Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Сыныптан тыс жұмыс: «Батырлар төбесіне көтерген батыр».

Сыныбы: 6,7,8-сыныптар.

Пән мұғалімдері: Г.Қожағұлова, Н.Сегізбаева
Мақсаты: Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Мемлекетік сыйлығының иегері, даңқты жауынгер, аты аңызға айналған Ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арнап «Қаламгердің «Ұшқан ұясындағы» халықтық педагогика» атты оқырман конференциясы мен қаламгер шығармаларына талдау жасау арқылы оқушының таным белсенділігін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, әдебиеттегі Бауыржан бейнесін оқушыға үлгі етіп, ерлік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Формасы: әдеби-танымдық кеш.

Көрнекілігі: Бауыржанның портреті, кітап көрмесі, батырдың қанатты сөздері, бейнетаспа, үнтаспа, қабырға газеті.

Барысы: І Ұйымдастыру.

ІІ Кіріспе сөз.

ІІІ Оқырмандар пікірі.

ІҮ Ақын шығармашылығына шолу.

Ү Батырға арнау өлеңдер.

ҮІ Қорытынды сөз.



Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ардақты әріптестер мен оқушылар, сіздерді Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, отбасымызға амандық, еңбегімізге жеміс тілеймін. Жеңіс мерекесі қарсаңында аты аңызға айналған әйгілі батыр, халқымыздың қаһарман ұлы, есімі ел жадында мәңгілікке жатталып қалған даңқты қолбасшы, қазақтың қыран мінезді айбынды перзенті, дүниеге екі келмес биік біртуар тұлға, жастардың ұлағатты ұстазы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерекесіне арналған «Батырлар төбесіне көтерген батыр» атты әдеби-танымдық кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Кешегі отты жылдар дерегіне көз салсақ, Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан кешегі Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде өзінің экономикалық ресурстарымен де, адам күшімен де ортақ жауды жеңуге зор үлес қосты.

Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1.196.164 қару асынып, майданға аттанса, еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан Әскери комиссариаттан 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрған екен.

Соғыс жылдары ерен ерлігі үшін ордендер мен медальдармен марапатталған 96638 қазақ тіркелген. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанса, олардың 97-сі қазақ. Солардың ішінде «Шығыстың қос жұлдызы» - Әлия мен Мәншүк бар. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды.

Елдігіміз мен ерлігімізге сын болған осынау отты жылдарды еске алғанда, ақын Мұзафар Әлімбаевтың мына бір өлең жолдары ойға оралмай қоймайды.

Шатырлап жайдай,

Соғыстың көзі қанталап.

Жолбарыс жүрек –

Лапылдап кекпен өртенді-ақ:

Ормандай тұтас,

Қан көйлек достар – қалың қол.

Сақтаған елін,

Тажалдан талай қалқалап,

Оранып отқа,

қара жер жанып, шөкті орман.

Шерленді жүрек, дерт шалған.

Тым құрыса топырақ

Бұйырмай туған жерінен

Достарым қанша,

жарық дүниеде мерт болған?!

Бес жылда әзер,

Басылды соғыс дауылдап.

Жеңіспен күткен,

Оралдық туған ауылға.

Арманда кеткен

аяулы батыр достардың

Есімін бердік

Туған ұл, туыс, бауырға.

Майданда, көкте

Жеңістің оты самала!

Сүйсініп сонда,

Қараймын бейбіт далама.

Батырлар ырза

Ардақтап еске алсаңдар,

Ерлігі өшпей,

Сәулесі шашар санаға!

Бүгін, міне, біз де қайсар рухты қазақ, Бауыржанның халық алдындағы ерлігі мен еңбегін еске алып, тағзым етпекшіміз.

(Мұғалім Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығы туралы, Батырдың қазақ әдебиеті мен тарихындағы бірегей тұлғасы туралы қысқаша баяндап шығып, батыр рухына тағзым ету мақсатында

1 минут тыныштық жариядайды.)
І жүргізуші: Ел аузында аңыз болған есімі,

Атқан оқтан айтқан сөзі кесімді.

Ерге лайық мінезі оның найзағай,

Ақ боз атпен қолбасы боп келеді.


ІІ жүргізуші: Қалт еткенде естеліктер қалдырып,

Қоршау бұзған жауды естен тандырып.

Ер Бауыржан ата есімі рух берген,

100-ге келді жігер отын жандырып.



І жүргізуші: 1910 ж. 24 желтоқсанында Мыңбұлақтың басында, асқар таулардың бөктерінде, желмен ырғала ән салған қарағайлы, қайыңды өлкенің баурайында қазақ халқының бірегей ұлы Бауыржан атамыз дүние есігін ашқан екен. Атасы Имаш «Өмірге ұл келді» деп сүйіншілеп, жан-жаққа кісі шаптырып, жар сала туған-туыстарын қуантыпты. Шілдехана жасаса, ол тойға ұласыпты. Той соңында Имаш атасы ел қарияларынан алақан жайып бата сұраған екен. Сонда қариялар: «Төл немерең – бел немерең ғой, бата беру жөні өзіңдікі» депті.

ІІ жүргізуші: «Алатаудың қыраны мол еді,-

Қырағы болсын, құлыным!

Қойнауы суға мол еді,

Бұлағы болсын, құлыным!

Бұл жер батырлар төрі еді,-

Сыңарлы болсын, құлыным!

Әумин!»- деген екен.

І жүргізуші: Міне, осыдан-ақ, атасының болашақта немерем елін, жерін сүйетін ер болсын, халқына шырақ болатын ұл болсын деген арман-тілегі айқын танылады.

Ал Бауыржанның өз әкесі - еті тірі, қолы шебер, көкірегі ояу, көңілі сергек, оқымаса да, тоқығаны көп, өлең шығарып, жиын-тойға қатысып, айтысқа да түскен ақын адам, шымыр денелі, терең ойлы жан болған.



ІІ жүргізуші: Бауыржан Момышұлының тәрбиесінде әжесі Қызтумас ерекше орын алған. Әжесі немересін халықтың ән-жырына, ертегі-әңгімесіне сусындатып өсірген.

І жүргізуші: Бұл жөнінде Б.Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Ұшқан үя» кітабында әлем тарихы, жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы, адамзат қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы тұңғыш мағлұматтарды, азаматтық тұрғыдағы аңыз әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезіммен есіне алған, сондай-ақ, ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді екен.

І жүргізуші: Иә, ерлігі елден асқан батыр баба туралы естігенде халқымыздың «Ұяда не көрсе – ұшқанда соны ілер» деген даналық сөзі еріксіз еске түспей ме?

ІІ жүргізуші: Олай болса, батыр бабамыздың халықтың құрметіне бөленіп, Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Ұшқан ұя» туындысын оқып, өз пікірімен бөлісуге келген оқушылардың пікіріне де құлақ салып отыралық.

Құндыз: Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабында өзінің арғы бабасы мен асқар тауы - әкесі туралы естеліктерінен қамқор баба мен әкеге деген жылы лебізі ап-анық байқалады.

Ол бабасы Имаш 1911 жылы 92 жасында дүние салғандығын айта келіп, әкесі Момыналы (Момыш) орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол кісінің төртінші перзенті екендігін жазыпты.

Әкесі ел арасында «Тура Момыш» атанған, қызғаншақтық, бақталастық деген қу мінезі жоқ, қолы ашық кісі болған екен.

Әкемнің өнері өзге ауылдарға да белгілі еді. Алайда, өзі үшін болмаса, өзгелерден ақы алып ер-әбзел, зергер бұйымдарын жасаған емес.

Қыстың ұзақ кештерінде әкем бізге ертек айтып беретін. Өлең үйретіп, дауыстап кітап оқытатын. Кейбір түсінбеген сөздерімізді ежіктеп отырып түсіндіретін.

Толғанай: Ержүрек батыр асыл әжесінің әрқашанда ертегі айтып, сол ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін үлгі-өнеге етіп отыратыны туралы да естелігінде жазған екен. Әжесінің «Қазақтың жыл қайыру» ертегісін айта келіп, бойына сеніп, қатарыңнан қалып қоймауға, адамды алға бастайтын әрқашанда ақыл мен парасат екендігін айтса, «Ай, Күн, Су, Жел» деген ертегісін айта келіп, адам баласы, жақсылыққа жамандықпен жауап қайырмаңдар, әрқашан да жақсылықтың өтеуі жақсылық болсын!»-деп отыратын көрінеді.

Айнұр: Маған бұл шығармада ерекше әсер еткен жері автордың бақытты балалық шағын асқан сағынышпен еске алуы болды.

«Қайран балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы адал таңдарым менің» Онда мен кіп-кішкентай сәби едім. Ал айнала: таулар да, үйлер де, қойтастар да, жылқылар да – бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қадір-қасиет белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулыған түйсіксіз байқағандай болатынмын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаралған сияқты сезілуші еді.



Ол – ол ма, анау асқар тау, етектегі егісті шексіз дала, көгілдір аспан, түнде жымыңдаған жұлдыздар, толықсып туған ай, жасыл жайлау – бәрі-бәрі тек маған ғана елжірей қарап, мені ғана аймалап, әлдилейтін сияқты еді. Дүние сенің сәби күніңде көргендей өмір бойы қайырымды, аспаны – күмбез, желі – жібек, әдемі ертек болып тұра берсе»- дей отырып, «Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам» деп сөзін қорытындылайды. Ендеше, біз де неғұрлым халық ауыз әдебиетінің нұсқаларын көбірек оқып, үйренуге тырысуымыз керек.

Жансұлтан: Батыр атаның «Ұшқан ұя» естелігінде: «Осы сәтте біздің үйдің шаңырағынан бір қарлығаш ұшып кірді. Мұны сезген ұядағы шақалақ балапандар аузын ашып корек тілей бастады. Бәріміз де төбеге қараппыз. Қарлығаш төбедегі ұясының шетіне жайғасты да, балапандарын кезекпен жемдей бастады.

  • Фью-ю!- деп ысқырып жібердім де, әжемнің сабауын ала салып, қарлығашқа сілтеп үркіттім.

  • Е-е! Жаман бала болмасаң етті, бұзақының тірлігі ғой мынау, деп әжем қолымнан ұстай алды. – Қарлығашқа неге тиесің, бұл – киелі құс, адамның досы. Балапанын емін-еркін ұшырып, бақытын тапқанша бұл құс менің үйімнің төріндегі ең қадірлі қонағым ғой... Қонағыма қол көтергенің – мені де сыйламағаның емес пе, шұнағым,- деп ұялтып тастады» деген естелігінен біз де сабақ алуымызға болады. Біз де қоршаған ортаны, табиғат-ананы қорғап, қастерлеуге міндеттіміз деп ойлаймын.


Гүлжанат: Маған ерекше әсер еткен тұсы батыр атаның көкесінің жыршылық өнері болды. Автор: «Хиссалардың маржандай тізілген таза тілі, оралымды ойы, қиял жетпес теңеулері, адамды елітіп отыратын екпіні, ұйытып тастайтын ұйқасы тыңдаушының жан сарайын жарқыратып жіберген сияқтанатын»- дей келіп, көкесінің асқан жыршылық таланты болғанын, сол кезде көрші ауылдың жырқұмар халқының бәрі жиі қолқа салып, таңға жыр тыңдап, жаттап, өздері де хал-хадірінше жатқа айтып, көкесін «ұстаз» атағандары жайлы мақтанышпен еске алған екен. Біз де ақын-жазушылардың шығармаларына, жыр-дастандарына қызығушылық танытып, оқып-үйренсек, бізге де неге жыр жырлап, өлең шығармасқа?!

Нұргүл: «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді», «Ат жүйірігі айырады, тіл жүйірігі қайырады», «Сөз жүйесін табады, мал иесін табады», «Қисындырып қаласаң отын жанар, қиыстырып сөйлесең, халық нанар», «Зекетсіздің малы арам, тілсіздің дауы арам» дегендейін, қазақ тілі өзінің таза түрінде, бірнеше ғасыр, біздің заманымызға дейін өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан-жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіне тиімді, көңіл көтеріп, керегінде жанға тиіп, ашындырып, өтін сыртқа шығарып, долдандырып, қысыл-таяң қөатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып, ер намысын, ел намысын, адамгершілік арын, қан майданда, қырғын соғыста қасиетті тудай жоғары көтеріп, текті сезім оятып, жаудың да үнін шығармай қоятын да тіл құдіреті емес пе!?

І жүргізуші: Ана тілдің құдіретін қанша айтсақ та түгесу мүмкін емес... біле білгенге адамдағы ұлттық мақтаныштың алғашқы ұшқындары да жүрекке тіл арқылы ұялайды, өмір бойы адамға ең тамаша эстетикалық ләззат беретін де құдіретті тілің ғой!..

ІІ жүргізуші: «Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тарихы емес, бүрсігінгі де тарихы» деген Бауыржан бабамыздың даналық сөзі де жадымызда. Олай болса, атамыздың қазақ тілі туралы пікірін тыңдасақ.

Ж. Назерке: Тіл тазалығы – халқымыздың жауынгерлік мінез-құлқын тәрбиелеуге, салтына, ел намысына, ер намысына, адамгершілік арына, жауынгерлік мұрат-дәстүріне тәрбиелеуге тікелей ықпалын тигізеді.

Гүлия: «Ұшқан ұя» кітабында бірінші дүние жүзілік соғыс тұсында қара жұмысқа алынған «ел сүйген азаматтардың туған ел, өскен жерден жырақта жүріп, ауылды аңсап, жат жерде жалғыздық шегіп, көңілі қайғыға, көкірегі шерге толғанын, туған-туыстарының жүзін көруге зарығып жүрген кездерінде елге жазған хаты:

Кір жуып, кіндік кескен жер, аман бол!

Шортандай жүзген айдын көл аман бол!

Бір басы ер жігіттің не көрмейді,

Келгенше біздер қайтып ел аман бол!
Не келіп, не кетпейді ел басына,

Ермейді ер жігіттің ел қасына.

Келерміз төрт-бес айда елге қайтып,

Аз уақыт ойнап жүріп ор басында.»- деген сөздерін еске алғанда туған жердің қадірін білгенімізді, бейбітшілік өмірдің адамзат үшін қаншалықты қымбат екендігін айтса керек.



Сая: Қаламгердің әпкесі Үбиан тұрмысқа шығу құрметіне жасалған тойда халқымыздың ұлттық ойыны «Көкпардың» көрінісі және оны асқан шеберлікпен суреттеген жазушы тілі ерекше ұнады. Сол көріністен үзінді оқып берейін:

«Сол-ақ екен, қасқырға құйылған қырадай Аққұл ілгері ұмтыла берді. Жардай үлкен шалдың жинақталып бір уыс болып кеткеніне таң қалдым. Денесі шиыршық атып, әлгі серкені жерге жеткізбей қағып алды.



    Пау, шіркін!-деп шу ете қалған шабандоздар дауысы сайыс аңсаған

    сұңқарлардың үніндей шаңқ етіп еді. Аққұл болса ортада шыр айналып, сайыс әдісін жастарға жария еткендей өзімен-өзі егесіп өнер көрсете бастады. Көкпарды ат бауырынан ары-бері ауыстырып, қарсыласын айламен алғандай болады. Біресе, ерден ауып түсіп, ат сауырын сағалайды. Тағы бірде ат жалына жабысып, қуғыншыдан құтылғандай болады. Боз шолағын ұршықша үйіріп, топ ортасында жас жігіттей ширақ дөңгеленіп жүрген шалдың ширақ қимылына қызықпаған жан жоқ. Тіптен көкем асымда тұрып, қайта-қайта айқайлайды, жер тебініп құлшынады. Ол өзін де, өзгені де ұмытып, бар дүниені көкпар қызығына салып тұрғандай. Тек Аққұлдың икемділігінен басқаны елер емес.Аққұл ортаны тағы бір айналып шықты да, гулеген шабандоздардың қарсысына тоқтады. Көкпарды көкке көтеріп, жігіттер жаққа атып жіберді.



Алапат айқас басталды да кетті. Сарт-сұрт еткен үзеңгі, сабаласқан қамшы, үзік-үзік әмірлі сөз. Серкеге кімнің қолы жетері белгісіз.

Кенет, осыншама мол тірестің арасынан біреу серкені аттың сауырына салып, сытылып шыға берді.



    Япырмай, не деген қайратты қол еді мынау! Қолыңнан айналайын, күшіңнен айналайын! Ақыреттің арасынан алып шыққанын көрмеймісің!. Жарайсың, жігітім!- деп, серпіліп кетті Аққұл».

Осы үзіндіден байқағаным, сайыста оза шығып бәйге алған, ел намысын асқақтатқан ұлдарын халқымыз қашанда көкке көтеруге даяр екендігін сезіндім.

І жүргізуші: Әрине, Сая, біз - ел намысын асқақтатқан ұлдармыз. Бізде «азамат сыны – ерлік,- дейді, - ерлік – ердің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» деген Бауыржан атамыздың даналық сөзін есімізден шығармаймыз.

ІІ жүргізуші: Ендеше, атамыздың ерлік туралы пікірлерінен үзінді айта аламыз ба?

Назерке: Ерлік – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзіңнің, Отан-анаңның ар-намысын және азаматтың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы қасиетін, азаматтық парызын орындауы.

Ерліктің анасы – мақтаныш. Адам бойындағы тазалық, ұқыптылық, жан мен тән жүйесінің кіршіксіздігі жеке мақтаныш сезімін тудырады, өзін-өзі ұстай білушілікке үйретеді, өзі мен айналасындағыларға талап қоя білуге дағдыландырады. Сыртқы тәртіпсіздік – адамның ішкі кемістігінің белгісі.



Мұғалім: «Ерді ел үшін,

Жігітті жұрт үшін мақта.

Ежелден ер тілегі – ел тілегі,

Адал ұл ер боп туса, ел тілегі» деген екен Бауыржан атамыз.

(Көрмемен таныстыру. Шығармалары жазылған жадынамалық кестемен жұмыс.)

Ән «Әлия». Орындайтын А.Молдабекова


І жүргізуші: Сәлем – сөздің анасы,

Сәлем беру де – парыз,

Сәлем алу да – парыз,

Әдепті елдің баласы,

Алыстан сәлем береді.

Көрініс - «Сәлем – сөз басы». ( «Ұшқан ұя» кітабының желісі бойынша).



І жүргізуші: Б.Момышұлының есімін еске алсақ, ойымызға Әзілхан Нұршайықовтың «Баукең - әскери, әдеби, саяси даналық бір басынан табылатын бірегей тұлға» деген пікірі оралары хақ.

ІІ жүргізуші: Иә, соғыс Бауыржан Момышұлы қазақ халқының тарихында даңқты батыр әрі жазушы болып қалды. Ұлы Отан соғысының ардагері, генерал, жазушы Петр Вершигора осы жөнінде айта келіп: «Бізге Бауыржан Момышұлының соғыстағы ерліктері белгілі. Ал жазушы болу арқылы ол екінші ерлік жасады»,- деген еді.

І жүргізуші: Атамыз: «Мен әдебиетке Ұлы Отан соғысының буксирінде келдім»,- деп бейнелі сөзбен айтқан болатын. Шынында да ол әдебиетке кездейсоқ келген жоқ еді,- оның қолына қалам алдырған шындыққа деген адалдығы, тарихқа деген азаматтық борышы болатын.

ІІ жүргізуші: Соғыс кезінде қан кешіп жүріп істеген адал еңбегі әділ бағаланбаған Бауыржан Момышұлы мұқалмас ерлік-жігердің, күш-қайраттың, ақыл-парасаттың, ар-ожданның иесі болып қала алды. Бауыржанның ұзақ жылдар бойы жүрегін сыздатқан соғыс дерті оның қаламынан отаншылдық тақырыбына жазған мақалалары мен қанатты сөздері, зергерлі жыр жолдары қас батырдың шындық іздеген айқайының жаңғыра шыққан үні іспеттес. Қарт жауынгер Әзілхан Нұршайықов: «Бауыржан – батырлық пен ақындық деген қос таланттың қожасы, маузер мен қалам деген қос қарудың иесі» деген пікіріне сүйене отырып, ақынның өлеңдерімен танысайық.

Азамат «Ескертпе»:

Найзадан қол босаса қалам алдым,

Толғанып оығанды көп ойладым.

Тырмысып әл келгенше көргенімді,

Жалтақтамай, именбей ашық жаздым.

Отырсам көп ойланып күнім жақын,

Әр адам біле бермейд сөздің парқын.

Ұрпаққа арнап істелген адал еңбек,

Ақ ниетпен ұсындым саған, халқым.

Жазушы болмаған соң менің затым,

Көркемді, жұмыр емес жазған хатым.

Салмақтайтын саналы ер табылса,

Атаусыз неге қалсын, менің атым?

Лаура «Тырнақтап жина әр жерден»:

Еріккеннен жазылған,

Елге ермек бола алмас.

Зеріккеннен жазылған,

Зерттеуге белгі бола алмас.


Ылғи алтын іздеме,

Қазына оған тола алмас.

Сұлу сөзге құл болма,

Зеректік онда көп болмас.


Қол-аяғы болмаса,

Орнынан адам тұра алмас.

Қанатын жазып ұшқанмен,

Құйрықсыз құс қона алмас.


Тырнақтап жина әр жерден,

Асылын елеп теріп ал.

Көзге ілместен тастама,

Кірпішсіз үй құра алмас.



Ғани «Достыма»:

Ер жігіттен не пайда,

Ел күйзеліп, жер күйіп.

Отанға дұшпан тигенде,

Айғыр мініп, ат ерттеп,

Жауға қарсы бармаса,

Қолына найза алмаса?!
Адал ұлдан не пайда,-

Ел намысын қорғауға,

Ер намысын қолға алып,,

Қару-жарақ тағынып,

Тәуекелге бел байлап,

Атаның жолын қумаса?!


Кемеңгерден не пайда,

От басында сөз бермей,

Топ алдында, сынақта,

Тұтығып, тілі күрмеліп,

Ақылынан адасып,

Жұмған аузын ашпаса.


Гүлдана «Серігім»:

Жігіттік, ерлік, батырлық,

Қаһармандық етіп ең.

Тосыннан тиген дұшпанға,

Табандылық етіп ең.
Өршіл, өжет батырым,

Ерлігіңе сенуші ем.

Қас батырдың бейнесін,

Сыпатыңнан көруші ем.


Ақылға да кен едің,

Үлгі, өнеге көрсетер.

Ел серкесі болар деп,

Ішімнен баға беруші ем.


Серігім едің сенімді,

Жауды бірге шабысқан.

Жүрекке жылы, жанға жат,

Есіттім хабар алыстан.


Сыймай кеттің маңдайға,

Қыршын шейіт арыстан.

Қазаңа қатты қайғырып,

Қабырғам менің қайысқан.



І жүргізуші: Аты аңызға айналған батыр бабамыздың өр тұлғасын даралап, ерлігі мен асқақ рухына бас иіп қана қоймай, өз ризашылығын жыр жолдарымен кестелеген ақындарымыздың жырларына кезек берсек.

Нұрғиса «Бауыржанға» (М.Мақатаев)

Гүлия «Бауыржан» (Қ.Аманжолов)

ІІ жүргізуші: Міне, ақындардың інжу-маржан сөз тізбегінен халық үшін қан майданда шайқасқан қайталанбас ер тұлғаның аты кейінгі ұрпаққа өшпес аңыз болып, халық ұсынған даңқ, ұсынылмаған сый да артық емес екенін ыстық сезіммен тыңдадық.

І жүргізуші: Ерлік – елдің қасиеті.

ІІ жүргізуші: Жүректілік – жігіттің қасиеті.

І жүргізуші: «Жігіттер, істеріңе адал болыңдар! Қорқақтық жасасақ – халық алдында абыройымыз жоқ. Халқымыздың ар-намысына қара күйе жағушы боламыз. Мұндай жағдайдан аулақ болайық, өлсек те ел намысы дегенді ұмытпайық. Халқымыз біздерді мақтан етсін! Қазақ баласы – ар мен намыс иесі».

Ән «Қазақ жігіттері». Орындайтын 6-сынып оқушысы – Қожасов Азамат.

І жүргізуші: Қызу қанды командир ол намысты,

Жауға қарсы жан аямай алысты.

Ұмытпаймыз қаһарманын халықтың,

Батыр ата Бауыржандай арысты.



ІІ жүргізуші:

Маңдайдағы наркескеннің бірісің,

Ерлігіңмен, өрлігіңмен ірісің!

Халқыңменен біргесің сен, жан ата,

Ұмытылмайды өнегелі ұлы ісің!

І жүргізуші: Батыр атаның өз ұрпақтары: сіздер мен біздерге берген батасын қабыл алайық.

(Қазақ радиосының алтын қорында сақталған Бауыржан Момышұлының жас ұрпаққа берген жауынгерлік батасын қол жайып, қошаметпен қабыл алу рәсімі.)



Қорытынды сөз. Міне, ата-бабаның қанымен, көл болған көз жасымен, ерен еңбегімен, асыл арман-мұратымен, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» халқымыздың ауызбіршілігімен келген Ұлы Жеңіске қазақ батырларының сіңірген еңбегі телегей теңіз екендігін білдік. Ендеше, ел болып тойланып жатқан ұлы той үстінде ел қорғаған батырларымыз бен жеңіс күнін жақындатқан еңбек ерлерін құрметпен еске алып, ерліктеріне тағзым ету - әр адамның парызы.

Тағы да, құрметті қонақтар, әріптестер, оқушылар, мерекелеріңіз құтты болсын, тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ардақты әріптестер мен оқушылар, сіздерді Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, отбасымызға амандық, еңбегімізге жеміс тілеймін. Жеңіс мерекесі қарсаңында аты аңызға айналған әйгілі батыр, халқымыздың қаһарман ұлы, есімі ел жадында мәңгілікке жатталып қалған даңқты қолбасшы, қазақтың қыран мінезді айбынды перзенті, дүниеге екі келмес биік біртуар тұлға, жастардың ұлағатты ұстазы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерекесіне арналған «Батырлар төбесіне көтерген батыр» атты әдеби-танымдық кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Кешегі отты жылдар дерегіне көз салсақ, Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан кешегі Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде өзінің экономикалық ресурстарымен де, адам күшімен де ортақ жауды жеңуге зор үлес қосты.

Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1.196.164 қару асынып, майданға аттанса, еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан Әскери комиссариаттан 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрған екен.

Соғыс жылдары ерен ерлігі үшін ордендер мен медальдармен марапатталған 96638 қазақ тіркелген. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанса, олардың 97-сі қазақ. Солардың ішінде «Шығыстың қос жұлдызы» - Әлия мен Мәншүк бар. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды.

Елдігіміз мен ерлігімізге сын болған осынау отты жылдарды еске алғанда, ақын Мұзафар Әлімбаевтың мына бір өлең жолдары ойға оралмай қоймайды.

Шатырлап жайдай,

Соғыстың көзі қанталап.

Жолбарыс жүрек –

Лапылдап кекпен өртенді-ақ:

Ормандай тұтас,

Қан көйлек достар – қалың қол.

Сақтаған елін,

Тажалдан талай қалқалап,

Оранып отқа,

қара жер жанып, шөкті орман.

Шерленді жүрек, дерт шалған.

Тым құрыса топырақ

Бұйырмай туған жерінен

Достарым қанша,

жарық дүниеде мерт болған?!

Бес жылда әзер,

Басылды соғыс дауылдап.

Жеңіспен күткен,

Оралдық туған ауылға.

Арманда кеткен

аяулы батыр достардың

Есімін бердік

Туған ұл, туыс, бауырға.

Майданда, көкте

Жеңістің оты самала!

Сүйсініп сонда,

Қараймын бейбіт далама.

Батырлар ырза

Ардақтап еске алсаңдар,

Ерлігі өшпей,

Сәулесі шашар санаға!

Бүгін, міне, біз де қайсар рухты қазақ, Бауыржанның халық алдындағы ерлігі мен еңбегін еске алып, тағзым етпекшіміз.

Ю.А.ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ №8 МЕКТЕП

Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі

Батырлар төбесіне көтерген батыр

(Қалалық сыныптан тыс жұмыс)
6-7-8-сыныптар.

Пән мұғалімдері: Г.Қожағұлова,

Н.Сегізбаева.

Байқоңыр – 2010


Сыныптан тыс жұмыс: «Батырлар төбесіне көтерген батыр».

Сыныбы: 6,7,8-сыныптар.

Пән мұғалімдері: Г.Қожағұлова, Н.Сегізбаева
Мақсаты: Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Мемлекетік сыйлығының иегері, даңқты жауынгер, аты аңызға айналған Ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арнап ««Ұшқан ұясындағы» халықтық педагогика» атты оқырман конференциясы мен қаламгер шығармаларына талдау жасау арқылы оқушының таным белсенділігін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, әдебиеттегі Бауыржан бейнесін оқушыға үлгі етіп, ерлік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Формасы: Әдеби-танымдық кеш.

Көрнекілігі: Бауыржанның портреті, кітап көрмесі, батырдың қанатты сөздері, бейнетаспа, үнтаспа, қабырға газеті.

Барысы: І Ұйымдастыру.

ІІ Кіріспе сөз.

ІІІ Оқырмандар пікірі.

ІҮ Ақын шығармашылығына шолу.

Ү Батырға арнау өлеңдер.

ҮІ Қорытынды сөз.



Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ардақты әріптестер мен оқушылар, сіздерді Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, отбасымызға амандық, еңбегімізге жеміс тілеймін. Жеңіс мерекесі қарсаңында аты аңызға айналған әйгілі батыр, халқымыздың қаһарман ұлы, есімі ел жадында мәңгілікке жатталып қалған даңқты қолбасшы, қазақтың қыран мінезді айбынды перзенті, дүниеге екі келмес биік біртуар тұлға, жастардың ұлағатты ұстазы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерекесіне арналған «Батырлар төбесіне көтерген батыр» атты әдеби-танымдық кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Кешегі отты жылдар дерегіне көз салсақ, Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан кешегі Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде өзінің экономикалық ресурстарымен де, адам күшімен де ортақ жауды жеңуге зор үлес қосты.

Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1.196.164 қару асынып, майданға аттанса, еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан Әскери комиссариаттан 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрған екен.

Соғыс жылдары ерен ерлігі үшін ордендер мен медальдармен марапатталған 96638 қазақ тіркелген. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанса, олардың 97-сі қазақ. Солардың ішінде «Шығыстың қос жұлдызы» - Әлия мен Мәншүк бар. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды.

Елдігіміз мен ерлігімізге сын болған осынау отты жылдарды еске алғанда, ақын Мұзафар Әлімбаевтың мына бір өлең жолдары ойға оралмай қоймайды.

Шатырлап жайдай,

Соғыстың көзі қанталап.

Жолбарыс жүрек –

Лапылдап кекпен өртенді-ақ:

Ормандай тұтас,

Қан көйлек достар – қалың қол.

Сақтаған елін,

Тажалдан талай қалқалап,

Оранып отқа,

қара жер жанып, шөкті орман.

Шерленді жүрек, дерт шалған.

Тым құрыса топырақ

Бұйырмай туған жерінен

Достарым қанша,

жарық дүниеде мерт болған?!

Бес жылда әзер,

Басылды соғыс дауылдап.

Жеңіспен күткен,

Оралдық туған ауылға.

Арманда кеткен

аяулы батыр достардың

Есімін бердік

Туған ұл, туыс, бауырға.

Майданда, көкте

Жеңістің оты самала!

Сүйсініп сонда,

Қараймын бейбіт далама.

Батырлар ырза

Ардақтап еске алсаңдар,

Ерлігі өшпей,

Сәулесі шашар санаға!

Бүгін, міне, біз де қайсар рухты қазақ, Бауыржанның халық алдындағы ерлігі мен еңбегін еске алып, тағзым етпекшіміз.

(Мұғалім Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығы туралы, Батырдың қазақ әдебиеті мен тарихындағы бірегей тұлғасы туралы қысқаша баяндап шығады.)
І жүргізуші: Ел аузында аңыз болған есімі,

Атқан оқтан айтқан сөзі кесімді.

Ерге лайық мінезі оның найзағай,

Ақ боз атпен қолбасы боп келеді.


ІІ жүргізуші: Қалт еткенде естеліктер қалдырып,

Қоршау бұзған жауды естен тандырып.

Ер Бауыржан ата есімі рух берген,

100-ге келді жігер отын жандырып.



І жүргізуші: 1910 ж. 24 желтоқсанында Мыңбұлақтың басында, асқар таулардың бөктерінде, желмен ырғала ән салған қарағайлы, қайыңды өлкенің баурайында қазақ халқының бірегей ұлы Бауыржан атамыз дүние есігін ашқан екен. Атасы Имаш «Өмірге ұл келді» деп сүйіншілеп, жан-жаққа кісі шаптырып, жар сала туған-туыстарын қуантыпты. Шілдехана жасаса, ол тойға ұласыпты. Той соңында Имаш атасы ел қарияларынан алақан жайып бата сұраған екен. Сонда қариялар: «Төл немерең – бел немерең ғой, бата беру жөні өзіңдікі» депті.

ІІ жүргізуші: «Алатаудың қыраны мол еді,-

Қырағы болсын, құлыным!

Қойнауы суға мол еді,

Бұлағы болсын, құлыным!

Бұл жер батырлар төрі еді,-

Сыңарлы болсын, құлыным!

Әумин!»- деген екен.

І жүргізуші: Міне, осыдан-ақ, атасының болашақта немерем елін, жерін сүйетін ер болсын, халқына шырақ болатын ұл болсын деген арман-тілегі айқын танылады.

Ал Бауыржанның өз әкесі - еті тірі, қолы шебер, көкірегі ояу, көңілі сергек, оқымаса да, тоқығаны көп, өлең шығарып, жиын-тойға қатысып, айтысқа да түскен ақын адам, шымыр денелі, терең ойлы жан болған.



ІІ жүргізуші: Бауыржан Момышұлының тәрбиесінде әжесі Қызтумас ерекше орын алған. Әжесі немересін халықтың ән-жырына, ертегі-әңгімесіне сусындатып өсірген.

І жүргізуші: Бұл жөнінде Б.Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Ұшқан үя» кітабында әлем тарихы, жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы, адамзат қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы тұңғыш мағлұматтарды, азаматтық тұрғыдағы аңыз әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезіммен есіне алған, сондай-ақ, ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді екен.

І жүргізуші: Иә, ерлігі елден асқан батыр баба туралы естігенде халқымыздың «Ұяда не көрсе – ұшқанда соны ілер» деген даналық сөзі еріксіз еске түспей ме?

ІІ жүргізуші: Олай болса, батыр бабамыздың халықтың құрметіне бөленіп, Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Ұшқан ұя» туындысын оқып, өз пікірімен бөлісуге келген оқушылардың пікіріне де құлақ салып отыралық.

Құндыз: Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабында өзінің арғы бабасы мен асқар тауы - әкесі туралы естеліктерінен қамқор баба мен әкеге деген жылы лебізі ап-анық байқалады.

Ол бабасы Имаш 1911 жылы 92 жасында дүние салғандығын айта келіп, әкесі Момыналы (Момыш) орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол кісінің төртінші перзенті екендігін жазыпты.

Әкесі ел арасында «Тура Момыш» атанған, қызғаншақтық, бақталастық деген қу мінезі жоқ, қолы ашық кісі болған екен.

Әкемнің өнері өзге ауылдарға да белгілі еді. Алайда, өзі үшін болмаса, өзгелерден ақы алып ер-әбзел, зергер бұйымдарын жасаған емес.

Қыстың ұзақ кештерінде әкем бізге ертек айтып беретін. Өлең үйретіп, дауыстап кітап оқытатын. Кейбір түсінбеген сөздерімізді ежіктеп отырып түсіндіретін.

Толғанай: Ержүрек батыр асыл әжесінің әрқашанда ертегі айтып, сол ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін үлгі-өнеге етіп отыратыны туралы да естелігінде жазған екен. Әжесінің «Қазақтың жыл қайыру» ертегісін айта келіп, бойына сеніп, қатарыңнан қалып қоймауға, адамды алға бастайтын әрқашанда ақыл мен парасат екендігін айтса, «Ай, Күн, Су, Жел» деген ертегісін айта келіп, адам баласы, жақсылыққа жамандықпен жауап қайырмаңдар, әрқашан да жақсылықтың өтеуі жақсылық болсын!»-деп отыратын көрінеді.

Айнұр: Маған бұл шығармада ерекше әсер еткен жері автордың бақытты балалық шағын асқан сағынышпен еске алуы болды.

«Қайран балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы адал таңдарым менің» Онда мен кіп-кішкентай сәби едім. Ал айнала: таулар да, үйлер де, қойтастар да, жылқылар да – бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қадір-қасиет белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулыған түйсіксіз байқағандай болатынмын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаралған сияқты сезілуші еді.



Ол – ол ма, анау асқар тау, етектегі егісті шексіз дала, көгілдір аспан, түнде жымыңдаған жұлдыздар, толықсып туған ай, жасыл жайлау – бәрі-бәрі тек маған ғана елжірей қарап, мені ғана аймалап, әлдилейтін сияқты еді. Дүние сенің сәби күніңде көргендей өмір бойы қайырымды, аспаны – күмбез, желі – жібек, әдемі ертек болып тұра берсе»- дей отырып, «Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам» деп сөзін қорытындылайды. Ендеше, біз де неғұрлым халық ауыз әдебиетінің нұсқаларын көбірек оқып, үйренуге тырысуымыз керек.

Жансұлтан: Батыр атаның «Ұшқан ұя» естелігінде: «Осы сәтте біздің үйдің шаңырағынан бір қарлығаш ұшып кірді. Мұны сезген ұядағы шақалақ балапандар аузын ашып корек тілей бастады. Бәріміз де төбеге қараппыз. Қарлығаш төбедегі ұясының шетіне жайғасты да, балапандарын кезекпен жемдей бастады.

  • Фью-ю!- деп ысқырып жібердім де, әжемнің сабауын ала салып, қарлығашқа сілтеп үркіттім.

  • Е-е! Жаман бала болмасаң етті, бұзақының тірлігі ғой мынау, деп әжем қолымнан ұстай алды. – Қарлығашқа неге тиесің, бұл – киелі құс, адамның досы. Балапанын емін-еркін ұшырып, бақытын тапқанша бұл құс менің үйімнің төріндегі ең қадірлі қонағым ғой... Қонағыма қол көтергенің – мені де сыйламағаның емес пе, шұнағым,- деп ұялтып тастады» деген естелігінен біз де сабақ алуымызға болады. Біз де қоршаған ортаны, табиғат-ананы қорғап, қастерлеуге міндеттіміз деп ойлаймын.

Гүлжанат: Маған ерекше әсер еткен тұсы батыр атаның көкесінің жыршылық өнері болды. Автор: «Хиссалардың маржандай тізілген таза тілі, оралымды ойы, қиял жетпес теңеулері, адамды елітіп отыратын екпіні, ұйытып тастайтын ұйқасы тыңдаушының жан сарайын жарқыратып жіберген сияқтанатын»- дей келіп, көкесінің асқан жыршылық таланты болғанын, сол кезде көрші ауылдың жырқұмар халқының бәрі жиі қолқа салып, таңға жыр тыңдап, жаттап, өздері де хал-хадірінше жатқа айтып, көкесін «ұстаз» атағандары жайлы мақтанышпен еске алған екен. Біз де ақын-жазушылардың шығармаларына, жыр-дастандарына қызығушылық танытып, оқып-үйренсек, бізге де неге жыр жырлап, өлең шығармасқа?!

Нұргүл: «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді», «Ат жүйірігі айырады, тіл жүйірігі қайырады», «Сөз жүйесін табады, мал иесін табады», «Қисындырып қаласаң отын жанар, қиыстырып сөйлесең, халық нанар», «Зекетсіздің малы арам, тілсіздің дауы арам» дегендейін, қазақ тілі өзінің таза түрінде, бірнеше ғасыр, біздің заманымызға дейін өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан-жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіне тиімді, көңіл көтеріп, керегінде жанға тиіп, ашындырып, өтін сыртқа шығарып, долдандырып, қысыл-таяң қөатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып, ер намысын, ел намысын, адамгершілік арын, қан майданда, қырғын соғыста қасиетті тудай жоғары көтеріп, текті сезім оятып, жаудың да үнін шығармай қоятын да тіл құдіреті емес пе!?

І жүргізуші: Ана тілдің құдіретін қанша айтсақ та түгесу мүмкін емес... біле білгенге адамдағы ұлттық мақтаныштың алғашқы ұшқындары да жүрекке тіл арқылы ұялайды, өмір бойы адамға ең тамаша эстетикалық ләззат беретін де құдіретті тілің ғой!..

ІІ жүргізуші: Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тарихы емес, бүрсігінгі де тарихы» деген Бауыржан бабамыздың даналық сөзі де жадымызда. Олай болса, атамыздың қазақ тілі туралы пікірін тыңдасақ.

Ж. Назерке: Тіл тазалығы – халқымыздың жауынгерлік мінез- құлқын тәрбиелеуге, салтына, ел намысына, ер намысына, адамгершілік арына, жауынгерлік мұрат-дәстүріне тәрбиелеуге тікелей ықпалын тигізеді.

Гүлия: «Ұшқан ұя» кітабында бірінші дүние жүзілік соғыс тұсында қара жұмысқа алынған «ел сүйген азаматтардың туған ел, өскен жерден жырақта жүріп, ауылды аңсап, жат жерде жалғыздық шегіп, көңілі қайғыға, көкірегі шерге толғанын, туған-туыстарының жүзін көруге зарығып жүрген кездерінде елге жазған хаты:

Кір жуып, кіндік кескен жер, аман бол!

Шортандай жүзген айдын көл аман бол!

Бір басы ер жігіттің не көрмейді,

Келгенше біздер қайтып ел аман бол!
Не келіп, не кетпейді ел басына,

Ермейді ер жігіттің ел қасына.

Келерміз төрт-бес айда елге қайтып,

Аз уақыт ойнап жүріп ор басында.»- деген сөздерін еске алғанда туған жердің қадірін білгенімізді, бейбітшілік өмірдің адамзат үшін қаншалықты қымбат екендігін айтса керек.



Сая: Қаламгердің әпкесі Үбиан тұрмысқа шығу құрметіне жасалған тойда халқымыздың ұлттық ойыны «Көкпардың» көрінісі және оны асқан шеберлікпен суреттеген жазушы тілі ерекше ұнады. Сол көріністен үзінді оқып берейін:

«Сол-ақ екен, қасқырға құйылған қырадай Аққұл ілгері ұмтыла берді. Жардай үлкен шалдың жинақталып бір уыс болып кеткеніне таң қалдым. Денесі шиыршық атып, әлгі серкені жерге жеткізбей қағып алды.



    Пау, шіркін!-деп шу ете қалған шабандоздар дауысы сайыс аңсаған

    сұңқарлардың үніндей шаңқ етіп еді. Аққұл болса ортада шыр айналып, сайыс әдісін жастарға жария еткендей өзімен-өзі егесіп өнер көрсете бастады. Көкпарды ат бауырынан ары-бері ауыстырып, қарсыласын айламен алғандай болады. Біресе, ерден ауып түсіп, ат сауырын сағалайды. Тағы бірде ат жалына жабысып, қуғыншыдан құтылғандай болады. Боз шолағын ұршықша үйіріп, топ ортасында жас жігіттей ширақ дөңгеленіп жүрген шалдың ширақ қимылына қызықпаған жан жоқ. Тіптен көкем асымда тұрып, қайта-қайта айқайлайды, жер тебініп құлшынады. Ол өзін де, өзгені де ұмытып, бар дүниені көкпар қызығына салып тұрғандай. Тек Аққұлдың икемділігінен басқаны елер емес.Аққұл ортаны тағы бір айналып шықты да, гулеген шабандоздардың қарсысына тоқтады. Көкпарды көкке көтеріп, жігіттер жаққа атып жіберді.



Алапат айқас басталды да кетті. Сарт-сұрт еткен үзеңгі, сабаласқан қамшы, үзік-үзік әмірлі сөз. Серкеге кімнің қолы жетері белгісіз.

Кенет, осыншама мол тірестің арасынан біреу серкені аттың сауырына салып, сытылып шыға берді.



    Япырмай, не деген қайратты қол еді мынау! Қолыңнан айналайын, күшіңнен айналайын! Ақыреттің арасынан алып шыққанын көрмеймісің!. Жарайсың, жігітім!- деп, серпіліп кетті Аққұл».

Осы үзіндіден байқағаным, сайыста оза шығып бәйге алған, ел намысын асқақтатқан ұлдарын халқымыз қашанда көкке көтеруге даяр екендігін сезіндім.

І жүргізуші: Әрине, Сая, біз - ел намысын асқақтатқан ұлдармыз. Бізде «азамат сыны – ерлік,- дейді, - ерлік – ердің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» деген Бауыржан атамыздың даналық сөзін есімізден шығармаймыз.

ІІ жүргізуші: Ендеше, атамыздың ерлік туралы пікірлерінен үзінді айта аламыз ба?

Назерке: Ерлік – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзіңнің, Отан-анаңның ар-намысын және азаматтың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы қасиетін, азаматтық парызын орындауы.

Ерліктің анасы – мақтаныш. Адам бойындағы тазалық, ұқыптылық, жан мен тән жүйесінің кіршіксіздігі жеке мақтаныш сезімін тудырады, өзін-өзі ұстай білушілікке үйретеді, өзі мен айналасындағыларға талап қоя білуге дағдыландырады. Сыртқы тәртіпсіздік – адамның ішкі кемістігінің белгісі.



Мұғалім: «Ерді ел үшін,

Жігітті жұрт үшін мақта.

Ежелден ер тілегі – ел тілегі,

Адал ұл ер боп туса, ел тілегі» деген екен Бауыржан атамыз.

(Көрмемен таныстыру. Шығармалары жазылған жадынамалық кестемен жұмыс.)

Ән «Әлия». Орындайтын А.Молдабекова


І жүргізуші: Сәлем – сөздің анасы,

Сәлем беру де – парыз,

Сәлем алу да – парыз,

Әдепті елдің баласы,

Алыстан сәлем береді.

Көрініс - «Сәлем – сөз басы».
І жүргізуші: Б.Момышұлының есімін еске алсақ, ойымызға Әзілхан Нұршайықовтың «Баукең - әскери, әдеби, саяси даналық бір басынан табылатын бірегей тұлға» деген пікірі оралары хақ.

ІІ жүргізуші: Иә, соғыс Бауыржан Момышұлы қазақ халқының тарихында даңқты батыр әрі жазушы болып қалды. Ұлы Отан соғысының ардагері, генерал, жазушы Петр Вершигора осы жөнінде айта келіп: «Бізге Бауыржан Момышұлының соғыстағы ерліктері белгілі. Ал жазушы болу арқылы ол екінші ерлік жасады»,- деген еді.

І жүргізуші: Атамыз: «Мен әдебиетке Ұлы Отан соғысының буксирінде келдім»,- деп бейнелі сөзбен айтқан болатын. Шынында да ол әдебиетке кездейсоқ келген жоқ еді,- оның қолына қалам алдырған шындыққа деген адалдығы, тарихқа деген азаматтық борышы болатын.

ІІ жүргізуші: Соғыс кезінде қан кешіп жүріп істеген адал еңбегі әділ бағаланбаған Бауыржан Момышұлы мұқалмас ерлік-жігердің, күш-қайраттың, ақыл-парасаттың, ар-ожданның иесі болып қала алды. Бауыржанның ұзақ жылдар бойы жүрегін сыздатқан соғыс дерті оның қаламынан отаншылдық тақырыбына жазған мақалалары мен қанатты сөздері, зергерлі жыр жолдары қас батырдың шындық іздеген айқайының жаңғыра шыққан үні іспеттес. Қарт жауынгер Әзілхан Нұршайықов: «Бауыржан – батырлық пен ақындық деген қос таланттың қожасы, маузер мен қалам деген қос қарудың иесі» деген пікіріне сүйене отырып, ақынның өлеңдерімен танысайық.

Азамат «Ескертпе» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Ғани «Достыма» өлеңін мәнерлеп оқиды.
Гүлдана «Серігім» өлеңін мәнерлеп оқиды.

І жүргізуші: Аты аңызға айналған батыр бабамыздың өр тұлғасын даралап, ерлігі мен асқақ рухына бас иіп қана қоймай, өз ризашылығын жыр жолдарымен кестелеген ақындарымыздың жырларына кезек берсек.

Нұрғиса «Бауыржанға» (М.Мақатаев)

Гүлия «Бауыржан» (Қ.Аманжолов)

ІІ жүргізуші: Міне, ақындардың інжу-маржан сөз тізбегінен халық үшін қан майданда шайқасқан қайталанбас ер тұлғаның аты кейінгі ұрпаққа өшпес аңыз болып, халық ұсынған даңқ, ұсынылмаған сый да артық емес екенін ыстық сезіммен тыңдадық.

І жүргізуші: Ерлік – елдің қасиеті.

ІІ жүргізуші: Жүректілік – жігіттің қасиеті.

І жүргізуші: «Жігіттер, істеріңе адал болыңдар! Қорқақтық жасасақ – халық алдында абыройымыз жоқ. Халқымыздың ар-намысына қара күйе жағушы боламыз. Мұндай жағдайдан аулақ болайық, өлсек те ел намысы дегенді ұмытпайық. Халқымыз біздерді мақтан етсін! Қазақ баласы – ар мен намыс иесі».

Ән «Қазақ жігіттері». Орындайтын 6-сынып оқушысы – Қожасов Азамат.

І жүргізуші: Қызу қанды командир ол намысты,

Жауға қарсы жан аямай алысты.

Ұмытпаймыз қаһарманын халықтың,

Батыр ата Бауыржандай арысты.



ІІ жүргізуші:

Маңдайдағы наркескеннің бірісің,

Ерлігіңмен, өрлігіңмен ірісің!

Халқыңменен біргесің сен, жан ата,

Ұмытылмайды өнегелі ұлы ісің!

І жүргізуші: Батыр атаның өз ұрпақтары: сіздер мен біздерге берген батасын қабыл алайық.

(Қазақ радиосының алтын қорында сақталған Бауыржан Момышұлының жас ұрпаққа берген жауынгерлік батасын қол жайып, қошаметпен қабыл алу рәсімі.)



Қорытынды сөз. Міне, ата-бабаның қанымен, көл болған көз жасымен, ерен еңбегімен, асыл арман-мұратымен, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» халқымыздың ауызбіршілігімен келген Ұлы Жеңіске қазақ батырларының сіңірген еңбегі телегей теңіз екендігін білдік. Ендеше, ел болып тойланып жатқан ұлы той үстінде ел қорғаған батырларымыз бен жеңіс күнін жақындатқан еңбек ерлерін құрметпен еске алып, ерліктеріне тағзым ету - әр адамның парызы.

Тағы да, құрметті қонақтар, әріптестер, оқушылар, мерекелеріңіз құтты болсын, тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Сыныбы: 6,7,8-сыныптар. Пән мұғалімдері

«Қаламгердің «Ұшқан ұясындағы» халықтық педагогика» атты оқырман конференциясы мен қаламгер шығармаларына талдау жасау арқылы оқушының таным белсенділігін дамыту, пәнге деген қызығ

312.79kb.

14 12 2014
1 стр.


Сыныбы: 9, 11 сыныптар Сабақтың тақырыбы

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, пән бойынша сыныптан тыс сұрақтар негізінде білімдерін тереңдету

38.42kb.

13 09 2014
1 стр.


Ақмектеп орта мектебінің политехникалық пән бірлестігінің мұғалімдері туралы анықтама
624.16kb.

25 12 2014
2 стр.


1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Жамиева Алия Касымхановна 2 мектеп, сынып, ПӘН

Мектеп, сынып, ПӘН: Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 8-сыныбы, физика

52.56kb.

18 12 2014
1 стр.


Пәні: математика Пән мұғалімі: Абашова Майрамкүл Сыныбы

Балаларға үйге берілген тапсырманы дәптерлерінен бір-бірден оқыта отырып тексеру

62.16kb.

25 12 2014
1 стр.


Мектептін 0-4 сыныптар оқушыларын және әлеуметтік қорғалмаған және жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларынан 5-11 сыныптар оқушыларын ыстық аспен тамақтануын

Калық тәрбие мектеп-кешені мм, мектептін 0-4 сыныптар оқушыларын және әлеуметтік қорғалмаған және жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларынан 5-11 сыныптар оқушыларын ыстық аспен

19.82kb.

17 12 2014
1 стр.


Өтілетін орыны, сыныбы, уақыты: Спорт зал. 6 «г»сыныбы, 2 кезек, сағат 15: 15 Сабақтың тақырыбы

Сапқа тұру, ақпар беру, сәлемдесу, түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру. Қауіпсіздік ережелерін ескерту. Бұрылу элементерін орындау

73.71kb.

25 12 2014
1 стр.


Педагогика курстың коды: vpp 1202 оқу жылы семестр курс түрі оод

Оод жалпыміндетті пән, бд-базалық пән, пд-бағдарлы пән, дво-оқытудың қосымша түрі

52.72kb.

15 10 2014
1 стр.