Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




Ф КГМУ 4/3-06/02

ИП №6 УМС КазГМА

14 июнь 2007 ж
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Медициналық биофизика және информатика кафедрасы


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС


Тақырып: «Қолданбалы программамен жабдықтау. MS PowerPoint Пайдаланушы интерфейсі.»

Мамандығы: 5В110400 «Медико-профилактикалық іс»



Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

Курс: I

Құрастырушылар: Бадекова Қ.Ж., Ыдырыс Ж.Б.

Қарағанды, 2010

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

№ ____ Хаттама «____»______ 200__ж.

Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К.


ТАҚЫРЫБЫ: Қолданбалы программамен жабдықтау. MS PowerPoint . Пайдаланушы интерфейсі.

МАҚСАТЫ: PowerPoint программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін таңдау

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:



  • PowerPoint программасын іске қосуды;

  • Презентация құрудың тәсілдерін таңдауды;

  • Шаблондар көмегімен және бос презентация құруды;

  • Слайдқа мәтін, суреттер, графикалық обьектілер енгізуді;

  • PowerPoint программасында слайдпен жұмыс істеу режимдерін білуі;

  • Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктерін білуі керек.


ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  • PowerPoint іске қосу.

  • PowerPoint программасының анықтамасы.

  • PowerPoint программасының мүмкіндіктері.

  • Автомазмұн шеберін іске қосу және оның қызметі.

  • Презентация деген не?

  • Бос презентацияның құрылуы.

  • Слайд деген не және оның қандай режимдері бар?

  • Слайдты көрсету режимі қандай әрекеттерді орындайды?

  • PowerPoint программасында жұмыс істеу режимінің батырмасы.

  • Слайд фонын өзгертудің қандай тәсілдері бар?

  • Слайдтың мәтіндік элементерін безендіру.

  • Анимациялық эффектілер деген не?

  • Презентацияны экранда көрсету.


БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:

Сұхбат.


Сабақ тақырыбы бойынша материалды талдау. Берілген тәжірибелік тапсырмаларды бірлесіп орындау. (1 Қосымша)
ӘДЕБИЕТ:

  1. PowerPoint программасын пайдалану. Лабораториялық практикум.

  2. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мадиярова Г.А. Оқу құралы. – Алматы : ЖТИ, 2004 – 40 б.

  3. Информатика: учебник для 10 – 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс / Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 – 432 с.

  4. Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с.

  5. 30 уроков по информатике. Экспериментальный учебник для старших классов общеобразовательных школ / Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. – Алматы: 1999 – 443с.: ил.

  6. Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с.



БАҚЫЛАУ:

    1. Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.

    2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  1. PowerPoint программасы не үшін керек?

  2. Слайд дегенді қалай түсінесің?

  3. Презентация дегеніміз не?

  4. Саймандар тақтасы не үшін қажет?

  5. Қандай батырманың көмегімен слайдты экранға шығаруға болады?

  6. Слайдтың фондық үлгісі деген не?

  7. Слайдтың мәтіндік элементтерін безендіру қалай орындалады?

  8. Анимация дегеніміз не?

  9. Анимациялық эффектілерді қосу әрекеті қалай орындалады?

  10. Слайдтағы элементтердің көріну ретін өзгерту әрекеті қалай орындалады?

    1. Тапсырмаларды орындау:

Презентация құру (слайдттар):

  1. Power Point ті қосыңыз.

  2. Ашылған диалогтік терезеден Пустую презентацию опциясын таңдаңыз ОК батырмасын басыңыз.

  3. Создания слайда диалогтік терезесінен слайд разметкасын таңдап ОК басамыз.

  4. Слайд атын «Операциондық жүйе» деп енгізіп, ал слайд мәтінінің жолына суретте берілген мәтінді енгізіңіз.


Операциондық жүйе

    • Операциондық жүйе дегеніміз не.

    • Жүйені жүктеу.

    • Жұмыс столы және жарлықтар.

    • Есептеу панелі.

    • Терезелермен жұмыс.

    • Басты меню.

    • Басты менюден программаны жүктеу.

    • Жұмысты аяқтау.



  1. Бірінші слайдты құрғаннан кейін, келесі слайдты жасаңыз. Ол үшін саймандар панелінен Новый слайд батырмасын басыңыз немесе Вставка – Новый слайд командасын таңдаңыз.

  2. Құрылған слайдты көру үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Показ слайдов батырмасын басамыз немесе Показ слайдов – Начать показ. командасын орындаймыз. Слайд экранның бетін түгелдей алып тұрады, оны бұрынғы қалпына келтіру үшін пернетақтадан батырмасын басамыз.

  3. Создание слайда диалогтік терезесінен слайд бөлімін таңдап, ОК шертіңіз. Слайд тақырыбын «Жүені жүктеу» деп енгізіңіз. Слайд мәтініне суретте берілген мәтінді теріңіз. Суреттер жолына сурет қойыңыз. Ол үшін:

  1. Саймандар панелінен Добавить картинку батырмасын басыңыз.

  2. Ашылған диалогтік терезеден сурет категориясын таңдаңыз.

  3. Суретті таңдап Вставить батырмасын басыңыз.

  1. Слайдты көріп шығыңыз.

  2. Жасалған слайдттарды Файл – Сохранить командасы арқылы бумаға сақтаңыз. Атын қалауыңызша беріңіз.




    1. Тест-бақылау.

Қосымша 1.

АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ.

Қолданбалы программамен жабдықтау. MS PowerPoint . Пайдаланушы интерфейсі.
Слайд деп - тақырып, мәтін, кесте, графикалық обьектілер, дыбыстық фрагменттер, видеоклиптер және гиперсілтемеден құралатын күрделі объектіні айтамыз. Әрбір слайдта нұсқау беттері беріледі, мұнда түсініктеме беруші мәтінді енгізуге болады.

Белгілі бір тақырып бойынша біріктірілген және әдетте бір стиль бойынша өңделген слайдтар жиынын презентация дейміз.

MS Power Point менюі:


  1. Файл. MS Office тің стандартты менюі (презентациялар, Word қа презентацияларды аудару командалары да кіреді).

  2. Правка. Келесі командалар кіреді: орындалған операцияны қайтару, қиып алу, көшіру, қою, табу, ауыстыру, басқа файлдармен байланыстыру және объектіні редактрлеу.

  3. Вид. Презентация түрін таңдау және саймандар панелін басқару командалары, слайдттар нұсқаларын көруге және бейнелер масштабын өзгертуге арналған командалары кіреді.

  4. Вставка. Презентацияға әртүрлі обьектілерді қою командалары (күні мен уақыты, диаграммалар, кестелер, т. б.) кіреді.

  5. Формат. Шрифтіні өзгерту командалары: слайдттар мәтінінің интервалын немесе обьектілерін туралау, тізім маркерін өзгерту, түрлі – түсті схемалардың фонын өзгерту т.с.с. орналасқан.

  6. Сервис. MS Office – ке тән қарапайым құралдар мен MS Power Point-тің арнайы командаларынан құралған.

  7. Показ слайдов. Презентациядағы слайдттарды және обьектілерді басқаруға арналған командалардан (анимацияны баптау, қосалқы анимацияны қолдану, слайдты ауыстыру эффектілері, презентацияларды баптау және т.б.) құралған.

  8. Окно и справка. MS Office – тің стандартты командалары.

PowerPoint іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады.

Автомазмұн шебері ауыстырғышы таңдалса жаңа презентация белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп, сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады.

Бос презентация ауыстырғышы ешқандай мәтін енгізілмеген және пайдалану элементтері таңдалмаған таза бос презентация құру мүмкіндігін береді.

Презентацияны ашу ауыстырғышы бұрын құрылып, сақталған презентацияны оқу мүмкіндігін береді.

2. Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру



Автомазмұн шебері көмегімен :

  • Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;

  • Қызмет бабаы бойынша баяндамалар;

  • Мекеменің жұмыс істеуі жөнінде мағлұмат;

  • Жеке хабарламалар сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын – ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентациямызды құра аламыз. Microsoft PowerPoint программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұқбат терезеде Автомазмұн шебері өрісін таңдап, ОК батырмасын басамыз. Осы кезде Автомазмұн шебері іске қосылады.




Сурет 1. Презентация құру тәсілін таңдау.
3. Шаблон көмегімен және бос презентация құру

PowerPoint программасында бос презентация құру әрекеттін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын – ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан соң көркемдеу болып табылады. PowerPoint программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын – ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түрінде алмастыруға болады.

4. Презентацияны шаблондар көмегімен құру

PowerPoint программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблон түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опцияны таңдағаннан кейін Жалпы, Презентациялар дизайндары , Презентациялар астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезесінде Файл – Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Сұқбат терезесінің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі шатр белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.



Презентацияның шаблонын тышқанның көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын басамыз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұқбат терезесі шығады. Бұл сұқбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз керек. Осы презентацияға байланысты мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.

«Қолданбалы программамен жабдықтау. Ms powerPoint Пайдаланушы интерфейсі.»

Тақырып: «Қолданбалы программамен жабдықтау. Ms powerPoint Пайдаланушы интерфейсі.»

75.57kb.

23 09 2014
1 стр.


«Қолданбалы программамен жабдықтау. Ms powerPoint Пайдаланушы интерфейсі.»

Тақырып: «Қолданбалы программамен жабдықтау. Ms powerPoint Пайдаланушы интерфейсі.»

82.61kb.

23 09 2014
1 стр.


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

Тақырып: «Қолданбалы программамен жабдықтау. Ms powerPoint арқылы презентация құру»

81.79kb.

05 09 2014
1 стр.


Қолданбалы программамен жабдықтау. Fine Reader Мамандығы

МАҚсаты: Fine Reader програмасымен жұмыс істеу, ақпараттарды сканирлеудің негізгі принциптерімен Microsoft Office форматында оқу

81.6kb.

05 09 2014
1 стр.


Практическая работа №16 Microsoft PowerPoint 2007 Запустите редактор презентаций Microsoft PowerPoint 2007

Создайте презентацию на основе любого шаблона (Кнопка Microsoft Office\ Создать\ Установленные шаблоны\ ). Просмотрите созданные слайды

36.28kb.

10 10 2014
1 стр.


«Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру бойынша дәріс курсы» оқу құралы «Информатика» мамандықтарына және «Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру» пәнін оқитын арнаулы орта және жоғарғы оқу орны студенттеріне арналған
1171.05kb.

01 10 2014
6 стр.


Электр энергиясымен жабдықтау Шарты Ақтөбе қ. 20 ж

«Тұтынушы» екінші жағынан, әрі қарай Тараптар келесі мазмұндағы электр энергиясымен жабдықтау шартын (бұдан әрі Шарт) жасасты

337.9kb.

15 10 2014
1 стр.


2012 жылғы қаңтар-шілде айлары ішінде қолданыстағы бағалармен

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде нақты көлем индексі 96,1 пайызды; өңдеу өнеркәсібінде 116,4 пайызды; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 98,4 пайызды; сумен жабдықтау,

14.29kb.

25 12 2014
1 стр.