Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5

2. Сот баллистикалық сараптама

Сот – сарапшылық баллистикалық зерттеу көбінде адамның жеке басына қарсы, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыс негіздері мен мемлекет қауіпсіздігіне қарсы, меншікке қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы, халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша, сондай – ақ әскери қылмыстар бойынша жүргізіледі.

Сот баллистикалық сараптаманың тақырыбы:


  • заттарды атыс қаруына, оқ – дәрігерлерге жатқызу фактісін;

  • атыс қаруы данасының жарамдылығын (жарамсыздығын) және қарудың атуға жарамдылығын;

  • атыс қаруы данасының дайындау тәсілін немесе оның күйінің өзгеруін;

  • атыс қаруы данасының, оқ – дәрілердің түрі, моделі, маркісі, калибрін;

  • атыс қаруы данасының жекелік тепе – теңдігін;

  • атыс қаруы бөліктерінің оның нақты данасына қатыстылығын;

  • атыс қаруы мен оқ – дәрілердің шығу көзін;

  • атыс қаруын пайдалану шарттарын анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың объектілері:

  • бүтіндей атыс қаруы және оның жеке бөліктері;

  • оқ – дәрілер – оқтар, кәртеш, бытыра, гильзалар, тығындар, төсемдер, капсюльдер және басқалары;

  • газды қару;

  • қару мен оқ – дәрілерді қайтаратын заттар – атылған снарядтар (оқтар, бытыра, кәртеш), гильзалар, тығындар, төсемдер, сондай – ақ жәбірленушінің киімдеріндегі зақымдар және оқиға орнындағы заттар (тесіп өту жерлері, рикошет іздері);

  • атыс қаруы мен патрондар жарақтары құрауыштарын дайындауға пайдаланылған құрал – саймандар;

  • оқиға орнының заттық күйінің элементтері;

  • салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер;

  • сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.

Сот баллистикалық сараптама объектілерінің әр алуандығын ескергенде, ол мына түр тармақтарына жіктелуі мүмкін:

  • атыс қаруының (оның бөліктерінің) сараптамасы;

  • оқ – дәрілер сараптамасы;

  • газды қару сараптамасы;

  • атылыс іздері мен жағдаяттары.

Қару және оның түсінігі, сондай - ақ оқ – дәрілер түсінігі қазақстан республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы «Қарудың жеке түрлері айналымына мемлекеттік бақылау туралы» №339 – 1 Заңына келтірілген.

Заңның 1 – бабы 2) тармақшасында оқты, снакрядты, гранатаны ұңғыдан шығару дәрінің немесе өзге зарядтың әсері нәтижесінде болатын қаруды қару деп анықтама берілген.

«Атыс қаруы» деген түсінікке мынадай белгілер кіреді:


  • жалпы – шабуыл жасауға немесе белсенді қорғануға (қорғанысқа) және нысанына бұзу арқылы оны зақымға ұшыратуға немесе дене жарақатын (егер нысаны тірі организм болса) салуға арналған қару;

  • арнайы:

а) дәрі газдары энергиясын немесе басқа жарылыс заттарын снарядқа лақтыруға пайдалану;

б)снарядқа қозғалыс бағытын беруге зарналған ұғымның болуы;

в)зарядтың от шығаруына арналған құрылғының болуы;

г) снарядтың жеткілікті зақымдау әрекеті;

д) бір атылыстан көп атуды қамтамасыз ететін объектінің конструкциясы мен мықтылығының болуы;

- факультативтік – жабу механизмдері мен от шығару зарядының, қаруды ыңғайлы ұстауды және көздеуді қамтамасыз ететін құрылғыларының болуы.

Кінәлі адамдардың іс - әрекеттерін дұрыс жіктеу үшін қарудың топтық сипаттамаларын анықтаудың маңызы бар, ал бұл әр түрлі негіздер бойынша қарудың толықтай әзірленген жіктеулерін есепке алған кезде мүмкін болады.

Осы Заңның 9) тармақшасында оқ – дәрілер (патрондар) құрылғы немесе қарудың тиісті түрінен атуға және нысанаға тигізуге конструктивті арналған заттар ретінде белгіленген.

Криминалистикада мына төмендегі қажетті белгілері болғанда: дәрінің немесе басқа да жарылыс заттарының көмегімен ату не жарылыс жасау арқылы нысанына зақымдауға арналған; снарядпен (атыс қаруымен оқ атқан кезде), жарқыншақпен не фугастық, термикалық не өзге де әсер арқылы зақым келтіретін; заттың құрылымының және нысанына зақымдауға (дене жарақатын салу, кедергілерді қирату және т.б.) наөқтылы мүмкіндікті қамтамасыз ететін жарылғыш заттың заряд қуаттылығы болатын; тұтанғыштық құрылғысы болатын; бір рет пайдалану сипаты бар заттар оқ – дәріге жатқызылады.

Демек, криминалистік тұрғыдан қарағанда, нысанына тікелей снарядпен, жарқыншақпен не фугастық, термикалық не өзге де әсер ету арқылы зақым келтіруге арналған, дәрінің немесе тұтанғыштық құрылғысы бар басқа да жарылғыш заттың жарылысы нәтижесінде және өзінің нысанына зақымдауға нақтылы мүмкіндікті қамтамасыз ететін құрылымы мен заряд қуаттылығы бар бір реттік әрекет құралдар (заттар) оқ – дәрілерге жатқызылады.

Атылыстың негізгі іздері – ол снарядтан пайда болған зақымдаулар. Кедергімен түйісу сәтіндегі снарядта болған энергиясына, оның соққы бағыты мен кедергі қасиеттеріне байланысты объектіде өтпелі немесе өтіп кетпеген зақымдар пайда болуы мүмкін. Кедергіге еніп келкен снарядтан пайда болған зақымдар өтпелі зақымдар болып табылады.Олар тесіп өткен және соқыр зақымдар болуы мүмкін. Тесіп өткен зақымдар снарядтың кедергіден өтіп кетуінен пайда болады. Ол кірген және шығып кеткен тесіктері бар арна түрінде болады. Оқ кедергіде қалып қалғанда, соқыр зақымдар пайда болады. Олар бір кіру тесігі бар арна ретінде болады. Соқыр арнаның соныңда снаряд тұрады.

Кедергіге еніп кетпеген снарядтан пайда болған үстіңгі беттегі зақымдар өтіп кетпеген зақымдар болып табылады.оларға аз ғана тереңдіктегі жаншылу, жанай тиген зақымдар және рикошет іздері жатады. Жанай тиген зақымдарды снаряд объектінің тек шетіне тигенде немесе оның үстіңгі бетімен өткен кезде жасайды. Рикошет іздері снарядтың кедергіге соғылғанында, оның бір үстіңгі бетке соғылып кері қайтып (кейін қайту) және өзінің бастапқы ұшу бағытын өзгерткенде пайда болады. Атылыстың қосымша іздері – атылыспен бірге ілесетін құбылыстардың әрекеті нәтижесінде пайда болатын іздер. Мұндай іздердің пайда болуына дәрі газдары, ауа бағаны, ұңғы жалыны, дәрі ұнтағы, капсюль құрамының жайылу өнімдері, майлау бөлшектері мен басқа да заттар аса елеулі рөл атқарады. Атылыспен бірге ілесетін құбылыстардың әсер ету нәтижесінде кедергіде: жарым – жартылай қирау, шарпу мен күю, дәрі ұнтағының қалуы, ыс, майлар, үйкелу белдеуі, қару бөліктерінің із – таңбалары пайда болуы мүмкін.

Шарпу мен күю ұнғы жалынының жылуы, қатты қызған дәрі ғаздары мен жанған дәрі ұнтағының әрекеті салдарынан тек қарудың ұңғы ауызына жақын жерде пайда болады.кедергідегі дәрі ұнтағының қалуы мен енуі атылыс сәтінде дәрінің толықтай жанып кетпеуі салдарынан болуы мүмкін. Ыстың қалуы дәрі заряды жану өнімдерінің ұсақ бөлшектерінің қалуы мен капсюль құрамының жайылуы, сондай –ақ оқ, гильза және ұнғы жасалған металдың ұсақ бөлшектерінің қалуы нәтижесінде пайда болады. Кедергіде майдың қалуы оғы майлы құраммен қапталған патроны бар немесе майланған ұнғылы қарудан ату кезінде байқалады. Үйкелу белдеуі оқтың ену кезінде кедергіде одан жұғылып қалған майдың қалуынан, ластанудан, тоттанудан, маталдың ысы мен бөлшектерінен пайда болады. Үйкелу белдеуінің негізгі құрауыштары металл бөлшектері болып табылады, сондықтан да оны металданған белдеу деп те эатайды. Қару бөліктерінің із – таңбалары тақап атқанда киімде немесе адам денесінде қалады. Мұндай із – таңбаларды штанц – марка деп атайды.

Қазақстан Республикасының «Қарудың жеке айналымына мемлекеттік бақылау туралы» Заңының 1 – бабы 4) тармақшасында газ қаруы деп көзден жас ағызатын не тітіркендіргіш заттарды пайдалану негізінде қолданылатын қару түсіндіріледі. Осы Заңның 5 – бабы 1) тармақшасына сәйкес газды тапаншалар мен револьверлер, сонымен қатар олардың патрондары, механикалық тозаңдатқыштар, заңнамамен қолдануға рұқсат берілген көзден жас ағызатын не тітіркендіргіш заттармен жабдықталған аэрозольді және басқа да құрылғылар газ қаруы болып есептеледі.

Жеке қорғану құралдары ретінде тітіркендіргіш әрекеттегі уландыру заттары(ТӘУЗ) мен лакриматорлық эффектісі бар табиғи қосылыстар кеңінен тарады. ТӘУЗ – ді пайдалану үшін аэрозольді баллондар қол қаруына арналған патрондар кеңінен тарады, оларды «газды тапаншалар мен револьверлер» деп те атайды.

Газды патрондармен ату үшін қолданылатын қару, негізінде, қолдағы бар ойықты қысқа ұңғылы атыс қаруының дәл көшірмесі болып табылады. Көп жағдайларда, мұндай қарудың металл бөлшектері морт сынғыш металдардан жасалады. Газды патрондармен ату үшін қолданылатын тапаншалар автоматты қару болып табылады, өйткені ондағы қайта оқтау мен келесі атуға дайындық бірінші атылыстан соң дәрі газдары әрекеті есебінен жүзеге асырылады.

Тапаншалармен қатар, өзін - өзі қорғау үшін газды және сигнал беретін патрондармен атуға арналған әр тү.рлі модельдегі револьверлер пайдаланылады. Газды патрондардың мақсаты – кристалды белменді заттың атуы кезінде 3 – метрге дейінгі қашықтыққа лақтыру. өзінің біршама арзандығы, құрылымының қарапайымдылығғы, қолданудың көптігі мен тиімділігі жағынан кең қолданатын, өзінің құрамында ТӘУЗ – і бар аэрозольді баллондар болып табылады.

Сот баллистикалық сараптаманың ғылыми - әдістемелік негіздері атылыс процесі және оқ – дәрі қарауыштары мен кедергілерде іздердің қалыптасу заңдылықтары бар сарапшылық білім саласын құрайды.сот баллистикалық сараптамасы әдістемесіне криминалистік, баллистикалық, физикалық, химиялық, математикалық, техникалық және өзге де әдістер кіреді.

Атылыс жағдаяттарына сараптама тағайындаған кезде:


  1. зақымдалған объектідегі зақымдар атыс қаруынан болған ба?

  2. осы атыс зақымы қарудың қандай түрі мен үлгісінен пайда болған?

  3. зақымдалған объектіде атыс қаруынан болған зақымдар қанша?

  4. объектіге зақым келтірілген атылыс қандай арақашықтықтан болған?

  5. зақымдалған объектіге атылыс қай жағында кіру тесігі, ал қай жағында шығу тесігі бар?

  6. объектідегі атыс зақымдарының тию реттілігі қандай?

  7. зақымдалған объектіге атылыс қай бағытта және қандай бұрыштықтан болған?

  8. атылыс қай орыннан болған?

  9. атылыс сәтінде қару мен зақымдалған объектінің өзара орналасуы қалай болған?

  10. бірінші атылыстан болған оқ ойығы қайсысы?

  11. қалтаның кірленуі қаруды салып жүруден болған ба?

Газ қаруына сараптама тағайындаған кезде:

  1. газ қаруы модельдің қандай түріне, үлгісіне жатады?

  2. газ қару ыжарамды ма, егер жарамсыз болса, жарамсыз болу себебі неде?

  3. газ қаруы атыс патрондарымен ату үшін қайта жасалған ба?

  4. ұсынылған киімді газ қаруынан атылысты айғақтайтын іздер бар ма?

  5. газ патрондары қандай түрге, үлгіге жатады және олар қандай қару түріне арналған?

  6. газ баллоны қандай түр, үлгіге жатады?

  7. газ баллоны қайта жасалған ба?

  8. газ патрондары белгілі бір мақсатқа пайджалануға дұрыс, жарамды ма?

  9. газ баллоны ішіндегі зат қай түрге жатады?

Сот баллистикалық сараптаманы тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерешеліктері. Атыс қаруы сараптамаға сол қолға түсіру сәтінде болған түрде ұсынылады.

Егер қауіпсіздік үшін тасымалдау кезінде қарудың оғы алып тасталынса, онда ондағы патрондардың саны мен орналасуын бұлжытпай сипаттау керек. Сарапшының алдына атылыстың өздігінен болу мүмкіндігі туралы сұрақты қойған кезде қаруды бөлшектеу рұқсат етілмейді.

Хаттамада қару және қолға түсіру мен сақтаудың жағдайлары толық сипатталуы керек.

Қаруды тасымалдау кезінде зақым келмейтін етіп буыптүйген жөн. Бөтен заттардың әсері мен дәрі газдарының шығып кетуін азайту мақсатында қарудың ұңғы жағына қандай да бір қорғаныс құрылғысы кигізіледі.

Сұрақтарды қою кезінде мынаны ескеру керек: қолдан жасалған қаруға оның жаравмдылығы туралы емес, оның атуға жарамды/ жарамсыздығы туралы сұраақ қойылу қажет.

Атыс шүріппесін баспай ату мүмкіндігі туралы сұрақ қойылған жағдайда, тексерілетін ақпараттан шыға отырып, сұрақта нақты шарттарды (қару құндығын қатты затқа соққанда, мылтық құлап қалған кезде өздігінен атылу мүмкін бе) көрсету керек.


Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы «қарудың жеке түрлері айналымына мемлекеттік бақылау туралы»№339 – 1 заңы.

  2. қазақстан Республикасы әділет министрлігінің 2002 жылғы 24 қазандағы №158 бұйрығымен бекітілген қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығында сот сараптамалары мен арнайыландырылған зерттеулерді жүргізу жөніндегі Нұсқаулық.

  3. Бычкова С.Ф. организация назначения и производства судебной экспертизы// Теория и практика судебной экспертизы. Алматы, 1999.Т.1.

  4. Василевский Л.И. Экспертиза следов орудий иинструментов. Судебно – трасологиялық экспертиза: Учебно – методическое пособие. М.: ВНИИСЭ, 1973.

  5. Герасимов А.М., Капитанов В.Е. и др. Криминалистическое иследование современных типов пломб и закруток железнодорожных вагонов. М., 1988.

  6. Голдованский Ю.П. Криминалистическое исследование следов взлома на месте происшествия. М., 1969.

  7. Грановский Г.Л. Основы трасологии.., 1965.

  8. Киселев Н.А. Методика трасологического исслекдования изделий массового производства. Киев, 1983.

  9. Майлис Н. П. Судебно – трасологическая экспертиза. М., 2000.

  10. Поташник С. И. Криминалистическая экспертиза замков. М., 1969.

  11. Тихонов Е. Н. Криминалистическое исследование холодного оружия: Учебно пособие. 1987.

  12. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы «қарудың жеке түрлері айналымына мемлекеттік бақылау туралы»№339 – 1 заңы.

  13. Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің 2002 жылғы 24 қазандағы №158 бұйрығымен бекітілген қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығында сот сараптамалары мен арнайыландырылған зерттеулерді жүргізу жөніндегі Нұсқаулық.

  14. Бычкова С.Ф. организация назначения и производства судебной экспертизы// Теория и практика судебной экспертизы. Алматы, 1999.Т.1.

  15. жук. А.Б. Энциклопедия стрелкового оружия. М.: Военное издательство, 1998.

  16. Кустанович С:Д. Судебная баллистика. М.: Госюриздат, 1956.

  17. Лазари А.С, Сонис М.А, Тихонов Е.Н. и др. Теоритические и методологические основы судебно – баллистической экспертизы: Мотодическое пособие для экспертов.М., 1984.вып. 3 и 4.

  18. Лазари А.С., Потапова Л.Ф., Полуэктова Г.м., Ростов М.А., Сташенко Е.И. Комплексное судебно – баллистическое исследование боеприпасов к охотничьим гладкоствольным ружья: Методические рекомендации для экспертов. М., 1979.

  19. Сонис М.А, Пчелинцев А.М. Методические рекомендации по судебно – баллистической экспертизе. М., 1979.

10 тақырып Заттар мен материалдардың сот сараптамасы




  1. Заттар мен материалдардың сот сараптамасы

  2. Лакты бояу материалдары мен жабындарды және полимер материалдарын сот сарапшылық зерттеу

  3. Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сарапшылық зерттеу

  4. Металдар мен қорытпаларды сот сарапшылық зерттеу

  5. Топырақты сот сарапшылық зерттеу

  6. Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу

  7. Спиртқұрамдас сұйықтықтарды сот-сарапшылық зерттеу


1. Заттар мен материалдардың сот сараптамасының түсінігі
Заттар мен материалдарды сот-срапшылық зерттеу көбінде азаматтық істерді жүргізу кезінде, сондай-ақ жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы, халықтар денсаулығына қарсы, сот әділдігіне қарсы қылмыстар, экологиялық және көлік бойынша қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.

Заттар мен материалдардың сот сараптамасы тақырыбы:



  • заттар мен материалдардың тегін, қасиеттері мен күйін;

  • жеткішгіш-заттағы белгілі бір тектегі микрообъектілердің болу/болмауын;

  • заттар мен материалдарды жекелей теңдестіру немесе оған тектік (топтық) днңгейінде жақындауын;

  • жекелей анықталған объектілерді олардың өзара әрекеттесу іздері бойынша түйіспелі өзара әрекет ету фактісін анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Жалпы жағдайда сараптаманың объектілеріне материалдар мен заттардың көлемін, субстанционалды және морфологиялық қасиеттері тұрғысынан оларды құрайтын заттары мен материалдары болатын криминалистік мәнді ақпараттың материалдық жеткізгізуші заттары, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер мен сараптама тақырыбына қатысты өзге де іс материалдары жатады.

Оқиға орнының заттық жағдайы қылмыс оқиғасы туралы криминалистік мәнді ақпаратты жеткізуші болып табылатын әр түрлі текті заттар мен материалдардың түрлілігімен сипатталады. Олар бөліктер мен бөлшектерден тұратын жай бұйымдар мен заттар, заттардың жиынтықтары, материалдар мен заттардың массалары мен көлемі, табиғи құрылымдар (минералдар, руда, топырақ) болуы мүмкін. Алайда, объектілердің тегі мен мақсаты бойынша әр түрлілігіне қарамастан, заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасы бір ғана әдіснамалық принциптерге сүйенеді. Барлық объектілер үшін бірыңғай сызба бойынша зерттеу жүргізу үшін арнайы ақпарттық қор құралады.

Көрсетілген сараптаманың әр түрлі түр шеңберінде шешілетін, сондай-ақ оларды шешудің жалпы сызбасы да жалпы міндеттер болып табылады. Мысалы, диагностикалық деңгейдегі міндеттерге заттар мен материалдарды табу, олардың тегін анықтау жатады. Жіктеушілік міндеттерді шешу объектінің белгілі бір класқа қатыстылығын анықтауға мүмкіндігін береді. Сәйкестендірушілік зерттеулер объектілердің жеке тепе-теңдігін, немесе, көбінде, олардың шығу тегінің бір ғана көзін анықтауға мүмкіндік береді. Ситуациялық зерттеулер объектілердің түйіспелі өзара әрекет ету фактісін анықтауға қызмет етеді.

Заттар мен материалдар сот сараптамасының ғылыми-әдістемелік негіздері тексерілетін оқиғаның заттық (материалдық) жағдайының элементтері болып табылатын объектілердің морфологиялық және субстанционалдық қасиеттерінің қалыптасу, өмір сүру және өзгеру заңдылықтары тақырыбы бар сарапшылық білім саласын құрайды. Зерттеу әдістемесіне криминалистік, физикалық, химиялық, физика-химиялық, химия-физикалық, биологиялық, математикалық және өзге де әдістер кіреді.

Объектілердің түрлілігін ескергенде, заттар мен материалдардың сот сараптамасына мына төмендегі зерттеулер кіреді:


  • лақтыбояу материалдары мен жабындарды және плимер материалдарын зерттеу;

  • мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын зерттеу;

  • металдар мен қорытпаларды зерттеу;

  • топырақты зерттеу;

  • талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды зерттеу;

  • спиртқұрамдас сұйықтықтарды зерттеу;

  • арнайы химиялық заттарды зерттеу.



2.Лактыбояу материалдары мен жабындарды және полимер материалдарын сот-сарапшылық зерттеу
Лактыбояу материалдары мен жабындарды және полимер материалдарын (бұдан әрі – ЛБМ, ЛБЖ және ПМ) сот-сараптамашылық зерттеу нәтижесінде:

  • ЛБМ, ЛБЖ, ПМ-ға жатқызу мақсатында заттың табиғаты, сондай-ақ оның құрамы мен мақсаты;

  • Жеткізгіш-заттардағы ЛБМ, ЛБЖ және ПМ із-жұғындыларының пайда болу механизмі;

  • ПМ қасиеттері, сонымен бірге оның сапасының түр өзгеруі;

  • ПМ-нің бастапқы түрі немесе әр түрлі сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен өзгертіп дайындалған заты;

  • Салыстырылатын ЛБМ, ЛБЖ, ПМ объектілерінің ортақ тегі, топтық қатыстылығы;

  • Жеке бөліктері немесе ЛБМ, ЛБЖ-ның өзге заттармен түйісу нәтижесінде пайда болатын оның із-қабаттары бойынша нақты боялған заты;

  • ЛБМ, ЛБЖ іздері негіздеріндегі зерттелетін объектілердің түйіспелі өзара әрекет ету фактісі мен механизмі;

  • ЛБМ, ЛБЖ және ПМ-нің шығу тегі анықталуы мүмкін.

Сараптаманың объектілері: үсті боялған заттар мен полимер материалдардан жасалған бұйымдар, лакты бояу материалдары көлемі мен олардың құрамдас құрауыштары, түйіспелі өзара әрекет ету іздері бар боялған заттардың нақты жиынтықтары, полимер материалдарын дайындауға арналған шикізат пен құрал-жабдық, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.

Лактыбояу материалдары, жабындары және полимер материалдарына сот сараптамасын тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері.

Заттай дәлелдемелерді қараған кезде мына талаптарды сақтаған жөн:



  • Заттай дәлелдемелер – оқиға орнынан алынған бояу, полимер кесектері, олардың бөліну шекараларын бұзбай отырып, бір қағаз пакетке жиналады;

  • Нақты заттың (мыс.,көлік құралы) боялуының толық жүйесі туралы ақпаратты алу үшін жабындардың салыстырмалы үлгілерін алуда, олардың бөліктерін төменгі қабаттарына дейін кесе отырып жүргізу керек;

  • ЛБЖ, ПМ іздері бар заттарды алғанда, ескі іздерін сақтап және қылмыс оқиғасына байланысты емес жаңа іздер пайда болмайтындай алу керек;

  • Боялған заттар лактыбояу жабындарының зақымданған жерлерін, сондай-ақ киімді немесе бояу іздері бар басқа объектілерді қосымша механикалық әсер етуден, қандай да бір бөтен бөлшектердің түсуінен сақтаған жөн; киімде немесе басқа затта бояудың микробөлшектері көрінбеуі мүмкін, сондықтан да, олармен барлық жұмыстар таза ақ қағазда жүргізіледі, оған сол заттарды буып-түйіп, сараптамаға жібереді.

  • Боялған беттерден алынған үлгілерді зерттеу үшін олардың шамаланған түйіскен жерлеріне жақын жерлерден алған жөн;

  • Бояу жұғындылары бар жеткізгіш-заттарды, лактыбояу жабындар қырындыларын, жеке боялған заттарды сараптамаға жолдаған кезде әрбір затты тығыз ақ ақағазға немесе полиэтилен пленкасының қиындысына жақсы жауып буып-түю қажет;

  • Оқиға орнынан полимер түймелерді алу кезінде оның бетіндегі микробөлшектердің сақталуын қамтамасыз еткен жөн;

  • Кабельді өнеркәсіптің бөліктерге бөлінген бұйымдарына сәйкестендірушілік зерттеу жүргізу үшін, егер бөлудің жалпы жолағы болмаған жағдайда, онда ізделініп отырған бүтіннің шекараларын анықтайтын мәліметтерді ұсыну керек (оның саны, пайда болу жағдайлары, пайдалану және бөліктерге бөлу ерекшеліктері);

  • Көлік құралын қайта бояу фактісін анықтау үшін әр бөлшектері жабындарынан үлгілер таңдап алу талап етіледі, оның негізгісі автомобиль қорбы болып табылады. Нөмірін қайта жасау жағдайында бөлшектің ішкі бөліктерінен де үлгілерді алу жүргізіледі.




  1. Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сарапшылық зерттеу

Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын (бұдан әрі – МӨ мен ЖЖМ) сот-сарапшылық зерттеу нәтижесінде:



  • Оқиға орнының заттық жағдайы элементтерінде органолептикалық тәсілмен қабылданбайтын МӨ мен ЖЖМ іздерінің болу/болмауы;

  • Мұнайдан жасалған өнімдерге жатқызу мақсатында белгісіз зат табиғаты;

  • МӨ мен ЖЖМ маркасы, түрі;

  • МӨ мен ЖЖМ сипаты мен түр өзгеру себептері;

  • МӨ мен ЖЖМ-нің жалпы тектік (топтық) қатыстылығы;

  • Дайындалу орны, сақталу жағдайы, пайдалануы бойынша МӨ мен ЖЖМ-нің бірыңғай шығу көзі;

  • Зерттелетін оқиғаға байланысты бөліктерге бөлінген МӨ мен ЖЖМ массаларын теңдестіру;

  • Нақты МӨ мен ЖЖМ-нің басқа заттармен қоспасындағы құрамы анықталады.

Сараптаманың объектілері – заттардағы мұнай өнімдері мен олардың іздері; жанар-жағармай мұнай материалдары мен олардың заттардағы іздері; салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер мен сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.

Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарына сот сараптамасын тағайындау үшін материалдары дайындаудың ерекшеліктері. Сараптама тағайындау туралы қаулыда істің мән-жайы, сондай-ақ:

  • Зерттелетін объектілердің шығу тегі, сақталу жағдайлары, тасымалдануы, пайдаланылуы, объектілерді табу және алу тәсілдері жөнінде;

  • Алыну орын туралы, өздерінің кәсіби қызметіне сәйкес іске қатысты адамдардың МӨ мен ЖЖМ-нің белгілі бір түрлерін пайдалану мүмкіндіктері туралы;

  • Қолдан жасалған композициялар технологиясы туралы, МӨ мен ЖЖМ-де іздері табылған заттың қасиеттері туралы ақпарат ұсынылуы керек.

МӨ мен ЖЖМ объектілерін сарапшылық зерттеуге дайындаған кезде мына төмендегі талаптар сақталу керек:

  • Зерттеу объектілері ұқыпты жабылып ұсынылады, өйткені көптеген сұйық МӨ (бензин, керосин, еріткіш) құрамында тез буланғыш компоненттері болады;

  • МӨ мен ЖЖМ қасиеттерінің өзгеруін болдырмау үшін оларды алуды және сарапшылық зерттеуге ұсынуды қысқа мерзімде өткізу керек және үлгілерді зерттеуге жібергенге дейін оларды салқын әрі қараңғы жерде сақтаған жөн;

  • Ыдыс габариттерінің едәуір үлкен болуына байланысты МӨ-ның нақты көлемдерін ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, шығарылған көлемді МӨ-нің сұйық үлгілері ұқыпты жабылған құрғақ шыны ыдысқа құйып алынады;

  • Қоймалжың МӨ мен ЖЖМ үлгілерін (май, пластик майлар) шыны ыдысқа, ал қатты МӨ мен ЖЖМ-ні таза полиэтиден пакетке орналастыру керек;

  • Қағаз пакеттер, сіріңке қораптары, ағаштан, картоннан, матадан жасалған орама материалдар МӨ-ні буып-түюге жарамсыз, өйткені сұйық және қоймалжың МӨ саңылауы материалдарға сіңіп кетеді;

  • Жеткізгіш-заттардағы МӨ мен ЖЖМ іздерін табу және зерттеу үшін сол заттарды және ондағы МӨ мен ЖЖМ жұғындылары іздерін сақтауды қамтамасыз ете отырып ұсынған мақсатқа лайықты;

  • МӨ мен ЖЖМ жеткізгіш-затын тасымалдау мүмкіндігі болмаған кезде, олардың іздері мақта не дәке анжысымен алынады немесе осы жеткізгіш-заттардың қиындылары ұсынылады;

  • МӨ мен ЖЖМ қасиеттеріне қатысты сұрақты шешу кезінде тексерілетін уақытқа жақын уақыттағы осы марканың бақылау үлгілерін ұсыну талап етіледі.

МӨ мен ЖЖМ-ге жататын объектілер қасиеттерінің ерекшеліктеріне орай, оларға тез арада сарапшылық зерттеу жүргізу талап етіледі.


  1. <предыдущая страница | следующая страница>


«Сот сараптамасы» пәнінен дәрістер курсы

Азақстан республикасында сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізудің ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘне ұйымдастырушылық негіздері

801.21kb.

14 12 2014
5 стр.


Сот баллистикалық сараптама

Сот баллистикалык сараптама объектілерінін әр алуандығын ескергенде, ол мына түр тармақтарына жіктелуі мүмкін атыс қаруының (оның бөліктерінің) сараптамасы

92.72kb.

25 12 2014
1 стр.


ДӘрістер курсы оқытушы: И. Еркингожакызы

Республикасының инвестициялық заңы өзінің дамуы мен қалыптасуы кезеңінде 4 негізгі кезеңді өткерді

202.89kb.

25 12 2014
1 стр.


КӘсіби аурулар бойынша дәрістер курсы (ОҚУ-Әдістемелік қҰралы )

К. А. Әлиханова Қмма мсс және реабилитация курсымен ждп кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор

3197.2kb.

14 12 2014
13 стр.


Семинарлық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі

Мақсаты: студенттерді ҚР-ның сот және сот билігі жайында мәлімет беру. Оның негізгі қағидаларына тоқталу

58.13kb.

14 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министірлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 55 б

612.5kb.

16 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 26 мамыр n 802

Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк, психоневрологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық лепрозорийi ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатуд

52.6kb.

09 10 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министірлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 73 б

882.97kb.

16 12 2014
5 стр.