Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Пән: 11 сынып Информатика

9. Сабақ: Тақырып: Microsoft Power Point – та шаблондар

көмегімен құру


Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттер:
Мақсаты: Оқушылар Microsoft Power Point – та шаблондарды құруды оны бірнеше шаблондардың ішінен таңдау арқылы слайдтты элементтерді пайдалану.


  1. Білімділік: Оқушылар шаблонды ашуды. Шаблондардың түрлерін көрсету. Слайд бетіне керекті суреттерді қоюды көрсету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар Microsoft Power Point – та шаблондармен презентацияны безендіруді керекті шаблондарды құруын көрсету




  1. Тәрбиелік: Оқушылар кабинет қауіпсіздік ережесін сақтауды және еңбекке баулу


Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, Информатика негіздері журналы, және бағдарламалар мен сынып техникалары:
Сабақ түрі: Арлас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру

2. Үй жұмысын сұрау



Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар терезесін ашу.

Қызымет бабы бойынша терезелерін ашу.

Мекеменің жұмыс істеу жөнінде мағлұмат.

Жаңа сабақ
PowerPoint программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады.Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар.Осы опция таңдалғанан кейін жалпы презентациялар дизайндары астарлы беттерінен тұратын сұқбат терезе ашылады.

Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгілеген кезде шертеміз.Осы мезетте экранға слайд құру сұқбат терезесі шығады.Бұл сұқбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет.Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады.Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып,көркемдейміз.

Презентация құру әрекетін презентация шаблоны көмегімен орындауға болады.Ол алдын ала безендіру элементтерін пайдалана отырып презентация құру.PowerPoint программасында безендіріліп,дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталып қойылған.Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып,өз презентациямызды құруға болады.Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар.Осы опциясын таңдалғаннан кейін жалпы, презентациялар дизайндары,презентациялар,Web парақтар астарлы беттерінен тұратын,презентацияны құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезе Файл-құру командасын орындағанан кейін де ашылады.Сұхбат терезенің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі, ұқсас шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.

Презентацияның шаблоны тышқан көмегімен белгіленген кезде шығатын үлгіден қарап отырып,өзімізге керегін таңдап ОК батырмасын шертеміз.Осы мезетте экранға Слайд құру сұхбат терезесі шығады.

Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады.Презентацияға мәтінді енгізіп,арнайы эффектілер қосып көркемдейміз.

Шаблондар көмегімен және бос презентация құру.

PowerPoint программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегімен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады.Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса,екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. PowerPoint программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да, құрыған презентацияны, алдын ала безендіру элемементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.

Презентацияны шаблондар көмегімен құру.

PowerPoint программасында безендіріліп,дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған.Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямыздықұруға болады.Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар.

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру
Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп сұрақ қою арқылы оқушылардың біліміне сәйкес бағалау
Үй тапсырмасын беру: Microsoft Power Point – та шаблондар көмегімен құру
Бағалау

Пән: 11 сынып Информатика

10. Сабақ: Тақырып: Microsoft Power Point – та бос презентация құру
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттер:
Мақсаты: Microsoft Power Point – та бос презентация құруды үйрету.


  1. Білімділік: Оқушылар Microsoft Power Point – та презентациада шаблондар көмегімен презентацияны құруды көрсету




  1. Дамытушылық: Оқушылар Microsoft Power Point – та бос презентацияны опциясын таңдау арқылы ашуды. Стандартты терезесі арқылы іске қосудың амалдарын көрсету.




  1. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу және еңбекке баулу


Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, Информатика негіздері журналы, және бағдарламалар мен сынып техникалары:
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру

  1. Үй жұмысын сұрау

Microsoft Power Point – іске қосу.

Шаблондарды қалай ашамызә

Бос презентацияны қалай іске қосамызә
Жаңа сабақ
Бос презентация құру.

Бос презентация,яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін:



  • PowerPoint программасын іске қосатын мезетінде экранда пайда болған сұхбат терезенің Презентация құру өрісіндегі Бос презентация опциясын таңдау арқылы;

  • Файл-Құру командасын орындағанда ашылған сұхбат терезесінің жалпы астарлы бетінде жаңа презентацияны шарт белгісін таңдау арқылы;

  • Стандарттар саймандар тақтасындағы құру батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады;

Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда слайд құру сұқбат терезесі ашылады.

PowerPoint программасында слайдтар белгіленуінің 24 түрлі варианты бар.Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін таңдаған соң ОК батырмасын шертеміз.

Слайдқа мәтін, сурет, графикалық обьектілер енгізу.

Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң слайд құру сұқбат терезесі ашылады.Осы сұқбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық обьектілер,диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз.Қажетті схеманы таңдап,ОК батырмасын шерткен соң, эранда слайд пайда болады.Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент енгізілетіні көрсетіліп тұрады. Мысалы ,слайдтың жоғары жағындағы өріс аймағында тышқанды бір рет шертсек тақырып енгізіледі т. с. с. Бастапқы уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.

Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінді енгізгне соң, олардың қаріп түрін, түсін т.б.өзгертуге, яғни форматтауға болады. Форматталатын мәтінді ерекшелеп, белгіленген соң, Формат- Қаріп ( Формат –Шрифт) командасын орындағанда ашылған сұқбат терезеде немесе форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз. Форматтау әрекетін өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты орындау үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп, алдымен оны ерекшелеп аламыз.

Мәтін енгізу өрісінде оны таңбаланған тізім түрінде жазған ыңғайлы. Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады. Осы стандартты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім түрінде жазылған өрісте тышқанды шертеміз де Формат – таңба (Формат - Маркер) командасын орындаймыз. Таңбалар (Маркеры) сұқбат терезесі ашылады. Қаріптің Wingdings деген түрін ашсақ, бірнеше символдар тізімі шығады. Осы тізімнен кез келгенін таңдап, OK батырмасын шерту арқылы таңба ретінде қолдануға болады.




Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру
Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп сұрақ қою арқылы оқушылардың біліміне сәйкес бағалау
Үй тапсырмасын беру: Microsoft Power Point – та бос презентация құру

Бағалау

Пән Информатика сынып 9 Күні.. сабақ №: 2 сағ. саны.: 1 Тақырып

Тақырып: Алгоритм түсiнiгi. Алгоритмнiң қасиеттерi. Алгоритмдi бейнелеу тәсiлдерi. Блок-схема

942.73kb.

14 10 2014
6 стр.


Пән Информатика сынып 8 Күні.. сабақ №: 2 сағ. саны.: 1 Тақырып

Тақырып: Ақпарат. Ақпараттық процесс. Ақпарат қасиеттері. Ақпараттар саны. Кодтау. Екілік код

893.39kb.

25 12 2014
6 стр.


Пән Информатика сынып 9 Күні.. сабақ №: 1 сағ. саны.: 1 Тақырып

Тақырып: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесiн сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы

1031.84kb.

25 12 2014
6 стр.


Пән: 11 сынып Информатика Сабақ: Тақырып

Мақсаты: Оқушылар Microsoft Power Point – та шаблондарды құруды оны бірнеше шаблондардың ішінен таңдау арқылы слайдтты элементтерді пайдалану

60.9kb.

25 12 2014
1 стр.


Пән: Дүниежүзі тарихы 8 -сынып Күні: 12. 12 Сабақтың тақырыбы

Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі: : Дүние жүзі саяси картасы, тірек сызбалар. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты тү

27.73kb.

25 12 2014
1 стр.


Күні: 10. 12. 12. Пән: Қазақстан тарихы 8 -сынып Сабақтың тақырыбы:Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі Сабақтың мақсаты

Тәрбиелілік: ұлттық патриотизмге тәрбиелеу; Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі: : Е. Пугачев көтерілісінің картасы, тірек сызбалар. Сабақ

25.43kb.

25 12 2014
1 стр.


Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып

Оқушыларды ұлтжандылыққа, адал да өткір, туған елге, сүйіспеншілікке, патриоттық сезімдерге және намысты болуға тәрбиелеу;; Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді мең

33.83kb.

17 12 2014
1 стр.


Пән: Дүниежүзі тарихы 8-сынып Күні: 08. 10. 12

Оқушыларды ұлтжандылыққа, адал да өткір, туған елге, сүйіспеншілікке, патриоттық сезімдерге және намысты болуға тәрбиелеу; Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңг

32.75kb.

25 12 2014
1 стр.