Перейти на главную страницу
Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес сараптама қылмыстық іс жүргізу барысында, іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде, істі бірінші және апелляциялық сатыдағы сотта қарау кезінде тағайындалуы мүмкін.
Сараптама тағайындаудың негізі нақты және заңды деп бөлінеді.
Сараптама тағайындаудың нақты негізі іс бойынша іс жүргізу барысында, бір жағынан, қылмыстық процесті жүргізуші органның қарамағындағы бар іс бойынша ақпаратты, екінші жағынан, оның істің мән-жайларын арнаулы ғылыми білім негізінде анықтау қажеттілігін сипаттайтын проблемалық танымдық ситуациялардың туындауы болып табылады.
Сараптаманы тағайындаудың заңды негізі арнаулы ғылыми білімдерді пайдаланумен мәселелерді шешудің қажеттілігі расталатын іс материалдары болып табылады.
Заңға сәйкес сараптаманы анықтаушы, анықтау органы, тергеуші, прокурор, сот тағайындауы мүмкін. Тергеуші сараптаманы қылмыстық істі қозғау сатысында және алдын ала тергеу жүргізу кезінде тағайындайды. Анықтау органы, анықтаушы сараптаманы қылмыстық істі қозғау сатысында және алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес сол істер бойынша анықтау жүргізу кезінде, қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін оның нәтижелері қажет болған жағдайда прокурор тағайындауға құқылы.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 241-бабына сәйкес сараптаманы тағайындау:
-өлімнің себептерін анықтау үшін;
-денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін анықтау үшін;
-іс үшін маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе күмән туғызғанда сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын анықтау үшін;
-ақыл-есінің дұрыстығы немесе қылмыстық іс жүргізуде өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеті жөнінде анықтау органы, тергеуші немесе сот күмән тудырғанда сезіктінің, айыпталушының психикалық немесе тәнінің жай-күйін анықтау үшін;
-іс үшін маңызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау және олар бойынша айғақтар беру қабілетіне күмән тұған жағдайда жәбірленушінің, күәнің психикалық немесе тәнінің жай-күйін анықтау үшін;
-қылмыстық заңда өлім жазасы түріндегі жаза көзделген қылмысты жасаған айыпталушының психикалық жай-күйін анықтау үшін;
-істің өзге мән-жайы басқа дәлелдемелермен дәл анықталмайтын өзге мән-жайларды анықтау үшін міндетті.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сараптама істі қозғау туралы шешім қабылданған кезде, сондай-ақ анықтау немесе алдын ала тергеу сатысында тағайындалады.
Сараптаманы тағайындау дайындық және сараптама жүргізуді тапсыру екі кезеңіне бөлінеді.
Дайындық кезеңіне мына элементтер кіреді: 1) сараптама тағайындау туралы шешім қабылдау; 2) осыған байланысты процессті жүргізуші органның өз іс-әрекеттерін жоспарлауы; 3) сот сараптамасының түрін анықтау; 4) сарапшыға сұрақтарды қою; 5) сараптама жүргізуді тапсыру жоспарланған сот сараптамасы органын немесе адамды таңдау; 6) сараптама жүргізу үшін сарапшыны алғашқы мәліметпен қамтамасыз ету.
Сараптаманы жүргізуді тапсырудың екі негізгі элементі бар:
Сараптама бірінші сатыдағы сотта тағайындаудың қажеттілігі істі алдын ала тыңдау барысында да, сондай-ақ тікелей басты сот талқылауында да анықталуы мүмкін.
Басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселені шешу кезінде судья өзінің бастамасы немесе процеске қатысушылардың өтініштері бойынша басты сот талқылауында сараптаманы тағайындау қажеттілігі туралы мәселені шешеді.
4. Комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сараптама тағайындаудың ерекшеліктері.
Комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сараптаманы тағайындаудың өзіндік ерекшелігі аталған сараптама түрлерін тағайындаудың тәртібін белгілейтін қылмыстық іс жүргізу заңымен анықталады.
Практикада зерттеуге біртекті объектілердің біраз мөлшерін ұсынған кезде, көбінде комиссиялық сараптама қате тағайындалатындығына назар аудару керек. Бұл жағдайларда сот сараптамасы органының басшысы немесе жетекшісі сарапшы объектілерді комиссия мүшелеріне бөліп береді, ал олар бөлінген топтар ауқымында оларды жеке зерттейді және ортақ тұжырым шығарады.
Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің сараптама тағайындау кезіндегі құқықтары ҚІЖК-нің 244-бабында белгіленген. Сондай-ақ аталған бап куәлардың және медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі іс жүргізіліп отырған адамдардың да тиісті құқықтарын белгілейді:
Қазақстан Республикасында сот сараптамасын сот сараптама органдары немесе сот сараптама органдарының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар жүргізе алады. Олардың толық тізбесі «Сот сараптамасы туралы» заңының 4-бабында көрсетілген:
Сараптама тағайындау туралы қаулыны қабылдау кезінде сот сараптамасы органының басшысы:
Сарапшының қорытындысы екі данада жасалады. Бірінші данасы сараптама тағайындаған органға жіберіледі, екіншісі – сот сараптамасы органының мұрағатында сақталады. Сарапшының қорытындысына сот сараптамасы органының басшысы қол қойып сараптама тағайындаған органға жолданған ілеспехат қоса тіркеледі, онда сараптаманы шығару күні, оны жүргізудің құны, қорытынды мәтіні мен бейнелі материалдардың бет саны туралы мәліметтер болады.
Сот сараптамасы органынан тыс сараптама жүргізудің іс жүргізу мәселелері ҚІЖК-нің 246-бабында көрсетілген.
Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру ұйғарылып отырса, оны тағайындау туралы қаулыны шығарғанға дейін қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тапсыруды белгілеп отырған субъектінің жеке басы мен кәсіптік сапаларын анықтауға міндетті.
Хабардар адамды сарапшы етіп дербес тағайындаған кезде одан бас тартуға негіз болатын іс жүргізу сипаттағы кедергілердің жоқтығына сенімді болуы керек.
Сараптама тағайындау туралы қаулы шығарылған соң сараптама тапсыру ұйғарылған адам шақырылады.
Процесті жүргізуші орган ұйғарылған сарапшының жеке басын куәландырады. Хабардар адам сарапшылық зерттеуге арналған материалдарды олардың жеткіліктігі туралы мәселені шешу үшін алдын-ала оқып зерттейді.
Хабардар адамның сараптама жүргізуін кедергі болатын шарттар болмаған кезде, оған қаулының көшірмесі тапсырылады, ҚІЖК-нің 83-бабында құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, оған сондай-ақ көрінеу жалған қорытынды берудің қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертіледі. Осы әрекеттерді орындау туралы қаулыда хабардар адамның қолымен куәландырылатын белгі қойылады. Дәл осы сәттен бастап ол нақты қылмыстық іс бойынша сарапшының іс жүргізу мәртебесіне ие болады.
Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық процесті жүргізуші орган комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сарпатамалар жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.
Сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақыру талабы ол жұмыс істейтін ұйым басшысы үшін міндетті.
Сарапшының сараптама тағайындаған органмен (адаммен) өзара қарым-қатынасы.
Сараптаманы жүргізу барысында процесті жүргізуші орган және сарапшы өзара әрекеттерді жүзеге асырылуы мүмкін, ал бұл нақты іс бойынша сот сараптамасының мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік тұғызады.
Сараптама тапсырылған сәттен бастап хабардар адам сараптама тағайындаған органға (адамға) қатысты тәуелсіздік пен өзіндік дербестікті сақтай отырып, белгілі бір іс жүргізу өкілеттігіне ие болады.
Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңында, ҚІЖК-нің 244-бабы 1-бөлігінің 5) тармағында көзделгенне басқа жағдайларда, сараптама тағайындаған органның сараптама жүргізу кезінде қатысу құқығы көрініс таппаған.
Алайда, кез-келген процесті жүргізуші орган іс бойынша әрбір іс жүргізу әрекеттеріне қатысушы бола отырып, әрине, мұндай құқыққа ие болады. Сараптама жүргізу кезінде оның қатысуы сараптама тақырыбына қатысты қосымша мәселелер қоюға, қосымша материалдар ұсынуға жәрдемін тигізуі, ал оларды ұсынудың қажеттілігі мен мүмкіндігі сараптаманы жүргізу барысында анықталуы мүмкін.
Егер процесті жүргізуші орган сараптама жүргізу кезінде өзінің қатысуын қажетті деп санаса, онда ол бұл жөнінде сарапшыға хабарлауы тиіс. Сарапшы сараптама жүргізудің орны мен уақытын хабарлайды.
Процесті жүргізуші орган барлық сарапшылық зерттеуді жүргізу кезінде де, сондай-ақ оның жеке кезеңдеріне қатысуға құқылы. Алайда, ол сарапшының қорытынды шығару кезінде, ал комиссиялық немесе кешенді сараптама жүргізу жағдайында, зерттеу қорытындыларын талқылауға қатысуға құқысы жоқ.
Сарапшы мен сараптама тағайындаған органның арасында әдістемелік сипаттағы мәселелер бойынша келіспеушілік болған жағдайларда, соңғысының қарамағында іс жүргізу құралдары болады, оларды сарапшының қорытындысын алғанннан кейін пайдаланыу мүмкін, олар – сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама тағайындау, құзыретті жоқтығы себептерімен сарапшыға қарсылық білдіру.
Сарапшылық зерттеу – сарапшының сараптамаға ұсынылған объектілерді зерттеу процесі. Ол жеке міндеттердің сипаты бойынша адыратылатын, бір-бірін жүйелі түрде ауыстырып тұратын сатылардын тұрады:
-объектілердің айырмашылығын немесе олардың бір топқа қатыстылығын анықтаумен аяқталатын объектілердің жалпы белгілерін салыстыру;
-объектілердің жеке белгілерін салыстыру.
Сарапшының зерттеу нәтижелерін бағалау және қорытындысын тұжырымдау сатысы болады, өйткені сарапшы зерттеуді объектілер белгілерінің сәйкес келу немесе айырмашылық фактілерін атап көрсетумен аяқтамауы керек. Ол алынған деректерге ғылыми бағалау жүргізуге міндетті. Осы сатыда сарапшы өзінің ішкі сенімі негізінде анықталған белгілерді бағалайды және қорытындыны тұжырымдайды. Сонымен бірге логикалық жинақтап-қорыту әдістері, ықтималды-статистикалық әдістер мен модельдеу кеңінен пайдаланылады. Саты сарапшылық зерттеу барысы мен нәтижелерін бейнелейтін іс жүргізу құжаты ретіндегі сарапшының қорытындысын техникалық рәсімдеумен аяқталады.
4. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін ресімдеу
Сарапшы қорытындысындағы тұжырым нысандары.
Сарапшы қорытындысындағы тұжырым нысандары туралы мәселе арнайы қарайтын тақырып, өйткені ол сарапшы қорытындысының дәлелдемелік маңызымен тікелей байланысты.
Тұжырым сарапшылық зерттеудің іс бойынша дәлелдемелік мәнін анықтайтын оның түпкілікті мақсаты болып табылады.
Жалпы түрде тұжырымдар – қойылған сұрақтардың жауабы. Мұнда істің мән-жайы бойынша сұраққа жауап немесе сұрақты шешудің мүмкін еместігі көрсетілуі кере.
Тұжырымға қойылатын негізгі талаптар принциптер түрінде қалыптастырылған:
1.Біліктілік принципі.
Бұл өзінің шешімі үшін арнаулы ғылыми білімдерді қажет етпейтін сұрақтар сарапшының алдына қойылмауы және онымен шешілмеуі керек.
Сарапшының тұжырымдары сарапшы шешетін міндеттердің деңгейіне қарай бірнеше түрлерге жіктеледі:
Сарапшының қорытындысы – іс жүргізу құжаты, онда жүргізілген зерттеудің нәтижелері баяндалады, қойылған сұрақтардың біреуіне болса да жауап өз мәнісі бойынша беріледі немесе тұжырымның біреуі болса да сарапшының бастамасы бойынша жасалады. Сарапшы өз атынан жазбаша қорыиынды жасап, оның өз қолын қоюы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама тағайындаған органға жібереді.
Сарапшының қорытындысы үш бөлімнен тұрады, олар: кіріспе, зерттеу және тұжырым.
Сарапшы қорытындысының кіріспе бөлімінде мыналар көрсетілуі тиіс: сараптама атауы, оның нөмірі, материалдар келіп түскен және қорытыны жасалған күні; сараптама тағайындаған адам; сараптама жүргізудің негізі; зерттеу объектілерінің тізбесі; жеткізу тәсілі, зерттеуге түскен объектілер орамасының түрі; сарпашының алдына қойылған мәселелер: сарапшы туралы мәліметтер – тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, ғылыми атағы, лауазымы; көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы өзінге ескертілгені туралы сарапшының қол қоюымен куәландырылған белгі.
5 тақырып Қылмыстық іс бойынша сарапшы қорытындысын бағалаудың іс жүргізу аспектілері
6 тақырып Қазақстан Республикасының азаматтық және әкімшілік ісіндегі арнаулы білім беру институты
7 Тақырып Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін ұйымдастыру
Ерекше бөлім
СОТ САРАПТАМАЛАРЫНЫҢ КЕЙ БІР ТҮРЛЕРІ
8 Тақырып Сараптама түрлері: құжаттар, портреттік, бейнефонографиялық, фототехникалық сараптамалар
Азақстан республикасында сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізудің ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘне ұйымдастырушылық негіздері
14 12 2014
5 стр.
Сот баллистикалык сараптама объектілерінін әр алуандығын ескергенде, ол мына түр тармақтарына жіктелуі мүмкін атыс қаруының (оның бөліктерінің) сараптамасы
25 12 2014
1 стр.
Республикасының инвестициялық заңы өзінің дамуы мен қалыптасуы кезеңінде 4 негізгі кезеңді өткерді
25 12 2014
1 стр.
К. А. Әлиханова Қмма мсс және реабилитация курсымен ждп кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор
14 12 2014
13 стр.
Мақсаты: студенттерді ҚР-ның сот және сот билігі жайында мәлімет беру. Оның негізгі қағидаларына тоқталу
14 12 2014
1 стр.
Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 55 б
16 12 2014
3 стр.
Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк, психоневрологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық лепрозорийi ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатуд
09 10 2014
1 стр.
Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 73 б
16 12 2014
5 стр.