Перейти на главную страницу
|
Павлодар облыстық мәслихатының (ІV сайланған, ХVІ сессиясы) 2009 жылғы 24 шілдедегі "Павлодар облысы Ақсу қаласының бас жоспары туралы" № 215/16 шешіміне қосымша
|
Осы бас жоспарды әзірлеу мына жағдайларға байланысты туындаған:
алдыңғы бас жоспардың әрекет ету мерзімі өтіп кетті (1990 ж.);
қала халқының саны жоспарланған санға жеткен жоқ (алдыңғы бас жоспар бойынша – есептік мерзімге 80 мың адам, нақты – 43,0 мың адам);
қаланың қала салу базасы өзгерді;
бас жоспарды әзірлеуде нормативтік және әдістемелік талаптар өзгерді.
Бас жоспар келесі кезеңдерге орындалды:
2030 жылға арналған ұзақ мерзімді даму болжамы (тұжырым-дамасы);
есептік мерзім ретінде 2020 жыл алынды;
құрылыстың бастапқы кезеңі – 2013 жыл.
Бас жоспармен қамтылған шекараларға мыналар: Ақсу қаласы, Ақсу, Беловка, Черемушки кенттері кіреді.
Бас жоспарды әзірлеген кезде Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамалық және нормативтік әдістемелік база пайдаланылды.
Ақсу қаласының қала құрылысы дамуының негізгі мақсаты – қаланың тұрақты дамуы және қазіргі халқы мен болашақ ұрпағы үшін тіршілік ету әрекетінің қолайлы ортасын қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу мыналармен сипатталады: тіршілік әрекеті ортасының экологиялық қауіпсіздігі және табиғи кешенінің тұрақтылығы; қаланың қала құрылысының мәдени сабақтастығы, кеңістік бірлігі, эстетикалық көрнекілігі, үйлесімділігі мен көптүрлілігі; көліктік және инженерлік инфрақұрылымның сенімділігі мен қауіпсіздігі; тұрғын үй мәселесін шешудің кешенділігі, тұрғын үй аумақтарын дамыту және тұрғын үй ортасын қалыптастыру; өндірістік аумақтарды пайдалану тиімділігі, қоғамдық орталықтар жүйесінің қол жетімділігі. Көрсетілген мақсатқа жету Ақсу қаласының аумақтарын салу, қайта ұйымдастыру және абаттандыру, қала салуды жаңғырту, тіршілік әрекеті ортасының сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы жүзеге асуы керек.
Табиғи-климаттық жағдайларды есепке ала отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым-дарды қоса алғанда, Ақсу қаласының аумақтарын дамытудың негізгі бағыттары, сондай-ақ функционалдық аймақтандыру, резервтік аумақтар және табиғи мен техногендік құбылыстардың қауіпті әсерінен қорғау, экологиялық ахуалды жақсарту шаралары бас жоспармен айқындалды.
Қаланы дамыту экономиканың өсуінің келесі нүктелерін құрайды және былай бөледі: энергетикалық кешен, тау-кен-металлургиялық кешен, сушаруашылық кешені (Ертіс-Қарағанды арнасы), құс, балық аулау шаруашылығын, сүт пен ет мал шаруашылығын (мал шаруашылығы кешенін салу) дамыту, өсімдік шаруашылығын дамыту, ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеуді дамыту, көлік дәлізі (темір жолға, Павлодар – Астана, Павлодар – Омск автомобиль магистраліне сервистік қызмет көрсету және Шығыс Қазақстан облысына жүктер транзиті), туристік-рекреациялық аймақ, инерттік және ұстастырғыш құрылыс материалдарын (құм, балшық, гипс) өндіру, өндіріс қалдықтарының пайдаланылуымен құрылыс материалдарын шығару.
Қыс бірсыпыра ұзақ – 5 айға жуық, тұрақты суық ауа райымен, күннің көзі көп болатын күндермен, жиі қатты желдерімен қарашадан сәуірге дейін болады. Қысқы ауа температурасы гигиеналық крите-рийлер бойынша қатты суыққа жатқызуға болады, оның қаттылығы желдің жылдамдығымен ұлғаяды. Өте төмен температурамен қаңтар ерекшеленеді, орташа айлық температура мәні -17,7°. Түнде ауа тем-пературасы -22°-ға дейін төмендейді. Абсолюттік ең төменгісі -43°-қа дейін жетеді.
Тұрақты қар қабаты, орташа алғанда, қарашаның бірінші онкүндігінде қалыптасады, ал сәуірдің басында бұзылады. Қар қабаты-ның орташа биіктігі – 20 см., барынша жоғары биіктігі – 50 см.
Ауданның белсенді жел режімі шаң борандары болатын күндер-мен де байланысты. Шаң борандары қала аумағында жыл бойы байқалады, ол ең алдымен шаң таситын жергілікті көздердің болуымен байланысты. Барынша көп шаң бораны сәуір айында болады. Метео-станцияның деректері бойынша ауданның шаң бораны жылына 17,5 күнді құрайды.
Ақсу маңындағы учаскеде Ертіс 6-дан 20 шақырымға дейін созылған кең жайылмалық кесілмелі аңғарда ағады. Негізгі арна оң жақтағы өзеннің байырғы жағасына жақындайды. Арнаның ені 200-500 метр шегінде ауытқиды, тармақталған жерлерде 1100-1300 метрге дейін барады.
Бірінші мұз құбылыстары қыркүйектің үшінші онкүндігінде – қарашаның басында байқалады. Аздаған күзгі сең жүруден кейін (8-12 күн) мұзқұрсау пайда болады, оның ұзақтығы орташа алғанда 140-160 күнді құрайды. Мұздың орташа қалыңдығы 60-90 см-ді құрайды, өте қалыңы 150 см-ге дейін болады. Өзен сәуірдің екінші онкүндігінде ашылады. Ашылуға мұздың жылжуы себеп болады. Ашылу көктемгі сең жүрумен (3-5 күн) және қуатты сең буумен бірге өтеді. Қатты жылжулар мен сең буулары кезінде кейбір жерлерде (әсіресе ойыс жағалардың жанында) мұз алаңдары толады және мұз жағаға көп болып үйіледі, кейбір кезде оның биіктігі 3-5 метрге дейін барады.
Химиялық құрамы бойынша өзен суы гидрокорбонат класына жатады. Ертіс өзен суының, оның тармағы мен жайылмалық өзендерінің орташа минералдануы бір жыл ішінде және саба кезеңінде төмен болады және су тасуы кезеңінде 100-130 мг/л-ге дейін төмендей отырып, 200-500 мг/л-ді құрайды.
Тұзды өзендердің бар болуы және ағын суларының жоқтығы ауданның қыр бөлігінің гидрографиялық айырма ерекшелігі болып табылады. Бұл жерге көлемі, әдетте, 100-300 га-дан аспайтын суффозиялық ағынсыз, тайыз сулы өзендер (1-2 м) тиесілі. Өзен негізінен атмосфералық жауын-шашын арқылы толығып отырады, сондықтан оның режімі тұрақсыз гидрологиялық және гидрохимиялық болып сипатталады. Жазғы кезеңде өзендердің көбі сорға айналып, құрғап қалады.
І аудан – Ертіс өзенінің төменгі жайылмасы. Геморфологиялық жағынан төменгі жайылма мен 2 жайылма үсті террассасының беткейін алып жатыр. Аудан кіші аудандарға бөлінеді: 1-1 - қуаттылығы 0,3-тен 3,0 м-ге дейінгі саздақтардан құрылған өзендік-аллювийлік қазаншұңқырлар; ІІІ-2 – 0-ден 5 м-ге қуат қалыңдығы қабаттандырумен плиоцен-миоценнан (N pv) топырағынан жасалған жазық дала; қала аумағының 10%-ға жуығын алып жатыр. Ауданда ыза суының жер бетінен 1-ден 3 м-ге дейінгі тереңдікке төмен түскен бір учаске ғана бөлінген.
1-аудан аумақтың батпақтануы/тұздануы (6,7%-ға құрылыстың қымбаттауы), 0-ден 3 м-ге дейінгі ыза суы деңгейінің жоғары жағдайы (4%-ға құрылыстың қымбаттауы), отырымдылығы бойынша ыза жағдайының І-ші түрі (4%-ға қымбаттау), сондай-ақ жоспарлы жұмыстарды өткізу (4%-ға қымбаттау) есебінен құрылыс үшін қолайсыз ауданға (17,7%-ға қымбаттау) жатқызылады.
ІІ-аудан – денудациялық өзендік-аллювийлік тегістік, ирек жатық және Ертіс өзеніне аздап аңғарлы. Геморфологиялық жағынан жоғарғы жайылма мен жайылма үсті террассасының 2-ші беткейін алып жатыр. Аудан төрт кіші ауданға бөлінеді: ІІ-1 – қуаттылығы 0,3-тен 5,0 м-ге дейін болатын құм шөгіндісінен жасалған өзендік-аллювийлік шұңқырлар; ІІ-2 - 5-15 м қуатымен саздақ пен құмдауыт топырағының қоспасы қалыңдығымен қабаттандырылған белсенді аймақтан тұратын жазық дала; Ақсу қаласының солтүстік-батыс жағында орналасады; қуаттылығы ІІ-3 – 0-ден 10 м-ге дейін болатын қалыңдығы қабаттандырумен плиоцен-миоценнан (N pv) топырағынан тұратын жазық дала; қала аумағының 30%-ға жуығын алып жатыр. ІІ-В учаскенің аумағы аумақтың батпақтануы/тұздануы (6,7%-ға құрылыстың қымбаттауы), 0-ден 2 м-ге дейінгі ыза суы деңгейінің жоғары жағдайы (4%-ға қымбаттау), отырымдылығы бойынша ыза жағдайының І түрі (3%-ға қымбаттау), сондай-ақ жоспарлы жұмыстарды өткізу (4%-ға қымбаттау) есебінен құрылыс үшін қолайсыз ауданға (17,7%-ға қымбаттау) жатқызылады.
ІІІ аудан – жайылма үсті терассасы және Ертіс өзенінің жоғары жайылмасы. Балшық жаппасы 1-ден 5 м-ге дейінгі тереңдікте жатыр, кейде одан да асады. Аудан төрт кіші ауданға бөлінеді: І-А-1 – Ертіс өзенінің қазіргі заманғы жайылма үсті терассасы; белсенді аймақта жалпы қуаттылығы 5 м-ге дейін болатын балшық (аQ) жатыр; қала аумағының 15% алып жатыр; І-А-2 Ертіс өзенінің жайылма үсті терассасы; жалпы қуаттылығы 10-12 м болатын жоғарғы бірден төрт аллювийлік құмдауыт топырағы мен саздақтан жасалған; қала аумағының 70% алып жатыр; І-А-3 – Ертіс өзенінің жоғарғы жайылмасы, Ертіс өзенінің солтүстік жағасында орналасқан және жалпы қуаттылығы 3-8 м тереңдікте батпақты топырақпен (аQ) ауысатын жоғарғы бірден төрт аллювийлік құмдауыт топырағы мен саздақтан жасалған. І-А-4 – жайылма үсті терассасы және Ертіс өзенінің жоғарғы жайылмасы белсенді аймақта 5 м-ге дейінгі қуатпен терең балшық қабатшаларымен негізгі құмға кіреді. 3-ауданның аумағы құрылыс үшін шектелген – қолайлыға жатады. Инженерлік іс-шаралар ретінде негізгі ғимараттарды суланудан сақтау, тігінен жоспарлау, атмосфералық жауын-шашынды аумақтан нақты шығару ұсынылады.
Ыза сулары
Ақсу қаласының аумағы және оның маңындағы аудандар геоморфологиялық жақтан Ертіс өзенінің жайылма үсті терассасы, жоғарғы және төмен жайылмалары шегінде орналасқан. Жер асты суларының көбі ашық және босатудың жергілікті ошақтары жанында төмен түсіп, жақын жерде (өзен шұңқыры, Ертіс жайылымы) 1-ден 17 м-ге дейін ұлғаятын тереңдікке (әдетте 2-5 м) түседі.
Су басу үдерісі табиғи факторлармен ғана емес, сондай-ақ техногендік факторлардың толық кешеніне негізделген: жылумен және сумен жабдықтау трассаларының апаттық жағдайына, қалада нөсерлік кәрізі дамыған және дұрыс жұмыс істейтін жүйесінің жоқтығы, тұндырғыштардың және өндірістік кәсіпорындардың жинақтағыштары герметикасының, топырақ суының табиғи ағынын бетондандаудың (жағажайдың құрылысы) жеткіліксіздігі және басқалар.
Қала халқының жастық-жыныстық ерекшеліктерін, халықты қалпына келтіру режіміндегі беталыстарын, сондай-ақ халықтың механикалық қозғалысының қалпына келтіру үдерістеріне әсер етуін ескеретін Ақсу қаласы халқының жобалық санының автоматтандырылған есебі 3 нұсқада орындалды.
1-нұсқа бойынша есеп халықтың тууының өте төмен деңгейімен және өлімінің жоғары деңгейімен сипатталатын қалыптасқан қалпына келтіру режімі негізінде халықтың механикалық қозғалысын есепке алмай жүргізілген болатын.
2-нұсқа бойынша есеп көші-қон үдерістерінің әсерін есепке алмай есеп жүргізілген болатын, бірақ 1-нұсқаға қарағанда үлгінің негізіне Қазақстан Республикасының қалаларында соңғы жылдары болып жатқан халықты қалпына келтіру режімінің өзгеруіндегі беталыстарды ескере отырып есептелген әйелдердің жүкті болуының барынша жоғары коэффициенттері мен өлім-жітімнің барынша төмен коэффициенттері салынған болатын.
3-нұсқа бойынша есеп 2-нұсқада қабылданған қалпына келтіру режімінің үлгісіне сәйкес, бірақ көші-қонның әсері ескеріле отырып (көші-қонның оң сальдосы қабылданды) жүргізілді.
Жоғарыда баяндалғандай, соңғы 3-4 жылда қаладағы демография-лық жағдайдың тұрақты жақсару беталысы және қала халқының Қазақстан Республикасының басқа өңірлерімен көші-қон ауысуларының оң ілгерілеуі байқалды, оған республикада қалыптасып жатқан жағымды әлеуметтік-экономикалық жағдай әсер етті. Көрсетілген ұғымдар негізінде жоғары өндірістік және көліктік-географиялық әлеуетті, сондай-ақ жұмыс орындарын құру және инвестициялық тартымдылық пен аумақтық даму мүмкіндігін орнату арқылы экономиканың қызмет көрсету секторының дамуын назарға алып, 2030 жылға дейінгі кезеңдегі Ақсу қаласының аумақтық даму көлемдерін анықтау бойынша есептеулер үшін қаралып отырған демографиялық болжамның үшінші нұсқасы (еңбек балансы әдісі) бойынша алынған көрсеткіштер қабылданды.
Таңдалған нұсқа бойынша сандарды дөңгелектеген кезде, Ақсу қаласы халқының жобалық саны (2030 жылға дейінгі болашаққа халық санының есебі) халық саны 2006 жылы - 43,0 мың адамды, 2020 жылы - 51,0 мың адамды құрайды, ал 2030 жылға қарай халық саны - 53,1 мың адамға ұлғаяды.
Тұрғын үй құрылысы
Таңдалған “Оңтүстік бағыт бойынша дамыту” нұсқасына сәйкес бас жоспарда қаланың аумақтық дамуы қаланың қазіргі заманғы әкімшілік шекараларында оңтүстік бағытта ғана көзделген.
Қаланың айқын кескінін және әсіресе қаланың бас көшелерінің маңында жаңа құрылыс салуды қалыптастыру үшін жеке жобалар бойынша орындалған түрлі қабатты қазіргі заманғы сәулет ансамбльдерін (7 қабатқа дейін қоса алғанда) қалыптастыру ұсынылады.
Жаңа аз қабатты тұрғын үйдің бөлігін аздап жабық аула кеңістіктерін құрумен енгізу ұсынылады, олар жеке тұрғын үйлердің топтарынан қалыптасады. Осындай құрылыс өмір сүру жайлылығын арттырады, тұрғындар (көршілер) қоғамдастықтарының пайда болуы үшін, соның ішінде коммуналдық мәселелерді бірлесіп шешу үшін жағдайлар жасайды.
Бірінші кезек көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын (қамтылуы 25 шаршы метр/адам), блокталған тұрғын үйдің құрылысын (қамтылуы 25 шаршы метр/адам) және үй жанындағы жер учаскесі бар жеке тұрғын үйлердің (қамтылуы 26 шаршы метр/адам) құрылысын көздейді.
Есептік мерзімге бас жоспармен көп қабатты тұрғын үй (қамтылуы 25,5 шаршы метр/адам) және үй жанындағы жер учаскесі бар жеке тұрғын үйдің (қамтылуы 30 шаршы метр) құрылысы көзделеді.
Болашаққа көп қабатты тұрғын үйлердің де (қамтылуы 26 шаршы метр), үй жанындағы жер учаскесі бар жеке тұрғын үйлердің де (қамтылуы 36 шаршы метр) құрылысы ұсынылады.
Нұсқаның оң сапасына мынадай:
қала келбетін сақтауға мүмкіндік беретін негізгі көлік магистральдері бойымен көп қабатты құрылыстарды салу;
әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасын дамытуға жәрдем көрсету және таңдау мүмкіндігі;
қала шекарасын кішірейткен кезде жол тораптары мен инженерлік инфрақұрылымдар құрылысына жұмсалатын шығындарды (мемлекеттік бюджет) қысқарту сияқты жағдайларды жатқызуға болады.
Көп қабатты және аз қабатты құрылыстың тікелей көршілес болғандығы кемшілік болып табылады.
Құрылыс нормалары мен ережелерінің қолданыстағы нормаларына сәйкес тұрғын үй қорының әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілерімен (мектептер, балабақшалар, спорт имараттары және басқа объектілер), жасыл желектермен, демалыс орындарымен және автотұрақтармен қамтамасыз етілуін талдау және оларға деген қажеттілікті есептеу жүргізілді.
2020 жылға бір адамның тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 24 шаршы метр болып қабылданды.
Көгалдандыру жүйесін дамыту
Қазіргі уақытта жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтың алаңы 132,3 га құрайды. Қалалық және қала маңы ландшафттарының басымдықты түрі мәдени ландшафт болып табылады, оны көгалдандыру (Ертіс өзенінің жайылма өсімдіктерін қоспағанда) жасанды сипат алады.
Ақсу қаласының ашық көгалдандырылған аумақтарының қазіргі заманғы құрылымы көше ағаштары мен бұтақтарын егуден, шағын бақтарды, қалалық мәдениет және демалыс саябағын, жас натуралистер бақшасын, жағажайдың табиғи өсімдіктерін, сондай-ақ мектеп жанындағы және үй жанындағы учаскелерді көгалдандырудан тұрады.
Қаланың тұрақты дамуы экономиканың негізгі секторларының дамуындағы айтарлықтай прогрестің қамтамасыз етілуін, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруды, Ақсу қаласы тұрғындарының өмір сүру деңгей мен тұрмыстық жағдайын жақсартуды, шектес аумақтардың ұзақ уақытты экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізуді, ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалануды, көліктік инженерлік жүйелерді ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін, өмір сүру үшін қолайлы қалалық ортану құруды көздейді.
Атмосфера ауасына алюминий, хром, органикалық емес шаңдар, қалқыңқы заттар жиынтығының шығарылымдарын азайту.
Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарынан санитарлық-қорғау аймағын ұйымдастыру.
Қаланың көлік қозғалысын ұйымдастырудың кешендік сұлбасын әзірлеу және оны іске асыру.
Әртүрлі мақсатқа арналған жасыл желектер алаңын кеңейту, орман қорғау алқабын жайластыру.
Шаңдатушы аумақтардың топырағын қалпына келтіру, бұзылған аумақтарды эстетикалық тартымды бейнеге келтіру.
Қала үшін сапалы ауыз судың баламалы көзін негіздеу.
Сырғытқы жүйесін салу жолымен ыза суы деңгейін төмендету, тұзды емес сорғытқы суын жасыл желектерді суару үшін пайдалану.
Нөсерлі кәріз жүйесін кеңейту, ағындарды тазарту және оларды шаруашылық қызметте пайдалану.
Ақсу қаласының аумағында Ертіс өзенінің су қорғау аймағын (жолағын) ұйымдастыру.
Ертіс өзенінің шайылатын жағаларын нығайту жөніндегі инженерлік іс-шараларды орындау.
Ертіс өзені жер үсті суының ластануын төмендету мәселесін кешенді шешу (өңір шеңберінде).
Жерасты суларындағы ластаушы заттардың көшу мониторингі.
Кәсіпорындарда ағын суларын тазарту бойынша тиімді жергілікті тазартқыш имараттарын салу, кәсіпорындардың айналмалы сумен жабдықталуға көшуі.
Қалалық кәріздік тазартқыш имараттары жұмысының тиімділігін арттыру, тазартылған ағындарды шаруашылық қызметте пайдалану.
Қала аумағын барлық табиғи орталары бойынша (жер қыртысы, жер үсті сулары, өсімдіктер және басқалар) кешенді геохимиялық картаға түсіруді өткізу.
Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонын орналастыру үшін учаске таңдау, қолданыстағы қоқыс үйіндісін қалпына келтіру, қалдықтарды жинаудың іріктемелі әдісі, ҚТҚ өнеркәсіптік қайта өңдеу жәніндегі тәжірибелі қондырғылардан оларды қайта өңдеу жөніндегі зауыт құрылысына көшу.
Өнеркәсіптік қалдықтардағы ластайтын заттардың болуын төмендету, қалдықтарды шаруашылық қызметте пайдалану.
Уытты қалдықтарды көмуге арналған полигонды ұйымдастыру.
Ақсу қаласының ауданындағы Мемлекеттік табиғи қорықшадағы шаруашылық пайдалануды шектеу туралы ережені әзірлеу.
ЖҚЕ жиынтық томын қала құрайтын кәсіпорындар үшін де әзірлеу.
Кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтары шегінде орналасқан саяжай учаскелерінен алынатын азық-түлік өнімдерінің сапасын зерделеу.
Қоршаған орта мониторингісінің автоматтандырылған басқару жүйесін ұйымдастыру, экологиялық дерекқорын (экологиялық кадастр) құру.
Бұрын әзірленген әлеуметтік-экономикалық және экологиялық бағдарламаларын іске асыру жағдайына жеткізу.
Бас жоспармен қамтылған шекараларға мыналар: Ақсу қаласы, Ақсу, Беловка, Черемушки кенттері кіреді
15 10 2014
2 стр.
Ақсу қаласының агроөнеркәсіп кешенінің салаларындағы бәсекелестікті жаңа сапалы деңгейге жеткізу және экономикалық өсуге жәрдемдесу мақсатында мемлекеттің аграрлық саясатын жергілі
25 12 2014
1 стр.
Павлодар облысы Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия
25 12 2014
1 стр.
Влодар облысы әкімдігі «Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мм павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Екіб
01 10 2014
1 стр.
Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы” Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы № қаулысымен
25 12 2014
3 стр.
Бұл әдістемелік құралға «Деңгейлеп оқыту» технологиясы негізінде екшеленген есептер енген. Бастауыш сынып мұғалімдеріне, 4- сынып оқушыларына және ата-аналарға арналады
25 12 2014
1 стр.
Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы” Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №800/6 қаулысыме
25 12 2014
3 стр.
Ақсу қаласы Жолқұдық селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы” Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы
25 12 2014
4 стр.