
2012-2013 оқу жылында Астана, Талдықорған, Көкшетау, Семей қалаларында физика-математика және Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 12-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін тәуелсіз бағалау туралы мәлімет.
Жалпы ақпарат
2012-2013 оқу жылында Астана, Талдықорған, Көкшетау, Семей қалаларында физика-математика және Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 12-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін тәуелсіз бағалау (бұдан кейін - тәуелсіз емтихан) 4 пәннен жүргізіледі:
-
Математика
-
Физика
-
Химия
-
Биология
Тәуелсіз емтиханның сұрақтары қазақстандық ғалымдар мен ұстаздар жасаған 2010 жылдың бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Сұрақтарды құрастырушылар Кембридж университетiнiң Халықаралық емтихан кеңесiнiң консультанттары. Тәуелсіз емтихан оқушылардың оқыту тілінде жүргізіледі (қазақ тілінде немесе орыс тілінде).
Тәуелсiз емтиханның нәтижелерi, жоғарыда айтылған сабақтардың қорытынды бағаларына әсер етпейді, тек қорытынды жұмыстардың нәтижелерін жақсарту мақсатында,оқуды дұрыс бағыттау үшiн ақпараттық сипатта жүргізіледі.
Тәуелсiз емтиханның өткiзілу уақыты - 2013 жылдың сәуiр айы.
Оқушылардың әрбір пәннен тапсыратын емтиханы жеке бір күнге жоспарланады. Тәуелсіз емтиханның өткізілу кестесі соңынан ілінеді.
Тәуелсiз емтиханның жауаптар парағын толтыру үшiн қажетті құралдар: көк немесе қара сиялы қалам, қарындаш және өшiргiш. Сұрақтардың түрлерi:
-
бірнеше жауабы бар сұрақтар;
-
ашық, қысқа немесе толық жауапты талап ететін сұрақтар.
Төменде тәуелсіз емтиханның әрбiр жеке пәні бойынша тапсырмалардың мысалдары келтіріледі.
Химия
Тәуелсіз емтиханның өткізілу уақыты: 2 сағат
Сұрақтардың саны: 20
Тәуелсіз емтиханның ең жоғары балл саны: 100
Тәуелсіз емтихан үш секциядан тұрады: «А», «В» және «С»
«А» секциясы 10 бірнеше жауабы бар сұрақтан тұрады. Жалпы балл саны: 10
«B» секциясы 9 ашық сұрақтан тұрады, бөлімде жалпы балл саны: 68
«С» секциясы 1 ашық сұрақтан тұрады, барлығы 22 балл беріледі.
Тапсырмаларды орындау үшiн оқушыларға химиялық элементтердiң периодтық кестесі және басқа керекті заттар берiледi. Калькуляторды қолдануға рұқсат етiлмейдi.
Химия пәнінен тәуелсіз емтиханның сұрақтары:
Үлгі
A секциясы
Әрбір сұраққа 4 жауап нұсқасы берілген A, B, C және D. Нұсқалар арасынан бір дұрыс жауапты таңдап белгілеңіз.
Барлық сұрақтар мысал ретінде берілген.
1 сұрақ
Реакция теңдеулерінің қайсысында бром мен метан әрекеттескенде тізбектің өсуі жүреді?
A CH3• + Br2 CH3Br + Br•
B CH3• + CH3• C2H6
C CH4 + Br• CH3Br + H•
D CH4 + Br2 CH3Br + HBr
-
[1]
2 сұрақ
Газды сынамаға 40oC-да алу кезінде газ көлемi 180 cм3 тең болды. 80oC кезінде бұл газдың орнын қандай көлем басады?
A 90 cм
3,
B 154 cм
3
C 206 cм
3
D 360 cм
3
-
[1]
[Барлығы: 2]
Сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
1
|
A
|
1
|
2
|
C
|
1
|
|
|
|
|
[Барлығы: 2]
|
B секциясы
3 сұрақ
РНК және ДНК – екі маңызды табиғи полимерлер.
(a) ‘Полимер’ деген не?
-
(b) Берілген екі полимерлерде ‘НК’ әріптері нені білдіреді?
-
(c) Т
өменде ДНК
молекуласының екi тiзбекті бөлiгiнің суретiн салыңыз.
Әрбір тізбек үш нуклеотидтан тұру керек. Тізбекке барлық төрт нуклеотид кіру керек.
Сіздің сызбаңыздың бөлігі төмендегі шарттардың болуын айқын көрсетуі қажет:
- тізбектің негізінің болуын;
- азоттық негіздің негізбен қосылуын;
- комплементарлы тәсіл бойынша азотты негіздердің қосылуын;
-
молекула аралық байланыстың қай түрі азотты негiздердiң қосулуына қатысатынын.
[5]
(d) Үш айырмашылықты көрсетіңіз.
-
[3]
-
РНК-ның үш түрі ағзаларға маңызды. Соның біреуі тРНК – транспорттаушы РНК.
-
тРНК тірі ағзаларда болатын процесс үшін маңызды. Бұл қандай процесс?
-
-
Осы процесте тРНК-ның функцияларының біреуін сипаттаңыз.
-
[Барлығы: 12]
-
3 сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
(a)
|
|
Ұзын тізбекті молекулалар/ бірнеше қайталанатын буындардан тұратын молекулалар
|
1
|
|
|
|
|
(b)
|
|
Нуклеин қышқылы
|
1
|
|
|
|
|
(c)
|
|
- нұсқаулар орындалды – әрбiр тізбекте, ең аз дегенде, үш нуклеотид бар, және барлық ГЦА және Т қолданылған
- негізі – бұл айнымалы дезоксирибоза қанты (“дезоксирибоза” термині кез келген түрде қабылданады) және фосфат (P қоршалған немесе белгіленген күйінде қабылданады)
- негiздер тек қана қантқа қосылады
- комплементарлық тәсілі бойынша байланыстыру бұл ГЦ және АТ
- “сутекті байланыс” немесе “H байланысы” айқын белгіленуі қажет (мысалы, пунктир сызықтарымен белгіленген) қосылатын негіздердің арасында
|
5 максимум
|
|
|
|
|
(d)
|
|
- РНК-ның құрамында рибоза, ДНК-ның құрамында дезоксирибоза бар
- РНК бір тізбекті, ДНК екі тізбекті
- РНК-ның құрамында урацил, ДНК құрамында тимин («тимидин» термині қабылданады)
|
3 максимум
|
|
|
|
|
(e)
|
(i)
|
Ақуыз синтезі/трансляция (аРНК)
|
1
|
|
(ii)
|
Немесе тасымалдау/аминқышқылдарымен байланыстырады немесе аРНК негізіндегі триплет/кодонын анықтайды
|
1
|
|
|
|
|
[Барлығы: 12]
|
C секциясы
Ғылыми зерттеу
4 сұрақ
Химик сұйықтың эмпирикалық формуласын тапқысы келедi. Үлгі бойынша бұл таза көмiрсутек – көмiртек пен сутегiнiң қосылуы. Ол сұйықтықты аздап жағып, алған судың және көмір қышқыл газының массасын анықтамақшы.
(a) Химик қолданатын құрал-жабдықтардың толық сызбасын салыңыз.
Сіздің сызбыңыздан су мен көмірқышқыл газы қалай және қай жерде жиналатыны түсінікті болуы керек.
[3]
(b) Қажетті мәліметтерді алу үшін қандай өлшемдер жасалу керек?
-
(c) Таңдап алынған мәліметтердің
ақиқаттығына қалай көз жеткiзуге болады?
-
(d) Тәжiрибе процессiнде су 0,0612 г (M
r=18,0)
массасымен және көмірқышқыл газы 0,2992 г (M
r=44,0) массасымен алынады.
Бұл мәліметтерді қолдана отырып көмірсутектің эмпирикалық формуласын анықтаңыз.
-
[Барлығы: 6]
4 сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
(a)
|
|
- сызба реттілікті төмендегіні көрсетеді: сұйықтықтың жануы, суды жинау, CO2 жинау, аспирациялық қондырғы. Енгізетін және шығаратын бір тетікті әдіс болуы керек
- су коллекторы: суды жинауы керек, бірақ CO2 емес. Мысалы суытылған U-тәрізді түтік, коллекторы бар конденсатор, қажетті кептіргіш
- CO2 коллекторы: қажетті негізгі қоспасыз каолық, мысалы, тәжүстілік әк (ерітінділер есепке алынбайды)
|
3 максимально
|
|
|
|
|
(b)
|
|
Екі коллектордың алғашқы және соңғы массаларын өлшеу
|
1
|
|
|
|
|
(c)
|
|
Кем дегенде екі рет қайталаңыз
|
1
|
|
|
|
|
(d)
|
|
CH
|
1
|
|
|
|
|
[Барлығы:6]
|
5 сұрақ
Химик натрий хлоридтерінің концентрациясы мен тығыздықтары арасындағы байланысты зерттегісі келді. Ол қаныққан натрий хлоридінің концентрациясы 5,8 моль/дм
3 екенін біледі. Натрий хлоридінің молярлық массасы 58,5 г.
(a) бұл байланысты зерттеу үшін ерітіндінің қандай
минималді көлемін алу керек?
-
(b) ол алуы мүмкін сұйытылған және концентрленген ерітінділердің концентрациясын ұсыныңыз.
-
(c) b жауабын қолдана отырып, ол ерітіндінің қалай даярлануы мүмкін. Сіз өзіңіз қолданатын немесе ол қолданған барлық құрал-жабдықты атаңыз, массаны немесе көлемді көрсетіңіз.
-
-
(c) бөлімінде көрсетілген ерітіндінің тығыздығын калай анықтады? Бұл жерде қандай өлшеулер жүргізілгенін және алынған өлшемдерді тығыздықты есептеу үшін қалай қолдануға болатынын Сіздің анықтауыңыз керек.
-
следующая страница>