Перейти на главную страницу
Металдар мен қорытпаларды сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде:
Объектілерді сертификациялагған өнімге немесе белгілі дайындаушы-зауыттың өніміне жатқызу туралы сұрақтарды шешу қажеттілігі туғанда, тиісінше, сапа сертификаты мен осы кәсіпорын өнімінің үлгілерін ұсыну талап етіледі.
Объектілердің өндіріс технологиясы туралы сұрақтарды шешу үшін тиісті үлгілер мен технологиялық құжаттамаларды ұсыну керек.
Топырақты сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде мыналар анықталуы мүмкін:
- объектінің жергілікті жер орны топырақ жабынымен өзара түйіспелі әрекет ету фактісі;
- жеткізгіш-заттардағы топырақ жұғындаларының пайда болуының мезгілдік сипаттамалары.
Сараптама объектілеріне - әртүрлі қалыптасқан жергілікті жер орындарының топырақтары, жеткізгіш-заттардағы (көлік құралы, киімдегі, кісі өлтіру құралындағы) топырақ текті заттардың жұғындылары, белгілі бір жер орнынан алынған топырақтың салыстырмалы және бақылау үлгілері, үлгілерді алудың сызба-жоспары, сондай-ақ сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары жатады.
Салыстырмалы үлгілерге табиғи, жаратылыс шектерінде бөлінген немесе іс-жағдаяттарына байланысты белгіленген шектерде жер орны көлемі шегінде алынған топырақ үлгілері жатады, ал бақылау үлгілеріне оқиға орны ретінде белгіленген жер орны шектеріне тікелей жақын алынған топырақ үлгілері жатады.
Сот топырақтану сараптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Сараптама тағайындау туралы қаулыда жер орнына (улы химикаттармен өңдеу, белгілі дәнді-дақылдарды себу, қылмыстық оқиға кезіндегі метеорологиялық ахуал), сондай-ақ жеткізгіш-заттарға (аяқкиімді қию мерзімі, оны тазалау, жуу) қатысты мәліметтерді келтіру керек.
Топырақ жұғындылары тікелей жеткізгіш-заттарда (киімде, аяқкиімде, қылмыс құралдарында) ұсынылады, мұнда заттай дәлелдемелер орамасы жеткізгіш-заттардағы жұғындылар шоғырының сақталуын қамтамасыз етуі керек.
Топырақ үлгілері жер бетінен жеткізгіш-заттың топыраққа жобаланған еніп кету деңгейіндегі тереңдіктен алынады және қылмыс жасалу сәтіндегі метеорологиялық ахуал ескеріледі. Бір үлгінің салмағы 50-100 г болуы керек. Үлгілер ылғал болған жағдайда, оларды бөлме температурасында кептіріп алған жөн.
Салыстырмалы үлгілер зерттелетін жер орны топырағының ерекшеліктерін оқып-зерттеуге мүмкіндік беретін көлемде ( негізінде, 5 үлгіден кем болмауы керек) алынады.
Әрбір нақты үлгіні алу орны сызба-жоспарда белгіленуі тиіс.
Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде мына жағдаяттар анықталуы мүмкін:
- жеткізгіш-заттарда табылған тоқыма талшықтары микробөлшектерінің орналасқан жері және оның зерттелетін оқиға ситуациясыныа сәйкестілігі;
- тоқыма талшықтары микробөлшектерінің, жіп қиындыларының, мата мен басқа да талшықтық текті объектілердің нақты және ортақ тектік (топтық) қатыстылығы;
- тоқымы талшықтары мен киімнің кірлену іздері бойынша киім құрамдарының өзара түйіспелі әрекет ету фактісі;
- тоқымы талшықтары микроіздерінің басқа микроіздерімен жиынтығы бойынша (майлау, металл бұйымдары ЛБЖ бөлшектері), сондай-ақ қандай да бір зат беттеріндегі із-көріністер бойынша кісі өлтіру құралымен (пышақ т.б) немесе көлік құралымен киім құрамдарының өзара түйіспелі әрекет ету фактісі;
- бөліктері бойынша бүтін (матаның нақты қиындысы, киім заты), жеке заттар бойынша (белбеудің курткаға қатыстылығы) киім құрамы;
- материалдардың (талшық, жіп, бояғыш зат) жиынтығы бойынша киім заттарын теңдестіру.
Сараптама объектілеріне – талшықтар, олардан жасалған бұйымдар (киім, тұрмыстық заттар, арнайы мақсаттағы заттар), талшықтық материалдардың (талшық құрайтын полимерлер, бояғыш, тоқыма-қосалқы заттар) химиялық құрамының элементтері; салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер, сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары жатады.
Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарға сот сраптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Сараптама тағайындау туралы қаулыда:
- қылмыстың жасалу уақыты;
- қылмыстың жасалу орны, соның ішінде материалдық ортаның сипаттамасы;
- қозғалыс бағытын, кедергілерден өту, сол кезде қандай да бір іс-әрекеттер жасалуын көрсете отырып, қылмыс жасалуының тәсілі мен механизмі;
- іс-әрекетті жасау сәтіндегі метеорологиялық ахуалы;
- жәбірленуші мен сезіктінің (айыпталушының) киімін алу уақыты;
- қылмыс жасалған сәттен сараптамаға жібергенге дейін жәбірленуші мен сезіктінің киімінің жағдайы туралы мәліметтер көрсетілуі керек.
Сарапшыға:
- қылмыс жасалғанға дейін қатынаста болған адамдарға қатысты;
- қылмыстық оқиғадан кейін пайдаланған, тазаланған, жуылған киім заттарына қатысты;
- киімдердің толық емес құрамының;
- түсі және құрамы бойынша бір текті киім заттарының;
- киім заттары мен ақ матадан істелген бұйымдардың өзара түйіспелі әрекет ету фактісі туралы сұрақты қоюдың қажеті жоқ.
Заттай дәлелдемелермен бірге сараптама жүргізу үшін мына іс материалдарын: оқиға орнын қарау хаттамаларын және сарапшылық зерттеу объектілерін табу, белгілеу және алу жөніндегі деректері бар сызбаны, алу уақыты, талшықтардан пайда болған микроіздердің сыртқы белгілері мен орналасу жері туралы, жеткізгіш-заттардың өздерінің қасиеттері туралы деректер көрсетілген заттай дәлелдемелерді қарау мен алу хаттамаларын; объектілердің шығу тегі, пайдалануы, сақталуы туралы ақпараты бар жауап алу хаттамалары; сот-медициналық сараптама қорытындысын ұсыну қажет. Тек мамандар ғана алуды жүргізетін микрообъектілерді сараптамаға жіберген кезде, олардың жеткізгіш-объектідегі дәл орналасқан жерін, белгілеу тәсілін, алу әдісін көрсету талап етіледі.
Әрбір адамның киімі толық құрамымен алынады және саңылауы жоқ (калька, полиэтилен) орама материалдарға бөлек буып-түйіледі. Объектілермен жұмыс кезінде талшықтардың жоғалуына әкеп соғатын әрекеттер (сілку, тазалау) жасамаған жөн.
Спиртқұрамдас сұйықтықтарды (бұдан әрі – СҚС) сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде:
- қолданыстағы жіктеушілікке сәйкес көлемдегі немесе іздердегі СҚС-нің белгілі бір түр мен сортқа қатыстылығы;
- СҚС сапасының Мемстандартқа немесе медиктік-биологиялық талаптарға сәйкестілігі;
- СҚС-ні дайындау тәсілі;
- СҚС-нің ортақ тектік, топтық қатыстылығы;
- СҚС-нің дайындалу (өндіріс) орны, тәсілі бойынша шығу көзі;
- тексерілетін оқиғаға байланысты бөліктерге бөлінген СҚС-нің нақты көлемінің ортақ шығу көзі;
- әртүрлі қондырғылар мен құрылымдардың спирттік сусындарды өңдеуге арналған аппараттарға қатыстылығын анықталуы мүмкін.
Сараптаманың объектілері: СҚС әр түрлерінің нақты жекелей белгілі бір көлемдері, соның ішінде өзге текті сұйықтықтармен қоспада; өндірісте (зауытта) дайындалған СҚС (спирттер, арақ, коньяктар, шараптар); жалған жасалған өнім; қолдан дайындалған СҚС (самогон, чача, тұнбалар); әр түрлі жеткізгіш-заттардағы СҚС іздері; спирттік ішімдіктерді дайындау үшін пайдаланылатын құрылғылар, құрылымдар, аппараттар; өндірістік технологиялық процестер және СҚС дайындауға арналған аппараттар; салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер; сараптама тақырыбына қатысты өзге де іс материалдары.
Объектілерді дайындау кезінде мына талаптар сақталуы керек:
- Мемстандарт нормаларына сәйкестілігін анықтау мақсатында зауыттық тәсілмен дайындалған объектілер, белгілі бір дайындаушы-зауыт өнімінің қатыстылығы толық көлемде алынуы керек;
- шөлмек тығыны және тауар қағазы алынған сәттегі түрде сақталуы тиіс;
- егер зерттеу объектісі үлкен көлемдегі СҚС болса, әрбір ыдыстан әр деңгейде сынамалар алу жүзеге асырылады, өйткені сынамалар сұйықтықтың барлық көлемінің қасиетін көрсету керек;
- біраттас СҚС-ның өнімдері көп көлемде болған кезде, сарапшылық зерттеуге арналған үлгілер осы үлгілердің кескін-келбетін қамтамасыз ететін көлемде: бір жәшіктен 3 шөлмектен кем емес, әрбір құтыдан (бөшке, канистр) орталанған сынамадан ұсынылады;
- үлгілер таза құрғақ жақсы жабылған ыдысқа (ашыту сатысындағы СҚС-дан басқа) алынады;
- жеткізгіш-заттағы СҚС іздері полимер пленкамен бөлек буылып, зерттеуге осы затпен бірге ұсынылады;
- агрегаттың пайдалануын анықтау мақсатында зерттеу жүргізу үшін, оның барлық бөліктерін ұсыну қажет;
- СҚС өндірісі технологиялық процесін зерттеу кезінде тиісті техникалық құжаттаманы ұсыну талап етіледі.
2. Арафенин А.В. и др. Экспертное исследование изделий из железоуглеродистых сплавов по элементному составу. М., 1983.
3. Актуальные вопросы теории и практики почвоведческой экспертизы: Сб. Науч. Тр. М., 1978.
4. Беляева Л.Д. и др. Назначение и подготовка материалов для производства криминалистических экспертиз изделий из пластмасс и полимерных материалов. М., 1981.
5. Беляева Л.Д., Орлова В.Ф. Криминалистическая экспертиза факта контактного взаимодействия элементов вещной обстановки места происшествия // Криминалистическое исследование контактно-взаимодействующих объектов М., 1982.
6. Бычкова С.В. Организация назначения и производства судебной экспертизы // Теория и практика судебной экспертизы. Алматы, 1999. т.1.
7. Жаров Е.А., Аграфенин А.В. Диагностика и идентификация марок медных сплавов по элементному составу. М., 1989.
8. Кабулашвили Л.Л, Пчелинцев А.М. Дифференциация сухих вин по источнику происхождения и времени производства методом эмиссионного спектрального анализа // Экспертная практика и новые методы исследования: Экспресс-информация. М., 1982.
9. Козинер Э.П., Митричев В.С. и др. Комплексное криминалистическое исслеование почв. М., 1978.
10. Криминалистическое исследование волокнистых материалов и изделий из них: Методическое пособие. М., 1983, 1984. Вып. 1-3.
11. Криминалистическое исследование лакокрасочных материалов и покрытий: Методическое пособие. М., 1977, 1988, 1989. Вып. 1,2,3.
12. Криминалистическое исследование нефтепродуктов и горюче-смазочных материалов: Методическое пособие. М., 1987, 1989. Вып.1,2.
13. Криминалистическое исследование спиртсодержащих жидкостей домашнего изготовления: Методическое пособие. М., 1981.
14. Матвеев М.Ю., Пучкова Т.М. Формирование экспертных знаний в области криминалистического исследования металлов и металических изделий. М., 1986.
15. Назначение и организация производства судебных экспертиз для установления факта контактного (механического) взаимодействия различного рода объектов: Методические рекомендации, М., 1985.
16. Назначение и организация производства экспертиз крепких спиртных напитков длмашней выработеи и аппаратов, используемых для их изготовления: Методические рекомендации, М., 1987.
17. Назначение и организация производства судебных экспертиз для установления факта контактного (механического) взаимодействия различного рода объектов: Методические рекомендации / Отв. Ред. В.П. Пучков. М., 1985.
18. Назначение и подготовка материалов для производства криминалистических экспертиз нефтепродуктов и горючесмазочных материалов: Методическое пособие. М.,1983.
19. Павлов А.И. Криминалистическое исследование полиолефиновых пленочных материалов и изделий из них: Методическое пособие. М.,1986.
20. Пучков В.П., Федянина Н.В, Исследование закономерностей изменения пакетов материалов, фрагментов и узлов одежды при ее сож-жении. М., 1986.
21. Россинская Е.Р. Судебная экспертиза в уголовном, гражданском, арбитражном процессе. М., 1996.
22. Современные возможности судебных экспертиз: Методическое пособие для экспертов, следователей и судей / Под ред. Ю.Г. Корухова. М., 2000.
23. Судебно-почвоведческая экспертиза. М.: ВНИИСЭ, 1994. Ч.2.
24. Судебно-почвоведческая экспертиза. Научные основы комплексного криминалистического исследования почв. Общая часть: Метод. Пособие для экспертов, следователей и судей. М., 1992.
25. Судебно-экспертное исследование легковоспламеняющихся нефтепродуктов в послепожпрных остатках. М., 1993.
26. Федянин А.А., Приходько А.А., Хабалова О.С. Криминалистическое исследование микроколичеств неизвестных спиртных напитков методом капиллярной газовой хроматографии с целью их дифференциации по условиям изготовления: Методическое пособие. Горький, 1977.
27. Эксперт: Руководство для экспертов внутренних дел и юстиции / Плд ред. Т.В. Аверьяновой и В.Ф. Статкуса. М., 2003.
11 тақырып Жол-көлік оқиғалары мен көлік құралдарының сот сараптамасы
12 тақырып Сот экономикалық, тауартану, құрылыс сараптамалары
13 тақырып Сот технологиялық және өрт-техникалық, жарылыс техникалық сараптама жасау
14 тақырып Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың және биологиялық сот сараптамасы
16 тақырып Адамның психикалық күйі мен психофизиологиялық процестердің сот сараптамасы
Азақстан республикасында сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізудің ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘне ұйымдастырушылық негіздері
14 12 2014
5 стр.
Сот баллистикалык сараптама объектілерінін әр алуандығын ескергенде, ол мына түр тармақтарына жіктелуі мүмкін атыс қаруының (оның бөліктерінің) сараптамасы
25 12 2014
1 стр.
Республикасының инвестициялық заңы өзінің дамуы мен қалыптасуы кезеңінде 4 негізгі кезеңді өткерді
25 12 2014
1 стр.
К. А. Әлиханова Қмма мсс және реабилитация курсымен ждп кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор
14 12 2014
13 стр.
Мақсаты: студенттерді ҚР-ның сот және сот билігі жайында мәлімет беру. Оның негізгі қағидаларына тоқталу
14 12 2014
1 стр.
Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 55 б
16 12 2014
3 стр.
Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк, психоневрологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық лепрозорийi ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатуд
09 10 2014
1 стр.
Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 73 б
16 12 2014
5 стр.