Ф КГМА 1-8-22/02
МУ «Организация
методической работы в
соответствии с ГОСО 2006
года» от04.07.2007г.
Қарағанды мемлекеттік медицицна академиясы
Қазақстан тарихы және саяси -әлеуметтік пәндер кафедрасы
Семинарлық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Тақырыбы: Саяси режимдер Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару
Пән: «Саясаттану»
Мамандық: «051101»-« Мейірбике ісі»
Курс: 1
Құрастырушы: Темірқұлов О.Ж.
Қарағанды-2008
1.
Тақырыбы: Саяси режимдер Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару
2. Сабақтың мақсаты: Студенттерге саяси режим туралы тұжырымдамалар мен ұғымдакрды, саяси режимнің туріне қарай жіктелуі, режимдердің мемлекеттегі құрылымын түсіндіру, демократия жайындағы тұжырымды талдау, оның белгілерімен түрлерін сипаттап, Қазақстанның саяси жаңаруы түсіндіру
3. Оқытудың міндеті:
Студент білуге тиіс:
-
Саяси режимнің саяси жүйедегі орны
-
Саяси режим туралы түсінік
-
Сяси режимнің белгілеріне қарай жіктелуі
-
Саяси режимнің артықшылығы мен кемшіліктері
-
Дүниежүзіндегі саяси режим түрлері
4.
Тақырып бойынша тапсырмалар:
1.Авторитарлы тәртіпке анықтама
2.Саяси режим туралы түсінік
3.Демократиялық тәртіптің ерекшеліктері
4. Кеңес одағындағы саяси режим
5. ҚР-дағы саяси режимнің құрылымын түсіндіру
5. Оқыту әдістері: дискуссия, бірігіп жұмыс істеу, ситуациялық тапсырмалар
6 Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Оқу құралы. Саясаттану негіздері. Д. Жамбылов
2 Балгимбаев А.С. Саясаттану. Алматы -2004ж.
3.Назарбаев Н.Ә.. Тарих толқынында. – Алматы: «Елорда», 2001 – 301 б.
4. Токвиль А. Демократия в Америке.- М.,1989 г.
5.Хайек А: Дорога к рабству. – М., 1993г.
Қорытынды тест
1. Саяси режимдер дегеніміз:
А)мемлекеттің стратегиясы мен тактикасын жетілдіретін өкілеттігі бар тұлғалар немесе органдар жиынтығы;
В)соғыстан кейінгі экономиканы азаматтық тауарлар (өнім) шығаратын өндіріске көшіру;
С)белгілі бір мемлекеттегі билікті жүзеге асырудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы;
Д)нақты қоғамдық-саяси негізге сүйенетін саяси тәжірибе мен идеология;
Е)саяси жүйедегі негізді өзгерістің өктемдік тәсілі.
2.Тоталитаризм дегеніміз:
А)билік дін басыларының немесе шіркеу басыларының қолына шоғырланған мемлекеттік құрылыс;
В)билік бұқаралық аппарат құралдарының жаппай әсеріне негізделген мемлекеттік құрылыс;
С)белгілі бір, барлықтарына тән құндылықтарға негізделген, өздерінің спецификалық мүдделерін қорғайтын, әлеуметтік топтардың бір тәртіпке келтірген бәсекесін жүйе ретінде тұжырымдайтын мемлекеттік құрылыс;
Д)қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылым;
Е)билік формаға келтірілген, нормативті сипаттағы заңды дәстүрлерге негізделген мемлекеттік құрылыс.
3.өзінің қозғалысына сипаттама беру үшін «тоталитаризм» терминін саяси лексиконға енгізуші:
А) Муссолини;
В)Гитлер;
С)Наполеон;
Д)Сталин;
Е)Мао Цзе Дун.
4.Платонның кемелді мемлекеті ненің прототипі болды?
А)полиархияның;
В)монархияның;
С)авторитаризмнің;
Д)тоталитаризмнің;
Е)демократияның.
5.Тоталитаризмнің түрі ретінде национал-социализм қашан, қай елде пайда болды?
А)1933 ж. Германияда;
В)1922 ж. Италияда;
С)1928 ж. Испанияда;
Д)1912 ж. Қытайда;
Е)1937 ж. Совет Одағында.
6.Тоталитаризмнің бір түрі ретінде фашизм қашан, қай елде пайда болды?
А)1933 ж. Германияда;
В) 1922 ж. Италияда;
С)1928 ж. Испанияда;
Д)1912 ж. Қытайда;
Е)1938 ж. Жапонияда.
7.Ресми бекітелген және барлық азаматтар үшін міндетті идеологияның болуы ненің сипаты болып табылады:
А)бонапартизмнің;
В)демократизмнің;
С) тоталитаризмнің;
Д)либерализмнің;
Е)волюнтаризмнің.
8.Авторитаризм дегеніміз:
А)тұлғалар мен қоғамның саяси емес саласындағы автономиясын сақтайтын, саяси оппозицияға жол бермейтін, билікке бір адам немесе бір топ адам келетін тәртіп;
В)біртұтас мемлекет шеңберіндегі саяси-ұлттық құрылымның ауқымды түрде ішкі өзін-өзі басқаруы;
С)ғаламдық және өзекті мәселелерді шешуде өзіндік жол табуға ұмтылатын жаңа қоғамдық қозғалыс;
Д)билік әскери адамдардың қолында шоғырланған мемлекеттік құрылыс;
Е)қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында абсолюттік бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылыс.
9.ХХ ғасырда авторитаризмді заңдастыру мақсатында кеңінен қолданылған идеология:
А)радикализм;
В)консерватизм;
С)ұлтшылдық;
Д)марксизм;
Е)волюнтаризм.
10.Авторитаризм теориясының негізін қалаушылар:
А)Ж. де Ментр, Л. де Бональд;
В)Ш. Л. Монтескье, Ж.-Ж. Руссо;
С)А. Токвиль, Д. Локк;
Д)Р. Михельс, М. Острогорский;
Е)Г. Моска, В. Парето.