Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


ҚММУ Ф 4/03-06/02

2007 ж. 14 маусымдағы

ҚазММА жанындағы ОӘК №6 НХ

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

Семинар сабаққа арналған әдістемелік – ұсыныс
Тақырып 3: Жасушаішілік органеллалардың құрылымы және қызметтері.

Пән: Молекулярлық биология және медициналық генетика

Мамандығы: 5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»



Курс: 1

Құрастырушы:

Ыбраймжанова А.К.

Сейілханова А.Ә.

Қарағанды 2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Хаттама № _1_ «31__» __08__2012 ж.

Каф. меңгерушісі ____________________ Б.Ж. Култанов



Тақырып 3: Жасушаішілік органеллалардың құрылымы және қызметтері.

Мақсаты: эукариот жасушасының құрылысын, қызметтерін оқу

Оқыту мақсаты:

Жасушаның негізгі және қосымша элементтерін оқу, жасуша типтерінің және түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы, олардың қызметтеріноқып игеру.



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Прокариот және эукариот жасушаларының компоненттерін атаңыз.

2.Интерфазалық ядроның морфологиясы.

3.Ядролы-саңылау комплексі.

4.Ядрошық оның құрылысы және қызметі.

5.Жалпы арнайы органоидтар (митохондрия, лизосома, Гольджи комплексі, эндоплазмалық тор, пероксисомалар, рибосомалар, центриолдер)

6.Арнайы органоидтар, олардың қызметтері.

7.Өсімдік және жануар жасушаларының негізгі айырмашылықтары..

8.Цитоплазманың компоненттері

9.Интерфазалық ядроның. қызметтері

10.Ядролық-саңылау кешені, олардың қызметі және құрылысы.

11.Жалпы органоидтар (митохондрия, лизосомалар, Гольджи комплексі, эндоплазмалық тор, пероксисомалар, рибосомалар, центриолдер), олардың қызметі.

12.Автофагия және автолиз

Білім берудің және оқытудың әдістері:тақырыптық семинар: Дәстүрлі оқыту: жұптасып жұмыс істеу, оқулықтармен жұмыс, ситуациялық есептерді шешу, өздік жұмыстарын, тестілеу, препараттарды микроскоппен көру және салу

Әдебиет:

Негізгі

1. С.А.Әбілов. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- Шымкент: «Асқаралы» баспасы, 2008.- 424 с.

2. С.А.Әбілов. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- 2-ші, түзет. Ж. Толық, 2010.- 388 б.

Қосымша:

1. Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқулық.- Астана: Фолиант, 2008.- 336 с.

2. Е.Куандыков, С.А.Әбілов. Медициналық биология және генетика.- Алматы: НАS,2006.-320 б.

Бақылау түрі:

1. Бастапқы білім деңгейін бақылау.

2. Студентттердің өз бетінше жұмысының нәтижесін талдау.

3. Қорытынды білім деңгейін бақылау.



Ақпараттық блок

Эукариот жасушасының құрылымдық компоненттері.

Плазмалық мембрана қабатынын астыңда цитоплазма бар. Цитоплазманың (гиалоплазма) негізгі заттары органикалық және органикалық емес байланысынан тұратын концентрлі ерітінділер, олардың негізгі компоненті болып ақуыздар есептелінеді. Бұл коллоидты жүйе сұйық күйден қоймалжың күйге айналады және қайтадан қалпына келеді. Цитоплазманың маңызды ақуыз бөліктері әртүрлі химиялық реакцияларды жүзеге асыратын ферменттер болып табылады. Гиалоплазмада жасушада түрлі қызмет атқаратын органоидтар орналасады. Органоидтар мембраналық (ядро, Гольджи аппараты, эндоплазмалық тор, лизосомалар, митохондрия, хлоропласттар) және мебраналық емес (яғни мембранамен қоршалмаған) (жасуша орталығы, рибосомалар, цитоқаңқа) болып бөлінеді..



Цитоплазма. Сыртқы ортадан плазмалық мембрана арқылы бөлініп тұрады, жасушаның жартылайсұйық ортасын құрайды. Эукариот жасушасының цитолплазмасында ядро және басқа да әртүрлі органоидтар орналасады. Ядро цитоплазманың ортасында орналасады. Ядродан малекулалардың алмасуы немесе оған өтуі белсенді тасымалдау жолмен жүреді. Белсенсіз диффузия және белсенді тасымалдау ядролық-саңылау кешені арқылы жүзеге асады.

Цитоплазмада әртүрлі қосындылар, вакуоль, сонымен қатар жасуша қаңқасын түзетін ұсақ түтікшелер және жіпшелер бар. Цитоплазманың құрамындағы негізгі заттар ақуыздар. Цитоплазмада зат алмаудың негізгі процестері жүреді, ол ядроны және барлық органоидтарды бір-бірімен байланыстырады.



Эндоплазмалық тор. Цитоплазманың барлық ішкі аймағы көптеген ұсақ каналдармен және қуыстармен толтырылған, олардың қабырғалары плазмалық мембрана құрылысына ұқсас мембранадан тұрады. Бұл каналдар тармақталып, бір-бірімен бірігіп тор түзеді, ол эндоплазмалық тор деп аталады.

Эндоплазмалық тор құрылысы бойынша бірдей емес. Оның екі типі белгілі кедір-бұдырлы және тегіс. Кедір-бұдырлы тордың бетінде рибосомалар орналасады. Тегіс эндоплазмалық тордың мембраналарында рибосома болмайды. Эндоплазмалық тор әртүрлі қызмет атқарады. Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тордың негізгі қызметі – ақуыз синтезіне қатысу, ол рибосомада жүзеге асады. Тегіс эндоплазмалық тордың мембранасында липид және көмірсулардың синтезі жүреді. Барлық бұл өнімдер канал және қуыстарда жинақталады, содан кейін жасушаның әртүрлі органоидтарына тасымалданады. Эндоплазмалық тор жасушаның негізгі органоидтарын бірі-бірімен байланыстырады.



Рибосомалар. Рибосомалар барлық ағзалардың жасушаларында кездеседі. Бұл микроскоптық денешік, домалық пішінді диаметрі 15-20 нм. Әрбір рибосома мөлшері әртүрлі екі бөліктен тұрады, кіші және үлкен.

Бір жасушада мыңдаған рибосома болады, олар кедір-бұдырлы эндоплазмалық тордың мембранасында немесе цитоплазмада бос күйінде кездеседі. Рибосоманың құрамына ақуыз дәне РНҚ кіреді. Рибосоманың қызметі – ақуыз синтезі. Ақуыз синтезі - күрделі процесс, тек бір ғана рибосомамен синтезделмейді, бірнеше ондаған рибосоманың тобымен жүзеге асады. Рибосоманың бұндай тобын полисома деп атайды. Эндоплазмалық тор және рибосомалар, және мембараналарда орналасқан ақуыз транспортировкасын және биосинтезінен тұратын тұтас аппарат бірлігі болып табылады.



Митохондрия Жарық микроскопы арқылы жақсы көрінеді. Митохондрияның ішкі құрылысы микроскоп арқылы зерттелген. Митохондрия екі мембранадан тұрады – сыртқы және ішкі. Сыртқы мембранасы тегіс, ешқандай қатпар және өсінді түзбейді. Ішкі мембранасы, керсінше, митохондрияның қуысына бағытталған көптеген қатпарлар түзеді. Мембрананың ішкі қатпарларын қыртыс (кристалар) деп атайды (лат. «криста» - қыртыс, өсінді) Әртүрлі жасушалардағы митохондриядағы қыртыстың саны әртүрлі. Олар 10-100 дейін болуы мүмкін, әсіресе қыртысытар жасушада белсенді қызмет атқаратын митохондрияда көп, мысалы бұлшық еттік. Бұл қыртыстар митохондрияның ауқымын ұлғайтады. Егер де ферменттер митохондрияның беткі жағымен байланысты болса, көптеген ферментативті реакциялар эффективті түрде өтеді. АТФ митохондрияда синтезделеді. Бұл процесс цитозольдан енетін, көптеген ферменттердің қатысуын қажет етеді. Митохондрияның басқа органеллалардан ерекшелігі өзіне тән ДНҚ бар, ол ядролық ДНҚ ерекше және ерекше митохондриялы гендерді кодтайды.

Эукариот жасшаларында табылған көптеген пероксисомалар – жекеленген органеллалар, мембранамен қоршалған.

Пероксисомадағы жоғары концентрациядағы каталаза ферменттері сутегі пероксидің (Н 2 О 2 ) оттегі .және суға ыдырайды. Детоксикация реакциясы жоғарғы мөлшерде жүретін, бүйрек және бауыр жасушалары үшін бұндай тотығу реакия типі өте маңызды.



Студенттің өзіндік жұмысы:

Тәжірибелік жұмыстарды орындау:

1 Жұмыс (40х ). Жануар жасушасының құрылысы (қосмекендінің бауыры). Суретін салу және белгілеу 1) цитоплазма, 2) ядро, 3) қабығы.

2 Жұмыс (40х). Митохондрия. Суретін салу және белгілеу: 1) цитоплазма 2) ядро 3) қабығы 4) митохондрия

3 Жұмыс (40х). Жүйке жасушасындағы Гольджи комплексі Суретін салу және белгілеу: 1) цитоплазма, 2) ядро, 3) қабықша, 4) Гольджи комплексі

4 Жұмыс Кестені толтыру “Прокариот және эукариот типтерінің жасушаларының жалпы сипаттамасы


Сипаттама

Прокариоттар

Эукариоттар

Жасуша мөлшері







Ядролық мембрана







Плазматикалық мембрана







Генетикалық материал







Органеллалар:

митохондрия

Гольджи комплексі

рибосома


лизосома

эндоплазмалық тор

мезосомалар

хондриоидтар









Жасуша қабырғасы








5 Жұмыс. Альбомға кестен толтыру «Негізгі органоидтар. Құрылысы Қызметтері».

Для этого подобрать соответствующие строению органелл их функции заполнить 3 колонки таблици:



Негізгі органоидтар

Құрылысы

Қызметтері











6.. Жұмыс Альбомға кестені толтыру «Тасымалдау типтері».

Аталған заттар жасушаға қандай тасымалдану типі көмегімен енеді (диффузия, осмос, жеңілдетілген диффузия, белсенді тасымалдану, эндоцитоз).





Семинар сабаққа арналған әдістемелік ұсыныс Тақырып 3: Жасушаішілік органеллалардың құрылымы және қызметтері

Жасушаның негізгі және қосымша элементтерін оқу, жасуша типтерінің және түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы, олардың қызметтеріноқып игеру

79.81kb.

15 09 2014
1 стр.


Семинарлық сабаққа арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырып: Жасушаішілік органеллалардың құрылысы және қызметі. Жасушааралық байланыстар

135.55kb.

15 09 2014
1 стр.


Семинар сабаққа арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырып 9: Медициналық арахноэнтомологияға кіріспе. Шаянтәрізділер және өрмекшітәрізділер класы

43.38kb.

25 12 2014
1 стр.


Семинар сабаққа арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырып 12: Қосқанаттылар отрядының экологиялық сипаттамасы. Олардың медициналық маңызы

43.34kb.

25 12 2014
1 стр.


Семинар сабаққа арналған әдістемелік ұсыныс Тақырып 9: Популяциялық генетика негіздері

Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыптық семинар: Дәстүрлі оқыту: жұптасып жұмыс істеу, оқулықтармен жұмыс, ситуациялық есептерді шешу, өздік жұмыстарын, тестілеу, препарат

59.75kb.

15 12 2014
1 стр.


Семинар сабаққа арналған әдістемелік ұсыныс. Кредит 2

Дала қылқанының мысалында Қылқантәрізділер бөлімінің, аталық папоротник мысалында Папоротниктәрізділер бөлімінің мекен ету орыны, көбеюі және құрылысы

50.33kb.

24 09 2014
1 стр.


Семинар сабаққа арналған әдістемелік ұсыныс. Кредит 1: Кредит 2

Саңырауқұлақ бөлімінің өкілдерінің мекендейтін жері, көбеюі және құрылысы. Зигомицеттер және Аскомицеттер класы. Саңырауқұлақ бөлімінің өкілдерінің мекендейтін жері,көбеюі және құр

61.22kb.

25 12 2014
1 стр.


Семинарлық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырыбы: Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясы әлеуметтік өзгерістер аясында

52.16kb.

25 12 2014
1 стр.