Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1



Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Машина жасау және стандарттау кафедрасы

5В071200 − Машина жасау мамандық студенттеріне арналған


Конструкциялық материалдар және термиялық өндеу

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар




Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ММЖжК факультетінің деканы

___________ Тоқтағанов Т.Т.

(қолы)


20__ж. «___»____________

Құрастырушы: т.ғ.к., доцент ________________ Итыбаева Ғ.Т.

Машина жасау және стандарттау кафедрасы

5В071200 − Машина жасау мамандығының


күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған
Конструкциялық материалдар және термиялық өндеу

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама

Кафедра меңгерушісі __________ Ықсан Ж.М. 20__ж. «____» ________

(қолы)
ММЖжК факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «_____»____________№____ хаттама


ОӘК төрағасы _______________ Ахметов Ж.Е. 20__ж. «_____»___________

(қолы)



1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

А.Ж.Т. Итыбаева Ғалия Төлеубайқызы

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі доцент

Машина жасау және стандарттау кафедрасы Б корпусында (Ак.Шөкин көш. 139 үй), 214 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 673633.


2 Пән туралы мәліметтер
«Конструкцялық материалдар және термиялық өндеу» пәні 5В071200 – Машина жасау мамандығының студенттеріне төртінші семестрде оқытылады. Кредиттер саны – үш, пәннің көлемі: барлығы – 135, аудиториялық – 45, СӨЖ – 90. Емтихан төртінші семестрде өткізіледі. Дәріс сабақтары – 30 сағат, лабораториялық сабақтары– 15 сағат.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

Зертханалық

студиялық

жеке

барлығы

ОСӨЖ

4

3

135

30

15







90

45

емтихан


4 Пәннің мақсаты – болашақ мамандарға машина бөлшектер дайындамаларын алу әдістері мен өндеу тәсілдері, негізгі конструкциялық және құрал-сайман материалдарының құрылуы, қасиеттері, классификциялау, маркалау және термиялық өндеу туралы білім беру.

5 Пәннің міндеттері -

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде:

− жобалау кезінде дұрыс материалды тандау, материалдын сапасын анықтауды үйрету;

− болат, шойын, түсті металлдар, қатты қорытпалар маркалауын үйрету.

білу:

− негізгі конструкциялық материалдар олардын классификациясы; дайындамалардын құрылымын және қасиеттерің өзгерту әдістері туралы;



− машина бөлшектері мен дайындамалар алу және өндеудің технологиялық әдістері мен термиялық өндеу негіздерін.

үйрену керек:

− дайындамалар алудың және бөлшектердің неғұрлым тиімді әдісін тандау, беріктендіру тәсілдерін.

6 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: физика, химия, инженерлік графика, теориялық механика, материалдар кедергісі.



7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері, кесу теориясы, металл кескіш құрал-саймандар, машина жасау технологиясы.



8 Тақырыптық жоспар

8.1 Пәннің тақырыптық жоспары



№ р/с

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәрістер

Зертха-налық


СӨЖ

1

Кіріспе.

1




10

2

Конструкциялық материалдар және оларды классификациялау.

6

2

15

3

Машина бөлшектері мен дайындамалар алу негізгі технологиялық кезендері

4




10

4

Металтану

6

10

10

5

Болатты термиялық өндеу

6

3

15

6

Арнайы қасиеттері бар қорытпалар және болаттар.

2




10

7

Түсті металдар мен қорытпалар

3




10

8

Жаңа материалдар

2




10

БАРЛЫҒЫ :

30

15

90

9 Пәннің қысқаша сипаттамасы


Конструкциялық материалдар және термиялық өндеу – оқу пәні, дайындамаларды алу технологиялық әдістері және оларды өндеу әдістерін үйрену. Ең манызды бағытты болып жаңа конструкциялық материалдарды пайдалану.

10 Курс компоненттері

10.1 Пән тақырыптарының мазмұны


1 тақырып. Кіріспе. Конструкциялық материалдар және термиялық өндеу пән – материалдары, олардың қасиеттерің химиялық құрамы мен құрылымына, өндеу тәсілдеріне және пайдалану жағдайларға тәуелділігін білдіретін ғылым..

2 тақырып. Конструкциялық материалдар және оларды классификациялау.

2.1 Материалдардын қасиеттері. Материалдардың негізгі механикалық, технологиялық, эксплуатациялық қасиеттері.

2.2 Материалдарды маркалау және классификациялау.

Болаттарды маркалау және классификациялау негіздері. Шойындардың түрлері: ақ, сұр, берікті, соғылғыш. Вермикулярды графитті шойындар. Қатты қорытпалар. Керамика құрал-саймандар материалдары. Өте қатты құрал-саймандар материалдары. Түсті металлдар және олардың қорытпалары. Титан, алюминий, магний, мыс, мырыш, қалайы олардың қорытпалары. Металл емес материалдар.

3 тақырып. Машина бөлшектері мен дайындамалар алу негізгі технологиялық кезендері.

Құймалар алу. Металлдарды қысыммен өндеу арқылы алу негізі. Дайындамаларды прокаттау технологиясы. Кақтау,беттік және көлемдік штамптау. Пісіру өндірісі, технологиясы және түрлері.



4 тақырып. Металтану.

4.1 Металдар құрылысы.

Металтану металдар мен қорытпалардың қасиеттері және олардың құрамы мен құрылымына тәуелді болуы туралы ғылыми ретінде көрсетілуі. Металдар мен қорытпаларды зерттеу әдістері. Металдардың атомкристалдық құрылысы. Кристалдық торлардың түрлері. Металдар анизотропиясы.

Нақты кристалдардың құрылысы. Ақаулар түрлері және олардың металдар қасиеттеріне әсері. Металдардың кристалдануы. Фазалық өзгерістердің термодинамикалық негіздері. Кристалдық туындылардың түзілуі және өсуі. Таза металдар кристалдану кезіндегі суытудың термиялық қисықтары. Сұйық металды түрлендіру. Құйма металдың құрылысы. Металдардағы болатын полиморфтық өзгерістері.

4.2 Серпімді және пластикалық деформация.

Серпімді деформация. Моно және поликристалдардың пластикалық деформациясы. Пластикалық деформацияның механизмдері. Металдардың құрылымына пластикалық деформацияның әсері. Деформация текстурасы. Металл қасиеттеріне пластикалық деформацияның әсері. Суық және ыссы деформация. Деформацияланған материал қасиеттеріне қыздырудың әсері.

4.3 Қорытпалар теориясы.

Қорытпа, жүйе, компонент, фаза. Фазалар ережесі. Қатты ертінділер. Химиялық қосылыстар. Қос компоненттік қорытпалардың күй диаграммасы. Қатты күйде компоненттері толық ертілген жүйесінің күй диаграммасы. Компоненттерінде полиморфтық өзгерістер болатын қорытпалардың күй диаграммасы. Фаза және кесінділер ережелерін қолдану. «Темір-цементит» және «темір-графит» күй диаграмма.



5 тақырып. Болатты термиялық өндеу.

5.1 болатты термиялы өндеудің теориясы.

Болатты қыздыру кезінде болатың өзгерістері. Аустенит түйіршігінің өсуі. Болаттың механикалық және технологиялық қасиеттеріне түйіршік молшерінің әсері. Аса қыздыру және аса күю. Асыра суытылған аустениттегі өзгеріс. Асыра суытылған аустениттің изотермиялық ыдырау диаграммасы. Перлиттік айналу. Асыра суытылған аустениттің изотермиялық ыдырауына легірлеуші элементтердің әсері. Мартенситтің құрылымы мен қасиеттері. Аралық өзгеріс. Асыра суытылған аустенит өзгеруінің термокинематикалық диаграммасы. Шынықтырылған болатты қыздыру кезінде болатын өзгерістер (жұмсарту).

5.2 Болатты термиялық өндеудің технологиясы.

Болатты термиялық өндеу процесінің жалпы сипаттамасы. Бірінші текті жасыту. Екінші текті жасыту (фазалық қайта кристалдану процесі). Болатты қалыптандыру. Шыңықтыру. Шынықтыру үшін көміртекті және легірленген болатарды қыздыру. Шынықтыру ортасы және оған қойылатын талаптар. Шынықтыру әдістері. Болаттардың шыныққандағы және оған әсер ететің факторлар. Болаттың шынығу қабылеті. Болатты жұмсарту. Жұмсартудың түрлері мен қолданылуы. Болатты жетілдіру. Болатты термомеханикалық өндеу. Беттік шынықтыру, оның түрлері мен қолдану салалары.

5.3 Болатты химия-термиялық өндеу.

Химия-термиялық өндеудің физикалық негіздері. Көміртектендірудің түрлері және қолданылуы. Қатты карбюризаторда көміртектендіру. Газбен көміртектіндіру. Көміртектендіруден кейін термиялық өндеу. Болатты нитроцементтеу. Диффузиялық металдау. Қатты, тозуға төзімді, коррозияға төзіді, карбиттік және нитридтік қаптамалар алудың әдістері. Беттік бекімдеу.

6 тақырып. Арнайы қасиеттері бар қорытпалар және болаттар.

Жалпы түрде қолданылатын конструкциялық болаттар. Төмен легірленген болаттар. Көміртекті және легірленген болаттар, оларды термиялық өндеу. Шарикоподшипниктер жасауға арналған болаттар және оларды термиялық өндеу. Жоғары марганецті тозуға төзімді болат. Конструкциялық коррозияға төзімді және ыстыққа төзімді болаттар мен қорытпалар. Хромды тоттанбайтын болаттар. Конструкциялық ыстыққа берік болаттар мен қорытпалар. Құралдық болаттар мен қорытпалар. Құралдық болаттардың топтастырылуы және таңбалауы. Құрал жасауға арналған қатты ұнтақтық қорытпалар. Суық күйде деформацияланатын құрал жасауға арналған болаттар. Ыссы күйде деформацияға ұшрайтын штамп жасауға арналған болаттар. Қысыммен және баспалаумен құюға арналған қалыптар жасау үшін қолданылатын болаттар.



7 тақырып. Түсті металдар мен қорытпалар.

Алюминий және оның қорытпалары. Алюминийлы қорытпаларды термиялық өндеу. Мыс және оның қорытпалары. Негізгі мыс қорытпаларды термиялық өндеу. Мырыш және оның қорытпалары. Қалайы және оның қорытпалары. Магний және оның қорытпалары.



8 тақырып. Жаңа материалдар.

8.1 Жаңа металл материалдардың технологиясы.

Конструкциялық материалдар. Композициялық материалдардың түрлері. Талшықты композициялық материалдар. Алюминий, никель және басқа металдар негізгі бар дисперсиялық – беріктелген композициялық материалдар. Қабатты композициялық материалдар. Конструкциялық ұнтақты материалдар. Кеуекті және тығыз ұнтақты материалдар. Сүзгілер. Алюминий негізгі бар конструкциялық қорытпалар (САС, түйіршіктенген қоорытпалар). Машина тетіктерін жасауға арналған негізгі темірден тұратын ұнтақты қорытпалар.

8.2 Металл емес материалдар туралы жалпы мағлұматтар. Пластмассалар. Металл емес материалдар туралы жалпы мағлұматтар. Металл емес материалдардың қолданылу келешегі. Полимерлік материалдардың топтастырылуы. Термопластикалық полимерлі материалдар. Термореактивтік полимерлер және олардың қасиеттері. Толтырғыштар, олардың түрлері және қолданылуы. Қатты, ұнтақты, талшықты және табақ түрінде толтырғыштары бар пластмассалар. Пластмассалардың қасиеттері мен қолдану салалары. Композициялық материалдар (карбоволокниттер, бороволокниттер, органоволокниттер).

8.3 Резенке, органикалық емес және ағаш материалдар.

Резенкенің құрамы, құрылысы және қасиеттері. Каучукті вулканизация процесі арқылы өндеу. Резенкедегі толтырғыштардың ролі. Резенкені қолдану салалары. Органикалық емес шыны. Шыныкристалдық материалдар. Ағаш және оның қасиеттері. Техникалық материалдар және техникалық сұйықтар.


Зертханалық жұмыстардың тақырыптары
2 такырып бойынша №1 лабораториялық жұмыс. Металлургиялық өндірісінің материалдарын және өнімің зерттеу

2 такырып бойынша №2 лабораториялық жұмыс. Металдардын қаттылығын анықтау

4 такырып бойынша №3 лабораториялық жұмыс. Металдардын макроқұрылым анализі

4 такырып бойынша №4 лабораториялық жұмыс. Металлдардын микроқұрылым анализі

4 такырып бойынша №6 лабораториялық жұмыс. Темір-көміртегі күй диаграммасын зерттеу.

4 такырып бойынша №7 лабораториялық жұмыс. Көміртегілі болаттардын микроқұрылымын зерттеу.

5 такырып бойынша №8 лабораториялық жұмыс. Көміртегілі болаттарды термиялық өндеу.

5 такырып бойынша №10 лабораториялық жұмыс. Термиялық өнделген көміртегілі болаттардын микроқұрылымын зерттеу.

4 такырып бойынша №12 лабораториялық жұмыс. Шойындардын қасиеттермен микроқұрылымын зерттеу.
4.4.2 СӨЖ және ОСӨЖ оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі


№ п/п

Тақырыптардың мазмұны

Мазмұны

Бақылау түрі

1

(1 тақырып)

Кіріспе.



Конструкциялық материалдар және термиялық өндеу пән – материалдары, олардың қасиеттерің химиялық құрамы мен құрылымына, өндеу тәсілдеріне және пайдалану жағдайларға тәуелділігін білдіретін ғылым..


Конспект, бақылау

2

(2,3 тақырып) Конструкциялық материалдар және оларды классификациялау.

Машина бөлшектері мен дайындамалар алу негізгі технологиялық кезендері.




Материалдардын қасиеттері. Материалдардың негізгі механикалық, технологиялық, эксплуатациялық қасиеттері. Материалдарды маркалау және классификациялау. Болаттарды маркалау және классификациялау негіздері. Шойындардың түрлері: ақ, сұр, берікті, соғылғыш. Вермикулярды графитті шойындар. Қатты қорытпалар. Керамика құрал-саймандар материалдары. Өте қатты құрал-саймандар материалдары. Түсті металлдар және олардың қорытпалары. Титан, алюминий, магний, мыс, мырыш, қалайы олардың қорытпалары. Металл емес материалдар. Құймалар алу. Металлдарды қысыммен өндеу арқылы алу негізі. Дайындамаларды прокаттау технологиясы. Кақтау,беттік және көлемдік штамптау. Пісіру өндірісі, технологиясы және түрлері.

Конспект, бақылау

3

(4 тақырып)

Металтану.




Металтану металдар мен қорытпалардың қасиеттері және олардың құрамы мен құрылымына тәуелді болуы туралы ғылыми ретінде көрсетілуі. Металдар мен қорытпаларды зерттеу әдістері. Металдардың атомкристалдық құрылысы. Кристалдық торлардың түрлері. Металдар анизотропиясы. Нақты кристалдардың құрылысы. Ақаулар түрлері және олардың металдар қасиеттеріне әсері. Металдардың кристалдануы. Фазалық өзгерістердің термодинамикалық негіздері. Кристалдық туындылардың түзілуі және өсуі. Таза металдар кристалдану кезіндегі суытудың термиялық қисықтары. Сұйық металды түрлендіру. Құйма металдың құрылысы. Металдардағы болатын полиморфтық өзгерістері. Серпімді және пластикалық деформация. Моно және поликристалдардың пластикалық деформациясы. Пластикалық деформацияның механизмдері. Металдардың құрылымына пластикалық деформацияның әсері. Деформация текстурасы. Металл қасиеттеріне пластикалық деформацияның әсері. Суық және ыссы деформация. Деформацияланған материал қасиеттеріне қыздырудың әсері. Қорытпалар теориясы. Қорытпа, жүйе, компонент, фаза. Фазалар ережесі. Қатты ертінділер. Химиялық қосылыстар. Қос компоненттік қорытпалардың күй диаграммасы. Қатты күйде компоненттері толық ертілген жүйесінің күй диаграммасы. Компоненттерінде полиморфтық өзгерістер болатын қорытпалардың күй диаграммасы. Фаза және кесінділер ережелерін қолдану. «Темір-цементит» және «темір-графит» күй диаграмма.


Конспект, бақылау

4

(5 тақырып) Болатты термиялық өндеу.

Болатты термиялы өндеудің теориясы.

Болатты қыздыру кезінде болатың өзгерістері. Аустенит түйіршігінің өсуі. Болаттың механикалық және технологиялық қасиеттеріне түйіршік молшерінің әсері. Аса қыздыру және аса күю. Асыра суытылған аустениттегі өзгеріс. Асыра суытылған аустениттің изотермиялық ыдырау диаграммасы. Перлиттік айналу. Асыра суытылған аустениттің изотермиялық ыдырауына легірлеуші элементтердің әсері. Мартенситтің құрылымы мен қасиеттері. Аралық өзгеріс. Асыра суытылған аустенит өзгеруінің термокинематикалық диаграммасы. Шынықтырылған болатты қыздыру кезінде болатын өзгерістер (жұмсарту).

Болатты термиялық өндеудің технологиясы. Болатты термиялық өндеу процесінің жалпы сипаттамасы. Бірінші текті жасыту. Екінші текті жасыту (фазалық қайта кристалдану процесі). Болатты қалыптандыру. Шыңықтыру. Шынықтыру үшін көміртекті және легірленген болатарды қыздыру. Шынықтыру ортасы және оған қойылатын талаптар. Шынықтыру әдістері. Болаттардың шыныққандағы және оған әсер ететің факторлар. Болаттың шынығу қабылеті. Болатты жұмсарту. Жұмсартудың түрлері мен қолданылуы. Болатты жетілдіру. Болатты термомеханикалық өндеу. Беттік шынықтыру, оның түрлері мен қолдану салалары.

Болатты химия-термиялық өндеу. Химия-термиялық өндеудің физикалық негіздері. Көміртектендірудің түрлері және қолданылуы. Қатты карбюризаторда көміртектендіру. Газбен көміртектіндіру. Көміртектендіруден кейін термиялық өндеу. Болатты нитроцементтеу. Диффузиялық металдау. Қатты, тозуға төзімді, коррозияға төзіді, карбиттік және нитридтік қаптамалар алудың әдістері. Беттік бекімдеу.



Конспект, бақылау

5

(6 тақырып) Арнайы қасиеттері бар қорытпалар және болаттар.


Жалпы түрде қолданылатын конструкциялық болаттар. Төмен легірленген болаттар. Көміртекті және легірленген болаттар, оларды термиялық өндеу. Шарикоподшипниктер жасауға арналған болаттар және оларды термиялық өндеу. Жоғары марганецті тозуға төзімді болат. Конструкциялық коррозияға төзімді және ыстыққа төзімді болаттар мен қорытпалар. Хромды тоттанбайтын болаттар. Конструкциялық ыстыққа берік болаттар мен қорытпалар. Құралдық болаттар мен қорытпалар. Құралдық болаттардың топтастырылуы және таңбалауы. Құрал жасауға арналған қатты ұнтақтық қорытпалар. Суық күйде деформацияланатын құрал жасауға арналған болаттар. Ыссы күйде деформацияға ұшрайтын штамп жасауға арналған болаттар. Қысыммен және баспалаумен құюға арналған қалыптар жасау үшін қолданылатын болаттар.


Конспект, бақылау

6

7 тақырып. Түсті металдар мен қорытпалар.


Алюминий және оның қорытпалары. Алюминийлы қорытпаларды термиялық өндеу. Мыс және оның қорытпалары. Негізгі мыс қорытпаларды термиялық өндеу. Мырыш және оның қорытпалары. Қалайы және оның қорытпалары. Магний және оның қорытпалары.


Конспект, бақылау

7

(8 тақырып) Жаңа материалдар.


Конструкциялық материалдар. Композициялық материалдардың түрлері. Талшықты композициялық материалдар. Алюминий, никель және басқа металдар негізгі бар дисперсиялық – беріктелген композициялық материалдар. Қабатты композициялық материалдар. Конструкциялық ұнтақты материалдар. Кеуекті және тығыз ұнтақты материалдар. Сүзгілер. Алюминий негізгі бар конструкциялық қорытпалар (САС, түйіршіктенген қоорытпалар). Машина тетіктерін жасауға арналған негізгі темірден тұратын ұнтақты қорытпалар.

Металл емес материалдар туралы жалпы мағлұматтар. Пластмассалар. Металл емес материалдар туралы жалпы мағлұматтар. Металл емес материалдардың қолданылу келешегі. Полимерлік материалдардың топтастырылуы. Термопластикалық полимерлі материалдар. Термореактивтік полимерлер және олардың қасиеттері. Толтырғыштар, олардың түрлері және қолданылуы. Қатты, ұнтақты, талшықты және табақ түрінде толтырғыштары бар пластмассалар. Пластмассалардың қасиеттері мен қолдану салалары. Композициялық материалдар (карбоволокниттер, бороволокниттер, органоволокниттер).

Резенке, органикалық емес және ағаш материалдар.

Резенкенің құрамы, құрылысы және қасиеттері. Каучукті вулканизация процесі арқылы өндеу. Резенкедегі толтырғыштардың ролі. Резенкені қолдану салалары. Органикалық емес шыны. Шыныкристалдық материалдар.



Конспект, бақылау



СӨЖ мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп беру нысаны

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлем

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

15

2

Зертханалық жұмыстарға дайындалу (сабақ тақырыбы бойынша материалды меңгеру, есеп беру шаблонын дайындау)

Есеп беру шаблоны

ЗЖ рұқсат алу

25

4

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Конспект

(және т.б.)



М1, М2

30

5

Бақылау шараларына дайындалу




1 МБ, 2 МБ , коллоквиум, бақылау жұмысы, тестілеу және т.б.

20

Барлығы:

90

5В071200 – Машинажасау мамандығы бойынша күндізгі ЖОБ негізінде студенттеріне арналған «Конструкциялық материалдар және термиялық өндеу» пәнінен бақылау шараларының күнтізбелік графигі
Бақылау түрлері бойынша ағымдағы үлгерімділіктің баллдарын реттеу

1 рейтинг (4 семестр)

Апта

1 сабақ макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлығы

Максималды балл

10

30

30

30

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

СӨЖ түрі/есеп нысаны





ҮТД1,2

ҮТД3,4

ҮТД5,6

ҮТД7,8

16

Бақылау түрі





Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. Балл


1

4

4

4

4

Сабаққа қатысу және зерханалық сабаққа дайындалу

СӨЖ түрі/есеп нысаны





ЗЖ1,2

ЗЖ3

ЗЖ4

ЗЖ6

24

Бақылау түрі




Е

Е

Е

Е

Макс. балл

3

6

6

6

6

Бақылау түрі




ЗЖҚ

ЗЖҚ

ЗЖҚ

ЗЖҚ

Макс. балл

3

6

6

6

6

Материалды өзіндік оқыту

СӨЖ түрі/есеп нысаны







ҮТ

ӨО1


ҮТ ӨО2

ҮТ ӨО3

60

Бақылау түрі







Т

Т

Т

Макс. балл

20




20

20

20

Пән тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі/есеп нысаны






















100

Бақылау түрі



















МБ1

Макс. балл






















2 рейтинг (4 семестр)

Апта

1 сабақ макс. балл

9

10

11

12

13

14

15

Всего

Максималды балл

30

30

30

10

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

СӨЖ түрі/есеп нысаны




ҮТД 9

ҮТД10

ҮТД11

ҮТД12

16

Бақылау түрі




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

1

4

4

4

4

Бақылау түрі




Е

Е

Е

Е

Макс. балл

5

5

5

5

5

Сабаққа қатысу және лабораториялық сабаққа дайындалу



СӨЖ түрі/есеп нысаны




ЗЖ7

ЗЖ8

ЗЖ10

ЗЖ12

24


Бақылау түрі




ЗЖҚ

ЗЖҚ

ЗЖҚ

ЗЖҚ

Макс. балл

3

6

6

6

6

Материалды өзіндік оқыту

СӨЖ түрі/есеп нысаны




ҮТ

ӨО4


ҮТ

ӨО5


ҮТ

ӨО6


ҮТ

ӨО9,10


60

Бақылау түрі




Т

Т

Т

Т

Макс. балл

20

20

20

20




Пән тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі/есеп нысаны






















100

Бақылау түрі



















МБ2

Макс. балл





















Шартты белгілеулер: ҮТ1 – үй тапсырмасы №1, Қ – оқу үрдісіне қатысуы, ЗЖ1 - №1 зертханалық жұмыс, Е – Есеп, КТ – конспектіні тексеру, Т – Тексеру, ҮТД1 - №1 дәріске дайындалу; ЗЖҚ- зертханалық жұмысты қорғау; ӨО1 – өздік оқыту үй тапсырмасы 1; ДЗП 1 –№1 тест, МБ1 - №1 межелік бақылау.


«__»_________ 20___ ж. Кафедра отырысында ұсынылған. №____ хаттама.

Кафедра меңгерушісі ___________ Ықсан Ж.М. «__»_______ 20___ж.
Бақылаудың барлық түрінде де оқудағы жетістіктер балды-рейтингті жүйесі бойынша (ББРЖ) бағаланады:

Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ)

Балдың сандық баламасы (Ц)

Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)

Емтихан, курстік жұмыс

сынақ


95-100

4

А

Өте жақсы

есептелді


90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

қанағаттанарлықсыз

есептелмеді

Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің оқылған модулі бойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:



  • сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу;

  • практикалық жұмыстарын уақытында, сапалы орындау және қорғау;

  • өздік жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және қорғау;

  • сабаққа қатысу және басқа.

Әр пән бойынша СӨЖ түрлерінің тізімі, тапсырмаларды орындау және тапсыру күнтізбелігі, оқытушының талаптары, бағаларды қою ережелері және критерийлер САБ-да сипатталған.

Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.

АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 и Р2) анықталады:
Р1(2)=АҮ1(2)*0,7+МБ(2)*0,3.
Егер студент межелік бақылаудан өтпесе немесе межелңк бақылаудан 50 балдан төмен алса, рейтинг есептелмейді.

Семестрде пән бойынша студенттің жіберу рейтингінің бағасы тең:


ЖРР1+Р2/2
Әр пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерді қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб):
ҚЖР*СҮжр+ҚБ*СҮқб
2010-2011 оқу жылында жіберу рейтингтің және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4 сәйкес тең болады.

Пән бойынша жіберу рейтингі де, қорытынды бақылау да оң бағаланған ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәнінен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.

Егер де тәлімгер емтиханда F қорытынды баға алса, сонда тізімдемесіне «қанағатсыз» деген баға қойылады.
11 Курс саясаты
Біздің біріккен жұмыстар процесінде біз келесі ережелерді ұстануымыз керек:


  1. оқытушы мен тәлімгер бір-біріне құрметпен қарау керек;

2) сабақта белсенді бол, оқытушыға сұрақтар қойыңыз;сабаққа қатысу жеткілікті емес, материалды белсенді түрде меңгеру керек, тақырып бойынша барлығын нақтырақ анықтау;

3) оқытушы тәлімгермен шығармашылық түрде жұмыс істеу керек, тәлімгер оқытушымен қарым – қатынаста болуы тиіс, одан өздік жұмыс пен зертханалық жұмыстарды орындауға консультация алуы керек;

4) сабаққа қатысу міндетті болып табылады, егер сіз үш немесе одан да көп сабақты еш себепсіз босатсаңыз (себеп құжат түрінде дәлелденуі тиіс), онда оқытушы сізден деканаттан жіберілім алуыңызды сұрауға құқылы; есіңізде болсын: сабаққа қатысу қорытынды бағаға қатысты;

5) өздік жұмыстар бойынша графикке қатысты өз уақытынды есеп беру қажет, бұл қорытынды бағаға әсер етеді: өздік жұмыстар орындау графигін бұзған кезде өз уақытында орындамау деңгейіне байланысты жоспарланған максималды балл сандары өткен 1 күніндегі 1 сабаққа 1 баллға азайтылады, бірақ нәтижесінде барлық практикалық және өздік жұмыстарды тапсырып, дәріс кешендерін көрсету қажет;

6) әр бір дәріске, тәжірибелік жұмыстарға міндетті түрде дайындалу қажет; сіздердің дайындықтарыңыз әр дайым тесттер мен сұрақтар арқылы тексеріледі; дәріс бойынша өткен материалдардан теріс жауап берілсе, ағынды бағаны баллдарда 0,5 рет төмендетуге әкеп соғады; сол сияқты зертханалық жұмыстарды сапасыз орындау тәлімгердің оларды қорғау кезінде көрсетілген білім деңгейінің жетіспеушілігі, ағымдағы бағаны балдық түрде 0,5 рет азайтады; курстық жобаның бөлімдерін сапасыз орындау бағаның балл түрінде 0,5 рет төмендеуіне әкеп соғады;

7) сіздің міндетіңізге сабаққа барлық дайындықпен келу кіреді; уақытында кітапханадан әдебиеттерді алып, оларды қолдана біліңіз;

8) ішкі орналасу тәртібі орындалуы тиіс;

9) біреудің орындалған жұмысын көшіруге, әдеби материалдарды өңдемей қолдануға тиым салынады; осы ережені бұзу апталық балл санын алу түріндегі айып санкциясы қолданылады;

10) сабақ кезінде ұялы телефондар сөндірлуі тиіс;

11) әр студент рейтингтік кестелер мен барлық жұмыс түрлерінің графигімен танысып, мамандарды сапалы дайындау және жоғары үлгеріміне бағытталған барлық талаптарды орындауы қажет.

12) аудиториялық сабақтан сұранудан аулақ болыңыз;

13) емтиханда, ағымдағы жұмыстарда (ТӨЖ) көшіріп алуларға тиым салынады; емтиханда көшірген тәлімгер аудиториядан шығарылады, плагиат үшін айып санкциялары қолданылады.

14) сынақ тест түрінде 100 сұрақ бойынша өткізіледі; 100 сұрақтың барлығына дұрыс жауап 100 балға сай келеді; қорытынды баға балл түрінде (1) формула бойынша есептеледі; егер студент сынақта F деген беға алса, онда аралық аттестация ведомостына «есептелмеді» деп жазылады.

15) мемлекеттік грантта оқитын оқушылар сессия нәтижесінде үлгермеушіліктер болса, онда ректор бұйрығымен мемлекеттік грантынан айырылады.


12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі


1 Ғазалиев А.М. Машина жасау өндірісінің технологиялық және химиялық процестері. Оқулық. – Алматы: Білім, 2010. – 740б.

2 Материаловедение и технология металлов:учебник для студ.вузов, обучающихся по машиностроит. спец./под ред. Г. Н. Фетисова.Изд. 6-е, доп.-М.:Высш. шк.,2008.-877 с.

3 Шишкин А.В. Материаловедение. -Новосибирск.- 2004.-506с. .-100шт

4 Адаскин А. М. Материаловедение (металлообработка):учебник/А М. Адаскин, В. М. Зуев.-4-е изд.,-М.:Академия,2006.-240 с.

5 Пейсахов А. М. Материаловедение и технология конструкционных материалов/А. М.Пейсахов, А. М. Кучер.-3-е изд.-М.:Изд-во Михайлова В. А.,2005.-410 с.

Косымша


6 Оськин В. А. Материаловедение. Технология конструкционных материалов:учебник для студ. вузов/В. А. Оськин, В. В. Евсиков. Кн. 1.-2008.-447 с.

7 Болтон У. Конструкционные материалы: металлы, сплавы, полимеры, керамика, композиты: справочник; 2007.-319 с.

8 АдаскинА.М. Материаловедение (металлообработка): учебник/А.М.Адаскин В.М.Зуев.-3-е изд., стер.-М.:Академия,2004.-240с.

9 Материаловедение./ под ред.В. Т. Батиенкова.-М.:ИНФРА-М, 2008.-150с.







ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

«Бу қазандардың, жылу жүйелердің және су салқындататың қондырғылардың су-химиялық тәртіптері» пәні бойынша

295.61kb.

14 12 2014
1 стр.


ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Барлық мамандығының сырттай оқу нысанындағы студенттеріне арналған «Қазақстан тарихы» пәні бойынша

435.73kb.

14 12 2014
3 стр.


Пәні боынша ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

В071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының студенттері үшін арналған

412.98kb.

25 12 2014
1 стр.


ПӘннің ОҚыту бағдарламасы (Syllabus)

Пәннің оқыту бағдарламасы (Syllabus) «Ғылыми зерттеулер негіздері» бойынша 050901 «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану»» мамандығының іштей оқитын студент

552.27kb.

25 12 2014
3 стр.


ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 20 ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген

305.96kb.

13 10 2014
1 стр.


ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 20 ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген

364.92kb.

15 10 2014
1 стр.


ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 20 ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген

162.17kb.

13 10 2014
1 стр.


ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы syllabus

Бағдарлама 20 ж бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген

202.99kb.

25 12 2014
1 стр.