Ф КГМУ 4/3-06/02
ИП №6 УМС КазГМА
14 июнь 2007 ж
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС
Тақырып: «
Қолданбалы программамен жабдықтау. Fine Reader»
Мамандығы 5В130100 «Жалпы медицина»
Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА
КУРС: І
Құрастырушы Бадекова Қ.Ж.
Қарағанды, 2010
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
№ ____ Хаттама «____»______ 200__ж.
Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К...
ТАҚЫРЫБЫ: Қолданбалы программамен жабдықтау. Fine Reader
МАҚСАТЫ: Fine Reader програмасымен жұмыс істеу, ақпараттарды сканирлеудің негізгі принциптерімен Microsoft Office форматында оқу.
ОҚЫТУ МАҚСАТЫ
-
Сканер технологиясымен жұмыс.
-
FineReader программасының интерфейсі
-
Сканирленген ақпараттарды тану әдістері.
-
Microsoft Officeтегі ақпараттың экспорттығы
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:
-
Сканер технологиясымен жұмыс.
-
FineReader программасының интерфейсі
-
Сканирленетін ақпараттың әдісі.
-
Сканирленген ақпараттарды тану әдістері.
-
Microsoft Officeтегі ақпараттың экспорттығы
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:
-
Сұхбат.
-
Сабақ тақырыбы бойынша материалды талдау. Берілген тәжірибелік тапсырмаларды бірлесіп орындау. (1 Қосымша ). FineReader программасымен жұмыс.
ӘДЕБИЕТ:
-
Балапанов Е.Қ. Берібаев Б., Дәулеткұлов А.Б.Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ /Алматы : ЖТИ, 2003, 2007. - 400 с
-
Изтлеуов М.К., Беккужина А.И., Жалимбетова Н.К.Информатика: Жоғары медицина орындарына арналған оқулық /Актөбе, 2005. - 394 с.
-
Камардинов О Информатика : Оқу құралы /- Алматы : Карасай, 2008. - 360 с
-
Омарбекова Н. К Информатика негіздері: Оқу-әдістемелік кұрал / Қарағанды: ҚММА, 2006. - 70 с
-
Гельман В.Я..Медицинская информатика: Практикум / Гельман, Виктор Яковлевич. - СПб.: Питер, 2002. - 468 с.
БАҚЫЛАУ:
-
Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.
-
Келесі сұрақтар бойынша сұрау:
1.
Fine Reader программасының негізгі терезе элементтерін ата.
2. Сканирлеу процессі қандай негізгі этаптардан тұрады?
3. Сканерге “негізгі түпнұсқаны” қай жағынан орналастыру керек?
4. Танылған (распознавать) блоктардың қандай түрлерін білесіз?
5. Сканирленген құжаттың мәтінінің жартысын қалай тануға болады ?
6. OCR программасының сферасын қолдануы және берілуі.
7. “Рұқсатталған” деген не?, ол қандай бірлікпен өлшенеді?
8. Сканердің қандай түрлерін білесіз?
9. Файл түрінде жазылған мәтіннің суретін тануға болады ма?
10. Компьютердің экранында көрсету үшін үлкен суретті ненің көмегімен жақсы түрде тануға болады ?
11. FineReader мәтіннің бөлігін қай түрде қабылдайды?
12. Суреттерді, кестені FineReader қай түрде қабылдайды?
13. FineReader қай форматтағы файлдармен жұмыс істейді?
14. Суреттің қандай қасиеттері болады?
15. FineReader араласқан екі тілді мәтінді танима?
16. Scan&Read; батырмасы не үшін қолданылады?
-
Бақылау жұмысының орындалуын тексеру.
Бақылау тапсырмасы
-
Fine Reader программасын жүктеу.
-
Ұсынылған мәтіндерді баспаға сканирлеу:
-
– қарапайым мәтін
-
суретті мәтін
-
бірнеше бағандарға бөлінген мәтін
-
ақпараттардың (сведения) кесте түрінде берілуі
-
Сканирленген ақпараттарды тану және сегменттеу.
-
Танылған ақпараттардың орфографиясын тексеру.
-
Ақпараттарды Microsoft Word – қа көшіру және сақтау.
-
Сурет пен мәтіндік ақпараттарды аналогиялық образда сканирлеу; мәтін, бірнеше бағандарға бөлінген, сонымен бірге орфогорафияға тексеру және жеке пакетке сканирленген құжатты сақтау және отчет құру.
IV. Тест-бақылау.
Қосымша 1.
АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ.
FineReader оптикалық тану жүйесі.
Мәтінді, картинканы немесе суретті сканирлеу үшін программаға дейін графикалық редакторды және сканерді жүктеу керек.
Сканер- бұл құрылғы компьютерге ақпаратты енгізу үшін қолданылады. Бұл жерде әр түрлі кескіндердің “сандық” (электрондық) көшірмесін алуға болады.
FineReader программасының жұмыс істеу әрекеті келесі қадамдардан тұрады :
Кез келген мәтінді сканирлеуге болады, осыдан кейін мәтін суреті “кәдімгі электрондық мәтінге” айналады. Пайдаланушыға тек қана сканирленген мәтінді дискіге сақтау және буферге жіберу арқылы , кез келген мәтіндік редакторге көшіруге болады.
FineReader программасы орыс , ағылшын, неміс, украин, француз және т.б. тілдердегі мәтіндерді сканирлеу үшін арналған және араласқан екі тілдегі мәтіндерді де таниды.
FineReader программасының көмегімен көптеген құжат пакеттерін өңдеуге болады. Сапасыз жазылған мәтіндерді немесе күрделі шрифтерді тануға болады. Оның мүмкіндіктері танылған мәтіндерді MS Excel, MS Word мәтіндік редакторінде сақтап, олардың орфографиясын тексеріп, сақтауға болады. Бұл программа сканрилеу және әріп тануды бір операция бойынша біріктіруге мүмкіндік береді.
FineReader мәтіннің бөлігін автоматты түрде қабылдайды: мәтін такт түрінде, ал суреттерді
, кестені блоктар ретінде қабылдайды.
Программаны жүктеу үшін Пуск/ Программалар/ ABBYY Fine Reader/ ABBYY Fine Reader 4.0 Handprint.
2 FineReader программасының басты терезесі :
FineReader программасында барлық жұмыс пакеттік режимде жүргізіледі.
– Пакет - бұл папка, барлық кескіндер мен жұмысшы файл программалары осы жерде сақталады. Әр танылған кескіндер өз алдына бөлек пакеттің беттері болады. FineReader программасының терезесі (1 сурет) меню қатары, құрал – саймандар панелі, пакет терезесі, мәтін, кескіннен тұрады.
Окно Пакет терезесі пакеттің бетін көрсетеді.
Мәтін терезесі – Пакет терезесіндегі ағымдағы танылған мәтіннің беттері. Кескін терезесі (Окно Изображение)– Пакет терезесіндегі ағымдағы танылған суреттің графикалық кескіні.
1 сурет. Fine Reader 4.0 программа терезесінің түрі.
Стандартты құрал – саймандар панелі құжаттарды ашу және буферге көшіру операциялары үшін қолданылады. Бұл панелдің басқа батырмалары ұсынылған құжаттарды өзгерту үшін қызмет етіледі.
Scan&Read; панелінің батырмалары қағаз құжаттарын электрондық түрге ауыстыру барысында қолданылады. Бірінші батырма тану (сканирлеу) операцияны жалпыға бірдей операция түрінде орындайды.
Қалған батырмалар сканирлеуді бөлек этаптарға бөлінген ашылған меню командаларының көмегімен бөліктеп орындайды.
Тану (распознавание) панелі шрифтің түрін және құжаттың тілін көрсетуге мүмкіндік береді. Құжаттың тілін көрсету оның сапасы төмен болған жағдайда қолданылады.
Құрал – саймандар панелін кескіннің негізгі түрімен жұмыс жасағанда қолданылады. Ол құжаттың сегментациясын басқару кезінде қолданылады. Осы панелдің басқару элементінің көмегімен қорытынды құжаттың фрагменттерінің орналасу реті көрсетіледі.
Форматтау панел элементтері ұсынылған дайын мәтінге өзгеріс енгізуге немесе оны пішімдеу кезінде қолданылады.
Терезенің төменгі жағында ақпараттық панель орналасқан.(оны қалып – күй жолы деп те атайды). Бұл жолда жүйенің және жасалған операциялар туралы ақпарат алуға болады. Сонымен бірге, таңдалған менюдің пунктері, батырмалары жайында қысқаша анықтама алуға болады.
Осы Fine Reader программасымен жұмыс жасау және құжаттарды тану реті.
Fine Reader программасында қағаз құжаттарын өңдеу негізгі операциялары құрал саймандар панеліндегі Scan&Read; көмегімен орындалады
.
Құрал – саймандар панеліндегі программаға қатысты батырмалар бар. Олар : “Сканировать“, “Сегментировать“, “Распознать“, “Проверить“, “Сохранить“. Көрсетілген операцияларды осы меню қатарындағы Scan&Read; командасы арқылы орындауға болады.
Құжатты өңдеу процесстері келесі қадамдардан тұрады:
-
Құжатты сканирлеу
-
Құжатты сегментациялау
-
Құжатты тану (распознавание)
-
Редактрлеу және қорытындыны тексеру
-
Құжатты сақтау
Қолдау (поддерживаемые) табатын мәтіндік форматтар :
-
Fine Reader 4.0 танылған құжаттың қорытындыларын мына *.ТХТ, .RTF, .DOC, .HTML, .CSV, .DBF, .XLS, .PDF. форматтарда сақтайды.
-
RTF немесе.DOC форматтарында Fine Reader 4.0 автоматты мәтіндік стильді құрады. Олар FR1, FR2 деп аталады.
-
Алдағы уақыттағы жұмыстар үшін сақталатын пакеттің қорытындысы бөлек файлдың кеңейтілуімен әр бетке жазылады. FRF (Fine Reader Format)
Танылған ақпараттың қорытындысын келесі қосымшалардан беруге болады. MS Word, MS Excel, Corel WordPerfect, Lotus Word Pro или PROMT Fine Reader келесі форматтардың файлдарын ашады. BMP, .PCX, .DCX, .JPEG, .TIFF, .PNG әртүрлі суреттерді қалыптастыру.
Суреттерді сканерлеу.
Fine Reader мына форматтарда жасалатын суреттермен жұмыс жасай алады: .BMP, .PCX, .DCX, .JPEG, .TIFF, .PNG.
Суретті ашу:
1) Открыть батырмасын басу.
2) қажетті файлдар орналасқан дискіні және папкіні ашамыз.
3) ашылған диалогтік терезеден (2 сурет), тип файлов тізімінен Изображения жолын таңдаймыз.
4) қажетті файлдарды таңдап Открыть батырмасын басамыз.
Таңдалған файлдар ағымдағы пакеттке көшіріледі.
5) таңдалған файлдар пакетке көшірілмей тек орналасу үшін Перемещать файлы в пакет, командасын таңдауға болады.
2 сурет Фалды ашудың диалогтық терезесі
Ашылған сурет туралы ақпарат алу үшін
1)Суретке тышқанның оң жағын шертіп, ашылған контекстік менюден Свойства. пунктін таңдаймыз (сурет 3)
Сурет 3
2)Ашылған тізімнен (сурет 3.1) Изображение пунктін таңдаймыз
Ашылған суреттің келесі қасиеттерін білуге болады:
• Ені мен ұзындығы
• Тігінен және көлдеңінен бойынша кеңейтілуі (дюймдік нүкте арқылы берілген dpi)
• Сурет типі (ақ-қара, сұр немесе түрлі түсті)
Сурет 3.1 «Сурет блогының қасиеттері» терезесінің берілуі
Суреттермен жұмыс жасау кезінде Fine Reader дің орындайтын операциялары:
¨Суретті Инвертирлеу:
1) қажетті суретті ерекшелейміз,
2) Изображение менюінен Инвертировать пунктін таңдаймыз.
Дәл осылай ағымдағы ашылған суретті де инвертирлеуге болады.
¨Суретті өшіру:
1) қажетті суретті тышқан арқылы ерекшелейміз.
2) «Стандартная» панелінде орналасқан
батырмасын басамыз
Дәл осылай ағымдағы ашылған суретті де өшіруге болады.