Ф КГМУ 4/3-06/01
ИП №6 УМС КазГМА
14 июнь 2007 ж
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС
Тақырып:
«Қолданбалы программамен жабдықтау. MS PowerPoint Пайдаланушы интерфейсі.»
Мамандығы: 5B110300 «ФАРМАЦИЯ»
Пән: «Информатика»
Курс: I
Құрастырушылар: Бадекова Қ.Ж.
Қарағанды, 2010
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
№ ____ Хаттама «____»______ 200__ж.
Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К.
ТАҚЫРЫБЫ: Қолданбалы программамен жабдықтау. MS PowerPoint . Пайдаланушы интерфейсі.
МАҚСАТЫ: PowerPoint программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін таңдау
ОҚЫТУ МАҚСАТЫ
Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:
-
PowerPoint программасын іске қосуды;
-
Презентация құрудың тәсілдерін таңдауды;
-
Шаблондар көмегімен және бос презентация құруды;
-
Слайдқа мәтін, суреттер, графикалық обьектілер енгізуді;
-
PowerPoint программасында слайдпен жұмыс істеу режимдерін білуі;
-
Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктерін білуі керек.
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:
-
PowerPoint іске қосу.
-
PowerPoint программасының анықтамасы.
-
PowerPoint программасының мүмкіндіктері.
-
Автомазмұн шеберін іске қосу және оның қызметі.
-
Презентация деген не?
-
Бос презентацияның құрылуы.
-
Слайд деген не және оның қандай режимдері бар?
-
Слайдты көрсету режимі қандай әрекеттерді орындайды?
-
PowerPoint программасында жұмыс істеу режимінің батырмасы.
-
Слайд фонын өзгертудің қандай тәсілдері бар?
-
Слайдтың мәтіндік элементерін безендіру.
-
Анимациялық эффектілер деген не?
-
Презентацияны экранда көрсету.
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:
Сұхбат.
Сабақ тақырыбы бойынша материалды талдау. Берілген тәжірибелік тапсырмаларды бірлесіп орындау. (1 Қосымша)
ӘДЕБИЕТ:
-
PowerPoint программасын пайдалану. Лабораториялық практикум.
-
Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мадиярова Г.А. Оқу құралы. – Алматы : ЖТИ, 2004 – 40 б.
-
Информатика: учебник для 10 – 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс / Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 – 432 с.
-
Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с.
-
30 уроков по информатике. Экспериментальный учебник для старших классов общеобразовательных школ / Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. – Алматы: 1999 – 443с.: ил.
-
Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с.
БАҚЫЛАУ:
-
Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.
-
Келесі сұрақтар бойынша сұрау:
-
PowerPoint программасы не үшін керек?
-
Слайд дегенді қалай түсінесіз?
-
Презентация дегеніміз не?
-
Презентацияға арналған
-
Саймандар тақтасы не үшін қажет?
-
Қандай батырманың көмегімен слайдты экранға шығаруға болады?
-
Слайдтың фондық үлгісі деген не?
-
Слайдтың мәтіндік элементтерін безендіру қалай орындалады?
-
Анимация дегеніміз не?
-
Анимациялық эффектілерді қосу әрекеті қалай орындалады?
-
Слайдтағы элементтердің көріну ретін өзгерту әрекеті қалай орындалады?
-
Тапсырмаларды орындау:
Презентация құру (слайдттар):
P
ower Point ті қосыңыз.
-
Автоматты түрде Титульный лист макетімен слайд құрылады.
-
Заголовок слайда өрісінде слайд атын «Операциондық жүйе» деп енгізіп, ал Подзаголовок слайда өрісіне – Орындаған: тобының ст.(тобыңыздың номерін) ФИО (мәтінді оң жағы бойынша туралаңыз).
-
Г
лавная менюінен Создать слайд батырмасын басыңыз. Ескерту: Создать слайд екі батырмадан тұратындығына назар аударыңыз.
-
Заголовок и объект слайд макетін таңдаңыз.
-
Слайд тақырыбын «Операциондық жүйе», ал слайд мәтіні өрісінде
суретте берілген мәтінді енгізіңіз.
-
Маркерлердің түрін өзгерту үшін Главная менюінің Абзац батырмалар тобынан Маркер батырмасының
бағыттауышын басыңыз.
7.Слайд жасалғаннан кейін келесісін жасаңыз. Ол үшін
Создать слайд батырмасын басып,
Заголовок и объект макетін таңдаңыз.
8.Слайд тақырыбын «Операциондық жүйе» деп, ал төменге суретте көрсетілген мәтінді енгізіңіз.
9.Осыдан кейін келесі слайдты құрыңыз. Ол үшін Создать слайд батырмасын басып, Два объекта макетін таңдаңыз.
10.Слайд тақырыбын «Жүйені іске қосу» деп атаңыз, мәтін өрісіне суретте берілген мәтінді енгізіңіз.
О
л үшін:
-
Ж
ұмыс облысынан Вставить рисунок батырмасын басыңыз.
-
Компьютерде берілген
суреттердің бірін таңдаңыз немесе
В
ставка өрісінен
Иллюстрации батырмалар тобынан
Рисунок батырмасын басамыз.
-
Суретті таңдап Вставить батырмасын таңдаймыз.
11.
Файл – Сохранить командасы арқылы жасалған слайдтарды сақтаңыз, файл атын қалауыңыз бойынша беріңіз.
12. Құрылған файлды көру үшін экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Показ слайдов батырмасын басып немесе Показ слайдов – Начать показ командасын орындаңыз.Слайд бүкіл экранды алып тұрады сондықтан бастапқы қалыпқа келу үшін батырмасын басыңыз.
1
3. Номер екінші слайдтың әрбір пунктіне сәйкес слайдттар құрыңыз. Сіздің презентацияңыз он слайдтан тұру керек.
1
4. Оған тағы бір слайд қосып Заголовок и объект макетін таңдаңыз да кесте қосыңыз, ол үшін кестені басыңыз. Пайда болған терезеге қажетті жолдар мен бағандар санын енгізіңіз.
-
Тест-бақылау.
Қосымша 1.
АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ.
Қолданбалы программамен жабдықтау. MS PowerPoint . Пайдаланушы интерфейсі.
Слайд деп - тақырып, мәтін, кесте, графикалық обьектілер, дыбыстық фрагменттер, видеоклиптер және гиперсілтемеден құралатын күрделі объектіні айтамыз. Әрбір слайдта нұсқау беттері беріледі, мұнда түсініктеме беруші мәтінді енгізуге болады.
Белгілі бір тақырып бойынша біріктірілген және әдетте бір стиль бойынша өңделген слайдтар жиынын презентация дейміз.
MS Power Point менюі:
-
Главная. MS Office тің стандартты менюі (презентациялар, Word қа презентацияларды аудару командалары да кіреді).
-
Вставка. Презентацияға әртүрлі обьектілерді қою командалары (күні мен уақыты, диаграммалар, кестелер, т. б.) кіреді.
-
Дизайн. Слайд тақырыбы мен фонының параметрлерімен ориентациясын өзгертуге арналған батырмалар тобынан құралған.
-
Анимация. Презентациядағы объектілерді басқаруға арналған батырмалар тобынан құралған(анимацияны, слайдтардың ауысу эффектілерін баптау).
-
Показ слайдов. Презентациядағы слайдттарды және обьектілерді басқаруға арналған командалардан (анимацияны баптау, қосалқы анимацияны қолдану, слайдты ауыстыру эффектілері, презентацияларды баптау және т.б.) құралған.
-
Рецензирование. Презентацияның мәтінін редактрлеуге және ескертпелер құруға арналған.
-
Вид. Презентация түрін таңдау және саймандар панелін басқару командалары, слайдттар нұсқаларын көруге және бейнелер масштабын өзгертуге арналған командалары кіреді.
Жаңа презентация құру үшін:
-
Microsoft Office
батырмасын басыңыз, содан кейін Создать таңдаңыз.
-
Шаблоны бөлімінде келесі элементтерді құруға арналған параметрлерді көруге болады.
-
Бос құжат, жұмыс кітабы немесе презентация.
-
Құжат, жұмыс кітабы немесе шаблон негізіндегі презентация.
-
Жаңа құжат, жұмыс кітабы немесе бар файлдан құралған презентация.
PowerPoint іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады.
Автомазмұн шебері ауыстырғышы таңдалса жаңа презентация белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп, сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады.
Бос презентация ауыстырғышы ешқандай мәтін енгізілмеген және пайдалану элементтері таңдалмаған таза бос презентация құру мүмкіндігін береді.
Презентацияны ашу ауыстырғышы бұрын құрылып, сақталған презентацияны оқу мүмкіндігін береді.
2. Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру
Автомазмұн шебері көмегімен :
-
Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;
-
Қызмет бабаы бойынша баяндамалар;
-
Мекеменің жұмыс істеуі жөнінде мағлұмат;
-
Жеке хабарламалар сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын – ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентациямызды құра аламыз. Microsoft PowerPoint программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұқбат терезеде Автомазмұн шебері өрісін таңдап, ОК батырмасын басамыз. Осы кезде Автомазмұн шебері іске қосылады.
Сурет 1. Презентация құру тәсілін таңдау.
3. Шаблон көмегімен және бос презентация құру
PowerPoint программасында бос презентация құру әрекеттін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын – ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан соң көркемдеу болып табылады. PowerPoint программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын – ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түрінде алмастыруға болады.
4. Презентацияны шаблондар көмегімен құру
PowerPoint программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблон түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опцияны таңдағаннан кейін Жалпы, Презентациялар дизайндары , Презентациялар астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезесінде Файл – Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Сұқбат терезесінің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі шатр белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.
Презентацияның шаблонын тышқанның көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын басамыз. Осы мезетте экранға
Слайд құру сұқбат терезесі шығады. Бұл сұқбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз керек. Осы презентацияға байланысты мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.