің ел ішіне бір күйшінің мұрасы ретінде тарап отыратыны. Мұның мәнісі, күйші өз басынан өткен оқиғаға байланысты тартылатын күйлерді өзінің толықтырып, өңдеп тартуы да мүмкін.  Мәселен, жаңағы Құлшардың басынан өткен оқиға бойынша оның өз жанынан шығарып тартқан күйі «Қыз қамаған» ғана. Ал, «Кербез Керік», «Ат жортақ», «Кебіс қалған», «Сық-сақ» сияқты күйлерді қыз бен оның шешесі шығарған болып баядалады. Осыған қарамастан бұл күйлердің бәрі де ел ішінде Құлшардың төл күйлері ретінде тартылады.

Яғни,әр түрлі тосын жағдайда өткен күй айтыстарында тартылған күйлер, әдетте, бір күйшінің мұрасы ретінде танылады.Мұның негізгі себебі, күйші тосын оқиғаның кейіпкері ғана емес немесе тартушысы ғана емес, ең бастысы сол оқиғалы күйлерді ұштап, толықтырып шығарушы да болып табылады.

Осы орайда, көшпелілер өнерінің тек өнер ретінде ғана тумайтыны, міндетті түрде нақтылы өмірдің айғағы, шежіресі әрі реттеушісі ретінде дүниеге келіп, өмір сүретіні тағы да айқын аңғарылады. Қазақтың дәстүрлі өнерінің төл сипатын даралап көрсететін тамаша қасиеті осы болса керек.

Енді, күй айтысының үшінші түрін тарата сөз етіп көрейік. Күй айтысының бұл түріне күйшінің өзі куә болған немесе бұрын өткен, бірақ ел есінен өшпей жүрген оқиғаға арнап шығарған күйлер жататыны аталып өтті.

Егер күй айтысы дегеннің өзі күй тіліндегі диалог екенін мойындасақ, онда белгілі бір түйінді оқиғаға байланысты кезектесе тартылған күйлерді де күй айтысына жатқызуға болады. Рас, бір ғана күйшінің белгілі бір оқиғаға арнап шығарған күйлерін көлденең тарта отырып, мұны айтыс күйі емес, арнау күйі деп қарастыруға да болар еді. Алайда, күй жанрының бірде-бірі белгілі бір өмір құбылысына немесе белгілі бір адамға арналмай дүниеге келмейтіні аян. Бұл ретте, қазақ күйлерінің бәрін де арнау күйлері деп қарастыруға болады. Мұның өзі түптеп келгенде, күй жанрының ғана ерекшелігі емес, жалпы көшпелілер өнерінің себепсіз дүниеге келмейтін, міндетті түрде өмірмен шендесіп жататын қасиетін танытатын құбылыс. Сондықтан күй жанрының арну түрінде дүниеге келуін оның жалпы типалогиялық қасиеті ретінде қаперде ұстай отырып, соның ішінде арнау айтыстарды күй айтысының қызықты бір түрі ретінде қарастырған жөн.

Белгілі бір оқиғаға арналған күй айтыстары да қазақ күйлерінің ішінде мол ұшырасады. Мәселен, «Кәрібоз бен Салторы» деген халық күйі бар. Мұндағы Кәрібоз бір кездегі алдыңғы қара салмаған жүйрік ат. Ал, Салторы болса кейін көне бастаған сәйгүлік. Күйші кәрі жүйрік пен жас жүйрікті оқиға кейіпкері етіп алуының өзінен-ақ бәсекелік жағдай бірден назар аударады. Күй тілінде осы екеуінің қатар бәйгеге түсуі баяндалады. Кейіпкер екеу болғандықтан, ол екеуі бәсекеге түскендіктен күй өзінен-өзі диалог айтыс түрінде тартылады. Тіптен, ел ішінде «Кәрібоз» бір бөлек күй болып, «Салторы» бір бөлек күй болып тартылатын да дәстүр бар. Бұл екі күйді аңыз ғана біріктіріп қоймайды, күйдің драмалық бітімі, әуендік шиеленісі, сөз жоқ, айтыс күйі екенін айқын аңғартады. Рас, мұндағы айтыс оқиға түрінде, яғни күй аңызы түрінде алдымен назар аударады. Алайда, кеүйді тыңдағанда аңыздан гөрі әуеннің тәжікесі басым екенін аңғару қиын емес.

Белгілі оқиғаға арналған күй айтысындағы күйлердің жеке-жеке, дербес күйлер болып келуі шарт емес. Айтыс, диалог белгілері бір күйдің ішінде болуы да мүмкін. Әйгілі Қазанғап Тілепбергенұлының шәкірті Қыдыралі Есжанов деген күйші болған. Сол Қыдыралы да «Күндестің күйі» деген күй бар. Бұл күй бастан аяқ бай мен бәбішесінің тәжіке диалогына құрылған. Әрине, күйдің аңызы ғана емес сол аңыз сөздерінің буын ырғағына бағынған әуендік диалогы да тыңдаушыға айтыс күйлерінің бір қызық үлгісіндей әсер береді.

Айтыс күйлерінің соңғы, төртінші түріне күйшілердің күймен жауаптасуы, күймен сәлем жолдасулары, күймен танысулары, бір- біріне күй сыйлауы, күй арнауы жатады. Күй айтысының бұл түрін саралап тану үшін Құрманғазы мен Дәулеткерей арасындағы кездесулерді еске түсіруге болады.

        Құрманғазы алғаш істі болып сауға сұрау үшін Дәулеткерейді арнайы іздеп келген. Қос күйші де бірін-бірі ең алдымен өнерде өрістес болғаны үшін қадір тұтса керек. Екеуі де көңілдеге айтар ой, шағар мұңын күй тілінде сөйлеткен. Бір жағы төрелігі бар, бір жағы үй иесі болған соң, алдымен домбыраны Дәулеткерей ұстап бір күй тартады. Бұрын естімеген әсем сазға Құрманғазы елең етіп, «Бұл не күй» дегенде, Дәулеткерей күйдің атын «Бұлбұл» дейді. Іле домбыраны Құрманғазы алып, ол да «Бұлбұл» деген атпен бір күй тартады. Сонда Құрманғазының құдірет өнеріне тәнті болған Дәулеткерей: «Жоқ, бұл жай ғана бұлбұл емес, бұлбұлдың құрғыры екен» депті. Осылайша екі ұлы күйші бір-біріне өлмес өнер мен белгі қалдырған. Құрманғазы күйінің «Бұлбұлдың құрғыры» деп тартылуы осы Дәулеткерейдің бір ауыз сөзіне сүйсіну сөзімен байланысты болса керек.

Дәл осы сияқты Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйі мен Тәттімбеттің әйгілі «Көкейкесті» күйі де екі ұлы күйшінің бір-біріне арнаған күйлері деген аңыз бар.

Әрине , өмір бірыңғай күнгей болып тұрмайды. Өмір болған соң әртүрлі жағдай өтіп жатады. Күй айтысының жауаптасуы, арнау түрлері сол түрлі жағдайда дүниеге келіп отырған. Жетісу, Шығыс Қазақстан өңірінде есімі кең тараған күйші Қожеке Назарұлының «Жиреншенің Қарашашты жоқтауы» деп аталатын екі күйі бар. Аты айтып тұрғандай, бұл күйлерден белгілі бір жағдайға орай жауаптасуды аңғаруға болады. Яғни, күй айтысы демесек те, күй – диалог екені, қос күйді қатар тыңдаса ғана толық эстетикалық-деректік әсерінің болатыны аңғарылып тұр.

Күй айтысында күймен жауаптасу, күймен сәлем айту түрі де ел ішіне кең тараған дәстүр. «Кербез қыз» және «Сал жігіт» дейтін халық күйлерінде алдымен жұртты менсінбеген кербез қыздың мінезі суреттелсе кейін отырыңқырап қалған сол кербез қызға сал жігіттің базына сәлемі күй тілінде жетеді. Әрине күй тілін кербез қыз түсініп бір кездегі астамшылдығын мойындап мұңаяды.

Міне, бұл сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады. Соның қай-қайсысында да ұдайы қатар өрілетін екі тінді оқиға немесе қатар көрінетін қос тағдыр, қос тұлға күйдің оқиғасы мен әуенінің негізгі өзегі болып отырады. Мұның қай-қайсысы да күй айтыстарының оқшау бір саласына тән қасиеттер ретінде ден қойғызады.

 Айтыс күйлерінің музыкалық бітім болмысы сол күйдің аңызын айту барысында кеңірек ашылып, тыңдаушыны эстетикалық-эмоциялық терең сезімгебөлейді. Сондықтан да, қазақтың дәстүрлі талғамы бойынша оның айтыс күйімен аңыз әңгімесі бір бөлек, бір тұтас эстетикалық құбылыс ретінде бірге орындалып отырған. Былайша айтқанда, айтыс күйі бір бөлек, оның аңыз әңгімесі бір бөлек тартылмаған да, айтылмаған да. Егер бөлек- бөлек тартылып айтылатын болса, онда көркемдік – эстетикалық әсер қуаты да жартыкеш болып отырған. Күй мен күй аңызы арасындағы дәстүрлі байланыстың бір парасын осылайша байқауға болады.           

 


следующая страница>


Нұрхатова М. С. Музыкалық этнография

ОӘК Қр мббс сай 050106 мамандығының 1 курс студенттері үшін жасалған. «Музыкалық этнография» пәні студенттерге музыкалық-фольклорлық жанрлар туралы мол түсінік алуға көмектеседі

1193.16kb.

14 12 2014
4 стр.


От интегрированной информационной системы "Этнография Нижегородской области" к межрегиональному Интернет-порталу "Этнография народов Приволжья"

В докладе представляется развивающийся проект, реализуемый с 1999 года совместно Санкт-Петербургским и Нижегородским государственными университетами

158.6kb.

25 12 2014
1 стр.


Этнография Нижегородской области

Архитектура и технологии интегрированной системы "Этнография Нижегородской области" как прототипа программно-технологического инструментария

97.35kb.

25 12 2014
1 стр.


1. Функции исторического знания

Составными частями исторической науки явл археология и этнография. Археология изучает историч-ое общ-во по сохранившимся останкам чел-ка. Этнография изучает особенности матер-ой и

68.5kb.

12 10 2014
1 стр.


Шопеннің фортепианолық шығармашылығы

Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалық

52.19kb.

25 12 2014
1 стр.


Связующее звено поколений (Этнография в школьном музее)

В последние годы в связи с ростом национального самосознания населяющих народов России все больше повышается интерес к вопросам традиционной и современной культуры, быта, обрядов и

62.29kb.

11 10 2014
1 стр.


Дипломдық ЖҰмыс " Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру" Орындаған: "Музыкалық білім және мәдениет"

Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мүғалімінің орны бөлек

990.53kb.

25 12 2014
6 стр.


Астана ақшамы. – 2010. – №121. – 2 қараша Аймағанбет Ж. Қалың қалай, Хип-Хоп?

Жаңа ғасырдың аяқ басуымен өнер әлемінде, жалпы музыкалық жанрда хип-хоп деген ұғым пайда бола бастады. Елімізде бұл музыкалық бағыттағы толқын даму үстінде. Оның жетілуін үстемеле

18.29kb.

25 12 2014
1 стр.